Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2009 жылғы 26 ақпандағы № 220 қаулысымен бекітілген Бюджеттің атқарылуы және оған кассалық қызмет көрсету ережесінің 462 және 468-тармақтарына және Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2014 жылғы 26 мамырдағы № 541 қаулысымен бекітілген Инвестициялық ұсынысты әзірлеу және түзету, қажетті сараптамаларды жүргізу, сондай-ақ бюджеттік инвестицияларды жоспарлау, қарау, іріктеу, мониторингтеу және іске асырылуын бағалау қағидаларының 28-тармағына сәйкес, БҰЙЫРАМЫН:
1. «Бюджеттік инвестициялық жобалардың техникалық-экономикалық негіздемелерін және концессиялық жобалардың конкурстық құжаттамаларын әзірлеу немесе түзету, сондай-ақ қажетті сараптамалар жүргізу, концессиялық жобаларын консультативтік сүйемелдеу Қазақстан Республикасы Ұлттық экономика министрлігінің 2014 жылға арналған 002 «Бюджеттік инвестициялық жобалардың техникалық-экономикалық негіздемелерін және концессиялық жобалардың конкурстық құжаттамаларын әзірлеу немесе түзету, сондай-ақ қажетті сараптамаларын жүргізу, концессиялық жобаларды консультативтік сүйемелдеу» бөлінетін бюджеттік бағдарламасы есебінен қаржыландырылатын бюджеттік инвестициялық және концессиялық жобалардың тізбесін бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Ұлттық экономика министрінің 2014 жылғы 21 тамыздағы № 1 бұйрығына (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 9725 болып тіркелген) мынадай өзгерістер енгізілсін:
көрсетілген бұйрықпен бекітілген Бюджеттік инвестициялық жобалардың техникалық-экономикалық негіздемелерін және концессиялық жобалардың конкурстық құжаттамаларын әзірлеу немесе түзету, сондай-ақ қажетті сараптамалар жүргізу, концессиялық жобаларын консультативтік сүйемелдеу Қазақстан Республикасы Ұлттық экономика министрлігінің 2014 жылға арналған 002 «Бюджеттік инвестициялық жобалардың техникалық-экономикалық негіздемелерін және концессиялық жобалардың конкурстық құжаттамаларын әзірлеу немесе түзету, сондай-ақ қажетті сараптамаларын жүргізу, концессиялық жобаларды консультативтік сүйемелдеу» бөлінетін бюджеттік бағдарламасы есебінен қаржыландырылатын бюджеттік инвестициялық және концессиялық жобалардың тізбесінде:
реттік нөмері 2-жол мынадай редакцияда жазылсын:
«
2 |
Алматы қаласында «С. Ж. Асфендияров атындағы Қазақ ұлттық медицина университеті» РМК жанынан 300 төсектік көпбейінді клиникалық аурухана салу және пайдалануға беру |
17 296 |
»;
мына:
«
Жиыны |
117 979,00 |
87 961,00 |
69 172,00 |
»
деген жол мынадай редакцияда жазылсын:
«
Жиыны |
95 633,00 |
87 961,00 |
17 296,00 |
».
2. Бюджеттік инвестициялар және мемлекеттік жекешелік әріптестікті дамыту департаменті (Н.А. Аязбаев) осы бұйрықтың Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркелуін және оның «Әділет» ақпараттық-құқықтық жүйесі мен ресми бұқаралық ақпарат құралдарында ресми жариялануын қамтамасыз етсін.
3. Осы бұйрық оның мемлекеттік тіркелген күнінен бастап қолданысқа енгізіледі.
Министрдің
міндетін атқарушы М.Құсайынов