Ескерту. Бұйрықтың күші жойылды - ҚР Инвестициялар және даму министрінің м.а. 24.11.2015 № 1087 бұйрығымен.
«Азаматтық авиацияда ұшуды және авиациялық радиобайланысты радиотехникалық қамтамасыз ету қағидасын бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2010 жылғы 31 желтоқсандағы № 1525 қаулысымен бекітілген Азаматтық авиацияда ұшуды және авиациялық радиобайланысты радиотехникалық қамтамасыз ету қағидасының 286-тармағына сәйкес БҰЙЫРАМЫН:
1. Қоса берілген Авиациялық тіркелген электр байланысы желісіндегі жұмыс технологиясы бекітілсін.
2. Қазақстан Республикасы Көлік және коммуникация министрлігінің Азаматтық авиация комитеті (Б.К. Сейдахметов):
1) осы бұйрықтың Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінде заңнамада белгіленген тәртіппен мемлекеттік тіркелуін;
2) осы бұйрық Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркелгеннен кейін бұқаралық ақпарат құралдарында жариялануды, соның ішінде Қазақстан Республикасы Көлік және коммуникация министрлігінің интернет-ресурсында ресми және мемлекеттік органдардың интернет-порталдарында орналастыруды;
3) осы бұйрық Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркелгеннен кейін күнтізбелік он күн ішінде «Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінің Республикалық құқықтық ақпарат орталығы» шаруашылық жүргізу құқығындағы «Әділет» республикалық мемлекеттік кәсіпорнының ақпараттық-құқықтық жүйесіне ресми жариялауға көшірмесін жіберуді;
4) осы бұйрық Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркелгеннен кейін 5 жұмыс күні ішінде мемлекеттік тіркеу және бұқаралық ақпарат құралдарында жариялауға жіберу туралы мәліметтерді Қазақстан Республикасы Көлік және коммуникация министрлігінің Заң департаментіне ұсынуды қамтамасыз етсін.
3. Осы бұйрықтың орындалуын бақылау Қазақстан Республикасының Көлік және коммуникация вице-министрі А.Ғ. Бектұровқа жүктелсін.
4. Осы бұйрық алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.
Министр А. Жұмағалиев
Қазақстан Республикасы
Көлік және коммуникация министрінің
2014 жылғы 20 қаңтардағы
№ 43 бұйрығымен бекітілген
Тіркелген
авиациялық электр байланыс желісінде жұмыс істеу
технологиясы
1. Жалпы ережелер
1. Қазақстан Республикасының тіркелген авиациялық электр байланыс желісінде (бұдан әрі - AFTN) жұмыс істеу технологиясы (бұдан әрі - Технология) тәжірибе ұсынған халықаралық стандарттардың және «Авиациялық электр байланыс, Халықаралық азаматтық авиация туралы конвенцияға 10-қосымша, ІІ том» аэронавигациялық қызмет көрсету қағидаларының негізінде Қазақстан Республикасы Үкіметінің «Ұшуды радиотехникалық қамтамасыз ету мен азаматтық авиацияның авиациялық радиобайланыс ережелерін бекіту туралы» 2010 жылғы 31 желтоқсандағы № 1525 қаулысымен бекітілген Ұшуды радиотехникалық қамтамасыз ету мен азаматтық авиацияның радиобайланыс ережелерінің 286-тармағымен сәйкес әзірленген.
2. Технология Қазақстан Республикасының AFTN желісінде (бұдан әрі - Желі) байланысты ұйымдастыру және жүргізу тәртібін айқындайды.
3. Технологияда мынадай анықтамалар қолданылады:
1) азаматтық авиация саласындағы уәкiлеттi орган – Қазақстан Республикасының әуе кеңiстiгiн пайдалану және азаматтық және эксперименттiк авиация қызметi саласында басшылықты жүзеге асыратын орталық атқарушы орган;
2) белгіленген формат бойынша қардың, мұздың, лай батпақтың немесе қардың еруінен пайда болған ақпайтын судың, әуеайлақтың жұмыс алаңында лай батпақ пен мұздың болуынан туындаған қауіпті жағдайлардың бар екендігі немесе оларды жою туралы хабарлайтын арнайы сериялы «SNОWТАМ» – «NOTAM»;
3) берілген тізбек (бұдан әрі - маршрут) – хабарламаларды қабылдаудан бастап жеткізуге дейінгі таңдап алынған жүру жолы;
4) жеделхат – жіберуші осы Технологияның 3-тарауының 4-параграфына сәйкес бойынша толтырған және желіге тарату үшін авиациялық электр байланыс станциясына ұсынылған құжат;
5) желіге тарату уақыты – жеделхат AFTN станциясына келіп түскен сәттен бастап хабарламаны арнаға таратуды бастағанға дейінгі уақыт аралығы. Кесте бойынша жұмыс істейтін AFTN станциялары үшін желіге тарату уақыты байланыс сеансы басталғаннан есептеледі;
6) жүру уақыты – жеделхатты желі бойынша тарату үшін AFTN станциясына келіп түскен сәттен бастап осы хабарлама адресатқа немесе абонентке келіп түскен сәтке дейінгі уақыт;
7) жыртылмалы таспасы бар қайта тарату қондырғысы – хабарламалар телетайп таспасына қабылданатын және қайта таратылатын, ал хабарламаларды қайта тарату бойынша барлық операциялар оператордың араласу нәтижесі болып табылатын телетайп қондырғысы;
8) жіберуші – желіге тарату үшін тиісті өкілеттігі бар және жеделхатқа қол қойған лауазымдық тұлға;
9) межелі AFTN станциясы – жергілікті адресатқа жеткізуге арналған хабарламалар жіберілетін AFTN станциясы;
10) орналасқан жерінің индексі – тіркелген авиациялық станцияның орналасқан жерін белгілеу үшін Халықаралық азаматтық авиация ұйымының (ICAO) «Орналасқан жер көрсеткіштері (индекстері)» DOC 7910 құжатына сәйкес құрастырылған төрт әріптік кодтық топ;
11) өкілетті орган – азаматтық авиация саласындағы уәкілетті органның қарамағындағы және халықаралық авиациялық электр байланыс қызметінің өз жұмысын Халықаралық азаматтық авиация туралы конвенцияның 10-қосымшасы ІІ томында айтылған ережелерге сәйкес жүзеге асыруын қамтамасыз ету үшін жауапты аэронавигациялық ұйым;
12) тіркелген авиациялық электр байланыс желісі (ағылшын тіліндегі AFTN қысқарған аббревиатурасы) – жерүсті авиациялық электр байланыстың бір бөлігі болып табылатын және ұқсас немесе үйлесімді байланыс сипаттамалары бар тіркелген авиациялық станциялар арасында хабарламалармен және/немесе цифрлық деректермен алмасуды көздейтін тіркелген авиациялық электр байланыс тізбектерінің дүниежүзілік жүйесі;
13) ұшу-пайдалану агенттігі - әуе кемелерін (бұдан әрі - ӘК) пайдалануды жүзеге асыратын немесе осы салада өз қызметтерін ұсынатын ұйым немесе кәсіпорын;
14) хабарлама форматы – халықаралық шарттар мен рәсімдердің негізінде қабылданған желіде хабарлама алмасу тәртібі;
15) шеткі станция (ШС) – кіріс және шығыс хабарламаларды өңдеуді қамтамасыз ететін АFTN станциясы;
16) «AIRMET» ақпараты (ағылшын тіліндегі «AIRMET» қысқарған аббревиатурасы (бұдан әрі - «AIRMET») – ұшу маршруты бойынша төменгі биіктіктерде ұшу қауіпсіздігіне әсер етуі мүмкін және ұшу ақпаратының тиісті ауданында немесе оның қосалқы ауданында төменгі биіктіктегі ұшу үшін құрастырылған болжамға енгізілмеген белгілі бір ауа райы құбылыстарының нақты немесе болжамды пайда болуы туралы метрологиялық байқау органы шығаратын ақпарат;
17) AFTN байланыс орталығы – негізгі мақсаты AFTN трафигін онымен байланысты басқа AFTN станцияларынан (немесе станциялары үшін) қайта тарату болып табылатын AFTN станциясы.
18) AFTN жіберу станциясы - AFTN желісі бойынша таратуға арналған жеделхаттар келіп түсетін AFTN станциясы;
19) AFTN хабарлама тарату орталығы (AFTN ХТО) – құрамына аппарат құралдары мен бағдарламалық жасақтама кіретін және негізінен хабарламаларды қайта таратуға арналған AFTN байланыс орталығы;
20) «METAR» - тұрақты метеорологиялық ауа райы мәліметі;
21) «NОТАМ» - ұшуды орындаумен байланысты персоналға уақтылы алдын ала хабарлануы маңызды болып табылатын, электр байланыс құралдары арқылы таратылатын және кез келген аэронавигациялық жабдықтың, қызмет көрсетудің және ережелердің қолданысқа енгізілуі, жай-күйі немесе өзгеруі туралы ақпарат пен қауіп-қатер туралы ақпаратты қамтитын хабарлама;
22) «SPESI» - арнайы метеорологиялық ауа райы мәліметі;
23) «SIGMET» ақпараты (ағылшын тіліндегі «SIGMET» қысқарған аббревиатурасы (бұдан әрі - «SIGMET») – ұшу маршруты бойынша әуе кемелерінің ұшу қауіпсіздігіне әсер етуі мүмкін белгілі бір ауа райы құбылыстарының нақты немесе болжамды пайда болуы туралы метрологиялық байқау органы шығаратын ақпарат.
4. Тіркелген авиациялық электр байланыс желісінде төмендегі хабарламалар өңделеді:
1) апат туралы;
2) шұғыл;
3) ұшу қауіпсіздігіне қатысты;
4) метеорологиялық;
5) ұшу тұрақтылығы туралы;
6) аэронавигациялық ақпарат қызметтері (бұдан әрі - ААҚ);
7) авиациялық әкімшілік;
8) қызметтік.
5. Барлық AFTN станциялары Дүниежүзілік үйлестірілген уақытты (бұдан әрі - UTC) қолданады. Түн жарымы тәуліктің соңы – 24 00, ал тәуліктің басы - 00.00 болып саналады.
6. «Күн-уақыт» тобы төрт цифрдан тұрады; алғашқы екі цифр айдың санын, ал соңғы төртеуі – сағат пен минуттарды (UTC) білдіреді.
AFTN желісіне хабарлама мәтінің жіберуге дайындағанда келесіні сақтаған қажет.
Ақпараттарды, индекстерді, қысқаруларды, әріптерді, белгіленген белгілер тырнақшаға алынбайды.
2. AFTN желісін ұйымдастыру
7. Желіні жедел басқаруды кәсіпорынның Бас хабар тарату орталығы жүзеге асырады.
8. Желі Хабар тарату орталықтары мен шеткі станциялар кәсіпорынның филиалдары орналасқан жерге байланыстырылған тұрақты сипатқа ие.
3. AFTN станциясына
жеделхаттарды толтыру және тарату
1-параграф. Хабарлама түрлері
9. Хабарламалар өңдеу (AFTN станциясы арқылы өту) сатысына қарай төмендегілерге бөлінеді:
1) шығыс – жіберушілерден қабылдап алынған және осы станциядан желіге таратылатын хабарламалар;
2) транзиттік – осы станция арқылы өтетін және сонда өңделетін хабарламалар;
3) кіріс – желіден осы станцияға келіп түскен және осы станция адресаттарына жеткізілуге тиіс хабарламалар.
10. Жіберуші жасайтын адрестік тармаққа қарай хабарламалар төмендегідей бөлінеді:
1) бір мекенжайлы – адрес тармақ құрамында бір адресат индексі болады;
2) көп мекенжайлы – адрестік тармақ құрамында екі не одан көп адресат индексі немесе алдын ала анықтап таратуға арналған адрес индексі болады.
11. Мәтініне және өңдеу тәсіліне қарай хабарламалар төмендегідей бөлінеді:
1) нысандалған – қатаң белгіленген нысан бойынша құрастырылған мәтін;
2) қарапайым (мағыналық).
2-параграф. Хабарлама санаттары
12. AFTN желісінде төмендегі санаттағы хабарламалар өңделеді:
1) апаттар туралы («СС» шұғылдық индексі). Хабарламалардың бұл санатына тікелей қауіптің төніп тұруы туралы хабарлайтын жылжымалы станция хабарламалары, сондай-ақ апатқа ұшыраған жылжымалы станцияға қажет шұғыл көмекке қатысты басқа хабарламалар жатады;
2) шұғыл («ДД» шұғылдық индексі). Хабарламалардың бұл санатына әуе кемесінің, немесе басқа көлік құралдарының, немесе ӘК бортындағы не көзге көрінетін жердегі қандай болмасын тұлғаның қауіпсіздігіне қатысты хабарламалар жатады;
3) ұшу қауіпсіздігіне қатысты хабарламалар («ФФ» шұғылдық индексі) төмендегілерді қамтиды:
ICAO PANS-ATM (Doc 4444) құжатында белгіленгендей, қозғалыс пен басқару туралы хабарламалар;
ұшып бара жатқан әуе кемесіне немесе ұшып шығуға дайындалып жатқан әуе кемесіне тікелей қатысы бар ұшу-пайдалану агенттігі толтырған хабарламалар;
«SIGMET» ақпаратымен, борттан келіп түскен арнайы хабарламалармен, «AIRMET» хабарламаларымен, вулкан күлі мен тропикалық циклондар туралы ақпаратпен және нақтыланған болжамдармен шектелген метеорологиялық хабарламалар.
4) метеорологиялық («ГГ» шұғылдық индексі) мына хабарламаларды қамтиды:
ауа райы болжамы, мәселен, әуеайлақ, аудан, маршруттар бойынша болжамдар туралы;
бақылаулар мен хабарламаларға қатысты, мысалы, METAR, SPESI;
5) ұшу тұрақтылығы туралы хабарламалар («ГГ» шұғылдық индексі) мына хабарламалардан тұрады:
салмақтық және орталықтандыру параметрлерін анықтау үшін әуе кемелерінің тиелуі туралы;
әуе кемелерінің ұшу кестесіндегі өзгерістер туралы;
әуе кемелеріне қызмет көрсету туралы;
қалыпты кестеден ауытқу себебінен жолаушылар, экипаж және жүкпен байланысты ұжымдық қажеттілік туралы;
жоспарланбаған қону туралы;
ӘК тұрақты емес ұшуына аэронавигациялық және пайдалану қызметтерін көрсетуге қатысты ұшу алдындағы шаралар туралы. Мысалы, ұшып өтуге рұқсат сұрау;
ұшу-пайдалану агенттіктері құрастырған, әуе кемесі ұшып келген немесе ұшып шыққан уақыты көрсетілетін хабарламалар;
әуе кемесінің ұшуын қамтамасыз ету үшін шұғыл түрде қажет қосалқы бөлшектер мен материалдарға қатысты хабарламалар;
6) ААҚ хабарламалары («ГГ» шұғылдық индексі) мына хабарламаларды қамтиды:
а) NOTAM-ға қатысты хабарламалар;
б) SNOWTAM-ға қатысты хабарламалар;
7) авиациялық әкімшілік хабарламалар («КК» шұғылдық индексі) мына хабарламаларды қамтиды:
қауіпсіздікті, әуе кемелерінің ұшу тұрақтылығын қамтамасыз етуге арналған құралдарды пайдалану немесе оларға техникалық қызмет көрсетуге қатысты;
аэронавигациялық ақпарат қызметінің жұмысына қатысты;
азаматтық авиацияның өкілетті органдары алмасатын және аэронавигациялық қызмет көрсетуге қатысты;
шұғылдық дәрежесіне қарай авиапошта немесе басқа желілер арқылы жіберілмейтін хабарламалар;
8) қызметтік хабарламалар (жағдайға қатысты қолданылатын шұғылдық индексімен). Хабарламалардың бұл санатына ақпаратты немесе AFTN станциясы дұрыс таратпады деп болжанған басқа хабарламаларға қатысты растауларды, арналардағы нөмірлер ретінің растауын және т.б. алу мақсатында AFTN станциялары құрастырған хабарламалар.
AFTN станциялары қызметтік хабарламаларды орыс тілінде де, латын тілінде де жасауды және тануды қамтамасыз етеді. Қызметтік хабарламалар тіркелімі шектес AFTN станцияларының келісуі арқылы белгіленеді.
«СС» («SS») шұғылдық индексі бар хабарламалардың алғандығын растайтын хабарламаларды қоспағанда, басқа қызметтік хабарламалар мәтіндегі бірінші топ секілді СЖЦ (SVC) қысқарған сөзімен белгіленеді.
Қызметтік хабарламадағы алынған хабарламаға сілтеме жасау тиісті таратылымды белгілеу топтарының немесе дереккөздің көмегімен жүргізіледі.
Хабарламаны кешіктіру немесе алмау себептерін анықтауға қатысты қызметтік хабарламалар осы Технологияның 1-қосымшасына сәйкес хабарламаларды кешіктіру немесе алмау себептеріне тексеру жүргізу ретімен сұралған хабарлама сонда өңделген AFTN станцияларына жіберіледі.
3-параграф. Таратылым кезектілігі
13. AFTN станциялары хабарламалардың бұрмалаусыз өтуін қамтамасыз етеді.
14. Көлемі 160 белгіге дейінгі шығыс жеделхаттар үшін желіге таратудың төмендегі уақыт нормативтері белгіленген:
1) «СС» («SS») шұғылдық индексімен кезектен тыс, кідірмей;
2) «ДД» («DD»), «ФФ» («FF») шұғылдық индекстерімен 5 минутқа дейін;
3) «ГГ» («GG») шұғылдық индекстерімен 10 минутқа дейін;
4) «КК» («KK») шұғылдық индексімен 30 минутқа дейін.
Көлемі 160 белгіге дейінгі жеделхаттарды тарату уақыты әрбір қосымша 100 белгіге 1 минутқа көбейеді.
Көп мекенжайлық жеделхаттарды тарату уақыты осы Технологияның 26-тармағына сәйкес белгіленеді.
15. Транзиттік хабарламалар үшін AFTN станцияларында хабарламалар таратылымының (қайта таратылуының) төмендегідей кезектілігі белгіленеді:
Таратылым Шұғылдық
кезектілігі индексі
1 «СС»;
2 «ДД ФФ»;
3 «ГГ КК»;
Бірдей шұғылдық индексі бар хабарламалар AFTN станциясына келіп түскен ретпен таратылады.
4-параграф. Жеделхаттарды құрастыру
және AFTN станциясына беру
16. Технологияның 12-тармағында көрсетілген санатқа жататын хабарламалар ғана AFTN желісіне тарату үшін қабылданады.
17. Хабарламаларды желіге таратудың тиімділігін анықтау және мәтіннің дұрыс жазылуы хабарламаны құрастырған жіберушіге жүктеледі. AFTN станциясының қызметкерлері желіге тарату үшін станцияға жеткізілген жеделхаттың мәтінін өзгертпейді және түзетпейді.
18. AFTN желісіне таратуға арналған жеделхатты жіберуші құрастырады және адрестік жолы, дереккөз, мәтін және қызметтік мәліметтер болуы және олар төмендегі нысанға сәйкес келуіді:
«00 ХХХХХХХХ»;
«000000 YYYYYYYY»;
«МӘТІН»
______________________________________________________________
лауазымды тұлғаның лауазымы, аты-жөні және қолы
Орынд.: тұлғаның лауазымы, аты-жөні;
Телефон № (міндетті емес);
Күні (саны, айы, жылы);
ондағы, «00 ХХХХХХХХ» – адрестік жол (00 –шұғылдық индексі, «ХХХХХХХХ» – адрес индексі). Адрестік жолда бірнеше адресаттың индексі болуы мүмкін;
«000000 YYYYYYYY» – дереккөз («000000» – жеделхатты беру уақыты, «YYYYYYYY» – жіберушінің индексі);
«Мәтін» – жеделхаттың мәтіндік бөлігі. Мәтіндік бөлігі қызметтік мәліметтерден тұтас көлденең сызықпен бөлінеді.
19. Хабарлама төмендегідей құрастырылуға тиіс:
1) егер адрестік жолдағы адресаттардың барлық индекстері «У» («U») әрпінен басталса, орыс немесе латын әліпбиінде;
2) егер адрестік жолдағы адресаттардың біреуі болса да «У» («U») әрпінен басқа әріптен басталатын болса, латын әліпбиінде.
Жеделхатта латын әріптерімен орыс сөздерін жазу қажет болса, осы Технологияның 2-қосымшасына сәйкес хабарламаларда латын әріптерімен орыс сөздерін жазу үшін пайдаланатын орыс алфавитінің латын әріптеріне сәйкестік кестесі қолданылады.
20. AFTN жіберу станциясы желіге тарату үшін желіге төмендегі жеделхаттарды қабылдайды:
1) осы мақсатта пайдалануға рұқсат етілген тізбек арқылы алынған;
2) жіберуші станцияға жеткізген және осы Технологияның 18-тармағында көрсетілген нысанға сәйкес келетін, көлемі жазу парағының жартысынан кем болмайтын қағазға немесе арнайы дайындалған бланкіге сиямен немесе қара түсті пастамен қолдан жазылған, немесе басып жазылған және қол қою құқығы берілген лауазымды тұлғалар қол қойған.
AFTN станциясын басқаратын азаматтық авиация ұйымымен (филиалмен) келісу белгісі бар хабарламаларға қол қою құқығы бар лауазымды тұлғалар тізімінің түпнұсқасы осы Технологияның 3-қосымшасына сәйкес жіберушіге қызмет көрсететін станцияда сақталады.
21. Қызметтік мәліметтердегі қолтаңба жеделхатта көрсетілген лауазымды тұлғаға сәйкес болуға тиіс.
Лауазымды тұлға уақытша болмаған жағдайда оған рұқсат берілген шұғылдық санаты мен жіберушінің индексі бар жеделхатқа оның міндетін атқаратын тұлға қол қоя алады. Бұл жағдайда жеделхат бланкісінде жеделхатқа қол қоятын тұлғаның уақытша лауазымы көрсетіледі.
Егер хабарлама бланкісінде, қызметтік мәліметте бірнеше лауазымды тұлға көрсетілетін болса, сол тұлғалардың барлығының қолы болуға тиіс. Бұл жағдайда, егер жіберушінің жеделхатта көрсетілген шұғылдық санаты мен индексі құрамында жеделхатқа қол қою құқығы берілген бір лауазымды тұлға бар лауазымды тұлғалар тізімімен рұқсат етілген болса, жеделхат желіге таратылу үшін қабылданады.
22. Жіберуші жеделхатқа түзетулер енгізе алады, толықтырулар жасайды, оны таратуды кешіктіре немесе тоқтата алады. Бұл іс-қимылдардың барлығы осы жеделхат бланкісіндегі жіберушінің қолымен расталуы керек. Егер жеделхат жіберілген болса, оны түзету, толықтыру немесе жою үшін жіберуші басқа жеделхат жіберуге тиіс.
23. Шығыс жеделхаттардың түпнұсқалары мен AFTN шығыс станциясы таратқан барлық хабарламалардың толық көшірмелері 30 күнтізбелік күндер ішінде AFTN жіберілген станцияда сақталады.
24. Желіге тарату үшін хабарламалар AFTN станциясына бір данада ұсынылады. AFTN станцияларында өңдеуге қабылданып алынған жеделхаттардың көшірмелері қайтарып берілмейді.
25. Жеделхаттар төмендегі құрамдас бөліктерден тұрады:
1) адрестік жол мына индекстерді қамтиды:
шұғылдық;
адрестер (адресаттар).
Шұғылдық индексі тиісті екі әріптік топтан тұрады және адрестердің бірінші жолында көрсетіледі. Жеделхаттың шұғылдық индексін мазмұнына қарай жеделхатқа қол қойған тұлға белгілейді.
Адресаттың индексі сегіз әріптен тұрады және алдын ала белгілеп таратуға арналған адрестің индексін қоспағанда, мыналарды қамтиды:
межелі пункттің орналасқан жерін көрсететін төрт әріптік белгі;
хабарлама жолданатын ұйымды/атқарымдық бөлімшені (авиациялық өкілетті орган, қызмет немесе ұшу-пайдалану агенттігі) көрсететін екі немесе үш әріптік шартты белгі;
хабарлама жолданатын ұйымды/атқарымдық бөлімше шеңберіндегі бөлімді, бөлімшені немесе процесті белгілейтін қосымша әріп (әріптер). «Ь» («Х») немесе «ЬЬ» («ХХ») әріптері хабарламаны алушы адрес индексінің жеті немесе алты әрпімен белгіленген жағдайда немесе нақты белгілеу қажет болмаған жағдайларда адресті аяқтау үшін қолданылады.
AFTN жолданатын станцияның бір жерде немесе әр жерде орналасуына қарамастан, адрестің әрбір индексі үшін адресаттың жеке индексі қолданылады.
Адресті қалыптастыру үшін қолданылатын индекстердің тізбесі төмендегілерде көрсетілген:
азаматтық авиация саласында үкіметті орган бекітетін адрестерді қалыптастыру үшін пайдаланылатын индекстердің тізбесі;
Адресті көрсету үшін пайдаланатын шартты белгілер тізімі:
шартты белгілерінің көрсеткіш жинағында;
Doc 7910 ICAO – «Орналасқан жерінің көрсеткілері (индекстері)»;
Doc 8585 ICAO – «Ұшу-пайдалану агенттіктерінің, авиациялық өкілетті органдар мен қызметтердің шартты белгілері»
көрсетілген.
Егер хабарлама шартты үш әріптік белгі берілген ұйымға жолдануға тиіс болса немесе ол мемлекеттер индекстерінің жинақтарында көрсетілмесе, межелі пункт индексінен кейін ICAO-ның үш әріптік шартты белгісі («YYY») (немесе, егер әскери қызмет/ұйым болса, ICAO «ЫЬЫ («YXY») үш әріптік шартты белгісі) келеді. Ұйым-адресаттың атауы бұл жағдайда жеделхат мәтінінің бірінші элементіне енгізіледі. «Ь» («Х») толтыру әрпі осы Технологияның 4-қосымшасына сәйкес Хабарламалар форматында көрсетілген «ЫЫЫ» («YYY») немесе «ЫЬЫ» («YXY») үш әріптік шартты белгіден кейін келетін сегізінші әріп болып табылады.
Егер хабарлама ұшып бара жатқан әуе кемесіне жіберілуге тиіс болса және сондықтан оған белгіленген таратылым трактысының бір бөлігі авиациялық әуе байланысының арналары арқылы қайта таратылғанға дейін AFTN желісі арқылы өтетін болса, хабарламаны әуе кемесіне жіберуге тиіс авиациялық станцияның орналасқан жерінің индексінен кейін ICAO-ның үш әріптік «ЗЗЗ» («ZZZ») шартты белгісі келеді. «Ь» («Х») толтыру әрпі сегізінші әріп болып табылады. Бұл жағдайда әуе кемесінің тану индексі Хабарламалар форматында көрсетілген осы Технологияға 4-қосымшаға сәйкес жеделхат мәтінінің бас жағына енгізіледі.
Жеделхатты жетіден көп адресатқа жіберу қажет болған жағдайда осы Технологияның 26-тармағында айтылған ережелерді басшылыққа алу керек.
2) Дереккөз мыналарды қамтиды:
жеделхатты беру уақыты;
жіберушінің индексі;
қосымша адрес (қажет болған жағдайда).
Жеделхатты беру уақыты 6 цифрдан тұратын «күн-уақыт» тобын қамтиды, алғашқы екі цифр айдың санын, ал соңғы төртеуі сағат пен минуттарды (UTC) білдіреді. Уақыт 24 сағаттық есептеумен белгіленеді.
AFTN станциясының қызметкері бланкіде көрсетілген жеделхатты жіберу уақытының станциядағы нақты уақытпен сәйкестігін тексереді. Осы Технологияның 14-тармағы талаптарын орындау мүмкіндігін туғызбайтын уақыт айырмашылығы орын алған жағдайда AFTN станциясының қызметкері жіберушіге жеделхатты жіберу уақытын өзгерту қажеттігі туралы хабарлайды.
Жеделхаттарды AFTN станциясына жеделхатты жіберу уақытын көрсетпей беруге рұқсат етіледі. Бұл жағдайда жеделхатты жіберу уақытын AFTN станциясының қызметкері жазады және ол жеделхатты қабылдау уақытына сәйкес келуге тиіс.
Тікелей «БОС ОРЫН» позициясынан кейін тұрған жіберушінің индексі 8 әріптен тұрады және мыналарды қамтиды:
жеделхат құрастырылған пунктінің орналасқан жерінің төрт әріптік көрсеткіші;
жеделхатты құрастырған ұйымды/атқарымдық бөлімшені (авиациялық өкілетті орган, қызмет немесе ұшу-пайдалану агенттігін) көрсететін екі немесе үш әріптік шартты белгі;
жіберушінің ұйымы/атқарымдық бөлімшесі шеңберіндегі бөлім, бөлімше немесе проценті белгілейтін қосымша әріп (әріптер). «Ь» («Х») немесе «ЬЬ» («ХХ») әріптері жіберуші жеті немесе алты индекс әріптерімен белгіленген жағдайда жіберушінің индексін аяқтау үшін қолданылады.
Егер хабарламаны ICAO-ның үш әріптік шартты белгісі берілмеген ұйым жіберсе немесе ол мемлекет индекстерінің жинағында көрсетілмесе, межелі пункттің орналасқан жерінің индексінен кейін ICAO-ның «ЫЫЫ» («YYY») үш әріптік шартты белгісі (немесе, егер әскери қызмет/ұйым болса, ICAO «ЫЬЫ» («YXY») үш әріптік шартты белгісі) келеді. Жіберуші ұйымның атауы бұл жағдайда жеделхат мәтінінің бірінші элементіне енгізіледі. «Ь» («Х») толтыру әрпі «ЫЫЫ» («YYY») немесе «ЫЬЫ» («YXY») үш әріптік шартты белгіден кейін келетін сегізінші әріп болып табылады.
Егер хабарлама ұшып бара жатқан әуе кемесінің бортында құрастырылса, жеткізілгенге дейін оның AFTN желісі арқылы өтетін белгіленген трактысы болса, жіберушінің индексіне хабарламаны AFTN желісіне таратуды қамтамасыз ететін AFTN станциясы орналасқан жерінің индексі кіреді, одан кейін ICAO-ның үш әріптік «ЗЗЗ» («ZZZ») шартты белгісі келтіріліп, «Ь» («Х») толтыру әрпі жазылады. Бұл жағдайда әуе кемесінің тану индексі осы Технологияның 4-қосымшасына сәйкес хабарлама мәтінінің бас жағына енгізіледі.
Дереккөз бен межелі станция арасындағы қосымша адрес туралы жеделхаттағы ақпаратпен алмасу қажет болған жағдайларда, оны міндетті емес деректер жолына (ODF) енгізген жөн. Бұл жағдайда жіберушінің индексінен кейін төмендегілер қосылып жазылады:
бос орын, бірлік және нүкте (1.) – қосымша адрес атқарымдары параметрлерінің кодын белгілеу үшін;
модификатордың үш белгісі (жіберушінің индексі жазылған әліпбиге сәйкес «СЖЦ» немесе «SVC», одан кейін теңдік белгісі (=) мен ICAO-ның 8 белгіден тұратын тағайындалған адресі;
дефис белгісі (-) – қосымша адрес параметрлері жолының соңын белгілеу үшін.
Қосымша адресті енгізу мысалы:
«121312 LGGGZTZX 1.SVC=UAAAOEGX-»
Осы хабарламаның шектес AFTN станциялары арқылы өтуін қамтамасыз ету мүмкіндігін алу үшін жіберушінің жолына қосымша адресті енгізуге AFTN жіберу станциясымен келіскен жағдайда ғана рұқсат етіледі.
Шұғылдық санаты «СС» («SS») апат туралы хабарламаларды тарату кезінде AFTN жіберу станциясы осы Технологияға 34-тармағының 4) тармақшасына сәйкес жіберуші индексінен кейін дереккөз жолына шұғылдық сигналын қосады.
3) жеделхаттың мәтіні қысқа, анық, қарапайым жалпыға түсінікті фразаларды, сондай-ақ қабылданған қысқартуларды қолданумен құрастырылады.
Жеделхаттың мәтінінде орыс немесе латын әліпбиін, цифрларды және төмендегі белгілерді қолдануға болады:
- (дефис);
? (сұрақ белгісі);
: (қос нүкте);
( (ашық дөңгелек жақша);
) (жабық дөңгелек жақша);
. (нүкте);
, (үтір);
' (апостроф);
= (теңдік белгісі);
/ (бөлетін қисық сызық);
+ (плюс белгісі);
Мәтінде ешқандай басқа белгі қолданылмайды. Мәтінді түсіну үшін басқа белгілерді қолдану қажет болған жағдайда олар әріптік түрде толық жазылып көрсетіледі ( % - пайыз).
Жеделхаттың мәтінінде үздіксіз сигналдар болмауға тиіс:
«ЗЦЗЦ»;
«ZCZC»;
«+:+:»;
«НННН»;
«NNNN»;
,,,,
Осы тармақтың 1) және 2) тармақшаларында көрсетілген қажеттілік туындаған жағдайда жеделхат мәтінінің бас жағына ұйым атауы жазылады.
ICAO-ның «ЫЬЫ» («YXY»), «ЫЫЫ» («YYY») немесе «ЗЗЗ» («ZZZ») үш әріптік шартты белгісі (белгілері) екі немесе одан көп ұйымға қатысты болатын хабарламаларда мәтіндегі кейінгі белгілердің реті хабарлама адресі мен дереккөзін көрсету үшін қолданылатын белгілердің ретіне толығымен сәйкес келеді. Бұл жағдайларда әрбір белгіленген адрес жаңа жолда көрсетіледі. Хабарламаны құрастырған ұйым атауының («ЫЬЫ» «YXY», «ЫЫЫ», «YYY», «ЗЗЗ», «ZZZ») алдына «ОТ» («FROM») сөздері қосылады. Бұл белгілердің соңында мәтіннің басқа бөлігінің алдында «СТОП» («STOP») сөзі жазылады. Жеделхат мәтінінің қалған бөлігі жаңа жолдан басталады.
AFTN желісі арқылы жіберілетін хабарлама мәтіні 1500 баспа белгісінен аспауы керек.
Көлемі 1500 баспа белгісінен асатын жеделхат мәтінін AFTN желісі арқылы беру қажеттігі туындаған жағдайда жіберуші осы тармақшада келтірілген ережелерге сәйкес, мәтіні осы тармақшада айтылған ережелерге сәйкес 1500 баспа белгісінен аспайтын бірнеше жеделхат бөліктерін (бір дереккөзі бар) құрастыра алады.
Бөліктердің саны аз болуы керек. Жеделхаттың әрбір бөлігінің адресі мен дереккөзі бірдей болуы және төмендегі нысан бойынша толтырылуы керек:
әрбір жеделхат мәтінінің соңғы жолында әр бөліктің реттік нөмірі көрсетілуге тиіс:
(бірінші хабарламаның соңы) «//01 БӨЛІКТІҢ СОҢЫ (//END PART 01//»);
(екінші хабарламаның соңы) «/02 БӨЛІКТІҢ СОҢЫ// (//END PART 02//»)... және т.б.;
(соңғы хабарламаның соңы) «// ХХ/XX БӨЛІКТЕРДІҢ СОҢЫ// (//END PART XX/ХХ//»);
ондағы XX – соңғы бөліктің, барлық бөліктердің нөмірі.
Жіберушіге AFTN жіберу станциясына мәтіні 1500 баспа белгісінен асатын бір жеделхатты ұсынуға рұқсат етіледі. Бұл жағдайда AFTN станциясының қызметкері осы тармақшаның жоғарыда аталған талаптарына сәйкес жіберушімен келіспей, өз бетінше бір дереккөзі бар бірнеше хабарламаны құрастыра алады.
Құрастырылған әрбір бөлік AFTN жіберу станциясы үшін шығыс жеделхат болып табылады. Әрбір бөлікті тарату уақыты осы Технологияға 14 және 26-тармақтарына сәйкес белгіленеді.
Жеделхат бланкісінің мәтіндік бөлігін толтырған кезде бір жолдағы белгілердің, оның ішінде сөздердің арасындағы бос орындар саны 69-дан аспау керектігін ескеру қажет.
Мәтінде бір жолдан екінші жолға тұтас топтармен, арасын бөлмей (екі бос орын арасында) көшіруге ғана жол беріледі.
4) қызметтік мәліметтерге мыналар жатады:
жіберушінің қолымен расталған жіберушінің лауазымы мен фамилиясы;
жеделхат орындаушысының фамилиясы және, қажет болса, телефоны;
жеделхатқа қол қою күні (күні, айы. жылы);
қажет болса, түзетулердің растамасы және жіберушінің қолы.
26. AFTN жіберу станциясына ұсынылған көп адрестік жеделхат желіге шектес AFTN станциясының хабарламаларын өңдеу алгоритміне сәйкес жіберіледі. AFTN жіберу станциясы жіберген дереккөзі бірдей хабарламалар саны шектес AFTN станциясы бір хабарламада өңдейтін адрестік көрсеткілер санымен айқындалады (ең көбі жеті немесе жиырма бір). Бұл жағдайда:
1) AFTN станциясының қызметкері жіберушімен келіспей, дереккөзі бір хабарламалардың ең аз қажетті санын өз бетінше құрастырады. Хабарламаларды құрастырған кезде әрбір хабарламаның бір адрестік жолына (адрестік тобына) адрестердің индекстері желіні ұйымдастырудың қолданыстағы сұлбасына сәйкес енгізіледі;
2) AFTN жіберу станциясы үшін бұл хабарламалардың барлығы шығыс жеделхаттар болып табылады. Бірінші хабарламаны жіберу уақыты осы Технологияның 14-тармағына сәйкес белгіленеді, әрбір кейінгі шығыс жеделхатты жіберу уақыты алдыңғысына қарағанда бес минутқа ұзарады.
4. AFTN желесіндегі хабарламалардың форматы
1-параграф. Жалпы ережелер
27. Хабарламаларда төмендегі белгілер қолданылуы мүмкін:
1) № 2 халықаралық телеграфтық код үшін («ITA-2»):
латын тіркелімінде:
«A B C D Е F G H I J K L M N O P Q R S T U V W X Y Z»
орыс тіркелімінде:
«А Б В Г Д Е Ж З И Й К Л М Н О П Р С Т У Ф Х Ц Ы Ь Я»;
цифрлық тіркелімде: «1 2 3 4 5 6 7 8 9 0 Э Ю Щ Ш Ч»;
қосымша белгілер:
- (дефис);
? (сұрақ белгісі);
: (қос нүкте);
( (ашық дөңгелек жақша);
) (жабық дөңгелек жақша);
. (нүкте);
, (үтір);
' (апостроф);
= (теңдік белгісі);
/ (бөлетін қисық сызық);
+ (плюс белгісі).
Осы Технологияның 5-қосымшасына сәйкес төмендегі сигналдар МТК-2 («ITA-2») Халықаралық жеделхат қорына сәйкес:
№ 1 – 3 сигналдар - әріптік және цифрлық тіркелімдерде;
№ 4 сигнал - тек әріптік тіркелімдерде;
№ 5 – 32 сигналдар - әріптік және цифрлық тіркелімдерде;
2) № 5 халықаралық коды үшін («IA-5»):
«0/1 – 0/3» белгілері; «07» – шұғылдық сигналында; «0/10»; «0/11» – реттілік аяқталғаннан кейін; «0/13»; «0/14» и «0/15» – орыс немесе латын шрифтін таңдау үшін;
«2/0», «2/8 – 2/9», «2/11 – 2/15» белгілері;
«3/0 – 3/10», «3/13», «3/15» белгілері;
«7/15» белгісі;
латын шрифті осы Технологияның 6-қосымшасына сәйкес № 5 Халықаралық кортың 7Н0 кестесіне сәйкес;
«4/1 – 4/15» белгілері;
«5/0 – 5/10» белгілері;
орыс шрифті (осы Технологияның 6-қосымшасының 7Н1 кестесіне сәйкес);
«6/0 – 6/15» белгілері;
«7/0 – 7/14» белгілері.
28. Хабарламаларға төмендегілер енгізілмеуі керек:
1) № 2 халықаралық телеграфтық код үшін («ITA-2»):
тақырыптағы реттілікті ескермегенде, № 26, 3, 26, 3 сигналдарының көрсетілген тәртіптегі кез келген үздіксіз реті (әріптік және цифрлық тіркелімдер «– ЗЦЗЦ +:+:»).
Соңындағы реттілікті ескермегенде, № 14 төрт сигналдың кез келген үздіксіз реті (әріптік және цифрлық тіркелімдер «– НННН,,,,»).
2) № 5 халықаралық коды үшін («IA-5»):
жеделхаттың тақырыбында қолданудан басқа «0/1» белгісі («SOH»);
оны «дереккөз» жолында қолданудан басқа «0/2» белгісі («STX»);
оны жеделхат соңында қолданудан басқа «0/3» белгісі («ETX»);
«5/10», «4/3», «5/10», «4/3» белгілерінің осы тәртіптегі кез келген үздіксіз реті («ZCZC»), орыс нұсқасында «7/10», «6/3», «7/10», «6/3» («ЗЦЗЦ»);
«2/11», «3/10», «2/11», «3/10» белгілерінің осы тәртіптегі кез келген үздіксіз реті (+:+:);
төрт рет қайталанған «4/14» белгісінің («НННН») кез келген үздіксіз реті, орыс нұсқасында «6/14»;
төрт рет қайталанған «2/12» белгісінің (,,,,) кез келген үздіксіз реті.
29. Тексеру хабарламалары мен тексеретін арналық таралымдарды қоспағанда, Хабарламалар форматындағы осы Технологияның 7-қосымшасына сәйкес «ITA-2» және Хабарламалар форматындағы осы Технологияның 8-қосымшасына сәйкес «IA-5» компоненттерін қамтиды.
30. AFTN желісінің хабарламаларында қолданылатын қысқартулар мен нөмірленген сигналдар осы Технологияның 9-қосымшасында келтірілген.
2-параграф. № 2 халықаралық телеграфтық код («ITA-2»)
31. № 2 халықаралық телеграфтық кодта берілген кейбір сигналдардың атқарымдарын көрсету үшін осы Технологияға 5-қосымшаға сәйкес келесі символдар қолданылады:
Символ Мәні
32. Тақырыпқа мыналар кіреді:
1) хабарлама басының сигналы – «ЗЦЗЦ» («ZCZC») белгілері;
арна белгісін және арналық реттік нөмірді қамтитын таратылым белгісі;
бір «БОС ОРЫН» позициясынан тұратын және құрамында ең көп дегенде он белгі бар деректерді қамтитын қосымша қызметтік ақпарат (қажет болса);
бос орын сигналы;
2) хабарлама басы сигналының алдында жіберуші жеделхат жазған әліпбиге (орыс, латын) сәйкес келетін тіркелім болуға тиіс;
Таратылым белгісі таратушы AFTN станциясы таңдап алған және берген үш әріптен тұрады. Әдетте, бірінші әріп таратушы тарапты, екінші – тізбекті қабылдаушы тарапты және үшінші – арнаны білдіреді. Бір арнада ол – А әрпі, егер арналар біреуден көп болса, келесі арналар – «Б.В».... болады. Таратылымды белгілеуде орыс әліпбиінің «Ч, Ш, Щ, Э, Ю» әріптері, сондай-ақ «ЗЦ» («ZC»), «ЖЖ» («VV») және «НН» («NN») тіркестері қолданылмауы керек. AFTN станцияларында байланыс арналарының бірдей белгілері қолданылмауы қажет.
4) AFTN станциялары бір AFTN станциясынан екіншісіне тікелей берілген барлық хабарламаларға 001-ден 000-ге (000 осы серияның мыңына сәйкес келеді) дейінгі үш цифрдан тұратын арналық реттік нөмірлер береді. Әрбір арнаға бұл нөмірлердің жеке сериялары (001-ден 000-ге дейін) беріледі. Бірінші серия күнделікті сағат 00.00-де басталады.
5) Екі шектес AFTN станциясы бір-бірімен келіскен болса, олардың арасында төрт таңбалы арналық реттік нөмірлерді қолдануға рұқсат етіледі.
6) Таратылым белгілері тізбек бойынша мына ретпен жіберіледі:
«БОС ОРЫН» ;
AFTN тарату станциясына берілген әріп;
AFTN қабылдау станциясына берілген әріп;
арнаны белгілейтін әріп;
«ЦИФРЛЫҚ ТІРКЕЛІМГЕ АУЫСУ »;
арналық реттік нөмір.
7) Таратылым белгісінен кейін бірден «БОС ОРЫН СИГНАЛЫ» беріледі.
8) Екі шектес AFTN станциясы бір-бірімен келіскен болса, олардың арасында таратылым белгісінен кейін міндетті емес қызметтік ақпаратты енгізуге рұқсат етіледі (таратуды бастау уақыты, РПТ қайталау сәйкестендіргіші және т.б.). Осындай қосымша қызметтік ақпараттың алдында «БОС ОРЫН» позициясы, одан кейін ең көбі он белгі келеді. Қосымша қызметтік ақпараттан кейін «БОС ОРЫН СИГНАЛЫ» келеді.
33. Адрес мыналарды қамтиды:
шұғылдық индексін;
адрес (адресаттар) индексін;
теңестіру атқарымын (атқарымдарын)
Шұғылдық индексі сұрату кезінде хабарлама жіберуші немесе AFTN станциясы берген тиісті екі әріптік топтан тұрады (орыс тіркелімінде – «СС», «ДД», «ФФ», «ГГ», «КК», латын тіркелімінде – «SS», «DD», «FF», «GG», «KK»).
Адрестердің бірінші немесе екінші жолдарындағы адресаттың бірінші индексі болып келетін жағдайларды ескермегенде, шұғылдық индексінен кейін тікелей БОС ОРЫН позициясынан соң келетін адресат индексі осы Технологияның 27-бабы 1-тармағында белгіленген сегіз әріптен тұрады.
Адресаттар индекстері «БОС ОРЫНМЕН» бөлінеді.
Толық адрес бір хабарламада орамдық (беттік) аппаратпен басып шығарылған ең көбі үш адрестік жолды алып тұруы керек (бір жолда 7 адрес индекстері).
AFTN қабылдау станциясы үш адрестік жолды өңдей алмаса, шектес AFTN станциясы немесе AFTN жіберу станциясында осындай хабарламалар оларды таратқанға дейін бір-бір адрестік жолды алатын екі не одан көп хабарламаға айналдырылады.
Адрес индекстерінің әрбір жолынан кейін теңестіру атқарымы келеді.
34. Дереккөз мыналарды қамтиды:
хабарды тарату уақыты;
жіберушінің индексі;
шұғылдық сигналы (егер қажет болса);
міндетті емес деректер жолы (егер қажет болса);
теңестіру атқарымы.
1) хабарламаны жіберу уақытына желіге тарату үшін хабарламаны жіберген күн мен уақытты (UTC) көрсететін 6 цифрдан тұратын «күн-уақыт» тобы кіреді. Хабарды жіберу уақытынан кейін бір «ӘРІПТІК ТІРКЕЛІМГЕ АУЫСУ» позициясы келеді;
2) тікелей «БОС ОРЫН» позициясынан кейін келетін жіберушінің индексі осы Технологияға 25-тармағының 2) тармақшасымен айқындалатын сегіз әріпті қамтиды;
3) басқа желілерде құрастырылған AFTN арқылы жіберілетін хабарламалар үшін хабарламаларды қайта тарату кезінде қолдану немесе AFTN-ның сыртқы желімен желіаралық интерфейсі атқарымын жүзеге асыру үшін келісілген AFTN жіберушісінің қолданыстағы адресі пайдаланылады;
4) шұғылдық сигналы апат туралы сигналдарда ғана қолданылады («СС», «SS» шұғылдық индекстері). Қолданылған жағдайда ол көрсетілген ретпен орналастырылған төмендегі элементтерден тұрады:
«ЦИФРЛЫҚ ТІРКЕЛІМГЕ АУЫСУ»;
№ 10 сигналдың БЕС позициясы (цифрлық тіркелім);
«ӘРІПТІК ТІРКЕЛІМГЕ АУЫСУ»;
«ITA-2» № 2 Халықаралық телеграфтық коды № 10 сигналының цифрлық тіркелімі орыс тіркелімді жабдықта Ю әрпіне және орыс тіркелімі жоқ жабдықта BEL сигналына сәйкес келеді;
5) екі шектес AFTN станциясы бір-бірімен келіскен болса, белгілердің жалпы саны 69-дан аспаған жағдайда дереккөз жолына қосымша деректерді енгізуге рұқсат етіледі. Қосымша деректер жолының болуы бір «БОС ОРЫН» белгісімен белгіленеді және теңестіру атқарымымен аяқталады;
6) екі шектес AFTN станциясы бір-бірімен келіскен болса, дереккөз жолына осы Технологияға 26-тармағының 2) тармақшасында белгіленген ерешеге сәйкес берілетін қосымша адресті енгізуге рұқсат етіледі;
7) дереккөз жолы теңестіру атқарымымен аяқталады.
35. Мәтін мыналарды қамтиды:
1) хабарлама мәтінінің басында осы Технологияға 25-тармағының 1) және 2) тармақшаларына сәйкес ұйымның атауы көрсетілуі мүмкін;
2) мәтіннің соңғы жолын қоспағанда, әрбір баспа жолының соңында теңестіру атқарымы беріледі;
3) мәтіннің соңғы жолының аяғында мәтін соңының төмендегі белгісі беріледі.
Бір «ӘРІПТІК ТІРКЕЛІМГЕ АУЫСУ сигналы [], ТЕҢЕСТІРУ АТҚАРЫМЫ »;
4) мәтіннің бір бөлігін растау қажет болғанда осындай растау соңғы мәтіндік бөлігінен теңестіру атқарымымен бөлінеді және «CFM» («ЦФМ») (ағылшын тіліндегі confirmation-растау сөзінің қысқартылған нұсқасы), «БОС ОРЫН», хабарламаның расталатын бөлігі белгіленеді;
5) телетайп тізбектері арқылы тарату кезінде мәтінде қате бар екендігі анықталса, түзетілетін бөлігі мәтіннің соңғы тобынан немесе, егер бар болса, растаудан теңестіру атқарымымен бөлінеді. Одан кейін «CFM» («ЦФМ») (ағылшын тіліндегі confirmation-растау сөзінің қысқартылған нұсқасы), «БОС ОРЫН», мәтіннің түзетілген бөлігі келеді;
6) AFTN станциялары барлық аталған түзетулерді оны таратқанға дейін жасайды.
36. Соңы:
1) хабарлама соңы мыналарды қамтиды:
«ЖОЛДЫ АУЫСТЫРУ» 7 позициясынан тұратын орамды жіберу реті
[];
2) үздіксіз ретпен тәрт рет қолданылатын «Н» («N») (№ 14 сигналдың әріптік тіркелімі) әрпінен тұратын хабарлама соңы сигналы. Бұл компонент хабарламаны алғашқы рет таратқан сәттен бастап өзгермейтін нысанда жіберіледі.
Бұдан әрі, хабарлама трафигін үзбелі таспасы бар қондырғыны қолданатын қайта тарату AFTN станцияларына таратқан жағдайда – «ӘӘРІПТІК ТІРКЕЛІМГЕ АУЫСУӘ» позициясынан тұратын (№ 29 сигнал), үздіксіз ретпен 12 рет берілетін хабарламаларды бөлу позициясы.
Бір хабарлама соңының сигналы мен келесі хабарлама басының сигналы арасындағы трафикте «ӘРІПТІК ТІРКЕЛІМГЕ АУЫСУ» позициясынан басқа еш нәрсе болмауға тиіс.
Осы хабарлама серияның бір бөлігі болғанда және қабылдайтын орамды (беттік) телетайпта жұмыс істейтін оператор қағазды қолымен салмаған жағдайда, алдыңғы хабарламада басылған «ННН» («NNNN») әріптерінен кейін, сол жерде, келесі қабылдап алынған хабарламаның тақырыбы тұрады.
AFTN тарату станциясынан келіп түсетін хабарламалардың ұзақтығы 2100 белгіден аспауы керек. Хабарламадағы белгі санын есептеген кезде хабарлама басы туралы сигналдан («ZCZC» немесе «ЗЦЗЦ») бастап және соны қоса, хабарлама соңы туралы сигналға («NNNN» немесе «НННН») дейінгі және соны қоса барлық баспа белгілері мен баспа белгісіне жатпайтын белгілер қоса есептеледі.
37. Хабарламаны құрастыру кезінде қателерді түзету:
1) Хабарламаның қандай болмасын бір бөлігінде қате бар болған жағдайда аяқталмаған хабарлама «ЩТАЩТА (QТАQТА» ретін жіберу арқылы жойылады, одан кейін толық аяқталу белгісі жазылады (38-тармақты қараңыз);
2) Хабарламаның мәтіндік бөлігінде қате табылса, сол қатеден кейін «ЕЕЕ» тобын енгізу арқылы түзету жасалады, одан кейін түзетілген сөз (немесе топ) қайта басып жазылады, бұдан соң хабарды тарату жалғасады;
3) Мәтінде жіберілген қателер хабарламаны құрастыру процесінің соңында ғана байқалған болса, 35-тармақтың 5) тармақшасында сипатталған іс-қимылдар жасалады.
35-тармақтың 5) тармақшасы мен осы тармақтың 1) мен 2) тармақшаларындағы іс-қимылдар үзбелі таспасы бар қайта тарату қондырғыларында жұмыс істеуге қатысты ғана орындалады;
4) Хабарлама толығымен жіберілгеннен кейін AFTN жіберу станциясы мәтіннің немесе хабарлама дереккөзінің бұрмаланғанын немесе толық емес екендігін анықтаса, ол барлық мүдделі адресаттарға төмендегі мәтін жазылған қызметтік хабарламаны жібереді (егер осы AFTN станциясында осы хабарламаның бұрмаланбаған көшірмесі бар болса):
«СЖЦ ТҮЗЕТУ» (дұрыс емес хабарламаның дереккөзі);
«СТОП» (одан кейін дұрыс мәтін келтіріледі).
Латын тіркелімінде:
«SVC CORRECTION» (дұрыс емес хабарлама дереккөзі);
«STOP» (одан кейін дұрыс мәтін келтіріледі).
3-параграф. № 5 халықаралық коды («IA-5»)
38. («IA-5») № 5 халықаралық кодтағы кейбір сигналдарға берілген атқарымдарды көрсету үшін осы Технологияға 6-қосымшаға сәйкес келесі символдар қолданылады:
Символ Мәні
39. Тақырыпқа мыналар кіреді:
хабарлама түрін сәйкестендіретін (ұлттық немесе халықаралық) «SO» немесе «SI» белгісінен және 0/1 тақырып басы белгісінен тұратын хабарлама басы сигналы («SOH»);
арнаның белгісін және арналық реттік нөмірден тұратын таратылым белгісі;
бір «БОС ОРЫН» позициясын және он белгіден аспайтын деректерді қамтитын қосымша қызметтік ақпарат (қажет болса).
Тарату белгісі және реттік нөмірлерді беру реті осы Технологияға 32-тармағының 3)-5) тармақшаларына сәйкес анықталады.
Тарату белгісі арна арқылы төмендегі ретпен жіберіледі:
«БОС ОРЫН» сигналы;
AFTN тарату станциясына берілген әріп;
AFTN қабылдау станциясына берілген әріп;
арнаны белгілейтін әріп;
арналық реттік нөмір.
Екі шектес AFTN станциясы бір-бірімен келіскен болса, олардың арасында таратылым белгісінен кейін міндетті емес қызметтік ақпаратты енгізуге рұқсат етіледі (таратуды бастау уақыты және т.б. сияқты). Осындай қосымша қызметтік ақпараттың алдында «БОС ОРЫН» позициясы, одан кейін ең көбі он белгі келеді.
40. Адрес осы Технологияға 33-тармаққа сәйкес құрастырылады.
41. Дереккөз мыналарды қамтиды:
хабарламаны тарату уақыты;
жіберушінің индексі;
шұғылдық сигналы (егер қажет болса);
міндетті емес деректер жолы;
теңестіру атқарымы ;
мәтіннің басы белгісі ((STX) 0/2 белгісі).
Хабарламаны жіберу уақытына желіге тарату үшін хабарламаны жіберген күн мен уақытты (UTC) көрсететін 6 цифрдан тұратын «күн-уақыт» тобы кіреді.
Жіберушінің индексі (осы Технологияға 25-тармағының 2-тармақшасына сәйкес).
Шұғылдық сигналы апат туралы сигналдарда ғана қолданылады («СС», «SS» шұғылдық индекстері). Қолданылған жағдайда ол бір бірінен кейін келетін бес «BEL» (0/7) белгісінен тұрады.
Міндетті емес деректер жолы Технологияның 34-тармағы 6) және 7) тармақшаларына сәйкес.
Дереккөз жолы теңестіру атқарымымен және мәтіннің басы белгісімен аяқталады («STX») (0/2).
42. Хабарлама мәтіні барлық STX пен ETX арасында орналасқан деректерден тұрады.
43. Хабарлама соңында мыналар жазылады:
мәтіннің соңғы жолынан кейінгі теңестіру атқарымы;
бетті ауыстыру белгісі - 0/11 («VT») белгісі;
мәтіннің соңының белгісі - 0/3 («ETX») белгісі.
AFTN тарату станциясынан келіп түсетін хабарламалардың ұзақтығы 2100 белгіден аспауы керек. Хабарламадағы белгі санын есептеген кезде тақырыптың басталуы белгісінен «SOH» бастап және соны қоса, мәтіннің соңы белгісіне «ETX» дейінгі және соңы қоса барлық баспа белгілері мен баспа белгісіне жатпайтын белгілер қоса есептеледі.
4-параграф. AFTN арналарындағы бақылау рәсімдері
44. Хабарларды тарату мен қабылдау желілерін тексеру және жөндеу мақсатында AFTN арналары арқылы жіберілетін бақылау хабарламалары мынадай элементтерден тұруға тиіс:
хабарламаның басы туралы сигнал;
«QJH» рәсімінің сигналы;
жіберушіні көрсету сигналы;
«ITA-2» кодында немесе «U(5/5)» және «*(2/10)» «IA-5» кодында орамдық (беттік) аппаратпен басылған «R» және «Y» белгілерінің үш толық (69 белгі) реттілік жолы;
хабарлама соңының сигналы.
Бақылау хабарламаларының пішімі:
45. Бақылау хабарламаларын жіберген кезде AFTN станциясы жіберілетін таратылатын хабарламалардың реттік нөмірлерін, ал қабылдау станциясы қабылданатын хабарламалардың реттік нөмірін арттырмайды.
5-параграф. Арна арқылы жіберілетін бақылау таратылымдары
46. Арнаның жай-күйін үздіксіз бақылау қамтамасыз етілмеген жағдайда және/немесе шектес AFTN станциялары арасында тиісті уағдаластық болған жағдайда арна арқылы тізбектеліп бақылау таратылымдары жүргізіліп тұрады.
AFTN станциялары арна арқылы жіберілетін бақылау таратылымдарын орыс тіркелімінде де латын тіркелімінде де құрылуын және танылуын қамтамасыз етеді. Арна арқылы жіберілетін бақылау таратылымы шектес AFTN станцияларының уағдаластығына сәйкес анықталады.
Арна арқылы жіберілетін бақылау таратылымдары мынадай құрамдас бөліктерден тұрады:
1) «ITA-2» кодында:
тақырып (осы Технологияға 32-тармаққа сәйкес);
теңестіру атқарымы;
ЦХ (СН) рәсімдік сигналы;
НННН (NNNN) хабарлама соңының сигналы;
Хабарламалардың бөліну сигналы - 12 сигнал № 29 (талап етілсе).
Шектес AFTN станциялары арасында уағдаластық болған жағдайда «ЦХ» («СН») рәсімдік сигналынан кейін теңестіру атқарымына дейін «ЛР» («LR») рәсімдік сигналы болуы мүмкін, одан кейін таратылымның белгісі мен соңғы қабылданған хабарламаның реттік нөмірі жазылады;
2) «IA-5» кодында:
Тақырып жолы (осы Технологияға 39-тармаққа сәйкес);
«STX» мәтін басының белгісі;
«ЦХ» («СН») рәсімдік сигналы;
теңестіру атқарымы;
«ETX» мәтін соңының белгісі.
Шектес AFTN станциялары арасында уағдаластық болған жағдайда:
«ЦХ» («СН») рәсімдік сигналы мен теңестіру атқарымы арасында ЛР (LR) рәсімдік сигналы болуы мүмкін, одан кейін таратылымның белгісі мен соңғы қабылданған хабарламаның реттік нөмірі жазылады;
«IA-5» кодында теңестіру атқарымы мен «ETX» мәтін соңының белгісі арасында беттің ауыстырылған белгісі, 0/11 (VT) белгісі болуы мүмкін.
Шектес AFTN станциялары арасындағы уағдаластыққа қарамастан осы тармақтың 1) және ә) тармақшаларында көрсетілген міндетті емес деректердің болуы арна арқылы жіберілетін бақылау таратылымын қабылдаудан ауытқуға негіз болмауға тиіс.
3) арна арқылы жіберілетін бақылау таратылымдарының форматы:
47. AFTN қабылдау станциясы осы кіріс арнасы арқылы келген барлық хабарламалар реттілігінің дұрыстығына көз жеткізу үшін кіріс таратылымның белгіленуін тексеруі, ал арна арқылы қабылданған тарытылымда «ЛР» рәсімдік сигналы болған жағдайда – шығыс арнасы арқылы келген барлық хабарламалар реттілігінің дұрыстығын тексеруге тиіс.
48. Арна бос болған жағдайда осы Технологияға 47-тармағында көрсетілген таратылым әр сағаттың 00, 20 және 40 минуты сайын жүзеге асырылуға тиіс (бақылау уақытынан + 2 минутқа ауытқуға болады).
49. Осы Технологияға 47-тармағында көрсетілген таратылым бақылау уақыты кезінде арнаға хабарлама жіберілген жағдайда жүзеге асырылмай қалуы мүмкін.
50. Осы Технологияға 47-тармағында көрсетілген таратылым немесе хабарлама осы Технологияға 48-тармағында көрсетілген уақыт аралығында келмесе, AFTN станциясы таратылым келуге тиіс AFTN станциясына қызметтік хабарлама жібереді. Бұл қызметтік хабарламаның мәтіні мынадай болады:
«СЖЦ» («SVC») қысқартылымы;
«МИС» («MIS») рәсімдік сигналы;
«ЦХ» («CH») рәсімдік сигналы;
қабылдау күтілген уақытта шектес AFTN станциялары арасында уағдаластық болған жағдайда;
«ЛР» («LR») рәсімдік сигналы;
таратылымның белгісі және соңғы қабылданған хабарламаның реттік нөмірі;
мәтін соңының белгісі.
Қызметтік хабарлама форматы:
51. Осы Технологияға 50-тармағын орындаған және қызметтік хабарламаға 10 минут ішінде жауап алмаған жағдайда, AFTN станциясы осы тараудың 11-параграфына сәйкес іс-қимылдар жасайды.
6-параграф. Хабарламалар трафигін бақылау
52. Хабарламалардың өтуін бақылауды қамтамасыз ету үшін AFTN қабылдау станциясы осы арна бойынша алынған барлық хабарламаларға қатысты арналардың реттік нөмірлерінің дұрыс реттілігін қамтамасыз ету үшін келіп түсетін таратылымдардың белгісін тексеуге тиіс.
53. AFTN қабылдау станциясы бір немесе бірнеше арнаның реттік нөмірінің жоқ екенін байқаған жағдайда, реттік нөмірі (нөмірлері) қойылмай жіберілуі мүмкін деген кез келген хабарламаны қабылдаудан бас тартып, алдыңғы AFTN станциясына толық қызметтік хабарлама жібереді. Мұндай қызметтік хабарламаның мәтіні «ЩТА» («QTA») сигналынан, «МИС» («MIS») рәсімдік сигналынан тұрады, мұндай сигналдан кейін таратылымның қойылмаған бір немесе бірнеше белгісі және мәтін соңының сигналы қойылады.
Қызметтік хабарламаның форматы:
Ашық мәтіндегі сызықша (-) «бастап... дейін» дегенді білдіреді.
Сұралатын нөмірлер саны бір қызметтік хабарламада оннан аспауға тиіс.
Мұндай сұрау алған AFTN хабарлама беру станциясы таратылымның реттілігі жағынан жаңа, дұрыс белгісін қолданып, осы хабарламаны (хабарламаларды) қайта жібереді. AFTN қабылдау станциясы өзінің жұмысын арнаның күтілетін реттік нөмірі оның соңғы қабылданған реттік нөмірінің бір бірлігіне өсіп тұратындай үйлестіреді. Жоғарыда аталған жағдайға сәйкес қабылдау станциясында мұндай реттік нөмірі 127 болуға тиіс.
54. AFTN қабылдау станциясы арнаның реттік нөмірі күтілетін реттік нөмірден төмен екені байқалған жағдайда, ол алдыңғы AFTN станциясына мазмұны төмендегідей мәтінді қызметтік хабарлама жібереді:
«СЖЦ» («SVC») қысқартуы;
«LR» («АЛЫНДЫ») рәсімдік сигналы, одан кейін қабылданған хабарламаның тарату белгісі қойылады;
«EXP» («КҮТІЛГЕНІ») рәсімдік сигналы, одан кейін таратылымның күтілетін белгісі қойылады;
Мәтін соңының сигналы.
Қызметтік хабарламаның белгісі:
AFTN қабылдау станциясы арнаның реттік нөмірі соңғы күтілетін арнаның реттік нөмірінен бір бірлікке жоғары болады деп күтуге тиіс, ал AFTN тарату станциясы реттілікті арту жағына түзетуге тиіс. Жоғарыда аталған жағдайға сәйкес екі AFTN станциясында да мұндай реттік нөмір 152 болуға тиіс.
AFTN станциясында бір сериядағы бір реттік нөмірлі хабарлама біреуден көп болмауы үшін қабылдау және тарату бойынша реттік нөмірлерді кемітіп түзетуге болмайды.
55. AFTN қабылдау станциясы бағыты дұрыс белгіленген хабарламаны (адрестік жолдағы барлық көрсеткілер хабарлама келген AFTN станциясына жіберілген болуға тиіс) анықтаған жағдайда, оны қабылдаудан бас тартып алдыңғы AFTN станциясына қызметтік хабарлама жібереді. Хабарламаның мәтінінде «СЖЦ» («SVC») қысқартуы, «ЩТА» («QTA») сигналы, «МСР» («MSR») рәсімдік сигналы болады, бұл сигналдан кейін бағыты дұрыс белгіленген хабарламаның тарату белгісі мен мәтін соңының сигналы қойылады.
Мұндай хабарлама алған AFTN тарату станциясы тиісті тізбекпен бастапқы хабарламаны жіберуге тиіс.
7-параграф. AFTN станциясында
бұрмаланған хабарлама немесе дұрыс емес
форматта жасалған хабарлама анықталған жағдайдағы іс-қимылдар
56. Егер AFTN станциясы хабарлама соңының сигналына дейінгі бір жерде хабарламаның бұрмаланғанын немесе дұрыс емес форматта жасалғанын анықтаған жағдайда және бұл бұрмаланудың бұл хабарламаны алдыңғы AFTN станциясы қабылдағанға дейін болған деп айтуға барлық негізі болған жағдайда хабарламаны жіберушіге дұрыс қабылданбаған хабарламаны қайталауын сұрап, қызметтік хабарлама жолдайды, ол хабарлама бұрмаланған немесе дұрыс емес пішімде жасалған бастапқы хабарламада көрсетілген жіберушінің индексімен белгіленеді (индекс адрестік жолға қойылады).
Бұл жағдайда жіберуші бастапқы хабарламаны қайталап жібереді. Сол адресатқа немесе адресаттарға хабарламаның бұрмаланған емес нұсқасы екінші рет жіберілгенге дейін төмендегідей қайталап өңдеу әрекеттері жүзеге асырылады:
жаңа тақырып енгізіледі;
хабарламаның соңы алынып тасталады;
оның орнына «ДУПЕ» («DUPE») шартты сигналы қойылады («IA-5» кодында бұл сигналдың алдында теңестіру функциясы тұруы қажет);
жаңа соңы енгізіледі, «ITA-2» кодында оның алдында теңестіру атқарымы қойылады;
«ITA-2» кодында, қажет болса «12 ЛАТ» енгізіледі.
57. 56-тармаққа сәйкес хабарламаны қайталап жіберу талап етілген AFTN станциясына бағытталған жағдайдан басқа барлық жағдайларда AFTN станциясы хабарламаны «ДУПЕ» («DUPE») шартты сигналынсыз қайталайды.
58. Қайталап тарату басталғанға дейін қайта тарататын AFTN станциясы бір немесе бірнеше хабарламаның оның соңының сигналына дейінгі бір жерде бұрмаланғанын анықтаған жағдайда бұл бұрмаланудың бұл хабарламаны алдыңғы AFTN станциясы қабылдағанға дейін болған деп айтуға барлық негізі болған жағдайда бұрмаланған хабарламаның жойылғанын хабарлап, алдыңғы AFTN станциясына хабарламаны жіберушіге дұрыс қабылданбаған хабарламаны қайталауын сұрап, қызметтік хабарлама жолдайды.
Осы сұрауды алған AFTN станциясы сұралған хабарламалардың қайта жіберілуін қамтамасыз етеді.
59. Хабарламаның мәтіндік бөлігін жібергеннен кейін қайта таратушы AFTN станциясы хабарлама соңының толық еместігін анықтап, бұл кемшіліктің хабарлама соңына ғана қатысты екенін немесе оның бастапқы мәтіннің де жоғалып кетуіне себепші болуы мүмкін екенін анықтауға практикалық құралдары болмаған жағдайда, мәтіннің соңына мынадай қосымша қосып, қайта жолдайды:
«* - ТЕКСЕРІҢІЗ» сөзінің орнына «ТЕКСЕРІЛСІН» сөзі болуы мүмкін.
Орамдық (парақтық) аппаратпен басылған көшірмедегі мәтіннің сатылап орналасуы осы Технологияға 12-қосымшаға сәйкес адрестің назарын жалғанған қосымшаға аудару үшін жасалған.
Қызметтік хабарламаның осы тармақта көрсетілген түрі AFTN станциясы қайта жіберілетін хабарламаны жіберу кезінде онда 2100 белгіден астам белгі барын анықтаған жағдайда қалыптастырылуы мүмкін. Бұл жағдайда AFTN станциясы хабарламаны 2100 белгімен шектеп, осы тармақта көрсетілген кіріктірме сөзі қояды, ал осы хабарлама келіп түскен AFTN станциясына осы Технологияның 67-тармағына сәйкес қызметтік хабарлама құрастыруы мүмкін.
60. Қайта таратушы AFTN станциясы хабарламаның адрестік жолының толығымен бұрмаланып келгенін анықтаған жағдайда, бұрмаланған хабарламаны жіберуді тоқтатып, алдыңғы AFTN станциясына қызметтік хабарлама жібереді. Қызметтік хабарламаның мәтіні мынадай:
Мұндай қызметтік хабарлама алған AFTN станциясы таратудың жаңа белгісін және дұрыс адрестік жол қойып, бастапқы хабарламаның қайта жіберілуін қамтамасыз етеді.
61. Қайта таратушы AFTN станциясы адресаттың қолданылмайтын (яғни ұзындығы 8 әріпке сәйкес келмейді) немесе белгісіз индексімен (станцияның жол тізімінде жоқ) анықтаған жағдайда, осы Технологияға 88-тармағында баяндалған рәсімдерді қолдана отырып, хабарламаны дұрыс адреске қайта жібереді.
Адресаттың белгісіз индексі үшін және бастапқы хабарламада қате болмаған жағдайда AFTN станциясы жіберішуге қызметтік хабарлама жібереді. Қызметтік хабарламаның мәтіні:
«СЖЦ»(«SVC») қысқартуы;
«АДС» («ADS») рәсімдік сигналы;
қате хабарламаның дереккөзі;
теңестіру атқарымы;
алынған хабарлама адресінің жолы;
теңестіру атқарымы;
«БЕЛГІСІЗ» («UNKNOWN») белгісі;
адресаттың белгісі индексі (тері);
хабарлама соңының сигналы.
Қызметтік хабарлама пішімінде:
Мұндай қызметтік хабарлама алған AFTN станциясы адресаттың дұрыс индексін алып, осы Технологияға 89-тармаққа сәйкес адресті бөлек жазу рәсімін қолданып, хабарламаны адресатқа қайта жібереді.
Осы тармақтың 1) қосымшасында көзделген жағдайлардан басқа жағдайларда осы Технологияға 61-тармағындағы ереже қолданылған болса, AFTN станциясы алдыңғы AFTN станциясына қатені түзетуін сұрап, қызметтік хабарлама жібереді.
Мұндай қызметтік хабарламаның мәтіні:
«СЖЦ» («SVC») қысқартуы;
«АДС» («ADS») рәсімдік сигналы;
қате хабарламаның тарату белгісі;
теңестіру атқарымы;
қабылданған хабарламаның адрес жолы;
теңестіру атқарымы;
екеуінің біреуі:
адресаттың қолданылмайтын индексі үшін – «ТЕКСЕРІҢІЗ*» («CHECK») белгісі;
адресаттың белгісіз индексі үшін - «БЕЛГІСІЗ» («UNKNOWN») белгісі;
адресаттың қолданылмайтын немесе белгісіз индексі (тері);
мәтін соңының сигналы.
Қызметтік хабарламаның пішімі:
«*-ТЕКСЕРІҢІЗ» сөзінің орнына «ТЕКСЕРІЛСІН» сөзі болуы мүмкін.
Осы қызметтік хабарламаны алғаннан кейін AFTN станциясы адресаттың дұрыс индексі болған жағдайда осы Технологияға 89-тармаққа сәйкес адресті бөлек жазу рәсімін қолданып, хабарламаны осы адресатқа қана қайта жібереді немесе адресаттың дұрыс индексі болмаған жағдайда осы тармақтың ережелеріне сәйкес әрекет етеді.
62. Бірінші қайта тарату AFTN станциясы алынған хабарламаның дереккөз жолында бұрмалаушылық болған немесе хабарламада дереккөз болмаған жағдайда:
хабарламаны өңдеуді тоқтатады;
қызметтік хабарламаны ол келген AFTN станциясына жолдайды.
Мұндай қызметтік хабарламаның мәтінінде мыналар болады:
«СЖЦ» («SVC») қысқартуы;
«ЩТА»(«QTA») рәсімдік сигналы;
«ОГН» («OGN») рәсімдік сигналы;
кейінге қалдырылған хабарламаның тарату белгісі;
«БҰРМАЛАНҒАН» («CORRUPT») белгісі;
мәтін соңының сигналы.
Қызметтік хабарламаның пішімі:
Мұндай қызметтік хабарлама алған AFTN станциясы оған таратудың жаңа тану белгісі мен дереккөздің дұрыс жолын қойып қайта жібереді.
63. Егер қайта таратушы AFTN станциясында хабарламаны жіберушінің орналасқан жерінің индексі ретінде болмағанда индексітің бірінші белгісін тексеру мүмкіндігі болған жағдайда және алынған хабарламада жіберушінің индексі дұрыс көрсетілмегенін анықтаған жағдайда:
хабарламаны өңдеуді тоқтатады;
қызметтік хабарламаны ол келген AFTN станциясына жолдайды.
Мұндай қызметтік хабарламаның мәтінінде мыналар болады:
«СЖЦ» («SVC») қысқартуы;
«ЩТА» («QTA») рәсімдік сигналы;
«ОГН» («OGN») рәсімдік сигналы;
кейінге қалдырылған хабарламаның тарату белгісі;
«ДҰРЫС ЕМЕС*» («INCORRECT») көрсеткісі;
мәтін соңының сигналы.
Қызметтік хабарламаның пішімі:
8-параграф. Қосымша қызметтік хабарламалар қалыптастыру
64. Осы тараудың 6 және 7-параграфтарында көрсетілмеген форматта ауытқулар бар екені анықталған жағдайда AFTN станциясы осы Технологияға 58-тармаққа сәйкес немесе сұралатын хабарламаның дереккөзі, осы Технологияға 4-қосымшаға сәйкес түсіндірме мәтінді қамтитын еркін нысанда жазылған қызметтік хабарлама құруы мүмкін. Алайда, пішімде ауытқудың нақты барын анықтау үшін осы тарауда келтірілген қосымша қызметтік хабарламаларды қолдану ұсынылады.
65. Арнаның реттік нөмірі немесе белгісі болмаған жағдайда немесе қабылданған арна күтілетін арнамен сәйкес келмеген жағдайда:
«ITA-2» кодына (реттік нөмірі болмаған жағдайда):
66. Хабарлама соңы сигналының жоқ екені анықталған жағдайда:
67. Қабылданған хабарламаның ұзындығы рұқсат етілген ұзындықтан асқан жағдайда:
68. Орыс тіркелімінде қабылданған хабарламаның адрестік жолында халықаралық арнаға жіберілуге тиіс адрес болған жағдайда (адрестік көрсеткінің бірінші әріпі «У»-дан өзгеше), хабарлама жеделхатты жіберушіге жолданып, мынадай форматта болады:
69. Уақыт аралығын сұрату қажет болған жағдайда мынадай форматта хабарлама жасалады:
9-параграф. Хабарламаны қабылдағанын растау
70. AFTN станциялары қабылданатын нөмірлердің ретіне қарай хабарламалардың қабылдануын бақылауды жүзеге асырады. AFTN қабылдау станциясы төмендегі жағдайларда хабарламаны қабылдағанын міндетті түрде растайды:
апат туралы хабарлама қабылдағанын («СС» («SS») санатындағы);
кесте бойынша жұмыс істеген жағдайда;
«ЛР» («LR») рәсімдік сигналы бар арналар арқылы таратылатын бақылау хабарламаларын құрғанын;
хабарламаны айналма жолдар бойынша бергенін.
71. Апат туралы хабарламаны алғанын межелі AFTN станциясы хабарламаны жіберуші AFTN станциясына әр жағдайда жеке растайды. Межелі AFTN станциясы «СС» («SS») шұғылдық индексі бар кіріс хабарламаны қай тіркелім бойынша: орыс немесе латын тіркелімімен алғанын растайды. Қабылдағанын былайша растау хабарлама жіберуші AFTN станциясына жіберілген толық хабарлама пішімінде жасалады, мұндай хабарламаға «СС» («SS») шұғылдық индексі беріліп, оған онымен байланысты сигнал қосылады, мұның мәтіні мынадай болады:
«Р» («R») рәсімдік сигналы;
расталатын хабарламаның дереккөзі;
мәтін соңының сигналы.
Растау хабарламасы мынадай пішімде болады:
10-параграф. Кесте бойынша жұмыс істеу
72. AFTN станциясы жұмысын тоқтатпастан бұрын бұл туралы ортақ арналары бар барлық AFTN станцияларына ескертіп, жұмысын қайта бастау уақытын хабарлайды, егер бұл уақыт жұмыстың қалыпты басталу уақытынан өзгеше болса. Мұндай хабарламаның мәтіні шектес AFTN станциялары арасындағы уағдаластық бойынша анықталады.
73. Шектес AFTN станциясынан жұмысының алдағы тоқтатылуы туралы хабарлама алған AFTN станциясы мынадай мәтінде қызметтік хабарлама жібереді: «СЖЦ» («SVC») қысқартуы, «ЛР» («LR») «ЛС» («LS») рәсімдік сигналдары, бұлардан кейін әр арна бойынша қабылданған және таратылған соңғы өңделген хабарламаның тарату белгісі мен реттік нөмірі қойылады. Шектес AFTN станциялары арасында уағдаластық болған жағдайда мұндай хабарламаға қосымша мәтін қосуға болады. Мәтіннен кейін мәтін соңының сигналы қойылады.
Қызметтік хабарламаның форматы:
74. AFTN станциясы осы Технологияға 75-тармаққа сәйкес жасалған хабарламаны алып, реттік нөмірлерін салыстырып тексереді және қажет болған жағдайда хабарламаларды жеткізу бойынша іс-әркеттерді орындайды. Кесте бойынша жұмыс істейтін AFTN станциясы хабарламалардың станция жабылған кезде де арна арқылы келуін және жіберілуін қамтамасыз етеді.
75. Кесте бойынша жұмыс істейтін AFTN станциясының жұмысын қайта бастауы шектес станциялармен жасалған уағдаластық шеңберінде жүргізіледі.
11-параграф. Хабарламаларды айналма жолдар арқылы тарату
76. Трафиктің қозғалысын жылдамдату қажет болған жағдайда хабарламаларды таратуға белгіленген тракттарды өзгерту көзделген. Әрбір AFTN станциясында тиісті AFTN станцияларын пайдаланатын әкімшілікпен келісілген қосалқы тракттар тізбесі болады және оларды қажетіне қарай қолданады.
77. Егер AFTN станциясының белгісі бір тізбегінде қосылқа тракт көзделмеген жағдайда, тізбек істен шыққан жағдайда хабарламаларды жеткізу талаптары осы екі AFTN станцияларының әкімшіліктері арасында келісілуге тиіс.
78. Белгіленген тракттарды өзгерту 10 минуттық кезең шегінде жүргізілуге тиіс.
79. Трафикті айналма тізбек арқылы жіберу қажет болған жағдайда бағытты өзгерту арнайы қызметтік хабарламалармен алмасқаннан кейін жүзеге асырылады. Мұндай қызметтік хабарламалардың мәтіні мынадай:
«SVC» қысқартуы;
«QSP» рәсімдік сигналы;
бағытты өзгертуден бас тартуды немесе жоюды сұрау үшін «RQ», «NO» немесе «CNL» рәсімдік сигналы талап етілген жағдайда;
бағытты өзгерту қолданылатын тракттардың, мемлекеттердің, аумақтардың, орналасқан жерінің немесе бағыттағы станциялардың белгілері;
мәтін соңының сигналы.
Қызметтік хабарламалар пішімдері:
80. Трафикті өзгертуді мәнін толық түсіндіріп беретін еркін нысанда жазылған қызметтік хабарламалар арқылы келісуге болады.
81. Айналма тізбек бойынша трафикпен алмасу басталғаннан кейін дереу AFTN станциясының екеуі де айналма тракттары бойынша істен шыққан тізбектің тікелей арналарының әрбірінің соңғы қабылданған және берілген арналық реттік нөмірлерімен алмасуға тиіс. Мұндай алмасу толық қызметтік хабарлама түрінде жүргізіледі, оның мәтінінде «СЖЦ» («SVC») қысқартуы, «ЛР» («LR») «ЛС» («LS») рәсімдік сигналдары болады, бұл сигналдардан кейін істен шыққан тізбекітің әрқайсысының қабылданған және таратылған соңғы өңделген хабарламаларының тарату белгісі мен реттік нөмірі қойылады.
Қызметтік хабарламаның форматы (трафикпен алмасу):
«ITA-2» кодында:
Осындай форматтағы хабарлама реттік нөмірлерін түзету және AFTN станциясы кесте бойынша жұмыс істеген жағдайда (осы тараудың 10-параграфы) реттік нөмірлерді салыстырып тексеру қажет болған кезде тікелей арна бойынша таратылады.
Айналма тізбек бойынша осындай хабарлама алған AFTN станциясы шектес AFTN станциясы алмаған хабарламаларды қайта жіберіп, қажет болған жағдайда осы арна бойынша алынған реттік нөмірді түзетеді (арнаның жұмысы қалпына келген жағдайда хабарламаларды сұратуды жою).
82. Трафикті рұқсат етілген кезең ішінде AFTN желісі арқылы өткізу мүмкін емес екендігі және хабарламаларда келіп түскен AFTN станциясында трафик жиналып қалғаны түсінікті болған жағдайда әрі қарайғы іс-қимылдарға қатысты хабарламаны жіберушіден консультация алынады. Тиісті AFTN станциясы мен хабарламаны жіберуші арасында осындай жағдайда орындалатын іс-қимылдарға қатысты қандай да бір алдын ала уағдаластық болған жағдайда мұндай келісім талап етілмейді.
5. Хабарламаларды AFTN станциясында өңдеу
және адресаттарға жеткізу
1-параграф. Жалпы ережелер
83. AFTN станциялары хабарламаларды жіберушіден алушыға жеткенге дейін өңдеуді қамтамасыз етуге арналған.
84. AFTN станцияларының қызметкерлерінің саны мен жұмыс тәртібі осы AFTN станциясының автоматтандырылу дәрежесіне және өңделетін хабарламалар көлеміне қарай анықталады.
85. Хабарламаларды тарату және қабылдау жылдамдығын арттыру үшін шеткі станциялар (бұдан әрі – ШС) ұйымдастырылуы мүмкін. AFTN станциясымен жұмыс істеу және өзара әрекет ету тәртібі осы Технологияда айқындалған. ШС жұмыс істеу технологиясын осы ШС бекітіліп берілген әкімшілік белгілейді.
86. AFTN станцияларының қызметкерлері өз қызметінде AFTN станциясының басшысы жұмыс ерекшеліктерін ескере отырып әзірлеген лауазымдық нұсқаулықтарын басшылыққа алады.
2-параграф. AFTN станциясының бағыттық анықтамалығы
87. Трафикті ICAO белгілеген рәсімге сәйкес тізбектермен жіберу үшін AFTN станциясының берілген тізбектері бойынша анықтамалықтың мынадай элементтері қолданылуға тиіс:
1) тізбектің жұмысы бұзылмаған жағдайда адресаттың әрбір индексі үшін қолданылуға тиіс бастапқы тізбекті дұрыс көрсететін тізбе. Бұл тізбе «станцияның жол тізімі» деп аталады;
2) жай тізбек жоғалған жағдайда қолданылуға тиіс бастапқы тізбекті көрсететін айналма тізбектер (қосалқы тракттар) тізбесі;
3) AFTN байланыс орталығы осы тізбек бойынша қабылдайтын және тарататын адресаттардың индекстерін көрсететін әрбір кіріс тізбек ескерілген кіріс тізбектері бойынша көрсеткілер тізбесі. Бұл тізбе «хабарламаларды қабылдау үшін жауапкершілік тізімі» деп аталады;
4) осы тізбек бойынша қабылдауға рұқсат етілген жіберушілер индекстерінің тізбесі.
Осы тармақтың 2) және 3) тармақшаларында көрсетілген тізбелер AFTN станциялары үшін өңірлік деңгейде келісіледі. Негізгі және айналма тізбек бұзылған жағдайда үшінші AFTN станциясы арқылы айналу осы Технологияға 4-тарауының 11-параграфындағы талаптарға сәйкес жүзеге асырылады.
Осы тармақтың 1)–4) тармақшаларында көрсетілген тізбелер AFTN станциясының әрбір тізбегі үшін жеке жасалуға тиіс.
3-параграф. Бөлек жазылған
адрес және қысқартылған адрестік жол
88. Қабылданған хабарламаны қайта тарату қажет болған жағдайда AFTN станциясы адресті бөлек жазу рәсімін қолданады, ал оны қолдану мүмкін емес болған жағдайда – қысқартылған адрестік жол рәсімін қолданады.
89. Бөлек жазылған адрес:
1) Қабылданған хабарламаны қайта тарату қажет болған жағдайда AFTN станциясы қабылданған хабарламаның адрестік жолынан адресаттардың кіріс тізбек бойынша өзі жауап беретін барлық индекстерін алып тастайды;
2) Тізбекке осы тізбек бойынша таратуға арналған адресаттардың хабарламасының адрестік жолындағы (жолдарындағы) индекстерін ғана жібереді.
90. Қысқартылған адрестік жол:
1) қабылданған хабарламаны қайта тарату қажет болған жағдайда AFTN станциясы қабылданған хабарламадағы адресаттардың кіріс тізбек бойынша өзі жауап беретін индекстерін ғана белгілейді;
2) тізбекке мынадай мазмұндағы хабарлама жіберіледі:
3) осы тізбекке жіберуге арналған адресаттардың индекстері бар жаңадан құрастырылған адрестік жолда (жолдарда – үш адрестік жолды өңдеген жағдайда;
кейінгі жолда (жолдарда) – қабылданған хабарламаның адрестік жолының толық көшірмесі.
4-параграф. Айналма тізбек индексі
91. Хабарламаны айналма тізбек арқылы жіберген жағдайда хабарламаның тақырыбына «ЖЖЖ» («VVV») айналма индексі қойылып, содан кейін «ITA-2» кодында 5 «БОС ОРЫН» және бір «ӘРІПТІК ТІРКЕЛІМГЕ АУЫСУ» позициясы қойылады.
92. Айналма индексі қойылған хабарламаны әрі қарай таратқан кезде «ЖЖЖ» рәсімдік сигналын хабарламаны қабылдаушы AFTN станциясы алып тастайды. Мұндай хабарламаны әрі қарай тарату осы AFTN станциясының бағыттық анықтамалығына сәйкес жүзеге асырылады.
5-параграф. Транзиттік хабарламаларды
AFTN станцияларында өңдеу
93. AFTN станцияларында ұзақтығы кем дегенде бір сағат уақыт бойы осы AFTN станциясы арқылы қайта тарату жолымен берілген барлық хабарламалардың толық көшірмесі сақталады.
94. AFTN станцияларында қайта тарату жолымен берілген барлық хабарламаларды тануға және ол бойынша орындалған іс-әрекеттерді анықтауға қажет болатын ақпарат жазылған жазба 30 күнтізбелік күн бойы сақталуға тиіс.
Хабарламаларды тануға қатысты ереже хабарламаның тақырыбына, адресіне және дереккөзіне қатысты бөліктерін жазып алу арқылы орындалуы мүмкін.
95. Транзиттік хабарламаларды тарату кезектілігі осы Технологияның 14-тармағындағы талаптарға сәйкес жүзеге асырылады. «ДД» («DD»), «ФФ» («FF»), «ГГ» («GG») және «КК» («KK») шұғылдық индекстері қойылған хабарламаларды транзиттік тарату уақыты ь 10 минуттан аспауға тиіс. «СС» («SS») шұғылдық индексі қойылған хабарламалар кезектен тыс таратылады.
96. Хабарламаларды қайта тарату мүмкін емес екендігі анықталған жағдайда осы Технологияның 95-тармағындағы талаптарға сәйкес айналма тізбектерді қолдану қажет.
97. AFTN станцияларында транзиттік хабарламаларды бағыттау «Тіркелген авиациялық қызмет желісін жоспарлау және оның техникасы жөніндегі нұсқаулық DOC 8259» ICAO құжатында көрсетілген ережелерге сәйкес жүзеге асырылады.
98. Транзиттік AFTN желісінде хабарламаның тақырыбынан кейінгі бөлікке енгізілетін жалғыз өзгеріс қысқартылған адрестік жол енгізу немесе адресті бөлек жазу рәсімін қолдану болып табылады.
6-параграф. Хабарламаларды адресатқа жеткізу
99. Жер үстіндегі авиациялық электр байланысы станциялары хабарламаларды осы станция қызмет көрсететін әуеайлақ (әуеайлақтар) шекарасы шегінде орналасқан адресатқа (адресаттарға), ал бұл шекаралардан тыс жерде орналасқандарына – тиісті келісім жасалған адресатқа (адресаттарға) ғана жеткізу жүзеге асырады.
100. Хабарламалар жазбаша түрде немесе AFTN станциясын иеленетін азаматтық авиация ұйымының нұсқаулығында жазылған тұрақты қолданылатын басқа әдіспен жеткізіледі.
101. Хабарламаны қабылдаған кезде «ITA-2» кодында оны жазбаша түрде жеткізген кезде хабарламаның басында үздіксіз реттілікпен алдыңғы хабарлама соңының сигналы («НННН» [«NNNN»]) және («ЗЦЗЦ» [«ZCZC»]) осы хабарламаның басының сигналы болуы мүмкін. Жеткізілетін хабарлама соңында хабарламаның соңының сигналы болмауы мүмкін.
102. AFTN станциясы осы станцияның адресаттары үшін қабылдаған кіріс хабарламалар станцияда алушылар тікелей өзі алған, экспедиторлар немесе курьерлер жеткізген жағдайда оларды әрбір адресатқа табыстау үшін қатаң белгіленген дана мөлшерінде ғана көбейтіледі. Көбейтілген әрбір хабарлама осы Технологияға 11-қосымшаға сәйкес AFTN станциясындағы хабарламалардың жеткізілуін есепке алу журналында тіркелуге тиіс. Бұл журналға табысталған күні мен уақыты көрсетіліп, қол қойылады. Басқа әдістермен жеткізілетін хабарламалар (ШС арқылы) бұл журналда тіркелмейді.
103. Ерекше жағдайларда тиісті өкіммен белгіленген адресатқа немесе лауазымды тұлғаға «СС» («SS») және «ДД» («DD») шұғылдық санатындағы хабарламалардың өзін кейін жеткізіп, мазұмнын телефон, «ГГС» немесе «FAX» арқылы айтуға болады.
Бұл жағдайда хабарламалардың жеткізілуін есепке алу журналына тиісті жазу жазылады.
104. Хабарламалардың көшірмесін олар арналмаған адамдарға жасау және беруге тыйым салынады.
105. Хабарламаларды адресаттарға уақтылы жеткізу лауазымдық міндеттеріне кіретін тұлғаларға жүктеледі.
106. AFTN станциясының қызметкерлеріне хабарламаларды адресаттарға жеткізуге тыйым салынады.
7-параграф. AFTN хабарламаларының
алдын ала белгіленген тарату жүйесі
107. Тиісті әкімшіліктер арасында AFTN хабарламаларының алдын ала белгіленген тарату жүйесін қолдануға қатысты белгілі уағдаластық болған жағдайда мынадай жүйе қолданылады.
108. Хабарламаларды алдын ала белгіленген тарату жүйесін қолдануға келісім берген мемлекеттер арасында тарату кезінде алдын ала белгіленген тарату адресінің индексі («PDAI») төмендегідей құрылады:
1) бірінші және екінші әріп:
осы жүйені қолдануға келісім берген және хабарламаларды алдын ала белгіленген трактпен тарату міндеттемелеріне қатысты тізбек бойынша хабарлама алған AFTN байланыс орталығының орналасқан жері индексінің бірінші екі әрпі;
2) үшінші және төртінші әріптер:
арнайы тарату қажеттігін көрсететін «ЗЗ» («ZZ») әріптері;
3) бесінші, алтыншы және жетінші әріптер:
AFTN байланыс орталығы қолдануға тиіс «A-Z» сериясынан алынған және ішкі және/немесе халықаралық тарату тізбесін (тізбелерін) білдіретін әріптер;
«Н» («N») және «С» («S») әріптері тиісінше NOTAM және SNOTAM хабарламалары үшін бесінші әріп ретінде резервтеледі.
4) сегізінші әріп:
«Ь» («X») толықтырғыш әріп немесе AFTN байланыс орталығы қолдануға тиіс «A-Z» сериясынан алынған және ішкі және/немесе халықаралық тарату тізбесін білдіретін әріп.
Хабарламаның басы мен соңы сигналдарын шатастырмас үшін AFTN «ЗЦ» («ZC») «ЦЗ» («CZ») «НН» («NN») әріптерінің комбинациясын қолданбайды.
109. Алдын ала белгіленген тарату жүйесін мемлекеттер арасында қолданған жағдайда, сондай-ақ Қазақстан Республикасының осы индекстерді көбейтумен айналысатын бірнеше AFTN байланыс орталықтары жұмылдырылған мемлекет ішінде қолданған жағдайда алдын ала белгіленген тарату индекстерін белгілеуді және Қазақстан Республикасының осы индекстерді көбейтумен айналысатын AFTN байланыс орталықтарын анықтауды Хабарламаларды таратудың бас орталығы жүзеге асырады.
110. Алдын ала белгіленген тарату жүйесін қолданған жағдайда AFTN станциялары төмендегілерге адресаттардың тиісті индекстерінің тізбелерімен бірге алдын ала тарату белгіленген адресаттардың өздері өңдеген индекстерін жібереді:
1) алдын ала тарату үшін адресаттардың индекстерін дұрыс қолданылуын қамтамасыз ету мақсатында алдын ала таратылатын AFTN хабарламаларын алатын AFTN станцияларына;
2) қайта тарату туралы өтініштерді өңдеуді жеңілдету және жіберушілерге алдын ала тарату адресаттарының индекстерін дұрыс қолдануына көмектесу мақсатында алдын ала таратылатын AFTN хабарламаларын құрастыратын жіберушілерге.
8-параграф. Есеп және есептілік
111. Барлық ШС және хабарламаларды таратудың барлық деңгейдегі бас орталықтарында (AFTN ХТО) осы Технологияда айқындалатын есептік және пайдалану құжаттамасын жүргізу мен сақтау ұйымдастырылады.
112. ШС арналған есептік және пайдалану құжаттамасына мыналар жатады:
шығыс жеделхаттардың түпнұсқалары;
осы Технологияға 10-қосымшасына сәйкес формасы бойынша хабарламалардың жеткізілуін есепке алу журналы;
шығыс хабарламалар (қағаз бумасы немесе АРМ мұрағаты);
осы Технологияға 3-қосымшаға сәйкес жеделхаттарға қол қою құқығы бар лауазымды тұлғалар тізімі;
осы Технологияға 1-қосымшаға сәйкес хабарламалардың кешігу және келмеу себептеріне тексеру жүргізу журналы;
авиациялық электр байланысы органының немесе ШС үшін жауап беретін әкімшіліктің бұйрықтарында немесе өкімдерінде айқындалған басқа да құжаттар.
113. Барлық деңгейдегі ХТО арналған есептік және пайдалану құжаттарына мыналар жатады:
шығыс жеделхаттарды ХТО-дан жіберген кезде олардың түпнұсқалары;
ХТО арқылы өткен хабарламалар мұрағаты;
осы Технологияға 11-қосымшаға сәйкес формасы бойынша ХТО жұмыс журналы;
осы Технологияға 1-қосымшаға сәйкес хабарламалардың кешігу және келмеу себептеріне тексеру жүргізу журналы;
осы Технологияға 12-қосымшаға сәйкес формасы бойынша ХТО арналары бойынша хабарламалар трафигі;
авиациялық электр байланысы органының немесе ХТО-ны иеленетін әкімшіліктің бұйрықтарында немесе өкімдерінде айқындалған басқа да құжаттар.
114. Жеделхатты таратқаннан кейін AFTN станциясының қызметкері бланкіге мынадай белгі қояды:
жіберілген хабарламаның (хабарламалардың) белгісі мен арнаның реттік нөмірі;
хабарламаның (хабарламалардың) желісіне тарату уақыты;
AFTN станциясы қызметкерінің қолы.
115. Тәулік аяқталғаннан кейін AFTN станциясының қызметкерлері шығыс және транзиттік жеделхаттар балнкілерін тігеді, оларға күні, айы, станция қызметкерінің қолы қойылып, мұрағатқа арнайы бөлінген жерге орналастырылады.
116. Мұрағаттың барлық түрлерін ұйымдастыруды, есептік және пайдалану құжаттамасының болуын, сақталуын, жай-күйін қамтамасыз етуді AFTN станциясының басшысы жүзеге асырады.
117. Құжаттаманы сақтаудың мынадай мерзімдері белгіленеді:
шығыс жеделхаттардың түпнұсқалары, бақылау орамдары немесе АРМ мұрағаттары, транзиттік хабарламалар журналы, ХТО мұрағаттары –
30 тәулік;
хабарламалардың жеткізілуін есепке алу журналы, ХТО жұмысын есепке алу журналы, хабарламалардың кешігу және келмеу себептеріне тексеру жүргізу журналы – соңғы жазба енгізілген күннен бастап 30 тәулік;
осы Технологияның 12-қосымшасына сәйкес хабарламалардың ХТО арналары бойынша трафигі туралы деректер – соңғы жазба енгізілген күннен бастап 12 ай.
Белгіленген авиациялық электр байланысы
желісіндегі жұмыс технологиясына
1-қосымша
Кідірістің немесе хабарламаны
алмаудың себептерін тексеру тәртібі
1. Тексеру AFTN станцияларында хабарламалардың кідіру мен алмау себептерін тексеруді жүргізудің 1-қосымшасында келтірілген алгоритмдерге сәйкес жүргізіледі.
2. Хабарламалардың жету мерзімін Станциялардың жұмыс режимі технологиясының 94-тармағын, 26-тармағының 2) тармақшасы мен 14-тармағын, желінің қолданыстағы сұлбасын ескере отырып, AFTN станциялары анықтайды. Осылайша, КК шұғылдық индексі бар көлемі 160 белгіге дейінгі хабарламаның екі қайта тарату AFTN станциялары арқылы өту уақыты 50 минутты құрайды.
3. Хабарламалардың кідіру себептерін тексеру хабарламаны алушының өтінімі бойынша межелі AFTN станциясында жүргізіледі.
4. Хабарламаны алмау себептерін тексеру жіберушінің өтінімі бойынша жіберетін AFTN станциясында жүргізіледі.
5. Кідірістердің және хабарламаларды алмау себептерін тексеруге өтінімдер Кідірістің және хабарламаларды алмаудың себептерін тексеру журналында ресімделеді, Кідірістер және хабарламаларды алмау себептерін тексеруді жүргізу ретінің 2-қосымшасында келтірілген AFTN станцияларында сақталады.
6. Тексеру жргізуге берілген сұрау салулар және тексеру нәтижелерінің жауаптары қызметтік хабарламалар ретінде ресімделуі керек. Осы қызметтік хабарламаларда тексерілетін хабарламаға берілетін сілтеме тарату мен дереккөз белгілерінің тиісті топтары арқылы жүргізіледі.
7. Тексеру жүргізуге берілген сауал «СЖЦ» («SVC») қысқартудан басталуға тиіс, бұдан кейін сауалдың мазмұнына түсінік беретін ерікті мәтін жазылады. Тексеруге қатысатын барлық станциялар, қажет болған жағдайда, үшінші станцияға сауал жіберуі керек, ал сұрау салудың көшірмесін – тексеруді бастаған станцияға жібереді (осы станцияның адресі келіп түскен сұрау салудың мәтінінен «КӨШІРМЕ» сөзінен кейін анықталады).
Сұрау салудың мысалы:
«КК УАААЫФЫЬ УАРРЫФЫЬ»
«121350 УАТТЫФЫЬ»
«КӨШІРМЕ УАРРЫФЫЬ»
«СЖЦ 121100 УАААЗТЗЬ ҚАБЫЛДАНДЫ АТА437 1345 ЖІБЕРІЛДІ АРА223 1346»
«АДРЕСАТ ҮШІН УАРРЗТЗЬ»
«КІДІРІС СЕБЕПТЕРІН АНЫҚТАУЫҢЫЗДЫ СҰРАЙМЫН»
8. Тексеру бойынша жауап мәтіні СЖЦ (SVC) қысқарған сөзінен басталуы, одан кейін сұратылатын хабарлама жүру кезіндегі ақау себептерін нақты түсіндіретін ерікті мәтін жазылуы керек. Жауаптың форматы:
«КК УАРРЫФЫЬ»
«121440 УАААЫФЫЬ»
«СЖЦ 121100 УАААЗТЗЬ ҚАБЫЛДАНДЫ АДА112 1102 ЖІБЕРІЛДІ АТА437 1345»
«АДРЕСАТ ҮШІН УАРРЗТЗЬ»
«КІДІРУ СЕБЕПТЕРІ - АЛМАТЫ ХТО ЖАРАМСЫЗДЫҒЫ»
9. Өтінімді алған AFTN станцияларында дереу тексеру амалдары басталуға тиіс.
10. AFTN станцияларындағы тексеру сұрау салу түскен сәттен бастап бір сағаттан артық уақыт жүргізілмеуі керек.
11. Тексеру нәтижелері, сол өтінім келіп түскен AFTN станциясында Кідірістің және хабарламаларды алмаудың себептерін тексеру журналында тіркеледі.
12.Өтінім келіп түскен станция, қажет болған жағдайда, сұратылатын хабарламаның жүру бағыты бойынша кез келген станцияға қызметтік хабарлама жіберуі мүмкін.
Кідірістің немесе хабарламаны алмаудың
себептерін тексеру тәртібінің
1-қосымша
Кідірістің немесе хабарламаларды алмаудың себептеріне тексеру
жүргізудің алгоритмі
Кідірген хабарламалар бойынша Алынбаған хабарламалар бойынша
Кідірістің немесе хабарламаны алмаудың
себептерін тексеру тәртібінің
2-қосымша
Кідірістің және хабарламаларды алмаудың себептерін тексеру
журналының үлгісі
Өтінім берілген күні мен уақыты |
Өтінім мазмұны, оны берген тұлғаның тегі және телефоны |
Өтінімді алған тұлғаның лауазымы және тегі |
Тексеру нәтижелері |
Нәтижелері туралы хабарланды: |
||
кімге |
қашан (күні, уақыты) |
хабарлаған тұлғаның қолы |
Белгіленген авиациялық электр байланысы
желісіндегі жұмыс технологиясына
2-қосымша
Латын әріптерімен орысша сөздерді
жазуға арналған хабарламаларда қолданылатын
латын әріптеріне орыс алфавитінің сәйкестігі
Орыс |
Латын |
Орыс |
Латын |
Аа |
Aa |
Рр |
Rr |
Бб |
Bb |
Сс |
Ss |
Вв |
Ww |
Тт |
Tt |
Гг |
Gg |
Уу |
Uu |
Дд |
Dd |
Фф |
Ff |
Ее |
Ee |
Хх |
Hh |
Жж |
Vv |
Цц |
Cc |
Зз |
Zz |
Чч |
CHch |
Ии |
Ii |
Шш |
SHsh |
Йй |
Jj |
Щщ |
|
Кк |
Kk |
Ыы |
Yy |
Лл |
Ll |
Ьь |
Xx |
Мм |
Mm |
Ээ |
Ee |
Нн |
Nn |
Юю |
IUiu |
Оо |
Oo |
Яя |
IAia |
Пп |
Pp |
Белгіленген авиациялық электр байланысы
желісіндегі жұмыс технологиясына
3-қосымша
Жеделхаттарға қол қоюға
құқылы лауазымды тұлғалардың тізімі
№ р/с |
Лауазымы, тегі, аты, әкесінің аты |
Жіберушінің индексі (тері) |
Шұғылдық санаты |
Қолының үлгісі |
1 |
2 |
3 |
4 |
5 |
Кәсіпорын басшысының қолы, күні.
КЕЛІСІЛГЕН
(Кәсіпорынның AFTN станциясына
жауапты лауазымды тұлға)
Белгіленген авиациялық электр байланысы
желісіндегі жұмыс технологиясына
4-қосымша
Хабарламалардың форматы
1. Адрес индекстерінің болуы мүмкін үлгілері
(Нұсқаулықтың 25-тармағы 1) тармақшасы)
«УАААЗТЗЬ» «УААА»-дағы әуеайлақтық диспетчерлік пункт («ЗТЗ»);
«УАЦЦЫМЫА» «УАЦЦ»-дағы метеорологиялық органның (А) секциясы («ЫМЫ»);
«УАТЕКЗКБ» «УАТЕ»-дегі «КЗК» ұшу-пайдалану агенттігінің (Б) бөлімі;
«УАААЫЫЫЬ» «УААА» пунктіндегі ұшу-пайдалану агенттігі, бұның атауы хабарлама мәтінінің басында көрсетілген;
«УАТТЗЗЗЬ» («УАТТ») авиациялық станциясы осы хабарламаны авиациялық жылжымалы қызмет арқылы әуе кеменің бортына қайта жіберуге тиіс, бұның тану индексі хабар мәтінің басында көрсетілген.
2. ICAO-ның «ЗЗЗ» («ZZZ») үш әріптік шартты белгісі
(осы Технологияға 25-тармағының 1) тармақшасы)
GABCD әуе кемесіне «UATT» авиациялық станция арқылы жіберілген және «NZZC» аудандық диспетчерлік станциясынан шыққан хабарламаның форматы мынадай:
(Адрес) «FF UATTZZZX»;
(Дереккөз) «031451 NZZCZRZX»;
(Мәтін) «GABCD CLR DES 5000FT HK NDB».
Орамдық (парақтық) телетайпта басылған хабарламаның тақырыбы мен соңы бұл жағдайда көрсетілмеген.
3. Әуе кемесінің бортынан берілген хабарламаның форматы
(осы нұсқаулыққа 25-тармағының 2) тармақшасы)
«UATT» авиациялық станциясы арқылы «CZEG» аудандық диспетчерлік станцияға бағытталған «KLM153» әуе кемесінің бортынан хабар жіберілген жағдайда, бұл хабар осы станцияда өңделеді, оның түрі мынадай:
(Адрес) «FF CZEGZRZX»;
(Дереккөз) «031821 UATTZZZX»;
(Мәтін) «KLM153» [қалған мәтін әуе кемесінің бортынан алынған түрінде көрсетіледі].
Орамдық (парақтық) телетайпта басылған хабарламаның тақырыбы мен соңы бұл жағдайда көрсетілмеген.
4. Кірістіру форматы
(Осы Технологияға 59-тармақ)
5. Ерікті үлгідегі қызметтік хабарламаның форматы
(Осы Технологияға 64-тармақ)
«ФФ УАААЫФЫЬ»;
«121314 УАРРЫФЫЬ»;
«СЖЦ ҚАЙТАЛАҢЫЗ 140018 УАААЫМЫЬ УАРРЫМЫЬ АДРЕСІ ҮШІН»
немесе
«FF UAAAYFYX»;
«121314 UARRYFYX»;
«SVC REPEAT 140018 UAAAYMYX FOR ADDRESS UARRYMYX».
Белгіленген авиациялық электр
байланысы желісіндегі жұмыс технологиясына
5-қосымша
«МТК-2» («ITA-2») халықаралық телеграф коды
сигнал № |
Әріптік тіркелім |
Цифрлық тіркелім |
Импульстер |
|||||
Орыс |
Латын |
Басталу сәті |
12345 |
Тоқтау сәті |
||||
1 |
А |
А |
- |
A |
ZZAAA |
Z |
||
2 |
Б |
В |
? |
A |
ZAAZZ |
Z |
||
3 |
Ц |
C |
: |
A |
AZZZA |
Z |
||
4 |
Д |
D |
«Бұл кім» |
A |
ZAAZA |
Z |
||
5 |
Е |
E |
3 |
A |
ZAAAA |
Z |
||
6 |
Ф |
F |
A |
ZAZZA |
Z |
|||
7 |
Г |
G |
A |
AZAZZ |
Z |
|||
8 |
Х |
H |
A |
AAZAZ |
Z |
|||
9 |
И |
I |
8 |
A |
AZZAA |
Z |
||
10 |
Й |
J |
«Қоңырау» |
A |
ZZAZA |
Z |
||
11 |
К |
K |
( |
A |
ZZZZA |
Z |
||
12 |
Л |
L |
) |
A |
AZAAZ |
Z |
||
13 |
М |
M |
. |
A |
AAZZZ |
Z |
||
14 |
Н |
N |
, |
A |
AAZZA |
Z |
||
15 |
О |
O |
9 |
A |
AAAZZ |
Z |
||
16 |
П |
P |
0 |
A |
AZZAZ |
Z |
||
17 |
Я |
Q |
1 |
A |
ZZZAZ |
Z |
||
18 |
Р |
R |
4 |
A |
AZAZA |
Z |
||
19 |
С |
S |
‘ |
A |
ZAZAA |
Z |
||
20 |
Т |
T |
5 |
A |
AAAAZ |
Z |
||
21 |
У |
U |
7 |
A |
ZZZAA |
Z |
||
22 |
Ж |
V |
= |
A |
AZZZZ |
Z |
||
23 |
В |
W |
2 |
A |
ZZAAZ |
Z |
||
24 |
Ь |
X |
/ |
A |
ZAZZZ |
Z |
||
25 |
Ы |
Y |
6 |
A |
ZAZAZ |
Z |
||
26 |
З |
Z |
+ |
A |
ZAAAZ |
Z |
||
Кез-келген тіркелімде |
||||||||
27 |
күймешекті кері қайтару ( < ) |
A |
AAAZA |
Z |
||||
28 |
жолды ауыстыру ( = ) |
A |
AZAAA |
Z |
||||
29 |
әріптер ( ) |
A |
ZZZZZ |
Z |
||||
30 |
цифрлар ( ) |
A |
ZZAZZ |
Z |
||||
31 |
бос орын ( ) |
A |
AAZAA |
Z |
||||
32 |
Бланк |
A |
AAAAA |
Z |
Белгі |
Тұйық тізбек |
Екі жақты ток |
А Токтың болмауы Теріс ток |
||
Z Оң ток Оң ток |
«Ч» – цифрлық тіркелімдегі № 18 сигнал
«Э» – цифрлық тіркелімдегі № 6 сигнал
«Ш» – цифрлық тіркелімдегі № 7 сигнал
«Ю» – цифрлық тіркелімдегі № 10 сигнал
«Щ» – цифрлық тіркелімдегі № 8 сигнал
«Орысша» тіркелімі № 32 сигналға сәйкес келеді
Белгіленген авиациялық электр байланысы
желісіндегі жұмыс технологиясына
6-қосымша
№ 5 («IA-5») халықаралық код
Н0 Кесте |
||||||||||||
b7 |
0 |
0 |
0 |
0 |
1 |
1 |
1 |
1 |
||||
b6 |
0 |
0 |
1 |
1 |
0 |
0 |
1 |
1 |
||||
b5 |
0 |
1 |
0 |
1 |
0 |
1 |
0 |
1 |
||||
b4 |
B3 |
b2 |
b1 |
№ |
0 |
1 |
2 |
3 |
4 |
5 |
6 |
7 |
0 |
0 |
0 |
0 |
0 |
NUL |
DLE |
SP |
0 |
@ |
P |
` |
p |
0 |
0 |
0 |
1 |
1 |
TC1 (SOH) |
DC1 |
! |
1 |
A |
Q |
a |
q |
0 |
0 |
1 |
0 |
2 |
TC2 (STX) |
DC2 |
“ |
2 |
B |
R |
b |
r |
0 |
0 |
1 |
1 |
3 |
TC3 (ETX) |
DC3 |
# |
3 |
C |
S |
c |
s |
0 |
1 |
0 |
0 |
4 |
TC4 (EOT) |
DC4 |
о |
4 |
D |
T |
d |
t |
0 |
1 |
0 |
1 |
5 |
TC5 (ENQ) |
TC8 (NAK) |
% |
5 |
E |
U |
e |
u |
0 |
1 |
1 |
0 |
6 |
TC6 (ACK) |
TC9 (SYN) |
& |
6 |
F |
V |
f |
v |
0 |
1 |
1 |
1 |
7 |
BEL |
TC10 (ETB) |
‘ |
7 |
G |
W |
g |
w |
1 |
0 |
0 |
0 |
8 |
FE0 (BS) |
CAN |
( |
8 |
H |
X |
h |
x |
1 |
0 |
0 |
1 |
9 |
FE1 (HT) |
EM |
) |
9 |
I |
Y |
i |
y |
1 |
0 |
1 |
0 |
10 |
FE2 (LF) |
SUB |
* |
: |
J |
Z |
j |
z |
1 |
0 |
1 |
1 |
11 |
FE3 (VT) |
ESC |
+ |
; |
K |
[ |
k |
{ |
1 |
1 |
0 |
0 |
12 |
FE4 (FF) |
IS4 (FS) |
, |
< |
L |
\ |
l |
| |
1 |
1 |
0 |
1 |
13 |
FE5 (CR) |
IS3 (GS) |
- |
= |
M |
] |
m |
} |
1 |
1 |
1 |
0 |
14 |
SO |
IS2 (RS) |
. |
> |
N |
^ |
n |
- |
1 |
1 |
1 |
1 |
15 |
SI |
IS1 (US) |
/ |
? |
O |
_ |
o |
DEL |
кестенің жалғасы:
Н1 Кесте |
|||||||
0 |
0 |
0 |
0 |
1 |
1 |
1 |
1 |
0 |
0 |
1 |
1 |
0 |
0 |
1 |
1 |
0 |
1 |
0 |
1 |
0 |
1 |
0 |
1 |
0 |
1 |
2 |
3 |
4 |
5 |
6 |
7 |
ПУС |
АР1 |
Пробел |
0 |
ю |
п |
Ю |
П |
НЗ |
(СУ1) |
! |
1 |
а |
я |
А |
Я |
НТ |
(СУ2) |
“ |
2 |
б |
р |
Б |
Р |
КТ |
(СУ3) |
# |
3 |
ц |
с |
Ц |
С |
КП |
СТП |
о |
4 |
д |
т |
Д |
Т |
КТМ |
НЕТ |
% |
5 |
е |
у |
Е |
У |
ДА |
СИН |
& |
6 |
ф |
ж |
Ф |
Ж |
ЗВ |
КБ |
‘ |
7 |
г |
в |
Г |
В |
ВШ |
АН |
( |
8 |
х |
ь |
Х |
Ь |
ГТ |
КН |
) |
9 |
и |
ы |
И |
Ы |
ПС |
ЗМ |
* |
: |
й |
з |
Й |
З |
ВТ |
АР2 |
+ |
; |
к |
ш |
К |
Ш |
ПФ |
РФ |
, |
< |
л |
э |
Л |
Э |
ВК |
РГ |
- |
= |
м |
щ |
М |
Щ |
ВЫХ |
РЗ |
. |
> |
н |
ч |
Н |
Ч |
ВХ |
РЭ |
/ |
? |
о |
ъ |
О |
ЗБ |
Ағылшын белгілерімен сәйкестігі:
0/1 – «SOH» – «НЗ» (тақырыптың басы);
0/2 – «STX» – «НТ» (мәтіннің басы);
0/3 – «ETX» – «КТ» (мәтіннің соңы);
0/7 – «BEL» – «ЗВ» (шұғылдық сигналы);
0/10 – «LF» – «ПС» (жолды ауыстыру);
0/11 – «VT» – «ВТ» (бір бетке жіберу);
0/13 – «CR» – «ВК» (күймешекті қайтару);
0/14 – «SO» – «ВЫХ» (H1 кестесімен жұмыс);
0/15 – «SI» – «ВХ» (H0 кестесімен жұмыс).
Белгіленген авиациялық электр байланысы
желісіндегі жұмыс технологиясына
7-қосымша
«ITA-2» хабарламасының форматы
Хабарлама бөлігі |
Хабарлама бөлігінің компоненті |
Компоненттің элементі |
Телетайптық сигнал |
|
Хабарлама басының сигналы |
ZCZC |
|||
Тақырыбы |
Хабарламаның белгісі |
1) «БОС ОРЫН» бір позициясы; |
«…» |
|
(Қажет болған жағдайда) Қосымша қызметтік сигнал |
«БОС ОРЫН» бір позициясы (Мысал: 270930) 10 белгідан артық емес |
|||
Бос орын сигналы |
«БОС ОРЫН» бес позициясы |
|||
Х А Б А Р Л А М А Н Ы Ң Т Ұ Р А Қ Т Ы Б Ө Л І Г І |
Теңестіру атқарымы |
«КҮЙМЕШЕКТІ КЕРІ ҚАЙТАРУ» бір позициясы және «ЖОЛДЫ АУЫСТЫРУ» бір позициясы |
«<=» |
|
Шұғылдық индексі |
Тиісті екі әріптік топ |
.. |
||
Адрес |
Адресаттың индексі (индекстері) |
«БОС ОРЫН» бір позициясы |
||
Теңестіру атқарымы |
«КҮЙМЕШЕКТІ КЕРІ ҚАЙТАРУ» бір позициясы және «ЖОЛДЫ АУЫСТЫРУ» бір позициясы |
«<=» |
||
Хабарламаны жіберу уақыты |
«ЦИФРЛЫҚ ТІРКЕЛІМГЕ АУЫСУ» бір позициясы |
«……» |
||
Дереккөз |
Құрастырушының индексі |
«БОС ОРЫН» бір позициясы |
«…….» |
|
Шұғылдық сигналы (апат туралы хабарламаға арналған телетайппен жұмыс істеген кезде қолданылады) |
«ЦИФРЛЫҚ ТІРКЕЛІМГЕ АУЫСУ» бір позициясы |
«Сигнал (сигналдар) » «назар аударыңыз» |
||
(Қажет болған жағдайда) Міндетті емес деректер немесе қосымша адрес |
||||
Теңестіру атқарымы |
«КҮЙМЕШЕКТІ КЕРІ ҚАЙТАРУ» бір позициясы және «ЖОЛДЫ АУЫСТЫРУ2 бір позициясы |
«<=» |
||
Мәтіннің басы |
(қажет болса) адресаттардың нақты белгілері, «FROM», «STOP» және т.б. |
|||
Хабарламаның мәтіні |
Соңғы жолын ескермегенде, мәтіннің әр баспа жолының соңындағы хабар мәтіні және «КҮЙМЕШЕКТІ КЕРІ ҚАЙТАРУ» бір позициясы және «ЖОЛДЫ АУЫСТЫРУ» бір позициясы |
|||
Мәтін |
Растау (қажет болса) |
1) Бір «КҮЙМЕШЕКТІ КЕРІ ҚАЙТАРУ» және бір «ЖОЛДЫ АУЫСТЫРУ» |
||
Түзету (қажет болса) |
1) Бір «КҮЙМЕШЕКТІ КЕРІ ҚАЙТАРУ» және бір «ЖОЛДЫ АУЫСТЫРУ» |
|||
Мәтін соңының сигналы |
1) «ӘРІПТІК ТІРКЕЛІМГЕ АУЫСУ» бір позициясы |
«<=» |
||
Бір бетке орамды беру реті |
«ЖОЛДЫ АУЫСТЫРУ» жеті позициясы |
= = = = = = = |
||
Соңы |
Мәтін соңының сигналы |
«N» («Н») әрпінің төрт позициясы ( № 14 сигнал) |
«NNNN» («НННН») |
|
Хабарламаны бөлу сигналы (үзбелі таспамен жұмыс кезінде ғана) |
«ӘРІПТІК ТІРКЕЛІМГЕ АУЫСУ» он екі позициясы |
|
Шартты белгілер « ӘРІПТІК ТІРКЕЛІМГЕ АУЫСУ» ( № 29 сигнал);
« = ЖОЛДЫ АУЫСТЫРУ» ( № 28 сигнал);
« БОС ОРЫН» ( № 31 сигнал);
« ЦИФРЛЫҚ ТІРКЕЛІМГЕ АУЫСУ» ( № 30 сигнал);
«< КҮЙМЕШЕКТІ КЕРІ ҚАЙТАРУ» ( № 27 сигнал).
Белгіленген авиациялық электр байланысы
желісіндегі жұмыс технологиясына
8-қосымша
«IA-5» хабарламаның форматы
Хабарлама бөлігі |
Хабарлама бөлігінің компоненті |
Компоненттің элементі |
Телетайптық белгі |
|
Тақырып басының белгісі |
Бір белгі (0/1) |
«SOH» |
||
Т А Қ Ы Р Ы П |
Тақырыптың жолы |
Тарату белгісі |
1) Шеткі тарату құрылғысын белгілейтін әріп; |
..... |
(Қажет болған жағдайда) Қосымша қызметтік сигнал |
1) Бір «БОС ОРЫН»; |
«» |
||
Теңестіру атқарымы |
Бір «КҮЙМЕШЕКТІ КЕРІ ҚАЙТАРУ» және бір «ЖОЛДЫ АУЫСТЫРУ» |
«» |
||
Шұғылдық индексі |
Тиісті екі әріптік топ |
.. |
||
Адрес |
Адресаттың индексі (индекстері) |
Бір «БОС ОРЫН» |
||
Теңестіру атқарымы (функциялары) |
Бір «КҮЙМЕШЕКТІ КЕРІ ҚАЙТАРУ»және бір «ЖОЛДЫ АУЫСТЫРУ» |
«» |
||
Дереккөз |
Хабарламаны жіберу уақыты |
Хабарламаны таратуға беру уақытын көрсететін «күні-уақыты» алты цифрлық тобы |
..... |
|
Құрастырушының индексі |
1) Бір «БОС ОРЫН»; |
«…» |
||
Шұғылдық сигналы (апат туралы хабарламаға арналған телетайппен жұмыс істеген кезде қолданылады |
Бес белгі |
|||
Тақырыпқа арналған қосымша ақпарат |
||||
Теңестіру атқарымы |
Бір «КҮЙМЕШЕКТІ КЕРІ ҚАЙТАРУ» және бір «ЖОЛДЫ АУЫСТЫРУ» |
«« |
||
Мәтін басының белгісі |
Бір белгі (0/2) |
«STX» |
||
Мәтін |
Мәтіннің басы |
(қажет болса) адресаттардың нақты белгілері, «FROM», «STOP»және т.б. |
||
Хабарламаның мәтіні |
Соңғы жолын ескермегенде, мәтіннің әр баспа жолының соңындағы хабар мәтіні және «КҮЙМЕШЕКТІ КЕРІ ҚАЙТАРУ» бір позициясы және «ЖОЛДЫ АУЫСТЫРУ» бір позициясы |
|||
Растау (қажет болса) |
1) Бір «КҮЙМЕШЕКТІ КЕРІ ҚАЙТАРУ» және бір «ЖОЛДЫ АУЫСТЫРУ» |
|||
Түзету (қажет болса) |
1) Бір «КҮЙМЕШЕКТІ КЕРІ ҚАЙТАРУ және бір ЖОЛДЫ АУЫСТЫРУ» |
|||
Соңы |
Теңестіру атқарымы |
Бір «КҮЙМЕШЕКТІ КЕРІ ҚАЙТАРУ» және бір «ЖОЛДЫ АУЫСТЫРУ» |
«» |
|
Бір бетке жіберу реті |
Бір белгі ( 0/11 ) |
«VT» |
||
Мәтін соңының белгісі |
Бір белгі ( 0 /3 ) |
«ETX» |
Белгіленген авиациялық электр байланысы
желісіндегі жұмыс технологиясына
9-қосымша
AFTN желісіндегі хабарламаларды
қолданылатын қысқартулармен нөмірленбеген сигналдар
ADS (АДС) - адрес;
DUPE (ДУПЕ) - қайта;
EXP - күтілген;
CFM (ЦФМ) - растау;
CH (ЦХ) - тексеру;
CNL - жою;
COR (ЦОР) - түзету;
LC (ЛС) - соңғы жіберілген;
LR (ЛР) - соңғы қабылданған;
MIS (МИС) - жоқ;
MSR (МСР) - жіберілді;
NNNN (НННН) - хабарлама соңының сигналы;
NO - жоқ;
OGN (ОГН) - дереккөз;
QJH - сынама;
QSP - беру;
QTA (ЩТА) - күші жойылды;
R (Р) - қабылданды;
RPT (РПТ) - қайталаңыз;
RQ - өтініш;
SVC (СЖЦ) - қызметтік;
VVV (ЖЖЖ) - аралау сигналы;
ZCZC (ЗЦЗЦ) - хабарламаның басы
Белгіленген авиациялық электр байланысы
желісіндегі жұмыс технологиясына
10-қосымша
Нысан
______________________________________ AFTN станциясына келіп түскен
(кәсіпорын атауы)
Хабарламалардың жеткізілуін есепке алу журналы
20__ жылғы « »______________ басталды
20__ жылғы « »______________ аяқталды
Журналдың мазмұны:
реттік |
Қабылданған хабарламаның дереккөзі |
Адресаттың индексі |
Берген уақыты |
Хабарламаны алушының қолы |
1 |
2 |
3 |
4 |
5 |
1-бағанда ауысым ішінде станцияға келіп түскен хабарламалардың санын көрсететін 1... дейінгі нөмірлер рет-ретімен жазылады..
2-бағанда қабылданған хабарламаның дереккөзі жазылады.
3-бағанда осы хабар жіберілген адресаттың индексі жазылады.
Ерекше жағдайда, 5-бағанда «Телефон (FAX) арқылы жіберілді» белгісі жазылып, осы хабарламаны жіберген тұлғаның қолы қойылады.
Белгіленген авиациялық электр байланысы
желісіндегі жұмыс технологиясына
11-қосымша
Нысан
____________________________________________ ХТО AFTN жұмысының
(кәсіпорын атауы)
ЖУРНАЛЫ
20 __ жылғы « »______________ басталды
20 __ жылғы « »______________ аяқталды
Журналдың мазмұны:
Күні |
Мазмұны |
Қолы |
1 |
2 |
3 |
Журналды жүргізу тәртібі
Журналды ХТО AFTN диспетчері (телеграфисті) жүргізеді.
Журналға мынадай жазбалар енгізіледі:
кезекшілікті қабылдау, ХТО AFTN жұмысқа дайындығы, кезекшілікті тапсыру туралы;
ХТО AFTN қосу, ажырату және ХТО AFTN жұмысындағы барлық ақаулар туралы;
ХТО AFTN арналары жұмысының ақаулары, арна жоқ болған жағдайдағы персоналдың әрекеттері туралы;
ХТО AFTN маршруттық анықтамасындағы өзгерістер, жаңа конфигурациясын сақтау туралы;
кезекшілік кезінде лауазымды тұлғалардан келіп түскен нұсқаулар мен бұйрықтар туралы;
лауазымды тұлғалардың тексеру нәтижелері.
Белгіленген авиациялық электр байланысы
желісіндегі жұмыс технологиясына
12-қосымша
Нысан
_______________________________________________ ХТО AFTN хабарларының
(кәсіпорын атауы)
20____ жылғы _____________ айындағы
ТРАФИГІ
№ |
Арна |
Жіберілді (ЛС) |
Қабылданды (ЛР) |
||||
Барлығы |
Жіберілгендерден |
Барлығы |
Қабылданғандардан |
||||
СЖЦ |
ЦХ |
СЖЦ |
ЦХ |
||||
1 |
2 |
3 |
4 |
5 |
6 |
7 |
8 |
БАРЛЫҒЫ |
ХТО AFTN пайдалану үшін жауапты тұлғаның қолы _________________
Жолдар саны ХТО AFTN қосылған арналардың санымен анықталады.
Кестені ХТО AFTN тәуліктік статистика мәліметтері бойынша ХТО AFTN пайдалану үшін жауапты тұлға толтырады.