Бірыңғай жинақтаушы зейнетақы қорының "Азаматтарға арналған үкімет" мемлекеттік корпорациясымен салымшылардың (алушылардың) жеке зейнетақы шоттары туралы ақпарат алмасу қағидаларын бекіту туралы

Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау және әлеуметтік даму министрінің 2014 жылғы 29 қазандағы № 202 бұйрығы. Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде 2014 жылы 24 қарашада № 9896 тіркелді. Күші жойылды - Қазақстан Республикасы Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрінің м.а. 2017 жылғы 3 тамыздағы № 232 бұйрығымен

      Ескерту. Күші жойылды – ҚР Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрінің м.а. 03.08.2017 № 232 бұйрығымен
      Ескерту. Бұйрықтың тақырыбы жаңа редакцияда - ҚР Денсаулық сақтау және әлеуметтік даму министрінің 12.01.2016 № 11 (01.03.2016 бастап қолданысқа енгізіледі) бұйрығымен.

      "Қазақстан Республикасында зейнетақымен қамсыздандыру туралы" 2013 жылғы 21 маусымдағы Қазақстан Республикасының Заңы 34-бабының 9-тармағының 15) тармақшасына сәйкес БҰЙЫРАМЫН:

      1. Қоса беріліп отырған Бірыңғай жинақтаушы зейнетақы қорының "Азаматтарға арналған үкімет" мемлекеттік корпорациясымен салымшылардың (алушылардың) жеке зейнетақы шоттары туралы ақпарат алмасу қағидалары бекітілсін.

      Ескерту. 1-тармақ жаңа редакцияда - ҚР Денсаулық сақтау және әлеуметтік даму министрінің 12.01.2016 № 11 (01.03.2016 бастап қолданысқа енгізіледі) бұйрығымен.

      2. Әлеуметтік қамсыздандыру және әлеуметтік сақтандыру департаменті заңнамада белгіленген тәртіппен:

      1) осы бұйрықтың Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркелуін;

      2) осы бұйрықтың Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркелгеннен кейін күнтізбелік он күн ішінде бұқаралық ақпарат құралдарында және "Әділет" ақпараттық-құқықтық жүйесінде ресми жариялауға жіберілуін;

      3) осы бұйрықты Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау және әлеуметтік даму министрлігінің ресми интернет-ресурсында орналастыруды қамтамасыз етсін.

      4. Осы бұйрықтың орындалуын бақылау Қазақстан Республикасының Денсаулық сақтау және әлеуметтік даму вице-министрі С.Қ. Жақыповаға жүктелсін.

      5. Осы бұйрық алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.

Министр

Т. Дүйсенова


  Қазақстан Республикасы
Денсаулық сақтау және
әлеуметтік даму министрінің
2014 жылғы 29 қазандағы
№ 202 бұйрығымен
бекітілген

Бірыңғай жинақтаушы зейнетақы қорының
"Азаматтарға арналған үкімет" мемлекеттік корпорациясымен
салымшылардың (алушылардың) жеке зейнетақы шоттары туралы
ақпарат алмасу қағидалары

      Ескерту. Қағида жаңа редакцияда - ҚР Денсаулық сақтау және әлеуметтік даму министрінің 12.01.2016 № 11 (01.03.2016 бастап қолданысқа енгізіледі) бұйрығымен.

      1. Осы Бірыңғай жинақтаушы зейнетақы қорының "Азаматтарға арналған үкімет" мемлекеттік корпорациясымен салымшылардың (алушылардың) жеке зейнетақы шоттары туралы ақпарат алмасу қағидалары (бұдан әрі – Қағидалар) "Қазақстан Республикасында зейнетақымен қамсыздандыру туралы" 2013 жылғы 21 маусымдағы Қазақстан Республикасы Заңының (бұдан әрі – Заң) 34-бабы 9-тармағының 15) тармақшасына сәйкес әзірленді және бірыңғай жинақтаушы зейнетақы қорының "Азаматтарға арналған үкімет" мемлекеттік корпорациясына (бұдан әрі – Мемлекеттік корпорация) салымшылардың (алушылардың) жеке зейнетақы шоттары туралы ақпаратты ұсыну тәртібін айқындайды.

      2. Бірыңғай жинақтаушы зейнетақы қоры мен Мемлекеттік корпорация арасында алмасуға жататын ақпарат:

      1) салымшылардың (алушылардың) міндетті зейнетақы жарналары, міндетті кәсіптік зейнетақы жарналары есебінен зейнетақымен қамсыздандыру туралы шарттар бойынша ашылған жеке зейнетақы шоттары туралы;

      2) салымшылармен (алушылармен) міндетті зейнетақы жарналары, міндетті кәсіптік зейнетақы жарналары есебінен зейнетақымен қамсыздандыру туралы жасалған және қолданысы тоқтатылған шарттар туралы;

      3) өздерінің пайдасына міндетті зейнетақы жарналары, міндетті кәсіптік зейнетақы жарналары төленетін жеке тұлғалардың бірыңғай тізіміндегі (бұдан әрі – жеке тұлғалардың бірыңғай тізімі) міндетті зейнетақы жарналары, міндетті кәсіптік зейнетақы жарналары есебінен зейнетақымен қамсыздандыру туралы шарттарға өзекті сипат беру туралы;

      5) бірыңғай жинақтаушы зейнетақы қорынан сақтандыру ұйымына зейнетақы төлемдерінің және (немесе) аударымдарының мөлшерлері туралы;

      6) мүгедектердің орталықтандырылған дерекқорындағы салымшыда (алушыда) мүгедектіктің болуын белгілеу күні мен мерзімін растау туралы.

      3. Бірыңғай жинақтаушы зейнетақы қоры Мемлекеттік корпорацияға:

      1) тоқсан сайын, есепті тоқсаннан кейінгі айдың 15-күнінен кешіктірмей аталған айдың 1-күніндегі жағдай бойынша осы Қағидалардың 2-тармағының 4) және 5) тармақшаларында көрсетілген мәліметті, оның ішінде осы Қағидаларға 1 және 2-қосымшаларға сәйкес нысан бойынша инвестициялық табыс, сондай-ақ бірыңғай жинақтаушы зейнетақы қорынан сақтандыру ұйымына әрбір салымшы (алушы) бойынша зейнетақы төлемдерінің мөлшері және (немесе) аударымдары туралы мәліметті;

      2) күн сайын, осы Қағидаларға 3-қосымшаға сәйкес ағымдағы және алдағы жұмыс күндеріне осы Қағидалардың 2-тармағының 2) тармақшасында көрсетілген мәліметті береді.

      4. Мемлекеттік корпорация ұсынылған ақпарат негізінде:

      1) инфляция деңгейін ескере отырып, нақты енгізілген міндетті зейнетақы жарналарының, міндетті кәсіптік зейнетақы жарналарының сомасы мен есепті тоқсаннан кейінгі айдың 1-күніне бірыңғай жинақтаушы зейнетақы қорындағы зейнетақы жинақтарының сомасы арасындағы айырма туралы деректерді, оның ішінде Заңның 11-бабының 1-тармағына сәйкес зейнеткерлік жасқа жеткен, міндетті зейнетақы жарналары, міндетті кәсіптік зейнетақы жарналары есебінен қалыптастырылған бірыңғай жинақтаушы зейнетақы қорында зейнетақы жинақтары бар адамдар бойынша ақпаратты;

      2) міндетті зейнетақы жарналары, міндетті кәсіптік зейнетақы жарналары бойынша, оның ішінде міндетті зейнетақы жарналарының, міндетті кәсіптік зейнетақы жарналарының және (немесе) өсімпұлдың дербестендірілген есебін жүргізу үшін салымшылардың (алушылардың) дерекқорын және жеке тұлғалардың бірыңғай тізімін қалыптастырады.

      5. Мемлекеттік корпорация осы Қағидалардың 2-тармағының 3) тармақшасында көрсетілген ақпаратты, түскен күннен кейінгі бір жұмыс күнінен кешіктірмей бірыңғай жинақтаушы зейнетақы қорына жібереді.

      6. Мемлекеттік корпорация күн сайын, өткен жұмыс күніне, осы Қағидалардың 2-тармағының 6) тармақшасында көрсетілген ақпаратты бірыңғай жинақтаушы зейнетақы қорына жібереді.

      7. Ақпарат алмасу осы Қағидаларда айқындалған мерзім бойынша электрондық тәсілмен жүзеге асырылады.

  Бірыңғай жинақтаушы зейнетақы
қорының "Азаматтарға арналған үкімет"
мемлекеттік корпорациясымен
салымшылардың (алушылардың)
жеке зейнетақы шоттары туралы
ақпарат алмасу қағидаларына
1-қосымша

      нысан

Бірыңғай жинақтаушы зейнетақы қорындағы зейнетақы жинақтарының
сомасы және инвестициялық табыс туралы ақпарат

      _________________________________________________________________

      (зейнетақы жарналарының түрі көрсетіледі: міндетті зейнетақы

      жарналары/міндетті кәсіптік зейнетақы жарналары)

Тегі

Аты

Әкесінің аты (бар болса)

Туған күні

Жеке сәйкестендіруші нөмірі

Жынысы

Шарттың нөмірі

Шарттың күні

1

2

3

4

5

6

7

8


      кестенің жалғасы

Есепті тоқсаннан кейінгі айдың 1-күніндегі жағдай бойынша зейнетақы жинақтарының сомасы, оның ішінде:

Инвестициялық табысты ескермегендегі зейнетақы жинақтарының сомасы

Инвестициялық табыс

9

10

  Бірыңғай жинақтаушы зейнетақы
қорының "Азаматтарға арналған үкімет"
мемлекеттік корпорациясымен
салымшылардың (алушылардың)
жеке зейнетақы шоттары туралы
ақпарат алмасу қағидаларына
2-қосымша

      нысан

Бірыңғай жинақтаушы зейнетақы қорынан сақтандыру
ұйымына төленетін зейнетақы төлемдері мен аударымдары туралы
ақпарат

      ____________________________________________________

      (зейнетақы жарналарының түрі көрсетіледі: міндетті зейнетақы

      жарналары/міндетті кәсіптік зейнетақы жарналары)

Тегі

Аты

Әкесінің аты (бар болса)

Туған күні

Жеке сәйкестендіру нөмірі

Жынысы

Шарттың нөмірі

Шарттың күні

1

2

3

4

5

6

7

8


      кестенің жалғасы

Зейнетақы жинақтарының төлеу/аудару сомасы

Зейнетақы жинақтарын төлеу/аудару күні

Зейнетақы жинақтарын төлеу/аудару себептері*

9

10

11


      Ескертпе:

      9-11 бағандар әрбір зейнетақы жинақтарын төлеу/аудармау бойынша жеке толтырылады;

      *- оның ішінде салымшының (алушының) зейнетақы жинақтарын сақтандыру ұйымына аудару.

  Бірыңғай жинақтаушы зейнетақы
қорының "Азаматтарға арналған үкімет"
мемлекеттік корпорациясымен
салымшылардың (алушылардың)
жеке зейнетақы шоттары туралы
ақпарат алмасу қағидаларына
3-қосымша

      нысан

20 ___ жылғы "___" ____________
салымшылармен (алушылармен) міндетті
зейнетақы жарналары, міндетті кәсіптік зейнетақы жарналары
есебінен зейнетақымен қамсыздандыру туралы жасалған
және қолданылуы тоқтатылған шарттар туралы
мәліметтер

Тегі

Аты

Әкесінің аты (бар болса)

Салымшының жынысы

Туған күні (жылы, айы, күні)

Жеке сәйкестендіру нөмірі

1

2

3

4

5

6


      кестенің жалғасы

Салымшының жеке басын куәландыратын құжаттың деректері

Міндетті зейнетақы жарналары, міндетті кәсіптік зейнетақы жарналары есебінен зейнетақымен қамсыздандыру туралы жасалған шарттар бойынша мәліметтер

Зейнетақымен қамсыздандыру туралы шарттың қолданылуы тоқтатылған және жеке зейнетақы шотының жабылған күні (жылы, айы, күні)

Зейнетақымен қамсыздандыру туралы шарттың қолданылуының тоқтатылу себебі

Нөмірі

Берілген күні (жылы, айы, күні)

Шарттың нөмірі

Шарт жасалған күн (жылы, айы, күні)

7

8

9

10

11

12


      Ескертпе: 11, 12 – бағандар міндетті зейнетақы жарналары, міндетті кәсіптік зейнетақы жарналары есебінен зейнетақымен қамсыздандыру туралы шарттың қолданылуы тоқтатылған кезде толтырылады.

      12 – бағанда міндетті зейнетақы жарналары, міндетті кәсіптік зейнетақы жарналары есебінен зейнетақымен қамсыздандыру туралы шарттың қолданылуын тоқтатудың себебіне қарай тиісті белгі көрсетіледі:

      1 – "Қазақстан Республикасында зейнетақымен қамсыздандыру туралы" 2013 жылғы 21 маусымдағы Қазақстан Республикасы Заңы 11-бабының 1-тармағына сәйкес зейнеткерлік жасқа жетуіне байланысты зейнетақы жинақтарының барлық сомасын төлеу;

      2 – төтенше немесе ең жоғары радиациялық қатер аймағында тұратын адамдардың зейнеткерлік жасқа жетуіне байланысты зейнетақы жинақтарының барлық сомасын төлеу;

      3 – 5 және одан да көп бала тәрбиелеген әйелдердің зейнеткерлік жасқа жетуіне байланысты зейнетақы жинақтарының барлық сомасын төлеу;

      4 – Қазақстан Республикасынан тыс жерге тұрақты тұруға кетуіне байланысты зейнетақы жинақтарының барлық сомасын төлеу;

      5 – салымшының (алушының) зейнетақы жинақтарының сақтандыру ұйымына аударылуына байланысты;

      6 – алушының қайтыс болуына байланысты мұрагеріне (мұрагерлеріне) зейнетақы жинақтарының барлық сомасын төлеу;

      7 – алушының қайтыс болуына байланысты жерлеуге зейнетақы жинақтарының барлық сомасын төлеу;

      8 – Қазақстан Республикасының зейнетақымен қамсыздандыру туралы бұрын қолданыста болған заңнамасы бойынша зейнетақы жинақтарының барлық сомасын төлеу;

      9 – салымшыда (алушыда) міндетті зейнетақы жарналары есебінен зейнетақымен қамсыздандыру туралы екі және одан көп шарт болған кезде жинақтаушы зейнетақы шоттарын біріктіру;

      10 – зейнетақымен қамсыздандыру туралы шарттың болмауы;

      11 – еңбек сіңірген жылдар бойынша зейнетақы жинақтарының барлық сомаларын төлеу;

      12 – заңды күшіне енген сот шешімі негізінде зейнетақымен қамсыздандыру туралы шартты бұзу;

      13 – жеке зейнетақы шоты ашылған күннен бастап салымшының (алушының) жеке зейнетақы шотында түсімдер мен зейнетақы жинақтары болмаған жағдайда жеке зейнетақы шоты ашылған күннен бастап отыз алты ай өткен соң зейнетақымен қамсыздандыру туралы шартты бұзу;

      14 – сот шешімі бойынша зейнетақы жинақтарының барлық сомасын төлеу;

      15 – өзгелері (Ақпарат алмасу туралы шартқа сәйкес).