Қадағаланатын саладағы/аядағы/өңірдегі стратегиялық мақсаттар мен міндеттерге қол жеткізу және іске асыру тиімділігін бағалау жөніндегі әдістемені бекіту туралы

Қазақстан Республикасы Ұлттық экономика министрінің 2014 жылғы 18 желтоқсандағы № 146 бұйрығы. Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде 2015 жылы 16 қаңтарда № 10096 тіркелді. Күші жойылды - Қазақстан Республикасы Ұлттық экономика министрінің 2016 жылғы 30 желтоқсандағы № 540 және Қазақстан Республикасы Қаржы министрінің 2016 жылғы 30 желтоқсандағы № 706 бірлескен бұйрығымен

      «Нормативтік құқықтық актілер туралы» 1998 жылғы 24 наурыздағы Қазақстан Республикасы Заңының 21-1-бабы 2-тармағына сәйкес, БҰЙЫРАМЫН:
      1. «Уәкілетті органға мұнай өнімдерін өткізу мен өндірудің көлемдері туралы ақпаратты автоматты түрде беруді қамтамасыз ететін бақылаушы есептеу аспаптарын қолдану ережелерін бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Индустрия және сауда министрінің 2003 жылғы 17 қыркүйектегі № 277 бұйрығының (нормативтік құқықтық актілерді тіркеу мемлекеттік тізілімінде № 2549 болып тіркелген) күші жойылды деп танылсын.
      2. Қазақстан Республикасы Инвестициялар және даму министрлігінің Техникалық реттеу және метрология комитеті (Б.Б. Қанешев) осы бұйрықтың көшірмесін Қазақстан Республикасы Әділет министрлігіне жіберсін және бұқаралық ақпарат құралдарында ресми жариялануын қамтамасыз етсін.
      3. Осы бұйрық оған қол қойылған күнінен бастап күшіне енеді.

      Қазақстан Республикасының
      Инвестициялар және даму министрі                  Ә. Исекешев

      «КЕЛІСІЛГЕН»:
      Қазақстан Республикасының
      Қаржы министрі

      _____________Б. Сұлтанов

      20__ жылғы «__»__________