Жылжымайтын мүлікке құқықтарды тіркеу және міндетті мемлекеттік тіркеуге жатпайтын жылжымалы мүлік кепілін тіркеу мәселелері бойынша мемлекеттік көрсетілетін қызметтердің регламенттерін бекіту туралы Қазақстан Республикасы Әділет министрінің 2014 жылғы 30

Қазақстан Республикасы Әділет министрінің 2014 жылғы 19 маусымдағы № 213 бұйрығы. Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде 2014 жылы 11 шілдеде № 9576 тіркелді. Күші жойылды - Қазақстан Республикасы Әділет министрінің 2015 жылғы 28 мамырдағы № 300 бұйрығымен

      Ескерту. Күші жойылды - Қостанай облысы Алтынсарин ауданы мәслихатының 01.03.2016 № 327 шешімімен.
      Қазақстан Республикасының 2007 жылғы 15 мамырдағы Еңбек кодексінің 238 бабының 2-тармағына, Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қаңтардағы "Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы" Заңының 6-бабына сәйкес Алтынсарин аудандық мәслихаты ШЕШІМ ҚАБЫЛДАДЫ:
      1. Аудандық бюджет қаражаты есебінен азаматтық қызметші болып табылатын және ауылдық жерде жұмыс істейтін әлеуметтік қамсыздандыру, білім беру, мәдениет, спорт және ветеринария саласындағы мамандарға қызметтің осы түрлерімен қалалық жағдайда айналысатын азаматтық қызметшілердің айлықақыларымен және ставкаларымен саластырғанда жиырма бес пайызға жоғарылатылған лауазымдық айлықақылар мен тарифтік ставкалар белгіленсін.
      Ескерту. 1-тармақ жаңа редакцияда - Қостанай облысы Алтынсарин ауданы мәслихатының 30.10.2015 № 302 шешімімен (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі).
       2. Осы қаулы алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.
      Аудандық мәслихаттың
кезектен тыс сессиясының
төрағасы
Қ. Әбікеев
      Алтынсарин аудандық
мәслихатының хатшысы
Б. Есмұханов

      КЕЛІСІЛГЕН:
      "Алтынсарин ауданы
      әкімдігінің экономика
      және қаржы бөлімі"
      мемлекеттік мекемесінің
      басшысы
      _____________ Е. Павлюк