Облыс әкімдігінің 2010 жылғы 4 мамырдағы "Алматы облысының әкімшілік шекарасындағы Кіші Алматы, Қаскелең, Талғар, Есік, Қаратал және Көксу өзендерінің су қорғау аймақтары мен белдеулерін белгілеу және оларды шаруашылыққа пайдалану режимі туралы" N 60 қаул

Алматы облысы әкімдігінің 2013 жылғы 25 желтоқсандағы N 407 қаулысы. Алматы облысының Әділет департаментімен 2014 жылы 13 қаңтарда N 2555 болып тіркелді. Күші жойылды - Алматы облысы әкімдігінің 2026 жылғы 16 ақпандағы № 17 қаулысымен

      Ескерту. Күші жойылды - Алматы облысы әкімдігінің 16.02.2026 № 17 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) қаулысымен.
      РҚАО ескертпесі.
      Мәтінде авторлық орфография және пунктуация сақталған.

      Қазақстан Республикасының 2003 жылғы 9 шілдедегі Су Кодексінің 39-бабына және 116-бабының 2-тармағына, Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қаңтардағы "Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы" Заңының 27-бабына және Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2004 жылғы 16 қантардағы "Су қорғау аймақтары және белдеулерін белгілеу Ережесін бекіту туралы" N 42 қаулысына сәйкес облыс әкімдігі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:

      1. Облыс әкімдігінің 2010 жылғы 4 мамырдағы "Алматы облысының әкімшілік шекарасындағы Кіші Алматы, Қаскелең, Талғар, Есік, Қаратал және Көксу өзендерінің су қорғау аймақтары мен белдеулерін белгілеу және оларды шаруашылыққа пайдалану режимі туралы" N 60 қаулысына (2010 жылдың 8 маусымдағы нормативтік құқықтық актілерді тіркеу Тізілімінде 2053 номерімен тіркелген және 2010 жылдың 22 маусымдағы N 7374 "Жетісу", 2010 жылдың 24 маусымдағы N 75 "Огни Алатау" газеттерінде жарияланған) келесі толықтырулар енгізілсін:

      аталған қаулының 1-тармағы келесі тармақшаларымен толықтырылсын:

      7) "Кіші Алматы өзенінің 03-046-267-521 кадастрлық номері жер учаскісін су қорғау аймақтары мен белдеулерін белгілеу жөніндегі жұмыс жобасы";

      8) "Талғар өзенінің 03-051-146-199 кадастрлық номері жер участкісін су қорғау аймақтары мен белдеулерін белгілеу жөніндегі жұмыс жобасы";

      9) "Талғар өзенінің 03-051-146-474 кадастрлық номері жер участкісін су қорғау аймақтары мен белдеулерін белгілеу жөніндегі жұмыс жобасы".

      2. Алматы облысының жер қатынастары басқармасы (Ғ.Қ. Тоқпеисов) Қазақстан Республикасы Өңірлік даму министірлігі жер ресурстарын басқару комитетінің "Жер кадастры ғылыми - өндірістік орталығы" Республикалық мемлекеттік кәсіпорнының шаруашылық жүргізу құқығындағы Алматы облысының филиалымен (А.Н. Нұрқанов келісім бойынша) бірлесе отырып, бекітілген жұмыс жобаларға сәйкес су қорғау аймақтары мен белдеулерінің шекарасын картографиялық материалдарға түсірсін және жер-есепке алу құжаттарына өзгертулер енгізсін.

      3. Осы қаулының орындалуын бақылау облыс әкімінің орынбасары Т. Досымбековке жүктелсін.

      4. Осы қаулы әділет органдарында мемлекеттік тіркелген күннен бастап күшіне енеді және алғашқы ресми жарияланған күннен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.

Облыс әкiмi

А. Мұсаханов

КЕЛІСІЛДІ:


Су ресурстарын пайдалануды


реттеу және қорғау жөніндегі


Балқаш-Алакөл бассейндік


инспекциясының басшысы

Серіғали Мұхаметкәрімұлы Мұқатаев

25 желтоқсан 2013 жыл


Алматы облысы бойынша


экология департаментінің


басшысы

Қалижан Асанбайұлы Мәлібеков

25 желтоқсан 2013 жыл


Мемлекеттік санитарлық-


эпидемиологиялық қадағалау


комитетінің Алматы облысы


бойынша департаментінің


директоры

Ерғали Жақсыбекұлы Сыдыманов

25 желтоқсан 2013 жыл


Жер қатынастары басқармасының


басшысы

Ғалым Қасымұлы Тоқпеисов


      25 желтоқсан 2013 жыл