"Табиғи монополиялар субъектілерінің нормативтік техникалық ысыраптарын, шикізат, материалдар, отын, энергия шығысының техникалық және технологиялық нормаларын бекіту ережесін бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Табиғи монополияларды реттеу агенттігі тө

Қазақстан Республикасы Табиғи монополияларды реттеу агенттігі төрағасының 2009 жылғы 18 ақпандағы N 49-НҚ Бұйрығы. Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде 2009 жылғы 25 мамырда Нормативтік құқықтық кесімдерді мемлекеттік тіркеудің тізіліміне N 5681 болып енгізілді. Күші жойылды - Қазақстан Республикасы Табиғи монополияларды реттеу агенттігі төрағасының м.а. 2013 жылғы 17 қыркүйектегі № 283-НҚ бұйрығымен

      Ескерту. Күші жойылды - ҚР Табиғи монополияларды реттеу агенттігі төрағасының м.а. 17.09.2013 № 283-НҚ бұйрығымен (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі).

      "Табиғи монополиялар және реттелетін нарықтар туралы" Қазақстан Республикасы Заңының 13-бабы 1-тармағының 5-1) тармақшасына сәйкес БҰЙЫРАМЫН:
      1. "Табиғи монополиялар субъектілерінің нормативтік техникалық ысыраптарын, шикізат, материалдар, отын, энергия шығысының техникалық және технологиялық нормаларын бекіту ережесін бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Табиғи монополияларды реттеу агенттігі төрағасының 2006 жылғы 4 тамыздағы N 191-НҚ бұйрығына (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу Тізілімінде N 4379 нөмірінде тіркелген, "Заң газетінде" 2006 жылғы 15 қыркүйектегі N 166 (1146), "Заң газетінде" 2006 жылғы 12 қазандағы N 181 (1161) нөмірлерінде жарияланған) мынадай өзгерістер мен толықтырулар енгізілсін:
       кіріспеде "монополиялар" деген сөзден кейін "және реттелетін нарықтар" деген сөздермен толықтырылсын;
       1-тармақта "монополиялар" деген сөзден кейін "және реттелетін нарықтар" деген сөздермен толықтырылсын;
      көрсетілген бұйрықпен бекітілген Табиғи монополиялар субъектілерінің нормативтік техникалық ысыраптарын, шикізат, материалдар, отын, энергия шығысының техникалық және технологиялық нормаларын бекіту ережесінде:
       3-тармақтың 1) тармақшасы мынадай редакцияда жазылсын:
      "1) уәкілетті орган – табиғи монополиялар салаларындағы және реттелетін нарықтардағы басшылықты жүзеге асыратын мемлекеттік орган";
       5-тармақтың 2) және 4) тармақшаларында ", құзыретті органмен келісілген", "құзыретті органмен келісілген" деген сөздер алып тасталсын;
       6-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:
      "6. Субъект нормативтік техникалық ысыраптарын, шикізат, материалдар, отын, энергия шығысының техникалық және технологиялық нормаларының жиынтық кестесін уәкілетті органға екі данада ұсынады.";
       9-тармақ алып тасталсын;
       13-тармақтың 2) тармақшасындағы " және 9" деген сөздер алып тасталсын.
      2. Қазақстан Республикасы Табиғи монополияларды реттеу агенттігінің Стратегиялық жоспарлау және жиынтық талдау департаменті (Л.С. Ермақалиева) осы бұйрықты Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінде заңнамада белгіленген тәртіппен мемлекеттік тіркеуді қамтамасыз етсін.
      3. Қазақстан Республикасы Табиғи монополияларды реттеу агенттігінің Әкімшілік жұмысы департаменті (Е.О. Есіркепов) осы бұйрық Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркелгеннен кейін:
      1) оны белгіленген тәртіппен бұқаралық ақпарат құралдарында ресми жариялауды қамтамасыз етсін;
      2) оны Қазақстан Республикасы Табиғи монополияларды реттеу агенттігінің құрылымдық бөлімшелері мен аумақтық органдарының назарына жеткізсін.
      4. Осы бұйрықтың орындалуын бақылау Қазақстан Республикасы Табиғи монополияларды реттеу агенттігі төрағасының жетекшілік ететін орынбасарына жүктелсін.
      5. Осы бұйрық алғаш рет ресми жарияланған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі.

      Төраға                                         Н. Алдабергенов

      КЕЛІСІЛГЕН:                      КЕЛІСІЛГЕН:
      Қазақстан Республикасының        Қазақстан Республикасының
      Ауыл шаруашылығы министрі        Көлік және коммуникация
      ____________ А. Күрішбаев        министрі
      2009 жылғы 04 наурыз             ___________ Ә. Құсайынов
                                       2009 жылғы 15 сәуір

      КЕЛІСІЛГЕН:                      КЕЛІСІЛГЕН:
      Қазақстан Республикасының        Қазақстан Республикасының
      Энергетика және минералдық       Ақпараттандыру және байланыс
      ресурстар министрі               агенттігінің төрағасы
      _______________ С. Мыңбаев       ______________ К. Есекеев
      2009 жылғы 02 сәуір               2009 жылғы 19 наурыз