Кейбір нормативтік құқықтық актілерге эмиссиялық бағалы қағаздар шығарылымының проспектілерін тіркеу, сондай-ақ эмиссиялық бағалы қағаздарды орналастыру (өтеу) қорытындылары туралы есептерді бекіту мәселелері бойынша өзгерістер мен толықтырулар енгізу тур

Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкі Басқармасының 2013 жылғы 29 қарашадағы № 268 қаулысы. Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде 2013 жылы 16 қаңтарда № 9069 тіркелді. Күші жойылды - Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкі Басқармасының 2016 жылғы 29 сәуірдегі № 115 қаулысымен

      РҚАО-ның ескертпесі!
      Осы қаулы 2013 жылғы 1 қаңтардан бастап қолданысқа енгізіледі.

      Қазақстан Республикасының Үкіметі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
      1. «2013 – 2015 жылдарға арналған республикалық бюджет туралы» Қазақстан Республикасының Заңын іске асыру туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2012 жылғы 30 қарашадағы № 1520 қаулысына мынадай өзгерістер мен толықтырулар енгізілсін:
      көрсетілген қаулыға 1-қосымшада:
      «III. Нысаналы даму трансферттері» деген бөлімде:
      2 «Қорғаныс» деген функционалдық топта:
      202 «Қазақстан Республикасының Төтенше жағдайлар министрлігі» деген әкімші бойынша:
      020 «Облыстық бюджеттерге, Астана және Алматы қалаларының бюджеттеріне халықты, объектілер мен аумақтарды дүлей табиғи зілзалалардан қорғау жөніндегі жұмыстарды жүргізуге берілетін ағымдағы нысаналы даму трансферттері» деген бағдарламада:
      «2013 жыл» деген бағанда:
      «Шығыс Қазақстан облысы» деген жолдағы «974 230» деген сандар «924 230» деген сандармен ауыстырылсын;
      мынадай мазмұндағы жолмен толықтырылсын:

      «





Батыс Қазақстан облысы

50 000



                                                                   ».

      2. Осы қаулы 2013 жылғы 1 қаңтардан бастап қолданысқа енгізіледі.

      Қазақстан Республикасының
      Премьер-Министрі                                     С. Ахметов