Қазақстан Республикасы Мемлекеттік қызмет істері агенттігінің облыстардағы, Астана және Алматы қалаларындағы тәртіптік кеңестерінің жұмыс Регламентін бекіту туралы

Қазақстан Республикасы Мемлекеттік қызмет істері агенттігі төрағасының 2014 жылғы 3 ақпандағы № 04-2-4/19 бұйрығы. Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде 2014 жылы 10 ақпанда № 9136 тіркелді. Күші жойылды - Қазақстан Республикасы Мемлекеттік қызмет істері және сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігі төрағасының 2015 жылғы 6 қаңтардағы № 1 бұйрығымен

      Ескерту. Күші жойылды - ҚР Ұлттық Банкі Басқармасының 29.02.2016 № 61 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткеннен соң қолданысқа енгізіледі) қаулысымен.

      «Қазақстан Республикасының Ұлттық Банкі туралы» 1995 жылғы 30 наурыздағы Қазақстан Республикасының Заңына сәйкес, бағалы металдардағы активтерді толықтыру үшін тазартылған алтынды сатып алуға мемлекеттің басым құқығын Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкінің іске асыру тәртібін жетілдіру мақсатында Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкінің Басқармасы ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
      1. Қазақстан Республикасының Ұлттық Банкі Басқармасының «Бағалы металдардағы активтерді толықтыру үшін тазартылған алтынды сатып алуға мемлекеттің басым құқығын іске асыру қағидаларын бекіту туралы» 2012 жылғы 24 тамыздағы № 241 қаулысына (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 7955 тіркелген, 2012 жылғы 14 қарашада «Егемен Қазақстан» газетінде № 746-751 (27823) жарияланған) мынадай өзгерістер енгізілсін:
      көрсетілген қаулымен бекітілген Бағалы металдардағы активтерді толықтыру үшін тазартылған алтынды сатып алуға мемлекеттің басым құқығын іске асыру қағидаларында:
      3-тармақтың 6) тармақшасының төртінші абзацы мынадай редакцияда жазылсын:
      «Тарифтік емес реттеу саласындағы нормативтік құқықтық актілер туралы» Еуразиялық экономикалық комиссия Алқасының 2012 жылғы
16 тамыздағы № 134 шешімімен бекітілген Бағалы металдарды, асыл тастарды және бағалы металдары бар шикізат тауарларын Кеден одағының кеден аумағына әкелу және Кеден одағының кеден аумағынан әкету тәртібі туралы ереженің 2-қосымшасында көрсетілген бұйымдарды қоспағанда, құрамында 1000-ға 995 бөліктен кем емес химиялық таза алтын бар өлшеуіш құймалар, пластиналар, түйіршіктер, ұнтақ және басқа нысандар түрінде берілген бағалы металл;»;
      6-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:
      «6. Бекітілген сатып алу лимиті шеңберінде Ұлттық Банк тазартылған алтынды өндіру және сату болжамының кестесін ұсынған нақты клиенттен алдағы жартыжылдықта сатып алынатын тазартылған алтынның көлемін айқындайды. Сатып алу көлемдері клиенттерге алдағы жылдың бірінші жартыжылдығына – ағымдағы жылдың 1 желтоқсанына дейін, ағымдағы жылдың екінші жартыжылдығына – ағымдағы жылдың 1 маусымына дейін жеткізіледі.»;
      14-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:
      «14. Тазартылған алтынның бағасы мәміле күнінің алдындағы күнгі теңгенің АҚШ долларына қатысты орташа алынған биржалық бағамына және Лондон бағалы металдар нарығы қауымдастығының алтынға арналған таңертеңгі және кешкі фиксингінің бүкіл жеткізілім айындағы орташа мәніне және:
      алтынды халықаралық нарықтарға экспорттау жөніндегі көлік шығыстарынан;
      бид-аск (bid-ask) спредтен тұратын іске асыруға жұмсалатын шығындардан;
      Лондон бағалы металдар нарығы қауымдастығы қабылдаған және осы қауымдастықтың құжаттарында «Лондон сапалы жеткізілімі» («London good delivery») стандарты ретінде белгіленген халықаралық сапа стандарттарына жауап бермейтін тазартылған алтын сатып алынған жағдайда қолданылатын сапа үшін жеңілдіктен тұратын дисконтқа қарай теңгемен айқындалады.
      Дисконт мөлшерлемелерін айқындау мақсаттары үшін бид-аск (bid-ask) спредтен тұратын іске асыруға жұмсалатын шығындар тек Ұлттық Банк Басқармасының шешімі негізінде нөлге тең деп қабылданады.
      Дисконттың алдағы жартыжылдыққа арналған мөлшерлемелерін Ұлттық Банктің Төрағасы бекітеді.
      Бір кезеңде сатып алынатын сапасы бір бүкіл тазартылған алтынға бірыңғай дисконт мөлшерлемесі қолданылады.».
      2. Осы қаулы алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.

      Ұлттық Банк
      Төрағасы                                    Қ. Келімбетов