Ішкі сауда статистикасы бойынша жалпымемлекеттік статистикалық байқаулардың статистикалық нысандары мен оларды толтыру жөніндегі нұсқаулықтарды бекіту туралы

Қазақстан Республикасы Ұлттық экономика министрлігі Статистика комитеті Төрағасының 2014 жылғы 24 қазандағы № 21 бұйрығы. Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде 2014 жылы 25 қарашада № 9904 тіркелді. Күші жойылды - Қазақстан Республикасы Ұлттық экономика министрлігі Статистика комитеті төрағасының 2015 жылғы 11 қыркүйектегі № 139 бұйрығымен

      Қазақстан Республикасының 2007 жылғы 27 шілдедегі "Білім туралы" Заңының 6-бабы 4-тармағы 8-1) тармақшасына сәйкес, Әулиекөл ауданының әкімдігі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
      1. "2014 жылғы Әулиекөл ауданында мектепке дейінгі тәрбие мен оқытуға мемлекеттік білім беру тапсырысын, жан басына шаққандағы қаржыландыру және ата-ананың ақы төлеу мөлшерін бекіту туралы" 2014 жылғы 5 ақпандағы № 20 аудан әкімдігінің қаулысына (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізімінде № 4478 тіркелген 2014 жылғы 27 наурызда "Әулиекөл" газетінде жарияланған) мынадай өзгерістер енгізілсін:
      Көрсетілген қаулымен бекітілген 2014 жылғы Әулиекөл ауданында мектепке дейінгі тәрбие мен оқытуға мемлекеттік білім беру тапсырысын, жан басына шаққандағы қаржыландыру және ата-ананың ақы төлеу мөлшері кестесінде:
      "Бір айда мектепке дейінгі білім ұйымдарында ата-аналар төлем ақысының көлемі (теңге) бағанында:
      "сәбилер тобы" бағанында "4000" саны "5500" санына өзгертілсін;
      "мектепке дейінгі топтар" бағанында "4000" саны "5500" санына өзгертілсін.
      2. Осы қаулы алғаш ресми жарияланған күнінен кейін, он күнтізбелік күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.

      Аудан әкімі                                А. Балғарин