Ескерту. Күші жойылды – ҚР Инвестициялар және даму министрінің 30.06.2017 № 407 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) бұйрығымен.
"Азаматтық қызметшілерге, мемлекеттік бюджет қаражаты есебінен ұсталатын ұйымдардың қызметкерлеріне, қазыналық кәсіпорындардың қызметкерлеріне еңбекақы төлеу жүйесі туралы" Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2007 жылғы 29 желтоқсандағы № 1400 қаулысының 4-тармағының 3) тармақшасына сәйкес БҰЙЫРАМЫН:
1. Қоса беріліп отырған Мемлекеттік қызметші емес су жолдары ұйымдарының және Қазақстан Республикасы Көлік және коммуникация министрлiгiнiң "Қазақстан кеме қатынасының тiркелiмi" республикалық мемлекеттік қазыналық кәсіпорны қызметкерлерінің мамандықтары бойынша жұмыс өтiлiн есептеу қағидалары бекітілсін.
2. Мыналардың күші жойылды деп танылсын:
1) "Мемлекеттiк қызметші емес су жолдары ұйымдарының және Қазақстан Республикасы Көлік және коммуникация министрлігінің Көлік және қатынас жолдары комитеті "Кеме қатынасының тіркелімі" мемлекеттік мекемесінің жұмыскерлерiнiң мамандықтары бойынша жұмыс өтiлiн есептеу ережесiн бекiту туралы" Қазақстан Республикасы Көлік және коммуникациялар министрінің 2002 жылғы 8 тамыздағы № 275-І бұйрығы (нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеудің тізілімінде № 1959 тіркелді);
2) "Мемлекеттік қызметші емес су жолдары ұйымдарының жұмыскерлерінің мамандықтары бойынша жұмыс өтілін есептеу ережесін бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Көлік және коммуникация министрінің 2002 жылғы 8 тамыздағы № 275-I бұйрығына толықтырулар енгізу туралы" Қазақстан Республикасы Көлік және коммуникациялар министрінің 2009 жылғы 6 наурыздағы № 105 бұйрығы ("Заң газеті" газетінде, 2009 жылғы 1 мамыр, № 65 (1488), "Юридическая газета" газетінде, 2009 жылғы 1 мамыр, № 65 (1662), "Официальная газета" газетінде 2009 жылғы 4 шілдедегі № 27 (445) жарияланған);
3) "Мемлекеттiк қызметшi емес су жолдары ұйымдарының және Қазақстан Республикасы Көлік және коммуникация министрлігінің Көлік және қатынас жолдары комитеті "Кеме қатынасының тіркелімі" мемлекеттік мекемесінің жұмыскерлерiнiң мамандықтары бойынша жұмыс өтiлiн есептеу ережесiн бекiту туралы" Қазақстан Республикасы Көлік және коммуникациялар министрінің 2002 жылғы 8 тамыздағы № 275-І бұйрығына өзгерістер енгізу туралы" Қазақстан Республикасы Көлік және коммуникациялар министрінің 2010 жылғы 29 қыркүйектегі № 439 бұйрығы ("Казахстанская правда" газетінде 2010 жылғы 16 қарашадағы № 312 (26373), "Егемен Қазақстан" газетінде 2010 жылғы 30 қарашадағы № 506-512 (26355) жарияланған).
1) Қазақстан Республикасы Көлік және коммуникация министрлігінің Су көлігі департаменті (Қ.Н. Тілепов):
осы бұйрықтың Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінде заңнамада белгіленген тәртіппен мемлекеттік тіркелуін;
2) осы бұйрық Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркелгеннен кейін бұқаралық ақпарат құралында ресми жариялануын, оның ішінде оны Қазақстан Республикасы Көлік және коммуникация министрлігінің интернет-ресурсында және мемлекеттік органдардың интранет-порталында орналастыруды;
3) осы бұйрық Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінде тіркелгеннен кейін бес жұмыс күні ішінде мемлекеттік тіркеу туралы және бұқаралық ақпарат құралдарында жариялауға жіберу туралы мәліметтерді Қазақстан Республикасы Көлік және коммуникация министрлігінің Заң департаментіне ұсынуды қамтамасыз етсін.
4. Осы бұйрықтың орындалуын бақылау Қазақстан Республикасының Көлік және коммуникация вице-министрі А.Ғ. Бектұровқа жүктелсін.
5. Осы бұйрық алғашқы ресми жарияланғаннан кейін күнтiзбелiк он күн өткен соң қолданысқа енгiзiледi.
Министр | А. Жұмағалиев |
"КЕЛІСІЛДІ":
Қазақстан Республикасының
Еңбек және халықты
әлеуметтік қорғау министрі
_____________ Т. Дүйсенова
2013 жылғы 8 қараша
Қазақстан Республикасы Көлік және коммуникация министрінің 2013 жылғы 23 қазандағы № 827 бұйрығымен бекітілген |
Мемлекеттiк қызметшi емес су жолдары ұйымдарының және Қазақстан
Республикасы Көлiк және коммуникация министрлiгiнiң "Қазақстан
кеме қатынасының тiркелiмi" республикалық мемлекеттік қазыналық
кәсіпорны қызметкерлерiнiң мамандықтары бойынша жұмыс өтiлiн
есептеу қағидалары
1. Осы Мемлекеттiк қызметшi емес су жолдары ұйымдарының және Қазақстан Республикасы Көлiк және коммуникация министрлiгiнiң "Қазақстан кеме қатынасының тiркелiмi" республикалық мемлекеттік қазыналық кәсіпорны қызметкерлерінің мамандықтары бойынша жұмыс өтiлiн есептеу қағидалары (бұдан әрi – Қағидалар) "Азаматтық қызметшiлерге, мемлекеттiк бюджет қаражаты есебiнен ұсталатын ұйымдардың қызметкерлерiне, қазыналық кәсiпорындардың қызметкерлерiне еңбекақы төлеу жүйесi туралы" Қазақстан Республикасы Үкiметiнiң 2007 жылғы 29 желтоқсандағы № 1400 қаулысының 4-тармағының 3) тармақшасына сәйкес әзiрленген.
Қағидалар мемлекеттiк қызметшi емес су жолдары ұйымдарының және Қазақстан Республикасы Көлiк және коммуникация министрлiгiнiң "Қазақстан кеме қатынасының тiркелiмi" республикалық мемлекеттік қазыналық кәсіпорны қызметкерлерінің мамандықтары бойынша жұмыс өтiлiн (бұдан әрi – жұмыс өтiлi) есептеу тәртiбiн анықтайды.
2. Мамандық бойынша жұмыс өтiлiне Қазақстан Республикасы Көлiк және коммуникация министрлiгiнiң су жолдары ұйымдарында және "Қазақстан кеме қатынасының тiркелiмi" республикалық мемлекеттік қазыналық кәсіпорынында және ұйымдық-құқықтық нысанына қарамастан, басқа ұйымдарда сол мамандықпен iстеген барлық жұмыс уақыты кiредi, сондай-ақ:
1) сол мамандық бойынша мемлекеттiк қызметте болу;
2) терiс себептермен қызметтен шығарылған адамдардан басқа, Қарулы Күштерде, iшкi, шекара әскерлерiнде, Қазақстан Республикасы мен бұрынғы КСР Одағының азаматтық қорғаныс басқармалары органдары мен бөлiмшелерiнде, Қазақстан Республикасының Ұлттық қауiпсiздiк комитетi мен КСРО Мемлекеттiк қауiпсiздiк комитетi органдары жүйесiнде, Қазақстан Республикасы Президентiнiң Күзет қызметiнде және Қазақстан Республикасының Республикалық ұланында офицерлiк құрамдағы адамдардың, прапорщиктердiң, мичмандардың, мерзiмнен тыс және мерзiмдiк әскери қызметтегi әскери қызметшiлердiң мiндеттi әскери қызметiн өткерген;
3) терiс себептермен қызметтен шығарылған адамдардан басқа, арнаулы мемлекеттiк органдарында қызмет өткерген;
4) терiс себептермен қызметтен шығарылған адамдардан басқа, басшы құрамдағы адамдардың iшкi iстер органдары жүйесiнде, прокуратура органдарында қызмет iстеген, Қазақстан Республикасы мен бұрынғы КСР Одағындағы сот аппаратында, Қазақстан Республикасының Мемлекеттiк тергеу комитетiнде жұмыс iстеген;
5) еңбек сiңiрген жылдары үшiн үстемеақы алатын құқық беретiн лауазымдардағы жұмысы, сот органдарындағы, Қазақстан Республикасы мен бұрынғы КСР Одағының соттарында, прокуратура органдарында, iшкi iстер органдарында, КСРО-ның мемлекеттiк қауiпсiздiк комитетi органдарында, Қазақстан Республикасының ұлттық қауiпсiздiк органдары мен бұрынғы Мемлекеттiк тергеу комитетiнде жұмыс iстеген;
6) КСРО Мемлекеттік банкі мен Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкiнiң жүйесінде сол мамандықтар бойынша жұмыс істеген;
7) жүкті болу және бала тууға байланысты демалыс, сондай-ақ баланы күту жөнiндегi жалақысы сақталмайтын, Қазақстан Республикасының еңбек заңнамасына сәйкес берiлетiн демалыс уақыты;
8) егер шетелге жiберер алдында қызметкер мемлекеттiк кәсiпорында жұмыс iстеген болса және көшу уақытын қоспағанда, шетелден қайтып келген күнiнен бастап екi айдың iшiнде мемлекеттiк кәсiпорынға қызметке тұрса, сол мамандық бойынша шетелде жұмыс iстеген;
9) егер қызметкер курсқа түскенге дейiн мемлекеттiк кәсiпорында жұмыс iстесе және бiтiрген соң кәсiпорынға қайта оралса, оның кадрларды даярлау, қайта даярлау және бiлiктiлiгiн арттыру курстарында мемлекеттiк кәсiпорындар жолдамасымен жұмыстан қол үзiп оқыған;
10) мамандық салалары бойынша ұйымдардағы ғылыми жұмыс;
11) заңсыз жұмыстан шығару және кейiн жұмысқа қайта орналасудағы мәжбүрлi жұмыста болмау;
12) Қазақстан Республикасының Парламентi депутатының, мәслихат депутатының өкiлеттiктерiн жүзеге асыру;
13) оның еңбек қызметi өткен қызмет саласы мен ұйымдастыру құқықтық-нысанына қарамастан мемлекеттiк мекемелер, кәсiпорындардағы және басқа да ұйымдардағы басшылық лауазымындағы жұмысы.
3. Осы Қағидаларға сәйкес есептелетiн мамандық бойынша жұмыс өтiлi күнтiзбелiк есептеуде ескерiледi.
4. Күнтiзбелiк ай iшiнде лауазымдық жалақысын көбейту құқығы туындаған қызметкерлерге, мамандық бойынша жұмыс өтiлiн ескере отырып, лауазымдық жалақысын есептеу осындай құқық туындаған күннен бастап жүзеге асырылады.
5. Мамандық бойынша жұмыс өтiлiн құрамын ұйым басшысы бекiтетiн комиссия анықтайды.
Мамандық бойынша жұмыс өтiлiн белгiлеу жөнiндегi комиссияның шешiмi хаттамамен ресiмделедi. Шешiмнен көшiрмелер екi данада жасалады және бiр данасы кадр қызметiне немесе кадр мәселелерi бойынша жауапты қызметкерге, екiншiсi - бухгалтерияға берiледi.
6. Мына құжаттардың кез келгенi:
1) еңбек кiтапшасы;
2) тоқтату күнi мен оны тоқтатудың негiзi туралы жұмыс берушiнiң белгiсi бар еңбек шарты;
3) еңбек шартының жасалуы және тоқтатылуы негiзiнде еңбек қатынастарының туындауын және тоқтатылуын растайтын жұмыс берушi актiлерiнен үзiндi көшiрмелер;
4) қызметкерлерге жалақы төлеу ведомосынан үзiндi көшiрмелер;
5) жұмыс берушiнiң қолы қойылған, ұйымның мөрiмен расталған не нотариат растаған қызмет ету тiзiмi (қызметкердiң жұмысы, еңбек қызметi туралы мәлiметтер тiзбесi);
6) аударылған мiндеттi зейнетақы жарналары туралы бiрыңғай жинақтаушы зейнетақы қорынан үзiндi-көшiрмелер;
7) жүргізілген әлеуметтік аударымдар туралы Мемлекеттік әлеуметтік сақтандыру қорынан мәліметтер;
8) қызметкердiң еңбек қызметi туралы мәлiметтер қамтылған мұрағаттық анықтама қызметкердiң еңбек қызметiн растайтын құжат болып табылады.