Қазақстан Республикасының Ұлттық Банкі Басқармасының "Қазақстан Республикасында қолма-қол шетел валютасымен айырбастау операцияларын ұйымдастыру ережесін бекіту туралы" 2006 жылғы 27 қазандағы № 106 қаулысына өзгерістер енгізу туралы

Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкі Басқармасының 2013 жылғы 25 желтоқсандағы № 295 қаулысы. Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде 2014 жылы 11 наурызда № 9197 тіркелді. Күші жойылды - Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкі Басқармасының 2014 жылғы 16 шілдедегі № 144 қаулысымен

      Ескерту. Күші жойылды - ҚР Ұлттық Банкі Басқармасының 2014.07.16 № 144 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтiзбелiк жиырма бiр күн өткен соң қолданысқа енгiзiледi) қаулысымен.

      РҚАО-ның ескертпесі!
      Осы бұйрықтың қолданысқа енгізілу тәртібін 2-тармақтан қараңыз.

      «Қазақстан Республикасының Ұлттық Банкі туралы» 1995 жылғы 30 наурыздағы, «Валюталық реттеу және валюталық бақылау туралы» 2005 жылғы 13 маусымдағы және «Лицензиялау туралы» 2007 жылғы 11 қаңтардағы Қазақстан Республикасының Заңдарына сәйкес, сондай-ақ Қазақстан Республикасында шетел валютасымен айырбастау операцияларын ұйымдастыру жөніндегі қызметті жүзеге асыруды реттейтін нормативтік құқықтық базаны жетілдіру мақсатында Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкінің Басқармасы ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
      1. Қазақстан Республикасының Ұлттық Банкі Басқармасының «Қазақстан Республикасында қолма-қол шетел валютасымен айырбастау операцияларын ұйымдастыру ережесін бекіту туралы» 2006 жылғы 27 қазандағы № 106 қаулысына (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 4468 тіркелген, «Заң газеті» газетінде 2006 жылғы 13 желтоқсанда № 215 (1021) жарияланған) мынадай өзгерістер енгізілсін:
      көрсетілген қаулымен бекітілген Қазақстан Республикасында қолма-қол шетел валютасымен айырбастау операцияларын ұйымдастыру ережесінде:
      1-тармақтың 4) тармақшасы мынадай редакцияда жазылсын:
      «4) валюталарды айырбастаудың нарықтық бағамы - «Қазақстан қор биржасы» акционерлік қоғамының (бұдан әрі - биржа) таңертеңгі (негізгі) сессиясында қалыптасқан және Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 8378 тіркелген «Валюталарды айырбастаудың нарықтық бағамын айқындау және қолдану тәртібін белгілеу туралы» Қазақстан Республикасының Ұлттық Банкі Басқармасының 2013 жылғы 25 қаңтардағы № 15 қаулысына және Қазақстан Республикасы Қаржы министрінің 2013 жылғы 22 ақпандағы № 99 бұйрығына сәйкес айқындалған теңгенің шетел валютасына қатысты орташа алынған биржалық бағамы;»;
      19 және 20-тармақтар мынадай редакцияда жазылсын:
      «19. Шетел валютасымен айырбастау операцияларын ұйымдастыруға арналған лицензия мынадай:
      1) уәкілетті ұйым біріктіру, қосу нысанында қайта ұйымдастырылған кезде;
      2) уәкілетті ұйымның атауы және (немесе) заңды мекенжайы өзгерген жағдайларда қайта ресімделуі тиіс.
      Лицензияны қайта ресімдеу туралы өтінішті уәкілетті ұйым осы тармақтың 1) және 2) тармақшаларында көрсетілген жағдайлар туындаған күннен бастап күнтізбелік отыз күн ішінде лицензияны қайта ресімдеуге негіз болған өзгерістер туралы ақпараттан тұратын, сондай-ақ лицензияларды қайта ресімдеу кезінде жекелеген қызмет түрлерімен айналысу құқығы үшін бюджетке лицензиялық алымның төленгенін растайтын құжаттармен қоса ұсынады.
      Лицензияны қайта ресімдеуді Ұлттық Банктің филиалы уәкілетті ұйым құжаттардың толық топтамасын ұсынған күннен бастап он жұмыс күні ішінде жүзеге асырады.
      20. Лицензияның телнұсқасын беру және лицензияны электрондық форматқа аудару «Лицензиялау туралы» 2007 жылғы 11 қаңтардағы Қазақстан Республикасының Заңына сәйкес жүзеге асырылады.»;
      21-1-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:
      «21-1. Электрондық лицензияны беру, қайта ресімдеу және ерікті қайтару жөніндегі электрондық мемлекеттік қызметтер Ережеде белгіленген мерзімдерде және тәртіппен «Ақпараттандыру туралы» 2007 жылғы 11 қаңтардағы Қазақстан Республикасының Заңына сәйкес «электрондық үкімет» веб-порталы арқылы көрсетіледі.
      Осы тармақта көрсетілген электрондық мемлекеттік қызметтер көрсетілген жағдайда заңды тұлғаны мемлекеттік тіркеу (қайта тіркеу) туралы анықтаманы және жекелеген қызмет түрлерімен айналысу құқығы үшін бюджетке лицензиялық алымның төленгенін растайтын құжатты ұсыну олардағы ақпаратты мемлекеттік ақпарат жүйелерінен алу мүмкіндігі болған кезде талап етілмейді.».
      2. Осы қаулы алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік жиырма бір күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.

      Ұлттық Банк
      Төрағасы                                   Қ. Келімбетов

      «КЕЛІСІЛДІ»
      Қазақстан Республикасы
      Экономика және бюджеттік
      жоспарлау министрлігі
      Министр ____________ Досаев Е.А.
      2014 жылғы 6 ақпан

      «КЕЛІСІЛДІ»
      Қазақстан Республикасы
      Өңірлік даму министрлігі
      Министр __________ Жәмішев Б.Б.
      2014 жылғы 25 қаңтар

      «КЕЛІСІЛДІ»
      Қазақстан Республикасы
      Көлік және коммуникация министрлігі
      Министр _________ Жұмағалиев А.Қ.
      2014 жылғы 21 қаңтар