Қылмыстар, оқиғалар туралы өтініштерді, хабарламаларды, шағымдарды және өзге де ақпаратты, қылмыстық істерді, оларды тергеу және прокурорлық қадағалау нәтижелерін бірыңғай карточкалық есепке алуды электрондық форматта жүргізуге көшу туралы

Қазақстан Республикасы Экономикалық қылмысқа және сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес агенттігі төрағасының 2013 жылғы 28 желтоқсандағы № 425 Қазақстан Республикасы Ішкі істер министрінің 2013 жылғы 28 желтоқсандағы № 758 және Қазақстан Республикасы Бас прокурорының 2013 жылғы 30 желтоқсандағы № 124 бірлескен бұйрығы. Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде 2013 жылы 12 желтоқсанда № 9056 тіркелді. Күші жойылды - Қазақстан Республикасы Экономикалық қылмысқа және сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес агенттігі(қаржы полициясы) төрағасының 2014 жылғы 10 қазандағы № 287, Қазақстан Республикасы Бас прокуратурасының 2014 жылғы 20 қазандағы № 123 және Қазақстан Республикасы Ішкі істер министрінің 2014 жылғы 16 қазандағы № 708 бірлескен бұйрығымен

      «Нормативтік құқықтық актілер туралы» 1998 жылғы 24 наурыздағы Қазақстан Республикасы Заңына сәйкес БҰЙЫРАМЫН:
      1. «Қайтыс болған адамдардың сүйегі салынған табыттар мен сауыттарды Қазақстан Республикасына жіберу үшін ресімдеу Ережелерін бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Сыртқы істер министрінің 2000 жылғы 21 қарашадағы № 262 бұйрығының (Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінде № 1385 болып тіркелген, «Қазақстан Республикасы орталық атқарушы және өзге де мемлекеттік органдарының нормативтік құқықтық актілер Бюллетені» журналында 2001 жылы жарияланған, № 14, 363-құжат) күші жойылды деп танылсын.
      2. Осы бұйрық қол қойылған күннен бастап қолданысқа енгізіледі.

      Қазақстан Республикасы
      Сыртқы істер министрінің
      міндетін атқарушы                               Қ. Сарыбай

            "КЕЛІСІЛДІ"
      Қазақстан Республикасының
      Денсаулық сақтау министрінің
      міндетін атқарушы
      ___________ Е.Байжүнісов
      2014 жылғы 11 қаңтар