"Қазақстан Республикасы Өңірлік даму министрлігі Кәсіпкерлікті дамыту комитеті" мемлекеттік мекемесінің ережесін бекіту туралы

Қазақстан Республикасы Өңірлік даму министрінің 2014 жылғы 24 маусымдағы № 181/НҚ бұйрығы. Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде 2014 жылы 22 шілдеде № 9605 тіркелді. Күші жойылды - Қазақстан Республикасы Ұлттық экономика министрінің 2016 жылғы 27 мамырдағы № 223 бұйрығымен

      «Нормативтік құқықтық актілер туралы» Қазақстан Республикасының 1998 жылғы 24 наурыздағы Заңының 43-1-бабына сәйкес, БҰЙЫРАМЫН:
      1. Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрінің «Мемлекеттік ветеринариялық-санитариялық бақылау объектілерінде ветеринариялық-санитариялық бақылауды жүзеге асыру туралы нұсқаулықты бекіту туралы» 2009 жылғы 28 қыркүйектегі № 554 бұйрығының (Нормативтік құқықтық кесімдерді мемлекеттік тіркеудің тізіліміне № 5832 болып тіркелген, жарияланған «Заң газеті» 2009 жылғы 11 қарашадағы № 172 (1595) күші жойылды деп танылсын.
      2. Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрлігінің Ветеринариялық және тамақ қауіпсіздігі департаментіне;
      1) осы бұйрықты Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрлігінің интернет-ресурсында орналастыруды;
      2) осы бұйрықтың көшірмесін Қазақстан Республикасы Әділет министрлігіне жіберуді қамтамасыз етсін.
      3. Осы бұйрық қол қойылған күнінен бастап күшіне енеді.

      Министр                                     А. Мамытбеков