Қазақстан Республикасының нормативтік құқықтық актілерін жетілдіру мақсатында Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкінің Басқармасы ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
1. Күші жойылды - ҚР Ұлттық Банкі Басқармасының 16.07.2014 № 151 қаулысымен (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік жиырма бір күн өткен соң қолданысқа енгізіледі).
2. Қазақстан Республикасы Қаржы нарығын және қаржы ұйымдарын реттеу мен қадағалау агенттiгi Басқармасының «Сақтандыру ұйымының сақтандыру қызметін жүзеге асыруына қойылатын талаптарды, оның ішінде сақтандыру нарығының қатысушыларымен өзара қарым-қатынастары жөніндегі талаптарды және сақтандыру агентінің делдалдық қызметті жүзеге асыруына өкілеттіктерін бекіту туралы» 2010 жылғы 1 наурыздағы № 25 қаулысына (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 6164 тіркелген, «Егемен Қазақстан» газетінде 2010 жылғы 30 қазанда № 450-451 (26294) жарияланған) мынадай өзгерістер енгізілсін:
тақырыбы мынадай редакцияда жазылсын:
«Сақтандыру ұйымының сақтандыру қызметін жүзеге асыруына қойылатын талаптарды, оның ішінде сақтандыру нарығының қатысушыларымен өзара қарым-қатынастары жөніндегі талаптарды және сақтандыру агентінің сақтандыру нарығында делдалдық қызметті жүзеге асыруына өкілеттіктерін бекіту туралы»;
1-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:
«1. Қоса беріліп отырған Сақтандыру ұйымының сақтандыру қызметін жүзеге асыруына қойылатын талаптар, оның ішінде сақтандыру нарығының қатысушыларымен өзара қарым-қатынастары жөніндегі талаптар және сақтандыру агентінің сақтандыру нарығында делдалдық қызметті жүзеге асыруына өкілеттіктері (бұдан әрі – Талаптар) бекітілсін.»;
көрсетілген қаулымен бекітілген Сақтандыру ұйымының сақтандыру қызметін жүзеге асыруына қойылатын талаптарда, оның ішінде сақтандыру нарығының қатысушыларымен өзара қарым-қатынастары жөніндегі талаптарда және сақтандыру агентінің делдалдық қызметті жүзеге асыруына өкілеттіктерінде:
тақырыбы мынадай редакцияда жазылсын:
«Сақтандыру ұйымының сақтандыру қызметін жүзеге асыруына қойылатын талаптар, оның ішінде сақтандыру нарығының қатысушыларымен өзара қарым-қатынастары жөніндегі талаптар және сақтандыру агентінің сақтандыру нарығында делдалдық қызметті жүзеге асыруына өкілеттіктері»;
1-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:
«1. Осы Сақтандыру ұйымының сақтандыру қызметін жүзеге асыруына қойылатын талаптар, оның ішінде сақтандыру нарығының қатысушыларымен өзара қарым-қатынастары жөніндегі талаптар және сақтандыру агентінің сақтандыру нарығында делдалдық қызметті жүзеге асыруына өкілеттіктері (бұдан әрі – Талаптар) «Сақтандыру қызметі туралы» 2000 жылғы 18 желтоқсандағы Қазақстан Республикасы Заңының (бұдан әрі – Заң) 11-1 және 18-баптарына сәйкес, сақтандыру шарттарын жасау және орындау кезінде, оның ішінде сақтандыру агенті сақтандыру ұйымының атынан және тапсырмасы бойынша сақтандыру шарттарын жасау бойынша делдалдық қызметті жүзеге асыру кезінде туындайтын процестерді реттеу мақсатында әзірленді»;.
8-1-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:
«8-1. Сақтандыру агенттерінің тізілімі тоқсан сайын, есептi тоқсаннан кейiнгi айдың бесiнші жұмыс күнінен кешiктiрмей, берілетін деректердің құпиялылығын және түзетілмеуін қамтамасыз ететін криптографиялық қорғаныш құралдары бар ақпаратты кепілдікпен жеткізудің тасымалдау жүйесін пайдалана отырып электрондық тасымалдағышта қаржы нарығын және қаржы ұйымдарын реттеу, бақылау және қадағалау жөніндегі уәкілетті органға (бұдан әрі – уәкілетті орган) ұсынылуы тиіс.
Сақтандыру агенттерінің тізіліміне сақтандыру ұйымының бірінші басшысы (ол жоқ болған кезде – оның орнындағы адам) қол қояды, мөрмен куәландырылады және сақтандыру ұйымында қағаз тасымалдағышта сақталады. Уәкілетті органның талап етуі бойынша сақтандыру ұйымы сұрату алған күннен бастап екі жұмыс күнінен кешіктірмей қағаз тасымалдағышта есептілікті ұсынады.»;
12-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:
«12. Заңды тұлғалар – сақтандыру (қайта сақтандыру) ұйымдарында, сақтандыру брокерлерінде және сақтандыру агенттерінде, жеке тұлғалар – актуарийлердегі және сақтандыру агенттеріндегі құжаттарды жасау, құжаттаманы басқару және құжаттарды сақтау тәртібі Қазақстан Республикасы Қаржы нарығын және қаржы ұйымдарын реттеу мен қадағалау агенттiгi Басқармасының 2010 жылғы 27 желтоқсандағы № 182 қаулысымен (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 6932 тіркелген) бекітілген Сақтандыру нарығының кәсіби қатысушыларының және кәсіпкерлік қызметті жүзеге асыратын сақтандыру агенттерінің құжаттарды сақтау ережесіне сәйкес айқындалады.»;
18-тармақтың 1) тармақшасы мынадай редакцияда жазылсын:
«1) сақтандырушының бір жақты тәртіпте әзірлеген (қосылу шарты) үлгі талаптарына (сақтандыру ережелеріне) сақтанушының қосылуы және сақтандырушының сақтанушыға Қазақстан Республикасы Қаржы нарығын және қаржы ұйымдарын реттеу мен қадағалау агенттiгi Басқармасының 2010 жылғы 1 наурыздағы № 24 қаулысымен (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 6171 тіркелген) бекітілген Сақтандыру полистері бланктерінің мазмұнына және оларды жасауға, көлік құралдары иелерінің азаматтық-құқықтық жауапкершілігін міндетті сақтандыру бойынша сақтандыру полисін ресімдеуге, сондай-ақ міндетті сақтандырудың жекелеген түрлері бойынша міндетті сақтандыру шарттарын жасау үшін сақтанушы өтініштерінің мазмұнына қойылатын талаптарға сәйкес ресімделетін сақтандыру полисін беруі арқылы сақтандыру шартын жасасу.»;
2-қосымшасы 1-жолының 7-бағаны:
«
Сақтандыру агентінің салық төлеушінің тіркеу нөмірі (СТТН), бизнес-сәйкестендіру нөмірі (заңды тұлға үшін) немесе жеке сәйкестендіру нөмірі (бар болса, жеке тұлға үшін) |
7 |
»
мынадай редакцияда жазылсын:
«
Сақтандыру агентінің бизнес-сәйкестендіру нөмірі (заңды тұлға үшін) немесе жеке сәйкестендіру нөмірі (жеке тұлға үшін, бар болса) |
7 |
».
3. Осы қаулы алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.
Ұлттық Банк
Төрағасы Қ. Келімбетов