Салымшылардың (алушылардың) міндетті зейнетақы жарналары, міндетті кәсіптік зейнетақы жарналары бойынша дерекқорын және міндетті зейнетақы жарналары, міндетті кәсіптік зейнетақы жарналары есебінен зейнетақымен қамсыздандыру туралы шарт жасасқан жеке тұлға

Қазақстан Республикасы Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрінің 2014 жылғы 22 қаңтардағы № 12-ө бұйрығы. Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде 2014 жылы 19 ақпанда № 9167 тіркелді. Күші жойылды - Қазақстан Республикасы Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрінің м.а. 2017 жылғы 3 тамыздағы № 232 бұйрығымен

      Ескерту. Күші жойылды – ҚР Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрінің м.а. 03.08.2017 № 232 бұйрығымен
      Ескерту. Бұйрықтың тақырыбы жаңа редакцияда - ҚР Денсаулық сақтау және әлеуметтік даму министрінің 12.01.2016 № 11 (01.03.2016 бастап қолданысқа енгізіледі) бұйрығымен.

      "Қазақстан Республикасында зейнетақымен қамсыздандыру туралы" 2013 жылғы 21 маусымдағы Қазақстан Республикасы Заңының 7-бабының 5) және 8) тармақшаларына сәйкес БҰЙЫРАМЫН:

      1. Қоса беріліп отырған:

      1) осы бұйрыққа 1-қосымшаға сәйкес салымшылардың (алушылардың) Міндетті зейнетақы жарналары, міндетті кәсіптік зейнетақы жарналары бойынша дерекқорын және міндетті зейнетақы жарналары, міндетті кәсіптік зейнетақы жарналары есебінен зейнетақымен қамсыздандыру туралы шарт жасасқан жеке тұлғалардың бірыңғай тізімін қалыптастыру қағидалары;

      2) осы бұйрыққа 2-қосымшаға сәйкес бірыңғай жинақтаушы зейнетақы қорының "Азаматтарға арналған үкімет" мемлекеттік корпорациясына салымшылармен (алушылармен) міндетті зейнетақы жарналары, міндетті кәсіптік зейнетақы жарналары есебінен зейнетақымен қамсыздандыру туралы жасалған және қолданысын тоқтатқан шарттар жөніндегі мәліметтерді электрондық құжат айналымын пайдалана отырып ұсыну қағидалары бекітілсін.

      Ескерту. 1-тармаққа өзгеріс енгізілді - ҚР Денсаулық сақтау және әлеуметтік даму министрінің 12.01.2016 № 11 (01.03.2016 бастап қолданысқа енгізіледі) бұйрығымен.

      2. Әлеуметтік қамсыздандыру және әлеуметтік сақтандыру департаменті (М.С. Көзжанова) заңнамада белгіленген тәртіппен:

      1) осы бұйрықтың Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркелуін;

      2) осы бұйрық Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркеуден өткеннен кейін күнтізбелік он күн ішінде оның бұқаралық ақпарат құралдарына ресми жариялануға жіберілуін;

      3) осы бұйрықтың Қазақстан Республикасы Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрлігінің ресми интернет-ресурсында орналастырылуын қамтамасыз етсін.

      3. Осы бұйрықтың орындалуын бақылау Қазақстан Республикасы Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау вице-министрі С.Қ. Жақыповаға жүктелсін.

      4. Осы бұйрық алғашқы ресми жарияланғанынан кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.

Министр


Т. Дүйсенова




  Қазақстан Республикасы
  Еңбек және халықты әлеуметтік
  қорғау министрінің
  2014 жылғы 22 қаңтардағы
  № 12-ө бұйрығына
  1-қосымша

Салымшылардың (алушылардың) міндетті зейнетақы жарналары,
міндетті кәсіптік зейнетақы жарналары бойынша дерекқорын және
міндетті зейнетақы жарналары, міндетті кәсіптік зейнетақы
жарналары есебінен зейнетақымен қамсыздандыру туралы шарт
жасасқан жеке тұлғалардың бірыңғай тізімін қалыптастыру
қағидалары

      Ескерту. Қағида жаңа редакцияда - ҚР Денсаулық сақтау және әлеуметтік даму министрінің 12.01.2016 № 11 (01.03.2016 бастап қолданысқа енгізіледі) бұйрығымен.

      1. Осы Салымшылардың (алушылардың) міндетті зейнетақы жарналары, міндетті кәсіптік зейнетақы жарналары бойынша дерекқорын және міндетті зейнетақы жарналары, міндетті кәсіптік зейнетақы жарналары есебінен зейнетақымен қамсыздандыру туралы шарт жасасқан жеке тұлғалардың бірыңғай тізімін қалыптастыру қағидалары "Қазақстан Республикасында зейнетақымен қамсыздандыру туралы" 2013 жылғы 21 маусымдағы Қазақстан Республикасы Заңының 7-бабының 5) тармақшасына сәйкес әзірленді және міндетті зейнетақы жарналары, міндетті кәсіптік зейнетақы жарналары есебiнен зейнетақымен қамсыздандыру туралы шарт жасасқан жеке тұлғалардың бiрыңғай тiзiмiн (бұдан әрi – бiрыңғай тiзiм), салымшылардың (алушылардың) міндетті зейнетақы жарналары, міндетті кәсіптік зейнетақы жарналары бойынша дерекқорын (бұдан әрі – дерекқор) қалыптастыру тәртiбiн айқындайды.

      2. "Азаматтарға арналған үкімет" мемлекеттік корпорациясы (бұдан әрі – Мемлекеттік корпорация) – бірыңғай жинақтаушы зейнетақы қоры (бұдан әрі – БЖЗҚ) күн сайын беретiн мiндеттi зейнетақы жарналары, міндетті кәсіптік зейнетақы жарналары есебiнен зейнетақымен қамсыздандыру туралы жаңадан жасалған және қолданысы тоқтатылған шарттар туралы мәліметтердің негізінде бірыңғай тізімді қалыптастырады және күн сайын дерекқорды жаңартып отырады.

      3. Бірыңғай тізім әрбір салымшы (алушы) бойынша мынадай:

      1) салымшының (алушының) тегі, аты, әкесінің аты (бар болса), туған күні, туған жері, жынысы, тұрғылықты жерінің мекенжайы, азаматтығы;

      2) жеке басын куәландыратын құжаттың сериясы және нөмірі, көрсетілген құжаттардың берілген күні және оларды берген органның атауы;

      3) жеке басын куәландыратын құжаттың нөмірі және берілген күні өзгергені туралы;

      4) азаматтығының өзгергені, бірыңғай тізімдегі міндетті зейнетақы жарналары, міндетті кәсіптік зейнетақы жарналары есебінен зейнетақымен қамсыздандыру туралы шарттардың ашылғаны немесе жабылғаны туралы;

      5) салымшы (алушы) деректемелерінің, мәртебесінің өзгергені туралы дербестендірілген деректерді қамтиды.

      4. Дерекқор әрбiр салымшы (алушы) бойынша дербестендірілген деректерден басқа, осы қағидалардың 3-тармағында көрсетілген мынадай:

      1) аударылған міндетті зейнетақы жарналары, міндетті кәсіптік зейнетақы жарналары және (немесе) өсімпұлдар, сондай-ақ белгіленген нормативтік құқықтық актілерге сәйкес оларды қайтару туралы;

      2) белгіленген нормативтік құқықтық актілерге сәйкес агенттің атауы мен деректемелерін қоса алғанда, міндетті кәсіптік зейнетақы жарналарын төлеу жөніндегі агенттер туралы;

      3) зейнетақы жинақтарының сомасы туралы мәлiметтерді қамтиды.

      5. Мемлекеттік корпорация бірыңға БЖЗҚ-дан алынған мәліметтердің негізінде Міндетті зейнетақы жарналары, міндетті кәсіптік зейнетақы жарналары есебінен зейнетақымен қамсыздандыру туралы шарттар туралы мәліметтердің бірыңғай тізімге енгізілгені немесе енгізілмегені туралы хаттаманы (бұдан әрі – Хаттама) БЖЗҚ-ға жібереді.

      Міндетті зейнетақы жарналары, міндетті кәсіптік зейнетақы жарналары есебінен зейнетақымен қамсыздандыру туралы шарттар туралы мәліметтерді енгізуден бас тартылған жағдайда, Хаттама Мемлекеттік корпорация мен БЖЗҚ арасындағы Ақпарат алмасу туралы шартқа сәйкес енгізілмеу себебін көрсете отырып, міндетті зейнетақы жарналары, міндетті кәсіптік зейнетақы жарналары есебінен зейнетақымен қамсыздандыру туралы енгізілмеген шарттар туралы ақпаратты қамтуға тиіс.

      6. Мемлекеттік корпорация БЖЗҚ-мен бірге салымшыларда (алушыларда) міндетті зейнетақы жарналары және (немесе) міндетті кәсіптік зейнетақы жарналары есебiнен кемінде бір жеке зейнетақы шотының болуын қамтамасыз етеді.

      Бұрын жасалған міндетті кәсіптік зейнетақы жарналары есебінен зейнетақымен қамсыздандыру туралы шарт болған жағдайда, міндетті кәсіптік зейнетақы жарналары аударылатын жеке тұлға және жаңа агент міндетті кәсіптік зейнетақы жарналарын есепке алу бойынша жаңа жеке зейнетақы шотын ашпастан, міндетті кәсіптік зейнетақы жарналары есебінен зейнетақымен қамсыздандыру туралы шартқа қосылу туралы өтінішке қол қояды.

      Қазақстан Республикасының зейнетақымен қамсыздандыру туралы заңнамасына сәйкес міндетті кәсіптік зейнетақы жарналары есебінен зейнетақымен қамсыздандыру туралы жаңа шарт бойынша келіп түскен міндетті кәсіптік зейнетақы жарналары, инвестициялық табыс, өсімпұл және өзге де түсімдер бұрын жасалған міндетті кәсіптік зейнетақы жарналары есебінен зейнетақымен қамсыздандыру туралы шарттың негізінде ашылған салымшының (алушының) жеке зейнетақы шотында есепке алынады.

      7. Мемлекеттік корпорация күн сайын БЖЗҚ-мен міндетті зейнетақы жарналары, міндетті кәсіптік зейнетақы жарналары есебiнен зейнетақымен қамсыздандыру туралы шарт жасасқан жеке тұлғалардың бірыңғай тізіміндегі салымшылардың (алушылардың) деректемелерін Жеке тұлғалардың мемлекеттік дерекқорындағы мәліметтерімен салыстырып тексеруді жүргізеді.

      8. Салымшылардың (алушылардың) деректемелерінде: тегінде, атында, әкесінің атында (бар болса), туған күнінде, ЖСН мен жынысында айырмашылықтар анықталған кезде Мемлекеттік корпорация салымшының деректемелерін Жеке тұлғалардың мемлекеттік дерекқорындағы деректермен сәйкестікке келтіреді.

      9. Салымшының (алушының) деректемелері өзгергені туралы мәліметтерді БЖЗҚ-ға беру ақпаратты жеткізудің автоматтандырылған қаржы жүйесін пайдалана отырып, Мемлекеттік корпорация мен БЖЗҚ арасындағы шартқа сәйкес айқындалған электрондық тәсілмен бірыңғай тізімге өзгерістерді енгізген күннен кейінгі бір жұмыс күнінен кешіктірмей жүзеге асырылады.

      10. БЖЗҚ Мемлекеттік корпорациядан салымшының (алушының) деректемелері өзгергені туралы мәліметтерді алған күннен кейінгі бір жұмыс күнінен кешіктірмей БЖЗҚ-ның автоматтандырылған ақпараттық жүйесіне өзгерістер енгізеді.

      11. Жыл сайын есептіден кейінгі жылдың 1 наурызына дейін Мемлекеттік корпорация мен БЖЗҚ арасында дерекқорды салымшылардың (алушылардың) мәртебелерін ескере отырып, уәкілетті мемлекеттік органның Орталықтандырылған дерекқорындағы олардың деректемелеріне сәйкестігін салыстырып тексеру жүргізіледі.


  Қазақстан Республикасы
  Еңбек және халықты әлеуметтік
  қорғау министрінің
  2014 жылғы 22 қаңтардағы
  № 12-ө бұйрығына
  2-қосымша

Бірыңғай жинақтаушы зейнетақы қорының "Азаматтарға арналған
үкімет" мемлекеттік корпорациясына салымшылармен (алушылармен)
міндетті зейнетақы жарналары, міндетті кәсіптік зейнетақы
жарналары есебінен зейнетақымен қамсыздандыру туралы жасалған
және қолданысын тоқтатқан шарттар жөніндегі мәліметтерді
электрондық құжат айналымын пайдалана отырып ұсыну қағидалары

      Ескерту. Қағида жаңа редакцияда - ҚР Денсаулық сақтау және әлеуметтік даму министрінің 12.01.2016 № 11 (01.03.2016 бастап қолданысқа енгізіледі) бұйрығымен.

      1. Осы Бірыңғай жинақтаушы зейнетақы қорының "Азаматтарға арналған үкімет" мемлекеттік корпорациясына салымшылармен (алушылармен) міндетті зейнетақы жарналары, міндетті кәсіптік зейнетақы жарналары есебінен зейнетақымен қамсыздандыру туралы жасалған және қолданысын тоқтатқан шарттар жөніндегі мәліметтерді электрондық құжат айналымын пайдалана отырып ұсыну қағидалары "Қазақстан Республикасында зейнетақымен қамсыздандыру туралы" 2013 жылғы 21 маусымдағы Қазақстан Республикасы Заңының 7-бабының 8) тармақшасына сәйкес әзірленді және бірыңғай жинақтаушы зейнетақы қорының "Азаматтарға арналған үкімет" мемлекеттік корпорациясына (бұдан әрі – Мемлекеттік корпорация) салымшылармен (алушылармен) міндетті зейнетақы жарналары, міндетті кәсіптік зейнетақы жарналары есебінен зейнетақымен қамсыздандыру туралы жасалған және қолданысын тоқтатқан шарттар жөніндегі мәліметтерді электрондық құжат айналымын пайдалана отырып ұсыну тәртібі мен мерзімдерін айқындайды.

      2. Бірыңғай жинақтаушы зейнетақы қоры күн сайын Мемлекеттік корпорацияға салымшылармен (алушылармен) міндетті зейнетақы жарналары, міндетті кәсіптік зейнетақы жарналары есебінен зейнетақымен қамсыздандыру туралы жасалған және қолданысы тоқтатылған шарттар жөніндегі мәліметтерді осы Қағидаларға қосымшаға сәйкес нысан бойынша ағымдағы және алдағы жұмыс күні үшін береді.

      3. Мәліметтерді беру күн сайын Мемлекеттік корпорация мен бірыңғай жинақтаушы зейнетақы қоры арасындағы шартқа сәйкес айқындалған электрондық тәсілмен ақпаратты жеткізудің автоматтандырылған қаржы жүйесі пайдаланыла отырып, Астана қаласының ағымдағы күнгі уақытының 23 сағат 30 минутынан кешіктірілмей жүзеге асырылады.

      4. Мемлекеттік корпорация мәліметтер келіп түскен күннен бастап келесі жұмыс күнінен кешіктірмей бірыңғай жинақтаушы зейнетақы қорына осы мәліметтердің Мемлекеттік корпорацияға келіп түскені туралы куәландыратын электрондық хабарламаны және Міндетті зейнетақы жарналары, міндетті кәсіптік зейнетақы жарналары есебінен зейнетақымен қамсыздандыру туралы шарттар жөніндегі мәліметтердің бірыңғай тізімге енгізілгені немесе енгізілмегені туралы хаттаманы жібереді.


  Бірыңғай жинақтаушы зейнетақы қорының
  "Азаматтарға арналған үкімет" мемлекеттік
  корпорациясына салымшылармен (алушылармен)
  міндетті зейнетақы жарналары, міндетті
  кәсіптік зейнетақы жарналары есебінен
  зейнетақымен қамсыздандыру туралы жасалған
  және қолданысын тоқтатқан шарттар жөніндегі
  мәліметтерді электрондық құжат айналымын
  пайдалана отырып ұсыну қағидаларына
  қосымша

      нысан

20__ жылғы "__" ______ міндетті зейнетақы жарналары, міндетті
кәсіптік зейнетақы жарналары есебінен зейнетақымен
қамсыздандыру туралы жасалған және қолданылуы тоқтатылған
шарттар туралы мәліметтер

Тегі


Аты


Әкесінің аты (бар болса)


Салымшының жынысы


Туған күні (жылы, айы, күні,)


Жеке сәйкестендіру нөмірі


1


2


3


4


5


6



      кестенің жалғасы

Салымшының жеке басын куәландыратын құжаттың деректері


Міндетті зейнетақы жарналары, міндетті кәсіптік зейнетақы жарналары есебінен зейнетақымен қамсыздандыру туралы шарт жасалғаны жөніндегі мәліметтер


Салымшының (алушының) жеке зейнетақы шотының нөмірі


Зейнетақымен қамсыздандыру туралы шарттың қолданылуы тоқтатылған және жеке зейнетақы шотының жабылған күні (жылы, айы, күні)


Зейнетақымен қамсыздандыру туралы шарттың қолданылуының тоқтатылу себебі


Нөмірі


Берілген күні (жылы, айы, күні)


Нөмірі


Берілген күні (жылы, айы, күні)


7


8


9


10


11


12


13



      Ескертпе:

      12, 13 – бағандар міндетті зейнетақы жарналары, міндетті кәсіптік зейнетақы жарналары есебінен зейнетақымен қамсыздандыру туралы шарттың қолданылуы тоқтатылған кезде толтырылуға міндетті.

      13 – бағанда міндетті зейнетақы жарналары, міндетті кәсіптік зейнетақы жарналары есебінен зейнетақымен қамсыздандыру туралы шарттың қолданылуын тоқтатудың себебіне қарай тиісті белгі көрсетілуге тиіс:

      1 – "Қазақстан Республикасында зейнетақымен қамсыздандыру туралы" 2013 жылғы 21 маусымдағы Қазақстан Республикасы Заңы 11-бабының 1-тармағына сәйкес зейнеткерлік жасқа жетуіне байланысты зейнетақы жинақтарының барлық сомаларын төлеу;

      2 – төтенше немесе ең жоғары радиациялық қатер аймағында тұратын адамдардың зейнеткерлік жасқа жетуіне байланысты зейнетақы жинақтарының барлық сомасын төлеу;

      3 – 5 және одан да көп бала тәрбиелеген әйелдердің зейнеткерлік жасқа жетуіне байланысты зейнетақы жинақтарының барлық сомасын төлеу;

      4 – Қазақстан Республикасынан тыс жерге тұрақты тұруға кетуіне байланысты зейнетақы жинақтарының барлық сомасын төлеу;

      5 – салымшының (алушының) зейнетақы жинақтарының сақтандыру ұйымына аударылуына байланысты;

      6 – алушының қайтыс болуына байланысты мұрагеріне (мұрагерлеріне) зейнетақы жинақтарының барлық сомасын төлеу;

      7 – алушының қайтыс болуына байланысты жерлеуге зейнетақы жинақтарының барлық сомасын төлеу;

      8 – Қазақстан Республикасының зейнетақымен қамсыздандыру туралы бұрын қолданыста болған заңнамасы бойынша зейнетақы жинақтарының барлық сомасын төлеу;

      9 – салымшыда (алушыда) міндетті зейнетақы жарналары есебінен зейнетақымен қамсыздандыру туралы екі және одан көп шарт болған кезде жинақтаушы зейнетақы шоттарын біріктіру;

      10 – зейнетақымен қамсыздандыру туралы шарттың болмауы;

      11 – еңбек сіңірген жылдар бойынша зейнетақы жинақтарының барлық сомаларын төлеу;

      12 – заңды күшіне енген сот шешімі негізінде зейнетақымен қамсыздандыру туралы шартты бұзу;

      13 – жинақтаушы зейнетақы шотында жинақтар болмаған кезде салымшының (алушының) бастамасы бойынша біржақты тәртіппен зейнетақымен қамсыздандыру туралы шартты бұзу;

      14 – өзгелері (Ақпарат алмасу туралы шартқа сәйкес).