Ескерту. Күші жойылды - ҚР Денсаулық сақтау және Әлеуметтік даму министрінің 2014.10.17 № 145 бұйрығымен.
БҰЙЫРАМЫН:
1. Қоса беріліп отырған «Қазақстан Республикасы Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрлігінің Бақылау және әлеуметтік қорғау комитеті» мемлекеттік мекемесінің ережесі бекітілсін.
2. Қазақстан Республикасы Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрлігінің Бақылау және әлеуметтік қорғау комитеті заңнамада белгіленген тәртіппен:
1) осы бұйрықтың Қазақстан Республикасы Әділет министірлігінде мемлекеттік тіркелуін;
2) осы бұйрықтың мемлекеттік тіркелгеннен кейін күнтізбелік он күн ішінде оны бұқаралық ақпарат құралдарында және «Әділет» ақпараттық-құқықтық жүйесінде ресми жариялауға жіберілуін;
3) осы бұйрықтың Қазақстан Республикасы Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрлігінің интернет-ресурсында орналастырылуын қамтамасыз етсін.
3. Осы бұйрық алғашқы ресми жарияланған күнінен бастап күнтізбелік он күн өткеннен соң қолданысқа енгізіледі.
Министр Т.Дүйсенова
Қазақстан Республикасы
Еңбек және халықты әлеуметтік
қорғау министрінің
2014 жылғы 11 мамырдағы
№ 216-ө бұйрығымен
бекітілген
Бақылау және әлеуметтік қорғау комитеті туралы ереже
1. Жалпы ережелер
1. «Қазақстан Республикасы Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрлігі Бақылау және әлеуметтік қорғау комитеті» (бұдан әрі – Комитет) мемлекеттік мекемесі еңбек, оның ішінде еңбек қауіпсіздігі және еңбекті қорғау, халықты әлеуметтік қорғау, әлеуметтік қамсыздандыру, оның ішінде зейнетақымен қамсыздандыру және міндетті әлеуметтік сақтандыру, мүгедектерді әлеуметтік қорғау, балалы отбасыларды әлеуметтік қолдау, азаматтардың жекелеген санаттарына әлеуметтік көмек көрсету саласында мемлекеттік бақылауды жүзеге асыратын Қазақстан Республикасы Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрлігінің (бұдан әрі – Министрлік) құзыреті шегіндегі ведомствосы және уәкілетті органы болып табылады.
2. Комитет өз қызметін Қазақстан Республикасының Конституциясы мен заңдарына, Қазақстан Республикасы Президенті мен Үкіметінің актілеріне, өзге де нормативтік құқықтық актілерге, сондай-ақ осы Ережеге сәйкес жүзеге асырылады.
3. Комитет мемлекеттік мекеменің ұйымдық-құқықтық нысанындағы заңды тұлға болып табылады, оның мемлекеттік тілде өз атауы жазылған мөрі мен мөртаңбалары, белгіленген үлгідегі бланкілері, Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес қазынашылық органдарда шоттары болады.
4. Комитет өз құзыреті шегіндегі мәселелер бойынша Қазақстан Республикасының заңнамасында көзделген басқа да актілермен, Комитет төрағасының бұйрықтарымен ресімделетін заңнамада белгіленген тәртіппен шешімдер қабылдайды.
5. Комитеттің құрылымы мен штат санын Министрмен келісілгеннен кейін, Министрліктің жауапты хатшысы бекітеді.
Комитет:
1) еңбек заңнамасын бақылау басқармасынан;
2) әлеуметтік қорғау және медициналық-әлуметтік сараптама жөніндегі заңнамаларды бақылау басқармасынан;
3) еңбек жағдайларын бақылау және еңбекті қорғау басқармасынан тұрады.
6. Осы Ережеге қосымшаға сәйкес Комитеттің облыстарда, Астана және Алматы қалаларында аумақтық бөлімшелері бар.
7. Комитеттің орналасқан жері: 010000, Астана қаласы, Есіл ауданы, Орынбор көшесі, 8-үй, «Министрліктер үйі» әкімшілік ғимараты, 6-кіреберіс.
8. Комитеттің толық атауы – «Қазақстан Республикасы Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрлігі Бақылау және әлеуметтік қорғау комитеті» мемлекеттік мекемесі.
9. Осы Ереже Комитеттің құрылтай құжаты болып табылады.
10. Комитеттің қызметін қаржыландыру республикалық бюджет қаражатының есебінен жүзеге асырылады.
11. Жұмыс режимі Қазақстан Республикасының еңбек заңнамасына сәйкес Министрліктің жұмыс регламентінде белгіленеді.
12. Комитетке өзінің функциялары болып табылатын міндеттерді орындау тұрғысында кәсіпкерлік субъектілерімен шарттық қатынастарға түсуге тыйым салынады.
Егер Комитетке Қазақстан Республикасының заңнамалық актілерімен кірістер әкелетін қызметті жүзеге асыру құқығы берілген болса, онда мұндай қызметтен алынған кірістер республикалық бюджеттің кірісіне жіберіледі.
2. Комитеттің негізгі міндеттері және функциялары
13. Комитеттің негізгі міндеттері:
1) әлеуметтік қамсыздандыру, оның ішінде зейнетақымен қамсыздандыру және міндетті әлеуметтік сақтандыру; балалы отбасыларды әлеуметтік қолдау; азаматтардың жекелеген санаттарына әлеуметтік көмек көрсету, мүгедектерді әлеуметтік қорғау саласында өз құзыреті шегінде мемлекеттік саясатты іске асыру;
2) Қазақстан Республикасындағы еңбек заңнамасының, оның ішінде өз құзыреті шегінде еңбек қауіпсіздігі және еңбекті қорғау, халықты жұмыспен қамту туралы талаптары бойынша мемлекеттік бақылауды жүзеге асыру;
3) өз құзыреті шегінде еңбек қауіпсіздігі және оны қорғау саласында бақылауды ұйымдастыру;
4) Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген тәртіппен мемлекеттік еңбек инспекциясының жергілікті органдарының өндірістегі жазатайым оқиғаларға тергеу жүргізуіне, оның ішінде өндірістегі жазатайым оқиғаларға тергеудің уақтылы және объективті жүргізілуіне бақылауды жүзеге асыру;
5) аумақтық бөлімшелердің қызметіне басшылық жасауды жүзеге асыру және аумақтық бөлімшелердің және еңбек инспекциясы жөніндегі және жергілікті органдардың қызметін үйлестіру.
14. Комитетке жүктелген міндеттерге сәйкес заңнамада белгіленген тәртіппен мынадай функцияларды жүзеге асырады:
әлеуметтік қамсыздандыру, оның ішінде зейнетақымен қамсыздандыру және міндетті әлеуметтік сақтандыру, балалы отбасыларды әлеуметтік қолдау, азаматтардың жекелеген санаттарына әлеуметтік көмек көрсету, мүгедектерді әлеуметтік қорғау саласында өз құзыреті шегінде мемлекеттік саясатты іске асыру жөніндегі міндеттерді іске асыру мақсатында:
1) мемлекеттік базалық зейнетақы төлемін, мүгедектігі бойынша, асыраушысынан айырылу жағдайы бойынша және жасына байланысты мемлекеттік әлеуметтік жәрдемақыларды, «Зейнетақы төлеу жөніндегі мемлекеттік орталық» РМҚК-дан (бұдан әрі – Орталық) және «Мемлекеттік әлеуметтік сақтандыру қоры» АҚ-дан (бұдан әрі – Қор) берілетін зейнетақы және әлеуметтік төлемдерді, арнаулы мемлекеттік жәрдемақыны, мемлекеттік арнайы жәрдемақыны, балалы отбасыларға берілетін мемлекеттік жәрдемақыны, банкроттық салдарынан таратылған заңды тұлғалардың, қызметкерлерінің өмірі мен денсаулығына келтірген зиянды өтеу жөніндегі төлемдерді капиталдандыру кезеңі аяқталғаннан кейін берілетін ай сайынғы төлемді, Семей ядролық сынақ полигонындағы ядролық сынақтардың салдарынан зардап шеккен азаматтарға, саяси қуғын-сүргін құрбандарына берілетін біржолғы ақшалай өтемақыны, жерлеуге біржолғы төлемді тағайындау және төлеуді қамтамасыз ету;
2) Орталықтан және Қордан зейнетақы және әлеуметтік төлемдерді тағайындау не тағайындаудан бас тарту туралы шешім қабылдау;
3) Орталықтан және Қордан берілетін зейнетақы және әлеуметтік төлемдер алушылардың саны және сомалары туралы деректерді жинақтауды ұйымдастыру;
4) Орталықтан және Қордан берілетін зейнетақы және әлеуметтік төлемдерді тағайындау және алу мәселелері бойынша түсініктеме беру;
5) Орталықтан мемлекеттік базалық зейнетақы төлемінің, зейнетақы төлемдерінің, мүгедектігі бойынша, асыраушысынан айырылу жағдайы бойынша және жасына байланысты мемлекеттік әлеуметтік жәрдемақылардың, арнаулы мемлекеттік жәрдемақының, мемлекеттік арнайы жәрдемақының, бала тууға және бала күтімі бойынша жәрдемақының, саяси қуғын-сүргін құрбандарына, Семей ядролық сынақ полигонында ядролық сынақтардың салдарынан зардап шеккен азаматтарға біржолғы ақшалай өтемақының, жерлеуге біржолғы төлемдердің, банкроттық салдарынан таратылған заңды тұлғалардың, қызметкерлерінің өмірі мен денсаулығына келтірген зиянды өтеу жөніндегі төлемдерді капиталдандыру кезеңі аяқталғаннан кейін берілетін ай сайынғы төлемдердің, Қордан берілетін әлеуметтік төлемдердің уақтылы және толық төленуіне бақылауды жүзеге асыру;
6) Орталықтан берілетін зейнетақы және әлеуметтік төлемдерді және Қордан әлеуметтік төлемдерді тағайындау үшін қажетті құжаттардың дұрыстығын тексеру;
7) өзінің бақылау және қадағалау функцияларын қамтамасыз ету үшін Орталықтан және Қордан берілетін зейнетақы және әлеуметтік төлемдердің барлық түрлері бойынша қаржылық және өзге де есептілік тізбесін, нысандарын, ұсыну мерзімдерін айқындау;
8) Қордың қызметі туралы мәліметтерді, сондай-ақ мемлекеттік органдардан және ұйымдардан өзінің бақылау және қадағалау функцияларын жүзеге асыруға қажетті мәліметтерді алу;
9) Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген тәртіппен Қордың қызметін өз құзыреті шегінде инспекциялау;
10) медициналық-әлеуметтік сараптама жүргізу;
11) мүгедектік тобын, оның себептерін, мүгедектіктің басталу мерзімдерін, уақытын, еңбек ету қабілетінен айрылу дәрежесін, ағза функцияларының бұзылу және тыныс-тіршілігінің шектелу дәрежесіне байланысты «мүгедек бала» санатын айқындау;
12) мүгедектерді оңалтудың жеке бағдарламасын жасау және олардың оңалтылуын бақылау;
Қазақстан Республикасындағы еңбек заңнамасының, оның ішінде еңбек қауіпсіздігі және оны қорғау талаптарының, халықты жұмыспен қамту туралы заңнаманың сақталуына мемлекеттік бақылауды жүзеге асыру жөніндегі міндеттерді іске асыру мақсатында өз құзыреті шегінде:
1) еңбек қатынастарын реттеу саласында жергілікті атқарушы органдардың қызметін үйлестіруді жүзеге асыру және әдістемелік басшылық жасау;
2) «Мүгедектігі бар адамдардың орталықтандырылған деректер қорын», «Еңбекті қорғау» ААЖ-ның дерекқорын қалыптастыру, сондай-ақ «Е-собес», «Әлеуметтік көмек: АӘК, МБЖ», «Шетелдік жұмыс күші», «Еңбек нарығы», «Жұмыспен қамту» ААЖ-ны сүйемелдеу;
еңбек қауіпсіздігі және оны қорғау саласында бақылауды ұйымдастыру жөніндегі міндеттерді іске асыру мақсатында өз құзыреті шегінде:
1) басшы қызметкерлердің және жұмыс берушілердегі еңбек қауіпсіздігі және оны қорғауды қамтамасыз етуге жауапты адамдардың білімін тексеруді жүргізуге және оқытуға қатысу;
2) еңбек қауіпсіздігі және оны қорғау саласында мониторингті және тәуекелдерді бағалауды ұйымдастыру;
3) еңбек қауіпсіздігі және оны қорғау мәселелері бойынша қызметкерлердің, жұмыс берушілердің және олардың өкілдерінің өтініштерін қарау;
Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген тәртіппен мемлекеттік еңбек инспекциясының жергілікті органдарының өндірістегі жазатайым оқиғаларға тергеу жүргізуіне, оның ішінде өндірістегі жазатайым оқиғаларға тергеудің уақтылы және объективті жүргізілуіне бақылауды жүзеге асыру жөніндегі міндеттерді іске асыру мақсатында:
1) үш адамнан бес адамға дейін қаза болған жағдайда өндірістегі топтық жазатайым оқиғаларға тергеу жүргізу үшін комиссия құру;
2) Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген тәртіпте үш адамнан бес адамға дейін қаза болған жағдайда өндірістегі топтық жазатайым оқиғаларға тергеу жүргізу;
3) Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген тәртіппен өндірістегі жазатайым оқиғаларға тергеудің уақтылы және объективті жүргізілуіне бақылауды жүзеге асыру;
4) жазатайым оқиғаларға тергеу жүргізу, ресімдеу және тіркеу мәселелері бойынша жұмыс беруші, қызметкер және мемлекеттік еңбек инспекторы арасындағы келіспеушіліктерді қарау;
еңбек инспекциясы жөніндегі аумақтық бөлімшелердің және жергілікті органдардың қызметіне басшылық жасауды және үйлестіруді жүзеге асыру жөніндегі міндеттерді іске асыру мақсатында:
1) еңбек инспекциясы жөніндегі жергілікті органның қызметін үйлестіру және қызметін тексеруді жүзеге асыру;
2) еңбек инспекциясы жөніндегі жергілікті атқарушы органдардан еңбек қатынастары мәселелері бойынша қажетті ақпаратты сұратуды жүзеге асыру;
3) аумақтық бөлімшелерге құқықтық, консультациялық және түсіндіру жұмыстарын жүзеге асыру;
4) Комитетке заңнамада және Министрлік басшылығы жүктеген өзге де міндеттер мен функциялар.
15. Комитетке жүктелген негізгі міндеттерді іске асыру және функцияларды жүзеге асыру үшін заңнамада белгіленген тәртіппен:
1) Қазақстан Республикасының еңбек заңнамасы талаптарының сақталуы бойынша тексеруді және мемлекеттік бақылаудың басқа да нысандарын жүзеге асыруға;
2) Комитеттің құзыретіне кіретін мәселелерді талқылау жөніндегі комиссиялар мен жұмыс топтарының жұмысына қатысуға;
3) басқа мемлекеттік органдармен, жергілікті атқарушы органдармен және ұйымдармен байланысты жүзеге асыруға;
4) мемлекеттік еңбек инспекциясы жөніндегі жергілікті атқарушы органдардан еңбек қатынастарына қатысты қажетті ақпаратты сұратуға;
5) Министрліктің қарамағындағы ұйымдардан, уәкілетті жергілікті атқарушы органдардан, мемлекеттік еңбек инспекциясынан, жұмыс берушілерден (заңды тұлғалардан), жеке тұлғалардан, кәсіпкерлікпен айналысатын адамдарды қоса алғанда белгіленген тәртіппен талдау жұмысын қамтамасыз ету және Комитетке жүктелген функцияларды орындау үшін қажетті құжаттарды және ақпараттық сипаттағы анықтамаларды сұратуға;
6) Қазақстан Республикасының қолданыстағы заңнамасында көзделген өзге де құқықтарды жүзеге асыруға құқығы бар.
16. Міндеттері:
1) Комитет құзырына кіретін мәселелер бойынша мемлекеттік және мемлекеттік емес ұйымдарда Министрлік атынан өкілеттік ету және тиісті хат алмасу;
2) Комитеттің құзырына кіретін мәселелер бойынша тиісті шешімдерді қабылдау;
3) Қазақстан Республикасының заңнамасын, заңды және жеке тұлғалардың заңмен сақталатын мүдделерін қорғауды сақтау.
3. Комитеттің қызметін ұйымдастыру
17. Комитетті қызметіне Министр тағайындайтын және қызметінен босататын төраға – Қазақстан Республикасының Бас мемлекеттік еңбек инспекторы (бұдан әрі – Төраға) басқарады.
18. Комитет төрағасының ұсынуы бойынша Комитет төрағасының жауапты хатшы қызметке тағайындайтын және қызметтен босататын орынбасарлары болады.
19. Комитет төрағасы Комитеттің жұмысын ұйымдастырады және басшылық жасайды және Комитетке жүктелген міндеттердің орындалуы және оның өз функцияларын жүзеге асыруы үшін дербес жауапты болады.
20. Осы мақсаттарда Комитет төрағасы:
1) еңбек қатынастарының мәселелері заңнамалық актілерге сәйкес жоғары тұрған мемлекеттік органдар мен лауазымды адамдардың құзыретіне жатқызылған қызметкерлерді қоспағанда, заңнамаға сәйкес Комитеттің қызметкерлерін қызметке тағайындайды және босатады;
2) Комитеттің құрылымдық бөлімшелері басшыларының міндеттері мен өкілеттіктерін белгілейді;
3) Комитеттің аумақтық бөлімшелері басшыларының және басшылар орынбасарларының міндеттері мен өкілеттіктерін белгілейді;
4) еңбек қатынастарының мәселелері заңнамалық актілерге сәйкес жоғары тұрған мемлекеттік органдар мен лауазымды адамдардың құзыретіне жатқызылған қызметкерлерді қоспағанда, Комитет қызметкерлерінің жұмысының тиімділігі мен сапасын анықтау үшін жыл сайын олардың қызметін бағалауды жүргізеді;
5) Комитет қызметкерлері мен аумақтық бөлімшелер басшыларының орынбасарларын іссапарға жіберу, демалыстар беру, материалдық көмек көрсету, даярлау (қайта даярлау), біліктілігін арттыру, көтермелеу, үстемақы және сыйлықақы төлеу мәселелерін заңнамамен белгіленген тәртіппен шешеді;
6) еңбек қатынастарының мәселелері заңнамалық актілерге сәйкес жоғары тұрған мемлекеттік органдар мен лауазымды адамдардың құзыретіне жатқызылған қызметкерлерді қоспағанда, Комитет қызметкерлеріне тәртіптік жаза қолдану сұрақтарын шешеді;
7) Комитет төрағасы орынбасарларын, сондай-ақ аумақтық бөлімшелердің басшыларын іссапарға жіберу, демалыстар беру, материалдық көмек көрсету, даярлау (қайта даярлау), біліктілігін арттыру, көтермелеу, үстемақы және сыйлықақы төлеу, атқарушылық және еңбек тәртібіне қатысты мәселелерді жауапты хатшының қарауына ұсынады;
8) облыстың, республикалық маңызы бар қаланың, астананың бас мемлекеттік еңбек инспекторын тағайындауды келіседі;
9) өз құзыреті шегінде құқықтық актілерге қол қояды;
10) мемлекеттік органдарда және меншік нысанына қарамастан өзге ұйымдарда, сондай-ақ жеке тұлғалармен қарым-қатынаста Комитеттің атынан өкілдік етеді;
11) заңнамаға сәйкес Комитет атынан заңды және жеке тұлғаларға наразылықтар мен талап білдіру туралы шешімдер қабылдайды;
12) Комитетте сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл жасауға бағытталған шаралар қабылдайды және сыбайлас жемқорлыққа қарсы тиісті шаралар қабылдамағаны үшін дербес жауапкершілікте болады.
4. Комитеттің мүлкі
21. Комитетте Қазақстан Республикасының заңнамасында көзделген жағдайларда жедел басқару құқығында оқшауланған мүлкі болуы мүмкін.
Комитеттің мүлкі оған меншік иесі берген мүлік, сондай-ақ өз қызметі нәтижесінде сатып алған мүлкі (ақшалай кірістерді қоса алғанда) және Қазақстан Республикасының заңнамасында тыйым салынбаған өзге де көздер есебінен қалыптастырылады.
22. Комитетке бекітіп берілген мүлік республикалық меншікке жатады.
23. Егер заңнамада өзгеше көзделмесе, Комитеттің өзіне бекітілген мүлікті және смета бойынша өзіне бөлінген қаражат есебінен сатып алынған мүлікті өз бетімен иеліктен шығаруға немесе оған өзгедей тәсілмен билік етуге құқығы жоқ.
5. Комитетті қайта ұйымдастыру және тарату
24. Комитетті қайта ұйымдастыру және тарату Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес жүзеге асырылады.
Бақылау және әлеуметтік қорғау
комитеті туралы ережеге
қосымша
Қазақстан Республикасы Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрлігі Бақылау және әлеуметтік қорғау комитетінің қарамағындағы аумақтық бөлімшелердің тізбесі
1. Ақмола облысы бойынша Бақылау және әлеуметтік қорғау департаменті, Көкшетау қаласы.
2. Ақтөбе облысы бойынша Бақылау және әлеуметтік қорғау департаменті, Ақтөбе қаласы.
3. Алматы облысы бойынша Бақылау және әлеуметтік қорғау департаменті, Алматы қаласы.
4. Атырау облысы бойынша Бақылау және әлеуметтік қорғау департаменті, Атырау қаласы.
5. Шығыс Қазақстан облысы бойынша Бақылау және әлеуметтік қорғау департаменті, Өскемен қаласы.
6. Жамбыл облысы бойынша Бақылау және әлеуметтік қорғау департаменті, Тараз қаласы.
7. Батыс Қазақстан облысы бойынша Бақылау және әлеуметтік қорғау департаменті, Орал қаласы.
8. Қарағанды облысы бойынша Бақылау және әлеуметтік қорғау департаменті, Қарағанды қаласы.
9. Қызылорда облысы бойынша Бақылау және әлеуметтік қорғау департаменті, Қызылорда қаласы.
10. Қостанай облысы бойынша Бақылау және әлеуметтік қорғау департаменті, Қостанай қаласы.
11. Маңғыстау облысы бойынша Бақылау және әлеуметтік қорғау департаменті, Ақтау қаласы.
12. Павлодар облысы бойынша Бақылау және әлеуметтік қорғаудепартаменті, Павлодар қаласы.
13. Солтүстік Қазақстан облысы бойынша Бақылау және әлеуметтік қорғау департаменті, Петропавл қаласы.
14. Оңтүстік Қазақстан облысы бойынша Бақылау және әлеуметтік қорғау департаменті, Шымкент қаласы.
15. Астана қаласы бойынша Бақылау және әлеуметтік қорғау департаменті, Астана қаласы.
16. Алматы қаласы бойынша Бақылау және әлеуметтік қорғау департаменті, Алматы қаласы.