Мемлекеттiк қызметшi емес су жолдары ұйымдарының және Қазақстан Республикасы Көлік және коммуникация министрлігінің Көлік және қатынас жолдары комитеті "Кеме қатынасының тіркелімі" мемлекеттік мекемесінің жұмыскерлерiнiң мамандықтары бойынша жұмыс өтiлiн

Қазақстан Республикасы Көлік және коммуникациялар министрінің 2002 жылғы 8 тамыздағы N 275-І бұйрығы. Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінде 2002 жылғы 23 тамызда тіркелді. Тіркеу N 1959. Күші жойылды - Қазақстан Республикасы Көлік және коммуникация министрінің 2013 жылғы 23 қазандағы № 827 бұйрығымен


     Қазақстан Республикасының Үкіметі қаулы етеді:
     1. "2002 жылға арналған республикалық бюджет туралы" Қазақстан 
Республикасының Заңын іске асыру туралы" Қазақстан Республикасы Үкіметінің 
2001 жылғы 27 желтоқсандағы N 1715  

P011715_

  қаулысына мынадай өзгерістер 
енгізілсін:
     көрсетілген қаулыға қосымшада:
     IV "Шығындар" деген бөлімінде:
     1 "Жалпы сипаттағы мемлекеттік қызметтер" деген функционалдық тобында:
     1 "Мемлекеттік басқарудың жалпы функцияларын орындайтын өкілді, 
атқарушы және басқа органдар" деген ішкі функциясында:
     690 "Қазақстан Республикасының Орталық сайлау комиссиясы" әкімшісі 
бойынша:
     030 "Сайлау өткізу" деген бағдарламасында:
     032 "Қазақстан Республикасы Парламенті Мәжілісінің депутаттарын 
сайлауды өткізу" деген кіші бағдарламасында "16925" деген сан "8925" деген 
санмен ауыстырылсын;
     033 "Мәслихаттар депутаттарын сайлауды өткізу" деген кіші 
бағдарламасында "50000" деген сан "58000" деген санмен ауыстырылсын.
     2. Осы қаулы қол қойылған күнінен бастап күшіне енеді.
     
     Қазақстан Республикасының
        Премьер-Министрі
Мамандар:
     Багарова Ж.А.,
     Қобдалиева Н.М.