"2013-2015 жылдарға арналған аудандық бюджет туралы" Жамбыл аудандық мәслихатының 2012 жылғы 14 желтоқсандағы № 13-3 шешіміне өзгерістер енгізу туралы

Жамбыл облысы Жамбыл ауданы мәслихатының 2013 жылғы 19 ақпандағы № 14-2 шешімі. Жамбыл облысының Әділет департаментінде 2013 жылғы 27 ақпанда № 1892 болып тіркелді. Күші жойылды - Жамбыл облысы Жамбыл аудандық мәслихатының 2016 жылғы 21 шілдедегі № 3-6 шешімімен

      Қазақстан Республикасының Үкіметі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
      1. «ҚазАгро» ұлттық басқарушы холдингі» акционерлік қоғамына (бұдан әрі – қарыз алушы) «2013 – 2015 жылдарға арналған республикалық бюджет туралы» 2012 жылғы 23 қарашадағы Қазақстан Республикасының Заңына сәйкес 2013 жылы 023 «Агроөнеркәсіптік кешен субъектілерін қолдау жөніндегі іс-шараларды жүргізу үшін «ҚазАгро» ұлттық басқарушы холдингі» АҚ кредит беру» бағдарламасы бойынша 60000000000 (алпыс миллиард) теңге сомасында бюджеттік кредит (бұдан әрі – кредит) берілсін.
      2. Қарыз алушыға кредит берудің мынадай шарттары айқындалсын:
      1) кредит қарыз алушыға жеделдік, ақылылық және қайтарымдылық шарттарында 2013 жылғы 20 желтоқсанға дейінгі мерзімге жылдық 0,01 (нөл бүтін жүзден бір) пайызға тең сыйақы ставкасы бойынша беріледі;
      2) қарыз алушының кредитті игеру кезеңі әкімші қарыз алушының Қазақстан Республикасының екінші деңгейдегі банкіндегі шотына қаражатты аударған күнінен басталады және 2013 жылғы 1 қарашада аяқталады.
      3. Кредит шартының тараптары Қазақстан Республикасы Қаржы министрлігі, Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрлігі және қарыз алушы болып табылады.
      4. Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрлігі және Қазақстан Республикасы Қаржы министрлігі заңнамада белгіленген тәртіппен:
      1) осы қаулының 3-тармағында көрсетілген кредит шартын жасасуды;
      2) кредиттің мақсатты және тиімді пайдаланылуын, өтелуі мен оған қызмет көрсетілуін бақылауды және мониторингілеуді қамтамасыз етсін.
      5. Осы қаулы қол қойылған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі.

      Қазақстан Республикасының
      Премьер-Министрі                            С.Ахметов