Ескерту. Күші жойылды - ҚР Денсаулық сақтау және Әлеуметтік даму министрінің 2014.10.17 № 145 бұйрығымен.
«Нормативтік құқықтық актілер туралы» 1998 жылғы 24 наурыздағы Қазақстан Республикасының Заңы 29-бабының 1-тармағы 6) тармақшасына және «Қазақстан Республикасы Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрлігінің кейбір мәселелері» Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2004 жылғы 29 қазандағы № 1132 қаулысына сәйкес БҰЙЫРАМЫН:
1. Қоса беріліп отырған «Қазақстан Республикасы Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрлігінің Көші-қон комитеті» мемлекеттік мекемесінің ережесі бекітілсін.
2. Қазақстан Республикасы Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрлігінің Көші-қон комитеті заңнамада белгіленген тәртіппен:
1) осы бұйрықтың Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркелуін;
2) осы бұйрықтың Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркелгеннен кейін күнтізбелік он күн ішінде бұқаралық ақпарат құралдарында және «Әділет» ақпараттық-құқықтық жүйесінде ресми жариялануын;
3) осы бұйрықтың Қазақстан Республикасы Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрлігінің интернет-ресурсында орналастырылуын қамтамасыз етсін.
3. Осы бұйрық алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.
Министр Т.Дүйсенова
Қазақстан Республикасы
Еңбек және халықты әлеуметтік
қорғау министрінің
2014 жылғы 9 сәуірдегі
№ 157-ө бұйрығымен
бекітілген
«Қазақстан Республикасы Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрлігінің Көші-қон комитеті» мемлекеттік мекемесінің ережесі
1. Жалпы ережелер
1. «Қазақстан Республикасы Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрлігінің Көші-қон комитеті» мемлекеттік мекемесі (бұдан әрі – Комитет) Қазақстан Республикасы Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрлігінің (бұдан әрі – Министрлік) құзыреті шегінде халықтың көші-қоны саласындағы көші-қон үдерістерін реттеу және жұмысты үйлестіруді жүзеге асыратын ведомствосы (бұдан әрі – реттеу саласы) және уәкілетті органы болып табылады.
2. Комитет Министрлікке ведомстволық бағынысты мемлекеттік мекеменің ұйымдық-құқықтық нысанындағы заңды тұлға болып табылады, мемлекеттік тілде өзінің атауы бар мөрі мен мөртаңбалары, Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2011 жылғы 21 желтоқсандағы № 1570 қаулысымен бекітілген Мемлекеттік және мемлекеттік емес ұйымдарда құжаттама жасаудың және құжаттаманы басқарудың үлгілік қағидаларымен белгіленген үлгідегі бланкілері болады.
3. Комитет азаматтық-құқықтық қатынастарға өз атынан түседі.
4. Комитет өз құзыреті шегінде мемлекеттің атынан азаматтық-құқықтық қатынастардың тарапы болады.
5. Комитеттің құрылымы мен штат санын Қазақстан Республикасы Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрімен (бұдан әрі – Министр) келіскеннен кейін Министрліктің жауапты хатшысы (бұдан әрі – жауапты хатшы) бекітеді.
6. Заңды тұлғаның орналасқан жері: Қазақстан Республикасы, 010000, Астана қаласы, Орынбор көшесі, 8-үй, 6-кіреберіс, «Министрліктер үйі» әкімшілік ғимараты.
7. Мемлекеттік органның толық атауы –
«Қазақстан Республикасы Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрлігінің Көші-қон комитеті» мемлекеттік мекемесі.
8. Осы Ереже «Қазақстан Республикасы Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрлігінің Көші-қон комитеті» мемлекеттік мекемесінің құрылтай құжаты болып табылады.
9. Комитеттің қызметін қаржыландыру республикалық бюджеттен жүзеге асырылады.
10. Жұмыс режимі Қазақстан Республикасының еңбек заңнамасына сәйкес Министрліктің жұмыс регламентінде белгіленеді.
11. Комитеттің функциялары болып табылатын міндеттерді орындау мәніне Комитет кәсіпкерлік субъектілерімен шарттық қатынастарға түспейді.
12. Комитет мынадай:
этникалық көші-қонды реттеу басқармасы;
еңбек көші-қонын реттеу басқармасы;
көші-қон үдерістерін үйлестіру және мониторингілеу басқармасынан тұрады.
2. Комитеттің негізгі міндеттері мен функциялары
13. Міндеттер:
халықтың көші-қоны саласындағы мемлекеттік саясатты іске асыру;
шетелдiк жұмыс күшiн тартуды квоталау және ішкі көші-қон ағынын оңтайландыру жолымен iшкi еңбек нарығын қорғау;
көшіп-қонушылардың ел аумағында ұтымды қоныстандырылуын қамтамасыз ету.
Функциялар:
1) көші-қон үдерістерін мониторингілеуді жүзеге асыру;
2) Министрліктің басшылығына көші-қон үдерістерін мониторингілеу нәтижелерін ұсыну;
3) Министрліктің басшылығына көші-қон үдерістерін реттеу және мониторингілеу саласында шаралар жүйесін дайындау жөнінде ұсыныстар енгізу;
4) еңбекші көшіп-қонушылардың және этникалық қазақтардың бірыңғай дерекқорын қалыптастыру және Қазақстан Республикасы ішкі істер органдарының, ұлттық қауіпсіздік органдарының, Сыртқы істер министрлігінің тиісті ақпараттық жүйелерімен өзара іс-қимылды қамтамасыз ету;
5) еңбек қатынастары және халықтың көші-қоны саласындағы жергiлiктi атқарушы органдарды үйлестіруді және оларға әдiстемелiк басшылық жасауды жүзеге асыру;
6) Министрліктің басшылығына халықтың көші-қоны мәселелері жөніндегі мемлекеттік органның қызметін ведомствоаралық үйлестіруді жүзеге асыру бойынша ұсыныстар енгізу;
7) құзыреті шегінде шет мемлекеттердің уәкілетті органдарымен және халықаралық ұйымдармен көші-қон үдерістерін реттеу саласындағы ынтымақтастықты ұйымдастыру және жүзеге асыру;
8) құзыреті шегінде Қазақстан Республикасының халықтың көші-қоны туралы заңнамасының сақталуын бақылау;
9) Қазақстан Республикасының заңдарында, Президентінің және Үкіметінің актілерінде көзделген өзге де функцияларды жүзеге асыру.
14. Міндет: өңірлердің демографиялық және әлеуметтік-экономикалық даму мүдделерін ескере отырып, оралмандардың ұтымды қоныстануын ұйымдастыру, этникалық қазақтардың тарихи отанына қоныс аударуына жәрдемдесу.
Функциялар:
1) оралман мәртебесін беру тәртібін айқындау жөнінде ұсыныстар әзірлеп, Министрліктің басшылығына енгізу;
2) Министрліктің басшылығына оралмандарды қоныстандыру үшін өңірлерді айқындау туралы ұсыныстар енгізу;
3) оралман мәртебесін беруден бас тарту туралы шағымдарды қарау;
4) этникалық қазақтардың оралман мәртебесін беру туралы өтiнiштері мен құжаттарын оралман мәртебесін беру туралы шешім шығару үшін жергілікті атқарушы органдарға жіберу;
5) оралман мәртебесін беру туралы не одан бас тартудың негiзделген дәлелдi себептерімен бас тарту туралы жергілікті атқарушы орган қабылдаған шешімді өтiнiш берушiге жеткiзу үшiн Қазақстан Республикасының шетелдегi мекемелерiне жiберу;
6) шетелдегі мекемелерге оралман мәртебесiн алуға үмiткердiң ұлтын растау туралы сауал жіберу.
15. Міндет: Қазақстан Республикасында еңбек қызметін жүзеге асыру үшін жоғары білікті шетелдік жұмыс күшін тарту.
Функциялар:
1) Министрліктің басшылығына ішкі көшіп-қонушылардың қоныс аудару квотасын қалыптастыру, шетелдік жұмыс күшін тарту жөнінде ұсыныстар әзірлеу және енгізу;
2) Министрліктің басшылығына ішкі көшіп-қонушыларды қоныстандыру және шетелдік жұмыс күшін тартуға арналған квоталарды облыстардың, республикалық маңызы бар қалалар мен елорданың арасында бөлу жөнінде ұсыныстар енгізу.
3) «Шетелдік жұмыс күші» автоматтандырылған ақпараттық жүйесі дерекқорын қалыптастыру.
3. Комитеттің қызметін ұйымдастыру
16. Комитетті Төраға басқарады, оны Министр қызметке тағайындайды және қызметінен босатады.
17. Комитет төрағасының оның ұсынысы бойынша жауапты хатшы қызметке тағайындайтын орынбасарлары болады.
18. Комитеттің төрағасы Комитетке жүктелген міндеттер мен функциялардың орындалуына басшылықты ұйымдастырады және жүзеге асырады.
19. Комитеттің төрағасы жауапты хатшыға Комитеттің құрылымы және штат кестесі жөнінде ұсыныстар береді.
20. Осы мақсатта Комитеттің төрағасы:
1) өзінің орынбасарларының міндеттері мен өкілеттігін айқындайды;
2) Комитеттің құрамына кіретін құрылымдық бөлімшелер басшыларының міндеттерін және өкілеттігін айқындайды;
3) өз құзыреті шегінде бұйрықтарға қол қояды;
4) этникалық қазақтардың оралман мәртебесін беру туралы өтiнiштері мен құжаттары келіп түскен күннен бастап бес жұмыс күні ішінде оларды оралман мәртебесін беру туралы шешімдер қабылдау үшін жергілікті атқарушы органдарға жібереді;
5) оралман мәртебесін беру туралы не одан бас тартудың негiзделген дәлелдi себептерімен бас тарту туралы жергілікті атқарушы органдар қабылдаған шешімді өтiнiш берушiге жеткiзу үшiн Қазақстан Республикасының шетелдегi мекемелерiне жiбередi;
6) екі немесе одан көп әкiмшiлiк-аумақтық бірліктер аумағында қолданылатын рұқсатты беруге немесе ұзартуға негіздеме алған күннен бастап жеті жұмыс күні ішінде жергілікті атқарушы органдардың, Астана мен Алматы қалаларының өңірлік деңгейде халықты жұмыспен қамтуға жәрдемдесуді және жұмыссыздықтан әлеуметтік қорғауды қамтамасыз ететін құрылымдық бөлімшесіне келісу немесе келісуден бас тарту туралы хат жібереді.
7) жұмыс берушінің жұмыстарды орындауға, қызметтерді көрсетуге арналған шарттарында, келісімшарттарында шарттың, келісімшарттың басқа әкімшілік-аумақтық бірліктер аумағында қолданылуы көрсетілмеген жағдайда, екі және одан көп әкімшілік-аумақтық бірліктерде еңбек қызметін жүзеге асыру үшін шетелдік жұмыс күшін тартуға арналған рұқсатты беруге келісім беруден бас тартады;
8) Комитеттің қызметкерлерін қызметке тағайындайды және қызметінен босатады;
9) Комитеттің құрылымдық бөлімшелері туралы ережені бекітеді;
10) Комитеттің қызметкерлерін көтермелейді және тәртіптік жаза қолданады;
11) Комитеттің қызметкерлерін іссапарға жіберу, демалыстар беру, материалдық көмек көрсету, даярлау (қайта даярлау), біліктілігін арттыру, көтермелеу, қосымша ақылар төлеу және сыйлықақылар беру мәселелерін шешеді;
12) өз құзыреті шегінде Комитетте сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимылға бағытталған шараларды қабылдайды;
13) мемлекеттік органдар мен өзге де ұйымдарда Комитеттің атынан өкілдік етеді;
14) азаматтарды қабылдауды жүзеге асырады.
21. Комитет төрағасының орынбасарлары:
1) өз өкілеттіктерінің шегінде Комитеттің қызметін үйлестіреді;
2) Комитеттің төрағасы болмаған кезеңде Комитетке жүктелген міндеттер мен функциялардың орындалуына жалпы басшылықты жүзеге асырады;
3) Комитеттің төрағасы жүктеген өзге де функцияларды жүзеге асырады.
22. Комитеттің құзыретіне кіретін мәселелер бойынша Комитет атынан басқа мемлекеттік органдарға жіберілетін құжаттарға Комитеттің төрағасы, ол болмаған жағдайда - оны алмастыратын адам қол қояды.
4. Комитеттің мүлкі
23. Комитеттің жедел басқару құқығында оқшауланған мүлкі болады.
Комитеттің мүлкі оған мемлекет берген мүліктің есебінен қалыптасады және негізгі және айналымдағы қаражаттан, сондай-ақ құны Комитет теңгерімінде көрсетілген өзге де мүліктен тұрады.
24. Комитетке бекітілген мүлік республикалық меншікке жатады.
25. Комитеттің өзіне бекітілген мүлікті өз еркімен иеліктен шығаруға немесе оған өзге де тәсілмен билік етуге құқығы жоқ.
5. Комитетті қайта ұйымдастыру және тарату
26. Комитетті қайта ұйымдастыру және тарату Қазақстан Республикасының азаматтық заңнамасына сәйкес жүзеге асырылады.