Мемлекеттік органдардың немесе лауазымды адамдардың іс-әрекеттеріне мен шешімдеріне тәртіптік жауапқа тартылушы мемлекетік қызметшілерімен шағым беру Ережесін бекіту туралы

Қазақстан Республикасы Мемлекеттік қызмет істері агенттігі төрағасының 2013 жылғы 25 желтоқсандағы № 06-7/188 бұйрығы. Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде 2014 жылы 27 қаңтарда № 9096 тіркелді. Күші жойылды - Қазақстан Республикасының Мемлекеттік қызмет істері және сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігі төрағасының 2014 жылғы 11 желтоқсандағы № 57 бұйрығымен

      Ескерту. Күші жойылды - ҚР Мемлекеттік қызмет істері және сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігі төрағасының 11.12.2014 № 57 (алғаш ресми жарияланған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі) бұйрығымен.

      Қазақстан Республикасының 1999 жылғы 23 шілдедегі «Мемлекеттік қызмет туралы» Заңының 29-бабының 2-тармағына және Қазақстан Республикасы Президентінің 1999 жылғы 31 желтоқсандағы № 321 Жарлығымен бекітілген Қазақстан Республикасының мемлекеттік әкімшілік қызметшілеріне тәртіптік жаза қолдану Ережесінің 65-тармағына сәйкес, БҰЙЫРАМЫН:
      1. Қоса берілген Мемлекеттік органдардың немесе лауазымды адамдардың іс-әрекеттеріне мен шешімдеріне тәртіптік жауапқа тартылушы мемлекеттік қызметшілермен шағым беру Ережесі бекітілсін;
      2. Қазақстан Республикасы Мемлекеттік қызмет істері агенттігінің Инспекция және бақылау бөлімі (Қ.А. Жапақов) осы бұйрықты Қазақстан Республикасының заңнамасында бекітілген тәртіппен Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркелуді және кейіннен оны бұқаралық ақпарат құралдарында ресми жариялауды қамтамасыз етсін.
      3. Осы бұйрық алғаш ресми жарияланған күнінен кейін он күнтізбелік күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.

      Төраға                                           А. Байменов

Қазақстан Республикасының     
Мемлекеттік қызмет iстерi агенттігі
Төрағасының 2014 жылғы 25 қаңтардағы
№ 06-7/188 бұйрығымен бекітілді 

Мемлекеттік органдардың немесе лауазымды адамдардың
іс-әрекеттері мен шешімдеріне тәртіптік жауаптылыққа тартылушы
мемлекеттік қызметшілермен шағым беру
Ережесі

1. Жалпы ережелер

      1. Мемлекеттік органдардың немесе лауазымды адамдардың іс-әрекеттері мен шешімдеріне тәртіптік жауаптылыққа тартылушы мемлекеттік қызметшілермен шағым беру Ережесі (бұдан әрі - Ереже) «Мемлекеттік қызмет туралы» Қазақстан Республикасы Заңының 29-бабының, сондай-ақ Қазақстан Республикасы Президентінің 1999 жылғы 31 желтоқсандағы № 321 Жарлығымен бекітілген Қазақстан Республикасының мемлекеттік әкімшілік қызметшілеріне тәртіптік жаза қолдану қағидаларының 65-тармағының талаптарын іске асыру мақсатында әзірленген.
      2. Ереже мемлекеттік органдардың немесе лауазымды адамдардың іс-әрекеттері мен шешімдеріне тәртіптік жауаптылыққа тартылушы мемлекеттік қызметшілермен (бұдан әрі - қызметші) жоғары тұрған мемлекеттік органдарға, жоғары тұрған лауазымды адамдарға, мемлекеттік қызмет істері жөніндегі уәкілетті органға (бұдан әрі – уәкілетті орган) шағым беру тәртібін белгілейді.

2. Мемлекеттік органдардың немесе лауазымды адамдардың
іс-әрекеттері мен шешімдеріне тәртіптік жауаптылыққа тартылушы
қызметшілермен шағым беру тәртібі

      3. Қызметші мемлекеттік органдардың немесе лауазымды адамдардың  іс-әрекеттері мен шешімдеріне жоғары тұрған мемлекеттік органдарға, жоғары тұрған лауазымды адамдарға, уәкілетті органға шағым береді, егерде:
      1) қызметші оған қолданылған тәртіптік жазамен келіспегенде;
      2) қызметшінің құқығы, бостандығы және заңмен қорғалатын мүдделерi бұзылса;
      3) қызметші мемлекеттік қызмет туралы заңнаманың бұзылуымен тәртіптік жауаптылыққа тартылса.
      4. Жоғары тұрған мемлекеттік органға, жоғары тұрған лауазымды адамға, уәкілетті органға қызметшінің өтініші «Жеке және заңды тұлғалардың өтiнiштерiн қарау тәртiбi туралы» Қазақстан Республикасының Заңымен белгіленген тәртіпте қарастырылады.
      5. Қызметшінің өтінішінде оның аты-жөні, сондай-ақ тілегі бойынша әкесінің аты, пошталық мекен-жайы, субъектінің атауы немесе лауазымы, лауазымды адамдардың аты-жөндері, кімнің іс-әрекеттері, шешімдері шағымданып жатқандығы, өтініштің себептері және талаптары көрсетіледі.
      Өтiнiшке арыз иесi қол қояды не ол электрондық цифрлық қолтаңбамен куәландырады.
      6. Өтінішті қарайтын лауазымды адамдар, өз құзыреті шегінде:
      1) өтініштерді объективтi, жан-жақты әрi уақтылы қарауды қамтамасыз етеді;
      2) қызметшінің бұзылған құқықтары мен бостандықтарын, заңмен қорғалатын мүдделерiн қалпына келтiруге бағытталған шараларды қабылдайды;
      3) өтiнiшті қарау нәтижелерi туралы қызметшіні хабардар етеді.
      7. Қызметші оның өтінішін қарау нәтижелерімен келіспеген жағдайда, оның өтініші бойынша қабылданған шешімді жоғары тұрған мемлекеттік органға, жоғары тұрған лауазымды адамға немесе сотқа шағым бере алады.