Табиғи монополиялар салаларындағы басшылықты жүзеге асыратын уәкілетті органның кемсiтпейтiн әдістемелерін бекіту туралы

Қазақстан Республикасы Табиғи монополияларды реттеу агенттігі төрағасының 2014 жылғы 1 сәуірдегі № 67-НҚ бұйрығы. Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде 2014 жылы 25 шілдеде № 9616 тіркелді. Күші жойылды - Қазақстан Республикасы Ұлттық экономика министрінің 2020 жылғы 22 мамырдағы № 42 бұйрығымен

      Ескерту. Күші жойылды – ҚР Ұлттық экономика министрінің 22.05.2020 № 42 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгiзiледi) бұйрығымен.
      Ескерту. Бұйрықтың тақырыбы жаңа редакцияда – ҚР Ұлттық экономика министрінің 16.02.2018 № 50 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) бұйрығымен.

      "Табиғи монополиялар туралы" 1998 жылғы 9 шілдедегі Қазақстан Республикасы Заңының 13-бабы 1-тармағының 4) тармақшасына сәйкес БҰЙЫРАМЫН:

      Ескерту. Кіріспе жаңа редакцияда – ҚР Ұлттық экономика министрінің 16.02.2018 № 50 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) бұйрығымен.

      1. Қоса беріліп отырған:

      1) Осы бұйрыққа 1-қосымшаға сәйкес Кірме жолдардың реттеліп көрсетілетін қызметтеріне тарифтерді (бағаларды, алымдар мөлшелемелерін) есептеудің кемсітпейтін әдістемесі;

      2) Осы бұйрыққа 2-қосымшаға сәйкес Темір жол көлігі, порттар және әуежайлар саласындағы табиғи монополиялар субъектілерінің реттеліп көрсетілетін қызметтеріне (тауарларына, жұмыстарына) инвестициялық тарифті (бағаны, алымдар мөлшерлемесін) есептеудің кемсiтпейтiн әдістемесі бекітілсін.

      Ескерту. 1-тармақ жаңа редакцияда – ҚР Ұлттық экономика министрінің 16.02.2018 № 50 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) бұйрығымен.

      2. Қазақстан Республикасы Табиғи монополияларды реттеу агенттігінің Темір жол көлігі, азаматтық авиация және порттар саласындағы реттеу департаменті:

      1) осы бұйрықты Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінде заңнамада белгіленген тәртіппен мемлекеттік тіркеуді;

      2) осы бұйрықты бұқаралық ақпарат құралдарында ресми жариялағаннан кейін Қазақстан Республикасы Табиғи монополияларды реттеу агенттігінің Интернет-ресурсында жариялауды қамтамасыз етсін.

      3. Қазақстан Республикасы Табиғи монополияларды реттеу агенттігінің Әкімшілік жұмысы департаменті осы бұйрық Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркелгеннен кейін:

      1) оны бұқаралық ақпарат құралдарында заңнамада белгіленген тәртіппен ресми жариялауды қамтамасыз етсін, кейін жарияланғаны туралы мәліметтерді Қазақстан Республикасы Табиғи монополияларды реттеу агенттігінің Заң департаментіне ұсынсын;

      2) оны Қазақстан Республикасы Табиғи монополияларды реттеу агенттігінің құрылымдық бөлімшелерінің, аумақтық органдарының назарына жеткізсін.

      3) "Әділет" ақпараттық-құқықтық жйесінде ресми жариялау үшін қағаз және электронды жеткізгіштегі көшірмесін күнтізбелік он күннен аспайтын мерзімде жолдасын.

      4. Осы бұйрықтың орындалуын бақылау Қазақстан Республикасы Табиғи монополияларды реттеу агенттігі төрағасының орынбасары А.Ж.Дүйсебаевқа жүктелсін.

      5. Осы бұйрық алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.

Төраға

М. Оспанов


      "КЕЛІСІЛДІ":

      Қазақстан Республикасының

      Көлік және коммуникация министрі

      ____________Ж. Қасымбек

      2014 жылғы 16 сәуір

      "КЕЛІСІЛДІ":

      Қазақстан Республикасының

      Экомика және бюджеттік

      жоспарлау министрі

      ____________Е. Досаев

      2014 жылғы 18 маусым

  Қазақстан Республикасы
Табиғи монополияларды реттеу
агенттігі төрағасының
2014 жылғы 1 сәуірдегі
№ 67–НҚ бұйрығына
1-қосымша

Кірме жолдардың реттеліп көрсетілетін қызметтеріне тарифтерді (бағаларды, алымдар мөлшерлемелерін) есептеудің кемсiтпейтiн әдістемесі

      Ескерту. Әдістеменің тақырыбы жаңа редакцияда – ҚР Ұлттық экономика министрінің 16.02.2018 № 50 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) бұйрығымен.

1. Жалпы ережелер

      1. Осы Кірме жолдардың реттеліп көрсетілетін қызметтеріне тарифтерді (бағаларды, алымдар мөлшерлемелерін) есептеудің кемсiтпейтiн әдістемесі (бұдан әрі – Әдістеме) Қазақстан Республикасы "Табиғи монополиялар туралы" 1998 жылғы 9 шiлдедегі, "Темір жол көлігі туралы" 2001 жылғы 8 желтоқсандағы заңдарына, "Табиғи монополиялар субъектілерінің реттеліп көрсетілетін қызметтеріне (тауарларына, жұмыстарына) тарифтерді (бағаларды, алымдар мөлшерлемелерін) бекіту кезінде қолданылатын шығындарды қалыптастырудың ерекше тәртібін бекіту туралы" (бұдан әрі – Ерекше тәртіп) Қазақстан Республикасы Табиғи монополияларды реттеу агенттігі төрағасының 2013 жылғы 25 сәуірдегі № 130-НҚ бұйрығына (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 8480 болып тiркелген) сәйкес әзірленді.

      Ескерту. 1-тармақ жаңа редакцияда – ҚР Ұлттық экономика министрінің 16.02.2018 № 50 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) бұйрығымен.

      2. Әдістеме кірме жолдардың реттеліп көрсетілетін қызметтеріне тарифтер (бағалар, алымдар мөлшерлемелерін) есептеуді айқындау мақсатында әзірленді.

      3. Осы Әдістеменің мақсаттары үшін мынадай ұғымдар қолданылады:

      вагон айналым – белгілі бір есепті кезеңде (тәулік, он күндік, ай, жыл) кірме жолға келген және одан шыққан вагондар саны;

      вагондарды беру-алып кету – кірме жолға (дан) вагондарды әкелу мен әкету жөніндегі операциялар;

      вагондарды (контейнерлерді) кіргізу-шығару – паромдарға (дан) темір жолдың кірме жолына (нан) вагондарды (контейнерлерді) кіргізу және шығару жөніндегі операциялар;

      жасанды құрылыстар – көпірлер, құбырлар, дөкірлер, сифондар, жол өткелдері, жаяу жүргіншілер көпірлері, үңгіжолдар, галереялар, тіреуіш және реттеуіш құрылыстар;

      кірме жолдардың бастапқы-соңғы бөлігі – маневрлі, тиеу-түсіру мен тасымалдау процесінің басқа да технологиялық операцияларын жүргізу үшін және тасымалдау процесімен байланысы жоқ жылжымалы құрамның тұрағы үшін ұсынылатын кірме жолдардың техникалық станциялары мен жүк пункттері жолдарының дамуын қоса алғанда, кірме жолдардың бір бөлігі;

      кірме жолдардың басты бөлігі – жылжымалы құрамның өтуі үшін ұсынылатын және беру-алып кету ұзақтығын айқындайтын кірме жолдардың бір бөлігі;

      кірме жолдар инфрақұрылымының жалпы бөлігі – субъектілер өздерінің мұқтаждары үшін, сол сияқты реттеліп көрсетілетін қызметтерді көрсету үшін пайдаланатын кірме жолдардың бір бөлігі;

      тасымалдау процесінің технологиялық операцияларында көзделмеген жылжымалы құрамның тұрағы үшін кірме жолды ұсыну – кірме жолдарда вагондар тұрған кезде тасымалдау процесінің технологиялық операцияларымен көзделмеген, яғни қызметті тұтынушының өтінімі бойынша ұсынылатын қызмет;

      уәкілетті орган – табиғи монополиялар салаларындағы басшылықты жүзеге асыратын мемлекеттік органның ведомствосы.

      Осы Әдістемеде пайдаланылатын өзге ұғымдар мен терминдер Қазақстан Республикасының табиғи монополиялар туралы және темір жол көлігі туралы заңнамасына сәйкес қолданылады.

      Ескерту. 3-тармақ жаңа редакцияда – ҚР Ұлттық экономика министрінің 16.02.2018 № 50 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) бұйрығымен.

2. Кірме жолдардың қызметтеріне тарифтер есептеу

      4. Кірме жолдардың реттеліп көрсетілетін қызметтеріне тарифтер есептеу кезінде көрсетілетін қызметтердің көлемі ескеріледі. Жолдар арқылы жылжымалы құрамның өтуі үшін кірме жолдарды ұсыну жөніндегі қызметтердің көлемі жылжымалы құрамды жолдардан өткізу санымен және өткізу ұзақтығымен сипатталады. Қызмет көлеміне өзінің тұтынуы үшін қажет көлем де, сыртқы клиенттерге көрсетілетін қызмет көлемдері де енгізіледі. Қызмет көлемі жылжымалы құрамның кірме жол арқылы жалпы жүрісімен вагон-километрде өлшенеді және мынадай формула бойынша айқындалады:


,

      мұндағы:


- жылжымалы құрамның өтуі үшін k кірме жолды ұсыну жөніндегі қызмет көлемі (кірме жолдар бойынша өткізудің вагон-км);

      I - k кірме жол (немесе негізгі тармақ иесі кірме жолдың бір бөлігі) арқылы вагондар тобын беру-алып кету (өткізу) саны;

      i - вагондар тобын қашықтыққа -

беру - алып кетудің (өткізудің) нақты саны;

- есепті кезеңде k кірме жол (немесе негізгі тармақ иесі кірме жолдың бір бөлігі) арқылы өткен вагондар тобын i берудегі-алып кетудегі жылжымалы құрам саны (вагон);

- k кірме жолдың басты бөлігі арқылы вагондар тобын i берудегі-алып кетудегі жылжымалы құрам өтуінің қашықтығы (км).

      Локомотив пен басқа да жылжымалы бірліктері темір жол жүрісінде жылжымалы бірлік осьтарының санын 4 (төртке) бөлу арқылы әмбебап вагондарына айналады.

      5. Маневрлі жұмыстар, тиеу-түсіру мен тасымалдау процесінің басқа да технологиялық операциялары үшін кірме жолдарды ұсыну жөніндегі қызметтер көлемі жолды және оны қайта өңдеуге уақыт алып отырған жылжымалы құрамның санымен сипатталады. Қызмет көлемі кірме жолды технологиялық операцияларға пайдалануға арналған жалпы уақытпен технологиялық операциялардың вагон-сағатында өлшенеді және мынадай формула бойынша айқындалады:


,

      мұндағы:


- маневрлі жұмыстар, тиеу-түсіру мен тасымалдау процесінің басқа да технологиялық операциялары үшін k кірме жолды ұсыну жөніндегі қызметтер көлемі (технологиялық операциялардың вагон-сағаттары);

- есепті кезеңде k кірме жолда технологиялық операцияларда тұрған вагондар тобын i берудегі-алып кетудегі жылжымалы құрам саны (вагон);

- k кірме жолда i вагондармен технологиялық операцияларда тұрған бір жылжымалы бірліктің орташа уақыты (сағат).

      Технологиялық операцияларда тұрған бір жылжымалы бірліктің орташа уақытын есептеу үшін деректер болмаған жағдайларда технологиялық операциялардың ұзақтығын тұруы үшін қабылданған жылжымалы бірлікі ескерместен кірме жолдардағы жылжымалы құрамның орташа уақытының айырмашылығы ретінде бағалау ұсынылады.

      6. Жылжымалы құрамның тұрағы үшін k кірме жолды ұсыну жөніндегі қызметтер көлемі жолды алатын жылжымалы құрамның санымен және оның тұратын уақытымен сипатталады. Көлем тұрақ кезінде жылжымалы құрамға берілген кірме жолды пайдаланудың жалпы уақытымен тұрақтың вагон-сағаттарында өлшенеді және мынадай формула бойынша айқындалады:


,

      мұндағы:


- жылжымалы құрамның тұрағы үшін k кірме жолды ұсыну жөніндегі қызметтер көлемі (тұрақтың вагон-сағаттары);

- k кірме жолда есепті кезеңде тұрған вагондардың і тобымен жылжымалы құрамның (вагондардың) саны;

- k кірме жолда і тобындағы әрбір вагон тұрағының уақыты (сағат).

      7. Реттеліп көрсетілетін қызметтерге тарифтер есептеген кезде негізге осы қызметтердің тұтынушыларымен жасалған шарттармен расталатын Субъекті кірме жолдарының жалпы санын пайдалануға ұсыну жөніндегі қызметтердің жоспарланған көлемі алынады.

      Реттеліп көрсетілетін қызметтердің көлемдері өзгерген жағдайда негізге өтінімді беру алдындағы аяқталған төрт тоқсанда ұсынылған реттеліп көрсетілетін қызметтердің нақты көлемі алынады.

      8. Көрсетілген реттеліп көрсетілетін қызметтердің көлемі төмендеген жағдайда тармақ иесі оны негіздейтін және растайтын материалдар ұсынуға тиіс.

      9. Пайдалануға ұсыну жөніндегі k кірме жолдың қызметтері бойынша тарифтік кіріс мынадай формула бойынша есептеледі:


,

      мұндағы:


– k кірме жолдың қызметтері бойынша пайдалануға ұсыну жөніндегі тарифтік кіріс;

– k кірме жолдың j қызметіне келетін нормативтік нақты шығындар (теңге);

- k кірме жолдың j қызметіне келетін пайданың ұйғарынды деңгейі (теңге).

      10. Тарифтердің шығын бөлігін қалыптастыру тәртібі үш кезеңнен тұрады:

      бірінші кезеңде тармақ иесінің өндірістік шығындары айқындалады;

      екінші кезеңде - кезең шығыстары;

      үшінші кезеңде - кірме жолдардың қызметтеріне жатқызылған шығыстар қызмет түрлері бойынша бөлінеді.

      11. Бірінші кезеңде өндірістік шығындар айқындалады.

      Кірме жолды ұстау жөніндегі өндірістік шығындар кірме жолға диспетчерлік қызмет көрсету, кірме жолды ағымды ұстау шығындарынан, кірме жолды және бағыттамалы бұрмаларды жөндеуге, кірме жолдардың және бағыттамалы бұрмалардың амортизациясына арналған шығыстардан, кірме жолға қызмет көрсету үшін іске қосылған көлік құралдары мен жабдықты ұстауға арналған және басқа да шығындардан тұрады.

      Кірме жолдардың қызметтеріне тарифтер есептеу кезінде ескерілетін шығындар олардың экономикалық мағынасына сәйкес мынадай элементтер бойынша: материалдық шығындарға, еңбекақы төлеуге арналған шығындарға, еңбекке ақы төлеу қорынан жасалатын аударымдарға, негізгі құралдардың амортизациясына, жөндеуге, өзге шығындарға топталады.

      Кірме жолдың нақты қашықтығын, жер төсемінің, жасанды құрылыстарды ағымды ұстау және шаруашылық тәсілмен атқарылатын жөндеу үшін қажетті кірме жолдың жоғарғы құрылысының материалдарына (рельстер, шпалдар, шағыртастар немесе басқа да балластық материал, бекітпе бөлшектер (бұрандар, тегірлер, төсемдер, балдақтар) шығындар қалыптастыру мынадай формула бойынша жүргізіледі:



      мұндағы:


- кірме жолдың жоғарғы құралысының материалдарына арналған шығындар;

- жұмыстардың k түрі орындалатын кірме жол учаскесінің ұзындығы (км (дана));

- кірме жолдардың 1 километріне материалдар шығысының нормасы (материал түрін өлшеу бірлігі/км);

      k - атқарылатын жұмыстардың түрі: ағымдағы ұстау, көтергіш жөндеу;


- материал түрінің бірлігіне баға (теңге);

      m - материал түрі.

      Отынға арналған шығындар Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2009 жылғы 11 тамыздағы № 1210 қаулысымен бекітілген жанар-жағармай материалдары шығыстары және автокөлікті күтіп ұстауға арналған шығыстары нормаларының негізінде айқындалады.

      Электр энергиясына арналған шығындар кірме жолды, өндірістік ғимараттарды жарықтандыруға, орталықтандырылған бұрмалардың электр жетектерін қоректендіру үшін электр энергиясының шығысына сүйене отырып және тарифтерді (бағаларды, алымдар, мөлшерлемелеріне) ескере отырып айқындалады.

      Жалақы тарифтік мөлшерлемелерге және персоналдың лауазымдық айлық ақыларына сүйене отырып есептеледі.

      Көмекші және қызмет көрсетуші персоналдың еңбегіне ақы төлеу шығындарына клиенттермен есеп айырысулармен, негізгі құралдарды ұстаумен, қызмет көрсетумен және күзетумен айналысатын персоналдың (тауар кассирлері, өндірістік үй-жайлардың сыпырушылары, күзетшілер, жүргізушілер, машинистер, ілмекшілера) еңбегіне ақы төлеу шығындар жатады.

      Еңбекке ақы төлеу шығындарды қалыптастырған кезде негізгі құралдар құнының өсуіне әкелетін күрделі жөндеумен айналысатын персоналдың саны есепке алынбайды.

      Өндірістік, көмекші, және қызмет көрсетуші персоналдың еңбекақысының қорынан аударымдар төлеуге арналған шығындар салық заңнамасында белгіленген тәртіппен мөлшерлемелерге сәйкес айқындалады.

      Негізгі құралдардың амортизациясы біркелкі (тіксызықтық) есептен шығару әдісі бойынша олардың теңгерімдік (бастапқы) құнына сүйене отырып есептеледі. Амортизацияны есептеудің өзге әдістерін қолдану уәкілетті органмен келісіледі.

      12. Кірме жолдар тарифтерінің шығын бөлігін қалыптастырудың екінші кезеңінде кірме жолдардың реттеліп көрсетілетін қызметтеріне жатқызылатын Субъектінің кезең шығыстары айқындалады. Субъекті қызметтерінің реттеліп көрсетілетін түрлеріне тікелей жатқызуға болмайтын кезең шығыстары мына көрсеткіштерге:

      әкімшілік шығыстар - Субъекті өндірістік персоналының еңбекке ақы төлеу қорына тепе-тең;

      жалпы шаруашылық шығыстар - Субъект көрсететін қызметтердің әрбір түрі бойынша өндірістік шығындарға тепе-тең;

      салық пен алымдар (негізгі құралдарға байланысты), сыйақы төлеуге арналған шығыстар - Субъекті көрсететін қызметтердің әрбір түріне жатқызылған активтердің қалдық құнына тепе-тең бөлінеді.

      13. Кірме жолдары негізгі қызметке қызмет көрсететін және олар кәсіпорынның (өнеркәсіптік, кен-химия, металлургия және басқа да кешендердің) қосалқы қызметі болып табылатын Субъектілердің тарифтеріне қосылатын қолданысқа енгізілген активтердің шығындары мен мөлшерін есептеген кезде мынадай рұқсаттар пайдаланылады:

      өзінің мұқтаждары үшін де, тұтынушыларға қызмет көрсету үшін де пайдаланылатын кірме жолдар құрылымының сипаттамалары біртекті деп саналады;

      реттеліп көрсетілетін қызметтер көрсететін кірме жолдардың шекаралары өзінің мұқтаждары үшін де, тұтынушыларға қызмет көрсету үшін де пайдаланылатын кірме жолдардың жалпы бөлігінің қашықтығымен айқындалады;

      тарифтердің кіріс бөлігін есептеу үшін қолданысқа енгізілген активтердің мөлшері кірме жолдардың жалпы бөлігі активтерінің қалдық құнымен айқындалады.

      14. Үшінші кезеңде реттеліп көрсетілетін қызметтердің түрлері бойынша тарифтердің шығын бөлігі айқындалады. Шығындар кірме жолдардың реттеліп көрсетілетін қызметтерінің арасында бір өлшегішке келтірілген болжанып отырған көлемдерге тепе-тең бөлінеді:


,

      мұндағы:

      a =

b =



- Субъеткінің барлық - кірме жолдары бойынша шығындарды қосу арқылы кірме жолдары жылжымалы құрамды өткізу үшін басты бөлікті ұсыну бойынша қызметтерге жатқызылған шығындар (теңге);

- технологиялық операциялар үшін кірме жолдарды ұсыну жөніндегі қызметтерге жатқызылған шығындар (теңге);

- технологиялық операциялар мен тұрақ үшін кірме жолдардың бастапқы-соңғы бөлігін ұсыну жөніндегі қызметтерге жатқызылған шығындар (теңге);

- жылжымалы құрамның тұрағы үшін кірме жолдарды ұсыну жөніндегі қызметтерге жатқызылған шығындар (теңге);

- кірме жолдардың пайдалануға беру бойынша жатқызылған шығындар (теңге);

      I=I1+I2– кірме жолдардың жалпы ұзына бойы ұзындығы (км),

      мұндағы:

      I - кірме жолдардың жалпы ұзына бойы ұзындығы (км);

      I1- кірме жолдардың басты бөлігінің ұзына жайылған ұзындығы (км);

      I2- кірме жолдардың бастапқы-соңғы бөлігінің ұзына бойы ұзындығы (км);


- маневрлі жұмыстар, тиеу-түсіру мен тасымалдау процесінің басқа да технологиялық операциялары үшін k кірме жолды ұсыну жөніндегі қызметтер көлемі (технологиялық операциялардың вагон-сағаттары);

- жылжымалы құрамның тұрағы үшін k кірме жолды ұсыну жөніндегі қызметтер көлемі (тұрақтың вагон-сағаттары) айқындалады.

      15. Субъектінің кірме жолдар қызметтеріне арналған тарифке енгізілетін жиынтықты пайда қолданысқа енгізілген активтер құнының және қолданысқа енгізілген активтердің реттелетін базасына пайда ставкасының негізінде және нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 3300 тіркелген, Қазақстан Республикасы Табиғи монополияларды реттеу агенттігі төрағасының 2004 жылғы 6 желтоқсандағы № 472-НҚ бұйрығымен бекітілген, Магистральдық темір жол желісі мен кірме жолдар қызметтерін көрсетуші табиғи монополиялар субъектілерінің іске қосылған активтерінің реттелетін базасына пайда ставкасын есептеу жөніндегі нұсқаулыққа сәйкес айқындалады:

      Р = A•d,

      Р - кірме жолдар қызметіне келетін Субъекті пайдасының ұйғарынды деңгейі (теңге);

      А - кірме жолдар қызметіне келетін қолданысқа енгізілген активтердің реттелетін базасы (теңге);

      D - реттелетін базаға пайда ставкасы (%).

      16. Тармақ иесінің қолданысқа енгізілген активтерінің реттелетін базасын айқындау үшін заңнамада белгіленген тәртіппен қайта бағалау қорытындылары бойынша белгіленген негізгі құралдардың қалдық құны пайдаланылады.

      17. Субъектінің реттеліп көрсетілетін қызметтерінің түрлері бойынша жалпы пайда кірме жолдардың барлығы үшін реттеліп көрсетілетін түрлері бойынша пайданы қосу арқылы айқындалады.

      18. Пайдалану үшін кірме жолды ұсыну жөніндегі кірме жол қызметтеріне тариф субъектінің кірме жолдарының топтары үшін мынадай формула бойынша есептеледі:



      мұндағы:

      Tj- кірме жолдарды ұсыну жөніндегі қызметтің j түріне тариф;

      Dj- кірме жолдарды ұсыну жөніндегі қызметтің j түрінен алынған тарифтік кіріс, теңге;

      Qj- кірме жолдарды ұсыну жөніндегі қызметтің j түрінің болжанып отырған көлемі.

      19. Жүріс үшін кірме жолды ұсыну жөніндегі қызметке тариф 1 вагон - км-ға тарифтік смета ретінде айқындалады және көрсетілген қызметтің құны қызмет көлемнің тарифтік сметаға көбейтіндісі ретінде айқындалады:

      S1=T1 Q1

      мұндағы:

      S1- өту үшін кірме жолды ұсыну жөніндегі көрсетілген қызметтің құны;

      T1- 1 вагон-кми тарифтік мөлшерлеме;

      Q1- жылжымалы құрамның өтуі үшін кірме жолды ұсыну жөніндегі қызмет көлемі (кірме жолдар бойынша өткізудің вагон-км);

      Маневрлі жұмыстар (операциялар), тиеу-түсіру мен тасымалдау процесінің басқа да технологиялық операциялары үшін кірме жолды ұсынғанына төлемақы әдістеменің осы тармағының бірінші бөліміне сәйкес есептеледі:

      S2=T2 Q2,

      мұндағы:

      S2- маневрлі жұмыстар, тиеу-түсіру мен тасымалдау процесінің басқа да технологиялық операциялары үшін кірме жолды ұсыну жөніндегі көрсетілген қызмет құны (технологиялық операциялардың вагон-сағаттары);

      T2- 1 вагон-сағ тарифтік мөлшерлеме;

      Q2- маневрлі жұмыстар, тиеу-түсіру мен тасымалдау процесінің басқа да технологиялық операциялары үшін k кірме жолды ұсыну жөніндегі қызметтер көлемі (технологиялық операциялардың вагон-сағаттары).

  Қазақстан Республикасы
Табиғи монополияларды реттеу
агенттігі төрағасының
2014 жылғы 1 сәуірдегі
№ 67-НҚ бұйрығына
2-қосымша

Темір жол көлігі, порттар және әуежайлар саласындағы табиғи монополиялар субъектілерінің реттеліп көрсетілетін қызметтеріне (тауарларына, жұмыстарына) инвестициялық тарифті (бағаны, алымдар мөлшерлемесін) есептеудің кемсiтпейтiн әдістемесі

      Ескерту. Әдістеменің тақырыбы жаңа редакцияда – ҚР Ұлттық экономика министрінің 16.02.2018 № 50 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) бұйрығымен.

1. Жалпы ережелер

      1. Темір жол көлігі, порттар және әуежайлар саласындағы табиғи монополиялар субъектілерінің реттеліп көрсетілетін қызметтеріне (тауарларына, жұмыстарына) инвестициялық тарифті (бағаны, алымдар мөлшерлемесін) есептеудің кемсiтпейтiн әдістемесі (бұдан әрі – Әдістеме) Қазақстан Республикасының "Табиғи монополиялар туралы" 1998 жылғы 9 шiлдедегі, "Темір жол көлігі туралы" 2001 жылғы 8 желтоқсандағы, "Сауда мақсатында теңізде жүзу туралы" 2002 жылғы 17 қаңтардағы, "Инвестициялар туралы" 2003 жылғы 8 қаңтардағы заңдарына, "Табиғи монополиялар субъектілерінің реттеліп көрсетілетін қызметтеріне (тауарларына, жұмыстарына) тарифтерді (бағаларды, алымдар мөлшерлемелерін) бекіту кезінде қолданылатын шығындарды қалыптастырудың ерекше тәртібін бекіту туралы" (бұдан әрі – Ерекше тәртіп) Қазақстан Республикасы Табиғи монополияларды реттеу агенттігі төрағасының 2013 жылғы 25 сәуірдегі № 130-НҚ бұйрығына (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 8480 болып тiркелген) және Қазақстан Республикасының әуе кеңістігін пайдалану және авиация қызметі саласындағы өзге де актілерге сәйкес әзірленді.

      Ескерту. 1-тармақ жаңа редакцияда – ҚР Ұлттық экономика министрінің 16.02.2018 № 50 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) бұйрығымен.

      2. Осы Әдістеме Темір жол көлігі, порттар және әуежайлар саласындағы реттеліп көрсетілетін қызметтеріне тарифтер (бағалар, алымдар мөлшерлемелерін) есептеу тетігін тәртібін айқындайды.

      3. Осы Әдістеменің мақсаттары үшін мынадай ұғымдар қолданылады:

      жоба өтелімділігінің кезеңі – инвестицияның толық қайтарылуы және инвестормен және уәкілетті органның ведомствосымен (бұдан әрі – уәкілетті орган) келісілген инвестициялық пайда алу жүзеге асырылатын уақыт аралығы. Әдістеменің мақсаттары үшін жоба өтелімділігінің кезеңі инвестициялық жобаны пайдалану фазасына тең белгіленеді;

      инвестициялық жобаны іске асыру кезеңі – Субъект белгіленген тәртіппен келісілген және бекітілген инвестициялық жобаны іске асыратын уақыт аралығы. Жобаны іске асыру кезеңінде екі фаза бөлінеді: инвестициялық, оның ішінде инвестициялар салу жүзеге асырылады және пайдалану оның ішінде субъект активтерді пайдалануға байланысты қызметтерді көрсетуден кірістер алады және оған инвестициялық тариф (баға, алым мөлшерлемесі) қолданылады;

      инвестициялық тарифтік кіріс – табиғи монополия субъектісінің инвестициялық жобаны пайдалану фазасын іске асыру кезеңіндегі және жоба өтелімділігінің кезеңі аяқталғанға дейін инвестициялық жобаны іске асырудың әрбір жылындағы кірісі;

      инвестициялық тарифтік смета – жоба өтемділігінің кезеңіне және инвестициялық жобаны іске асырудың әрбір жылына бекітілетін тарифтік смета;

      инвестициялық үстемеақы – жобаның өтелімділігі кезеңінде инвестордың күрделі салымдарын өтеу сомасын және сыйақысын (пайдасын) қамтитын инвестициялық тарифтің құрамдасы;

      Әдістемеде пайдаланылатын өзге ұғымдар мен терминдер табиғи монополиялар туралы және инвестициялар заңнамаға сәйкес қолданылады.

      Ескерту. 3-тармақ жаңа редакцияда – ҚР Ұлттық экономика министрінің 16.02.2018 № 50 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) бұйрығымен.

2. Инвестициялық тарифті (баға, алым мөлшерлемелесін) есептеу

      4. Инвестициялық жобаның пайдалану кезеңі ішінде алынатын инвестициялық тарифтік кіріс экономикалық негізделген шығындардан, пайда мен инвестициялық үстемеақыдан құрастырылады және мына формула бойынша анықталады.

      ИТК = Ш+П+ИҮ, (барлық жоба үшін),

      мұндағы:

      ИТК - қызметтің әрбір өлшігішіне есептегенде инвестициялық тарифтік кіріс (темір жол көлігі, порттар және әуежайлар саласындағы субъектілер үшін темір жол көлігі, порттар және әуежайлар саласындағы тарифтер есептеудің тиісті әдістерімен айқындалады);

      Ш - активтердің қызметі мерзімдерінің негізінде есептелетін амортизациялық аударымдарды және салық аударымдарын қоса алғанда, пайдалану шығындары;

      П - заңнаманың талаптарына сәйкес анықталатын пайда;

      ИҮ - уәкілетті оргнанмен келісілген инвестициялық үстемеақының мөлшері.

      Немесе инвестициялық жобаның пайдалану фазасының жеке жылына:

      ИТКі = ШЧТі+Пі+ИҮ/ПҚ,

      мұндағы:

      і - жыл нөмірі;

      ИТКі - қызметтің әрбір өлшегіші бойынша есептегенде жобаны іске асырудың і жылындағы инвестициялық тарифтік кіріс;

      ШЧТі - активтердің кызметі мерзімдерінің негізінде есептелетін және і жылына жатқызылатын амортизациялық аударымдарды қоса алғанда, пайдалану шығындары;

      Пі - заңнамаға сәйкес аңықталатын, і жылына жатқызылатын пайда;

      ИҮ - уәкілетті органмен келісілген инвестициялық үстемеақының мөлшері;

      ПҚ - жобаның пайдалану кезенің ұзақтығы, жыл.

      5. Пайдалану шығыстарына қызметтерді көрсету үшін қажетті материалдық және материалдық емес шығындар, оның ішінде шикізатқа, материалдарға, отынға, энергияға арналған шығындар, еңбекақы төлеуге арналған шығыстар, инвестициялық жобаны іске асыру үшін кредиттерге сыйақылар төлеуге арналған шығындар, заңнамада белгіленген тәртіппен міндетті сақтандыру түрлеріне арналған шығындар, тікілей сызық (біркелкі) әдіс бойынша есептелген негізгі құралдардың және материалдық емес активтердің амортизациялық аударымдарды, нормативтік ысыраптаға байланысты шығындар жатады.

      ИТК =

ИТК,

      і - жылы деп күнтізбелік 365 күнге тең келетін уақыт кезеңі (күнтізбелік жыл) түсініледі.

      6. Пайданы есептеу (П немесе Пі) темір жол көлігі және порттар саласындағы тарифтерді есептеудің қолданыстағы әдісмтемелеріне және Ерекше тәртіпте көзделген шектеулерге сәйкес жүзеге асырылады.

      7. Инвестициялық үстемеақы (ИҮ) мынадай формула бойынша анықталады:

      ИҮ= Амортизацияның

+ Пайданың

,

      мұндағы:

      Амортизацияның

– салынған инвестициялар есебінен құрылған активтердің бастапқы құнының және инвестициялық жоба өтелімділігінің кезеңінің пайдалану кезеніңе тікелей сызық біркелкі есептеу әдісі бойынша есептелген негізгі құралдар мен материалдық емес активтердің амортизациялық аударымдарының арасындағы айырмашылық, яғни:

      Амортизацияның

= АҚ-

АОі,

      мұндағы:

      АҚ - негізгі құралдар мен материалдық емес активтердің бастапқы құны;

      АОі - і жылындағы активтердің амортизациясы.

      Пайданың – инвестициялық жобада көзделген және уәкілетті органан келісілген пайда деңгейінің және Әдістеменің 7-тармағына сәйкес есептелетін пайданың арасындағы айырмашылық, яғни:

      Пайданың

= ПП -

Пі,

      мұндағы:

      ПП - инвестициялық жобада көзделген және уәкілетті органмен белгіленген тәртіппен келісілген пайданың деңгейі;

      Пі - заңнаманың талаптарына сәйкес анықталатын пайда.

      8. Инвестициялық тарифтің (бағаның, алым мөлшерлемесінің) деңгейі мына формула бойынша есептеледі:

      HTji = ИТДji/Vji,

      мұндағы:

      j - қызмет өлшегіші;

      i - инвестициялық жобаның пайдалану кезеңі жылының нөмірі;

      Иtji - инвестициялық жобаның пайдалану кезеңінің жылында табиғи монопополия субъектісі қызметінің j өлшегіші бойынша инвестициялық тариф (бағаны, алым мөлшерлемелесі);

      ИТДji - инвестициялық жобаның пайдалану фазасының i жылында табиғи монопополия субъектісі қызметенің j өлшегішіне есептелген инвестициялық тарифтік кіріс;

      Vji - инвестициялық жобаны пайдалану кезеңінің жылында j қызметенің көлемі. Иtji мен Vji уәкілетті орган белгіленген тарифті саралау факторлары бойынша бөлінген қызметтердің жиынтық көлемінің әрбір сегменті үшін анықталады.

      9. Инвестициялық тарифті қосымшыға сәйкес есептеу.

      10. Инвестициялық тарифті есептеу негізі:

      1) инвестициялық жобаны іске асыру кезеңінде ұсынылатын қызметтерге сұраныс дамуының перспективаларын бағалау;

      2) тұтастай инвестициялық жобадан және жоба өтелімдігінің кезеңі ішінде жылдар бойы қызметтер көрсетуден ақша түсімдері көлемдеріні болжамы;

      3) күрделі салымдарды және жоба өтелімділігі кезеңі ішінде тұтастай инвестициялық жобадан және жылдар бойы пайыздар бойыша өтемақыны қоса алғанда, шығыстар көлемінің болжамы;

      4) уәкілетті органмен келісілген инвестициялық жобаның өтелімдік кезеңі және инвестициялық жобаны пайдалану кезенңінің басталуы туралы деректер;

      5) инвестор сыйақысының (пайдасының) деңгейі;

      6) инвестициялық жобаның жобалау құжаттамасы;

      7) инвестициялық тарифтік смета болып табылады.

  Темір жол көлігі, порттар және әуежайлар саласындағы
табиғи монополиялар субъектілерінің реттеліп
көрсетілетін қызметтеріне (тауарларына, жұмыстарына)
инвестициялық тарифті (бағаны, алымдар мөлшерлемесін)
есептеу әдістемесіне
қосымша

      Инвестициялық тарифті есептеу



Жоба өтелімділігінің кезеңі

Қалыпты тарифтің қолданысы (активтерді пайданудың инвестициядан кейінгі кезеңі)

Инвестициялық кезең

Инвестициялық жобаның пайдалану кезеңі

Активтер қызметінің мерзімі

1 жыл

i-жыл


n-жылы

Барлығы



n+m-жыл *

I

Пайдалану шығындары

Зинвест*

1

i


n

?Шi

n+1


m+n

II

Оның ішінде: активтердің амортизациясы

х

1

i


n

?Аi

n+1


m+n

III

Пайда

х

1

i


n

?Пi

Пn+1


Пm+n

IV

Амортизацияның Д

х

А/n

А/n

А/n

А/n

А/n

А=СА-?(Аi+n)

х


Х

V

ПайданыңД

х

О/n

О/n

О/n

О/n

О/n

ПО=ПП-? Пi

х


х

VI

Инвестициялық тарифтік кіріс (I жол + III жол + IV жол + V жол)

х

ТК

ТК


ТКn

ТД=?ИТкi

х


х

VII

Заттай өлшегіштерде көрсетілген қызметтердің

көлемі*

х

i

i


n

х

n+1


m+n

VIII

Инвестициялық тариф (баға, алым мөлшерлемесі) VI/жол VII жол)

х

Т1

Тi


Тn

х


х


      Есертпе*: АҚ- активтердің құны (негізгі құралдар мен материалдық емес активтер), n– инвестициялық жобаны пайдалану кезеңінің ұзақтығы, m+n - активтер қызметінің мерзімі, Шинвест-т тарифтің құрамында ескерілетін және пайдалану кезеңіне бөлінетін, яғни Ерекше тәртіпке сәйкес

Щi енгізілетін инвестициялық шығындар, ПП- уәкілетті органмен келісілген инвестициялық жобада көзделген пайда.