"Авиациялық тіркелген электр байланысы желісіндегі жұмыс технологиясын бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Көлік және коммуникация министрінің 2014 жылғы 20 қаңтардағы № 43 бұйрығының күші жойылды деп тану туралы

Қазақстан Республикасы Инвестициялар және даму министрінің м.а. 2015 жылғы 24 қарашадағы № 1087 бұйрығы

      «Нормативтік құқықтық актілер туралы» 1998 жылғы 24 наурыздағы Қазақстан Республикасының Заңының 40-бабы 2-тармағының 4) тармақшасына және 43-1-бабының 1-тармағына сәйкес БҰЙЫРАМЫН:
      1. «Авиациялық тіркелген электр байланысы желісіндегі жұмыс технологиясын бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Көлік және коммуникация министрінің 2014 жылғы 20 қаңтардағы № 43 бұйрығының (нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 9183 болып тіркелген), 2014 жылғы 4 желтоқсандағы № 238 (28461) «Егемен Қазақстан» газетінде және Әділет ақпараттық-құқықтық жүйесінде 2014 жылғы 12 желтоқсанда жарияланған) күші жойылды деп танылсын.
      2. Қазақстан Республикасы Инвестициялар және даму министрлігінің Азаматтық авиация комитеті (Б.К. Сейдахметов) заңнамада белгіленген тәртіпте:
      1) осы бұйрықтың көшірмесін Қазақстан Республикасының Әділет министрлігіне жіберуді;
      2) осы бұйрықтың Қазақстан Республикасы Инвестициялар және даму министрлігінің интернет-ресурсында және мемлекеттік органдардың интернет- порталында орналастырылуын қамтамасыз етсін.
      3. Осы бұйрықтың орындалуын бақылау жетекшілік ететін Қазақстан Республикасы Инвестициялар және даму вице-министріне жүктелсін.
      4. Осы бұйрық қол қойылған күнінен бастап күшіне енеді.

      Министрдің
      міндетін атқарушы                                   Ж. Қасымбек