Мемлекеттік материалдық резервтің материалдық құндылықтарын сақтау нормативтерін бекіту туралы

Қазақстан Республикасы Төтенше жағдайлар министрінің 2014 жылғы 9 маусымдағы № 278 бұйрығы. Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде 2014 жылы 27 маусымда № 9542 тіркелді. Күші жойылды - Қазақстан Республикасы Ұлттық экономика министрінің 2015 жылғы 26 қаңтардағы № 44 бұйрығымен

      Ескерту. Күші жойылды - ҚР Ұлттық экономика министрінің 26.01.2015 № 44 бұйрығымен (алғашқы ресми жариялаған күнінен бастап күнтізбелік он күн өткеннен кейін қолданысқа енгізіледі).

      «Азаматтық қорғау туралы» 2014 жылғы 11 сәуірдегі Қазақстан Республикасының Заңы 12-бабының 1-тармағы 39)-тармақшасына сәйкес БҰЙЫРАМЫН:
      1.Қоса беріліп отырған мемлекеттік материалдық резервтің материалдық құндылықтарын сақтау нормативтері бекітілсін.
      2. Қазақстан Республикасы Төтенше жағдайлар министрлігі Мемлекеттік материалдық резервтер комитеті (А.Ә. Сәду):
      1) осы бұйрықтың Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркелуін;
      2) Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінде осы бұйрық мемлекеттік тіркелгеннен кейін күнтізбелік он күн ішінде мерзімдік баспа басылымдарына және «Әділет» ақпараттық-құқықтық жүйесінде ресми жариялауына жіберуін;
      3) осы бұйрықтың Қазақстан Республики Төтенше жағдайлар министрлігінің ресми интернет-ресурсында жариялануын қамтамасыз етсін.
      3. Осы бұйрық оны алғашқы ресми жариялаған күнінен бастап күнтізбелік он күн өткеннен кейін қолданысқа енгізіледі.

      Министр                                    В.Божко

Қазақстан Республикасы   
Төтенше жағдайлар министрінің
2014 жылғы 9 маусымдағы   
№ 278 бұйрығымен бекітілді 

Мемлекеттік материалдық резервтің
материалдық құндылықтарын сақтау
нормативтері

1. Жалпы ережелер

      1. Осы мемлекеттік материалдық резервтің материалдық құндылықтарын сақтау нормативтері 2014 жылғы 11 сәуірдегі Қазақстан Республикасы «Азаматтық қорғау туралы» Заңының 12-бабының 1-тармағы 39)-тармақшасына сәйкес әзірленді және мемлекеттік резервтің материалдық құндылықтарын күтіп-ұстау және сақтау шарттары жөніндегі техникалық талаптарды қамтиды.

2. Тамақ өнімдері

1-параграф. Ұн мен түрлі жарма
(МЕМСТ 26574, МЕМСТ 26791)

      2. Ұн тарту мен жарма өнімдерін сақтау экологиялық, құрылыс, өрт қауіпсіздігі және санитарлық-эпидемиологиялық талаптарға жауап беретін қойма үй-жайларында, тамақ өнімінің қауіпсіздігін қамтамасыз ететін және оның жолай ластану мүмкіндігін болдырмайтын жағдайларда жүзеге асырылады.
      Қаптарды «үшбұрыштап» немесе «бесбұрыштап» тігісін ішіне қаратып қатар қояды. Жақсартылған желдетуді талап ететін ұн мен жарманы «төртбұрыштап» жатқызып қойған жөн. Бұл жағдайда бірінші қатардағы екі қапты қырынан шағын саңылаулармен бір–біріне қатарлас қояды; сол тәртіппен екінші қос қаптарды біріншінің үстіне салады, ал үшіншісін екіншісіне және тағы сол сияқты.
      3. Жарылған, жыртылған, кеміргіштер зақымдаған қаптарды қатарға қоюға болмайды. Бұндай қаптардағы өнімдер басқа берік ыдысқа аударылуы тиіс.
      4. Штабельдің төменгі қатардағы термоылғалдиффузия салдарынан тауардың дымқылдануын болдырмау үшін, едені бетон, асфальт және тас бөлмелерде ұн мен жармасы бар қаптарды биіктігі 10 см. кем емес құрғақ, тақтайдан жасалған, бір – біріне тығыз байланысқан стеллаждарда жатқызып қою қажет.
      Қызу ылғалдылығының араласуынан қорқпауға болатын, едені тақтай бөлмелерде ұн мен жарманы стеллажсыз тура еденге жатқызып қояды.
      5. Өнімдерді топтарымен, түрімен және сұрыптарымен штабельге жатқызып қояды. Шығару мерзімі әр-түрлі немесе түрлі кәсіпорынан шыққан ұн мен жарманы бір қатарға жатқызып қоюға болмайды. Қатар биіктігі өнімдердің түрі мен жай-күйіне және ауа температурасына (жыл кезеңіне) байланысты.
      Неғұрлым сақтауға берік ұн мен жарманың басқа түрлерінің қатарлау биіктігі сәйкесінше 8 және 10 – 12 қатар. Штабель биіктігі «төртбұрыштап» төсеу кезінде алты қабаттан аспауы тиіс.
      Көктемгі жаз мезгілінде қат – қабат биіктігін тағы бір – екі қабатқа азайтады. Өлшеп орамдалған өнімдерді металл, ағаш, сондай-ақ картон жәшіктерінде сақтайды.
      6. Ұн мен жарма өткір иісі бар тауарлармен бірге сақтауға болмайды. Әрбір партиядағы ұн мен жарманың штабельдің заттаңбасы болуы тиіс, онда өнімнің атауы, сұрпы, шығару мезгілі, вагон мен жүкқұжатының нөмірі, салмағы, орын саны, қоймаға түскен мезгілі мен мәліметі, сапалық куәлігінде көрсеткен (дәмі, иісі, дымқылдығы) деректер болуы тиіс.
      Штабельді тексергенде анықталған өнімнің сапалық өзгеруін штабель заттаңбасына енгізеді.
      Сақтау үдерісінде өнімдерді бақылау үшін керекті жағдай жасау және қоймаларды желдету, штабельдің арасында, сонымен қатар ғимараттың қабырғалары мен штабель арасында 0,7 м. өткел қалдырады. Көтеру- түсіру жұмыстарын жүргізу қажет орындарда қат-қабат арасында 1,25 м. арақашықтық қалдырады.
      7. Ұн мен жарманы қысқы мезгілде ауа температурасы 8-12о төмен емес, жазғы мезгілде 25-35о жоғары емес ғимараттарда сақтайды. Ғимараттағы ауаның салыстырмалы ылғалдылығын 60 – 75%
      8. Ғимараттардағы керекті температуралық ылғалдылық режимін жылыту (салқындату) көмегімен және қоймаларды желдету, сонымен қатар ауаны кондиционерлік әдісі арқылы реттейді.
      9. Көктемгі жазғы мезгілде қойманың температурасын төмендету үшін желге қарсы барлық есіктер мен желкөздері, ал жел ық жағында тек желкөздері ашылуы тиіс.
      10. Қойма ішіндегі ылғал мен жылы ауаны сорып шығару үшін дефлектор немесе қойманың жоғарғы жағындағы ауа сорып шығатын тесіктер қолданылады. Дефлекторлар ысырмамен және су бұру үшін қабылдау науасымен жабдықталады.
      11. Ұн мен жарманың түсін, дәмі мен иісін жылдың суық мезгілінде (олардың температурасы 5о және төмен) кемінде айына 1 рет, жылы мезгілінде кемінде онкүндікте 1 рет анықтайды. Түсі өзгергенде, бөгде дәм мен иіс пайда болғанда желдету, суыту, кептіруді қолдану қажет.
      12. Өнімнің температурасын жылдың суық мезгілінде кемінде айына 1 рет, ал жылы мезгілінде кемінде 2 рет өлшейді.
      13. Ұн мен жарманың ылғалдылығы мен қышқылдығын кемінде айына 1 рет анықтайды.
      14. Сақтау мерзімдері:
      1) бидай және қара бидай ұны – 1 жыл;
      2) қарақұмық жармасы – 15 ай;
      3) күріш жармасы – 12 ай.

2-параграф. Кептірілген қара бидай немесе бидай наны
(МЕМСТ 686)

      15. Кептірілген нандар дегеніміз сақтауға төзімді болу үшін кептірілген нан тілімі болып табылады.
      16. Кептірілген нандар ұнның сұрыпына байланысты ерекше тартылған қара бидай ұнынан жасалған қара бидай кептірілген наны, ерекше тартылған қара бидай – бидай ұнынан жасалған немесе ерекше тартылған қара бидай және бидай ұнының қосындысынан жасалған қара бидай – бидай кептірілген нандары, бірінші, екінші және ерекше тартылған бидай ұнынан жасалған бидай кептірілген наны болып бөлінеді.
      17. Кептірілген нандар жақсы желдетілетін, көгермеген, нан қорының зиянды жәндіктерін жұқтырмаған ғимаратта сақтауы тиіс.
      18. Қапталған кептірілген нандар қоршаған ортаның келесі параметірлерімен сақталуы тиіс:
      1) ауаның температурасы 25о С-тан жоғары емес (қысқа мерзімді 30 тәуліктен көп емес, температураның жоғарлауы 45о С-қа дейін рұқсат етіледі);
      2) герметикалық қаптамада ауаның біркелкі ылғалдылығы 90 % жоғары емес, герметикалық емес қаптамада – 75 % жоғары емес.
      19. Қапталған кептірілген нандар стеллаждарға биіктігі 12 қатардан көп болмай қат – қабат төселуі тиіс. Жылу көзінен, сутартқыш және кәріз құбырларынан арақашықтығы 1 м. кем болмауы тиіс. Әрбір екі қатардың арасынан 10 см. кем емес аралық қалдырады. Бөлек қат –қабат пен қат – қабаттардың және қабырғалардың арасында 70 см. кем емес  өткел қалдырады.
      20. Сақтау мерзімдері:
      1) 8о С-тан 25о С температурасында:
      қара бидай, қара бидай – бидай, ерекше тартылған – 24 ай;
      бірінші, екінші және ерекше тартылған ұннан жасалған бидай – 12 ай.
      2) 8о С-тан жоғары емес температурада:
      қара бидай – бидай, ерекше тартылған – 36 ай;
      бірінші, екінші және ерекше тартылған ұннан жасалған бидай – 24 ай.

3-параграф. Ет және сүт консервілері
(МЕМСТ 5284)

      21. Ұзақ мерзімге сақтауға салатын консервілердің басты түрлерінің бірі жоғарғы және бірінші сортты «Бұқтырылған сиыр еті» болып табылады.
      22. Ет консервілері мақсатына байланысты салқын түрінде қолданылатын басытқы және бірінші мен екінші тағамдарды дайындауға арналған түстік болып бөлінеді.
      23. Суыған немесе салқындатылған еттен өндірілген консервілер, неғұрлым жоғары сапалы болып табылады.
      24. Сүт консервілері консервілеу тәсілдеріне байланысты келесі түрлерге бөлінеді:
      1) қантпен консервіленген – қанты бар қаймағы алынбаған қойытылған сүт;
      2) қойытылған сүті және қанты бар какао мен табиғи кофе;
      3) зарасыздандырумен консервіленген – зарасыздандырылған қойытылған сүт;
      4) сорғытумен консервіленген – құрғақ қаймағы алынбаған сүт, қантпен және қантсыз құрғақ кілегей.
      25. Консервілерді қаттау бекітілген жүктеме нормаларына және олардың негізіндештабельдағы орын санының толық санауды жүргізу мүмкіндігін, консервілер мен ыдыстарды сақтау қамтамасыздығын, штабельдің беріктігін, қойма аумағын барынша тиімді пайдалану және қабылдау қайтақарап дайындау жұмыстарын жүргізу үшін жағдай туғызуды, сапаны бақылау және вагондарды жіберу кезінде механикаландырылған жүк тиеуді қамтамасыз етуді қоса, алғандағы орналастырудың оңтайлы сызбанұсқасына сәйкес жүргізілуі тиіс.
      26. Консервілердіштабельге сапасы, ассортименті және сұрпы, бір типті бірдейөлшемді банкаларда және жәшіктерде өндіру уақыты (ет және балық консервілері үшін бір тоқсан және сүт консервілері үшін бір ай шамасында) және мөлшері кепілдік мерзімі бірдей, бір көлемдегі және бір ұзындықтағы түпқоймада бір немесе бірнеше вагон топтамасынан құрылады.
      27. Тоңазытқыш төлесінің көлемін тиімді пайдалану мақсатында, бір тоқсанда өндірілген сүт консервілерін іріленген штабельде қаттау рұқсат етіледі.
      Консервілерді зақымдалған жәшіктерде қаттауға рұқсат етілмейді.
      28. Ақауланған банкілерді немесе талдау үшін үлгілерді алу кезінде, жәшіктер міндетті түрде біртекті консервілермен толтырылуы, содан кейін мұқият жабылуы (толтырылуы) және штабельдің жоғарғы қатарына салынуы тиіс.
      Әрбір қалыптастырылған штабельде белгіленген нысан бойынша, пакеттегі жәшіктерді қалау және пакеттерді штабельге орналастыру сызбанұсқасы қосылған штабель заттаңбасы жасалады.
      29. Құжаттарда бұл консервілер қапталған қойманың, секцияның және штабельдің нөмірін көрсету қажет.
      Бекітілген оңтайлы сызба нұсқаға сәйкес, консервілерді қаттауды оңайлату үшін, штабельдің орналасу және олардың ортасындағы өткелдің орындары алдын ала белгіленеді.
      30. Жүктеу нормаларына және қойманың түрлеріне байланысты, консервілер штабельге келесі ретпен төселеді:
      1) ет консервілері жылытылатын қоймаларда ені 6-10 пакет, ал жылытылмайтын қоймаларда – 3-4 пакет ірілендірілгенштабельге салынады;
      2) балық және сүт консервілері қойманың құрылымымен түріне байланысты ені 3-4 пакет штабельге салынады.
      31. Штабельдің ұзындығы орта бойлық өткелден қойма (жертөле) қабырғасы өткелге дейінгі арақашықтықпен анықталады.
      32. Консервілердің сапалы сақталуын бақылау, ауаның жақсы айналымын және механизмдерді қолдану ыңғайлығын қамтамасыз ету үшін, қоймаларда консервілерді қатарлау кезінде келесі мөлшердегі өткелдер қалдырылады:жылытылатын және жылытылмайтын қоймаларда қойма (бөлім) периметр бойынша қабырғадан немесе дөңес құрылымнан – ені 0,5 м.
      33. Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2011 жылғы 30 желтоқсандағы № 1682 қаулысымен бекітілген Өрт қауіпсіздік ережесіне сәйкес (бұдан әрі – Өрт қауіпсіздік ережесі), жол ені ең аз радиус электротиегіштің нақты аспалы құралымен айналуына байланысты белгіленеді.
      Жылытылатын қоймада ет консерваларының штабельдар арасында және балық консерваларының әрбір екі – үш штабель сайын және жылытылмайтын қоймада сүт консервілерін екі штабель сайын ені 0,5 м өткел қалдырады.
      Тоңазытқыш камерасының төлесінде келесі мөлшерде шегерім қалдырады: қабырғадан, тіректен, қабырға жанындағы батареядан, суытқыштан штабельға дейін 0,3 м, төбеден немесе төменгі арқалықтан штабельдің басына дейін 0,2 м.
      Жол ені 0,6 м тең қабылданады.
      Тауар штабельі және түпқоймалар салмақ түсетін қоймалардың конструкциясына сүйенбеуі тиіс.
      34. Консервілердің тиеу – түсіру және ішкі қойма жұмыстары біріңғай технологиялық картасымен жүргізіледі.
      Тиеу – түсіру жұмыстары сонымен қатар консервілерді ауыстыру және дайындау кезінде, жәшіктерді соққыға, түрткіге, лақтыруға жол бермеу, ыдысты ұқыпты ұстауды қамтамасыз ету қажет.
      Сақтау мерзімдері:
      1) ет консервілері – 3 жыл;
      2) сүт консервілері – 1 жыл.

4-параграф. Қант
(МЕМСТ 31361, МЕМСТ 26907)

      Құмшекер – тағам өнімі, бөлек кристалл түріндегі сахароза, қант қызылшасы мен аршылмаған қантты өңдеу арқылы механикалық және физика – химиялық жолмен алынған.
      Шақпақ қант – тағам өнімі, кесек, кристалл (тазартылған құмшекер мен шампанское сахарозасы) және ұнтақталған кристалл(тазартылған ұнтақ) тәріздес қосымша аршылған (тазартылған) қант.
      37. Қантты сақтау үшін көбінесе жылытылатын, сонымен қатар жылытылмайтын техникалық жарамды, құрғақ, таза және жақсы желдететін қоймаларды қолданады.
      Жүктемес бұрын қойма ғимараты жөнделеді және қантты қабылдауға және сақтауға дайындалады. Сонымен қатар шатыр, еден, жылыту жүйесі жарамдылығын, жарықты, саңылауды уақытылы бітеуге, сондай – ақ есіктердің қиыстыруының тығыздығына ерекше көңіл бөлінеді.
      Қантты қабылдау үшін қоймалардың дайындығын өкілетті және материалды жауапты тұлғалар тексереді, және акт жасалады.
      38. Қоймаларды желдету кезінде қантты сақтауды қамтамасыз ету үшін есік орны қосымша қойылған тор есігімен жабылады. Желдеткіш саңылаулары торлармен жабдықталады. Қыс мезгіліндегі қантты сақтау әзірлігі кезінде жылытылмайтын қоймадағы желдеткіш саңылауларды, жылытылатын қоймадағы дефлекторларды жылытады және мұқият бітейді. Қардың кіруіне жол бермес үшін қойма жертөлелері қалқанмен жабдықталады.
      39. Қоймаларда болуы тиіс:
      1) технологиялық картамен қарастырылған, керекті құрал – саймандар мен жабдықтар;
      2) температура – ылғалдылықты сақтау тәртібін(термометрлер, термографалар, гигрографалар және психрометрлер) тексеру құралы;
      3) подтоварник, төсеу материалдары, баспалдақ және басқыш;
      4) өрт қауіпсіздігі нормаларына сәйкес, алғашқы өрт сөндіру үшін керекті құралдары, сондай – ақ автоматикалық күзет – өрт дабылдамасы;
      5) алғашқы медициналық жәрдем көрсету құралдары.
      40. Қойманың тазалығын сақтау үшін есік алдында төсеме, аяқ – киім мен киім тазалайтын қылшақ және сыпырғыш болуы тиіс.
      41. Өндірістік ғимараттың жарықтығы құрылыс нормасы мен ережесіне сай болуы тиіс, электр өткізгішті Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2012 жылғы 24 қазандағы № 1355 қаулысымен бекітілген Электр қондырғысы ережесі талабына сәйкес, орындалуы тиіс. Электр шамдар жабық немесе қорғаныпен орындалуы (әйнек қақпағы) тиіс.
      42. Қайта пайдалануға енгізілген қоймалар, жүктеу алдында жақсы кептірілген, тазартылған және жүктеуге дайын болуы тиіс.
      Осы қоймаларға қантты жүктеу, қойманың салыстырмалы ауа ылғалдылығы 70 % жоғары емес болғанда жүргізілуі мүмкін.
      43. Қойма айналасында, сақтау база аймағын жоспарлау қажет. Қоймадан үстіңгі қабаттағы суды бұру су ағызатын төсенішпен, арықтармен және жыралармен жүргізіледі. Су ағызатын төсеніш, арықтар және жыралар тазартылып тұрады және су ағып кетуін қамтамасыз ету жағдайында әрдайым ұсталады.
      44. Қант жанғыш өнімі болып табылады. Ауа мен қант қосындысы өрт қауіпті және жарылыс қауіпті, тұнған шаң өрт қауіпті.
      Қапталған қантта сондай – ақ жанғыш өнімі, өйткені ыдыс – қап алдын ала жылусыз қысқа мерзімді жағу көзінің азғантай энергиясымен (сіріңке, ұшқын алауынан, қызған электр өткізгіштен т.б.) жануы мүмкін.
      Қантты сақтау кезінде олардың үлкендігі мен мықтылығына және ұзақтық әрекетіне қарамастан, жағу көзінен сақтау қажет.
      Өртті себезгілеп су шашу немесе ауа механикалық көбігі арқылы сөндіру керек.
      Өртті сөндіру құралдары әрдайым жарамды күйде және қолдануға дайын болуы тиіс.
      45. Қойма ғимараты тиісті нұсқамалармен, плакаттармен, жазбалармен, көрсеткіштермен, қауіпті ескерту туралы жарық, дыбыс дабылдамасымен жабдықталады.
      46. Жүкті тасымалдауға арналған барлық жабдықтарда жұмыстың жайлылығы мен қорғанысын қамтамасыз ететін құралдар, сондай – ақ олардың жүк көтергішінің, жарамды жағдайы және жүктің рұқсат етілген төсеуінің тексеріс жүргізілген мезгілі белгіленген трафареті болуы тиіс.
      47. Сумен жылытылған қоймаларда ықтимал апаттарды болдырмау мақсатында жылытылатын құралдар тұрақты қоршаумен жабдықталады.
      48. Қанттың сапалы сақталуын бақылау, ауаның жақсы айналымын, тиеу – түсіру және көлік – қойма жұмыстары мен өрттен қорғану ережесін сақтау мақсатында механизимдерді қолдану ыңғайлығын қамтамасыз ету үшін, қоймаларда қантты қатарлап қою кезінде келесі мөлшердегі өткелдер қалдырылады:
      периметр бойынша жылытылатын қоймада (секцияда) тіректен немесе жылытылатын батареядан және жылытылмайтын қоймада қабырғадан– ені 0,5 м, қат – қабат арасында – 0,5 м.
      Жол ені ең аз радиус электротиегіштің нақты аспалы құралымен айналуына байланысты белгіленеді. Қойма ауданының қолдануын жақсарту үшін, негізгі қат – қабаттарды төсегеннен кейін, ені бір пакет қосымша төсеуді негізгі жол қат – қабат бойымен, 2,5 метрден кем емес өткізу жолын қалдыру қажет.
      49. Өрт қауіпсіздігін қамтамасыз ету мақсатында, қант пен жоғарғы қатардағы қат-қабаттардың және қойманың жабынының немесе шамдардың арасында 0,5 метрден кем емес ара-қашықтық қалдырылады.
      50. Қанттың сақталу мерзімі:
      1) жылытылмайтын қоймада – 4 жыл;
      2) жылытылатын қоймада – 8 жыл.

5-параграф. Өсімдік майы
(МЕМСТ 1129)

      51. Өсімдік майы әр түрлі өсімдіктердің дәндері мен жемістерінен өндіріледі: сығымдау және экстракция жолымен күнбағыс, мақта, соя, жержаңғақ, зығыр, үпілмәлік, рапс, қыша және т.б. Тағамдық мақсатта көбінесе сығымдаумен жасалған май қолданылады.
      52. Өсімдік майы құрамына: резервуарлық парк, өнім сорғы станциясы, құю құйып алу эстакадасы, технологиялық өнім құбыры және таразы кіретін арнайы жабдықталған май шаруашылықтарында жайғастырылады.
      53. Май шаруашылықтарының техникалық және санитарлық жабдықтары майды белгіленген уақытында қабылдау және жіберу, өнімді қабылдау, сақтау, жіберу және қотару кезінде толық сандық және сапалық сақталуы бойынша барлық операциялардың орындалуын қамтамасыз етуі тиіс.
      54. Өсімдік майын сақтайтын ведомстволық бағынысты ұйымдарда қабылдау, сақтау және жіберу кезінде майдың жоғалуының алдын алу бойынша күнделікті шаралар өткізуі міндетті.
      55. Май шаруашылығы үшін резервуарлық парктің, резервуарларға, сорғыларға, құю құйып алу тіреушелерге, төменгі құйылыстың қондырғыларына, өнім құбырларына және ысырмаларға меншіктелген нөмірлері белгіленген өнім сорғы эстакадасының коммуникациясының технологиялық сызбанұсқасыдайындалады.
      56. Жабдықтардың әрбір элементіне майлы бояумен технологиялық сызбанұсқаға сәйкестелетін рет саны жазылады:
      1) майды қабылдау, сақтау және тиеу бойынша барлық жұмыстардың тізімі, сондай-ақ майдың жүру жолындағы әрбір операциясы – ашылуға тиіс барлық ысырмалардың нөмірлері толық көрсетілген технологиялық карта;
      2) майды жылыту кезіндегі барлық операциялардың тәртібі мен реттілігі толық баяндалған, қабылдау кезінде цистерналарда және тиеу кезінде резервуарларда майды жылыту сызбанұсқасы.
      57. Коммуникацияның технологиялық сызбанұсқасы, маймен жұмыс жүргізу технологиялық картасы және оны жылыту сызбанұсқасынведомстволық бағынысты ұйымдар басшысы бекітеді және технологиялық сақтау учаскесінің істерінде сақталады. Коммуникацияның технологиялық сызбанұсқасы сорғы станцияларының және сақтау аумағының ғимараттарында ілінеді.
      58. Әрбір резервуарға, тазарту ыдысына белгіленген тәртіппен өнімнің құю деңгейінің биіктігі бойынша көлемін анықтауға мүмкіндік беретін калибрлік кестелер жасалады. Резервуардағы өнімнің көлемін анықтау кезіндегі дәлдікті арттыру үшін, кертік бұрыштың деңгейімен өлшеу кезінде резервуардың түбіне өлшеу люгіне қарсы мөлшері 500х500 мм. жазық алаң орнатылуы тиіс.
      59. Калибрлік кестені жасау кезінде резервуар түбінің конусының көлемі ескерілуі тиіс және майды жылыту бойынша ішкі жабдықтар резервуардың көлемінен шығарылып тасталуы тиіс. Калибрлік кестелердіведомстволық бағынысты ұйымдар басшылары бекітеді.
      60. Резервуарларды калибрлеу кезінде сондай-ақ биіктік трафареті анықталады, яғни тігіне резервуардың түбіндегіалаңнан өлшеу люгінің жоғарғы кернеуіне дейінгі арақашықтық.
      Биіктік трафаретінің шамасы резервуарды босату кезінде және ай сайын резервуардағы өнімнің мөлшерін анықтау кезінде тексеріледі.
      Биіктік трафаретінің көрсеткіштері мен майдың кұйылуының шекті биіктігі гидравликалық клапанның корпусына немесе жарық люгінің қақпағына бояумен жағылады.
      61. Калибрлік кестелердің негізінде жүктеу есебі және жаз мезгіліндегі майдың ауқымды көбеюін есепке ала отырып, резервуарлардың май құйылуының шекті биіктігінің анықтамасы жасалады.
      62. Май шаруашылығының периметрі мүмкіндігінше тікенекті сымнан жасалған дуалмен және күзет дабылының құрылғыларымен қоршалады.
      63. Апат жағдайына әрбір май шаруашылығында барынша көп сыйымдылыкпен бір резервтік резервуар қалдырылады. Резервті резервуарға майды қотару алдында кіру люгі ашылады және резервуардың техникалық және санитарлық жағдайы тексеріледі, ол жөнінде қотару туралы актінде тиісті жазба жасалады. Пайдалану барысында резервуарлар оқтын-оқтын ауысып тұрулары қажет.
      64. Ведомстволық бағынысты ұйымдарда жергілікті жағдайларға байланысты апат салдарын жою үшін басшы бекітетін құрылғылардың, материалдардың, қосалқы бөлшектердің, жылжымалы сорғының, құбырлардың, бөшкелердің және басқа да сыйымды ыдыстардың толық тізімі анықталады. Қосалқы құрылғылар резервуарлық паркте, сорғының және эстакаданың қасында сақталады. Ай сайын авариялық мүлік қорының сақталуы тексеріледі, ол жөнінде журналға тиісті белгі қойылады.
      65. Пайдалану кезінде тыныс және сақтық клапандармен жабдықталған резервуарлар олардың ауа кірмейтіндіктерін бақылау үшін, резервуарлардың астына қондырылатын мановакууметрлермен жасақталады.
      66. Резервуарлық парктегі, сорғыдағы, эстакатадағы барлық ысырмалар, тесіктер, шүмектер пломбалануы және жабық күйінде тұруы тиіс. Резервуарлық паркте құбырлардың, ысырмалардың, фланецті қосылыстарына кіру және жарық люктерінің компенсаторлардың бұрандама жалғастыруларына, қаңылтырдан немесе брезент матадан қаптар кигізіледі және пломбаланады.
      67. Резервуарларды құюға дайындау кезінде оның техникалық және санитарлық жағдайы тексеріледі.
      68. Әр кез майды жаппай қабылдау немесе тиеу алдында барлық май шаруашылығының құрылыстарының техникалық және санитарлық жағдайының комиссиялық тексерісі жүргізіледі: сорғының, эстакаданың, құбырлардың, вагон таразысының, май жылыту құрылғысының.
      Құрылғыны ескі өнімнің қалдықтарынан жақсылап тазарту - өсімдік майының сапалы сақталуын қамтамасыз ету кепілі.
      Тексерістердің нәтижелеріне актілер жасалады.
      69. Май шаруашылықтарында қабылдау және жіберу кезінде майдың салмағын анықтау үшін вагон таразылары орнатылады.
      Әр кез май құйылған цистернаны өлшеу алдында вагон таразыларының техникалық жағдайы тексеріледі. Цистерналарды таразылардың платформасына қадау, оларды бекіту және өлшеу ережесін қатаң сақтау қажет. Майды бұзылған таразыларда өлшеуге, сондай-ақ тексеру және таңбалау мерзімі өткен таразыларда өлшеуге рұқсат етілмейді.
      70. Қызмет көрсетуші қызметкерлер май шаруашылық нысандарының орналасуын, құбырлардың сызбанұсқасын, барлық ысырмалардың орналасуын және олардың міндеттерін жақсы білулері тиіс.
      71. Кемінде айына бір рет резервуарлық парктің сел, кәріз жүйесіндегі тиек құрылғыларының жағдайы (сақпандардың, ысырмалардың) тексеріледі.
      Топырақ жалдарынан тиек құрылғылары арқылы су жіберу, қызмет көрсетуші қызметкерлердің қадағалауымен жүргізіледі.
      72. Сақтау мерзімі:
      1) тазартылмаған өсімдік майы – 4 ай;
      2) тазартылған иісі жойылған өсімдік майы – 6 ай.

6-параграф. Сары май және жануар майлары
(МЕМСТ 37, 25292)

      73. Тауарлық атаулары бойынша сары май келесі түрлерге бөлінеді:
      1) тұзсыз, тұзды және ылғалдылықтыңмассалық үлесі 16 % -дан аспайтын вологодтық сары май;
      2) ылғалдылықтыңмассалық үлесі20 % -дан аспайтын әуесқойлық сары май;
      3) ылғалдылықтыңмассалық үлесі25 % -дан аспайтын сары май, шаруа;
      4) ылғалдылықтыңмассалық үлесі35 % -дан аспайтын бутербродқа арналған сары май;
      5) ылғалдылықтыңмассалық үлесі1% -дан аспайтын ерітілген май.
      74. Жануар майлары алынатын шикізат пен өнім сапасына байланысты келесідей түрлер мен сорттарға бөлінеді: қой майы, сиыр майы, шошқа майы, сүйек майы, жоғарғы, төменгі сорттар және құранды майлар.
      75. Сары майлар және жануарлар майы суытылмайтын ғимараттарда плюс температураларда өзінің сапасын тез жоғалтатын, тез бұзылатын тауарларға жатады.
      76. Тез бұзылатын тауарларды саны және сапасы бойынша қабылдау қолданыстағы стандарттар, техникалық талаптарға сәйкес жүргізіледі.
      77. Тауарларды қабылдау, вагоннан алу кезінде қабылдаушының уәкілетті өкілдері темір жол өкілдерінің қатысуымен бірге вагондардың техникалық дұрыстығы, тығындылардың, бұрауыштардың жағдайы, пломбылардың сақталуы олардағы баспа-таңбалардың анықтылығы, жолдама құжаттарда көрсетілген номерлердің вагон номерімен сәйкестігі, тасымалдау кезіндегі температуралық тәртібін сақтау (журнал бойынша) вагондардың белгіленген жүріс мерзімі мұқият тексеріледі.
      78. Пломбыларды алғаннан және вагондарды түсіргеннен кейін салынған нәрсе мен жүктің жағдайы, мұздану деңгейі сыртқы жағдайы мен тауардың температурасын өлшеу арқылы анықталады.
      Майдың температурасы термометрмен өлшенеді.
      Монолиттегі майдың температурасы 6-8 см тереңдікте өлшенеді. Май пакеттелген күйінде келсе, оның температурасы тексерілген пакеттерден алынған жәшіктермен өлшенеді. Қабылданатын құжатқа температураның орташа арифметикалық мәні енгізіледі.
      79. Тексеріс кезіндегі анықталған вагондардағы техникалық бұзылулар немесе пломбаның жоқ болуы, баспа-таңбаларының анық еместігі, аралықтағы станциялардың пломбасы болуы, жүкті тасымалдаудың техникалық, санитарлық тәртіптерінің және вагондардың белгіленген жүріс мерзімі бұзылуы жалпы формадағы акті бойынша рәсімделеді.
      80. Егер жүктің жеткіліксіздігі анықталса, коммерциялық және қабылдау актілеріндегі «ерекше бағана» жолында міндетті тәртіпте пломбыда бар бақылаушы белгілердің нөмірлері көрсетіледі.
      81. Қалыпты қозғалмаған ыдыста анық таңбаламасы бар сары майлар және жануарлар майы орын санын санау және траферет бойынша массасын анықтау арқылы қабылданады және жіберіледі.
      82. Сары май 6ғС минус және одан төмен температурамен тоңазытқышқа келіп түскенде ол тоңазытқыштық өңдеу жасалатын сақтау камерасына бағытталады.
      83. Сары майлар және жануарлар майын қоймалау дұрыс формадағы орнықты, нығыз қатарларға алдын ала ойластырылған орналастыру схемасы бойынша жүргізілуі керек. Қатарлар тірек немесе түпқоймаға тауарлардың сақталуын қамтамасыз етіп, қатарлардың орнықтылығын, тоңазытқыш сұйықтығын тиімді пайдалану және қабылдауын, беру жұмыстарының жүргізілуіне жағдай жасауды, сапаны бақылауды есепке ала отырып, орналастырылады.
      84. Сары майлар және жануарлар майы вагон париялары бойынша қатар қатар орналастырылады. Жәшіктегі сары майлар және жануарлар майы пакеттер арасына еш бір бос орын қалдырылмай қатар-қатар орналастырылады. Май пакеттелмеген түрінде түссе, оны вагоннан стандартты түпқоймаға түсіру кезінде пакетке салады. Бұл жағдайда жәшіктер траферетісыртқа қаратылған түрінде орналастырылады. Қатарлардың биіктігін ыдыс беріктігі және жабуға рұқсат етілген жүк көлемін ескере отырып, камераға максималды жүк көлемін енгізу арқылы анықтайды.
      Ерітілген май және жануарлар майы салынған бөшкені көлденеңнен қатар-қатар қояды. Кертіктің сынуының алдын алу үшін бөшкелердің арасына ағаш тақтайшалар қойылады. Үстіңгі қабаттағы бөшкелерді тік қалыпта орналастыру мүмкін болмаған жағдайда көлденең қоюға рұқсат етіледі.
      85. Тоңазытқыштарды сақтау орнында тауарлардың қатары мынадай шегініспен орналастырылады:
      1) суытылатын құралдары жоққабырғадан, суытатын қабырға аспаптарынан – 0,3 м;
      2) суытатын құралдары жоқ болғанда төбеден – 0,2 м;
      3) суытатын аспаптары жоқ төбеден– 0,3 м;
      4) ауа өткізгіштің төменгі қабатынан – 0,3 м;
      86. Экраны жоқ колоннаға және қабырғаға жүктерді орналастыру жұқа тақтайшаларды колона мен қабырға бойына орнату арқылы (тігінен) жүзеге асырылады.
      87. Шамдар өтетін жолда және қабырға бойында болуы тиіс және тоңазытқышты сақтайтын орынның жүк көлемін азайтпауы керек. Жұмысқа ыңғайлы болу үшін прожекторлы шамдар қолдануға болады.
      Төбе тегіс болған жағдайда шамдар ілулі тұрғандағы биіктігінен 0,15 м, төбе жабынынан қатарға дейін0,3 м.
      88. Май тасымалдау пакеттерімен түскен жағдайда оны тоңазытқыш камерасында сақтау мерзімі жүктің көлеміне тәуелсіз жабындының беріктігіне байланысты. Өнімнің төрт калонна арасындағы еден аумағына қойылатын жүк салмағы жобалы пайдалы жүктеменің 1 кв.м. аспайтындай есеппен қойылуы керек. Егер де рұқсат етілген салмақта аталған аумақты жабу үшін бірдей пакеттерді биіктігі бойынша қоюға мүмкіндік болмаса, ортаға оның қалғандары тік қатармен 1 пакетке кем қойылады. Пакет саны аз тік қатардың саны есептеумен анықталады.
      89. Тоңазытқыштар қондырғыларында майды сақтау орнындағы ауа температурасы 18ғ болып сақталуы керек.
      90. Ерітілген майлар сақтау орнында минус 5ғ не одан төмен ауа температурасында сақталуы керек.
      91. Тоңазытылған етті сақтау кезінде тоңазытқыш камераларында салыстырмалы ауа ылғалдылығы 95 – 98%, мұздатқыш экрандармен жабдықталған сақтау орнында 100%-ға жуық, майлар 85 – 90% ауа ылғалдылықта сақталуы керек.
      92. Майды өзіндік иісі бар басқа бір тауармен бірге сақтауға рұқсат етілмейді. Әрбір тауарға (май, жануарлар майы) бөлек сақтау орнын бөлу қажет.
      93. Әрбір тауар топтамасына төмендегілер көрсетілген қатарлар заттаңбасы жасалады: топтама нөмірі, тауар түрі, жеткізушінің аты, орын саны, салмағы және жасалған күні. Қабылдау, сақтау, түсіру кезінде тауардың сапасы да қаралады. Аталған зат таңбаға тауарды орналастыру схемасы қоса беріледі.
      94. Сақтау мерзімі:
      1) сары май – 12 ай;
      2) жануар майы - 12 ай.

7-параграф. Шай
(МЕМСТ 1938)

      95. Шай арнаулы өңдеуден өткен шай ағашы өсімдігінің жапырақтары түрінде болады.
      96. Жоғары сортты шайды өндіру үшін 2-3 жапырақтан және үстіңгі жарылмаған бүршіктерден тұратын флештер қолданылады.
      97. Дайын шайдың құрамында шай сапасына әсер ететін органикалық және органикалық емес заттар кіреді. Олардың ең маңыздысына илеуіш заттар, кофеин, эфир майы, азотты және минералды қосындылар, көмірсулар, витаминдер жатады.
      98. Шайды сақтау үшін көгеріп кетпеген, нан қорының зиянкестері және басқа да бөтен иістері жоқ, жылытылған, сондай-ақ жылытылмаған техникалық жарамды, құрғақ, таза және жақсы желдетілетін қоймалар пайдаланылады.
      99. Тауарды кіргізер алдында қойма ғимараттары жөндеуден өткен және шайды қабылдау мен сақтауға дайын болуы керек. Төбе жабындысы, едені, жарылулар, саңылаулардың уақытылы жөнделуі, есік тықсырындағы жабылу тығыздығына аса назар аударылады.
      100. Шайды қабылдауға қоймалардың дайындығын уәкілетті, материалдық-жауапты тұлғалар тексереді, акт жасалады.
      101. Қоймаларды желдету кезінде шайдың сақталуын қамтамасыз ету үшін қосымша торлы есіктер ілінеді, ал желдетілетін жерлерге торлар орнатылады. Жылу берілмейтін қоймаларда желдеткіш саңылаулар қысқы кезеңге дайындық кезінде жақсылап жабылады және жылытылады.
      102. Қоймалар мыналармен қамтамасыз етілуі қажет:
      1) көрсетілген қажетті заттармен және жабдықтармен;
      2) технологиялық картадағы қосымшаларда;
      3) температура-ылғалдылық сақтау тәртібін бақылайытын құралдармен (термометрлер, термографтар, гигрографтар, психрометрлер );
      4) тауар қойғыштармен, баспалдақтармен, басқыштармен;
      5) қолданыстағы нормаларға сәйкес қажетті өрт сөндіру құралдары және автоматты күзету-өрт сөндіру дабылқаққышы;
      103. Қоймаларда тазалықты сақтау үшін кіріс алдында төсеніштер, щеткалар, аяқ киім мен киімді тазалауға арналған сыпырғыштар болуы қажет.
      104. Шай кез келген өртке қарсы деңгейдегі қоймаларда сақталады.
      105. Фанера жәшігіне немесе картоннан жасалған жәшікте оралған шайлар тез жанғыш болып саналады.
      Сақтау кезінде шайды жанғыш заттардан сақтау қажет. Жанған немесе өрт орын алған жағдайда су немесе ауа-механикалық көбіртікті қолдану керек. Өрт сөндіру құралдары үнемі дұрыс және даярлық күйінде болады.
      106. Шайды қоймалау қатар бойынша дұрыс тікбұрышты формада орнықты тұруын қамтамасыз етіп, саны мен сапасын сақтап, түсіру-салу жұмыстарында қажетті жағдайлар жасалып және сақтау кезінде сапасын бақылап, қойма ауданын дұрыс қолдана отырып, жасалады. Түсіру кезінде сорттардың ауысып кетуін болдырмау үшін шайды өнімнің түрлері, сорты, өлшеп оралуы бойынша жеке жеке қою керек.
      Шайдың қатары шығару мерзімі бірдей (бір тоқсан аралығында), бірдей кепілденген сақтау мерзімімен, тауар қойғышта бірдей өлшемі және биіктігі бар бір немесе бірнеше топтамадан тұрады.
      Шай салынған жәшіктер асфальтты едені бар қоймаларда еденнен 25-30 см биіктікте және ағаш едені бар қоймаларда еденнен 15 см кем емесбиіктікте, сонымен қоса көп қабатты қоймаларда, 2-інші қабаттан бастап құрғақ, таза тауар қойғыштарға қойылады.
      Шай салынған жәшіктер арасына 0,5 м кем болмайтын, құрылыс құрылымдары және қатарлар арасында 0,5 м кем болмайтын орын қалдырылады.
      Өрт қауіпсіздігін қамтамасыз ету мақсатында шай қатарларының жоғарғы жағы мен электр желілері және шамдардың арасы 0,5 м кем болмауы керек.
      107. Шай сапасының сақталуын бақылау үшін ауа айналымын қамтамасыз ету және шайды қоймаларда қою кезіндегі механизмдерге қолайлы болу үшін өрт қауіпсіздігі Ережесінің талаптарына сәйкес қабырға бойымен ұзынынан және көлденеңнен өтетін жер қалдырылады.
      108. Жаңбырлы және қарлы ауа райында шайды жүктеу және түсіру жұмыстары шай салынған жәшіктерді ылғалдан қорғайтын жаппаның астында (төбесі жабық жерде) жасалады. Сонымен қатар жүктеу-түсіру жұмыстары жүргізілетін есіктің қасында орналасқан қатарлар су өтпейтін қалың кенеппен жабылады.
      109. Әрбір шай қатарына орналастырылғаннан кейін белгіленген тәртіп бойынша қатарларға тағылатын қатар заттаңбасы жасалады. Қатар заттаңбасына шайдың түрлері, сұрыпы, өлшеп оралуы бойынша орналастыру схемасы қойылады. Қатар заттаңбасы шайды қабылдау кезінде жабдықтаушы берген қабылдау актісі, жолдама құжаттары және өнім сапасына лабораториялық тексеріс нәтижесі негізінде толтырылады.
      110. Жүктеу-түсіру және көлік, қойма жұмыстары бекітілген технологияны қатаң сақтап жүргізіледі.
      Жүктеу-түсіру және қойма ішіндегі жұмыстарды орындау кезінде ыдыспен абайлап жұмыс істеуді қамтамасыз ету қажет.
      111. Шайдың көгеруі мен дәмінің жойылуына әкелетін сапасының төмендеуі және бұзылуының негізгі себебі – ылғалдылық. Сондықтан шайды сақтау кезінде ылғалдың артуына жол берілмейді.
      Шайды сақтау кезінде қоймалардағы ауаның салыстырмалы ылғалдылығы 70 % аспауы керек.
      112. Сақтау кезінде шай сапасының сақталуын қамтамасыз ету мақсатында органолептикалық көрсеткіші мен ылғалдылық мөлшері, сонымен қоса тауар мен ыдыстың сыртқы жағдайы бойынша жүйелі тексеру және үнемі бақылау жасалады.
      Шай сапасын тексеру жиілігі қойма ғимаратының үлгісіне полиэтилен-терефталатты ламинатты жабындылардан шайдың қапшық қойғыштарына арналған тақтайша жәшіктердің ішкі төсенішіне байланысты:
      1) жылу берілетін қоймаларда сапаны тексеру сыртқы тексеріс кезінде сапа белгілері анықталса ғана жүргізіледі;
      2) жылу берілмейтін қоймаларда сақталғанда сапаны тексеру жазғы сақтауға ауысым уақытында және беру кезінде жүргізіледі.
      3) полиэтилен-терефталатты ламинатты жабындылардан шайдың қапшық қойғыштарына арналған тақтайша жәшіктердегі импортталған шай (жоғары, бірінші, екінші сортты), нөмірлі отандық және жоғары сұрыпты шайлар 12 мен 18 айдан кейін және жіберілгенде тексеріледі.
      113. Ылғалдылығы жоғары шай анықталса, қойманы жіті желдеткізеді. Қажет болса қалыпты ылғалдылықты сақтау мақсатында шайды шахмат реті бойынша қояды.
      114. Шайды сақтау кезінде айына бір рет қойма ғимараты мұқият тазартылады. Жүйелі түрде қабырға, төбе, есік, баспалдақ, аралық, бағаналарды тазаланады. Шай сақталған қоймалардың едендерін жууға болмайды.
      115. Қабылдау, жіберу, шай салынған жәшіктерді қайта қою жұмыстары кезіндегі әрбір атқарылған жұмыстан кейін қойма жиналуы және сыпырылуы керек. Сынған немесе біраз шытынаған жәшіктер анықталса, жөнделуі қажет.
      116. Шайдың саны бойынша сақталуын қамтамасыз ету мақсатында бір жыл ішінде олардың бар екендігі туралы бақылау тексерістері (қайта санау, салыстыра тексеру т.б.) жүргізіледі.
      117. Шайдың сақтау мерзімі - 2 жыл.

8-параграф. Макарон өнімдері
(МЕМСТ 875)

      118. Макарон өнімдері – түтікше (макарон, түтік кеспе), жіп тәріздес(жіңішке жұмыр кеспе),лента (лапша) немесе түрлі пішіндегікептірілген бидай қамыры.
      119. Макарон өнімдерін сақтауға арналған ғимарат таза, құрғақ, жақсы желдетілген, нан қорларының зиянкестері жоқ, атмосфералық жауын шашыннан сақтауы тиіс. Макарон өнімдерін өзіндік иісі бар тауарлармен бірге сақтауға болмайды.
      120. Макарон өнімдері салынған жәшіктер мен қаптар қойма ғимараттарының сөрелері мен тұғырлықтарда сақталуы керек.
      121. Қойма еденіне макарон өнімдерін қояр алдында (тұғырлықта сақтау кезінде) өтетін жол мен қатарларға орналастыру үшін міндетті түрде өлшеп белгіленеді.
      Макарон өнімдерінің қатарлары шығарылған мерзімі (тоқсаны) мен жеткізуші-өндіруші бойынша құрылады. Макарон өнімдерін бір өнідірушіден алғанда қатарларды түрлері, сұрыпы және тауар сыныптамасы бойынша бір немесе бірнеше вагон топтамасынан құруға болады.
      Қатарлардың ені, ұзындығы және биіктігі қойманың ерекшелігінен, сонымен қоса макарон салынатын ыдыстың жағдайына (орнықтылығы) байланысты анықталады, бірақ гофрирлі картоннан жасалған жәшіктерде – 6 қатардан көп емес, қағаз қаптарға – 7 қатардан (биіктігі бойынша) көп емес болуы керек.
      122. Макарон өнімдерін қабылдау және жіберу, саны мен сапасының сақталуын бақылау, сонымен қоса өрт қауіпсіздігін сақтау мақсатында қоймаларға қою кезінде келесідей өтетін жолдарды қалдыру керек: қойма периметрі бойынша 0,5-0,7 м, қатарлар арасында 0,4-0,5 м.
      123. Макарон өнімдерін ұзақ уақытқа сақтау кезінде сапасының сақталуын қамтамасыз ету үшін қоймадағы салыстырмалы ылғалдылық 70%, ал температура 30 ҮС аспау керек.
      124. Макарон өнімдерінің өндірілген күннен бастап сақтау мерзімі:
      1) қоспасыз – 1 жыл;
      2) сүтті, ірімшікті, жұмыртқа қосылғаны - 5 ай;
      3) томатты - 3 ай.

9-параграф. Тұз
(МЕМСТ 13830)

      125. Ас тұзы құрғақ, техникалық ақаусыз немесе ерекше жағдайда арнайы дайындалған ашық алаңдарда сақталады.
      126. Ұзақ уақытқа сақтаушы кәсіпорындарда тұз үйіліп тиеледі және жылытылмайтын қоймада сақталады. Асфальтты едендер қалыңдығы 3-4мм тақтайшадан жасалған түгелдей төсенішпен жабылады. Ағаш еденді қоймаларда қосымша тақтайша төсенішінсіз сақталады. Қоймалардағы бағаналар табанынан биіктігі 0,5м тақтай қалқандарымен қоршалады. Қойма периметрі бойынша қабырғадан 1,0м арақашықтықта биіктігі 1,0-1,2 мағаш қалқандары орнатылады.
      127. Ас тұзын қойма ғимараттарына қоймас бұрын осы өнімді сақтауға арналған қойма бөтен заттардан, қоқыстан, шаңнан тазартылып және қабылдауға дайын болуы қажет. Тұз тұратын қоймалар мен алаңдар жанында иісті материалдар, сонымен қоса құрылыс заттарының қалдығы немесе тез жанғыш заттарды сақтауға қатаң тыйым салынады.
      128. Ыдысқа салынбаған тұз өлшеу және қорытынды өлшеуге немесе санауға ыңғайлы төртбұрышты пирамида, параллелепит немесе басқа формадағы төмпешік күйінде сақталады. Тұз төмпешігінің үсті және сырты тегістеледі. Қоймалардағы тұз төмпешігінің биіктігі рұқсат етілген жүктемеден еден аумағының 1мІ байланысты. Тұздың үстіңгі қабаты және төбеде немесе шатырдың арасында 0,5 м аралық қалуы керек. Тұздың кірленуінен, көк басуынан және нығыздалуынан сақтау үшін қоймалардағы төмпешіктің үстін тұзға өзара әрекеттеспейтін және иіссіз жабатын материалдармен жабу қажет.
      Сақтау кезінде төмпешіктің үстіңде тұзды кірден қорғайтын жабынды пайда болады.Қораптағы, жәшікке салынған және т.б. тұздар тек жабық қойма ғимарттарында сақталады. Бұндай тұз тікбұрышты орнықты қатарларға биіктігі 15-20см тауар төсемелеріне қойылады.
      Қораптағы тұз қатарларының ені, ұзындығы, биіктігі қойма ерекшелігіне байланысты, сонымен қоса ыдыстың жай-күйіне(орнықтылығына) байланысты.
      Ыдысқа салынған тұздың көгеруінің алдын алу үшін қатарларға қою кезінде қойма периметрі бойынша 0,5-0,7 м, ал қатарлар арасында 0,4-0,5мөтетін жол қалдыру керек.
      129. Әрбір сортты және тартылған тұздар бөлек қойылады. Түрлі сұрыпты және тартылған тұздарды жазбасыз қоюға рұқсат етілмейді. Әрбір тұз топтамасына қатарына орналастырылғаннан кейін қатарларға тағылатын қатар заттаңбасы жасалып қатарға немесе тұз төмпешігіне ілінеді, санын анықтайтын тиісті есебімен орналастыру схемасы қойылады.
      130. Тұзды сақтау кезінде қойма ғимараттарында салыстырмалы ауа ылғалдылығын сақтау ауа температурасының шұғыл өзгерісі болмаған жағдайда ыдысқа салынбаған тұз үшін - 70%, қорапқа салынған тұз үшін - 75%.
      Тұзды сақтаудағы қажетті температуралық – ылғалдылық тәртібін сақтау қолайлы климаттық жағдайдағы көктем – жаз кезеңдерінде сыртқы және қойма ауасының ылғалдылығын есепке ала отырып желдету арқылы жүзеге асады.

10-параграф. Дәмдеуіштер
(МЕМСТ 28750)

      131. Дәмдеуіштерге: лавр жапырағы, бұрыш, қыша, ваниль, даршын, қалампыр жатады.
      132. Дәмдеуіштерді құрғақ, таза, жақсы желдетілетін, зиянкестермен зарарланбаған, температурасы 20 оС жоғары емес және салыстырмалы ауа ылғалдылығы 75 % аспайтын қойма ғимараттарында сақтайды.
      Сақтау кезінде дәмдеуіштер салынған жәшіктер биіктігі бойынша сегіз жәшіктен аспайтын сөрелерге және тұғырлықтарға қатар қатар қойылады. Қатарлар арасы, сонымен қоса қатарлар және қабырғалар арасы 0,7 м аз болмауы тиіс.
      133. Рұқсат етілмейді:
      1) дәмдеуіштерді су құбыры мен кәріз құбыры, жылытатын құралдар жанына қоюға болмайды;
      2) қойма ғимараттарын дымқыл күні және бірден жаңбырдан кейін желдетуге болмайды;
      3) дәмдеуіштерді химикаттармен және өткір иісті аңқитын азық-түлік немесе материалдармен бірге сақтауға болмайды.
      Дәмдеуіштердің сақтау мерзімі аталған түрдегі өнімге берілетін нормативті-техникалық құжаттарда қарастырылады.

11-параграф. Томат пастасы
(МЕМСТ 3343)

      134. Томат пастасын жаңа піскен қызанақтан немесе тұз және дәмдеуіштер қосылған қызанақ массасынан жасайды, халық шаруашылығы және экспортқа өндірілетін өнімнің талаптарыбелгіленеді.
      135. Бөшкеде тұздалған томат пастасын 80% аспайтын салыстырмалы ауа ылғалдылығында сақтайды.
      136. Томат пастасын полимер материалынан жасалған ыдыста 0-ден 8оС температурасында сақтайды
      Томат пастасын контейнер-цистерналарда минус 10oС төмен болмайтын температурада сақтауға рұқсат етіледі.
      137. Шығарған күннен бастап концентратты томат өнімінің сақтау мерзімі:
      1) шыны ыдыста – 3 жыл;
      2) металлбанкада, бөшкелерде, «қораптағы қап» сияқты полимерлі ыдыстарда, контейнер-цистерналарда - 1 жыл;
      3) алюминий ыдыста - 6 ай;
      4) полимер материалдарынан жасалған ыдыста - 10 күн.

12-параграф. Сірке суы
(МЕМСТ Р 52101)

      138. Сірке суы – биохимиялық әдіспен тамақ шикізатынан, жүзім және жемісті шарок материалдарынан тұратын ректификатталған этил спиртті, азық-түлік мақсатына арналған тамақ шикізатынан ректификатталған этил спирттің бас фракциясын сірке бактерияларымен аэробты қышқылдату арқылы өндіріледі.
      139. Тамақ шикізатынан жасалған сірке суын барлық түрдегі жабық көлік құралдарында әрбір көлікте қолданатын азық-түлік жүктерін тасымалдау ережелеріне сәйкес жүргізіледі.
      140. Тамақ шикізатынан жасалған сірке суы орамадағы күйінде таза, желдетілетін ғимаратта сақталады және күн сәулесі әсерінен қорғау керек.
      Сірке суын қоймаларда сақтау кезінде ауаның салыстырмалы ылғалдылығы 80%, температурасы 3 оС -тен 35 оС жылы болуы керек.
      6 %-дан - 9 %-ға сірке суының қату температурасы - минус 2 С - минус 3 оС дейін. Сірке суының қатуы және қайта жібуі оның сапасына әсер етпейді.
      141. Спиртті, спиртті иістендірілген сірке суының сақтау мерзімі – 12 ай, алмадан және жүзімнен жасалған – 6 ай, консерванттар қосылса – 12 ай.
      142. Өндіруші сірке суының сапасын сақтау шарттарын орындай отырып басқа сақтау мерзімін қоюына болады.

13-параграф. Кептірілген картоп
(МЕМСТ 28432)

      143. Кептірілген картоп – алдын ала дайындалған, буланған және кептірілген картоп. Кептірілгенкартопты ұсақтап және брикеттеп шығарады. Сапа көрсеткіштеріне байланысты кептірілген картоптың үш сұрыпын шығарады: жоғарғы, бірінші және екінші.
      144. Кептірілген картопты 0 - 10о температурада және салыстырмалы ауа ылғалдылығы 75% -дан жоғары болмайтын құрғақ, салқын ғимаратта сақтау керек. Бұдан жоғары температурада өнім қарайып, витаминдері бұзылады және зиянкестер пайда болады. Жәндіктермен күресу үшін суық түсе бастағанда қоймадағы температураны барынша төмендету керек.
      145. Кептірілген көкөністер салынған жәшіктер, қораптар, қаптарды тауар қойғышқа және қатарларға түрлері, тауар сұрыптары, орама түрлері бойынша қою қажет. Өнімді қораптарға және қаптарға салу кезінде қатарлардың биіктігі 5-6 қатардан, жәшіктердің биіктігі 10-15 қатардан аспауы керек. Қатарлар арасына ені 2-3 см тақтайшалар қойылады. Кептірілген көкөністер бөтен иістерді сіңіруі мүмкін, сондықтан оларды өткір иісті тауарлармен бірге қоюға болмайды.
      146. Өндірілген мерзімнен бастап ауа кірмейтін ыдыстағы кептірілген картопты сақтау мерзімі – 5 жыл, ауа кіретін ыдыста – 3 жыл.

14-тарау. Кептірілген көкөністер
(МЕМСТ 13342)

      147. Кептірілген көкөністерге алдын ала дайындалған және кептіру аппараттарында кептірілген көкөністер жатады.
      148. Кептірілгенкөкөністерді 0 - 10о температурада және салыстырмалы ауа ылғалдылығы 75% -дан жоғары болмайтын құрғақ салқын ғимаратта сақтау керек. Бұдан жоғары температурада өнім қарайып, витаминдері бұзылады және зиянкестер пайда болады. Жәндіктермен күресу үшін суық түсе бастағанда қоймадағы температураны барынша төмендету керек.
      149. Кептірілген көкөністер қойылған жәшіктер, қораптар, қаптарды тауар қойғышқа және қатарларға түрлері, тауар сұрыптары, орама түрлері бойынша қою қажет. Өнімді қораптарға және қаптарға қою кезінде қатарлардың биіктігі 5-6 қатардан, жәшіктердің биіктігі 10-15 қатардан аспауы керек. Қатарлар арасына ені 2-3 см тақтайшалар қойылады.
      150. Кептірілген көкөністер бөтен иістерді сіңіруі мүмкін, сондықтан оларды өткір иісті тауарлармен бірге қоюға болмайды.

3. Өнеркәсіп тауарлары

1-параграф. Автокөлік шиналары
(МЕМСТ5513)

      151. Автокөлік шиналары қолданылатын мақсатына байланысты жеңіл автокөлікке, жүк автокөліктеріне, автотіркеске, троллейбуске және автобусқа арналған шиналар болып бөлінеді.
      152. Шина жиынтығы тысы, камерасы және құрсау лентадан тұрады.
      153. Тысы – күшті тікелей қабылдайтын, пайдалану кезінде жұмыс істейтін тор тәрізді қабық. Тыстың негізгі бөліктері каркас, брекер қабаттары, протектор, борттар мен бүйір бөліктері.
      154. Камера – бұрандалары бар шеңбер тәрізді ауа өткізетін резеңке орама. Ол шина ішкі тысына ауаны сақтап, шинаға серіппелі қасиет береді.
      155. Құрсау лента – камераның бұрандалары өтетін саңылауы бар, дөңгелек тәріздес профилді қималы резеңке лента. Ол камераны дөңгелектің шеңберіне үйкелуінен және монтаж кезінде шинаның шеңберге зақым келтіруінен қорғайды.
      156. Шиналар бірінші және екінші дәрежелі отқа төзімді табиғи немесе жасанды желдетілетін техникалық жарамды жылытылмайтын тас қоймаларда сақталады.
      157. Көрші бөлімдерде шиналарға сияқты бір текті өрт сөндіргіш құралдар (су, көпіршік) қолданылатын тауарлар мен материалдар орналасуы қажет. Қоймаларда ішінен жабылатын жел өтетін саңылаулары бар желдету үшін торлы есіктермен жабдықталуы керек.
      158. Тиеуді бастамас бұрын қойма ғимараттары жөңдеуден өтуі және шинаны қабылдауға даяр болуы қажет. Төбе, еден, есіктің қиысқан жерлерінің дұрыстығына баса назар аударылады.
      Қоймада терезе болған жағдайда ішкі жақтағы шынылар өнімге күн сәулесінің тікелей түсуінен қорғау үшін сары түске боялуы керек.
      159. Қоймаларды жарықтандыру қорғанып қолданатын (шыны қақпақтармен) электр шамдарын қолдану арқылы орындалуы тиіс. Қоймаларды жарықтандандыру деңгейі қолданыстағы ережеге сәйкес келуі керек. Люминесцентті шамдармен шырағдандарды қолдануға рұқсат етілмейді.
      160. Электр желілерін оқшаулау электр желілерінің түрлеріне тәуелсіз 500 в төмен болмайтын кернеуге шақталуы керек. Электр желілерін қосу және ажырату жерлерінде айыру қораптары қолданылуы қажет.
      Қойма бөлімдерінде орналасқан барлық тоқ қабылдағыштар жұмыс кезінен тыс уақытта сыртқы жақтан өшірілуі, ал электр тұстамалары пломбалануы керек.
      161. Шиналарды сақтауға арналған қойма бөлімдері құрылыс нормаларына сәйкес автоматты өрт-қорғағыш дабылқаққыштары, сонымен қоса найзағайға қарсы құрылғылармен жабдықталуы қажет.
      Өрт сөндіргіш ыдыстар мен алғашқы өрт сөндіру құралдарымен қамтамасыз етілуі қажет.
      Сақтау қоймаларының аумағы, қоймалардың айналасын жүйелі түрде және уақтында шөп пен қоқыстан тазалануы керек. Шабылған шөптерді бірден алып отыру қажет.
      Шиналар қойылған қоймаларда ашық отты қолдануға және от ұшқының жасауға тыйым салынады.
      162. Шиналармен жұмыс жасау үшін техникалық жарамды электр тиегіштері қолданылуы керек. Қоймаларда іштен жанатын қозғалтқышты электр тиегіштерді және ашық орындалатын электр моторлары бар құрылғыларды қолдануға тыйым салынады.
      163. Байланыс және дабылқаққыш жүйелері, су құбырлары жүйесі және су қоймалары үнемі техникалық жарамды күйде болуы керек.
      164. Қоймалардың қабылдауға даярлығың өкілетті және материалды-жауапты тұлғалар тексереді, акт жасалады.
      165. Шиналарды қою үшін металл стеллаж пайдаланылады. Стеллаж ні 12 см аспайтын сөреге 20о бұрышта орналасқан тегіс ағаш тіреуіштерімен жабдықталады.
      Стеллаждағы қабаттар саны шина көлемімен және қойма биіктігімен анықталады.
      Өрт қауіпсіздігі ережесіне сәйкес стеллаждар аралығында өтетін жолдың бірі бөлім (қойма) ортасында сөрелермен жабдықталмайды және шиналармен тиелмейді.
      Шиналар тік күйінде тысы ішінде, үрленген және тальктелген камерасымен металл стеллаждардан және металл жылжымалы сөрелерде орналастырылады.
      Құрсау лента қораптарын, қорапты габариті үлкен тыстардың борттарының төменгі жағына қойып, шиналар пакеттерінің ішінде шина пакеті бойлай қаптап тастау керек.
      Металл стеллажы жоқ болған жағдайда шиналарды уақытша тегіс тіреуішті тауар қойғышқа, шиналарды тігінен протекторға биіктігі бойынша үш шина қоюға болады.
      166. Қоймалардағы қатарлардың орналасуы қойма ғимараттарын тиімді қолдануды қамтамасыз етуге, тиеу-түсіру жұмыстары кезінде механизация құралдарын қолдануды қарастырған орналасу схемасына сәйкес жүргізілуі керек.
      Қатарларды орналастыру орны және арасынан өтетін жер алдын ала белгіленеді.
      167. Стеллажсызшинаны сақтау үшін ішінде тысы бар үрленген және тальктелген камера мен құрсау лента қораптармен қойылады. Шиналарды «құдық тәрізді» қою, сонымен қоса тауар қойғышсыз еденге (тегіс тіреусіз) қоюға қатаң тыйым салынады.
      Стеллажсызшиналарды сақтау кезінде қатарлар арасындағы және қабырға бойымен (шығынқы құрылымдар) өтетін жол0,5 метрден аз болмауы керек.
      168. Сақтау кезінде аталған стеллаж(қатар), түрлері және шинаны қайта қарау мен тексерісі нәтижелерінің өзгерістері қатар құлақшасына енгізіледі.
      Әрбір бөлім (қойма) бойынша тік тұрған күйінде сақтауға қолданылатын жабдықта (қатардағы), жылжымалы метал сөрелеріндегі шиналар орналасуының іс жүзіндегі сызбасы құрылады.
      169. Шиналарды қабылдау, сақтау, қайта қарау және жіберу шаралдары бойынша құжаттарды рәсімдеу бірінші топтағы материалдар бойынша шараларды есептеу және құжаттау жүргізіледі.
      170. Шиналарды тиеу-түсіру жұмыстарын бекітілген технологияларға дәл сәйкестендіріп жүргізу қажет.
      171. Шинаны сақтау мерзімі - 5 жыл.

2-параграф. Аккумуляторлар
(МЕМСТ 959)

      172. Аккумуляторлар – автотракторлық техникадағы (автомобильдердегі, автобустардағы, тракторлардағы және т.б.) электр жабдығын қоректендіру мен қозғалтқыштарын іскеқосу үшін арналған, қорғасынды стартерлі аккумулятор батареялары.
      173. Аккумуляторлар құрылымдаулық және технологиялық құжаттама бойынша нақты типтегі батареяға стандарт және техникалық шаралар талаптарына сәйкес жасалуы керек.
      174. Батареялардың габариттік өлшемі, батареяда аккумуляторлардың орналасуы, өлшемдері, полюс өткізгіштерінің орналасуы және плюс «+» және минус «-» белгілерімен қарама-қайшылығынан тәуелді болатын олардың белгіленуі нақты типтегі батареяға техникалық шараларда көрсетілуі керек.
      175. Батареялардың үстіңгі қабаты таза болуы керек, өткізгіштерді дәнекерлеу жерлерінде қорғасынның аққан іздері болмауы қажет.
      176. Аккумуляторлар -50оС-тан +60оС-қа дейінгі температурада жабық үй-жайда сақталуы керек.
      177. Батареяларды сақтау кезінде қақпақтарымен жоғары орналастырылады. Сонымен қатар олардың тығындары тығыз бұралуы керек, қымтау бөлшектері – тығыздағыш дискілер, қымтау қабыршықтар қалпақшалар және т.б. - өз орындарында болуы керек.
      178. Электролит құйылмаған батареялардың сақталу мерзімі – 36 ай.

4. Жуу бұйымдары

1-параграф. Каустикалық сода
(МЕМСТ 2263)

      179. Күйдіргіш натрий улы зат болып табылады, 2-санатты зиянды заттарға жатады. Теріге түскен жағдайда химиялық күйіктерді туғызады, ал ұзақ әсер еткен кезде жаралар мен есекжемді туғызуы мүмкін. Шырышты қабықтарға қатты әсер етеді. Көзге күйдіргіш натрдың түсуі қауіпті. Өндірістік үй-жайлардың жұмыс аймағындағы ауада рауалы шектелген концентрация – 0,5 мг/мі.
      180. Қолдануы: химия, мұнай-химия, целлюлоза-қағаз өнеркәсібінде, түсті металлургияда және басқа салаларда қолдану үшін арналады.
      181. Қаптамасы: техникалық күйдіргіш натр ерітіндісін дәнекерленген болат бөшкелерге, полиэтилен бөшкелерге құяды; өнімнің сақталуын қамтамасыз ететін, тұтынушының (дайындаушының) арнайы контейнерлерінде сақталады. Бөшкелер мен арнайы контейнерлерге олардың сыйымдылығымен өнім 98 %-ға толтырылады.
      182. Тасымалдауы: осы көлік түріне қолданылып жүрген, жүктерді тасымалдау ережесіне сәйкес темір жол және автомобиль цистерналарында құйып тасылады.
      183. Техникалық күйдіргіш натрий ерітіндісі сілтілерге төзімді материалдан жасалған жабық ыдыстарда сақталады. Қапталған өнім жылытылмайтын қоймалық үй-жайларда сақталады.
      184. Сақтаудың мерзімі – дайындау күнінен бастап бір жыл.

2-параграф. Кальцийленген сода
(МЕМСТ 5100)

      185. Техникалық кальцийленген сода және көмір қышқылды натрий (Nа2СО3) – бұл көмір қышқылының натрий тұзы.
      186. Кальцийленген соданы аммиак тәсілімен – хлорлы натрийдің су ертіндісін аммиакты және көмір қышқылды газды сіңіру жолымен, кейін сүзумен, жуумен және бикарбонат натрийді (Nа2СО3) қыздырып, көмір қышқылды натрийді (Nа2СО3) алады.
      187. Техникалық кальцийленген сода табиғи және жасанды желдетуімен әр типті жабық, құрғақ, техникалық жарамды үй-жайларда сақталуы керек.
      188. Тиеу басталарға дейін қоймалық үй-жайлар соданы қабылдауға дайындалған болуы керек. Сонымен қатар шатырдың, едендердің дұрыстығына, есіктердің жабылу тығыздығына ерекше назар аударылады.
      189. Қойманың ағаш құрылымы, сондай-ақ үгінді кенептен жасалған тығыздаушы білікшелер оттан қорғайтын құраммен өңделуі керек.
      Желдету үшін қоймалар кереге көз және желкөздермен жабдықталуы керек. Желкөздер іштен жабылуы тиіс.
      190. Кальцийленген содасы бар қоймада ашық отты қолданумен немесе ұшқын шығарумен байланысты жұмыстарды жүргізуге тыйым салынады.
      Қоймаларға жарық түсіру электр шамдарын қорғалған күйде (шыны қалпақтармен) қолданумен орындалуы керек. Жарық түсіру дәрежесі қолданып жүрген нормаларға сәйкес болуы тиіс.
      Электр өткізгіш түрлеріне байланысты емес электр өткізгіштерді оқшаулау 500В төмен емес кернеуге есептелген болуы керек. Электр өткізгіштерінің қосылу және тармақтану жерлерінде таратушы қорабы қолданылуы керек.
      Қоймалардың секцияларында орналасқан ток қабылдағыштар жұмыстан бос уақытта сыртқы жағынан сөндірілуі, ал электр қалқандары – пломбалануы тиіс.
      191. Қоймалар белгіленген нормаларға сәйкес бастапқы өрт сөндіру құралдарымен және өрт сөндіру мүкәммалдарымен қамтамасыз етіледі.
      Негізгі қорлар, байланыс және сигнализация құралдары, су жүргізетін желі мен су айдыны үнемі техникалық дұрыс жағдайда тұруы керек.
      Содамен жұмыс істеу үшін техникалық дұрыс электр жүк тиегіштер қолданылуы керек.
      Соданы сақтауға арналған қойма құрылыс нормаларына сәйкес автоматтық күзет-өрт сигнализациясымен, сондай-ақ найзағайдан қорғау құрылғыларымен жабдықталуы керек.
      192. Кальцийленген соданы қабылдауға қойманың дайындығы уәкілетті және материалдық жауапты тұлғалармен тексеріліп, актімен ресімделеді.
      193. Соданы қоймалау үшін жеткізіп берушілер, өндіру жылдары мен сұрыптар бойынша жеке-жеке вагондық топтамалармен жүргізіледі. Әр топтама құраушы бөлік түрінде қат-қабат салынып, олардың шекарасы шартты белгілермен белгіленуі керек. Бірнеше вагондарда біркелкі көрсеткіштерімен сода бір уақытта түскен жағдайда ол соданы вагондап жайғастыру міндетті емес.
      Соданы қоймалау үшін қойма алаңын және жүктеудің үдемелі нормаларын, тиеу-түсіру жұмыстарында қолданылатын механикаландыру құралдарын тиімді пайдалануын және ыдыстың сақталуын есепке алумен жасалған, алдын ала орналастырудың әзірленген және бекітілген сызбасына сәйкес жүргізіледі.
      Сода және қағаз қаптардың үлкен ылғалданғыштығына байланысты соданы ірілендірілген қат-қабатта сақтау орынды.
      Қат-қабаттардың орналасу орны мен олардың арасындағы өтпе жолдар күні бұрын белгіленеді.
      Қат-қабаттардың өлшемдері (ұзындығы мен ені) қойманың құрылымымен және көлемімен, сондай-ақ есіктер мен колонналардың орналасуымен анықталады.
      Қат-қабаттар мен қабырғаны жағалай (оның құрылымының шығыңқы жері) өтетін жолдар 0,5 метрден кем болмауы керек.
      Сақталатын материалдың үстіңгі қабатынан жарықтандырғыш арматураға дейін ара қашықтық 0,5 метрден кем болмауы керек.
      Қат-қабаттар қойманың құрылыс құрылымдарымен жанаспаулары керек.
      194. Қолданып жүрген нормаларға сәйкес, электр жүк тиегішпен қоймалық жұмыстарды жүргізу үшін және қоймада өрт қауіпсіздігі нормаларымен сәйкестікте есіктерге қарсы ұзына бойғы (орталық) және көлденең өтпе жолдар қалдырылады.
      Қажет жағдайда ұзына бойғы өтетін жол қойма осіне қарай жылжытуға, ал қойма ені 20 метрге дейін болса – қабырғаны жағалай өтетін жолдан біреуін сыйыстыруға рұқсат етіледі.
      Орталық ұзына бойғы өтетін жолсыз қат-қабаттарды орналастыруға рұқсат етіледі.
      195. Кальцийленген сода тұтас тақтай төсеммен 15 см кем болмайтын биіктікте құрғақ, таза тауар асты тұғырықтарына (табандықтарға) бес-бестен, алты-алтыдан қат-қабат қоймаланады. Қаптар пакетке тігілген жақтарымен құрастырып салынады.
      Қат-қабаттың биіктігі қойма биіктігіне, ыдыстың беріктігіне, еденге рұқсат етілетін жүктеме шегіне байланысты болады және биіктігі 4,5 метр секция үшін 24 қатардан төмен болмауы керек.
      196. Тиеу-түсіру және қоймаішілік жұмыстар ыдыстың бұзылу мүмкіндігінен басқа, барлық шараларды сақтай және қауіпсіздік техникасы мен өндірістік санитария талаптарын сөзсіз орындай отыра жүргізілуі керек.
      Тиеу-түсіру жұмыстарын респараторлар киіп немесе дәке таңғышта және тиісті арнайы киімде жүргізілуі керек.
      197. Кальцийленген соданы қабылдау кезінде әр қат-қабатқа жеткізіп берушінің ілеспе құжаттары мен қабылдау актісі негізінде қат-қабат құлақшасы толтырылады. Сақтау барысында қат-қабат құлақшасына осы қат-қабат бойынша өнімнің бар болуы, түрлері және қат-қабаттарды қарау және толықтыру нәтижелері туралы өзгерістер енгізіледі. Әр қат-қабатқа соданың нақты орналастыру сызбасы қоса беріледі.
      Соданы уақытша сақтау қат-қабатына міндетті түрде қат-қабат заттаңбасы ресімделеді.
      Қат-қабаттан сода толық жөнелтілгеннен кейін қат-қабат заттаңбалары белгіленген тәртіпте сақтауға тапсырылуы тиіс.
      198. Сақтау мерзімі:
      1) А маркалы – 3 ай;
      2) Б маркалы – 6 ай.

3-параграф. Сабын
(МЕМСТ 30266)

      199. Кір сабын – негізінен, май (табиғи және синтетикалық), шайыр натрий тұздарынан және нафтен қышқылдарының және судан жасалатын өнім.
      200. Сабын гигиеналық, өнеркәсіптік және басқа мақсаттарда қолдануға, әр түрлі маталардан жасалған бұйымдарды жууға арналады. Сабынның су ерітінділері белсенді жуғыш қасиеттерге ие. Сабын су ерітіндісінде қатты және сұйық кірді кетіреді.
      201. Сабынды ұзақ сақтау үшін техникалық жарамды, құрғақ, жақсы желдетілетін қоймалық үй-жайлар пайдаланылады.
      Сабынды сақтау жылытылмайтын және жылытылатын қоймаларда жүзеге асырылады.
      202. Жүктеу алдында қоймалық үй-жайлар сабынды қабылдауға және сақтауға дайындалуы және жөнделуі керек. Сонымен қатар шатырдың, едендердің, желкөздердің және дефлекторлардың дұрыстығына, есіктердің жабылу тығыздығына ерекше назар аударылады.
      203. Желдету кезінде сабынның сақталуын қамтамасыз ету үшін қоймаларда қосымша кереге көз есіктер ілінеді, ал қабырғадағы желдеткіш желкөздер торлармен жабдықталады.
      204. Қоймалар:
      1) табандықтармен, төсем тақтайшалармен, сатылармен;
      2) сақтаудың температуралық–ылғалдық режимін бақылау үшін аспаптармен (термографтармен, термометрлермен, психрометрлермен, гигрографтармен және басқа);
      3) ыдысты жөндеу үшін қосымша құрал-материалдармен;
      4) қолданып жүрген нормаларға сәйкес қажетті өрт сөндірудің бастапқы құралдарымен, сондай-ақ автоматтық күзет-өрт сигнализациясы құралдарымен қамтамасыз етілуі керек.
      205. Электр шамдары жабық немесе қорғалған күйде (шыны қалпақтармен) болуы қажет.
      206. Сабын әр деңгейдегі отқа төзімді қоймаларда сақталады.
      Сабынды сақтау барысында олардың іс-әрекет ұзақтылығына және қуаттылығына қарамай жану көздерінен сақтау қажет.
      Жану немесе өрт кезінде сөндіру үшін суды немесе ауа-механикалық көбікті қолдану қажет.
      Өртті сөндіру құралдары үнемі толық жарамдылықта немесе дайындықта тұруы керек.
      Сабынды қабылдауға қоймалардың дайындығын уәкілетті және материалдық жауапты тұлғалар тексеріп, актімен ресімделеді.
      207. Сақтау кезінде сабынның сандық сақталуына бақылауды қамтамасыз ету үшін, штабельдегі жәшіктер саналуы керек.
      Штабельдер бір тоқсан бойында өңделген, сапасы және түрі бойынша біркелкі сабыннан, жәшікке бір түрі салынған және әр жәшікте біркелкі кесек санынан тұратын, бір немесе бірнеше вагондық топтамалардан қалыптастырылады.
      208. Сабын биіктігі кемінде 15 сантиметр құрғақ, таза табандыққа жайғастырылады. Жөнелту кезінде жұмысты механикаландыру үшін әр пакеттің астына қалыңдығы 5 см тақтайша немесе табандық салынады.
      209. Қат-қабатқа сабын 2-3 пакет енімен жылытылмайтын қоймаға жайғастырылады. Штабельдің ұзындығы мен биіктігі қойманың ерекшелігіне (ұзындығы, биіктігі, колонналардың орналасуы, желдеткіш жүйесі) байланысты белгіленеді.
      210. Көлік табандықтарында жеткізілген сабын, 3-4 пакет биіктігінде жайғастырылады. Қоймалардың құрылыстық құрылымдарымен штабельдердің жанасуын болдырмау керек. Штабельдердің жекелеген пакеттері орнынан қозғалған жағдайда тез арада қайта салынуы тиіс.
      211. Өрт қауіпсіздігі ережесін сақтау мақсатында электр өткізгіштер, шамдар мен сабын штабельінің жоғарғы қатары арасындағы ара қашықтық 0,5 м кем болмауы керек.
      212. Сабынмен тиеу-түсіру және қоймаішілік жұмыстар механикаландыру құралдарының көп пайдалануын және еңбектің жоғары өнімділігін, шығындардың төмендеуін, сондай-ақ өнімнің сандық сақталуын қамтамасыз ететін, жұмыстың ең үдемелі әдістерінің қолданылуын есепке алумен әзірленген, бекітілген технологиялық карталар бойынша жүргізіледі.
      213. Тиеу-түсіру жұмыстарында, сондай-ақ басқа орынға ауыстырып қою кезінде соққыларды болдырмай, сабын салынған жәшіктердің құнттап ұсталуын қамтамасыз ету қажет. Сапасын тексеру үшін сабыны бар жәшікті абайлап ашу керек.
      214. Сабынның әр штабельіне оны қалыптастырғаннан кейін № Р-126 нысаны бойынша штабельзаттаңбасы ресімделіп, штабельге ілінеді. Әр штабель заттаң басына штабельге жәшіктерді орналастыру сызбасы қоса беріледі, сызба штабельге тауарды жайғастырғаннан кейін тез арада материалдық жауапты тұлғамен жасалады.
      215. Сақтау мерзімі: - 1 жыл.

5. Техникалық заттар

1-параграф. Тез қатпайтын салқындатқыш
(МЕМСТ 28084)

      216. Суытатын төмен температурада қататын сұйықтықтар – құрамы коррозияға қарсы, көбіктендіруге қарсы, тұрақтандырғыш және бояғыш қосымшаларымен 30 %-ға дейін судың массалық үлесімен этиленгликольден тұратын, этиленгликольдің немесе гликоль мен су гликоль ағындардың су ерітіндісі.
      217. Төмен температурада қататын суытатын сұйықтықтар қозғалтқыштардың суыту жүйесінде пайдаланылады. Оларды айтарлықтай дәрежеде пайдалану, қоршаған ортаның төмен температуралары болған жағдайда, автомобильдерді пайдалануды жеңілдетеді. Қозғалтқыштардың суыту жүйесі үшін этиленгликольмен тазартылған су қосындысынан тұратын сұйықтықты жиірек қолданады, сипаттама ерекшелігі – суда шексіз ерігіштігі және таза этиленгликольден, едәуір төмен қату температурасымен қосындылар беру қасиеті бар.
      218. Суытатын төмен температурада қататын сұйықтық (одан әрі – суытатын сұйықтықтар) өзінің негізгі параметрлері бойынша – төменгі температураларға төзімділігі, сипатталатын температурамен кристалдану бастамасы, өнеркәсіптің келесі типтері бойынша дайындалады:
      1) суытатын сұйықтық СС-К - массалық үлесімен концентрат 5% көп болмауы керек;
      2) суытатын сұйықтық СС-65 - кристалдану бастамасының температурасы -65оС-тан жоғары болмауы керек;
      3) суытатын сұйықтық СС-40 - кристалдану бастамасының температурасы -40оС -тан жоғары болмауы керек.
      219. СС-К суытатын жұмыс сұйықтық ретінде пайдаланылмайды, ол СС-65 және СС-40 су қосу жолымен суытатын жұмыс сұйықтығын алу үшін арналады.
      220. Суытатын сұйықтықтар көрсетілгендерден өзгеше, бірақ тығыздықтан басқа, МСТ-нің қалған талаптарына сай келетін, кристалдану бастамасының температурасымен және су массасының үлесімен дайындалады. Суытатын сұйықтықтарды дайындау кезінде енгізілетін коррозияға қарсы, көбіктенуге қарсы және басқа қосындылардың техникалық көрсеткіштерін төмендетуге болмайды.
      221. Жұмыс аймағының ауасында этиленгликольдің рауалы шектелген концентрациясы 5 мг/мі құрайды. Орташа қауіпті заттарға – қауіптіліктің 3 тобына жатады.
      222. Суытатын сұйықтықтар герметикалық жабық бөшкелерде және коррозияға төзімді болаттан жасалған сыйымдылықтарда сақталады.
      223. Сақтау мерзімін нақты суытатын сұйықтыққа нормативтік техникалық құжаттарда дайындаған сәтінен бастап белгілейді.

2-параграф. Мұздануға қарсы сұйықтық
(МЕМСТ 23907)

      224. Мұздануға қарсы сұйықтық (МҚС) – ұшар алдында ұшу аппараттарының мұздануға қарсы жер бетінде өңдеуге арналған сұйықтық. Пайдалану қасиеттерін (қойылтқыштар, бояғыштар және басқалар) жақсарту үшін суға әр түрлі қоспаларды қосумен (моноэтиленгликоль, диэтиленгликоль немесе пропиленгликоль) гликоль ерітіндісін алады. Гликольдің болуынан қату температурасы судан едәуір төмен. Қатып қалған тұнбаларды еріту үшін (+60..+70оС-қа дейін қыздырылған) және ұшу аппараттарының (суық күйінде) үстіңгі қабатына түсетін тұнбалардың жиналуынан қорғау үшін қолданылады.
      225. МҚС, қойлтқыштың бар болуы немесе болмауына байланысты, оның концентрациясы мен химиялық түп негізі I, II, III, IV типке бөлінеді. I (бірінші) типтің сұйықтығы негізінен ұшу аппараттарының үстіңгі қабатынан қарлы-мұз қабаттарын кетіру үшін қыздырылған күйде қолданылады. Ұзақ уақыт қорғау үшін II, III және IV типті сұйықтық пайдаланылады. Олардың құрамында қойылтқыштың болуынан, олардың үлкен тұтқырлығына байланысты, ұшу аппараттарының үстіңгі қабатына олардың қатып қалмауына кедергі жасайтын, тұнбаларды өзіне қабылдайтын, үстіңгі қабатта қабыршықтар пайда болады. Жер бетін мұз басып кетудің алдын алу үшін МҚС осы типтерді қоршаған орта температурасында, салқын түрінде қолданылады.
      226. МҚС механикалық қоспаларсыз, мөлдір болуы керек және жағу кезінде ұшу аппаратының сыртқы түрін бұзбауы керек.
      227. Сыртқы ауа температура 10-нан -55оС-қа дейін болғанда МҚС қолданылады.
      228. МҚС металдар мен қорытпалардың коррозиясын болдырмауы керек, сондай-ақ ұшу аппараттарының лакпен боялған қаптамасының және металдан жасалмаған материалдардың қасиеттеріне әсер етпеуі керек.
      229. Адам ағзасына әсер ету дәрежесі бойынша МҚС қауіптілігі 3-кластан жоғары болмауы керек.
      230. МҚС жылытылмайтын қоймаларда сақталады.
      231. Мұздануға қарсы сұйықтықтың сақталу мерзімі 5 жылдан кем болмауы керек.
      232. Сақтау мерзімін нақты суытатын сұйықтыққа нормативтік-техникалық құжаттарда дайындау сәтінен белгіленеді.

3-параграф. Тежегіш сұйықтығы ГТЖ-22 (РОС ДОТ)

      233. Тежегіш сұйықтықтар гидравликалық және пневмогидравликалық жетекті тежегіш жүйелерінде пайдаланылады.
      234. Тежегіш сұйықтықтар жақсы тұтқырлық-температуралық және майлағыш қасиеттерге, физикалық және химиялық тұрақтылыққа ие болу керек, сондай-ақ металдарға, гидрожетектің резиналық бөлшектеріне қатысты инертті болуы тиіс.
      235. Жетек жүйесіндегі сұйықтықтың температурасы қоршаған ауа температурасына сай болады. Алайда, доңғалақтық тежеуішті цилиндрларда тежегіш механизмдердің үйкелісі кезінде бөлінетін  жылудан сұйықтық қызады. Сұйықтықтың қайнауына жол берілмейді, өйткені ондайда жетектің басты жұмыс істеу жағдайы – сұйықтықтың сығылмауыштығы бұзылады. Қатты қысымдар болмаса да, сұйықтық буларының көлемі азаяды, сондықтан гидрожүйе бойынша берілетін күш жұмыстық доңғалақтық цилиндрлерге жетпейді. Гидрожетекке ауа кірген кезде осы жағдай қайталанады.Сығылмайтын сұйықтықтың орнына жүйенің бөлігі жеңіл сығылатын ауамен толтырылады және тежегіш басқышы босап түседі.
      236. Тежегіш сұйықтықтар өсімдік майының (жиірек майсана майының) немесе гликольдің (қос атомды спирттің) негізінде шығарылады.
      237. Гликоль және этилкарбитол негізіндегі сұйықтықтарда төмен температуралық жақсы қасиеттері (-60оС кезінде қатпайды) бар, төмен буланғыштығы және тұтанудың жоғары температурасы. Барлық осы қоспалар резеңкелі майға төзімді емес бөлшектерге қатысты бейтарап, яғни автомобильдердің кәдімгі резеңкелі қымтағыштытежегіш жүйесінде қолданылады. Осы сұйықтықтарды спиртті майсана сұйықтықтарымен араластыруға болмайды, себебі майсана майының төмендеуі туындайды. Гликоль және этилкарбитол негізіндегі сұйықтықтарды қолдану қоршаған ауа температурасы +50…-50оС кезінде гидравликалық жетектің жұмыс істеуін қамтамасыз етеді. Барлық осы сұйықтықтар уытты.
      238. ГТЖ-22 – сондай-ақ коррозияға және тозуға қарсы кірікпелерімен қос атомды негізіндегі сұйықтық. Осы сұйықтықтар жасыл түсті, -65оС-тан жоғары температурада қатады, улы.
      239. Сұйықтықтар құрғақ, таза, желдеткішті қойма үй-жайларында сақталады.

6. Залалсыздандыру жабдықтары

1-параграф. Залалсыздандыратын сұйықтық

      240. Залалсыздандырушы сұйықтық – үй-жайларды, жиһаз бұйымдарды, санитарлық-технологиялық жабдықты, киім-кешектерді, ойыншықтарды, жұқпалы ошақтарда, әр бағыттағы емдеу-сауықтыру орнында бактериялы этиологияның, вирусты этиологияның және грибокты этиологияның жұқпалы кезінде медициналық мақсаттағы бұйымдар мен сырқаттарды күту заттарын уытсыздандыру үшін арналады.
      241. Залалсыздандырушы сұйықтық қараңғы, салқын жерде, жекелеген жерде, дәрілік препараттардан жеке және балалардың қолы жетпейтін жерлерде, сөрелермен жабдықталған дайындаушы фирманың тығыз жабылған қаптамасында сақталуы керек, онда азықтық тағамдар мен азықтық шикізатты сақтауға тыйым салынады.
      242. Хлорлы әк жабық, қараңғыланған және жауын-шашын тимейтін, 25оС-тан жоғарыемес температурасы және 20%-дан көп емес ауа ылғалдығы бойынша, жақсы желдетілетін үй-жайларда, зауыт қаптамасында сақталады. Бір үй-жайда хлорлы әкпен бірге от қаупі бар заттарды, майлағыш майларды, металл бұйымдарды, газ баллондар мен күйдіргіш сілтілерді сақтауға рұқсат етілмейді.
      243. Хлораминді қараңғы, тығыз тығындалған шыны, керамикалық немесе ағаш ыдыста сақталады.
      244. Трихлоризоцианурлы қышқылды және натрий дихлоризоцианураты -40-тан +40оС-қа дейінгі температура кезінде қышқыл және сілті булары (әсіресе аммиак булары)болмаған жағдайда, дайындаушы-зауыт ыдысында сақталады.
      245. Кристалдық жай-күйдегі күйдіргіш сілтілер металл барабандарда сақталады. Қойытылған ерітінді болаттан жасалған сыйымдылықта сақталады.
      246. Каустифицирленген сода-сақар қоспаны (каспос) тығыз бітелген тығындармен темір немесе ағаш бөшкелерде немесе шыны бөтелкелерде сақтайды. Препаратты арнайы жасалған құлып салынатын, тығыз қақпақтармен жабдықталған, цементтелінген сыйымдылықтарда сақтауға рұқсат етіледі.
      247. Кальцинирленген соданы зауыт қаптамасында (4-6 қабатты қағаз қаптар, ламинатталған қаптарда, 5-6 қабатты битумдалған қаптарда); демп – ағаш бөшкелерге салынған крафт-қаптарда сақталады. Сақтау шарттары атмосфералық жауын-шашыннан өнім мен ыдысты сақтауды қамтамасыз етуі керек.
      248. Формалинді құрғақ жылытылған үй-жайда бөлмелік температурада жабық шыны бөтелкеде сақтайды.
      249. 1,0-1,2 модулімен метасиликат натрийдің қойылтылған ерітіндісі 18-22оС температурада жабық ыдыста (металл, ағаш) 7-10 күн сақталады.
      250. Сутегі тотығы (пергидроль) 30оС-тан жоғары емес қоршаған орта температурасында, күн сәулесінің әсер ету ықпалынан сақтауды қамтамасыз ететін, қойма үй-жайларында сақталады.

7. Жанар-жағар май материалдары

      251. Жанар-жағар май материалдарларын (ЖЖМ) мұнайөнімдерінің өнеркәсіптік қайта өңдеудің нәтижесінде алынады және оны халық шаруашылығы мен өнеркәсіпте қолданады. ЖЖМ-ға керосиннің, бензиннің, дизель отынының, көлікмайының, мазуттың түрлері жатады.
      252. Мұнайөнімдері – мұнайды және сұйылтылған көмірсутекті газды қоса алғандақайта өңдеуден газ бен газдың конденсатын алатын дайын өнім.
      253. Таңбалау.
      Әр мұнайөнімдері бар көлік ыдысының бірлігінде сумен және мұнай өнімдерімен жуылмайтын трафарет немесе мөртаңбалы міндетті жазба болуы тиіс:
      1) мұнайөнімдер атауы, маркасы (жұмсақ жағармайдың қысқартылған атауын көрсетуге болады);
      2) дайындаушы кәсіпорынның тауарлық белгісі;
      3) брутто және таза салмақ массасы;
      4) мұнайөнімдерінің дайындалған жылы, айы және күні;
      5) топтама нөмірі;
      6) стандарт белгісі.
      Егерде көліктік мұнайөнімдері бар ыдыста айтылған жазулар болмаса, онда ыдысқа затбелгі немесе осы жазумен заттаңба, ал ыдыстасумен немесе мұнайөнімдеріментазартылмайтын трафарет мөртаңба және мұнайөнімінің атауы, оның дайындалған күні туралы бар мәліметтер жазылады.
      254. Мұнайөнімдерінің белгілі бір маркасына арналған жұмсақ контейнерлерде және резина материалдық резервуарларда тұрақты мұнайөнімінің атауы әрдайым жазулы тұру керек.
      255. Мұнайөнімдерінің барлық топтамасы сапа жөніндегі құжаттармен қамтамсыз етілуі тиіс. Мұнайөнімнің сапасы туралы жазылған құжаттарда сапа көрсеткіші белгіленген нормалары және нормативті-техникалық құжаттамаларға сәйкес мұнайдың сынақ нәтижесі болады.
      256. Бума.
      Мұнайөнімдерімен толтырылар алдында ыдыстарды байқап қарау керек. Ластану белгісі табылған жағдайда ыдысты ыстық сумен, мұнай еріткіш затпен немесе мұнай өнімдері менмеханикалық қоспа қалдықтары жойылғанша толығымен буландырып, кептіру керек.
      Ыдыстың толтырылу дәрежесі мынандай болуы тиіс:
      1) жабысқақ, жоғарғы температурада қоюланатын, майтәріздес және қатты мұнайөнімдері үшін - 100% көлемге дейін;
      2) сұйық мұнайөнімдері үшін - кем дегенде 98% көлемде.
      Тұрмыстық қолданысқа арналған мұнайөнімдерін, металл және полимер сыйымдылығы кем дегенде 5 дм3, әйнек 1 дм3 ыдыстарына буып түю қажет.
      Сұйық мұнайөнімдері бар көлік ыдысы пломбаланған болу керек.
      Тұтынушылық мұнайөнімдері бар ыдыстарды көлік ыдыстарына былайша орнықтырады:
      1) тобатайды – ағаш торкөздерге;
      2) әйнек құты және шөлмекті – қалқа биіктігі орналасатын құты мен шөлмек биіктігінің 3/4-і кем емес болатын қалқалы ұяшығы бар, тұтас тақтай жәшіктеріне;
      3) полиэтиленді, металл құты және туба – тақтай, фанера, полиметрлі және қатырма жәшіктеріне. Қабатталып байланған жағдайда арасына көлденең төсем төселеді.
      Полиэтиленді және маталл туба қалқалы ұяшығы бар жәшіктерге салынады.
      Көлемі 0,5 дм3 кем әйнек құтылар мен шөлмектерді қалқалы ұяшықтары бар қатырма жәшіктерге салуға рұқсат берілген.
      257. Тасымалдау.
      Мұнай және мұнайөнімдері мұнай құбыры және мұнайөнімдері құбыры, теміржол, автомобиль, әуе, теңіз және өзен көліктері арқылы тасмалданады.
      Мұнай және мұнайөнімдерін электростатистикалық ұшқындар қауіпсіздік талаптарына сәйкес ішкі жағы майды, бензинді және буды берік ұстайтын, жабық, сұйық зат таситын кеме, теміржол және автомобиль цистерналармен тасмалдайды.
      Мұнай және мұнайөнімдерін төменгі құйып алу құралдары бар теміржол және автокөлік цистерналарымен тасмалдайды.
      Теміржол және автокөлік цистерналарындағы мұнай, мұнайөнімдері цистерна қазанының ішкі бетіндегі тұтқыр мұнайөнімдері толығымен қотарылып, жойылуы тиіс. Бұл ретте төменгі құйып алу құралы жоқ теміржол цистерналарында 1 см (қалпақшамен өлшеу арқылы) дейін қалдық қалдыруға рұқсат берілген.
      Құйып алуға дайындау үшін, берілген теміржол цистерналарымен қоса алдынғы құйылып алынған мұнайөнімінің аты бар құжаттар тіркеліп жүру тиіс. Құжаттар болмаған жағдайда мұнайөнімінің атауы цистернада қалған қалдық анализі арқылы анықталады.
      Егер авиация техникасында қолданылатын мұнай өнімдерін құю үшінілеспе құжаттары жоқ цистерналарды пайдалануға рұсат берілмейді.
      Мұнай, май, мазут, мотор жанармайы, битум және де басқа да физикалық – химиялық қасиеті ұқсас мұнайөнімдерін «Бензин» деген үлгісі бар теміржол цистерналарынақұюға тыйым салынған.
      Айналмалы бағдар арқылы мұнайөнімдерінтасымалданатынтеміржол цистерналары, тұтынушы мен дайындаушы арасындағы келісіммен белгіленген, бес реттен артық емес қолданылған мұнай тасымалдайтын теміржол цистерналары, аралық уақыт сайын профилактикалық өңдеуден өтіліп тұруы тиіс.
      Жол сапарда және белгіленген бекетке жеткізілгенше теміржол цистерналарына мұнайөнімдерін толтырғанда ауа температурасының көтерілуіне байланысты, мұнайөнімі көлемінің ұлғаюуын және цистернаның толық қолдану сыйымдылығы мен жүккөтергіш шектеулілігін есепке алу қажет.
      Мұнайөнімдерін еркін төгілетін ағын арқылы құюға тыйым салынады.
      Теміржол және автомобиль көліктері түрлеріне қолданылатын жүк тасымалдау ережелеріне сәйкес, мұнайөнімдері бар теміржол цистерналары, вагондар және автоцистерналар пломбаланады.
      258. Қабылдау ережелері.
      Мұнай және мұнайөнімдерін топтамалап қабылдайды. Топтама деп - тоқтатылмаған технологиялық процестің нәтижесінде, қабылдау кезінде берілген бірлескен сынамаға негізделген, құрамы біртекті құрамдас және сапа көрсеткіші туралы жетекші құжаты бар барлық мөлшердегі өнімді айтамыз.
      Егер сынақ нәтижесінде бір көрсеткіш қанағаттанарлықсыз болса, онда сол топтамадан қайта жаңа сынама өткізіледі.
      Қайта жаңа сынақ нәтижесі барлық топтамаға тарайды.
      Мұнайөнімдерінің физика-химиялық және пайдалану көрсеткіштері ТР ТС 013/2011 «Автотомобиль және авиация бензиніне, дизель және кеме отынына, реактивтік қозғалтқыштарға арналған отынға және мазутқа қойылатын талаптар туралы» және ТР ТС 030/2012 «Жағармай материалдарына, майлар мен арнайы сұйықтықтарға қойылатын талаптар туралы»Кеден одағының техникалық регламентінің талаптарына жәненормаларына осы берілген өнімге арналған қолданыстағыМемлекеттік стандарттарға сәйкес болу керек.
      259. Сақтау.
      Отынды мұнайөнімінің әсеріне, тауар түбіндегі кепілдікті суға, буға (немесе ыстық суға) төзімді, ішкі жабыны тоттанбайтын металл резервуарларда сақтайды.
      Автомобиль бензині мен мұнайды, металл резервуарларды пайдалану шарттарына байланысты қалқымалы шатыры немесе понтоны бар немесе газды бекіткішпен жабдықталған металл резервуарларда сақтаған дұрыс болып табылады.
      Авиациялық бензинді қалқымалы шатыры бар резервуарларда сақтауға тыйым салынады.
      Бензинді күрделі жөндеуге дейін понтоны және газды бекіткіші жоқ және де ұзақ сақтайтын мекемелерде резервуарларда сақтау рұқсат етілген.
      Әр түрлі маркалы мұнай мен мұнайөнімдерін шаң және атмосфералықылғал түспейтін бөлек резервуарларда сақтау қажет.
      Металл резервуарлар, ұзақ сақтауға арналған мекеме резервуарынан басқа, уақытылы тазартылып тұрылу тиіс.
      Мұнайөнімдерін резервуарларда сақтау кезінде, су дренажының құрылғысы конструкциясы қамтамасыз ететін тауар түбіндегі су көрсеткіші минималды көрсеткіштен асып кетпеуі керек.
      Ыдыстағы мұнайөнімдерін тура күн сәулесі және атмосфералық ықпал түспейтін, шатырлы қоймаларда стеллаждарда немесе түпқоймаларда, сөрелерде сақтаған дұрыс. Мұнайөнімдері бар ыдыстарды қақпақшаларын төбеге қаратып қояды.
      Картонғасалынған жұмсақ жағармайларды түпқоймаларда, қақпақшаларын төбеге қаратып, ең көп дегенде үш қабат етіп жабық қоймаларда сақтайды.
      Мұнайөнімдерін сақтау технологиясы мыналарды қамтамасыз етуі тиіс:
      1) белгіленген сақтау мерзімінде дайындалу кезіндегі мемлекеттік стандарттарға сәйкес өнімнің сапасының сақталуын және сол бойынша тұтынушыларға жеткізілуін;
      2) мұнайөнімінің сандық мөлшері және сақтау кезіндегі белгіленген табиғи кему нормаларына қарағанда шығындарды азайту.
      Мұнайөнімдерін резервуарларға топтамалау бекітілген мамандырылған жоспар арқылы орналастырылады. Әр түрлі маркалы мұнайөнімдерін бір бірінен бөлек сақтайды. Әр түрлі маркалы мұнайөнімдеріне арнайы резервуарар топтамасын, құбырлар, сорғы (өнімқабылдағыш), құйып алу бағандары, эстакадалар, жылытуға арналған құралдар бекітіледі.
      Ұзақ мерзімге салынған мұнайөнімдерін бес жыл аралықта сақтайды. Мұнай өнімдерінің сақтау мерзімін өндірілген ай мен жылдан бастап белгілейді.
      260. Егер бекітілген сақтау мерзімі аяқталған кезінде мұнайөнімінің сапасының барлық көрсеткіштері мемлекеттік стандарттарға сәйкес келетін және ұзақ сақтауда өзгеріске бейімділігі баркөрсеткіш бойынша сапалық қоры болса, сақтау мерзімін әріқарай ұзартуға болады. Сақтау мерзімін әріқарай ұзартуға негізі, уәкілетті орган басшысы тағайындаған комиссия актісі болып табылады. Актіге қоса мұнайөнімінің толық талдау ақпараттары бар паспорты тіркеледі. Мұнайөнімінің сақтау мерзімін ұзартуды уәкілетті орган ұсынуыбойынша ведомствалық бағыныстағы ұйым өткізеді.
      Авиациялық бензиннің, реактивті қозғалтқыштарға арналған жанармайлардың, авияция майларының және МТ майларының сақтау мерзімі ұзартылмайды.
      261. Филиалдарда сақталатын мұнайөнімдері кезеңдік жаңартуға жатады. Жаңарту жоспарың жыл сайын белгіленгенсақтау мерзімі нәтижесінде, сапаны бақылау бөлімінің басшысымен бірлесе отырып, технология бөлімінің басшысы жасайды филиал директоры бекітедіжәне Кәсіпорын басшысына ұсынылады.
      262. Мұнайөнімінің сандық және сапалы сақтауын қамтамасыз ету мақсатында, әсіресе қысқы мерзімде резервуарлар мен құбырлардың техникалық дұрыстығын, резервуардағы, құбырлардағы бекіту арматурасының герметикалылығын, өнімсорғыш бекеттерін үздіксіз бақылау іске асырылады.Сақтаулы тұрған бу тығыздығы жоғары мұнайөнімдері бар резервуарлардың төбесінің герметикалылығын, көктемгі-жазғы мезгілде ай сайын тексеру істері атқарылады.
      263. Резервуардағы газды кеңістіктің қысымын және вакуумды тексеру үшін V-бейнелі сұйықты дифманомерді қолданады.
      264. Жылына екі рет (көктемде және күзде) тыныс және сақтандыру клапандарының реттелім жұмыстары жүргізіледі. Сол ретте гидравликалық сақтандыру клапандарына жұмыс сұйықтығын құю және тұнбаларды төгіп тастау жұмыстары атқарылады. Күзгі мезгілде әр клапанда осы сұйықтықтың қату температурасы тексерілуі қажет. Температурасы сол төңіректегі еңтөменауа температурасынан ең төмен болуы тиіс.
      265. Мөлдір мұнайөнімдеріне арналған құбырлар өніммен толтырылып ұсталады. МК-8 маркасынан басқа мотор майларына арналған құбырлар, қыс мезгілінде өнім әр қотарылған сайын босатылып тасталуы керек.
      266. Мұнайөнімдерін вакуумдықпен тазарту ыдыстарынан тартып алу жұмыстары өнімнің әр айдап қотарылуынан кейін жүргізіледі. Өнімдерді мұнда сақтауға тыйым салынған. Вакуумдық және тазарту ыдыстары және өнім қабылдағыштарды мұнайөнімдері мен басқа да бөлінділерден тазарту қажеттілігіне қарай, кем дегенде жылына екі рет жасалады.
      267. Кем дегенде жылына бір рет ернемелерді ашу жұмысы жасалады және фильтрлер мен эстакада коллекторлар учаскесінің соңы тексерістен өтілуі керек.
      268. Сақтауда тұрған мұнайөнімдерін құйып алу тек апатты жағдайда рұқсат етілген. Айтылған құйып алу жұмыстары, филиал директорының бұйрығымен, жоғарғы тұрған басшылыққа құйып алудың себебін және резервуарды тазарту нәтижесін, осындай құйып алудың болатындығы туралы мәлімет жеткізілгеннен кейін істелуі тиіс.
      269. Мұнайөнімдерін бір резервуардан екінші резервуарға құйып алу кезінде, құяр алдында жасалған талдау қорытындылары, белгіленген уақытқа сәйкес, кезекті сапаны тексеру істері болғанша сақталады.
      270. Мұнайөнімдерін бір резервуардан толық емес бірнеше резервуарлаға жәнеде бірнеше резервуардан бір резервуарға құйып алу кезінде, мұнайөнімінің алынған сапалық көрсеткіші бастапқы көрсеткіштен ерекше болады. Сондықтан қотару ісі жүргізілген резервуардағы мұнайөнімінің сапасы, осындай қотару аяқталғаннан соң бір айдан кейін барлық көрсеткіштері бойынша мемлекеттік стандарттарға немесе техникалық шарттарға сәйкес болуы тиіссұрыптарынан октан және цетан санынан басқа анықталуы тиіс.
      271. Қауіпсіздік талаптары.
      Тез жанғыш мұнай және мұнайөнімдерімен немесе улы заттармен жұмыс жасау барысында, міндетті түрде типтік салалық нормаларға сәйкес жеке қорғаныс құралдарын қолдану керек.
      Қоршаған ортаны көмірсутегіненластануын болдырмауды, өрт қауіпсіздігін азайтуда және еңбек шартының жақсаруына, мұнай және мұнайөнімдерінің жоғалымын қысқартудан басқашағылысу дисктері резервуарларда тұнба шөгуінің алдын алу, тазарту жүйесін, ыдысты механизмдандырылған тазарту құралы, теміржол цистерналарындағы тұтқыр мұнайөнімдерін және стационар шлам құрылғылар, құйып алу-құюоперацияларын процестерін автоматтандыру жүйесін жылытуға құйып алуға арналған құрылғыларды орнатуға болады.
      Мұнай және мұнайөнімдерін құю және құйып алу тәртібі, тасымалдау және сақтау құралдарымен конструкцияларын пайдалану шарттары, тасымалдаулар электростатистикалық ұшқын қауіпсіздіктерінің талаптарын қанағаттандыру тиіс.
      Мұнай және мұнайөнімдерін құю және құйып алу кезінде эстакаданың металлды бөліктері, құбырлар, қозғалыстағы қауіпсіздік құралдары, резервуарлар, автоцистерналар, телескоптық құбырлар, жең түтіктер және ұштықтар жерге тұйықталуы тиіс.

1-параграф. Автобензин
(МЕМСТ 51105)

      272. Бензин – бұл қайнау температурасы 30 оС тан 200 оС дейінгі жеңіл көміртегінің қоспасы. Бензиннің тығыздығы 0,7 г/смі құрайды.
      273. Зерттеу әдісімен анықталған октандық санына байланысты, нақты этильденбеген автокөлік бензинінің келесі маркілері белгіленеді:
      1) Нормаль-80 – 80- нен кем емес;
      2) Регуляр-91 – 91- ден кем емес;
      3) Регуляр-92 – 92 -ден кем емес;
      4) Премиум-95 – 95 -тен кем емес;
      5) Супер-98 – 98 -ден кем емес.
      274. Автокөлік бензинінің белгісі сызықша арқылы тұрақты реттікте орналасқан келесі белгілер топтамасын қамтиды.
      Бірінші топ: АИ, автомобиль бензинінің белгісі.
      Екінші топ: автомобиль бензинінің октандық сандарының цифрлік белгісі (80, 92, 93, 95, 96, 98 және т.б.)
      Үшінші топ: К2, К3, К4, К5 белгілері, автомобиль бензинінің экологиялық класс белгісі.
      275. Автомобиль бензині қауіптілігі төмен өнім болып табылады және ағзаға қауіптілік ықпал ету деңгейі 4-топқа жатады.
      276. Өндіріс ғимаратындағы ауадағы бензиннің көмірсутек буының шекті рауалы концентрациясы– 100 мг/мі.
      277. Автомобиль бензині тұтану температурасы 255-370 оС өздігінен тезтұтанғыш сұйықтықболып табылады. Сол себепті бензин сақтайтын және қолданатын бөлмелерде ашық отты, электр жабдықтарын, электр жүйесін және жасанды жарық қолдануға тыйым салынған.
      Бензинмен жұмыс жасайтын бөлме ортақ ауыспа вентиляцияларымен жабдықталу тиіс.
      278. Ұзақ сақталу процесі кезінде, автомобиль бензиніндегі өзгеріске ұшырауы мүмкін: октандық сандар, фракциялық құрам, шайырдың нақты массалық үлесі, қышқылдық пен индукциялық период қорғасынның массалық үлесі.
      279. Бензиннің индукциялық мерзімін дайындаушы бір тоқсан да бір рет мезгілімен және де тұтынушының сұранысы бойынша тексереді.
      280. Дайындаушы автомобиль бензинінің тасымалдау және сақтаудағы шарттарысақталған кезде МЕМСТ мемлекеттік стандартқа сәйкес келетініне кепілдік береді.
      281. Автомобиль бензині сақтау мерзімі – дайындалған күннен бастап бір жыл.
      282. Мемлекеттік материалдық резервте ұзақ сақтауға арналған автокөлік бензинінің (5 жыл), индукциялық мерзімі 1200 мин. кем болмауы тиіс және спирт және жуғыш қоспалар араласпаған болуы тиіс.

2-параграф. Дизель отыны
(МЕМСТ 305)

      283. Дизель отыны – дизельді қозғалтқышта отын ретінде қолданылатын сұйық өнім. Бұл термин мұнайды тура өңдеуде керосин-газойль фракциясынан алынатын отынды білдіреді. Дизельді отынның негізгі көрсеткіші – бұл цетандық сан.
      284. Қолдану шартынабайланысты дизель отыны үш маркаға бөлінеді:
      Л (жазғы) – қоршаған ауа температурасы 0 оС және одан жоғарғы болғанда пайдалануға ұсынылады;
      З (қысқы) - қоршаған ауа температурасы минус 20 оС және одан жоғары (қату температурасы минус 35 оС жоғары емес) және минус 30 оС-тан және одан жоғары (отынның қату температурасы минус 45 оС жоғары емес) болғанда пайдалануға ұсынылады;
      А (арктикалық) - қоршаған ауа температурасы минус 50 оС және одан жоғары болғанда пайдалануға ұсынылады.
      285. Күкірті жағынан дизельді отын 2 түрге бөлінеді:
      І – күкірттің массалық үлесі 0,2 % - дан артық емес;
      ІІ - күкірттің массалық үлесі 0,5 % - дан артық емес (А маркасында 0,4 % - дан артық емес).
      286. Шартты көрсеткіште Л маркалы отынында күкірттің массалық үлесі және от алу температурасы, З маркалы отынында күкірттің массалық үлесі және қату температурасы, А маркалы отынында - күкірттің массалық үлесі енуі тиіс.
      287. Дизельді отынды ұзақ сақтау мерзіміндегі процесте өзгеріске ұшырауы мүмкін: қышқылдығы мен шойырдың тұрақты массалық үлесі. 5 жылдық сақтаудан кейін 100 смі отынға қышқылдықтың 1 мг КОНға және смоланың тұрақты шоғырлануы 10 мг дейін көтерілуі рұқсат етіледі.
      288. Дизельді отын қауіп-қатер деңгейі 4 - топқа жататын азулы заттекке жатады.
      289. Отынның жұмыс аймағындағы ауада будың шоғырлануының мөлшері 300 мг/мі дейін мүмкін.
      290. Жоғарғы сұрыпты Л, З, А маркалы дизельді отынындарының сапалық құжаттарында «жоғарғы сұрып» деген белгі болуы тиіс.
      291. Дизель отынын сақтау мерзімі – дайындалған күнінен бастап 5 жыл.

3-параграф. Реактивті қозғалтқышқа арналған отын
(МЕМСТ 10227)

      292. Реактивті отын, авиациалық әуе-реактивті қозғалтқышының негізгі отыны. Гидротазартудан кейінгі, мұнайды тікелей ажырату барысында алынған керосинді франкция – өте кең таралған реактивті отын.
      293. Керосин, тығыздығы 0,78-0,85 г/смі көмірсутек қосылғылары және жану жылулық көзі 43 МДж/кг. Мұнайды сүзу немесе мұнайөнімдерінің ауыр крекингі арқылы алады. Керосинді реактивті отын, сұйық реактивті отынның жанғыш компоненті, шыныдан немесе форфордан жасалатын заттарды күйдірер кездегі жанғыш, тұрмыстық жылытқыш және жарық беретін, металлдарды кесетін құралдарда, еріткіш ретінде, мұнайөңдейтін өнеркәсіптерде шикізат ретінде қолданады.
      294. Реактивті қозғалтқышқа арналған отын РТ, ТС-1 және Т-1 отындары үшін 130-280 оC-та, Т-2 отыны үшін 60-280 оС тезжанатын сұйықтық болып табылады; отынның өздігінен жану температурасы РТ, ТС-1 және Т-1 отындарына – 220 оC, Т-2 отыны үшін 230 оC.
      295. Реактивті қозғалтқыштарға арналған отынды ұзақ сақтау кезінде өзгеріске ұшырайтындар: шойырдың нақты массалық үлесі, қышқылдылығы мен термиялық тұрақтылығы.
      296. Реактивті қозғалтқыштарға арналған отын қауіптілігі төмен өнімдерге және 4 дәрежелік топқа жатады.
      297. Өндіріс ғимаратындағы ауадағы отынның көмірсутек буларының шекті рауалы концентрациясы – 300 мг/м3.
      298. Реактивті қозғалтқыштарға арналған отын сақтау бөлмелерінде ашық отты қолдануға тыйым салынған.
      299. Реактивті қозғалтқыштарға арналған отын төгілгендер оны жеке ыдысқа бөліп құйып алыптөгілген орынды ыстық сумен жуып, құрғақ матамен тазартып алу керек. Ашық жерде төгілген кезде, ол жерді құммен көміп тастап кейіннен оны жою керек.
      300. Реактивті қозғалтқыштарға арналған отынға арналған жұмыс бөлмесі тартып алатын - шығаратын вентиляциямен қамтамасыз етілуі керек.
      301. Реактивті қозғалтқыштарға арналған отынның тазалығын қамтамсыз ету мақсатында, сүзгі арқылы мұқият тазарту жұмыстарын жүргізеді:
      1) егер де алдыңғы жөнелтуден кейін 30 күнен астам уақыт өткен болса, теміржол цистерналарына құбырлардан өнім тотығы түспес үшін құйып жөнелтер алдында 10-15 минут;
      2) резервуарда механикалық қоспаның көптеген мөлшерде отынның түбіндегі қабатында болғандықтан, резервуарлардағы «өлі» өнімді тазарту құрылғысы арқылы теміржол цистерналарына немесе басқа резервуарға құйып алар алдында;
      3) қабылдау және арту алдында эстакаданың құйып алу-құю құбырларын тазалар алдында;
      4) вакуумды және тазарту ыдыстарындағы отынды сорып алар алдында.
      302. Реактивті қозғалтқыштарға арналған отынды сақтау мерзімі – дайындалған күнінен бастап 5 жыл.

4-параграф. «И» авиациялық сұйықтығы
(МЕМСТ 8313)

      303. «И» авияциялық сұйықтығы – бұл төменгі температура болған жағдайда судан мұз кристаллдарының қалыптасуына қарсы бағытталған, су кристаллизациясына қарсы сұйықтық. Қолданар алдында улы заттармен жұмыс жасау кезіндегі өрт қауіпсіздігі ережелерін сақтаған дұрыс.
      304. «И» сұйықтығы метанол мен этилцеллозольвадан тұратын, қосынды болып шығарылады.
      305. Жұмыс аймағында ауадағы этилцеллозольваның шекті рауалы концентрациясы – 10 мг/мі (қауіпсіздік дәрежесі 3-класс).
      306. Сақтау мерзімі шығарылған күнінен бастап 2 жылға дейін.

5-параграф. М6з10В мотор майы
(МЕМСТ 10541)

      307. Мотор майлары – 165-210 0С шамасында тұтанатын, өздігінен тұтану температурасы 340 0С, жалындаудың жоғарғы шектері 193-225 0С, төменгі 154-187 0С температураны көрсететін поршенді және роторлі іштен жану қозғалтқыштарын тұтқыр майлауға арналған жанғыш сұйықтық, майлар болып табылады.
      308. Мотор майларының белгісі бірнеше, соның ішінде ең алғашқы белгі М (моторға) деген әріптен басталатын майдың құрамы мен сапасына байланысты емес, топтардан тұрады; екіншісі – кинематикалық тұтқырлықты сипаттайтын сандар; үшіншісі – пайдалану қасиеттеріне қарай майлар топтарына жататынын білдіретін бас әріптер.
      309. Кинематикалық тұтқырлығына қарай мотор майларын топтарға бөледі. Барлық маусымға арналған топтар (бөлшекпен белгіленеді) үшін қысқы (бөлшектің алымы) және жазғы (бөлшектің бөлімі) топтадың біріне жататындығын көрсетеді.
      310. Мотор майлары қолдану саласына қарай мына топтарға бөлінеді: А, Б, В, Г, Д, Е.
      311. Бензинді қозғалтқыштарға арналған майларға 1 индексі, дизель отыны үшін 2 индексі белгіленеді.
      312. Қазіргі кезеңдегі барлық майлар негізгі майлардан және оның құрамындағы жақсартушықоспалардан тұрады.Мотор майындағы негізгі майлар құрамына қарай синтетикалық, минералды (бензол) және жартылай синтетикалық болып бөлінеді.
      313. Тұтқырлықтың шамасымен май температурасынын тәуелдіөзгеруі бойынша келесі топтарға бөлінеді:
      1) қысқы майлар, төмен температура болған жағдайда қозғалтқыштарды суық күйінде іске қосуын қамтамасыз ететін тұтқырлығы аз, бірақ жазғы пайдалану кезінде сенімді майлауды қамтамаласыз етпейді;
      2) жазғы майлар, үлкен тұтқырлығының арқасында жоғарғы температурада қозғалтқыштың сенімді майлануын қамтамасыз етеді, бірақ қоршаған ортаның ауа температурасы 0 оС тан төмен болған жағдайда қозғалтқыштарды суық күйінде іске қосуын қамтамасыз етпейді;
      3) барлық маусымдық майлар тұтқырлығы қыс мезгіліндегітемпературада төмен, жаз мезгілінде жоғарғы болады.
      314. Қоспалы мотор майын сақтау кезінде эмульсиялық бөліну және құрамындағы сілтілі сандардың төмендеуі, қоспаның гидролитикалық беріктілігінің жетіспеушілігінен сульфатты күл қалуы пайда болуы мүмкін. Сол себепті жылына екі рет көктемгі жазғы және күзгі-қысқы мезгілде барийдің, эмульсиялық бөлінудің өзгеруін анықтап отыру керек.
      315. Резервуар көлемінің 0,3%-і мөлшерінде эмульсиондық бөлінудің көлемі құралса, онда мотор майы тез арада өзгертуге жатады.
      316. Жұмыс аймағында ауада көмірсутек буыныңшекті рауалы концентрациясы – 300 мг/мі және адам организіміне әсер ету қауіпсіздік дәрежесі 4 топқа жатады.
      317. Сақтау мерзімі шығарылған күнінен бастап 5 жылға дейін.

6-параграф. МТ-16П майы
(МЕМСТ 6360)

      318. МТ-16П майы – жалындау шектері 483K (210 оC) тан төмен емес, өздігінен жану 613К (340 оС) температурасын көрсететін тұтқыр жанғыш сұйықтық болып табылады.
      319. Белгілік квалификация жүйесінің негізі қылып кинематикалық тұтқырлықпен мұнайөнімінің пайдалану сипаттамасы алынады.
      320. Белгілеу «сызықша» белгісі көмегімен бөлінген, белгілі бір кезекпен орналасқан белгілер топтарынан тұрады.
      321. МТ-16П майы - азулы, адам ағзасына қауіп төндірмейді, ауа кеңістігінде және нәріз суында, өзге заттар мен факторлар болғанда токсинді қосылғылар өршуін түзбейді.
      322. Өндіріс ғимаратындағы ауада көмірсутек буының шекті рауалы концентрациясы – 300 мг/мі.
      323. Сақтау мерзімі шығарылған күнінен бастап 5 жылға дейін.

7-параграф. Гидравликалық майлар
(МЕМСТ 18613)

      324. Гидравликалық майы көтеруге арналған құралдарда, басқару жүйесінің гидравликалық жетегінде келтіріп және қосымша құрылғыларда қолданады. Бұл май гидравликалық жетектерде жұмыс элементі болып табылады, ол тағы артық жылулықты алады, үйкелетін детальдарды тозудан сақтайды және ластану өнімдерін жояды.
      325. Гидравликалық майын көптеген түрлі техника келесі түрлеріне қолданады: теңіз техникасына, ұшқыш әуе аппараттарына, су көліктеріне, машиналар мен құрылғылардың амортизаторлы және гидротормоздық бөліктеріне және гидравликалық жетектерде, түрлі машиналар мен құрылғылардың май айналысы берілісі мен жүйесінде өндірістік құралдарының негізгі бөлігі болып табылатын құрылғыларда қолданылады.
      326. Гидравликалық майларының белгісі бірнеше, соның ішінде ең алғашқы белгі МГ (минералды гидравликалық) деген әріптен басталатын, топтардан тұрады; екіншісі – кинематикалық тұтқырлықты сипаттайтын цифрлар; үшіншісі – пайдалану қасиеттеріне қарай майлар топтарына жататынын білдіретін әріптер.
      327. Гидравликалық майлар 40 оС температурадағы кинематикалық тұтқырлығына қарай сыныптарға, пайдалану қасиеті және құрамына қарай А, Б, В топтарына бөлінеді.
      328. Барлық топтардағы гидравликалық майларға қоюлататын және көпіруге қарсы қоспа қосылуы мүмкін.
      329. Кепілді сақтау мерзімі шығарылған күнінен бастап 5 жылға дейін.

8-параграф. Жағармай

      330. Жағармай материалдары – көлік техникасының үйкеліс түйінінде, индустриалды машинамен механизмде және тұрмыста тұрғыдағы үйкеліс әсерінен тозуды төмендететуге қолданылатын қатты, иілімді, сұйық және газ тәрізді зат.
      331. Созылмалы жағармайларлар атауы бір сөзден құралуы керек. Бір жағармайдың әр түрлі модификациясы үшін, атауға қосымша әріптік немесе цифрлық индекс қолдануға рұқсат етіледі.
      332. Жағармайдың атауы оның қолданылуын, құрамын және сипатын мінездейді.
      Атау келесі көрсетілген және белгіленген бес әріп және сан көрсеткіштерінен тұрады: топтар (кіші топтар) жағармай мақсатына қарай, қойылтқыштар, қолдануға ұсынылған температура интервалы, дисперсиялық орта, жағармай консистенциясы.
      333. Жағармайлар консистенциясы, құрамына және қолдану аумағына қарай жіктеледі.
      334. Жағармайларды консистециясы жағына қарай жартылай сұйық, иілімді және қатты болып бөлінеді. Дисперсиялық ортадан, дисперсиялық фазадан қоспалар мен қосылымдардан тұратын иілімді және жартылай сұйық жағармайлар коллиодтық жүйе болып табылады.
      335. Жағармайлар құрамы бойынша төрт топқа бөлінеді:
      1) сабынды жағармайқоюланғыштық сапасында алу үшін қолданылған жоғарғы карбон қышқылдарын (сабын). Катионды ЖЖМ жағармай сабынының анионына тәуелділікте кәдімгі және кешенді (кальцийлі, литийлі, барий, алюминий және натрийлі) болып бөлінеді.
      2) биорганикалық жағармай алу үшін қоюланғыш сапасын алу үшін жоғарғы диспериалды жылуы тұрақты меншікті беті биорганикалық заттаржақсы дамыған пайдаланылады болып келеді. Оларға силикагельді, бентонитті, графитті, асбесті және басқа жағармайлар жатады.
      3) органикалық жағармайлар алу үшін термикалық тұрақты, жоғарғы дисперсиялы органикалық заттар пайдаланады. Оларға полимерлі, пигментті, полимочевинолы, күйесін және басқа жағармайлар жатады.
      4) полимерлі майлаудын сапасын алу сапаны алу үшін (петролатум, церезин, парафин, озокеритжәне әр түрлі табиғи және синтетикалық балауыздар) тез ерігіш сутектерді пайдаланатын майлау көмірсутектері.
      336. Олардын дисперциялық ортасы тәуелділік түріндегі мұнай және синтетикалық майларға майлап болып табылады.
      337. Майлауды қолдану обылысы бойынша мынандай болып бөлінеді:
      1) Қарсы үйкелеспе (тозу және кездесетін бөлшектерді үйкелестіру);
      2) Бүлінуден қорғау (металды бұйымдар және тетіктерді болдырмауын сақтау пайданылады);
      3) Тығыздағыш (сақтауларды герматизациясын құрастыру және бұранды, тіркеуіш және қозғалмалы веокуациялық жүйелерді сомдайды);
      338. Арқан (тозу және болат арқандар жиелігін болдырмау).

9-параграф. Литол -24
(МЕМСТ 21150)

      339. Литол - 12-оксистеаралдық қышқыл құйма сабынмен құйылған мұнай майымен қоюланған, суға төзімді созылмалы майлайтын май. Жұмыс температурасы 120 градусқа дейін.
      340. Литол көп мақсатқа пайдаланылатын, суға төзімді, тотығуға қарсы, доңғалақты,шынжыр табанды траспорттық құрылғыға және өнеркәсіптік жабдықтарға және кемелік механизмдерге арналған майлайтын май. 4 кластық ағзаға әсер ететін қауіптілігі бар.
      341. Ағзаға әсер ету дәрежесі 4 класс қауіптілігіне жатады.
      342. Сақтау мерзімі шығарылған күнінен бастап 5 жыл.

10-параграф. Майлы солидол
(МЕСТ 1033)

      343. Солидол созылмалы майлайтын май, жоғарғы майлы қышқылды кальцилі сабынды, орта жабысқақты индустриалдық май.Жұмыс температурасы 65 градусқа дейін. Литолды майдан айырмашылығы сумен қиын жуылады. Сондықтан ылғалды жағдайда жұмыс істеуге қолайлы болғандықтан,ауыл шаруашылық тағы басқа техникаларға пайдаланады.
      344. Солидолдың сыртқы түрі біркелкі түйіршігі жоқ, ашық сарыдан қанық қоңыр түсті.
      345. Өндірістік ғимараттарда май негізді ауада будың таралу концентрациясы-5 мг-м.
      346. Сақтау мерзімі шығарылған күнінен бастап 5 жыл.

8. Отын

1-параграф. Көмір
(МЕМСТ 8158)

      347. Көмірдің ұзақ сақталуы сандық және сапалық маңызының жоғалтуына байланысты. Көмір өз бетімен қызғандықтан оның сапасы төмендейді. Көмірдің өз бетімен қызуы оның шығу мерзіміне байланысты. Көмірдің өз бетімен қызуы тұрақтылық дәрежесі мынадай топқа бөлінеді:
      1) тұрақсыз;
      2) орта тұрақты;
      3) тұрақты;
      4) ұзақ тұрақты.
      348. Көмірді сақтауда оның сапасын төмендету үшін төмендегілерді ұсынады:
      1) үлкен көлемде қатқабақта сақтау;
      2) қатқабақ қатарында ұсақ көмірді нығыздау;
      3) қорғайтын жұқа жапқышты пайдалану
      4) қысқы мезгілдерде қатып қалған жерге қалау.
      349. Көмірдің қатарын биіктетіп, тегістеуішпен тегістеп қатқабақты қалыптастырады. Қатқабақтың биіктігі және сақталу мерзімі көмірдің өздігінен қызуына байланысты.
      350. Көмірді ашық аспан астында, жабық қоймада сақтауға болады. Ол шөгуден қорыпайды, бірақ келеңсіз жағдайлардан қатып немесе жануы мүмкін.Көмірді сақтаудың негізгі ережесі ретінде өрт қауіпсіздігін сақтау үшін негізгі көрсеткіштері қамтамасыз етіледі:
      1) көмірді дұрыс орналастыру;
      2) қатқабатты дұрыс қалыптастыру;
      3) қатқабақта қатарларды тығыздап орналастыру;
      4) отынның сапасына үнемі бақылау жасау;
      5) көмір орнын уақытында жаңалап отыру.

2-параграф. Мазут
(МЕМСТ 10585)

      351. Мазут-қанық қоңыр түсті қою сұйық, мұнайдан керосинді, бензинді, газойль фракцияларын екінші рет айырып алғаннан кейінгі қалдық май. Тығыздығы 0,89 -1,00 г/смі, жану жылуы 39,4-40,7 МДж/ кг.Қазандыққа сұйық отын ретінде, моторлы отыны ретінде және майлайтын май,битум, кокс өндірісінде пайдаланады.
      352. Қызмет белгісіне байланысты, күкірт құрамына, күлділігіне байланысты, мазуттың келесі маркалары анықталады:
      1) флоттық ф-5;
      2) флоттық ф-12;
      3) отындық -40;
      4) отындық -1000.
      353. Мазуттың белгісіне қарай және марка қосымша мыналар кіреді:
      1) Ф-5 флоттық мазутқа күкірт бойынша жіктелім;
      2) отынды мазутқа –күкірт күлденуі, қату температурасы бойынша жіктелім.
      354. Мазут аз қауіпті өнім, адам ағзасына әсер етужәрежесі бойынша қауіптілігі 4 класты.
      355. Таралуының жұмыс аумағындағы ауада 300 мг/мі көмірсутекті будың шекті рауалы концентрациясы.
      356. Отындық мазутты техникалық жөнделген және жекеленген металл немесе темір бетонды сыйымдылықта сақтайды.Ерекше жағдайда отындық мазутты пайдаланылатын ресурстармен бірге сыйымдылығында сақтайды.
      357. Өнімнің тығыздығы нақты температурада бекітілген калибрік кесте бойынша отындық мазуттың тауар түбіндегі сусыз көлеміне көбейтіліп, резервуардағы отындық мазуттың саны анықталады.
      Нақтылы отындық мазуттың қолда бары әрбір айдың бірінші күні анықталып, актімен рәсімделеді.Өнімнің нақты бары,қорытындысы бухгалтерлік есеппен салыстырылады,сонымен қоса бухгалтер есеп кітапшасына белгіленеді.
      358. Материалдық жауапты адам күнделікті отындық мазут сақталатын резервуардың техникалық жағдайын, өнімді және құрылғылардың сақталуын тексереді.Егер ақауы болса, тез арада орнына келтіреді.
      359. Отындық мазуттың барлық маркасы 5 жыл сақталады.

9. Материалдар мен жабдықтар

1-параграф. Балқытылған сым
(МЕМСТ 2246)

      360. Қолданылу мақсатының қарай сым: балқытуға және электродты дайындауға арналған деп бөлінеді.
      361. Сымның мақсаты тапсырыста ескертілуі керек. Әрбір оралған орам жұмсақ сыммен орампериметрі бойынша біркелкі қашықтықта үш жерден байланады.
      362. Бір партия оралған сымды шығанаққа байлауға болады.Бір орам сым немесе шығанақтың салмағы 80 кг-нан аспауы керек. Тұтынушымен келіскенде оралған сым,не шығанақтың салмағы 80 кг-нан артуына рұқсат етіледі.
      363. Әрбір орамға (шығанақ, шарғы, құндұқ) металл заттаңба бекітіледі, онда мыналар көрсетіледі:
      1) дайындаған кәсіпорнының тауар белгісі, не атауы;
      2) сымның шартты белгісі;
      3) партия нөмірі;
      4) техникалық бақылаудың таңбасы.
      364. Әрбір орам (шығанақ, шарғының) диаметрі 0,5 мм және төмен сым қағаз қабатымен тығыз байланып, МЕМСТ 18617 бойынша ағаш жәшікке немесе (металдан, картоннан, пластмассадан) жасалған нормативтік техникалық құжат бойынша салынады.
      365. Әрбір орам (шығанақ,шарғы) 0,5 мм диаметрімен қағаз қабатымен, онан соң полимер пленкамен,мата емес материалмен немесе химиялық талшықпен оралады.
      366. Механикалық орауда әрбір орам МЕМСТ 10396бойынша қағазға бекітілген қабатпен немесе КМВ-170 маркалы қағазбен немесе басқа бекітілген бара-бар қорғайтын қасиеті бар бекітілген қағазбен немесе МЕМСТ 3282 бір мезгілде бекіте отырып сыммен немесе өзге сыммен оралады.
      367. Орама материалдар ретінде қолданылатындар:
      1) парафинделген қағаз(екі қабатты короозиядан қорғайтын қағаз);
      2) полимер және басқа да пленкалар;
      3) тоқыма өнеркәсібінің қалдықтарынан тігілген лентасы бар желімделген кенеп мата немесе нормативтік техникалық құжат бойынша химиялық талшықты материалдар.
      368. Сымды полиэтилендік пленкаға орауға рұқсат етіледі, ал жоғарғы қоспалы сымды- мата емес материалмен және қағаз қабатсыз химиялық талшықпен оралады.
      369. Сымды ораудың түрі үлкен габаритті катушкадан үлкен салмақты оранды мен бухтадан тұтынушының сұрауы бойынша жасалады.
      370. Қатты ыдыста оралған орам сымды металды құлақша қағаз этикеткамен жапсырып орайды.
      371. Сымды дайындап шығарушы тұтынушының келісімімен шарғының салмағы 1 тоннаға дейін тасуға рұқсат етіледі.
      372. Сым жабық қоймада сақталады.

2-параграф. Гидравликалық домкрат
(МЕМСТ Р 53822)

      373. Гидравликалық домкрат-ауыр нәрсені жоғары көтеріп, түсіретін,қозғайтын әр түрлі жүктерге арналған зат. Оның жұмыс принципі қозғалтқышты сорғысының сұйықтық қысымы арқылы жүзеге асады. Домкрат әр түрлі өнеркәсіп, өндіріс, жеке жөндеу стансаларымен қоса ірі компаниялар жұмысында пайдаланады. Домкрат АТҚ жөндеу жұмыстарында жеке техникалық көрсету орындарында бір бөлігін көтеруге арналған. Оның стандартынегізгі параметрін, техникалық талаптарды және сынақ әдісін белгілейді.
      374. Гидравикалық домкраттың екі түрі жасалады:
      1) гидравликалық домкрат бір тығынжылмен;
      2) гидравликалық домкрат екі тығынжылмен.
      375. Резервуарды тасымалдағанда жұмыс сұйықтықтың ағып кетпеуі үшін және шөлмектегі домкратты тік жағдайда ұстауды естен шығармау керек.
      376. Кез келген құрал сияқты гидривикалық домкратқа да қызмет көрсетіліп тұру қажет, яғни жұмыс цилиндріне гидравликалық сұйықтық құйып отыру талап етіледі, өйткені пайдалану кезінде сальниктен және тығызданғыштан ағып кетпеуін қадағалап отыру қажет.
      377. Гидравликалық домкратты ылғалды жерде сақтауға болмайды, себебі цилиндрдің үстінде тоттану пайда болып, цилиндр жұмыс істемей қалады.

3-параграф. Компрессордың пневмоқұбыршегі
(МЕМСТ 18698)

      378. Компрессордың пневмоқұбыршегі – арынды резиналық майысқақ түтікті маталы қаңқалы, қысым арқылы суық, қалыпты аудандарда,тропикалық климатта сұйықты, қаныққын буы, газды және сусымалы материалды жіберетін иілгіш құбыр.
      379. Газ дәнекерлеуге және металл кесуге, автомобиль, трактор, ауыл шаруашылығы машиналарын құрастыруда және арнайы қызметте құбыржең стандарты таратылмайды. Құбыржең -25о-тен +25о температурасы бар ғимараттарда сақталады және жылу тарататын аспаптардан 1 метр қашықтықта орналастырылады.
      380. Құбыржең күн сәулесі түсетін жерде және мата қаңқаны, резинаны бұзатын жерлерде болмағаны жөн.
      381. Құбыржең жұмыс істеп тұрған радиоэлектронды қондыларға жақындатпау керек,себебі олардан озон бөлінеді,сондай-ақ жасанды жарық шығаратын, ултрофиалеттік сәуле шығаратын жерлерде сақтауға болмайды.
      382. Құбыржеңді қатты қысымды және сақтау кезінде жұмысшы ортада сақтауға және қолдануғатыйым салынады.
      383. Құбыржең төменгі температурада, түзу жазылған күйде сақталады.

4-параграф. Шой балға
(МЕМСТ Р51376.5, МЕМСТ 17770)

      384. Пневматикалық шой балға қатты және қатып қалған топырақты, ғимаратты кірпіш қабырғаларын, ойықтарды, мұзды бұзғанда, қатты көмірді ұсатқанда,жұмсақ рудаларды, қатпарлы тастарды үгітуге және басқа құрылыс, тау-кен жұмыстарына арналады.
      385. Пневматикалық шой балға ұзақ уақыт консервациялық түрде сақталуға тиіс, ал уақытша-сыртқы консервация алынып тасталуы мүмкін.
      386. Пневматикалық балға кез келген көлік түрімен тасымалданады.
      387. Пневматикалық балға құрғақ, жабық ғимараттарда сақталады.
      388. Контейнерлік тасымалдауда жәшікке салынбаған жағдайда механикасын бұзылмауын сақтайтын шараларды орындау қажет.

5-параграф. Газбен дәнекерлеу құралы
(МЕМСТ 1077)

      389. Газбен дәнекерлеу құралы бір жалынды әмбебап оттығы, қолдан ацелин-оттегімен пісіретін, жылытуы және дәнекерлеуге газжалынды металлөңдеу түрлеріне арналған.
      390. Баллонды тік қалпында сақтау ұсынылады. Вентилі мұқият бұралуы тиіс, жоғарыдан төмен қаратып ұстауға болмайды. Сондай-ақ арнайы сақтандыру қалпақшасын пайдалану керек. Газбаллонды тасымалдағанда арнайы құламайтын ұяшықта сақтаған жөн. Газ резервуары бір-бірімен және жерге соғылмауы керек өйткені ол бүлінеді, сондай-ақ оның үстіне ештеңеқұлатуға болмайды.
      391. Жанатын заттардан, ондай ыдыстардан от көзінен алшақта болуы қажет. Газдың жанында шылым шегуге қатаң тыйым салынады. Сондай-ақ, баллонды жылытуға не жанатын аспаптың жанында күн көзінен ұстауға болмайды. От көзінен, жылудан кем дегенде 5 метр қашықтықта орналасуы керек.
      392. Газды шығарылғанда арнайы редукторды пайдаланады. Баллон арнайы түске боялған,өзінің арнайы белгісі болады. Жұмысқа қосар алдында вентильдің саңлауынан үрлеу керек: ол үшін шүмекті біраз бұрады. Қолмен газдың тесіктен шығуын тексеру өте қауіпті.
      393. Суық күндері вентиль қатып, ашылмай қалады. Ондай жағдайда шүйеректі жылы суға малып, жақсылап сығып, жылытады. Шүмеккеден ыстық су құйып, не болмаса отпен жылытуға болмайды.
      394. Оттекті баллонды кірлеуден тазартып тұру қажет, корпуста қалған қалдық зат жанып кетуі ықтимал. Баллонды жұмысқа қосар алдында май тамбаған, отын, тағы басқа жанатын заттан жасалған киім киюге болмайды, киімнің таза болғаны жөн.
      395. Келісім бойынша тұтынушы мен шығарушы тасымалдағанда қаптамасыз жібере беруге болады.
      396. Тасымалдағанда және сақтағанда, экспортқа шығарарда тапсырыс берушінің шартына сәйкес келуі тиіс.
      397. Газбен дәнекерлеу құралы құрғақ, жабық үй-жайларда сақталады.

6-параграф. Шойбалғаның ұштығы

      398. Шойбалғаның ұштығы қатты, өте қатты материалды қиратуға пайдаланады. Шойбалғаның ұштығының әр түрлі жұмысты орындайтын түрлері бар: үшкір ұштысы, үшкір ұштың күшейтілгені, ұштық шапқы, ұштық, қалақ-ұштық.
      399. Шойбалғаның ұштығы тез ұрғыш әсер бағыттау бар, оны көлденең жұқарту илегі технологиясы арқылы жоғары сапалы құралдан жасайды. Мұндай әдіс арқылы өндірістің басымдылығы толық цикл үшін бір қыздырып,істеп шығаруды қалыптастырады. Қалған жылу термоөңдеуге жұмсалады. Жауапты өндіруге адам факторын болдырмау үшін. Мұндай құралды дайындау толығымен автоматтырылған. Бұл шығарушы кәсіпорынға толығымен пара-пар құралды дайындап, үнемі сапалы өнім шығаруға ықпал жасайды.
      400. Шойбалға ұштығына үлкен жүктемені түседі, сондықтан жоғары талап қойылады. Сапалы болат және сапалы техология орындалмаса, сапалы шойбалға ұштығы шықпайды.
      401. Шойбалғаның ұштығының түрлері:
      1) үшкір ұштық (басқа атауы ұштық-сүймен П-11) бұл аса мықты материалды бұзуға арналған. Бұзудың алдында тұтас жасалатын конструкцины лайықталады. Келесі өңдеуге сусымалы материалды өңдеу үшін пайдаланады.
      2) ұштық шапқы (басқа атауы Пика-Пз1) темірден жасалған кесіндінің ақауларын кесуге, бетон негізін, үстіңгі қабатын тазартуға, қатпарланған заттарды тазартуға арналған.
      3) қалақ ұшты (басқа атауы П-41) алаңы шектеулі ойықтарда орта қаттылығы бар, мынадай материалдарды кірпіш, асфальт, бетон, қабырғаның сылақтарын бұзуға арналған.

7-параграф. Металл илегі
(МЕМСТ 5781, МЕМСТ 7566)

      402. Металлилегі - кәдімгі және алдын ала қысымдалған темірбетон құрылымын арматуралауға арналған (арматуралық болат).
      403. Төмен лигерленген болаттың химиялық құрамының нормалары бөлігінде стандарт кесек құйма, блюмсы шаршы қималы болат және дайындамаларға арналған.
      404. Арматуралық болат бір диаметрлі, бір класты кесілген профильден тұратын, бір құйма – шөмішті партиямен қабылданады және бір сапа құжатымен рәсімделеді.
      405. Партия салмағы 70 тоннаға дейін болу керек.
      406. Партия салмағын бір құйма шөмішке дейін арттыруға болады.
      407. Егер ол орауға жатпаса, маркалау белгісін металл өнімінің өзіне егер металл өнімі пачкаға, орамға рулонға, орам бумасына, рулон жиынына, заттаңбаға қояды.
      Таңбалауды соқпа әдісімен(қолмен не машинамен) электрографиленген суға төзімді жазба пленкамен, түсті лакпен немесе бояуы кетпейтін бояуменқояды. Металл өнімінің нақты түрінің стандартында қосымша тусті маркаларын салу тәсілі белгіленуі мүмкін.
      Егер металл өнім орауға дайындамай (барлық түрі) жатпаса,яғни жазық табақ бетке, жартылай бөлігіне, таңбаны әрбір темір шыбықтың арасы 200 мм-денаспайтын қашықтықта немесе шыбықтың, дайындаманың, табақтың шетіне немесе рулонның сыртқы жағына таңбаланады.
      Механикалық таңбалауда белгіні металл өнімнің темір жиегінің белгі қойылған жерден арасы 500мм аспайтын қашықтықта қойылады.
      408. Бір бума металл өнімге екі жазба, орам,рулонға біреу ілінеді. Байланған не рулон топтамасындағымет өнімге бір заттаңба орам немесе рулонға бір заттаңба орам жібіне не рулон тобына қойылады.
      409. Әрбір шыбық бойынша бекітілген заттаңбаға арматуралық болаттың жазба белгісі (мысалы А-III) немесе шартты кластың белгісі ағымдылық шегі бойынша (А 400) қойылады.
      410. Илектер жабық және шатыры бар ашық қоймаларда сақталады.

8-параграф. Кесінді тақтай
(МЕМСТ 846)

      411. Қылқан жапырақты тұқымдас кесінді тақтай қарағайлы келген ағаш дайындамалары экспортқа және халық шаруашылығына арналған.
      412. Кесілген ағаш дайындамалары атмосфермалық кептіруге арнайы жабдықталған қоймада сақталады.
      413. Қойма желдетілген тегіс және кептірілген жерге орналастырылады.
      414. Кесілген ағаш дайындамалар қоймаларда пакетті немесе жеке топты, қатарлы,бөлімшелерге бөлініп,қатқабаққа жиналып, көтеретін көлік құралына,сонымен қоса ағаш материалдары қоймаларын жобалаудың өрт қауіпсіздігі нормаларына сай кварталдар, участкелер бойынша орналастырылады.
      415. Топтағы қатқабат арасы бір-бірінен алшақ орналастырылуы керек. Көлденең бағыттағы арақашықтық шеткі қабаттардан ортаға дейін ұлғаюы керек. Ұзына бойғы алшақтықтың арасы 1,5 м болуына рұқсат етіледі.
      416. Ылғалдығы 22 % аспайтын кесілген ағаш дайындамалар қатқабаққа тығыз пакеттен тұратын жерде ұзақ сақтауға қойылады.
      417. Пакеттер және блок-пакеттегі кептірілген кесінді ағаштар жабық қоймаларда сақталуы тиіс.Егер пакет пен блок пакеттер су өтпейтін қағазбен немесе пленкамен оралса, не пакет қатқабаты және блок-пакеті қақпақпен және бүйір қалқанмен қорғалатын болса, ашық қоймаларда да сақтауға болады.

9-параграф. Жабын шифер
(МЕМСТ 24045)

      418. Суықтай профиль иетін иілген табақты профиль трапециалық формалы, гофрлі, мырышталған болаттан илемдеу орнағында жасалған, құрылыста қолдануға арналған.
      419. Профильдер кесіндісі төмендегідей жіктеледі:
      1) мақсаты бойынша;
      2) бастапқы дайындама материалы;
      3) сәндік қорғауыжабыны бар.
      420. Профильдің жеткізілім комплексіне кіретіндер:
      1) бірдей тип размерлібастапқы дайындама материалы, бояулы лак жабыны бірдей профильдер;
      2) бекіту бұйымдары (шығарушы мен тұтынушының келісімі бойынша);
      3) тиелетін өнімнің құжаты.
      421. Маркировканы заттаңбасына салып, пакетке бекітеді.
      422. Таңбалау мыналарды қамтамасыз етуі қажет:
      1) шығарушы кәсіпорынның атауы және тауар белгісі;
      2) профильдің шартты белгісі;
      3) пакеттегі профильдің ұзындығы мен саны;
      4) пакеттің теориялық салмағы;
      5) пакеттің нөмірі ме партиясы;
      6) шығарушы кәсіпорынның техникалық бақылау белгісі.
      423. Профиль орауыштар пакеттегі табақ-беттер бір-біріне жабыспайтындай, оларға мойтындай механикалық залалды болдырмайтындай сақтауды қамтамасыз етеді.
      424. Профильдің сыртқы металы және лак-бояу жабынының сапасын көзбен көріп анықтайды.
      425. Пакетті тасымалдағанда және сақтағанда қалыңдығы 50мм, ені 150 мм, ұзындығы пакет өлшемінен 100 мм-ден кем емес ағаш төсемге жатқызады.
      Төсем 3 м аралықта қатпаржаққа 40 мм жоғары және 2 м аспайтындай 40мм төмен гофрге орналастырады.
      426. Пакетті сақтауда тасымалдағанда бір қабатқа сыйғызу керек,яғни қабаттың өн бойында бірінің үстіне бірі тығыз жатуы керек.
      427. Тасымалдап және сақтағанда екі не одан да көп қабатта орналастырылса, онда барлық профильдің салмағы 1 мІ төменгі профильдің үстіндегі 3000 кг-нан аспауы керек.
      428. Жабын шифер жабық және шатыры бар ашық қоймаларда сақталады.

10-параграф. Болат құбырлар
(МЕМСТ 8731)

      429. Болат құбыр- көміртекті және қоспаланған болаттан ыстықтай түрін өзгерткен жапсарсыз құбыр.
      430. Құбырды ауыстырып алмау үшін жеке-жеке өлшемдері мен болат маркасы белгісіне қарай партиялау, іріктеу керек. Құбырлар стеллаждарда немесе ашық алаңдарда сақталады, оларды тасымалдағанда және сақтағанда консервациялық жапқышы болуы қажет.
      431. Жұқа жапсарсыз және электрбалқытылған, тотықпайтын қазандақ та және басқа арнайы мақсаттағы құбырлар, сонымен қоса қосатын бөліктер жабық ғимараттарда сақталады.Құбырларды ауа райының қолайсыздығынан қорғайтын жаппаларда сақтауға болады.
      432. Шойын құбырлар стеллаждарда өлшемлері мен класына байланысты реттеліп, ашық қоймада сақталады.
      433. Төменгі және келесі қатарлар төсемге жатқызылады.Төсем ретінде ағаш рейка, ұзын резина немесе арматуралық бұйым, сонымен қатар болат арқан,құбыр немесе төсеніш жатады.
      434. Әрбір қатардағы кең құбырлар кезекпе кезек жан-жаққа бағытталады.
      435. Құбырларды төсенішсіз арнайы домалап кетпейтін және түйіспетіндей құбырларды арнайы стеллаждарда сақтайды.
      436. Құбырларды жүк қармағыш құралды крандармен үйген кезде құбырдың пакетке байланған қатқабаттың биіктігі және құбырдың диаметрі 600 мм, пакетке байланбай, 5 м-ден аспауы керек,құбырдың диаметрі 500 мм пакетке байланбаса – 4 м болуы керек.
      Мұндай жағдайда құбыр домалап кетпеуі үшін бүйірден тірегіш қойылуы қажет.
      437. Механикалық өңдеумен деталь дайындауға арналған құбырларға шығарушының тұтынушымен келісімі бойынша қосымша талап белгіленеді.

11-параграф. Шыны
(МЕМСТ 111-2001)

      438. Шыны – табақты шыны, жарық түсетін құрылыс конструкцияларын шынылауға арналған, көлік құралдарында, жинап қапталған шыны, айна, шыңдалған көп қабатты шыны, басқс да құрылыс бұйымдары тұрмыстық және техникалық қажеттерге пайдаланады.
      439. Ол қасиеті бар табақ шыны түрлеріне арматура салынған оюлы бояулы массалы жабынды немесе арнайы нығайтуға стандарты тарамайды.
      440. Шыныны тасымалдағанда табақшын шетік көлік қозғалысының бағытына қарай жылжымайтындай, шалқаймайтындай, қозғамайтындай етіп салынады.
      441. Тасымалдау кезінде тиеу, түсіру кездерінде механикалық зақымданудан, атмосфералық ылғал, жауын-шашыннан сақтайтын шара қолдану керек.
      442. Шыны жабық, құрғақ, жылытылатын жерде, әрбір шынының аралары қағазбен, немесе тағы басқа материалдармен жабылып сақталады.
      443. Сақтау кезеңінде шыны табақ беттері стеллаждарда, не болмаса киізді төсемдермен, резиналары пирамидаларда 5-тен 15 градусқа дейін көлбеу ұстауға рұқсат етіледі.
      444. Контейнерден басқа ыдыстарда жерлерде араларына салынған қорғағыш заттарыыдысы, орамы ылғал тартпаған болса, осы бөлімнің басқа шарттары орындалған кезде сақтауға болады.
      445. Сақтау мерзімі – 20 жыл.

12-параграф. Жабындық темір
(МЕМСТ 24045)

      446. Жабындық темір құрылыста пайдалануға арналған.
      447. Ол мынадай топқа жіктеледі:
      1) пайдалануына;
      2) материалдың бастапқы дайындамасына;
      3) сәндік қорғау жабына қарай.
      448. Жабындық темірдің маркасы мыналарды қамтиды:
      1) тауардың аты немесе шығарып-жасаушы кәсіпорынның тауардың белгісі;
      2) профильдің шартты белгісі;
      3) пакеттегі профильдің ұзындығы мен саны;
      4) пакеттің теориялық салмағы;
      5) пакет пен партияның нөмірі;
      6) шығарушы кәсіпорынның техникалық байқау таңбасы.
      449. Профильдің орам және жабындық материалды механикалық залалдан сақтауы, сонымен қатар пакеттегі табақтардың өзара жылжып кетпеулерін қамтамасыз етеді.
      450. Темірдің беткі сапасын және бояуланған қабатының профилін көзбен қарап анықтайды.
      451. Пакетті тасымалдағанда және сақтағанда қалыңдығы 50 мм, ені 150 мм, ұзындығы пакет өлшемінен 100 мм-ден кем емес ағаш төсемге жатқызады.
      Төсем 3 м аралықта қатпаржаққа 40 мм жоғары және 2 м аспайтындай 40мм төмен гофрге орналастырады.
      452. Пакетті сақтауда тасымалдағанда бір қабатқа сыйғызу керек, яғни қабаттың өн бойында бірінің үстіне бірі тығыз жатуы керек. Тасымалдап және сақтағанда бір қабатта, профильдер қат-қабаттың барлық биіктігімен тығыз орналастырылуы қажет.
      453. Жабындық темір жабық және шатыры бар ашық қоймаларда сақталады.

13-параграф. Күректер
(МЕМСТ 19596)

      454. Өндірістік құрылыс, бау-бақшалық және тиеу-түсіру жұмыстарына арналған күректерді қамтиды.
      455. Жасап шығарушы шығарылған күректердің тасымалдау, сақтау, және пайдалану шарттарын сақтаған кезде, осы стандарттың талаптарына сай екеніне кепілдік беруі керек.
      456. Күректерді кепілді пайдалану мерзімі – 12 ай. Бөлшек сауда торабы арқылы өткізілу уақытынан бастап, нарықтан тыс тұтылынбайтын күректер үшін тұтынушының алуынан бастап.
      457. Күректер МЕМСТ 8273-75 бойынша қағазға 5 данадан кем емес оралады.
      458. Бір түрдегі және өлшемдегі сапсыз күректердің топтамасы 5-10 данадан болат сыммен немесе болаттаспамен немесе термоотырғыш пленкамен бекітілу тиіс.
      459. Қалақсыз күректердің саптары бумаланып, бекіткіштері жеке қапшыққа оралып, саптардың бумасына бекітілу қажет. Бума салмағы 15 кг бруттодан аспау керек.
      460. Күректерді, қалақтарын және саптарын қағазға орамай, термоотырғыш пленкалармен орауға болады.
      461. Тұтынушымен келісе отырып, тасымалдау және сақтау кезінде күректерді механикалық бұзылудан және тот басудан сақтауды қамтамасыз ететін басқа орама пайдалануға болады.
      462. Күректер шатыр астында және жабық қоймаларда сақталады.

14-параграф. Сүймен
(МЕМСТ 1405)

      463. Болат сүймендер құрылыста құрылыстық-монтаждау, такелаждық және басқа да жұмыстар өндірісінде пайдаланылады.
      464. Сүймендер пайдалануына қарай, келесі түрлерде жасалуы керек:
      1) сүймен-шеге суырғыш –қалыптар жасау балташылық жұмыстар өндірісінде шегелерді суыру үшін;
      2) монтаждау сүймені – ғимарат пен құрылыстардың құрама құрылыс конструкциялары элементтерінің орнын ауыстыру және орнату, такелаждық жұмыстар үшін.
      465. Әрбір сүйменнің бетінде болуға тиіс:
      1) кәсіпорын –шығарушының сауда белгісі;
      2) сүйменнің түрі және түр-өлшемі.
      466. Түр-өлшемі бірдей сүймендерді будалап, МЕМСТ 3282 бойынша төменгі көміртекті болат сыммен екі жерден буады.
      467. Сүйменнің бетіндегі жабынының бүлінуін болғызбау үшін, сымның астынан қалың қағаз төселеді. Сүйменнің будалары орны жылжымайтын болуы тиіс.
      468. Тұтынушымен келісе отырып, тасымалдау және сақтау кезінде сүймендерді механикалық бұзылудан және тот басудан сақтауды қамтамасыз ететін басқа орама пайдалануға болады.
      469. Сүймелер шатыр астында және жабық қоймаларда сақталады.

15-параграф. Шот балға

      470. Шот балға – қолға ұстайтын құрал-сайман, сабына перпендикуляр бір жағында (кейде екі жағында) өткір жүз орнатылған ұзын жалпақ балға. Балғаның екінші жағы мұқалған және бірдемені жұлып алуда рычаг ретінде пайдаланылады. Шот балғаның ұзындығы 20-дан 130 см-ге дейін, балғаның ұзындығы 7-ден 30 см-ге дейін болады. Әдетте балға қатты металдан, ал сабы ағаштан немесе қатты емес және жеңілдеу металлдан жасалады. Тау кенін алу және туннель, шахталарды қазу үшін пайдаланады.
      471. Осы стандарттың талабына қарай жасалған стандарттарда немесе басқа нормативтік- техникалық құжаттарда, МЕМСТ 14192 бойынша, ыдысты сипаттайтын таңбалау және көліктік таңбалау қарастырылуы қажет.
      472. Жәшіктер қоймаларда немесе шатыр қалқа астында сақталу керек. Жәшіктерді төсемнің үстінде қатарлап су өткізбейтін материалмен (брезентпен, полиэтиленді пленка және т.б.) жауып сақтауға рұқсат етіледі.
      473. Жерге төселген төсемнің биіктігі 100 мм кем болмауға тиіс. Қатардың биіктігі 8 м-ден аспау керек.
      474. Әрбір жәшікке МЕМСТ 14192 талаптары бойынша ыдысты және оның ішіндегіні сипаттайтын таңба қойылады: тауар таңбасы және осы стандарттың белгісі.
      475. Шот балғаларшатыр астында және жабық қоймаларда сақталады.

16-параграф. Зіл балға
(МЕМСТ 11401, 11435)

      476. Ұстаның доғал тұмсықты зіл балғаларын қамтиды және конструкциясымен өлшемін белгілейді.
      477. Жәшіктерді сай қалқандар жинағында немесе бөлшектерін пакеттерде немесе жиналған түрде тасымалдайды.
      478. Жәшіктердің қалқанын немесе бөлшектерін бөлек дайындайды: жақтауы, жанының жақтары, түбі және қақпағы. Планкасын еселі немесе дара ұзындықта дайындайды. Тұтынушының келісімімен жақтау және жанының қабырғаларының, беті және түбінің тақтайларын еселі ұзындықта жасауға рұқсат етіледі.
      479. Еселі ұзындықтағы аспақ және ағаштардың әр қайсында 5 мм кесуге қосылады.
      480. Жәшіктер қоймаларда немесе қолқа астында сақталу керек. Жәшіктерді төсемнің үстінде қатарлап су өткізбейтін материалмен (брезентпен, полиэтиленді пленка және т.б.) жауып сақтауға рұқсат етіледі.
      481. Жерге төселген төсемнің биіктігі 100 мм кем болмауға тиіс. Қатардың биіктігі 8 м-ден аспау керек.
      482. Әрбір жәшікке ыдыстың және оның ішіндегіні сипаттайтын таңба тауар таңбасы және стандарттың белгісі қойылады.
      483. Зіл балғалар шатыр астында және жабық қоймаларда сақталады.

17-параграф. Құбыржол тиектік арматура
(МЕМСТ 9544)

      484. Тиектік арматура - өндірістік құбыржол арматурасы, жұмыс ортасының ағынын жабуға арналған.
      485. Осы стандарт, қысымы РН 0,1 МПа бастап құбыржол тиектік арматураның бар түріне қамтиды және сұқпалардың герметикалық және топтардың саңылау өткізбеу мөлшерін, сонымен қатар сыналатын заттың кему шегі және құбыржол арматурасының барлық түрін сынағанда және қабылдау-тапсыру кезінде герметикалық сынақ өткізуде нормаларды белгілейді.
      486. Құбыржол тиектік арматура шатыр астында және жабық қоймаларда сақталады.

10. Төсек-орын жабдықтары және кереуеттер

1-параграф. Матрац
(МЕМСТ 5679)

      487. Жүн –мамық жартылай фабрикатпен толтырылып өндірілген, өндірістік – тұрмыста қолданылатын заттарға және әскери қызметкерлерге арналған бұйымдарға пайдаланылатын мақта-мата киімдік және жиһаздық мақтаға қолданылады.
      488. Мақта-мата мақтасы осы стандартта белгіленген тәртібіне қарай, технологиялық режиміне, талаптарына сай дайындалуы қажет.
      489. Мақтаның әрбір бумасы түрлі-түсті жуылмайтын бояумен немесе нұсқауы бар заттаңба қағазбен таңбалануы керек:
      1)кәсіпорын - әзірлеуші аты немесе оның сауда белгісі;
      2) мақтаның түрі;
      3) буманың таза салмағы (кг);
      4) тауарлар топтамасының нөмірі;
      5) осы стандарттың белгісі.
      490. Бұйым оралған күйінде жабдықтаушының немесе тұтынушының бұйымның сапасын қамтамасыз ететін жабық, құрғақ, желдетілетін қоймаларында, өрт қауіпсіздігі ережелеріне сай, ауаның және топырақтың дымқылының әсерін болдырмайтын табандықтарда немесе сөрелерде сақталады.
      491. Бұйымдарды өзгеше иісі бар заттармен бірге сақтауға рұқсат етілмейді.
      492. Қаптар немесе бумалар сөрелерде, рейкаларда жатуы тиіс.

2-параграф. Көрпе
(МЕМСТ 9382)

      493. Тұрмыста пайдаланатын таза жүн және жартылай жүн көрпелерге қолданылады.
      494. Стандарт әскери ассортименттегі көрпелерге қолданылмайды. Таза жүн көрпелердің мөлшерлік ылғалы 13% болуға тиіс.
      495. Көрпелер өрт қауіпсіздігі ережелеріне сай, кірлеуден, механиқалық бұзылудан, күн сәулесінің әсерінен сақтайтын құрғақ, желдетілетін бөлмеде сақталуға тиіс.
      496. Көрпелерді табандықтарда және стеллаждарда еденнен 20 м қашықтықта орналастыру қажет.

3-параграф. Жастық
(МЕМСТ 5679)

      497. Жүн–мамық жартылай фабрикатпен толтырылып өндірілген, өндірістік – тұрмыста қолданылатын заттарға және әскери қызметкерлерге арналған бұйымдарына пайдаланылатын мақта-мата киімдік және жиһаздық мақтаға қолданылады.
      498. Мақта-мата мақтасы осы стандартта белгіленген тәртібіне қарай, технологиялық режиміне, талаптарына сай дайындалуы қажет.
      499. Мақтаның әрбір бумасы түрлі-түсті жуылмайтын бояумен немесе нұсқауы бар заттаңба қағазбен таңбалануы керек:
      1) кәсіпорын - әзірлеуші аты немесе оның сауда белгісі;
      2) мақтаның түрі;
      3) буманың таза салмағы (кг);
      4) тауарлар топтамасыныңнөмірі;
      5) осы стандарттың белгісі.
      500. Бұйым оралған күйінде жабдықтаушының немесе тұтынушының бұйымның сапасын қамтамасыз ететін жабық, құрғақ, желдетілетін қоймаларында, өрт қауіпсіздігі ережелеріне сай, ауаның және топырақтың дымқылының әсерін болдырмайтын табандықтарда немесе сөрелерде сақталады.
      501. Бұйымдарды өзгеше иісі бар заттармен бірге сақтауға рұқсат етілмейді.
      502. Қаптар немесе бумалар сөрелерде, рейкаларда жатуы тиіс.
      503. Кепілденген сақтау мерзімі – дайындалғаннан бастап 1 жыл.

4-параграф. Жастықтыс
(МЕМСТ 1013)

      504. Барлық дайын тігін бұйымдары жатады (төсек-орын жабдықтары).
      505. Жастықтыс – бір жағындадағы тысына қарағанда түймелігі немесе қақпақшасы бар, жастыққа (сыртқы жастықтыс) немесе мамыққаптар (ішкі жастықтыс) немесе төсекке кигізілетін төсек-орын жабдығы.
      506. Бұйым жабық қоймаларда сақталып, күн сәулесінің түсуінен, ауаның әсеріненқорғалуы тиіс.
      507. Ілінген немесе бүктеліп әкелінген бұйым өткізгенге дейін тұтынушы ыдысында немесе қағазға немесе қағазсыз бумаланған күйінде стеллаждарда ілінген күйлерінде сақталу керек.
      508. Еден мен стеллаждың соңғы сөресінің ара қашықтығы 0.2 м, ішкі қабырға мен бұйымға дейін – 0,2 м, жылыту аспабы мен бұйымға дейін - 1 м кем емес, стеллаждардың арасы – 0.7 м кем болмауға тиіс.
      509. Дайын бұйымдарды таңбалағанда мыналарды пайдалану керек:
      1) тауар заттаңба қағазы;
      2) тауар белгісі бар таспа;
      3) таңба;
      4) бақылау таспасы.

5-параграф. Ақ жайма
(МЕМСТ 1013)

      510. Барлық дайын тігін бұйымдары жатады.
      511. Ақ жайма - түрі тік бұрышты немесе тыс ретінде жатын орынға төсем үшін пайдаланылатын төсек-орын жабдығы.
      512. Бұйым жабық қоймаларда сақталып, күн сәулесінің түсуінен, ауаның әсеріненқорғауы тиіс.
      513. Ілінген немесе бүктеліп әкелінген бұйым өткізгенге дейін тұтынушы ыдысында немесе қағазға немесе қағазсыз бумаланған күйінде стеллаждарда ілінген күйлерінде сақталу керек.
      514. Еден мен стеллаждың соңғы сөресінің ара қашықтығы 0.2 м, ішкі қабырға мен бұйымға дейін – 0,2 м, жылыту аспабы мен бұйымға дейін - 1 м кем емес, стеллаждардың арасы – 0.7 м кем емес болмауға тиіс.
      515. Дайын бұйымдарды таңбалағанда мыналарды пайдалану керек:
      1) тауар заттаңба қағазы;
      2) тауар белгісі бар таспа;
      3) таңба;
      4) бақылау таспасы.

6-параграф. Бөлшектелетін металл кереует
(МЕМСТ 2056)

      516. Әскери қызметкерлерді стационарлық және уақытша үйлерде, сонымен қатар жабық жүк теміржол вагондарына орналастыруға арналған бөлшектелетін әскери металл кереуеттер жатады.
      517. Әрбір кереуетте дайындаушы кәсіпорын атауы, бедерлі штамптауы бар таңбалау немесе рамасы арқалығына бойлай қойылған тауар белгісі және арқалығында дайындалған жылдың соңғы екі жылы цифрмен жазылған және арқалығын бойлай жуылмайтын бояумен техникалық бақылау штампы болуы керек.
      518. Кереует арқалығын орау қағазымен іске асу қажет. Қағазды буу шпагатымен бекітеді.
      519. Кереуеттің әрбір тобы сапасы жайындағы нұсқауы бар құжатпен жіберіледі:
      1) дайындаушы кәсіпорын атауы және оның тауар белгісі;
      2)топтағы бұйымның саны мен атауы;
      3) құжаттың берілген күні мен оның нөмірі;
      4) техникалық бақылау бөлімінің штампы;
      5) осы стандарттың белгілері.
      520. Кереуеттер ауаның ылғалдығы 75% аспайтын құрғақ, жабық бөлмелерде сақталуға тиіс, қышқыл және басқа да химиялық белсенді заттарды қоса сақтауға рұқсат етілмейді. Сақтау шарты МЕМСТ 15150 бойынша сақтау тобына сай болуы қажет.

11. Киім

1-параграф. Жылы күрте
(МЕМСТ 24912)

      521. Жылы күрте - осы стандартқа арнайы киімге арналған күрте мен шалбардан тұратын қыстық костюм жатады.
      522. Костюмдер өздерінің міндетіне қарай екі түрде дайындалу керек:
      А - алынатын жылы астарымен;
      Б - астарсыз.
      523. Тапсырыс берушінің келісімімен басқа материал пайдалануға болады.
      524. Костюмдер жабық, желдетілетін бөлмеде жылыту аспаптарынан 1м қашықтықта сақталу керек.

2-параграф. Жылы шалбарлар
(МЕМСТ 24912)

      525. Арнайы киімге арналған күрте мен шалбардан тұратын қыстық костюм жатады.
      526. Костюмдер өздерінің міндетіне қарай екі түрде дайындалу керек:
      А - алынатын жылы астарымен;
      Б - астарсыз.
      527. Тапсырыс берушінің келісімімен басқа материал пайдалануға болады.
      528. Костюмдер жабық желдетілетін бөлмеде жылыту аспаптарынан 1м қашықтықта сақталу керек.

3-параграф. Тері қолғаптар
(МЕМСТ 19137)

      529. Тері қолғаптар - осы стандартқа тері астарлы биялай мен қолғаптар, сонымен қатар әскери қызметкерлерге арналған жиегі тері астарлы қолғаптар жатады.
      530. Тапсырыс берушінің талабы бойынша сапасы басқа материалдар пайдалануға болады.
      531. Биялай мен қолғаптар топтамамен қабылданады.
      532. Топтамаға өндірістік бір технологиямен белгілі бір кезең мерзімінде дайындалған, бір сапа құжатымен рәсімделген өнімнің жиынтық бірлігі жатады.
      533. Тапсырыс беруші қолғаптың сапасын тексеруді ішін ара іске асырады.
      534. Тексеру шамасы топтың 10% құрайды.
      535. Биялайдың сапасын тексеру тапсырыс берушінің барлығын тексеріп шығуы арқылы іске асады.
      536. Тапсырыс беруші өкілінің биялай мен қолғаптың сапасын тексеруі және қабылдауы жабдықтаушы өкілінің қатысуымен жүргізіледі.
      537. Тапсырыс беруші таңдалып алынған өнімдерден сыртқы түрініңүлгі – эталонымен сәйкестігін пайдаланған материалын, технологиялық операцияның, орау және таңбалаудың дұрыс жасалғанын тексереді.
      538. Биялай қораптары және қолғап бумалары МЕМСТ 10350–81 бойынша фанера жәшіктерге салынады. Жәшікке МЕМСТ 9569–79 бойынша парафинделген қағаз төселеді. Жәшікке МЕМСТ 16106–82 бойынша 60 – 80  г., МЕМСТ 24370–80 бойынша қағаздан жасалған пакеттерге оралған парафин салынады.
      539. Қолғаптар жабық желдетілетін бөлмеде сақталу керек.

4-параграф. Керзі етік
(МЕМСТ 19137)

      540. Армия мен флоттың қатардағы және офицерлік құрамының әскери қызметкерлеріне, курсанттар және училищенің тәрбиеленушілеріне арналған юфті аяқ киімі және аяқ киім дайындау үшін аяқ киім пішу жинағы жатады.
      541. Аяқ киім осы стандарт талабына сай технология және белгілі тәртіпте бекітілген үлгі – эталоны бойынша жасалуға тиіс.
      542. Қалыптардың фасоны,даяр үлгілер жасап шығарушы мен тұтынушылар арасында келісілуі керек.
      543. Аяқ киімнің келесі түрлері шығарылады: етіктер, қысқа етіктер, шегеленген, шегеленіп-желімделген және құю әдісімен бекітілген бәтеңкелер.
      Тұтынушының талабы бойынша аяқ киімнің басқа түрлерін және бекіту түрлерінде бекітілген үлгіге сай дайындауға рұқсат етіледі.
      Сонымен қатар тұтынушының талабы бойынша аяқ киімнің басқа өлшемі, жапақтығы, өте жалпақ және бекітуі орташа жалпақ құю әдісімен жасалған етіктерді жасауға рұқсат етіледі.
      544. Әрбір етіктің жұбы осы стандарттың талабы бойынша сыртқы түрін тексеріледі(өрнегі, тұтынушымен келісілген қалып фасоны және өкшесі, аяқ киім үстінің материалы, аяқ киімнің үсті және астының өңделуі, таңбалау).
      545. Аяқ киім және аяқ киім бөлшектерінің жиынтығы жасап шығарушымен және тұтынушының температурасы 14 оС төмен емес және 25 оС жоғары емес және ылғалдылығы 50 - 80% қоймалар бөлмелерінде сақталу қажет.
      Аяқ киімдерді ауа ылғалдылығы 80% жылытылмайтын құрғақ бөлмелерде сақтауға рұқсат етіледі.
      546. Аяқ киім және аяқ киімнің үстіңгі және астыңғы бөлшектерінің жиынтығы стеллаждарда немесе ағаш төсемдерде биіктігі 1,5 м (картон қораптарда); 4,5 м (гофрирленген картон жәшіктерде); 5,0 м(ағаш жәшіктерде) қатарланып сақталады.

12. Ыдыс
(үлкен миска, шағын миска, саптыаяқ, қасық, асхана бачогы, асхана шәйнегі, ожау, плитаға қоятын бачок)
(МЕМСТ 17151–81,МЕМСТ Р 51016)

      547. Ыдыстар құрғақ таза жабық бөлмелерде сақталу қажет. Ыдыстарды сілтілер, қышқылдар және шаңдалатын заттар бар бөлмелерде сақтауға тыйым салынады.
      548. Бұл стандартқа электр қыздырғышы бар ыдыстар жатпайды.
      549. Әрбір жылтыратылған, лакталған бұйым, электрхимияланған бұйымдар (анодирленген жайпақ табақтар, табақтар, нан салғыштардан басқа), эмальданған, безендірілген, өрнектелген және еселенген, ажарланған шайнектер мен кофе шайнектер нормативтік – техникалық құжаттар бойынша қағазға немесе МЕМСТ 10354 бойынша полиэтилен пленкаға оралады және МЕМСТ 7933 бойынша жеке картонға немесе МЕМСТ 7376 бойынша гофрирленген картонға салынады. Сырты силикатталып эмальданған бұйымды қағазға орамай қорапқа немесе полиэтилді пленкаға салуға, қыры конус формалы және қақпақсыз және арматурасыз жасалатын күюге қарсы жабындалған эмальданған бұйымдар, тот баспайтын болатпен плакирленген бұйымдар 20 данадан асырылмай тізіліп бумаға буып-түйіледі. Бумадағы әр бұйым нормативтік – техникалық құжаттары бойынша қағазға оралып, бума МЕМСТ 8273 бойынша А,В маркалы тығыз екі қабатталған орама қағазға оралады. Бума жәшікке салынып, бос орындар қағазбен тығыздалады.
      Бұйымдарды полиэтилен пленкалы пакеттерге салып, қалқасы бар жәшіктер немесе контейнерлерге орналастырылады.
      550. Тұтынушының келісуі бойынша тасу және сақтау кезінде бұйымдардың мүлтіксіз сақталуын қамтамасыз ететін басқа орау материалдарының түрлерін пайдалануға рұқсат етіледі.
      551. Ораған кезде бұйымның қақпағы мен корпусы арасына, қақпағында резеңкелік аралық қабаты бар бұйымдардан басқа, қағаз немесе полиэтилен пленка салынады.
      Тұтынушының келісуі бойынша бұйымның тұтқасы бөлшектелген болса, олар бөлшектелген күйінде оралады. Тұтқалары мен бекіту бөлшектері қағазға немесе полиэтилен пленкаға оралып, бұйымның ішіне салынады.
      Тасуға оңай болу үшін, қораптардың салмағын 15 кг асырмай байлауға рұқсат беріледі.
      552. Анодирленген табақтар, ыдыстар, нан салғыштар 25 данадан буылады, МЕМСТ 8273 бойынша қағаз салынады. Бума екі қабатты қағазбен оралады және МЕМСТ 17308 бойынша шпагатпен буылады.
      553. Безендірілген, өрнектелген және еселенген (шайнектер, қазандар мен кофе шайнектерден басқа) бұйымдар 10 данадан буып жиналады, бұйымның қақпақты корпусы қағазға оралған басқа бұйымның қақпағына қойылады.
      554. Қақпақсыз бұйымдар арасына МЕМСТ 8273 қағазы салынып, бірінің үстіне бірі қойылады.
      555. Бидондардың, қазандардың және шелектердің пластмасса және ағаш тұтқалары қағазға оралады.
      556. Бума МЕМСТ 8273,немесе басқа нормативтік–техникалық құжаттар бойынша екі қабатталған қағазбен оралады және МЕМСТ 17308, немесе басқа нормативтік – техникалық құжаттар бойынша шпагатпен буылады.
      Тұтынушының келісуі бойынша тасу және сақтау кезінде бұйымдардың мүлтіксіз сақталуын қамтамасыз ететін басқа орау материалдарының түрлерін пайдалануға рұқсат етіледі.
      557. Қазанның қақпағы МЕМСТ 8273 бойынша бір қабат қағазға оралып, қазан ішіне салынады және қазан корпусының тұтқасына МЕМСТ 17308 бойынша байланады.
      Қазан тұтқалары қағазға оралмайды.
      Бумалар қағазға оралмай қазандарды бумалауға рұқсат етіледі.
      558. Қазандар экспортқа шығарылар болса, корпус пен қақпағы нормативтік – техникалық құжаттар бойынша бөлек қағазға оралады.
      Әрбір жәшіктің және буманың сыртына:
      1) дайындаушы кәсіпорын атауы және сауда белгісі немесе тауар белгісі;
      2) бұйымның атауы мен артикулы;
      3) осы стандарттың белгісі;
      4) бұйымның саны;
      5) дайындалған айы мен жылы;
      6) техникалық бақылау бөлімінің таңбасы бар заттаңба қағаз салынады немесе желімделеді.

1-параграф. Шелек 10-12 литрлік
(МЕМСТ 20558)

      559. Жұқа табақ ыстықтай мырышталған, болаттан жасалған, халық шаруашылығы үшін және экспортқа шығару үшін дайындалған шарушылық ыдыс–аяқ бұйымдарын қамтиды.
      560. Шелекті әр түрлі азық- түлік тағамдары емес: құм, жоңка, цемент, суаратын су тасу үшін және басқалар үшін қолданылады. Тасуға және ілуге қолайлы болу үшін, темір тұтқамен жабдықталған. Мырышпен қапталған болаттан жасалған конструкциясы берік коррозияға ұшырамайды.
      561. Мырышпен қапталған болаттан жасалған шелек суықтүтіктік емес құрылыс заттарын, суды тасуда және сақтау үшін өте қолайлы шаруашылық мүлік. Оны сонымен қатар ылғалдан тазалау жұмыстары үшін қолдануға қолайлы, мұндай шелек барлық жуғыш заттардың агрессивті әсеріне төзімді. Болат өндірісі үшін мырыш қаптамасын қолдану ылғалды жұмыстарға қолдануға мүмкіндік береді, сонымен қатар пайдалану мерзіміне ешқандай ықпалын тигізбейді. Шелек мырышпен қапталған болаттың суықтай илемдеу әдісімен алынған металл бұйымдар (08 кп, 08 пс және 08 ю) 0,4-0,6 мм қалыңдықтағы мырыш табағынан дайындайды.
      562. Өндірісте құрастыру әдісі қолданылады, мырышталған әр шелектің екі жағынан жігі бар. Құрастыру алдында герметикалық бекіту үшін, арнайы пастаны жіктердің жиегіне тығыздатып жағып жасайды.
      563. Шелектің тұтқасы болат сым темірден жасалған, ал құлағы қалыңдау мырышпен қапталған болаттан жасалған. Өндірісте шелек жасау үшін, сапалы болат табағын пайдаланады кондицияға сай емес қалыңдау болат техникалық шелектер жасау үшін қолданылады. Бұл шелек тұтқасы мырышпен қапталмаған және құрылыс жұмыстарынды қолданылады, жай шырышталмаған шелектерге қарағанда бұлар мықты және берік жоғары көрсеткіштерге ие болады.
      564. Ережеге сай болаттан жасалған шелектер көлемі 10,12, және 15 литр. Өндірісті барлық нормалар сақталып және сапалы шикізат қолданған мырышпен қапталған шелектер 5 жыл қызмет көрсетеді.
      565. Шелектер құрғақ таза жабық бөлмелерде сақталу қажет. Ыдыстарды сілтілер, қышқылдар және шаңдалатын заттар бар бөлмелерде сақтауға тыйым салынады.

2-параграф. Суға арналған ыдыс

      566. Ашық және жабық полиэтиленді ыдыстарға және олардың элементтеріне қатысты, ауыз судытехникалық су және тұрмыстық ағын сулар уақытша жерде сақтайтын пайдалану үшін арналған, сонымен қатар азық-түлік, азық-түлік емес сұйықтық, сұйық және сусымалы материалдарды тасымалдау үшін ротациялық формалау әдісімен дайындайтын химиялық төзімділігі жағынан полиэтилен пайдалануға болатын жағдайда қолданылады.
      567. Суға арналған ыдыс қысымы бар заттар үшін қолданылмайды.
      568. Су өткізбеу үшін ыдыстың қақпағы қатты жабылатын болуы керек. Ыдыстың жоғарғы жағы тегіс, көпіршіксіз, саңылаусыз, жарылмаған және сынбаған болу керек.
      569. Рельефі анық, орнынан жылжымаған болуы керек. Бұйымды жуғанда кірі жақсы кетуі керек. Пластикалық ыдыстың стандартты түсі ақ және көк болуы керек. Ауыз су үшін, ақ және көк түсті стандарт пластикалық ыдыс қолданылады.
      570. Сыртқы түрі сапасы және түсі, белгіленген тәртіпте келісілген және бекітілген үлгісі эталонға сәйкес болуы керек.
      571. Ыдысты жылытылатын қоймаларда жылу беретін құралдардан 1 м қашықтықта желдеткіші бар бөлмелерде сақтайды. Органикалық еріткіш заттармен және құрамында сондай заттар бар бірге сақтауға болмайды.

13. Электр жабдықтары мен байланыс құралдары

1-параграф. Электр кәбілі
(МЕМСТ 18690)

      572. Кәбілге, электр сымына, бауларға, сым темірге, илемделген сымға, илек сымға және кәбілді арматураға осы стандарт қолданылады (бұдан әрі -бұйымдар).
      573. Стандарт халық шаруашылығы мен экспорттау үшін дайындап шығарылатын бұйымдарды сақтаудан және таңбалаудың, буып-түю, тасымалдау талаптарынбелгілейді.
      574. Бұйымның сақталу жағдайы мен сақтау мерзімі нормативті-техникалық құжатта көрсетілуі керек.
      575. Барабанды сақтау кезінде ол бет жағымен жатпау керек.
      Барабанды сақтау талшықты, эмальды және басқа ылғал сорғыш материалдардан оқшаулағаны барбұйымдардан басқа бұйымдармен бірге ашық арнайы жабдықталған алаңында және құрылыс алаңы байланыс кәбілдерін жиынтықтау үшін сақтау мерзімі 6 айдан аспауы керек.
      576. Бұйымдар дайындаушы-кәсіпорынның тұтынушы ыдысында немесе бухтада сақталу керек.
      577. Талшықты, эмалды және басқа ылғал сорғыш материалдардан оқшаулағышы бар бұйымдарды ғана жабық бөлмелерде сақталу керек.
      578. Сақтау кезінде кәбілдің ұшын ылғалданудан сақтау керек.
      579. Механикалық бұзылудан, қышқыл, сілті буынан және басқа да агрессивті ортадан, бұйымға және ыдысқа зияны тиетін заттан, сонымен қатар күн сәулесінен, атмосфералық жауын-шашын мен шаң-тозаңнан бұйымды сақтау керек.
      580. Бұйымның сақтау мерзімі мен қажет болғанда қосымша сақтау шарттары нормативті-техникалық құжатта көрсетілуі керек.
      581. Катушканы шешкенде стеллаждарда орнату керек, сонымен катушканы бет жағымен орнатылған әр қатарына тегіс фанера немесе картон салынуы керек.
      582. Катушка және бухта орауышын тек қана қолданар алдында алу керек.
      583. Бұйымдар катушкасы және бухтасын орауышсыз сақтауға болмайды (ол қарастырылмаған жағдайды қоспағанда).
      584. Бухтаны сақтауда үйіп қоюға болмайды.

2-параграф. Электрлік фонарь
(МЕМСТ 4677)

      585. Электрлік фонарь - осы стандарт мәдени-тұрмыстық және шаруашылыққа бағытталған қызатын шамдарға және қуат көзі құрғақ электрохимиялық элементтің түрінде немесе аккумуляторлардың 42В аспайтын кернеуден болатын жергілікті жерге ауыспалы жарық түсіретін тасымалданатын құрал ретінде және жарық беру арқылы дабыл беретін жеке құрылғы ретінде, халық шаруашылығына қажет және экспортқа шығарылатын электрлік жарық беру шамдарға таратылады.
      586. Фонарлар жіктеледі және келесі белгілермен белгіленеді:
      1) қуат көзінің түрлері бойынша;
      2) суланудан қорғау дәрежесі бойынша;
      3) құрастырылып орындалуы бойынша;
      4) бекіту немесе тасымалдау тәсілдеріне қарай.
      587. Ораудың функциялық мақсаты бойынша сыртқы ықпал етуші факторлардан қорғауы бөлігінде ішкі орауышы, тасымалдау ыдысына және соғылудан қорғау құралына және бұйымды ыдыста бекіту және басқа да орау құралдарына тармақталады.
      588. Ішкі орау консервациялауда қолданылған құралдарды сақтау үшін, климаттық фактордың әсерін шектеудің немесе алдын алуға арналады; осы ораудағы жеке элементтер оның басқа элементінің немесе бұйымды механикалық бұзылулардан қорғау үшін арналады.
      589. Тасымалдау ыдысы бұйымды және ішкі орауды механикалық және климаттық факторлардан қорғау үшін және тиеп-түсіруде, тасымалдауда, қоймалауда, сонымен қатар көлік құралына бекіту жұмысында ыңғайлы болу үшін арналады. Тасымалдау ыдысының атқаратын қызметтерін (функциясын) жүк контейнерлері орындауы мүмкін, бұл ретте контейнерлерді қоймалауға қолдану жинақтау үшін (соның ішінде қоймалау мерзімдері)пайдаланушының және контейнердің иесінің арасында келісім болуы тиіс.
      590. Соғылудан қорғау құралы шамадан тыс соққыдан және вибрациядан бұйымды қорғауға арналады.
      591. Бекіту құралы бұйымға және орамға зақым келтірмеу үшін соғылудан қорғау жағдайы жасалмаған жағдайда ішкі ораудың орнынан қозғалып кетуін болдырмау үшін арналады.
      592. Ұзақ уақытқа сақтау кезінде сақтау шарттарына тапсырыс иесінің және жасаушының арасындағыкелісім бойынша нақты бұйымдар үшін белгілененді.
      593. Бұйымның техникалық күтімі МЕМСТ 2.601-68 бойынша пайдалану құжатында белгіленген көлемде сақталу кезінен пайдалануына дейінгі мерзімге ораудың сыртын қарауды немесе консервациялауды және сақтау орнын ауыстырғанда жыл бойы жүргізілетін силикагель-индикаторды тексеруді қамтиды.
      594. Электрлік фонарь құрғақ таза жабық бөлмелерде сақталу қажет. Сілтілер, қышқылдар және шаңдалатын заттар бар бөлмелерде сақтауға тыйым салынады.

3-параграф. Электрлік патрон
(МЕМСТ 2746)

      595. Эдисон Е14, Е27 және Е40 бұрандасымен электр шамның және шамдардың-шырағданның электрлік желісіне қосуы және бекіту үшін арналған патрондарға таратылады.
      596. Стандарт 250В кернеуден астам айнымалы тоқтын желісіне қосу үшін арналған ажыратқышы бар патрондарға таратылады.
      597. Стандарт Эдисонның Е10 бұрандасымен дәйекті тізбектеме жалғанған әр қайсысына нормалы кернеу 60 В шамды желісіне қосуы үшін арналған ішкі және сыртқы қондырғының патрондарына таратылады.
      598. Сондай ақ, шамның электр желісіне тізбекті түрде жалғау үшін натрий тыстарының бұрандалыдай өзге түріне таратылады.
      599. Орамданы, ішкі орамданы және тасымалдайтын жәшікті МЕМСТ 23216 бойынша және ТУ нақты үлгісіне немесе патрон топтарына таңдайды.
      600. Тасымалдау жәшігінде МЕМСТ 14192 бойынша маркировкасы, негізгі, қосымша, ақпараттық жазуларды және манипуляция белгілерді: «Абайлаңыз сынғыш!», «Жоғары, көтерме!», «Дымқылдан сақтау!», сонымен қатар МЕМСТ 17677 бойынша қоймалау тәсілі көрсетілуі керек. Егерде тасымалдау жәшігінің орнына контейнерлер пайдаланылса қоймалау көрсетпеуге болады.
      601. Электрлік патрон құрғақ таза жабық бөлмелерде сақталу қажет. Сілтілер, қышқылдар және шаңдалатын заттар бар бөлмелерде сақтауға тыйым салынады.

4-параграф. Электрлік розетка
(МЕМСТ 51322.1)

      602. Электрлік розетка - кәбілдің, баудың немесе өткізгіш сымды шанышқысының айырымен және түйіспе қысқышымен бір бірімен байланыса қосу үшін қосқыштың бір бөлігі.
      603. Осы талапты стандарттау тұтынушының пайдалану қауіпсіздігінің арттыруға мүмкіндік туғызады.
      604. Ғимараттардың ішіндегі және сыртындағы қондырғыларды орнатуда шанышқыларға және розеткаға стационарлық және тасымалданатын тұрмыстық және ұқсас бағыттағы электр қабылдағыштың қосылуы үшін арнаулы номиналды 50 В жоғары кернеумен, бірақ 440 В жоғары емес және 32А аспайтын номиналды тоқпен айнымалы тоқтың электр желісіне тарайды.
      605. Номиналды тоқорвинтсыз контактілі қысқыштарымен розетка үшін 16 А дейін шектеулі.
      606. Стандарт монтаждық қораптарға оның сынағы үшін керек қосқыштың жасырын қондырғысы үшін тек қана ортақ талаптарды белгілейді.
      607. Бұйымдар климаттық фактордың жоғарыдан төменге дейінгі диапазонында пайдалану, сақтау мен жеткізілуінеарналады, бұл ретте қосымша климаттық диапазондар, бұл шегінде пайдалануда бұйымның жұмыс қабілеттілілігін қамтамасыздандыратын климаттық фактордың диапазондарына, бір немесе бірнеше тар диапазондардың климаттық факторлары белгіленуі мүмкін, оның шегінде параметрінің (реттеу немесе өлшеуінің жоғары дәлме-дәлділігі) ауытқуыныңтар диапазоны қамтамасыз етіледі.
      608. Осы диапазондардың шегінде бір және сол фактордыңтағы да бірнеше мәні әр түрлі этапқа байланысты пайдалануына немесе жеке техникалық сипаттамасының, мысалы бірнеше түрлі мәні немесе әр түрлі ресурста немесе қызмет мерзімінің тиімді температурасына қатысты талап қойылады.
      609. Керек болғанда жағдайда стандартта немесе техникалық шарттары пайдалану кезінде параметрдің оның алғашқы мәнінен ықтимал ауытқуы көрсетілуі керек.
      610. Электрлік розетка құрғақ таза жабық бөлмелерде сақталу қажет. Сілтілер, қышқылдар және шаңдалатын заттар бар бөлмелерде сақтауға тыйым салынады.

5-параграф. Электрлік ажыратқыш
(МЕМСТ 7397.2)

      611. Осы стандарт 250 В жоғары емес номиналды кернеуге және 4 А аспайтын номиналды ток күші бар түпкілікті және айнымалы тоқты электр қоңырауын қосуға арналған қондырмалы ажыратқыштарға (бұдан әрі - ажыратқыштар) қамтиды.
      612. Ажыратқышты ашық ауада, қалқа астында, тұрғын үй-жайда, қоғамдық бөлмеде және соған ұқсас үй-жайларда орнатады.
      613. Стандарт халық шаруашылығының қажеті үшін және экспорт ажыратқыштарға қойылатын талаптар белгілейді.Ашық қоңдырғы ажыратқышы - ашық беттерде ашық немесе жасырын сымдармен электрлік желіге орнату үшін арналған ажыратқыш.
      614. Ажыратқыштар ішкі орауышы ажыратқыштарының n санымен топты жәшіктеріне оралып салынуы керек.
      615. Үюлі күйінде буып түйюге болмайды.
      616. Электрлі қоңыраумен біргежіберілетін ажыратқыштар қоңырауымен бір ыдысқа оралады.
      617. Ажыратқыштың нақты үлгісін пакеттеудің құралы мен тәсілі, көлік пакетінің салмағы мен габаритті өлшемдері конструкторлық құжаттамада көрсетілуі керек.
      618. Электрлік ажыратқыш құрғақ таза жабық бөлмелерде сақталу қажет. Сілтілер, қышқылдар және шаңдалатын заттар бар бөлмелерде сақтауға тыйым салынады.

6-параграф. Электрлік шам
(МЕМСТ 28712)

      619. Тұрмыстық және ортақ жарық түсіретін қызатын шамдар үшін қауіпсіздіктің және өзара алмасымдылықтың талаптарын тағайындайды, ондағы:
      алмұрт тәріздес, саңырауқұлақ тәріздес, білте шам тәріздес, шар тәріздес немесе колбаның басқа пішіндерінің, шамдар сол мақсаттар үшін арналған, және де шамдар жоғарыда көрсетілген колбалармен; номиналды қуаты 200 вт дейінгі номиналды кернеуі 50 ден 250 дейінгі арада; қоса алғанда цокольдары: В15d, В 22d, E14 және Е27; жабындылары: әртүрлі.
      620. Осы стандарт барлық өнімнің сараплау және дайын өнімді сынау хаттамасы негізінде осы стандарт талаптарына шамның сәйкестігінің көрсету бойынша дайындаушының қолдануы тиіс әдісті белгілейді.Сондай-ақ партияның шектеулі саралау үшін жеке партияны сынау әдісі жүргізіледі.
      621. Шамда берік және айқын келесі белгілер болуы тиіс:
      1) өндіруші кәсіпорынның атауы немесе тауар белгісі;
      2) вольттық номиналды кернеуі немесе кернеуінің диапазоны;
      3) ватттарда номиналдық қуаты
      622. Колбасының диаметрі шамдарда 40 мм және одан астам және 14Вт қуатымен және төмен болсақуаттылықтың белгіленуін көрсетпеуіне болады.
      623. Маркировканың сәйкестігі келесідей бейнемен тексерілуі керек:
      1) маркировканың бар болуы және айқындығы - сыртан қарағанда;
      2) маркировканың беріктігін пайдаланылмаған шамды 15 рет қолмен 15 сек.бой сумен дымқылдатылған жұмсақ матамен сүрту арқылы тексеріледі.
      624. Сынақтан кейін маркировкаанық болып қалуға тиіс.
      625. Шамдарды дұрыс жағдайда пайдаланғанда тұтынушыға және қоршаған орта үшін қауіпсіз болуы тиіс.
      626. Электрлік шам құрғақ таза жабық бөлмелерде сақталу қажет. Сілтілер, қышқылдар және шаңдалатын заттар бар бөлмелерде сақтауға тыйым салынады.

7-параграф. Байланыс кәбілі
(МЕМСТ 18690)

      627. Кәбілге, электр сымына, бауларға, сым темірге, илемделген сымға, илек сымға және кәбілді арматураға осы стандарт қолданылады (бұдан әрі -бұйымдар).
      628. Стандарт халық шаруашылығы мен экспорттау үшін дайындап шығарылатын бұйымдарды сақтаудан және таңбалаудың, буып-түю, тасымалдау талаптарын белгілейді.
      629. Бұйымның сақталу жағдайы мен сақтау мерзімі нормативті-техникалық құжатта көрсетілуі керек.
      630. Барабанды сақтау кезінде ол бет жағымен жатпау керек.
      631. Барабанды сақтау талшықты, эмальды және басқа ылғал сорғыш материалдардан оқшаулағаны бар бұйымдардан басқа бұйымдармен бірге ашық арнайы жабдықталған алаңында және құрылыс алаңы байланыс кәбілдерін жиынтықтау үшін сақтау мерзімі 6 айдан аспауы керек.
      632. Бұйымдар дайындаушы-кәсіпорынның тұтынушы ыдысында немесе бухтада сақталу керек.
      633. Талшықты, эмалды және басқа ылғал сорғыш материалдардан оқшаулағышы бар бұйымдарды ғана жабық бөлмелерде сақталу керек.
      634. Сақтау кезінде кәбілдің ұшын ылғалданудан сақтау керек.
      635. Механикалық бұзылудан, қышқыл, сілті буынан және басқа да агрессивті ортадан, бұйымға және ыдысқа зияны тиетін заттан, сонымен қатар күн сәулесінен, атмосфералық жауын-шашын мен шаң-тозаңнан бұйымды сақтау керек.
      636. Бұйымның сақтау мерзімі мен қажет болғанда қосымша сақтау шарттары нормативті-техникалық құжатта көрсетілуі керек.
      637. Катушканы шешкенде стеллаждарда орнату керек, сонымен катушканы бет жағымен орнатылған әр қатарына тегіс фанера немесе картон салынуы керек.
      638. Катушка және бухта орауышын тек қана қолданар алдында алу керек.
      639. Бұйымдар катушкасы және бухтасын орауышсыз сақтауға болмайды (ол қарастырылмаған жағдайды қоспағанда).
      640. Бухтаны сақтауда үйіп қоюға болмайды.
      641. Кәбілдің сақтау мерзімі ашық алаңда – екі жылдан аспайды, шатыр астында - бес жылдан аспайды, жабық бөлмелерде – он жылдан аспайды.

8-параграф. Күш кәбілі
(МЕМСТ 16442, МЕМСТ 6323)

      642. Алюминий немесе мыс талшықты, пластмасса оқшаулағышы бар пластмасса немесе алюминий тысты, қорғаныстық жабын немесе оларсыз, беріліс және стационарлық қондырғыда номиналдық айнымалы кернеу 0,66; 1; 3 және 6 кВ 50 гц жиілікті электр энергиясын таратуға арналған күш кәбілдерін қамтиды. Стандарт халық шаруашылығының қажетіне және экспортқа арналған кәбілдерге талаптарды белгілейді.
      643. Кәбілдің сақталу шарттары МЕМСТ 15150 бойынша ОЖЗ топқа сәйкес болуы керек. Кәбілдерді сырты қапталған түрінде барабандарда ашық алаңшықтарда сақтауға болады.
      644. Бұйымның сақталу жағдайы мен сақтау мерзімі нормативті-техникалық құжатта көрсетілуі керек.
      645. Барабанды сақтау кезінде ол бет жағымен жатпау керек.
      646. Барабанды сақтау талшықты, эмальды және басқа ылғал сорғыш материалдардан оқшаулағаны бар бұйымдардан басқа бұйымдармен бірге ашық арнайы жабдықталған алаңында және құрылыс алаңы байланыс кәбілдерін жиынтықтау үшін сақтау мерзімі 6 айдан аспауы керек.
      647. Бұйымдар дайындаушы-кәсіпорынның тұтынушы ыдысында немесе бухтада сақталу керек.
      648. Талшықты, эмалды және басқа ылғал сорғыш материалдардан оқшаулағышы бар бұйымдарды ғқна жабық бөлмелерде сақталу керек.
      649. Сақтау кезінде кәбілдің ұшын ылғалданудан сақтау керек.
      650. Механикалық бұзылудан, қышқыл, сілті буынан және басқа да агрессивті ортадан, бұйымға және ыдысқа зияны тиетін заттан, сонымен қатар күн сәулесінен, атмосфералық жауын-шашын мен шаң-тозаңнан бұйымды сақтау керек.
      651. Бұйымның сақтау мерзімі мен қажет болғанда қосымша сақтау шарттары нормативті-техникалық құжатта көрсетілуі керек.
      652. Катушканы шешкенде стеллаждарда орнату керек, сонымен катушканы бет жағымен орнатылған әр қатарына тегіс фанера немесе картон салынуы керек.
      653. Катушка және бухта орауышын тек қана қолданар алдында алу керек.
      654. Бұйымдар катушкасы және бухтасын орауышсыз сақтауға болмайды (ол қарастырылмаған жағдайды қоспағанда).
      655. Бухтаны сақтауда үйіп қоюға болмайды.
      656. Кәбілдің сақтау мерзімі ашық алаңда – екі жылдан аспайды, шатыр астында - бес жылдан аспайды, жабық бөлмелерде – он жылдан аспайды.

9-параграф. Шлангі кәбілі
(МЕМСТ 18690)

      657. Кәбілге, электр сымына, бауларға, сым темірге, илемделген сымға, илек сымға және кәбілді арматураға осы стандарт қолданылады (бұдан әрі -бұйымдар).
      658. Стандарт халық шаруашылығы мен экспорттау үшін дайындап шығарылатын бұйымдарды сақтаудан және таңбалаудың, буып-түю, тасымалдау талаптарын белгілейді.
      659. Бұйымның сақталу жағдайы мен сақтау мерзімі нормативті-техникалық құжатта көрсетілуі керек.
      660. Барабанды сақтау кезінде ол бет жағымен жатпау керек.
      661. Барабанды сақтау талшықты, эмальды және басқа ылғал сорғыш материалдардан оқшаулағаны бар бұйымдардан басқа бұйымдармен бірге ашық арнайы жабдықталған алаңында және құрылыс алаңы байланыс кәбілдерін жиынтықтау үшін сақтау мерзімі 6 айдан аспауы керек.
      662. Бұйымдар дайындаушы-кәсіпорынның тұтынушы ыдысында немесе бухтада сақталу керек.
      663. Талшықты, эмалды және басқа ылғал сорғыш материалдардан оқшаулағышы бар бұйымдарды ғана жабық бөлмелерде сақталу керек.
      664. Сақтау кезінде кәбілдің ұшын ылғалданудан сақтау керек.
      665. Механикалық бұзылудан, қышқыл, сілті буынан және басқа да агрессивті ортадан, бұйымға және ыдысқа зияны тиетін заттан, сонымен қатар күн сәулесінен, атмосфералық жауын-шашын мен шаң-тозаңнан бұйымды сақтау керек.
      666. Бұйымның сақтау мерзімі мен қажет болғанда қосымша сақтау шарттары нормативті-техникалық құжатта көрсетілуі керек.
      667. Катушканы шешкенде стеллаждарда орнату керек, сонымен катушканы бет жағымен орнатылған әр қатарына тегіс фанера немесе картон салынуы керек.
      668. Катушка және бухта орауышын тек қана қолданар алдында алу керек.
      669. Бұйымдар катушкасы және бухтасын орауышсыз сақтауға болмайды (ол қарастырылмаған жағдайды қоспағанда).
      670. Бухтаны сақтауда үйіп қоюға болмайды.
      671. Кәбілдің сақтау мерзімі ашық алаңда – екі жылдан аспайды, шатыр астында - бес жылдан аспайды, жабық бөлмелерде – он жылдан аспайды.

10-параграф. Жарық бергіш өткізгіш сым
(МЕМСТ 6323, МЕМСТ 26445)

      672. Мыс және алюминий немесе поливинилхлорид пластикатты оқшаумен алюминийі плакирленген мыс талшықты стационарлық төсемеде жарық бергіш қуат және күш желісі электрлік қондырғылары үшін, сонымен бірге электржабдықтары, машиналар, тетік және станоктар(желі үшін 450/750В дейін) номиналды кернеу 450 В дейін жиілісі 400 гц дейін немесе тұрақты кернеу 1000 В дейін монтаждау үшін өткізгіш сымға таратылады.
      673. Өткізгіш сымдар дайындаушының шартты коды және өткізгіш сым маркасының үзіліссіз маркировкасы түрінде орындалған кәсіпорын-даярлаушының белгісі болуы тиіс.
      Маркировка басылып, рельефпен немесе өткізгіштің бетіне бояумен белгі салынады.
      674. Барабанға жапсырылған кағаз зат белгіде немесе дабылдың бетінде көрсетілген бөлек бөлек сандар және олардың ұзындығының плюс белгісі арқылы жоғарыдан төменгі дейінгі қабатта метрмен көрсетілуі тиіс.
      675. Өткізгіш сым бухталарға немесе ағаш барабандарға оратылуы тиіс. Бухтадағы өткізгіштердің үштен аспайтын бөлігін жане дабылға үштен аспайтын бөлігін орауға жібереді.
      676. Өткізгіштер бухтасын орайтын материалмен буып-түсіп немесе қапқа немесе жәшікке салып немесе тұтынушының бірден өзіне жеткізілуі үшін көлік тасымалдауда өткізгіш сымды механикалы бұзылулардан сақталуын қамтамасыз ететін арнайы контейнерлерге салынуы тиіс.
      677. Жарық бергіш өткізгіш сымдарды құрғақ таза жабық бөлмелерде сақтайды.

11-параграф. Жоғары вольтты өткізгіштер
(МЕМСТ 26445, МЕМСТ 18690)

      678. Жарық бергіш желілерді, электр қондырғысын орнату үшін машиналардың электржабдықтарын, тетіктерін, станоктарын, аспапты монтаждау үшін, сонымен бірге номиналды айнымалы кернеуі 6000В дейінгі жиілік 100 кГц дейінгі тұрақты кернеуі 4000 В дейінгі ауаны, жерді, үйлерді және ғимаратты жылыту үшін оқшауланған күшті өткізгіш сымдарға таратылады.
      679. Стандарт халық шаруашылығының қажетіне және экспорттық оқшауланған күш өткізгіш сымдарға талаптарды белгілейді.
      680. Осы стандарттабелгіленген техникалық деңгейдің көрсеткіштері: сапаның жоғарғы санаты үшін
      681. Көзделген өткізгіш сыммаркировкасы МЕМСТ 18690-82 және осы стандарттың талаптарына сәйкес болуы керек.
      682. Бухтаға не барабанға жапсырылған қағаз зат белгіде немесе барабан бетінде көрсетілуге тиіс:
      1) өндіруші кәсіпорынның тауар белгісі;
      2) өткізгіштердің шартты белгісі;
      3) метрлермен өткізгіштердін ұзындығы;
      4) брутто салмағы(барабан үшін) кг;
      5) дайындалу мерзімі (жыл, ай);
      6)стандарттың немесе өткізгіштердің нақты маркасына техникалық шарттың белгісі;
      7) техникалық тексерістің мөртаңбасы.
      683. Көрсетілген өткізгіштердің орамы көлікпен тасу және сақтау МЕМСТ 18690-82 және стандарт немесе нақты өткізгіштердің техникалық шарттарына сәйкес келуі керек.
      684. Жоғары вольтты өткізгіштер құрғақ таза жабық бөлмелерде сақтайды.

12-параграф. Далалық телефон аппараты

      685. Далалық аналогты телефон аппараты ТА- 01 телефондық байланыспен абоненттік желілері құрамындағы автоматты коммутациондық жүйенің, далалық байланыс жүйесінің, соның ішінде ортақ пайдалануға автоматтық телефондық байланысының жүйесі, қол коммутациондық жүйесі, радиобайланыстың соңғы құрылымы ретінде оны пайдалануда радиостанциядан коммутациялық жүйенің тікелей қатысуынсыз және келіссөз жүргізуді қамтамасыз ету үшін арналған.
      686. Телефон аппараты сыртқы ортаның тікелей ықпалында далалық жағдайда пайдалану, сондай-ақстационарлық және қозғалғыш нысандарда қондырғыны орнату және пайдалану қарастырылады.
      687. Телефон аппараты мынадай климаттық жағдайда да пайдаланылады:
      1) қоршаған ортада 238-ден 323 оК-ге дейін температурада (-35о-тен +50о С дейін);
      2) 298о Ктемпературада (25о С) салыстырмалы ылғалдылығы 98 % жоғары емес;
      3) атмосфералық қысым 60 кПа-дан 113 кПа( 450 мм сынап бағ.850 ммсынап бағ. дейін).
      688. Телефон аппаратының салмағы:
      1) электрлік қоректену құрғақ элементтерімен - 3,0 кг аспайды;
      2) электрлік қоректену құрғақ элементтерсіз - 2,2 кг аспайды.
      689. Телефондық аппараттың габаритті өлшемдері:
      1) ұзындығы - 200 мм,
      2) ені - 280 мм,
      3) биіктігі - 100 мм аспайды.
      690. Телефон аппаратының техникалық сипаттамалары:
      Телефон аппараты ортақ пайдаланылатын телефон байланысының желісіне косылуға жағдай жасайды, қолданыстағы нормативтік құжаттың талаптарына сай. Қосудың схемасы екі өткізгіш сым. Телефон аппараты автоматты коммутациялық жүйелерге екі тармақты өткізгіштік бағытқа нөмірдің импульсты және жиілік режімде теріліп қосылуларын қамтамасыз етеді. Орташа пайдалану - 10000 сағаттан кем емес. Пайдалану мерзімі кемінде - 20 жыл. Корпустың жасалуы - геометриялы.
      691. Жылытылатын немесе жылытылмайтын қойманың бөлмелеріндегі сөреде немесе стеллаждарда көліктері тасымалдау ыдысында сақтау жүргізіледі. Тікелей грунтта сақтауға тыйым салынады. Ауада қышқыл буы және басқада агрессивті қоспалары болмауы керек.
      692. Телефон аппаратын сақтау мерзімі зауыттық орауда жылытылмайтын қойманың бөлмелерінің жағдайында - 15 жыл.

13-параграф. Гальваникалық аккумуляторлы батареясы
(МЕМСТ МЭК 61056-1-99, 61056-1-2002)

      693. Стандарт қорғасын қышқыл аккумуляторларының және жабық үлгідегі (бұдан әрі - батареялер) батареясы, мысалы ыкшамды жабдықтарда, аспаптарда, ойыншықтарда циклдік қолданыс үшін арналған. Стандарт стационарлық қолданыстың (МЕМСТ Р МЭК 896-1, 7-тарау) үлгісіндегі, сондай-ақіштен жану қозғағышы қосу үшін аккумуляторға және батареялерге тарамайды. Стандарт ортақ талапты және негізгі сипаттамаларды сынауда өзара сайкес әдістерді белгілейді.
      694. Жабық үлгінің батареялеры бір немесе одан көп аккумулятордан тұрады.
      695. Батареялер сақтандырғыштың клапандармен жабдықталған болуға тиіс. Клапан газдың(ауаның) аккумуляторға кіруіне жібермейді, бірақ белгілі бір ішкі кысымда деформациялануға немесе аккумулятордың корпусы немесе батареясы бұзылмау үшін аккумулятордан газдың шығуына жол беруі тиіс.
      696. Батарея немесе аккумуляторлар суды немесе электролитті қосуды қажет етпейтіндей етіп жинақталуы керек.
      Олар кез келген жағдайда (айталық, түбі төңкеріліп тұрғанда) клапаннан электролиттің ағып кетпей және ұштықтарын тығыздалусыз жұмыс істеуге жарамды болуы тиіс. Олар сонымен бірге аударылған күйде (20±5) оС температурада және 80% салыстырмалы ылғалдылығының ең көп мәнінде электролиттің жылыстауының жыл бойы сақтауға төзімді болуға керек.
      697. Батареялар қалыпты жағдайдағы жерде тасымалдауда, күтуде және пайдалануда механикалық қысымға, вибрацияға және соққығатөзімді болуы тиіс.
      698. Батареяның қақпағында ұштықтардың ұжырымдармен қатарынаполярлық ұштық маркировкасы: плюс "+" және "-" минус белгілері болуы тиіс.
      699. Гальваникалық аккумуляторлы батареяларқұрғақ таза жабық бөлмелерде сақталуы қажет. Сілтілер, қышқылдар және шаңдалатын заттар бар бөлмелерде сақтауға тыйым салынады.

14-параграф. Палаткалар
(МЕМСТ 25871)

      700. Былғары галантерея, соның ішінде туристік бұйымдарды (жатын қаптар, рюкзактар және палаткалар) қамтиды және сақталуына халық шаруашылығының қажетіне және экспорттың бұйымды қойылатын маркировкаға, орауға талаптарды анықтайды.
      701. Палаткалар жылу беру және жылытқыш аспаптардан 1м аралықтан алыс ауасы алмасып тұратын қойманың бөлмелерінде сақталуы керек.
      702. Бұйымға күннің көзі сәулесінің тікелей түсуі, сонымен қатар тозаңдатылған және химиялық белсенділігі бар заттармен бірге сақтауға тыйым салынады.
      703. Қойма үй-жайында ауаның температурасы 10 оС төмен емес және 25 оС жоғары емес, ауасының салыстырмалы ылғалдылығы 60-80 пайыз болуы керек.
      704. Температура және ауаның салыстырмалы ылғалдылығының бақылау үшін қойманың бөлмелері термометрмен және психрометрлермен (немесе гигрометрлермен) жабдықталуы керек.
      705. Жасанды теріден және үлдірден орау бірлігін 0оС төмен температурада тасымалданса, ашпастан бұрын +10оС нан төмен емес бөлмеде бір тәулік бойы ұстау керек.
      706. Нормативтік-техникалық құжаттамада бұйымды сақтауға қосымша талаптар белгілеуге болады.

14. Арнаулы және автомобиль техникасы

1-параграф. Автогрейдер
(МЕМСТ 11030)

      707. Автогрейдер ауыр жол және метеорологиялық жағдайларда, қар мен мұздан жолдарды тазарту кезінде үлкен көлемді жер жұмыстарын орындауға арналған. Автогрейдердің нақты үлгісіне техникалық шарттарында МЕМСТ 27252, МЕМСТ 7751 талаптарына сай автогрейдерді сақтауға талаптар белгіленеді.
      708. Автогрейдерді ұзақ сақтауға дайындау.
      Бірінші кезекті автогрейдерді жуып-тазалау, кірден арылту, кейін қажет болған жағдайда қарау және жөндеу жүргізіледі. Салқындату жүйесінен барлық су толықтай төгіледі. Майлау картасын пайдалану арқылы автогрейдерді сыйымдылығы толтырылады және барлық майлануы жүргізіледі. Автогрейдерді (артқы және алдыңғы) мосталары арнаулы тағаналарға қойылады, дөңгелектері ұстағыш бетпен өзара жанаспау үшін. Айтылмыш техниканың электр сымдары мен резеңке бөлшектерін құрғатып сүртеді. Автогрейдердің бөлшектерінің бояумен корғалмаған жерлеріне, майсызданған техникалық вазелин жағылады – бұл оларды тотығудан қорғау үшін. Гидроцилиндрдың шығып тұрған штоғының бөліктерін парафинирдік қағазбен орайды және кендірмен бекітеді. Осы әрекеттер, автогрейдерконсервациядан кейін бірден жұмысқа дайын болуы және қосымша күтімді немесе жөндеуді керек етпеу үшін. Автогрейдерді жаңартылуы плюстік температурада жасалуы керек.
      709. Автогрейдер жабық үй-жайларда және қанқаның астында сақталуы керек. Консервациялау, герметизация және қоймада сақталуын талап ететін құрама бөліктерін шешіп алу жұмыстары міндетті түрде орындалғанынан кейін жабдықталған ашық алаңда сақтауға болады. Автогрейдер және оның құрама бөліктерін шаң, тозаңды, агрессивті буды немесе газдың қоспалары (бөлінетін) үй-жайда сақтауға болмайды.
      710. Автогрейдерді қысқа мерзімде сақтауда жұмыс аяқталған соң 10 тәуліктен кешіктірмей сақтауға қою керек. Қысқа мерзімде сақтауға толық жабдықталған автогрейдердің жинақтаулы бірлігін және бөлшектерінің жинағын алып тастамай қойылады.Қысқа мерзімде сақтау дайындығы үшін: автогрейдер тозаңынан, кірден және ағып кеткен майдан тазартып, көрсетілген пайдалану бойынша нұсқауға сәйкес қозғалтқыш консервациясы жүргііледіу, автогрейдердің ішкі қуыстарына атмосфералық жауын-шашындардың кірмеуі үшін барлық ойық және саңылаулар толығымен жабылады; салқындату және конденсация жүйесінен салқындату сұйығының шығуын қамтамасыз ету үшін құйылу кранын ашу керек; аккумуляторлық батарея сөндіріліп, электролиттің деңгейі және тығыздығы нормасына дейін келтіріліп (төменгі температурада автогрейдерді немесе қоймаға 1 айдан астам уақытқа сақтағанда аккумуляторлы батареялер алынып қоймаға тапсырылады); автогрейдердің жұмыс органдарының сыртқы беттерінде, штоқтарының гидроцилиндрі, шлиц құралымдарды, кардон берілістерінің, сонымен бірге айналым дөңгелегі механикалық өңделген сыртқы қабысу беттеріне ПВК МЕМСТ 19537-87 жағылады; картер сапунын және құйма көмейдің тығындарын парафиндік қағазбен орап және кендірмен байлау; ауа тазартқыштардың заборниктері полиэтилен үлдірмен орап және кендірмен байланады; бояуы зақымдалған жерлерін қалпына келтіру; капот және кабина есігін жауып және пломбалау керек, автогрейдерді тұрарға орналастырады, шина мен тірегі бетінің арасы 8…10 см. болу керек.
      711. Автогрейдер ұзақ сақталуы үшін:
      1) қысқа уақытта сақтаудың талаптарын орындау, барлық сыйымдылықтардан майларды төгіп және оған тотқа қарсы қосымдармен жаңа майды құю қажет;
      2) майдың көпіршуін болдырмау үшін қыздырып сусыздандыру керек, силикагельмен (200...300 г) қалтаны іліп қойып отын багінен отынды құйып алу керек немесе сусыздандырылған отынмен бакты толтыру керек;
      3) майлау картасы негізінде автогрейдер майлау керек;
      4) РВД гидрожүйенің жоғары қысымды жеңнің бетін құрғатып, майдан тазарту және опалау. РВД - дан жұмыстың сұйықтығы төгілуі керек, ойықтар тығындармен-бұқтырмалармен берік жабылуы керек. Гидрожүйенің жеңін автогрейдерде сақтауға болады.
      Бұл ретте оның беттері қосымша күн сәулесінен қорғайтын құраммен жабылып немесе парафинді қағазбен қапталады; шиналардың қысымын бір қалыптыдан 70% азайтылып, шиналардың беттері балауыз немесе қорғаныстық құраммен жабылуы керек; компрессордың жұмыстық бетінің тотығу сүрелерінен тазартылады, белбеудің керілісін босатады; кабинаның ішкі жағы шынысына консервациятуралы күні көрсетілген қағаз заттаңбасы жапсырылады.
      712. Консервациядан шығарған кезде:
      1) автогрейдерді тозаңнан тазарту;
      2) парафинденген қағазды тазартып;
      3) РВД қосу;
      4) бөлшектің және тетіктің тысқы беттерін ПВК жағармайынан арылту;
      5) автогрейлерді тіреулерден босатып алу; аккумуляторлық батареяларды орнату;
      6) техникалық ауысымдық күтуді жүргізу керек.

2-параграф. Шнекороторлық қар тазартқыш
(МЕМСТ 15840, МЕМСТ 23080)

      713. Шнекороторлық қар тазартқыш автомагистралдардан қарды тазалаумен және қарлы үйінділерді лақтыру үшін.
      714. Шнекороторлық қар тазартқыш - осы стандарт МЕМСТ 21902-76, МЕМСТ 22342-77 роторлық қар тазартқыштарына таратылады және оларды қабылдау тәртібін мен сынау әдістерін белгілейді.
      715. Қабылдап–тапсыру сынағында мыналар жүргізіледі:сыртқы тексеріс, сонымен бірге тексеріледі: қар тазартқыштын жинағы; айқын бұзылудың болуы; бөлшектің сапалы дайындалуы; өңнің сапасы; дәнекерленген жүктердің сапасы; тығыздықтың күйі; жұмыс органының механикалық тетігінің тексеріс әрекеті.
      716. Қабылдап–тапсырусынақтары әрқар тазартқышқа жүргізеді.
      717. Алдын ала және қабылдау сынағының жиынтық көлеміне қабылдап–тапсырудың сынақтары көлемі қосылады, сондай-ақ мынадай тексерістер:
      1) габаритті өлшемдері, кіріп және шығу бұрыштары;
      2) қар тазартқыштың құрастырылу және пайдалану салмағы, жабынға үлесті қысымы жабдығы немесе жеке дөңгелекке түсетін салмағы, ауырлық орталығының координаты.
      718. Шнекороторлық қар тазартқышжабық үй-жайларда немесе қанқаның астында сақталуы керек. Консервациялау, герметизация және қоймада сақталуын талап ететін құрама бөліктерін шешіп алу жұмыстары міндетті түрде орындалғанынан кейін жабдықталған ашық алаңда сақтауға болады.

3-параграф. Бульдозер
(МЕМСТ 28771, МЕМСТ 29295)

      719. Бульдозер -түрлі топырақты және климаттық жағдайларда жер қазу-тасымалдау және көмекші жұмыстарды орындауға арналған. Стандарт пышақтардың көлденең қимасы мен негiзгі пiшiндерінің өлшемдерiн және орналасуын, сонымен қатар пышақтарды болттарға бекiтудің түп саңылауының өлшемдерін мен пiшiмдерін және тракторлар үшін пайдаланатын бульдозер жабдығын сонымен бірге автогрейдер және өзі жүретін скреплерді МЕМСТ 28764 бойынша өзара алмасуын белгілейді.
      720. Жабық ғимаратта немесе қалқанның астында тракторды сақтау керек. Консервация гермотизация бойынша жұмысты міндеті түрде орындағанда ғана тракторларды ашық алаңда, қоймада сақтауды талап ететін жабдықтарды шешіп алып сақтауға рұқсат етіледі.
      721. Сақтауға қойылатын жердің желінің бағытын ескереді.Тракторларды сақтау орындарында жел соғатын бағыттан қар басып қалмауын бақылау қажет.
      722. Тракторларды ашық алаңда сақтағанда су басып қалмайтын жерде орналастырылады және периметрі бойымен су бұрғыш жыралардың жасалады. Алаңдардың бетi тегiс және 2 ден 3о дейiн еңіс су ағар және тұтас қатты не жеке жолақты жамылғымен жабылады.
      723. Жабық үй-жайлардың, қалқандардың, ашық алаңдардың сақталған тракторлардың санына байланысты анықтайды.
      724. Тракторларды таңбасына байланысты қашықтықты сақтаумен орналастырып сақтайды. Тракторлардың қатардағы арақашықтығы 0,7 м болуы қажет. Ал қатарлардың, яғни: ашық алаңның арақашықтығы 6м-ден кем болмауы қажет (көтергіш краны бар алаңында 0,7-ден 1 м-ге дейін болады) қалқан астындағы жабық алаңның ара қашықтығы 1 м-ден кем болмауы қажет.
      725. Сақтаудың кезiнде техникалық қызмет көрсетуде мыналар тексеріледі:
      1) жиынтықтылы (алынып қоймада сақталған жалғамалы бөлшектермен);
      2) трактордың агрегаттарының мойындық қақпағының жабылуының тығыздығын тексеру;
      3) коррозияға қарсы жабындардың жағдайы (қорғаныш майлауы болуы, бояудың бүтіндігі, коррозияның болмауы);
      4) қорғау қаптарының бекітулері сенімді және бүтін болуы;
      Анықталған ақаулар жойылуы керек.
      Ұзақ сақтауға тракторды әзiрлеу.
      726. Жабық үй-жайларда және қалқан астында ұзақ мерзімге сақтау. Ұзақ уақытқа сақталатын трактор техникалық ақаусыз болуға тиiстi. Тракторды сақтауға қояр алдында қысқа мерзімге сақтауға даындау бойынша операцияға қосымша орындау қажет:
      1) бакты консервациялауын жұмыс отынымен толтыру, ол АКОР – 1 немесе КП қоспасымен (10+2) % дизель отынымен араластырылуымен даярланған отын (отын мен қоспа температурасы 15 оС төмен болмауы керек;
      2) дизелькартерінен және жүргізгіш қозғалтқыштан жүргізгіш қозғалтқыш редукторы отын сорғышкорпусының майын ағызу жінебелгілібір  белгіге дейін жұмыс – консервация майын құю қажет. Сонымен қатар жанармай сорғысы қуысына жұмыс-консервациялық майымен толтыру. Жұмыс – консервациялық майын дайындау үшін жұмыс мотор майын, ол 15о-тен 20оС температурасы болу қажет, КП және АКОР – 1 қоспасының (20+2) пайызы және 70о-тен 80о С-ге дейін қыздырылған болу қажет, олар:
      3) дизельдің салқындатқыш жүйесінен салқындатқыш сұйықты төгіп, жүйеге консервациялау ерітіндісін құю керек, оның құрамы:
      а)глицерин - 60 кг.;
      б) техникалық кальций бихроматы – 2,5-тен 3,5 кг. дейін;
      в)техникалықкальцийсодасы – 0,45-тен 0,75 кг. дейін;
      г) басқасы - 70 л. дейінгі құрамысу;
      4) жанармай жүйесінiң айдап шығуын өткiзу:
      а) ЭССП бар тракторды жанармай шайқайтың соғысымен қолмен;
      б) декомпрессордың тетігін «ашық» тұрғанда жүргізгіш қозғалтқышпен жанармай үрлегiштi басқару иiнтiректiң жоғарғы жағдайында отын сорғы үрлегіш вентилінен отынның пайда болуына дейiн қозғалтқыш дизельдің иінді валын айналдыру керек;
      в) жүргізу қозғалтқышының поршен цилиндр тобына консервациялау жүргізу қажет, әр цилиндрге 35-тен 40 смі жұмыс – консервациялық майын құю қажет, ол үшін оталдыру қозғалтқыштың иінді белдігін кемдегенде 4 рет айналдырып, свечаны орнына қою қажет;
      г) дизельдің цилиндр-поршень тобын консервациялау үшін дизельдің иінді білігін цилиндр гильзасында поршень орта дағдайда тұратындай қою керек. Қозғалтқыштың жұмыс – консервация майын 25о-тен 35 оС-ге дейін бүрку керек, ал жұдырықша білігінің айналыс жүйесін 600-ден 650 мин-қа дейін дербес отын сорғысының штаттық бүркіштері арқылы немесе форсунка сынауға арналған аспаптың көмегімен жүргізу керек.
      727. Әр цилиндрге құйылған майдың саны 50-60 смі болуы қажет, құйылған сылауды тарату үшін дизельдің иінді белдігін айналдыру керек.
      728. Құйылған жақпамай жақсылап таралуы үшін дизельдің иінді білігін айналдыру:
      1) iшкi қуыстарды консервациялаудыаяқтағаннан соң картерден және дизельдің жанармай сорғысы ретінде үрлегішінен сонымен қатар картер және қосу қозғалтқышының редукторынан майды төгу керек және салқындату жүйесіндегі консервациялау ертіндісін ағызып болғаннан соң құю мойындарын және ағызып жіберетің санылауларды жабу керек;
      2) бактан және қосу қозғалтқышының күбішігінен жанармайды ағызу керек, бұл ыдыстарды ИФХАН – 1немесе ПИКОР ұшпа ингибиторымен консервациялау қажет. Сонымен қатар трактордың қосу қозғалтқышының жанармай үрлегішінің реттегішін, жалғастырғыштың муфтасы бөлімшесінің қуысын борттық фракциондық консервациялау керек;
      3) генератор мен желдеткiштің жетекшi белдiктердiң керiлiсiн босату қажет. Белбеуді жылы сабын сумен жуып, кептіріп, талькпен опалау қажет;
      4) шынжыр табандарының тетіктерінің серіппесін босату керек.
      729. Бір жылға сақтауға дайындағанда отын беретін корректордың қақпағының және жанармай үрлегіштің сексиясының бекіткішінде жоғарғы және төменгі айналыс жиілігінің реттеу болттарының қақпағында, жанармай үрлегіштің бүйір қақпақтарының, реттегіштің, ГТР-ден шығатын қақпақшасының, су жүйесінің үлестірушісінің депломбалардың бар болуын тексеру. Тексеруді жүргізіп, жыл сайын және сақтау орнын ауыстырғанда тұру қажет.
      730. Ашық алаңдарға ұзақ мерзімге сақтауға қойғанда қосымша жұмыстарды жүргізуді қажет етеді:
      1) генераторды, стартерді, магнетоны, генератор мен желдеткіштің жетегінің белдігін және ҚБҚ–ны шешіп,сақтауға әзірлеуқоймаға өткізу керек. Алынған заттардың бекіткіштерін орнына орналастыру керек. Шешілген бөлшектерге трактордың шаруашылық нөмірі бар бирканы жабыстырып қою қажет.
      2) қосу қозғалтқышының ауатазартқышының тегенiне жұмыс–консервациялау майын құю керек;
      3) желдеткiштiң жетегiшкивтерiн генератордың жұмыс беттерін және дизельдiң бөлшектерiн сонымен қатар боялмаған сыртқы беттерін қорғау үшін майлау жүргізу керек;
      4) жоғары қысымды жеңiн парафинделген қағазға орау керек;

4-параграф. Әмбебап экскаватор
(МЕМСТ 26980, МЕМСТ 16469)

      731. Әмбебап экскаватор- жер қазудың түрлі ауқымын жүргізуге арналған.
      732. Сынаққа түсетін экскаваторлар саны және сынақтың кезеңділігі техникалық жағдай немесе техникалық тапсырма белгілеуі керек.
      733. Жұмыс жабдықтарының күшімен және экскаватордың жиынтығына тән жұмыстарды орындау кезінде сынақтан өткізіледі. Сонымен бірге, экскаватордың хронометражын және жұмыс мөлшерінің есептерін өткізеді, ақаулығымен олардың себептерін тіркейді.
      734. Сынақтың өткізу мерзімі, кезеңділігінің көлемі, сондай-ақ сынақтың белгіленбеген әдістері және ескертілмеген көрсеткіштерді сынау әдістерін дайындаушы кәсіпорын белгілейді.
      735. Қабылдап – тапсыру нәтижесінін және сынақтың кезеңділігі рәсімделеді.
      736. Хронологиялық бақылаудың нәтижесі ведомосқа енгізіледі.
      737. Экскаватордың монтаждау және жөндеу тұтынушы-кәсіпорын қаржысымен және күшімен пайдаланатын жерде жүргізіледі.
      738. Экскаваторды пайдалануға сол типті экскаваторда жұмыс істеуге рұқсат куәлігі бар тұлға ғана қолдана алады.
      739. Экскаваторға нақты пайдаланатын кепілдік және өзге де кепілдік шарттар мерзімі техникалық шарттарда немесе техникалық тапсырмаларда ескертіледі.
      740. Экскаваторда МЕМСТ 12971 металдық таңба бекітілген болу керек және онда көрсетілген белгілер:
      1) дайындаушы-кәсіпорын атауы немесе тауардың атауы;
      2) эксковатордың атауы және шартты белгісі;
      3) экскаватордың заводтық номері;
      4) дайындалған куні (айы, жылы).
      741. Пайдалану құжаттаманың ведомосінде: төлқұжат, пайдалануға арналған нұсқаулы және техникалық жазбасы, жалпы көріністің сызбалары және негізгі құрастыру бірлігі мен негізгі схемалары (электірлік, пневматикалық) болу керек.
      742. Әмбебап экскаваторжабық үй-жайларда немесе қанқаның астында сақталуы керек. Консервациялау, герметизация және қоймада сақталуын талап ететін құрама бөліктерін шешіп алу жұмыстары міндетті түрде орындалғанынан кейін жабдықталған ашық алаңда сақтауға болады.

5-параграф. Инженерлік оқшаулау машинасы

      743. Инженерлік оқшаулау машинасы – соның ішінде радиоактивті зақымдалған жерлерде, де әскерлердің қозғалысын қамтамасыз етуге арналған
      744. Инженерлік техниканы сақтау және техникалық қызмет көрсету:
      Қолдану арасында инженерлік техника үзіліс кезінде сақтауға қойылады. Инженерлік техника қысқа мерзімге (бір жылға дейін) және ұзақ мерзімге (бір жылдан көпке) сақтауға қойылуы мүмкін. Инженерлік техника қысқа мерзімдік сақтауға қойылады, егер де қолдану жоспарланбаса мынадай мерзімге:
      1) бір айдан көп – бронетанкалы базалық машина және электртехникалық құралды жалпы әскерлерге тағайындалған күші 50 кВт немесе одан көп;
      2) үш айдан көп - арнайы және базалық шассиі автокөліктер үшін және жалпы әскери тағайындалуы бойынша басқа да электртехникалық құралдарды қоюға рұқсат етіледі.
      745. Инжинерлік техниканы ұзақ сақтаудан шешуді орындау:
      1) осы нұсқауда қарастырылған іс-шаралар жүргізу үшін;
      2) инспекциялау және жиынтық тексеруде техниканың жағдайын анықтау үшін;
      3) жоспары тәртібінде жаңарту үшін;
      4) регламент бойынша техникалық қызметіне (ТРҚ) жүргізеді;
      5) қайта консервация кезінде жүктемеге түсiрiлген және жұмыста жүрісін және сынап көру болады.
      746. Сақтауда тұрған инженерлік техникасына техникалық қызмет көрсетудің келесі мерзімдік түрлері белгіленеді:
      1) қысқа мерзiмдi сақтауда: техникалық күтiм N1 (TO- 1х) қасында сақтауда - (қыста және жазда техниканы пайдалану кезінде) алты айда бiр рет немесе техникалық бақылау нәтижесіне байланысты;
      2) ұзақ сақтауда: (N1(TO- 1х)сақтауда техникалық күтiмі - жылына бiр рет немесе техникалық бақылау нәтижесіне байланысты; (N2(TO- 2х)техникалық күтiмін сақтауда - екi жылда бiр рет немесе техникалық бақылау нәтижесіне байланысты;
      3) белгiленген регламенттік техникалық күтiмін 6-8 жылдардан кейiн- инженерлiк техниканың күйіне және сақтау жағдайына байланысты;
      4) қатал және өте қаталсанатында – 6жылдардан кейiн; орташа санатында - 7 жылдардан кейiн; жеңiл дәрежеде - 8 жылдардан кейiн.
      747. "Инжинерлік техниканы әскери бөлiмінде, базалар мен қоймаларда сақтау" нұсқауында сәйкес ұзақ сақтауда инженерлiк техникасына күтiм көлемі және жұмыстың сыйымдылығы анықталады.
      748. "Инженерлiк мүлiктi және инженерлiк техниканы сақтау" нұсқауында техникалық сақтауға дайындау технологиялық картасы, қойылымға еңбек шығындарын және техниканы сақтаудың шешуді орындау белгіленеді.
      749. Сақтауда тұрған инженерлік техниканың қолданысқа дайындығын және техниканың жағдайын тексеру жүзеге асырылады:
      1) сыртының жартылай немесе толық герметизациясын жойып қарау;
      2) жартылай консервацияны орнында байқау (жұмысқа қабiлеттiлігін тексеруiмен);
      3) жүгiрiс (жүзу) бойынша және ауыр жұмыс арқылы толық консервациядан алып, байқау;
      750. Регламентте белгiленген техникалық күтiмдi өткiзудiң мерзiмдерi "Регламенттік техникалық күтiм инженерлiк қарулану құралдары" нұсқауламасын басшылыққа ала отырып анықталады, бөлшектер тiзiмі, тиісті ауыстыруға жататын тиісті - инженерлiк техникаға РТО нұсқауының тәртібіне сәйкес жүргізіледі.
      751. Инженерлiк техниканықысқа мерзiмге сақтауға қою жұмыстары техника сақтауға қойылған кезден бастап 15-күндік, ал ұзақ сақтауға - бiр айлық мерзiмде жүргізіледі.
      752. Инженерлiк техниканы жабық үй-жайларда немесе қанқаның астында сақталуы керек. Консервациялау, герметизация және қоймада сақталуын талап ететін құрама бөліктерін шешіп алу жұмыстары міндетті түрде орындалғанынан кейін жабдықталған ашық алаңда сақтауға болады.

6-параграф. Автосамосвал 10, 15, 20, 25 тн
(МЕМСТ 21398, МЕМСТ 23647)

      753. Автосамосвал – төгілетін материалды және жүкті тасуға арналған жүк машина.
      754. Консервациялау және оларды сақтау алдында автосамосвалға техникалық қызмет көрсетілуі тиіс.
      755. Жүктерді автомобильмен тасымалдау кезінде пайдаланылатын автокөлік құралдары жабық үй-жайларда немесе қалқаның астында сақталады. Консервациялау, герметизация және қоймада сақталуын талап ететін құрама бөліктерін шешіп алу жұмыстары міндетті түрде орындалғанынан кейін жабдықталған ашық алаңда сақтауға болады.
      756. Автокөлік құралдарын сақтау орындарына қою, автокөлік құралдарының және ғимараттар мен құрылыстардың элементтері арасындағы қашықтық белгіленген талаптарға сәйкес келетіндей және олардың еркін шығуын қамтамасыз ететіндей жүзеге асырылуы тиіс. Сақтау аймағында жөндеу жұмыстары мен автокөлік құралдарына техникалық қызмет көрсетуді жүргізуге, сондай-ақ сүрткіш және пайдаланымдық материалдарды сақтауға рұқсат етілмейді.
      757. Ұзақ сақтауға (үш айдан артық) қойылған кезде автокөлік құралдары консервациялаудан өтуі тиіс.
      758. Консервациялау алдында жуу-жинау жұмыстары, және қажет болған жағдайда, автокөлік құралдарын жарамды күйге келтіру үшін ТҚ және ТЖ жұмыстары орындалады.
      759. Консервациялау деп автокөлік құралдарының ұзақ уақыт кезеңі ішінде сақталуын және қысқа мерзімде көліктік күйге келтірілу мүмкіндігін қамтамасыз ететін арнайы дайындалған жағдайларда және осы мақсаттарға бөлінген алаңшаларда ұзақ сақтауға дайындау жөніндегі операциялар түсініледі.
      760. Алты айға дейінгі мерзімге сақтауға қойылатын автокөлік құралдарына ТҚК бойынша жұмыстарды жүргізу кезінде мынадай операцияларды орындау қажет:
      1) салқындату жүйесіне төменгі температурада қататын сұйықтықты құю (күзгі-қысқы уақыт кезеңінде сақтауға қою кезінде);
      2) желдеткіш, генератор және сығымдағыш жетегі белдіктерінің тартылуын босату;
      3) тұтандыру оттықтарын бұрап алу және қозғалтқыштың цилиндрлеріне 50-70 см 3-ден май құю, содан кейін иінді білікті 5-6 айналымға бұру және тұтандыру оттықтарын қайта бұрап жабу;
      4) сығымдағыштың цилиндрлеріне 20 см3 -ден май құю;
      5) электролиттің тығыздығын тексеру және сақтау температурасына сәйкес келетін қажетті деңгейге дейін жеткізу және аккумулятор батареясын толығымен зарядтау. Аккумулятор батареясының минустық клеммасын шанақпен (массамен) қосатын сымды ажырату;
      6) қоректендіру жүйесі ауа сүзгісінің кіріс келтеқұбырын және сөндіргіштің шығыс құбырының саңылауын майлы қағазбен тығыздап жабу;
      7) қолмен тежегіштің үйкелу түйіндерін майлау;
      8) автомобильді, доңғалақтардың жер бетінен көтерілуін қамтамасыз ететін тұғырыққа қою;
      9) кабина мен шанақтың есіктерін, терезелерін және желдеткіш люктерді жабу.
      761. Автокөлік құралдарын алты айдан артық мерзімге сақтауға қойған кезде ТҚК операцияларының тізбесіне мынадай өзгерістер мен толықтырулар енгізіледі:
      1) салқындатқыш сұйықтықты салқындату жүйесінен ағызып алу (жүк автомобильдері мен автобустар үшін) және жүйені таза сумен жуу, ағызу крандарын ашық күйде қалдыру;
      2) отынды отын багынан ағызып алу;
      3) аккумулятор батареясын, оны қоймада сақтау үшін автокөлік құралынан алу;
      4) шиналарды жарық өткізбейтін материалмен жабу немесе қорғағыш ерітіндісімен өңдеу (ашық алаңдарда сақтау кезінде);
      5) жеңіл автомобильдер мен автобустар шанағының және жүк автомобильдері кабинасының сыртқы бетін балауыз пастасымен, ал сәндік бөлшектердің хромдалған немесе жылтыратылған беттерін бұзылудан сақтайтын май қабатымен жабу.
      762. Автокөлік құралдарын ашық алаңшада сақтаған кезде резеңке-техникалық, пластмасса бұйымдардың және лакты-бояулы жамылғысының сақталуын қамтамасыз ету үшін автокөлік құралын тура түсетін күн сәулелерінің және жауын-шашынның әсерінен қорғайды (тентпен жабады, уақытша қалқа жасайды).

7-параграф. 25 тн және 25 тн-дан жоғары кран автомобилі
(МЕМСТ 22827, МЕМСТ 21398, МЕМСТ 1575)

      763. Автомобиль краны - тиеу-түсіру және құрылыс-монтаждау жұмыстарына және үйінділерді аршуға арналған
      764. Сақтау деп мақсатына сай пайдаланылмайтын кранды берілген күйінде оны орналастыруға арналған орында тапсырылған мерзім ішінде сақталуын қамтамасыз етуді айтамыз.
      765. Қысқа мерзiмде (3 айға дейiн) және ұзақ сақтауды танып бiледi. Қысқа мерзiмде кранды сақтауға қоймас бұрын кранға кезекті техникалық қызмет көрсетіледі, одан басқа, келесi жұмыстарды орындайды:
      1) барлық боялған беттерінің бояуларын қалпына келтiредi, және де алдын ала тот басқан жерін кiрлерден тазартады және майын кетiредi;
      2) шығыр жүкарқанын аяғына дейiн тарқатады, кiрлерден тазартады, арқан сылауларымен жағады, кейiн жүктемемен орайды; (жебе, iлмек оқжаны) барлық блоктерді кiрден және тоттан тазартады;
      3) барлық кранның боялмаған орындарын кiрден және тоттан тазартады, солидол жағады, пергаменттiк қағазбен екi қабаттан орап және баумен байлайды;
      4) (ҚБҚ) кабинаның есiгiнің топсасын және құлыптарын, кабинаның люктерiн қосалқы аспаптар жәшiктерiн қарап шығады, шыққан ақауларды жояды;
      5) жалғау түйiспені сымының ахуалын тексередi; бұзылған оқшаулауды қалпына келтiредi;
      6) кран жарығының барлық аспаптарын, фаралардың және машинистің кабинасының шынысын тексеріп және парафин не пергаменттік қағазды солидолмен жабыстырады, шынылардың резеңке құлыптарына сылауды тигiзбеуін қадағалау керек;
      7) тежеуiш шкивтерiн кiрден, тоттан тазартады және түссiз лакпен бояйды. Картерін майлаушы материалдардың (маусымдық) тиiстi сұрыптарымен механизмдер мен агрегаттар толтырылады. Гидрожүйені маусымға сәйкес жұмыс сұйықтығымен толтырады;
      8) ҚБҚ-ны консервациялайды: солидол жағады, пергаменттiк қағазбен орайды, бөлшектiң реттiк нөмiрi бар бирканы іліп, орындарына жинақтайды. Машинистың кабинасының есiгін, люк және алдыңғы терезесiн, ҚБҚ-ы бар жәшiкті, кранды консервациялағаннан кейiн пломбалайды;
      9) ашық алаңда кранды сақтағанда бұрылатын тұғырды, жебенi және машинистің кабинасын (тенттермен) қаптармен жабады. Сақтау кезіінде ілмекті шынжыр құрылғыға іледі, жүк арқанын босатып қояды.
      766. Қысқы мерзімде сақтаудан кранды алғанда келесі жұмыстарды жасайды:
      1) кранды толығымен және шассиді консервациядан алады. ҚБҚ-тың жәшiктерiнде, есiкті, алдыңғы терезе және люктердің пломбасын алады, ҚБҚ ашады;
      2) сақтауға қойылған кезде боялмаған жұмыстық емес беттердің солидолданған жерлерін бензинсіз кетіру керек;
      3) машинистың кабинасының шыныларынан қағазды алады, құрғақтап сүртеді, сосын барып жанармайда суланғанмен сүртіледі, сосын қайтадан құрғақ шүберекпен сүрту қажет;
      4) тежеуiш барабанының бетiн бензинмен жуады, сосын құрғақ шүберегiмен үйкеп сүрту қажет;
      5) ауысым аралық техникалық қызмет көрсетіледі;
      6) кранның барлық тетiктер және жиынтық бiрлiктердiң жұмысын бос айналымда, жарық және сигнализацияның аспаптарын тексередi.
      767. Ұзақ сақтауға даярлау кезінде кранға қайтадан қызмет көрсетіледі, (маусымдық, мезгілдік егер уақыты келсе) және тағы да қосымша жұмыстар орындалады:
      1) аспаларды бұғыттау тетiгін талдайды, барлық бөлшектерді кiрден және тоттан тазартады, тарту күшiн, тетiктерді және кронштейндердi бояйды және өстерге, топсалы iшпектерге солидол жағады, бұғаттау тетiгiн жинайды;
      2) шығыңқы тiректердi илігіп алады, оларды кiр және тоттан тазартады, бояйды, өстер және саусақтарға солидол жағады, орнына шығыңқы тiректердi құрады;
      3) гидроцилиндрді кiрлерден тазартады, жуып бүлінген бояуларды қалпына келтiредi;
      4) ожан iлмегін және жебенi талдайды, кiр және тоттан тазартады, бүлінген бояуларды қалпына келтiредi, солидолды iшпектер және оқ жанның өстерiне жағады, оқжанды жинайды;
      5) телескоптың полиспасын және цилиндрдi талдайды, кiр және тоттан тазартады, бүлінген бояуларды қалпына келтiредi, солидол жағады; цилиндрді жуып сұйықтық жағады, телескоптың тетiгiн және жебенi жинайды;
      6) жебенiң басында блоктердiң өсiн шешіп алады, кiр және тоттан тазартады, солидол жағады және қайтадан жинайды;
      7) отын жiберу және жұмыс операцияларын басқарудың жетектерiн талдайды, кiрден тазартады және тоттанған бетіне солидол жағады;
      8) кранға орнатылған кестенің кiрлерін тазартады, құрғақтап сүртеді (техникалық вазелинмен), сылауды тегiс жағады;
      9) жебедегі фараны талдайды, тазартып, солидол жағады және парафинделген қағазбен немесе (немесе шешіп алып, машинистың кабинасында сақталады) матамен оралады;
      10) машинистың орындығын шешіп тазалайды, кiр және тоттан тазартады және сыртқы түс бояуларын қалпына келтiредi, майлайды сосын жинайды;
      11) тежеуiштердiң шкивтерiнкiрден, тоттан тазартады, түссiз лак жағады, қалыптардын таспа мен шкивтер арасына парафинделген қағаз салады.
      768. Ұзақ мерзімді сақтаудан алу кезінде қысқа мерзiмдi сақтаудан кранды алғандағы барлық іс-шараларды орындайды және кезектен тыс техникалық куәландыруды жүргізеді.
      769. Жиынтық бiрлiктердi бос және жүкпен жүргізу кезінде сапасын тексереді (50 оС-ден аса емес қою сылауға және 80 оС сұйық болғанда) iшпектердiң қызуын қосуларын және тығыздалуларын, сенiмдiлiгін, бекiткiштердiң шуын және ұрудың бiр қалыптылығын, берiлiстердiң ауыстырып қосудың жеңiлдiгiн, құрастырылудың сапасын дұрыстап тексеру қажет.
      770. Крандарды жабық үй-жайларда немесе қанқаның астында сақталуы керек. Консервациялау, герметизация және қоймада сақталуын талап ететін құрама бөліктерін шешіп алу жұмыстары міндетті түрде орындалғанынан кейін жабдықталған ашық алаңда сақтауға болады.

8-параграф. Жүк автомобилі
(МЕМСТ 21398, МЕМСТ Р 52280)

      771. Жүк автомобилі – төгілетін материалды және жүкті тасуға арналған.
      772. Консервациялау және оларды сақтау алдында жүк автомобиліне техникалық қызмет көрсетілуі тиіс.
      773. Жүктерді автомобильмен тасымалдау кезінде пайдаланылатын автокөлік құралдары жабық үй-жайларда немесе қалқаның астында сақталады. Консервациялау, герметизация және қоймада сақталуын талап ететін құрама бөліктерін шешіп алу жұмыстары міндетті түрде орындалғанынан кейін жабдықталған ашық алаңда сақтауға болады.
      774. Автокөлік құралдарын сақтау орындарына қою, автокөлік құралдарының және ғимараттар мен құрылыстардың элементтері арасындағы қашықтық белгіленген талаптарға сәйкес келетіндей және олардың еркін шығуын қамтамасыз ететіндей жүзеге асырылуы тиіс. Сақтау аймағында жөндеу жұмыстары мен автокөлік құралдарына техникалық қызмет көрсетуді жүргізуге, сондай-ақ сүрткіш және пайдаланымдық материалдарды сақтауға рұқсат етілмейді.
      775. Ұзақ сақтауға (үш айдан артық) қойылған кезде автокөлік құралдары консервациялаудан өтуі тиіс.
      776. Консервациялау алдында жуу-жинау жұмыстары, және қажет болған жағдайда, автокөлік құралдарын жарамды күйге келтіру үшін ТҚ және ТЖ жұмыстары орындалады.
      777. Консервациялау деп автокөлік құралдарының ұзақ уақыт кезеңі ішінде сақталуын және қысқа мерзімде көліктік күйге келтірілу мүмкіндігін қамтамасыз ететін арнайы дайындалған жағдайларда және осы мақсаттарға бөлінген алаңшаларда ұзақ сақтауға дайындау жөніндегі операциялар түсініледі.
      778. Алты айға дейінгі мерзімге сақтауға қойылатын автокөлік құралдарына ТҚК бойынша жұмыстарды жүргізу кезінде мынадай операцияларды орындау қажет:
      1) салқындату жүйесіне төменгі температурада қататын сұйықтықты құю (күзгі-қысқы уақыт кезеңінде сақтауға қою кезінде);
      2) желдеткіш, генератор және сығымдағыш жетегі белдіктерінің тартылуын босату;
      3) тұтандыру оттықтарын бұрап алу және қозғалтқыштың цилиндрлеріне 50-70 см 3-ден май құю, содан кейін иінді білікті 5-6 айналымға бұру және тұтандыру оттықтарын қайта бұрап жабу;
      4) сығымдағыштың цилиндрлеріне 20 см 3 -ден май құю;
      5) электролиттің тығыздығын тексеру және сақтау температурасына сәйкес келетін қажетті деңгейге дейін жеткізу және аккумулятор батареясын толығымен зарядтау. Аккумулятор батареясының минустық клеммасын шанақпен (массамен) қосатын сымды ажырату;
      6) қоректендіру жүйесі ауа сүзгісінің кіріс келте құбырын және сөндіргіштің шығыс құбырының саңылауын майлы қағазбен тығыздап жабу;
      7) қолмен тежегіштің үйкелу түйіндерін майлау;
      8) автомобильді, доңғалақтардың жер бетінен көтерілуін қамтамасыз ететін тұғырыққа қою;
      9) кабина мен шанақтың есіктерін, терезелерін және желдеткіш люктерді жабу.
      779. Автокөлік құралдарын алты айдан артық мерзімге сақтауға қойған кезде ТҚК операцияларының тізбесіне мынадай өзгерістер мен толықтырулар енгізіледі:
      1) салқындатқыш сұйықтықты салқындату жүйесінен ағызып алу (жүк автомобильдері мен автобустар үшін) және жүйені таза сумен жуу, ағызу крандарын ашық күйде қалдыру;
      2) отынды отын багынан ағызып алу;
      3) аккумулятор батареясын, оны қоймада сақтау үшін автокөлік құралынан алу;
      4) шиналарды жарық өткізбейтін материалмен жабу немесе қорғағыш ерітіндісімен өңдеу (ашық алаңдарда сақтау кезінде);
      5) жеңіл автомобильдер мен автобустар шанағының және жүк автомобильдері кабинасының сыртқы бетін балауыз пастасымен, ал сәндік бөлшектердің хромдалған немесе жылтыратылған беттерін бұзылудан сақтайтын май қабатымен жабу.
      780. Автокөлік құралдарын ашық алаңшада сақтаған кезде резеңке-техникалық, пластмасса бұйымдардың және лакты-бояулы жамылғысының сақталуын қамтамасыз ету үшін автокөлік құралын тура түсетін күн сәулелерінің және жауын-шашынның әсерінен қорғайды (тентпен жабады, уақытша қалқа жасайды).

9-параграф. Вахташы автомобиль

      781. Универсалды герметикалық шанақты автомобиль – құтқарушы бөлімдердің жеке құрамын төтенше жағдайлар болған жерге және адамдарды көшіруге арналған.
      782. Шанақ-салон - қаңқасы оқшауланған темірден, екі қабатты шыныдан және жылытуы кемінде 50 мм, жылыту-желдеткіш жүйесімен жабдықталған, жүргізушімен сөйлесуге арналған қондырғысы бар.
      783. Жүргізушінің орнын қоса санағанда барлығы 30 адамдық орын бар.
      784. Шанақ-салонды жылыту - қондырғының суыту жүйесінен және автономдық дизель отынынан.
      785. Автокөлік құралдарын алты сақтауға қойған кезде мынадай операцияларды орындау қажет:
      1) салқындатқыш сұйықтықты салқындату жүйесінен ағызып алу (жүк автомобильдері мен автобустар үшін) және жүйені таза сумен жуу, ағызу крандарын ашық күйде қалдыру;
      2) отынды отын багынан ағызып алу;
      3) аккумулятор батареясын, оны қоймада сақтау үшін автокөлік құралынан алу;
      4) шиналарды жарық өткізбейтін материалмен жабу немесе қорғағыш ерітіндісімен өңдеу (ашық алаңдарда сақтау кезінде);
      5) жеңіл автомобильдер мен автобустар шанағының және жүк автомобильдері кабинасының сыртқы бетін балауыз пастасымен, ал сәндік бөлшектердің хромдалған немесе жылтыратылған беттерін бұзылудан сақтайтын май қабатымен жабу.
      786. Автокөлік құралдарын ашық алаңшада сақтаған кезде резеңке-техникалық, пластмасса бұйымдардың және лакты-бояулы жамылғысының сақталуын қамтамасыз ету үшін автокөлік құралын тура түсетін күн сәулелерінің және жауын-шашынның әсерінен қорғайды (тентпен жабады, уақытша қалқа жасайды).

10-параграф. Жүк тасығышы бар трейлер
(МЕМСТ 2349, МЕМСТ 12105)

      787. Жүк тасығышы бар трейлер - әртүрлі үлкен көлемдегі, оның ішінде габаритсіз автопоезд құрамындағы жүкті тасымалдау үшін.
      788. Осы стандарт жүк тасығышы бар трейлерге, жүк тасығышы бар автомобильге, автомобильдік жолдарда қолдануға, және тартпа қондырғылары бар құралдарға орта тарпасы бар және ілінетін орта тарпасы барларға таралады.
      789. Арнайы мақсаттағы жол талғамайтын автокөлiктерi базасында дайындалған ершікті тартқыштарға жартылай тіркелген, сондай-ақ жартылай тiркеменiң белсендi өстерiнiң жетегi немесе жартылай тіркемеге орналастырылған түрлі механизмдер жетегі үшін, жартылай тіркелу кіндік темірі арқылы қуат беру жүзеге асырылатын автопоездарға стандарт таралмайды.
      790. Трейлер - бұл кәдiмгi ауылшаруашылық тракторға немесе тартқышқа тіркелетін, гидравликалық жүйесі бар тіркеу. Гидравликалық цилиндрлар арқылы тартқыш қозғалтқышының қуаты есебінен трейлермен бiрге қайығы және кильблоктермен бiрге көтерілуін және түсiрілуiн жүзеге асырады.
      791. Тiркеу құрылымы қарапайым, (топсалық қосылыстарды жыл сайын майлау керектігін қоспағанда) ешқандай да қызмет етуді және арнайы сақтау жағдайларын iс жүзiнде талап етпейдi. Қалқан астында ашық ауада сақтауға болады.
      792. Трейлер жабық үй-жайларда немесе қанқаның астында сақталуы керек. Консервациялау, герметизация және қоймада сақталуын талап ететін құрама бөліктерін шешіп алу жұмыстары міндетті түрде орындалғанынан кейін жабдықталған ашық алаңда сақтауға болады.

11-параграф. Жолаушылар автобусы
(МЕМСТ 27815)

      793. Жолаушылар автобусы – жолаушылар тасымалдауға арналған. Автобуста отыратын орындар, сонымен қатар тұратын жолаушыларға арналған өту жерлері бар. Қорабы – дәнекерленген, тікбұрышты темір корпус, кеңістік рамалы, шанағы шегеленбеген. Рөл басқарудың орналасуы – сол жағында. Қозғалтқыштың орналасуы – артқы.
      794. Жолаушыларды тасымалдау кезінде пайдаланылатын автокөлік құралдары жабық үй-жайларда, қалқаның астында немесе ашық алаңшаларда сақталады (көлік жайсыз сақталу).
      795. Ауысымаралық уақытта жолаушыларды тасымалдау кезінде пайдаланылатын автобустар, сондай-ақ жұмыс сипаты тұрақты дайындықты қажет ететін автокөлік құралдары жылытылатын жабық үй-жайларда сақталуы тиіс.
      796. Автокөлік құралдарын сақтау орындарына қою, автокөлік құралдарының және ғимараттар мен құрылыстардың элементтері арасындағы қашықтық белгіленген талаптарға сәйкес келетіндей және олардың еркін шығуын қамтамасыз ететіндей жүзеге асырылуы тиіс. Сақтау аймағында жөндеу жұмыстары мен автокөлік құралдарына техникалық қызмет көрсетуді жүргізуге, сондай-ақ сүрткіш және пайдаланымдық материалдарды сақтауға рұқсат етілмейді.
      797. Ұзақ сақтауға (үш айдан артық) қойылған кезде автокөлік құралдары консервациялаудан өтуі тиіс.
      798. Консервациялау алдында жуу-жинау жұмыстары, және қажет болған жағдайда, автокөлік құралдарын жарамды күйге келтіру үшін ТҚ және ТЖ жұмыстары орындалады.
      799. Консервациялау деп автокөлік құралдарының ұзақ уақыт кезеңі ішінде сақталуын және қысқа мерзімде көліктік күйге келтірілу мүмкіндігін қамтамасыз ететін арнайы дайындалған жағдайларда және осы мақсаттарға бөлінген алаңшаларда ұзақ сақтауға дайындау жөніндегі операциялар түсініледі.
      800. Алты айға дейінгі мерзімге сақтауға қойылатын автокөлік құралдарына ТҚк бойынша жұмыстарды жүргізу кезінде мынадай операцияларды орындау қажет:
      1) салқындату жүйесіне төменгі температурада қататын сұйықтықты құю (күзгі-қысқы уақыт кезеңінде сақтауға қою кезінде);
      2) желдеткіш, генератор және сығымдағыш жетегі белдіктерінің тартылуын босату;
      3) тұтандыру оттықтарын бұрап алу және қозғалтқыштың цилиндрлеріне 50-70 см 3-ден май құю, содан кейін иінді білікті 5-6 айналымға бұру және тұтандыру оттықтарын қайта бұрап жабу;
      4) сығымдағыштың цилиндрлеріне 20 см3 -ден май құю;
      5) электролиттің тығыздығын тексеру және сақтау температурасына сәйкес келетін қажетті деңгейге дейін жеткізу және аккумулятор батареясын толығымен зарядтау. Аккумулятор батареясының минустық клеммасын шанақпен (массамен) қосатын сымды ажырату;
      6) қоректендіру жүйесі ауа сүзгісінің кіріс келтеқұбырын және сөндіргіштің шығыс құбырының саңылауын майлы қағазбен тығыздап жабу;
      7) қолмен тежегіштің үйкелу түйіндерін майлау;
      8) автомобильді, доңғалақтардың жер бетінен көтерілуін қамтамасыз ететін тұғырыққа қою;
      9) кабина мен шанақтың есіктерін, терезелерін және желдеткіш люктерді жабу.
      801. Автокөлік құралдарын алты айдан артық мерзімге сақтауға қойған кезде ТҚк операцияларының тізбесіне мынадай өзгерістер мен толықтырулар енгізіледі:
      1) салқындатқыш сұйықтықты салқындату жүйесінен ағызып алу (жүк автомобильдері мен автобустар үшін) және жүйені таза сумен жуу, ағызу крандарын ашық күйде қалдыру;
      2) отынды отын багынан ағызып алу;
      3) аккумулятор батареясын, оны қоймада сақтау үшін автокөлік құралынан алу;
      4) шиналарды жарық өткізбейтін материалмен жабу немесе қорғағыш ерітіндісімен өңдеу (ашық алаңдарда сақтау кезінде);
      5) жеңіл автомобильдер мен автобустар шанағының және жүк автомобильдері кабинасының сыртқы бетін балауыз пастасымен, ал сәндік бөлшектердің хромдалған немесе жылтыратылған беттерін бұзылудан сақтайтын май қабатымен жабу.
      802. Автокөлік құралдарын ашық алаңшада сақтаған кезде резеңке-техникалық, пластмасса бұйымдардың және лакты-бояулы жамылғысының сақталуын қамтамасыз ету үшін автокөлік құралын тура түсетін күн сәулелерінің және жауын-шашынның әсерінен қорғайды (тентпен жабады, уақытша қалқа жасайды).

12-параграф. Автоцистерна
(МЕМСТ 9218)

      803. Автоцистернатамақ өнімдерін, ауыз суды тасымалдауға арналған. Цистерналар - сыйымдылыққа көрсетілетін үлкен санитарлық-гигиеналық талаптармен ерекшеленеді. Мұндай автоцистернаның сыйымдылықтары тот баспайтын құрыштан немесе алюминий қорытпаларынан жасалуы тиіс.
      804. Әр цистернада көрнекі жерінде МЕМСТ 12971 бойынша мыналар жазылған фирмалық кесте болуы тиіс:
      1) өндіріп шығарған кәсіпорынның атауы немесе тауар белгісі;
      2) цистернаның белгісі;
      3) өндіріп шығарған кәсіп орынның нөмірлеу жүйесі бойынша цистернаға қойған реттік нөмірі;
      4) шығарылған күні;
      5) техникалық шарты және осы стандарттың белгісі;
      6) тасымалдау шаралары үшін Мемлекеттік тізілімнің белгісі;
      805. Тасымалдау шаралары бойынша бүтін бұйымда фирмалық кестеден өзге таңбасы әр цистернада (секцияда) мыналар жазылған кесте болуы тиіс:
      1) толық сыйымдылығы;
      2) мемлекеттің нақты белгісі болуы қажет.
      Толық сыйымдылығы мен мемлекеттіктексеру таңбасы цистернаның мойнының ішінде қойылуы мүмкін.
      806. Тексерумен белгіленілген цистерна сыйымдылығы белгісі жазылатын кестені түсті металдан құйып мойнының оң жағына жақсылап орнату керек. Мемлекеттік таңба және 12 мм-ден кем емес кестенің мөлшері әріптер сиятындай болуы керек.
      807. Цистернаны көліктің әр түрімен немесе өзінің жүрісімен тасымалдауға болады.
      808. Автоцистерна жабық үй-жайларда немесе қанқаның астында сақталуы керек. Консервациялау, герметизация және қоймада сақталуын талап ететін құрама бөліктерін шешіп алу жұмыстары міндетті түрде орындалғанынан кейін жабдықталған ашық алаңда сақтауға болады.

13-параграф. Мотопомпа

      809. Мотопомпа – қатты және орташа ластанған, таза суды қотаруға арналған. 50 мм дейін мөлшердегі қатты бөлшектермен бөлшектенген және лайланған суды қотаруға қабілетті. Электрооталдырғыш немесе қолдық оталдырғыштың көмегімен жіберіледі.
      810. Тасымалдау кезінде климаттық факторлардан механикалық зақымданулардан қорғау және мотопомпа ластанбау үшiн ыдысқа салып оралуы керек. Қаптама тасымалдау, тиеу, түсiру кезінде ыдыста жүктiң жылжуын болдырмайтындай жасалуы керек.
      811. Техникалық және қолдану кезiндегi құжаттама, қосалқы бөлшектер және аспаптар ылғал өткiзбейтiн пакетке салынуы керек. Пакет буып-түйетiн жәшiк iшiне салынуы керек.
      812. Механикалық зақымданудан және атмосфералық ылғалдан оларды сақтауды қамтамасыз етедіндей тұтынушының келісімі бойынша мотопомпаны қаптамасыз тасымалдауға рұқсат етiледi.
      813. Мотопомпаны және қосалқы бөлшектерді қаптау алдында тазалауы керек. Сорғының iшкi қуысын кептiру керек.
      814. Мотопомпаларды ұзақ сақтауды жылытылатын қойма үй-жайларында 40 оС аспайтын температурада жүзеге асыру керек.

14-параграф. «КАМАЗ» базасындағы «Тазасу-М»
жылжымалы құрылғысы

      815. Ауыз суын дайындайтын «Тазасу-М» мобильдік қондырғысы жылытылған кузов-фургонда орналастырған (жылытқыш 30 мм кем емес), жылыту дизель отынымен кузов-фургонда қыс уақытында +10оС төмен емес температураны қамтамасыз етеді.
      816. Ауыз суын дайындайтын қондырғы кемінде 4 м3/сағ таза су өндіреді.
      817. Тазартылған су су көздеріне, шаруашылық ауыз суды қамтамасыз етуге, мәдени-тұрмыста суды пайдалануға және су объектілерінің қауіпсіздігіне санитарлы-эпидемиологиялық талаптарына сәйкес болуы қажет.
      818. Автокөлік құралы («КАМАЗ» базасындағы) ұзақ сақтау кезінде (6 айдан аса) консервациялай қажет.
      819. Консервациялау үшiн мыналар керек:
      1) шанақты жуып және құрғақтап сүрту (сыртынан және iшiнде);
      2) зақымдалған орнын бояумен бояу;
      3) бейтарап жағармаймен боялмаған металды түйiндердiң және бөлшектердің беттерiн жабу;
      4) үйкелетiн беттерінің бәрiн майлы жағармаймен сылау;
      5) есiкті құлыпқа жабу.
      820. Шина және басқа резеңке бөлшектердi күн сәулелерiнің тiкелей әсерiнен сақтау керек.
      821. Аккумулятор батареялары мүмкiндiгінше салқын үй-жайда 0 оС жоғары емес және -30 оС төмен емес жерде сақталуы керек. Автокөлiкпен бiрге және улы химиялық заттар (қышқылдар, сiлтiлер) сақтауға тыйым салынады.
      822. Автокөлiктiң мостасы түбіне ағаш немесе металлдан тiреуішін қойып сонымен, доңғалақтар тегіс жерде кемінде 8 см көтеріліп тұру керек. Керек жағдайда, тіреуіштің астына ағаш салу. Рессорларды жүктен босатып, рама және мосталар арасына ағаш тiректер орнату керек.
      823. «КамаЗ» базасындағы «Тазасу-М» жылжымалы құрылғысы таза, желдететiн, жылытылмайтын бөлмеде 40-70%-шi мөлшеріндегі салыстырмалы дымқылдылықта сақтау керек.

15-параграф. «ГАЗ» базасындағы «Тазасу-М»
жылжымалы құрылғысы

      824. Ауыз суын дайындайтын «Тазасу-М» мобильдік қондырғысы жылытылған кузов-фургонда орналастырған (жылытқыш 30 мм кем емес), жылыту дизель отынымен кузов-фургонда қыс уақытында +10оС төмен емес температураны қамтамасыз етеді.
      825. Ауыз суын дайындайтын кондырғы кемінде 4 м3/сағ таза су өндіреді.
      826. Тазартылған су су көздеріне, шаруашылық ауыз суды қамтамасыз етуге, мәдени-тұрмыста суды пайдалануға және су объектілерінің қауіпсіздігіне санитарлы-эпидемиологиялық талаптарына сәйкес болуы қажет.
      827. Автокөлік құралы («ГАЗ» базасындағы) ұзақ сақтау кезінде (6 айдан аса) консервациялай қажет.
      828. Консервациялау үшiн мыналар керек:
      1) шанақты жуып және құрғақтап сүрту (сыртынан және iшiнде);
      2) зақымдалған орнын бояумен бояу;
      3) бейтарап жағармаймен боялмаған металды түйiндердiң және бөлшектердің беттерiн жабу;
      4) үйкелетiн беттерінің бәрiн майлы жағармаймен сылау;
      5) есiкті құлыпқа жабу.
      829. Шина және басқа резеңке бөлшектердi күн сәулелерiнің тiкелей әсерiнен сақтау керек.
      830. Аккумулятор батареялары мүмкiндiгінше салқын үй-жайда 0 оС жоғары емес және -30 оС төмен емес жерде сақталуы керек. Автокөлiкпен бiрге және улы химиялық заттар (қышқылдар, сiлтiлер және т.б.) сақтауға тыйым салынады.
      831. Автокөлiктiң мостасы түбіне ағаш немесе металлдан тiреуішін қойып сонымен, доңғалақтар тегіс жерде кемінде 8 см көтеріліп тұру керек. Керек жағдайда, тіреуіштің астына ағаш салу. Рессорларды жүктен босатып, рама және мосталар арасына ағаш тiректер орнату керек.
      832. «ГАЗ» базасындағы «Тазасу-М» жылжымалы құрылғысы таза, желдететiн, жылытылмайтын бөлмеде 40-70%-шi мөлшеріндегі салыстырмалы дымқылдылықта сақтау керек.

15. Тіршілікті қамтамасыз ету құралдары

1-параграф. Дала асханасы

      833. Дала асханасы – әр автомобильге сүйреуге арналған бір остік тіркемелі ептілі қозғалмалы ас үй.
      834. Дала асханасынсақтауды жүзеге асыру мүмкін болады:
      1) жеңіл санаттағы сақтау жағдайына сәйкес келетін, жабық жылытылған қоймаларда;
      2) орта санаттағы сақтау жағдайына сәйкес, жабық жылытылмайтын қоймаларда;
      3) жабық жылытылмайтын темір қоймаларда және бастырма астында.
      835. Ұзақ мерзімге сақтауға қою алдында дала асханасын консервациялау қажет.
      836. Қайта консервациялау кезеңділігі сақтау шартының (МЕМСТ 9.014-78) санаттарына сай болуы керек:
      1) қатал және өте қатал (Қ және ӨҚ) – 3 жыл;
      2) орташа (О) – 6 жыл;
      3) жеңіл (Ж) 10 жыл.
      837. Жасаушы зауыттан асхана консервациядан күйде (Қ) санатына сәйкес келуі тиіс және ұзақ сақтауға жарамды болуы тиіс.

2-параграф. 6 м ағаш бағаналар
(МЕМСТ 9463)

      838. Өндірістік және құрылыс салаларында қолдануға арналған қылқан жапырақ тұқымды дөңгелек ағаш материалдары.
      839. Дөңгелекағаш материалдары түрлі үлгідегі штабелдерде жиналады: нығыз, қатарлы, нығыз- қатарлы, қорапты, пакетті. Штабелдердің үлгілері мен өлшемдері ағаштардың жақсы сақталуын, штабелдік жабдықтың техникалық мүмкіндігіне, қауіпсіз жұмыс жағдайын қамтамасыз, жинақтау үшін аудан өлшемін есепке ала отырып таңдалады.
      840. Тығыз штабельде ағаш материалдары төсемелерсіз теңделеді. Мұндай штабель жақсы сиымдылықпен сипатталады.
      841. Қатарлы штабельдерде ағаш материалдарын параллель қатарлармен теңдейді, араларына екі-үш қатар төсемелер қойылады.
      842. Тығыз – қатарлы штабельдерде ағаш материалдары көп қабатты қатарлармен, жеке- жеке көлденең төсемелермен теңделеді. Ауаның жіті айналуымен, сыйымдылықта және жұмысты механизациялау мүмкіндігіне қарасты тығыз- қатарлы штабельдің тығыз және қатарлы штабельдер арасында аралық мәні бар.
      843. Қорапты штабельдерде ағаш материалдары қораптап теңделеді, бір-бірінен көлденең, көлбеу немесе тіқ жекеленеді. Штабельдерде қораптарды қалау және оны тексеру жасанды арқандармен соқпақты крандармен немесе лебедкалармен іске асырылады.
      844. Пакетті штабель белгілі бір пішінді және өлшемдерді пакеттерден таңғышпен байланған, контенерлермен немесе басқа құрылғылармен бекітіліп қалыптастырылады. Пакеттің қатарлары бір-біріне параллель немесе перпендикуляр болуы мүмкін.
      845. Қысқа дөңгелек және былған ағаш материалдары (ұзындығы 2м) томарда немесе үйімдерде, кесілген қалдықтар - үйіндіде, үйімдерде, жаңқа - үйімдерде сақталуы мүмкін.
      846. Ағаш материалдарын сақтау – бүлінуінің өндірілгеннен бастап дайын өнімге өңдеуге дейін оның бүлінуінің жарамсыздандыруының алдын алу іс-шаралар жүйесі. Ағаш материалдарының түрі мен мақсатына байланысты түрлі сақтау әдістері қолданылады. Ағаш материалдарын сақтау процесінде құрт-құмырсқалармен, саңырауқұлақтармен бүлінуі және жіктің пайда болуы мүмкін.
      847. Сүректің ақаулары қоймада в көктем-жаздың мезгілдерінде қоймаларда ұзақ дұрыс сақтамағандықтан туындайды.
      848. Ағаш материалдарын бірінші жазда сақтау кезінде құрт-құмырсқалар және ағаш саңырауқұлақтарыбүлдіруі мүмкін. Саңырауқұлақтар - шіріктің қоздырғыштары сирегірек кездеседі. Қылқан жапырақты тұқымдарынан ағаш саңырауқұлақтардынберіктгі төмен қарағай, самырсын, балқарағай болып табылады. Шырша және(айрықша) сібір самырсыны оларға қарсы төзімдірек.Жапырақты тұқымдар сақтаудың бірінші жазында тек ағашқаралағышпен, сонымен қатар ағаш бұзушы саңырауқұлақтармен, мәрмәр шіріктің қоздырғыштарыменде бүлінеді. Ыдыратқыш тамырлы тұқымнын (қайыңның, шамшаттың, қандағаштың, және өзге көктерегінің) сүрегі күреңдену және шіріктерілсетіпті төзімсіз. Шығыршықтамырлы тұқымдар(шегіршін, емен, ильм, арша) саңырауқұлақ залалына өте төзімді болады. Қоймаларда құрт-құмырсқалар жапырақты тұқымның сүрегін қылқан жапырақтыларға қарағанда аз бүлдіреді.
      849. Бұзылудың негізгі түрлері құрт-құмырсқамен құрт жеген, саңырауқұлақшалармен(күреңдену және шіріктер), физика-химиялық үдерістермен(болуы), кебуден(кесік және бүйір жіктер) жарықшақтан болады.
      850. Бұзылудың әр түрінің сүректің сапасына ықпалы әртүрлі. Оның мөлшері ағаш өніміне тиісті стандарттармен анықталады. Ағаш материалдарын сақтау және қорғау сортименттің әр түрініңпайдалану мақсатын, құрылыста және өнеркәсіпте пайдалану есепке ала отырып жүзеге асырылады.

3-параграф. Брезент мата
(МЕМСТ 15530)

      851. Осы стандарт зығыры және жартылай зығырлы, арнайы киімдерді дайындауға, қолды қорғайтын және техникалық мақсаттан бұйымдарға сақталуына арналған парусина мен екі жіпті матаға тарайды.
      852. Маталар осы стандарттың талабына қажет, техникалық құжаттамаларына және технологиялық режимдерге сай дайындалуы, белгіленген бекітілген тәртіпте дайындалуы қажет.
      853. Маталар пішінге белгіленген тәртіпте бекітілген үлгілерге-эталондарға сәйкес болуы керек.
      854. Брезент мата жабық, желдетілетін бөлмеде жылыту аспаптарынан 1 м қашықтықта сақталу керек.

4-параграф. Жылытуға арналған пеш
(МЕМСТ 9817)

      855. Жылытуға арналған пеш (буржуйка) – бұл ағаш отынын немесе басқа қатты отын (көмір жағатын), су қайнатуға, ас әзірлеуге, бөлмені жылытуға арналған шағын темір ошақ.
      856. Буржуйка пеші шойыннан немесе болаттан жасалады.
      857. Буржуйка пешінің салмағы оның габаритінен және материалына байланысты 5-тен 130 кг-ға дейін. Ең жеңілі болаттан, ауыры шойыннан жасалады.
      858. Осы стандарт қатты отын жағатын су контурымен номиналды жылыту қуаты 70 кВТ дейін ас әзірлеуге, жылы сумен қамтамасыз етуге, жылытуға арналған тұрмыстық аппараттарға тарайды.
      859. МЕМСТ 15150 бойынша сақтау шарттарын белгілеу кезінде нормативтік құжаттарда бұйымдарға келесі талаптарды ескереді:
      860. Барлық аппарат МЕМСТ 8828 бойынша қағазбен немесе аппараттың сақталуын қамтамасыз ететін басқа қағазбен оралу керек, кендірмен байланған және МЕМСТ 12082 сәйкес бекітілген белгіленген тәртіпте жұмыс сызбасымен техникалық шарттарға сәйкес дайындалады.
      861. Алынғалы бөлшектер МЕМСТ 8828 бойынша қағазбен оралған, кендірмен байланған жану камерасына қойылуы керек.
      862. Буржуйка пешінің қолданылу мерзімі шексіз.

5-параграф. 4 және 10 кВт электростанциялар
(МЕМСТ 21671)

      863. Осы стандарт жылжымалы бензин электрагрегаттарға (соның ішінде бірге қаланатын) және қуаттылығы 0,5 тен 30 кВт дейін электрстанцияларына қолданылады (бұдан әрі – электрагрегаттар мен электрстанциялар).
      864. Электроагрегаттың және электростанцияның конструкциясында элементтің басқару және қолданыс кезінде қызмет жасау қол жетімді мүмкіндігі болу керек, элементтерге, реттеуді және тексеруді талап ететін, сонымен қатар монтаждауға ыңғайлы болу керек.
      865. Электроагрегаттар және электростанция конструкциясында көтеретін тасымалдайтын құрылғылармен жылжыту мүмкіндігң қарастырылған болу керек.
      866. Бір электрагрегатты немесе электростанцияның жиынтығын жеткізіп беруге мыналар кіруі керек:
      1) электрагрегаттар (электрстанциялар);
      2) жеке жиынтық ЗИП (ЗИП-О);
      3) пайдалану құжаттамасы – МЕМСТ 2.601-68.
      867. Косымша жиынтықты (металжеңшелер, шанц аспабы, ауртпашылықты қосуы үшін кәбілдер, арнаулы жабдықтың жинақталыммен құралдар және электростанцияның мақсатынан тәуелділігі) және қолданыс құжаттамасының нақты үлгінің электростанциясіне нұсқайды.
      868. Жеке тапсырыспен қойылатын, ЗИП (ЗИП-Г) электроагрегаттар және электростанциялар жиынтығын жеткізу тобына кіруі тиіс:
      1) ЗИП Г5 – бес электроагрегаттар және электростанцияларға;
      2) ЗИП-Г10 – он электроагрегаттар және электростанцияларға.
      869. Электроагрегаттар және электростанциялардың сәйкестігін осы талапқа тексеруге келесі санаттағы сынақтар тағайындалады:
      1) қабылдау-тапсыру;
      2) мерзімді;
      3) жиынтық;
      4) сынақтар сенімділігіне.
      870. Сынаққа және қабылдауға ұсынылған электроагрегаттар және электростанциялар толығымен жасақталған болу керек.
      871. Сынаққа және қабылдауға ұсынылған электроагрегаттар және электростанциялар, жартылай жасақталған болуы мүмкін.
      872. Электроагрегаттың және электростанцияның гарантиялы пайдаланымы қуаттылығы 0,5 кВт,600сағ кем емес, 1 кВт және кемінде 1200 сағ шегінде кепілді пайдалану мерзімі. Бұл ретте кепілді пайдалану электр бөлікте кемінде:
      1) 3000 сағ - электроагрегаттар және электростанциялар қуаттылығы 1 кВт косымша;
      2) 5000 сағ - электроагрегаттар және электростанциялар қуаттылығы 1 кВт жоғары.
      873. Электростанциялар жабық, құрғақ, өртке қарсы қауіпсіздік ережелерін сақтап, атмосфералық жауын-шашын және топырақ ылғалдылығын болдырмайтын желдетілетін қойма бөлмелерінде сақталуы қажет.

6-параграф. 100-200 кВт электростанциялар
(МЕМСТ 23162)

      874. Электростанция - осы стандарт іштен жану қозғалтқышты электрагрегаттар және жылжымалы электрстанцияларға тарайды, сонымен қатар, қуаттылығы 500 кВт дейін газ турбинасымен және олардың шартты белгілерін тағайындайды.
      875. Стандарт дизель–генераторларға және дизель-генератор қондырғыларға тарамайды.
      876. Іштен жану қозғалтқыштың түріне:
      1) бензин (карбюраторлы);
      2) дизель;
      3) газтурбиналы;
      4) газпоршеньді;
      877. Қозғалшықтықтың дәрежесі бойынша:
      1) жылжымалы электрагрегаттар;
      2) стационарлық электрагрегаттар;
      3) кіріктірілген электрагрегаттар;
      4) жылжымалы электрстанциялар;
      5) ауыспалы электрстанциялар;
      6) блокты тасымалдайтын электрстанциялар.
      878. Токтың нысанына қарай:
      1) турақты, айнымалы бірфазалы;
      2) айнымалы үшфазалы.
      879. Көлік құралынның түріне қарай:
      1) автомобилде;
      2) тіркемеде;
      3) темір жол тұғырнамада(вагонда);
      4) арнайы көлікте.
      880. Стандарт кемелердің, дәнекерлегіш, тепловоздың электрагрегаттарын, ұшатын аппараттардың және энергопоездың электр агрегаттарына тарамайды.
      881. Электростанциялар жабық, құрғақ, өртке қарсы қауіпсіздік ережелерін сақтап, атмосфералық жауын-шашын және топырақ ылғалдылығын болдырмайтын желдетілетін қойма бөлмелерінде сақталуы қажет.

7-параграф. Автомобилдік наубайхана блогі

      882. Техникаларды сақтау (нан пісіру және тамақ дайындау бойынша) шара комплексін енгізеді, тот басудан, басқа бұзушылық жағдайдан және деформациядан сақтауды қамтамасыз етуін, техникалық дұрыстық және даярлық мақсатқа сай пайдалануға болуын үнемі қамтамасыз ететін іс-шаралар кешенінен құрылады.
      883. Оларға мынадай шаралар жатады:
      1) тазарту, техниканы жуу, ТК (техникалық күту) және консервация;
      2) техниканы сақтау орнына қондыру;
      3) техниканы сақтау процесінде қарау, сақтау мезімі шектеулі жекелеген агрегаттарды алмастыру және жаңарту;
      4) сақтау процесінде ТК;
      5) техниканы мақсатқа сай пайдалануға дайындау.
      884. Техниканы коррозия тудыратын химикаттарға (қышқылдар сілтілер, органикалық еріткіштерге) жақын жерде сақтауға тыйым салынады.
      885. Техниканы сақтауды мынадай жағдайларда жүзеге асырылады:
      1) сақтау жағдайының жеңіл санатына сәйкес келетін жабық жылытылатын қоймаларда (Ж - ММСТ 15150-69);
      2) сақтау жағдайының орташа санатына сәйкес келетін жабық жылытылмайтын үй-жайларда (О);
      3) сақтау жағдайының қатаң (Қ) санатына және өте қатаң (ӨҚ) санатына сәйкес келетін жабық темір қоймаларда және бастырма астында.
      886. Сақтау мерзімі:
      1) қатаң және өте қатаң (Қ және ӨҚ) 3 жыл;
      2) орташа (О) 5 жыл;
      3) жеңіл (Ж) 10 жыл.
      887. 1 айдан жоғары сақтауға қойылған (2 апталық негізгі климаттық жағдайда) техника тиісінше түрде консервациялануы керек.
      888. Өндірушіден түсетін техника, әдепте, консервацияланып және толығымен ұзақ сақтауға дайын болуы керек.Бұл мезетте келесі операцияларды орындау керек(жылыту жабдығы):
      1) қазандықты күйеден тазарту, оттықты, сужылытқыштың және газ жүру блокжолын,түтін құбырын және дефлекторды;
      2) пісіру шкафын кірден тазарту, қазандықтың ішкі беттерін, крандарды, блоктың сыртқы беттерін, қазандық жапқыштарын, бу шығарушы клапандарды, бу бұрмаларын жуып және кептіру керек;
      3) қазандық жапқышының нығыздағыштың резеңке төсемелерін шешу, жуу, кептіру, талькпен сүртіп және орнына орнату;
      4) пісіру шкафың ішкі беттерінежәне табаларға ММСТ 190-78 олифасы жұқа етіп жағу;
      5) қазандықтың ішкі беттеріне, жапқышына ММСТ 3164-78 вазелин майын жұқалап жағу;
      6) бу шығарғыш клапандарын және бу бұрғыш құтысымын вазелин майын жұқа етіп жағу;
      7) оттықты,отты корапты, күлсалғыш қорапты ТУ 6-10-1302-72 күмісті ПФ-837 алюминді эмальмен сырлау;
      8) блоктың сыртқы беттерін, су бу бұрмаларын, түтін құбыр беттерін, су қайнатқышты ММСТ 1642-75 ұршық майын жұқа қабатымен жағу;
      9) тиектің бұрандалу құралымдарына және т.б. вазелин майының жұқа қабатымен жағу;
      10) төккіш шүмектерді бөлшектеу, вазелин майымен майлап, жинау.
      889. Ұзақ мерзімде сақтауда автомобилдер мен тіркемелеррессорға салмақ түспеу үшін тірегіштерге (тіректерге) қойылады.
      890. Шиналар шығарылған күннен бастап 6 жылдан соң жаңартуға жатады.
      891. Палаткаларды оралған күйде сақтауға болады, жинақталуын және сапасын алдынала тексеріп алған жағдайда.
      892. Рамалар кассеталары тек қана тік қойылуы керек.

8-параграф. Шойын радиатор - жылытқыш аспап
(МЕМСТ 31311)

      893. Жылытқыш аспап (шойын радиатор) – қоршаған ортаға жылу көзінен келетін жылу бергіштен (су, бу) жылуды беру арқылы бөлмені жылытатын құрығы.
      894. Осы стандарт жылыту аспаптарына түрлі нысандағы ғимараттар мен имараттарды су мен жылынуы жүйесінде қолдануға арналған - радиаторларға және конвекторларға тарайды.
      895. Жылыту аспаптары келесі түрлерден жасалады: болат, шойын, алюминий және биметалдар секциялы радиаторлары, арналы радиаторлары, құбырлы жылыту аспаптары (орамал кептіргіштер) және конвекторлар.
      896. Жылыту аспаптарында келесі таңбалау болу керек:
      1) шығарушының атауы немесе оның сауда маркасы;
      2) шығарушының құжатына сәйкес жылыту аспабының үлгісі.
      897. Радиатордың секциясыны бүйір бетінде атауы немесе сауда белгісі және шығарылыған жылының екі соңғы саны көрсетілген болуы керек.
      898. Жылыту аспаптарын оралған күйінде жабық бөлмеде немесе бастырма астында сақтау керек, осыған байланысты, бұл ретте оларды ылғалдың және тұдыратын коррозияны химиялық заттардың әсерінен, әсерінен қорғауды қамтамасыз ету керек.
      899. Ашық алаңдарда, атмосфералық жауын-шашыннан сақталған, оралған жылыту аспаптарын 10 тәулік дейін сақтауға рұқсат беріледі.

9-параграф. Май құятын электрлі радиатор
(МЕМСТ 15150)

      900. Май құятын электрлі радиатор – жақсы жылу изоляциясы бар тұрғын үйлерді қосымша жылыту үшін қолданылатын майтолтырылған электрлі радиатор, 7 және одан да көп секциялы, күйік иісін шығармайды, шаңды көтермейді, оттегіні күйдірмейді. Орташа температурасы 85–95оC-ті құрайды, ал максималды 100–110 оC-тан жоғары емес.
      901. Электрлік радиаторлар мекемелердегі ауа температурасын автоматты түрде ұстап тұратын қызуды реттегішпен және екі немесе үш сатылы жылыту үшін қуат реттегішпен жабдықталады.
      902. Олар қосқаннан кейінгі 25-35 минуттан кейін қыза бастайды.
      903. Май радиаторының қуаты 0,5-1,5 кВт-ты құрайды. Ұзақ жұмыс уақытына есептелген – бірнеше тәулік бойына ұдайы үзбестен қолдануға болады.
      904. Май құятын электрлі радиатор жабық, құрғақ, Өртке қарсы қауіпсіздік ережелерін сақтап, атмосфералық жауын-шашын және топырақ ылғалдылығын болдырмайтын желдетілетін қойма бөлмелерінде сақталуы қажет.

10-параграф. Жылулық зеңбірегі

      905. ЭЖҚ жылыту желдеткіші ішінде трубалы тоқ жылытқыш орнатылған корпустан турады.Жұмыс барысында ауа ағыны жылу вентиляторының ішкі қусы арқылы өтеді және белгілі температураға дейін қызады.
      906. КЭЖ-5 жылыту желдеткіші қоректендіру кәбілімен шанышқысын жүйеге қосу үшін жасақталады, сол себептен шанышқыны (тоқ күшіне 25 А кем емес өлшеулі) монтаждауды тұтынушы әрі орындауы керек.
      907. КЭЖ-10 және КЭЖ-15 жылыту желдеткіші қоректендіру кәбілімен жасақталмайды, сол себепті монтаж тұтынушының барлық электр қауіпсіздік талаптарын сақтай отырып орындалады.
      908. Жылыту желдеткіші температура реттегішпен жасақталған, ол жылытылатын үй-жайдағы ауаның қызуын берілген температурада автоматты түрде және қосу түймесі аспаптың жоғарғы жапқышына шығарылған апаттың биметалды, термостат арқылы қалыпты ұстауға болады. Термостат іске қосылған кезде қуат алу кәбілін ажырату керек, желдеткіштің толықтай суығанын күту керек, қызудың себебін дұрыстау және қосқыш түймесін басып, аспапты жұмыс жағдайына келтіру керек.
      909. Жасаушы–кәсіпорын тұтынушылық қасиетін нашарлатпайтын жағдайда, жылыу желдеткіші конструкциясы мен электр схемасына өзгеріс енгізе алады.
      910. Жылыту желдеткіші үй-жайларда (көлемдерде) микроклиматтық жағдайлары жасанды реттететін болмағандықта әсердің ауада атмосфералық жауын-шашын әсері, құм және тозаң да және ылғалдың көтеріңкі конденсациясы жоқ жағдайларда пайдалануға арналған.
      911. Жылыту желдеткіші жабық үй-жайларда, механикалық жағдай немесе ылғалдылық болмаған жағдайда сақталуы тиіс. Штабелдеудің биіктігі жылыту желдеткішінің орауышында көрсетілген.

11-параграф. Вахталық – контейнер
(МЕМСТ 22853)

      912. Вахталық-контейнер (вагон-үй)– жылжымалы ғимарат, трактор тізбектерінің шассиінен немесе шанадан құрастырылған, электрлік жарықтандыру жүйесімен, жылылықпен, желдетумен және қажетті жиһаздармен жабдықталған, -60 және +45С ауа температурасында тәулік бойы пайдаланылады.
      913. Ғимараттарды, оның конструктивті элементтері мен пакеттерін сақтау қолдану нұсқаулығы мен паспортына сәйкес орындалуы керек.
      914. Ғимаратты сақтауға қойған кезде төмендегі операциялар орындалуы керек:
      1) контейнерлі үлгідегі ғимараттың жүру бөлігі жүктемеден босатылды;
      2) блок-контейнері қисаюсыз сүеуді қамтамасыз ететін тұғырға қойылады;
      3) есіктер, терезе және басқа да ойықтар жабылады және блок-контейнері ішіне бөгделердің кіруінен қорғалады;
      4) жылу жүйесінен және сумен жабдықтау төгіледі;
      915. Ғимарат, оның конструктивті элементтері және пакеттер алаңдарда көлбеу тұғырлар қолданумен еріген қар сулары мен жауын суларынан сақтауды қамтамасыз ететіндей,Өрт қауіпсіздігі ережесін қанағаттандыратын жағдайда сақталуы тиіс.
      916. Контейнерлік ғимарат, жиналмалы жазылмалы ғимараттың конструктивті элементтер және пакеттері сақтау кезінде климаттық әсерден, ластанудан, бұзылудан қорғалған болуы керек.
      917. Ғимарат, оның конструктивті элементтері және пакеттер өлшемі 500м2 аспайтын алаңшықтарда сақталуы керек. Сақтау үшін жеке алаңдар арасы 24 м кем болмау керек.
      918. Сақтау кезінде (тасымалдауда және монтаждауда) жиналмалы-жазылмалы ғимараттың қоршаушы конструкциясының жылытқышын дымқылданудан қорғалған болуы керек.
      919. Пайдаланушы ұйымдар пайдалану жөніндегі нұсқаулық құрамындағы ғимарат сақталуы туралы мәліметті формулярға жазуы керек, онда инвентарлық нөмір жиынтықтылығы, ғимаратты сақтаға қою және сақтаудан алу мерзімі көрсетіледі.
      920. Ғимараттың техникалық жай- күйін және бұзылмаушылығын тексеру қысқа мерзімді сақтау кезінде айына бір рет және ұзақ мерзімді сақтау кезінде 3 айда бір рет орындалуы тиіс.
      921. Вахталық-контейнер жабық үй-жайларда немесе қанқаның астында сақталуы керек. Консервациялау, герметизация және қоймада сақталуын талап ететін құрама бөліктерін шешіп алу жұмыстары міндетті түрде орындалғанынан кейін жабдықталған ашық алаңда сақтауға болады.

12-параграф. Тіркеме базасындағы вахтовка
(МЕМСТ 22853)

      922. Тіркеме базасындағы вахтовка (вагон-үй)- уақытша тұру үшін арналған, трактор тізбектерінің шассиінен немесе шанадан құрастырылған, электрлік жарықтандыру жүйесімен, жылылықпен, желдетумен және қажетті жиһаздармен жабдықталған, -60 және +45С ауа температурасында тәулік бойы пайдаланылады.
      923. Ғимараттарды, оның конструктивті элементтері мен пакеттерін сақтау қолдану нұсқаулығы мен паспортына сәйкес орындалуы керек.
      924. Ғимаратты сақтауға қойған кезде төмендегі операциялар орындалуы керек:
      1) контейнерлі үлгідегі ғимараттың жүру бөлігі жүктемеден босатылды;
      2) блок-контейнері қисаюсыз сүеуді қамтамасыз ететін тұғырға қойылады;
      3) есіктер, терезе және басқа да ойықтар жабылады және блок-контейнері ішіне бөгделердің кіруінен қорғалады;
      4) жылу жүйесінен және сумен жабдықтау төгіледі;
      925. Ғимарат, оның конструктивті элементтері және пакеттер алаңдарда көлбеу тұғырлар қолданумен еріген қар сулары мен жауын суларынан сақтауды қамтамасыз ететіндей, Өрт қауіпсіздігі ережесін қанағаттандыратын жағдайда сақталуы тиіс.
      926. Контейнерлік ғимарат, жиналмалы жазылмалы ғимараттың конструктивті элементтер және пакеттері сақтау кезінде климаттық әсерден, ластанудан, бұзылудан қорғалған болуы керек.
      927. Ғимарат, оның конструктивті элементтері және пакеттер өлшемі 500м2 аспайтын алаңшықтарда сақталуы керек. Сақтау үшін жеке алаңдар арасы 24 м кем болмау керек.
      928. Сақтау кезінде (тасымалдауда және монтаждауда) жиналмалы-жазылмалы ғимараттың қоршаушы конструкциясының жылытқышын дымқылданудан қорғалған болуы керек.
      929. Ғимарат, оның сындарлы элементтері және пакеттері, тасымалдау немесе түсіру кезінде жарақат алған болса, олардың қолданысқа жарамдылығы туралы шешім қабылдағанға дейін жеке сақталуы керек.
      930. Ғимараттың техникалық жай- күйін және бұзылмаушылығын тексеру қысқа мерзімді сақтау кезінде айына бір рет және ұзақ мерзімді сақтау кезінде 3 айда бір рет орындалуы тиіс.
      931. Тіркеме базасындағы вахтовка жабық үй-жайларда немесе қанқаның астында сақталуы керек. Консервациялау, герметизация және қоймада сақталуын талап ететін құрама бөліктерін шешіп алу жұмыстары міндетті түрде орындалғанынан кейін жабдықталған ашық алаңда сақтауға болады.