Коммуналдық меншікке келіп түскен қараусыз қалған жануарларды келіп түсу және пайдалану қағидасын бекіту туралы

Маңғыстау облысы Мұнайлы ауданы әкімдігінің 2013 жылғы 11 ақпандағы № 32-қ қаулысы. Маңғыстау облысының Әділет департаментінде 2013 жылғы 13 наурызда № 2225 тіркелді. Күші жойылды - Маңғыстау облысы Мұнайлы ауданы әкімдігінің 2017 жылғы 21 тамыздағы № 151-қ қаулысымен

      Ескерту. Күші жойылды - Маңғыстау облысы Мұнайлы ауданы әкімдігінің 21.08.2017 № 151-қ қаулысымен (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі).
      РҚАО ескертпесі.
      Мәтінде авторлық орфография және пунктуация сақталған.

      Қазақстан Республикасының 2011 жылғы 1 наурыздағы "Мемлекеттік мүлік туралы" Заңының 18-бабының 22) тармақшасына және 31-бабына, 2001 жылғы 23 қаңтардағы "Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін - өзі басқару туралы" Заңының 31 - бабы 1-тармағының 2) тармақшасына, Қазақстан Республикасы Премьер - Министрінің 2011 жылғы 18 сәуірдегі № 49-ө "Мемлекеттік мүлік туралы" Қазақстан Республикасының 2011 жылғы 1 наурыздағы Заңын іске асыру жөніндегі шаралар туралы" өкіміне сәйкес, Мұнайлы ауданының әкімдігі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:

      1. Қоса беріліп отырған Коммуналдық меншікке келіп түскен қараусыз қалған жануарларды келіп түсу және пайдалану қағидасы бекітілсін.

      2. "Мұнайлы аудандық экономика және қаржы бөлімі" мемлекеттік мекемесі осы қаулыны кейіннен бұқаралық ақпарат құралдарында жариялаумен әділет органдарында мемлекеттік тіркеуді және интернет - ресурсында орналастыруды қамтамасыз етсін.

      3. Осы қаулының орындалуын бақылау аудан әкімінің орынбасары Қ.Оңдабаевқа жүктелсін.

      4. Осы қаулы әділет органдарында мемлекеттік тіркеуден өткен күннен бастап күшіне енеді және ол алғаш ресми жарияланғаннан кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.

      Әкім Е. Әбілов

      "КЕЛІСІЛДІ"

      Мұнайлы аудандық ауыл

      шаруашылығы және ветеринария

      бөлімінің бастығы

      А. Арыстанов

      07 ақпан 2013 ж.

      Мұнайлы аудандық экономика

      және қаржы бөлімінің бастығы

      Ш. Сұңғат

      08 ақпан 2013 ж.



  Мұнайлы ауданы әкімдігінің
11 ақпанда 2013 жылғы
№ 32-қ қаулысына қосымша

Коммуналдық меншікке келіп түскен қараусыз қалған жануарларды келіп түсу және пайдалану қағидасы
1. Жалпы ережелер

      1. Осы қағида Қазақстан Республикасының 1994 жылғы 27 желтоқсандағы Азаматтық кодексіне, 2011 жылғы 1 наурыздағы "Мемлекеттік мүлік туралы" Заңына сәйкес жасақталды және коммуналдық меншікке келіп түскен қараусыз қалған жануарларды келіп түсу және пайдалану тәртібін айқындайды.

      2. Қараусыз қалған жануарлар коммуналдық меншікке Қазақстан Республикасының Азаматтық Кодексінің 246-бабына сәйкес оларды ұстап алған адамдардың өз меншігіне алудан бас тартқан жағдайда қабылданады.

2. Жануарлардың аудандық коммуналдық меншікке түсуі

      3. Жануарлардың аудандық коммуналдық меншікке түсуі тапсыру-қабылдау актісі негізінде жүзеге асырылады. Тапсыру-қабылдау актісі жануарларды тапсырған тұлғаның, тиісті ауыл, ауылдық округ әкімінің (бұдан әрі – әкім), "Мұнайлы аудандық ауыл шаруашылығы және ветеринария бөлімі" мемлекеттік мекемесі (бұдан әрі – ауыл шаруашылығы және ветеринария бөлімі) мен "Мұнайлы аудандық экономика және қаржы бөлімі" мемлекеттік мекемесінің (бұдан әрі – экономика және қаржы бөлімі) жауапты қызметкерлерінің қатысуымен жасалады. Тапсыру-қабылдау актісін экономика және қаржы бөлімінің басшысы немесе оны алмастыратын өкілетті тұлға бекітеді.

      Тапсыру - қабылдау актісінде міндетті түрде аудандық коммуналдық меншікке түсетін жануарлардың жасы, тұқымы, түр - түсі, жынысы, күйі және саулығы көрсетілуі тиіс.

      Ескерту. 3-тармаққа өзгерістер енгізілді - Маңғыстау облысы Мұнайлы ауданы әкімдігінің 22.12.2015 N 318-қ(жарияланған күннен кейін он күнтізбелік күн өткеннен соң қолданысқа енгізіледі)қаулысымен.

3. Жануарларды уақытша күтімге алу

      4. Аудандық коммуналдық меншікке түскен жануарлар оларды уақытша күтімге алу үшін әкім анықтаған жеке адамдарға не шаруа немесе фермер қожалықтарына немесе мемлекеттік заңды тұлғалардың қосалқы шаруашылықтарына 6 (алты) айға дейінгі мерзімге келісім шарт негізінде бекітіліп беріледі.

      5. Әкім жануарларды уақытша күтімге алатын тұлғаларды анықтау кезінде, олардың жануарларды күтімге алу жағдайына алдын - ала зерттеу жүргізеді. Жануарларды уақытша күтімге алушы тұлғаны анықтау кезінде, міндетті түрде күтімге алатын тұлғаның жануарды бағып - күтетін орын - жайының (қорасы, ауласы), құрал - сайманының, тәжірибесінің болуы сонымен қатар, жануарларға адамгершілік тұрғыда қарай алатыны ескерілуі тиіс.

      Зерттеу қорытындысы экономика және қаржы бөліміне ұсыныспен қоса жолданады.

      6. Жануарларды уақытша күтімге алушы тұлғамен келісім шарт әкімнің ұсынысы негізінде экономика және қаржы бөлімімен жасақталады.

      7. Жануарларды күтімге алу шығыны күтуші тұлғаға экономика және қаржы бөлімімен жергілікті бюджет есебінен өтеледі. Өтеу шығынына сол жердегі нарықтық бағамен белгіленген зоотехникалық нормаға негізделген жем - шөптің құны және күтушінің еңбек ақысы кіреді. Күтушінің еңбек ақысының мөлшері Қазақстан Республикасы заңында белгіленген айлық жалақының ең төменгі мөлшерінен кем болмауы және мемлекеттік заңды тұлғалар қызметкерлерінің еңбегіне ақы төлеу жүйесінде белгіленген мөлшерден артық болмауы тиіс. Өтеу шығынынан жануарларды күтімге алу кезеңінде олардан түскен пайда сол елді мекендегі нарықтық бағамен есептеп шегеріледі.

      8. Жануарларды күтімге алған тұлға олардың өлім - жітімі мен жарамсыздығына кінәсі болған жағдайда, сол жануардың құны мөлшерінде жауапты болады.

      9. Аудандық коммуналдық меншікке түскен жануарларды ветеринариялық қадағалау және жұқпалы ауруларға қарсы егу іс - шаралары ауыл шаруашылығы және ветеринария бөлімінің қадағалауымен жүзеге асырылады. Ветеринариялық қадағалау және егу шығындары жергілікті бюджет есебінен қаржыландырылады.

4. Жануарларды бағалау, есепке алу және бекітіп беру

      10. Аудандық коммуналдық меншікке түскен жануарларды одан әрі пайдалану үшін оларды аудандық коммуналдық мүліктер тізбесіне енгізу және бағалау (қайта бағалау) жүргізіледі. Тізбеге енгізу және бағалау (қайта бағалау) жөніндегі жұмыстарды Қазақстан Республикасы заңнамасында белгіленген тәртіппен экономика және қаржы бөлімі жүзеге асырады.

      11. Бағалау жүзеге асырылғаннан кейін, жануарлар аудандық әкімдіктің қаулысымен тиісті әкім қабылдау - беру актісі негізінде аппаратының теңгеріміне бекітіліп беріледі. Теңгерімге алу Қазақстан Республикасы Үкіметі белгілеген тәртіппен қабылдау - беру актісі негізінде жүзеге асырылады.

5. Жануарларды одан әрі пайдалану

      12. Аудандық коммуналдық меншікке түскен қараусыз жануарлар мынадай тәсілдердің біреуімен пайдаланылады:

      1) қосалқы шаруашылығы бар мемлекеттік заңды тұлғалардың теңгеріміне өтеусіз беру;

      2) аукцион арқылы сату;

      3) сауда ұйымдары арқылы сату;

      4) жануарларды (ауыл шаруашылығы жануарлары мен үй құстарынан басқа) қорғайтын арнайы орындарға немесе жеке адамдарға өтеусіз беру.

      13. Аудандық коммуналдық меншікке түскен жануарларды одан әрі пайдалану тәсілін әрбір нақты жағдайда аудандық әкімдіктің қаулысымен құрылған комиссия (бұдан әрі - Комиссия) жануарлар уақытша күтімге берілген мерзім ішінде шешеді. Комиссия шешімі хаттамамен рәсімделеді.

6. Жануарларды бұрынғы меншік иесіне қайтару

      14. Жануарлар аудандық коммуналдық меншікке өткеннен кейін олардың бұрынғы меншік иесі келген жағдайда, осы жануарлардың бұрынғы меншік иесіне үйірсектігі сақталғанын немесе жаңа меншік иесінің оларға қатал не өзгедей мейірімсіз қарағанын дәлелдейтін мән - жайлар анықталған жағдайда Комиссияның келісімімен, ал келісімге қол жеткізілмеген жағдайда сот шешімімен қайтарылуға жатады.

      15. Жануарларды қайтару бұрынғы меншік иесінің, оларды бағуға байланысты шығынды жергілікті бюджет кірісіне жануарларды пайдаланудан алынған табысты шегере отырып өтегеннен кейін жүзеге асырылады.

      16. Жануарлар бұрынғы меншік иесінен оларды қайтару жөнінде өтініш түскенге дейін сатылып кеткен немесе басқа меншік иесіне өтеусіз беріліп кеткен жағдайда, жануарларды сатудан түскен түсім немесе оның құны жергілікті бюджет есебінен өтеледі. Бұл жағдайда, жануарды бағуға байланысты жұмсалған қаржының мөлшері шегеріледі.

      17. Жануарларды қайтару немесе оның құнын өтеу бұрынғы меншік иесі мен экономика және қаржы бөлімі арасында жасалатын келісім - шартпен рәсімделеді.

7. Қорытынды ережелер

      18. Жануарды сатудан түскен қаражат заңнамада белгіленген тәртіппен жергілікті бюджет кірісіне толық есептеледі.

      19. Жануарды есепке алумен, бағалаумен, сатумен және өтеусіз берумен байланысты шығындар жергілікті бюджет қаражаты есебінен жүзеге асырылады.