Зейнетақы жинақтарын бірыңғай жинақтаушы зейнетақы қорынан ерікті жинақтаушы зейнетақы қорына, ерікті жинақтаушы зейнетақы қорынан бірыңғай жинақтаушы зейнетақы қорына, сондай-ақ бір ерікті жинақтаушы зейнетақы қорынан басқа ерікті жинақтаушы зейнетақы қо

Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкі Басқармасының 2014 жылғы 26 ақпандағы № 31 қаулысы. Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде 2014 жылы 12 сәуірде № 9326 тіркелді. Күші жойылды - Қазақстан Республикасы Қаржы нарығын реттеу және дамыту агенттігі Басқармасының 2023 жылғы 7 маусымдағы № 51 қаулысымен.

      Ескерту. Күші жойылды - ҚР Қаржы нарығын реттеу және дамыту агенттігі Басқармасының 07.06.2023 № 51 (01.07.2023 бастап қолданысқа енгізіледі) қаулысымен.

      "Қазақстан Республикасында зейнетақымен қамсыздандыру туралы" 2013 жылғы 21 маусымдағы Қазақстан Республикасының Заңына сәйкес Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкінің Басқармасы ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:

      1. Қоса беріліп отырған Зейнетақы жинақтарын бірыңғай жинақтаушы зейнетақы қорынан ерікті жинақтаушы зейнетақы қорына, ерікті жинақтаушы зейнетақы қорынан бірыңғай жинақтаушы зейнетақы қорына, сондай-ақ бір ерікті жинақтаушы зейнетақы қорынан басқа ерікті жинақтаушы зейнетақы қорына ауыстыру қағидалары бекітілсін.

      2. Осы қаулы алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі және 2014 жылғы 1 қаңтардан бастап туындаған құқықтық қатынастарға қолданылады.

      Ұлттық Банк
Төрағасы
Қ. Келімбетов

  Қазақстан Республикасының
Ұлттық Банкі Басқармасының
2014 жылғы 26 ақпандағы
№ 31 қаулысымен бекітілді

Зейнетақы жинақтарын бірыңғай жинақтаушы зейнетақы қорынан ерікті жинақтаушы
зейнетақы қорына, ерікті жинақтаушы зейнетақы қорынан бірыңғай жинақтаушы
зейнетақы қорына, сондай-ақ бір ерікті жинақтаушы зейнетақы қорынан басқа ерікті
жинақтаушы зейнетақы қорына ауыстыру қағидалары

1. Жалпы ережелер

      Осы Зейнетақы жинақтарын бірыңғай жинақтаушы зейнетақы қорынан ерікті жинақтаушы зейнетақы қорына, ерікті жинақтаушы зейнетақы қорынан бірыңғай жинақтаушы зейнетақы қорына, сондай-ақ бір ерікті жинақтаушы зейнетақы қорынан басқа ерікті жинақтаушы зейнетақы қорына ауыстыру қағидалары (бұдан әрі – Қағидалар) "Қазақстан Республикасында зейнетақымен қамсыздандыру туралы" 2013 жылғы 21 маусымдағы Қазақстан Республикасының Заңына (бұдан әрі – Заң) сәйкес әзірленді және салымшылардың (алушылардың) зейнетақы жинақтарын бірыңғай жинақтаушы зейнетақы қорынан ерікті жинақтаушы зейнетақы қорына, ерікті жинақтаушы зейнетақы қорынан бірыңғай жинақтаушы зейнетақы қорына, сондай-ақ бір ерікті жинақтаушы зейнетақы қорынан басқа ерікті жинақтаушы зейнетақы қорына ауыстыру тәртібін айқындайды.

      1. Қағидалардың мақсаты үшін мынадай ұғымдар пайдаланылады:

      1) зейнетақы жинақтарын ауыстыру туралы өтініш – салымшының (алушының) ерікті зейнетақы жарналары есебінен қалыптасқан зейнетақы жинақтарын ерікті зейнетақы жарналары есебінен зейнетақымен қамсыздандыру туралы шарттың бұзылуына және зейнетақы жинақтарын ауыстыруға байланысты бірыңғай жинақтаушы зейнетақы қорынан ерікті жинақтаушы зейнетақы қорына не ерікті жинақтаушы зейнетақы қорынан бірыңғай жинақтаушы зейнетақы қорына, сондай-ақ ерікті зейнетақы жарналары есебінен зейнетақымен қамсыздандыру туралы шарттың бұзылуына және зейнетақы жинақтарын ауыстыруға байланысты бір ерікті жинақтаушы зейнетақы қорынан басқа ерікті жинақтаушы зейнетақы қорына ауыстыру туралы жазбаша жүгіну;

      2) Жөнелтуші қор:

      ерікті зейнетақы жарналары есебінен зейнетақымен қамсыздандыру туралы шарттың бұзылуына және зейнетақы жинақтарын ауыстыруға байланысты ерікті зейнетақы жарналары есебінен қалыптасқан зейнетақы жинақтары ерікті жинақтаушы зейнетақы қорына не бірыңғай жинақтаушы зейнетақы қорына ауыстырылатын бірыңғай жинақтаушы зейнетақы қоры не ерікті жинақтаушы зейнетақы қоры;

      3) Алушы қор – ерікті зейнетақы жарналары есебінен зейнетақымен қамсыздандыру туралы жасалған шарт негізінде салымшы (алушы) зейнетақы жинақтарын ауыстыратын бірыңғай жинақтаушы зейнетақы қоры не ерікті жинақтаушы зейнетақы қоры;

      4) зейнетақы жинақтарын ауыстыру – Жөнелтуші қордың, Жөнелтуші қордың кастодиан-банкінің ерікті зейнетақы жарналары есебінен қалыптасқан зейнетақы жинақтарының ауыстырылатын сомасын салымшының (алушының) Алушы қордағы жеке зейнетақы шотына есептеу үшін қажетті жүйелі іс-қимылдары;

      5) зейнетақы жинақтары – салымшының (алушының) жеке зейнетақы шотында есепте болатын, ерікті зейнетақы жарналарынан, инвестициялық кірістен, өсімпұлдан және шартқа, Заңға, Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес өзге түсімдерден тұратын ақшасы.

2. Зейнетақы жинақтарын бірыңғай жинақтаушы зейнетақы қорынан ерікті
жинақтаушы зейнетақы қорына, ерікті жинақтаушы зейнетақы қорынан бірыңғай
жинақтаушы зейнетақы қорына, сондай-ақ бір ерікті жинақтаушы зейнетақы қорынан
басқа ерікті жинақтаушы зейнетақы қорына ауыстыру тәртібі

      2. Салымшы (алушы) зейнетақы жинақтарын ауыстыру мақсатында Жөнелтуші қорға мынадай құжаттарды ұсынады:

      1) Қағидалардың 1-қосымшасына сәйкес нысан бойынша зейнетақы жинақтарын ауыстыру туралы өтініш;

      2) салымшының (алушының) жеке басын куәландыратын құжаттың көшірмесі және шолу үшін оның түпнұсқасы не цифрлық құжаттар сервисінен электрондық құжат;

      3) салымшының (алушының) тегі, аты, бар болса әкесінің аты өзгерген жағдайда осы өзгерістерді растайтын құжаттардың көшірмелері (некені қию не бұзу туралы, тегінің, атының, бар болса әкесінің атының өзгеруі куәлік, соттың заңды күшіне енгізілген шешімі) және шолу үшін олардың түпнұсқасы;

      4) Алушы қормен жасалған, ерікті зейнетақы жарналары есебінен зейнетақымен қамсыздандыру туралы шарттың көшірмесі.

      Ескерту. 2-тармақ жаңа редакцияда – ҚР Қаржы нарығын реттеу және дамыту агенттігі Басқармасының 13.12.2021 № 104 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) қаулысымен.

      3. Салымшының (алушының) зейнетақы жинақтарын ауыстыру туралы өтінішпен жеке жүгінуге мүмкіндігі болмаған жағдайда салымшы (алушы) жеке немесе заңды тұлғаға (сенім білдірілген тұлға) сенімхатта сақтандыру Алушы қордың атауын көрсете отырып зейнетақы жинақтарын ауыстыру туралы өтінішпен жүгінуге арналған, нотариат куәландырған сенімхат береді.

      4. Сенім білдірілген тұлға Жөнелтуші қорға мынадай құжаттарды ұсынады:

      1) Қағидаларға 2-қосымшаға сәйкес нысан бойынша зейнетақы жинақтарын ауыстыру туралы өтініш;

      2) егер сенімхатта сенім білдіруші тұлғаның бірмезгілде бірнеше ұйымда мүддесін білдіру бойынша өкілеттік болған жағдайда, сенімхаттың түпнұсқасы немесе оның нотариат куәландырған көшірмесі;

      3) салымшының (алушының) жеке басын куәландыратын құжаттың нотариат куәландырған көшірмесі;

      4) салымшының (алушының) тегі, аты, бар болса әкесінің аты өзгерген жағдайда осы өзгерістерді растайтын құжаттардың көшірмелері (некені қию не бұзу туралы, тегінің, атының, бар болса әкесінің атының өзгеруі куәлік, соттың заңды күшіне енгізілген шешімі);

      5) салымшы (алушы) алушы қормен жасаған, ерікті зейнетақы жарналары есебінен зейнетақымен қамсыздандыру туралы шарттың көшірмесі;

      6) сенім білдірілген тұлғаның көруге арналған жеке басын куәландыратын құжаттың көшірмесі және оның түпнұсқасы не цифрлық құжаттар сервисінен электрондық құжат.

      Ескерту. 4-тармақ жаңа редакцияда – ҚР Қаржы нарығын реттеу және дамыту агенттігі Басқармасының 13.12.2021 № 104 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) қаулысымен.

      5. Жіберуші қор зейнетақы жинақтарын ауыстыру туралы өтініште толтыруға тиісті мәліметтерді көрсетудің дұрыстығын тексереді және салымшыға (алушыға) немесе сенім білдірушіге ұсынылған құжаттардың толық тізбесін және оларды қабылдау күнін көрсете отырып анықтама береді.

      Жіберуші қор сенім білдірушіден сақтандыру ұйымына зейнетақы жинақтарын ауыстыру туралы өтінішті алған кезде салымшының (алушының) жеке басын куәландыратын құжаттың көшірмесінде қойылған қолы бар сенімхатта көрсетілген салымшының (алушының) қол қою үлгілерін тексеруді жүзеге асырады.

      Қағидалардың 4-тармағының 2) және 5) тармақшаларында көрсетілген зейнетақы жинақтарын ауыстыруға арналған өтінішпен сенім білдіруші ұсынған құжаттардағы салымшының (алушының) қойылған қолдары салымшының (алушының) жеке басын куәландыратын құжаттың нотариалды расталған көшірмесіндегі қойылған қолдармен көзбен шолу арқылы сәйкес келмеген жағдайда Жіберуші қор оның зейнетақы жинақтарын ауыстыру туралы өтініште көрсетілген іс-әрекетті жасау ниетін растау туралы сұратуды салымшыға (алушыға) жібереді.

      6. Жіберуші қор құжаттарды қабылдау кезінде:

      1) Қағидалардың 2 немесе 4-тармақтарында көзделген құжаттардың толық емес пакетін ұсынған;

      2) салымшыға (алушыға) ашылған жеке зейнетақы шотында зейнетақы шоттары болмаған не салымшыға (алушыға) ашылған жеке зейнетақы шоты болмаған;

      3) салымшының (алушының) немесе сенім білдірушінің жеке басын куәландыратын құжаттың зейнетақы жинақтарын ауыстыру туралы өтініш берген күнгі қолданылу мерзімінің аяқталуы;

      4) зейнетақы жинақтарын ауыстыру туралы өтінішпен баруға арналған сенімхаттың қолданылу мерзімі аяқталған не оны ресімдеуге сенімхаттың Қазақстан Республикасы заңнамасының талаптарына сәйкес болмаған;

      5) жіберуші қордың осы салымшымен (алушымен) жасалған зейнетақымен қамсыздандыру туралы шарты болмаған жағдайларда зейнетақы жинақтарын ауыстыру туралы өтінішті орындаудың мүмкін еместігі себептерін көрсете отырып салымшыға (алушыға) немесе сенім білдірушіге ұсынады.

      7. Жіберуші қор Қағидалардың 2 немесе 4-тармақтарында көзделген құжаттарды алған күннен бастап сегіз жұмыс күнінен аспайтын мерзімде:

      1) зейнетақы жинақтары бірыңғай жинақтаушы зейнетақы қорынан ерікті жинақтаушы зейнетақы қорына, ерікті жинақтаушы зейнетақы қорынан бірыңғай жинақтаушы зейнетақы қорына, сондай-ақ бір ерікті жинақтаушы зейнетақы қорынан басқа ерікті жинақтаушы зейнетақы қорына ауыстырылатын жеке тұлғалардың тізімі қоса берілген МТ 102 форматындағы электрондық төлем хабарламасын қалыптастырады. Жеке тұлғалардың тізімі салымшының (алушының) жеке басын растайтын құжатта көрсетілген аты-жөні, бар болса әкесінің аты, туған күні, жеке сәйкестендіру нөмірі (бұдан әрі – ЖСН) туралы, сондай-ақ аударым сомасы туралы мәліметтерден тұрады;

      2) МТ 102 форматындағы төлем хабарламасын зейнетақы жинақтарын ауыстыру үшін өзінің кастодиан банкіне береді.

      8. Алушы қор жазбаша немесе ерікті зейнетақы жарналары есебінен зейнетақымен қамтамасыз ету шарты тараптарының келісімінде айқындалған өзге тәсілмен салымшыны (алушыны) салымшының (алушының) жеке шотына зейнетақы жинақтарының келіп түскені туралы оларды аударған күннен бастап жеті жұмыс күні ішінде хабардар етеді.

      9. Жөнелтуші қор салымшыға (алушыға) немесе сенім білдірілген тұлғаға оның зейнетақы жинақтарын ауыстыру туралы өтінішін алған күннен бастап бес жұмыс күні ішінде зейнетақы жинақтарын ауыстыру туралы өтінішін төмендегі:

      1) салымшының (алушының) жеке басын куәландыратын құжатта көрсетілген тегінің, атының, бар болса әкесінің атының, туылған күнінің, ЖСН-нің Жөнелтуші қордың дерекқорында көрсетілген тегіне, атына, бар болса әкесінің атына, туылған күніне, ЖСН-ге сәйкес келмеуі;

      2) зейнетақы жинақтарын ауыстыру туралы өтініште көрсетілген мәліметтердің Қағидалардың 2 немесе 4-тармақтарына сәйкес ұсынылған құжаттарда көрсетілген мәліметтерге сәйкес келмеуі.

      3) Жөнелтуші қорда Қағидалардың 5-тармағының үшінші бөлігіне сәйкес Жөнелтуші қор сұрау салуды жіберген кезде зейнетақы жинақтарын ауыстыру туралы өтініште көрсетілген іс-әрекеттерді жасау туралы салымшының (алушының) растауының болмауы жағдайларына байланысты орындай алмау себептерін көрсете отырып дәлелді жауапты ұсынады.

3. Кастодиан банктің МТ 102 форматындағы төлем хабарламасын алғаннан кейінгі
және Жөнелтуші қордың зейнетақы жинақтарын қайтарған кездегі іс-қимылдары,
зейнетақы жинақтарын Алушы қорға ауыстырған кезде зейнетақымен қамсыздандыру
туралы шарттардың қолданысын тоқтату талаптары

      10. Жөнелтуші қордың кастодиан банкі салымшының (алушының) зейнетақы жинақтарын Алушы қорға ауыстыруға Жөнелтуші қордың МТ 102 форматындағы төлем хабарламасын алған кезде Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 14365 болып тіркелген Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкі Басқармасының 2016 жылғы 31 тамыздағы № 203 қаулысымен бекітілген Экономика секторларының және төлемдер белгілеу кодтарын қолдану қағидаларында белгіленген төлемдер белгілеу кодтарын көрсете отырып, ерікті зейнетақы жарналары есебінен қалыптастырылған салымшының (алушының) зейнетақы жинақтарын төлем хабарламасын алған бір операциялық күннің ішінде Алушы қорға ауыстырады.

      Ескерту. 10-тармақ жаңа редакцияда – ҚР Ұлттық Банкі Басқармасының 22.12.2017 № 254 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) қаулысымен.

      11. Ауыстыруы Қағидалардың 2-тарауында көзделген тәртіппен жүзеге асырылған, ерікті зейнетақы жарналары есебінен зейнетақы жинақтары қайтарылған жағдайда, Жөнелтуші қор ерікті зейнетақы жарналары есебінен зейнетақы жинақтары қайтарылған күнінен бастап бес жұмыс күні ішінде салымшыға (алушыға) немесе сенім білдірілген өкіліне салымшының (алушының) Жөнелтуші қормен жасалған ерікті зейнетақы жарналары есебінен зейнетақымен қамсыздандыру туралы шартының қолданысы тоқтатылмағаны және зейнетақы жинақтарының қайтарылуына байланысты оған жеке зейнетақы шоты ашылғаны туралы жазбаша немесе өзге тәсілмен хабарлайды.

4. Қорытынды ережелер

      12. Жөнелтуші қор зейнетақы жинақтарын Алушы қорға ауыстырылғанын растау үшін салымшыға (алушыға) сұрау салуы негізінде мыналарды:

      1) ауыстырылған зейнетақы жинақтарының үзінді көшірмесін беру күнін;

      2) зейнетақы жинақтарының және есептелген инвестициялық кірістің сомасын көрсете отырып, ағымдағы күнтізбелік жылдың басындағы зейнетақы жинақтары сомасының қалдықтарын;

      3) ағымдағы күнтізбелік жылдағы зейнетақы жинақтарының нақты түсу күнін көрсете отырып, келіп түскен сомасын;

      4) әр айда нақты есептелгенді көрсете отырып, ағымдағы күнтізбелік жылдағы инвестициялық кірістің сомасын;

      5) салымшының (алушының) жеке зейнетақы шотына бірыңғай жинақтаушы зейнетақы қорынан ерікті жинақтаушы зейнетақы қорына, ерікті жинақтаушы зейнетақы қорынан бірыңғай жинақтаушы зейнетақы қорына, сондай-ақ бір ерікті жинақтаушы зейнетақы қорынан басқа ерікті жинақтаушы зейнетақы қорына нақты келіп түскен күнін көрсете отырып, ағымдағы жылғы келіп түскен зейнетақы жинақтары аударымдарының нақты сомасын;

      6) нақты төлемдердің күнін және ұсталған табыс салығын көрсете отырып, ағымдағы жылғы жүзеге асырылған зейнетақы төлемдерінің сомасын;

      7) ауыстырылған зейнетақы жинақтарының нақты сомасын көрсете отырып, зейнетақы жинақтарының ауыстырылған сомасы туралы үзінді көшірмені береді.

      13. Салымшының (алушының) зейнетақы жинақтарын Жөнелтуші қордан Алушы қорға ауыстырумен байланысты шығыстар Жөнелтуші қордың меншікті қаражаты есебінен жүзеге асырылады.

  Зейнетақы жинақтарын бірыңғай жинақтаушы
зейнетақы қорынан ерікті жинақтаушы зейнетақы
қорына, ерікті жинақтаушы зейнетақы қорынан
бірыңғай жинақтаушы зейнетақы қорына, сондай-ақ
бір ерікті жинақтаушы зейнетақы қорынан басқа
ерікті жинақтаушы зейнетақы қорына ауыстыру
қағидаларына 1-қосымша

      Нысан

      Кімге:

      (Жіберуші қордың толық немесе қысқартылған атауы)

Салымшының (алушының)зейнетақы жинақтарын бірыңғай жинақтаушы
зейнетақы қорынан ерікті жинақтаушы зейнетақы қорына, ерікті
жинақтаушы зейнетақы қорынан бірыңғай жинақтаушы зейнетақы
қорына, сондай-ақ бір ерікті жинақтаушы зейнетақы қорынан басқа
ерікті жинақтаушы зейнетақы қорына ауыстыру туралы өтініші

      Мен, салымшы (алушы):

      Тегі

      Аты

      Әкесінің аты (бар болған кезде)

      Туған күні:

      (күні, айы, жылы цифрлармен)

      Дара сәйкестендіру нөмірі

      Құжаттың түрі: (тиісті ұяшықта х көрсетіңіз)

      Жеке куәлігі Паспорт

      Азаматтығы жоқ тұлғаның куәлігі

      Ықтияр хат

      Нөмірі берілген күні

      (күні, айы, жылы цифрлармен)

      (кім берді)

      Ерікті зейнетақы жарналары есебінен менің зейнетақы жинақтарымды

      (Алушы қордың толық немесе қысқартылған атауы)

      ауыстыру күні толық көлемде ауыстыруды сұраймын

      Мен осы өтінішке қол қойған күні:

      1) зейнетақы жинақтарын бірыңғай жинақтаушы зейнетақы қорынан ерікті жинақтаушы зейнетақы қорына, ерікті жинақтаушы зейнетақы қорынан бірыңғай жинақтаушы зейнетақы қорына, сондай-ақ бір ерікті жинақтаушы зейнетақы қорынан басқа ерікті жинақтаушы зейнетақы қорына ауыстырудың қолданыстағы Қағидаларымен таныстым;

      2) Жіберуші қормен жасалған _________ жылғы № _______ менің зейнетақымен қамтамасыз ету туралы шартымның қолданылуы, ерікті зейнетақы жарналары есебінен зейнетақы жинақтарын аударылған күннен бастап он бес жұмыс күні өткен соң аударылған зейнетақы жинақтарын қайтару болмаған жағдайда тоқтатылады, осыған байланысты менің дара зейнетақы шотым жабылатындығынан хабардар болдым.

      3) зейнетақы жинақтарын бірыңғай жинақтаушы зейнетақы қорынан ерікті жинақтаушы зейнетақы қорына, ерікті жинақтаушы зейнетақы қорынан бірыңғай жинақтаушы зейнетақы қорына, бір ерікті жинақтаушы зейнетақы қорынан басқа ерікті жинақтаушы зейнетақы қорына (керегін сызыңыз) ауыстыру үшін қажетті менің дербес деректерімді жинауға және өңдеуге өз келісімімді беремін.

      Салымшының (алушының) қолы: _________________________________________

      Өтініш жазылған күні:

      (күні, айы, жылы цифрлармен)

      Өтінішті Жіберуші қор қабылдаған күні

      (күні, айы, жылы цифрлармен)

      Өтінішті қабылдаған тұлғаның аты-жөні және лауазымы:

      Жіберуші қорда тіркелген күні:

      (күні, айы, жылы цифрлармен)

      Кіріс нөмірі

      Ескертулер:

      1. Өтініш баспа әріптерімен түсінікті етіп толтырылады.

      2. Барлық жол міндетті түрде толтырылады.

      ---------------------------------------------------------------------

АНЫҚТАМА

      _____________________________________________________ салымшы (алушы)

      (Жіберуші Қордың атауы)

      ________________________________________________ зейнетақы жинақтарын

      (аты-жөні, туған жылы)

      _________________________________________________ бірыңғай жинақтаушы

      (Қабылдаушы Қордың атауы)

      зейнетақы қорына, ерікті жинақтаушы зейнетақы қорына (керегін сызыңыз)

      ауыстыруға арналған өтініш қабылдағанын растайды

      Өтінішті қабылдаған _________________________________________________

      (өтініш қабылдаған тұлғаның аты-жөні мен лауазымы)

      Жіберуші Қорда тіркелді __________________________

      (күні, айы, жылы цифрмен)

      Кіріс нөмірі ______________________

      Өтінішке мына құжаттар қоса берілді: (қабылданған құжаттардың тізбесі)

      Байланыс телефоны:

      E-mail:

  Зейнетақы жинақтарын бірыңғай жинақтаушы
зейнетақы қорынан ерікті жинақтаушы зейнетақы
қорына, ерікті жинақтаушы зейнетақы қорынан
бірыңғай жинақтаушы зейнетақы қорына, сондай-ақ
бір ерікті жинақтаушы зейнетақы қорынан басқа
ерікті жинақтаушы зейнетақы қорына ауыстыру
қағидаларына 2-қосымша

      Нысан

      Кому:

      (Жіберуші қордың толық немесе қысқартылған атауы)

Сенім білдірілген тұлғаның салымшының (алушының) зейнетақы
жинақтарын бірыңғай жинақтаушы зейнетақы қорынан ерікті
жинақтаушы зейнетақы қорына, ерікті жинақтаушы зейнетақы
қорынан бірыңғай жинақтаушы зейнетақы қорына, сондай-ақ бір
ерікті жинақтаушы зейнетақы қорынан басқа ерікті жинақтаушы
зейнетақы қорына ауыстыру туралы өтініші

      Жеке тұлға толтырады:

      Мен, сенім білдірілген:

      Тегі

      Аты

      Әкесінің аты (бар болған кезде)

      Туған күні:

      (күні, айы, жылы цифрлармен)

      Құжаттың түрі: (тиісті ұяшықта х көрсетіңіз)

      Жеке куәлік Паспорт

      Азаматтығы жоқ тұлғаның куәлігі

      Ықтияр хат

      Нөмірі берілген күні

      (күні, айы, жылы цифрлармен)

      (кім берді)

      Заңды тұлға толтырады:

      Мен, сенім білдірілген:

      Атауы, бизнес-сәйкестендіру нөмірі

      Сенімхат негізінде іс-қимыл жасайды:

      тіркелім №

      (күні, айы, жылы цифрлармен)

      салымшының (алушының) мүддесі үшін:

      Тегі

      Аты

      Әкесінің аты (бар болған кезде)

      Туған күні:

      (күні, айы, жылы цифрлармен)

      Дара сәйкестендіру нөмірі

      Құжаттың түрі: (тиісті ұяшықта х көрсетіңіз)

      Жеке куәлігі Паспорт

      Азаматтығы жоқ тұлғаның куәлігі

      Ықтияр хат

      Нөмірі берілген күні

      (күні, айы, жылы цифрлармен)

      (кім берді)

      Ерікті зейнетақы жарналары есебінен салымшының (алушының) зейнетақы жинақтарын

      (Алушы қордың толық немесе қысқартылған атауы)

      ауыстыру күні толық көлемде ауыстыруды сұраймын.

      Мен, салымшының (алушының) сенім білдірілген тұлғасы осы өтінішке қол қойған күні:

      1) зейнетақы жинақтарын бірыңғай жинақтаушы зейнетақы қорынан ерікті жинақтаушы зейнетақы қорына, ерікті жинақтаушы зейнетақы қорынан бірыңғай жинақтаушы зейнетақы қорына, сондай-ақ бір ерікті жинақтаушы зейнетақы қорынан басқа ерікті жинақтаушы зейнетақы қорына ауыстырудың қолданыстағы Қағидаларымен таныстым;

      2) Жіберуші қормен жасалған _________ жылғы № _______ салымшының (алушының) зейнетақымен қамтамасыз ету туралы шартының қолданылуы, ерікті зейнетақы жарналары есебінен зейнетақы жинақтарын аударылған күннен бастап он бес жұмыс күні өткен соң аударылған зейнетақы жинақтарын қайтару болмаған жағдайда тоқтатылады, осыған байланысты оның дара зейнетақы шоты жабылатындығынан хабардар болдым.

      3) салымшының (алушының) зейнетақы жинақтарын бірыңғай жинақтаушы зейнетақы қорынан ерікті жинақтаушы зейнетақы қорына, ерікті жинақтаушы зейнетақы қорынан бірыңғай жинақтаушы зейнетақы қорына, бір ерікті жинақтаушы зейнетақы қорынан басқа ерікті жинақтаушы зейнетақы қорына (керегін сызыңыз) ауыстыру үшін қажетті менің дербес деректерімді және салымшының (алушының) дербес деректерін жинауға және өңдеуге өз келісімімді беремін.

      Сенім білдірілген тұлғаның қолы: ____________________________________

      Өтініш жазылған күні:

      (күні, айы, жылы цифрлармен)

      Өтінішті Жіберуші қор қабылдаған күні

      (күні, айы, жылы цифрлармен)

      Өтінішті қабылдаған тұлғаның аты-жөні мен лауазымы:

      Жіберуші қорда тіркелген күні:

      (күні, айы, жылы цифрлармен)

      Кіріс нөмірі

      Ескертулер:

      1. Өтініш баспа әріптерімен түсінікті етіп толтырылады.

      2. Барлық жол міндетті түрде толтырылады.

      ---------------------------------------------------------------------

АНЫҚТАМА

      __________________________ салымшы (алушы) __________________________

      (Жіберуші Қордың атауы) (аты-жөні, туған жылы)

      мүддесі үшін сенім білдірілген тұлғасы ______________________________

      (аты-жөні, туған жылы)

      зейнетақы жинақтарын ____________________________ бірыңғай жинақтаушы

      (Қабылдаушы Қордың атауы)

      зейнетақы қорына, ерікті жинақтаушы зейнетақы қорына (керегін сызыңыз)

      ауыстыруға арналған өтініш қабылдағанын растайды

      Өтінішті қабылдаған _________________________________________________

      (өтініш қабылдаған тұлғаның аты-жөні мен лауазымы)

      Жіберуші Қорда тіркелді _____________________________________________

      (күні, айы, жылы цифрмен)

      Кіріс нөмірі ______________________

      Өтінішке мына құжаттар қоса берілді: (қабылданған құжаттардың тізбесі)

      Байланыс телефоны:

      E-mail: