"Қазақстан Республикасының кеден органдарына конкурстық іріктеуден тыс қызметке орналасу ережесін бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Қаржы министрінің 2011 жылғы 30 мамырдағы № 283 бұйрығына өзгеріс енгізу туралы

Қазақстан Республикасы Қаржы министрінің 2013 жылғы 27 тамыздағы № 407 бұйрығы. Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде 2013 жылы 03 қазанда № 8774 тіркелді. Күші жойылды - Қазақстан Республикасы Қаржы министрінің 2014 жылғы 17 қарашадағы № 498 бұйрығымен

      Ескерту. Күші жойылды - ҚР Қаржы министрінің 17.11.2014 № 498 (18.11.2014 бастап қолданысқа енгізіледі) бұйрығымен.

      «Құқық қорғау қызметі туралы» Қазақстан Республикасының 2011 жылғы 6 қаңтардағы Заңының 7-бабы 3-тармағына сәйкес, БҰЙЫРАМЫН:
      1. «Қазақстан Республикасының кеден органдарына конкурстық іріктеуден тыс қызметке орналасу ережесін бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Қаржы министрінің 2011 жылғы 30 мамырдағы № 283 бұйрығына (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 7054 тіркелді, 2011 жылғы 27 тамыздағы № 272-2274 (26693-26695) «Казахстанская правда» газетінде жарияланды) мынадай өзгеріс енгізілсін:
      көрсетілген бұйрықпен бекітілген Қазақстан Республикасының кеден органдарына конкурстық іріктеуден тыс қызметке орналасу ережесінде:
      9-тармақтың 3) тармақшасы мынадай редакцияда жазылсын:
      «3) қызметке жарамдылығы туралы әскери-дәрігерлік комиссияларының медициналық және психофизиологиялық куәландыру, оның ішінде полиграфологиялық зерттеу қорытындысы бар болған кезде;».
      2. Қазақстан Республикасы Қаржы министрлігі Кедендік бақылау комитеті (М.Т. Есенбаев) заңнамамен белгіленген тәртіппен Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде осы бұйрықтың мемлекеттік тіркелуін қамтамасыз етсін.
      3. Осы бұйрық оның алғаш ресми жарияланған күнінен бастап он күнтізбелік күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.

      Министр                                Б. Жәмішев