Ескерту. Күші жойылды - ҚР Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігі (Сыбайлас жемқорлыққа қарсы қызмет) төрағасының 17.02.2021 № 63 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) бұйрығымен.
"Құқық қорғау қызметі туралы" Қазақстан Республикасы Заңының 20-бабына, "Қазақстан Республикасының қаржы полициясы органдары туралы" Қазақстан Республикасы Заңының 7-бабы 3-тармағының 5) тармақшасына сәйкес, БҰЙЫРАМЫН:
1. Қоса беріліп отырған:
1) Қазақстан Республикасы қаржы полициясы органдары қызметкерлерінің қызметтік куәлігінің сипаттамаларын, осы бұйрықтың 1-қосымшасына сәйкес;
2) Қазақстан Республикасы қаржы полициясы органдары қызметкерлеріне қызметтік куәліктерді беру жөніндегі нұсқаулықты, осы бұйрықтың 2-қосымшасына сәйкес бекітілсін.
2. Қазақстан Республикасы Экономикалық қылмысқа және сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес агенттігінің (қаржы полициясының) (бұдан әрі - Агенттік) Кадрлар басқармасы және Құқықтық қамтамасыз ету және халықаралық департаментімен бірлесе отырып осы бұйрықтың Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркелуін және оның Қазақстан Республикасының заңнамасымен белгіленген тәртіпте ресми жариялануын қамтамасыз етсін.
3. Осы бұйрықтың орындалуын бақылау Агенттік Төрағасының бірінші орынбасары қаржы полициясының генерал-майоры А.И. Лукинге жүктелсін.
4. Осы бұйрық алғаш ресми жарияланған күннен бастап қолданысқа енгізіледі.
Төраға | Р. Түсіпбеков |
Қазақстан Республикасы Экономикалық қылмысқа және сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес агенттігі (қаржы полициясы) Төрағасының 2013 жылғы 21 тамыздағы № 258 бұйрығына 1- қосымша |
Қазақстан Республикасы қаржы полициясы органдары қызметкерінің
қызметтік куәліктерінің сипаттамасы
1. Қаржы полициясы органдары қызметкерінің қызметтік куәлігінің (бұдан әрі – қызметтік куәлік) мұқабасының сапасы жоғары қоңыр қызыл түсті теріден жасалынады, осы сипаттамаға қосымшаға сәйкес нысан бойынша. Қызметтік куәліктің жазылған түрдегі мөлшері 6,5х19 см.
2. Қызметтік куәліктің алдыңғы бетінің ортасында алтын сары түсті Қазақстан Республикасының Мемлекеттік Елтаңбасы орналасқан, астында баспаханалық шрифтпен "ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫНЫҢ ҚАРЖЫ ПОЛИЦИЯСЫ" деген жазба жазылған.
3. Қызметтік куәліктің ішкі сол және оң бөліктері белгіленген үлгіде көк түсті тангир торынан және қаржы полициясы органдарының белгісінен жасалынған.
Ішкі бөліктерінің әрқайсысының оң жағында ақ бас әріптермен "ҚАЗАҚСТАН" деген жазба жазылған.
4. Қызметтік куәліктің ішкі сол бөліктерінде мыналар орналасқан:
5. Жоғары бөлігінде мемлекеттік тілде: "ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫ ЭКОНОМИКАЛЫҚ ҚЫЛМЫСҚА ЖӘНЕ СЫБАЙЛАС ЖЕМҚОРЛЫҚҚА ҚАРСЫ КҮРЕС АГЕНТТІГІ (ҚАРЖЫ ПОЛИЦИЯСЫ)" деген жазба қара түспен жазылған, оның астында "Қазақстан Республикасы" деген қызыл түсті шағын мәтін орналасқан.
6. Сол бөлігінде Қазақстан Республикасының елтаңбасы Қазақстан Республикасының мемлекеттік стандарттына сәйкес бейнеленген, оның астында қара түспен "ҚАЗАҚСТАН" деген жазу орналасқан және қызметтік куәлік бланкісінің нөмірі қара түспен көрсетілген.
7. Сол бөлігінің ортасында "№ ____ КУӘЛІК" деген қызыл түспен жазба жазылған, оның астында қара түспен қаржы полициясы органдары қызметкерінің арнаулы атағы, аты, әкесінің аты, тегі және атқаратын лауазымы мемлекеттік тілде көрсетіледі. Қызметтік куәліктің нөмірі қара түспен басылады.
8. Төменгі бөлігінде қызметтік куәліктің берілген күні мен жарамдылық мерзімі көрсетіледі және мемлекеттік тілде қызыл түспен графикалық шеңберде "ОҚ ДӘРІМЕН АТЫЛАТЫН ҚАРУДЫ САҚТАУҒА ЖӘНЕ АЛЫП ЖҮРУГЕ РҰҚСАТ ЕТІЛГЕН" деген жазба орналастырылады.
9. Қызметтік куәліктің ішкі оң бөліктерінде мыналар орналасқан:
10. Жоғары бөлігінде орыс тілінде: "АГЕНТСТВО РЕСПУБЛИКИ КАЗАХСТАН ПО БОРЬБЕ С ЭКОНОМИЧЕСКОЙ И КОРРУПЦИОННОЙ ПРЕСТУПНОСТЬЮ (ФИНАНСОВАЯ ПОЛИЦИЯ)" деген жазба қара түспен жазылған, оның астында "Қазақстан Республикасы" деген қызыл түсті шағын мәтін орналасқан.
Аумақтық қаржы полициясы органдарында, Қаржы полициясы академиясында шағын мәтіннің астында қара түспен қаржы полициясы органдарының тиісті бөлімшелерінің атауы орналастырылады.
11. Оң бұрышында қызметкердің 3х4 см мөлшеріндегі түрлі-түсті фотосуреті (анфас) орналастырылады, оның астында қызметкердің жеке нөмірі көрсетіледі.
Қаржы полициясы органдарының қызметкері күнделікті киім кию нысанында (китель, көк түсті көйлек, галстук) бас киімсіз көк түстің аясында, орден тағандары мен білімі туралы белгілерімен (бар болған жағдайда) суретке түседі. Погондардағы айырмашылық белгілері қызметтік куәлікті толтыру күні қарсаңында берілген арнаулы атақтарына сәйкес болуы тиіс.
12. Оң бөлігінің ортасында қызыл түспен "УДОСТОВЕРЕНИЕ №___" деген жазба орналастырылған, оның астында қара түспен қаржы полициясы органдары қызметкерінің арнаулы атағы, тегі, аты, әкесінің аты және атқаратын лауазымы орыс тілінде көрсетіледі. Қызметтік куәліктің нөмірі қара түспен басылады.
13. Агенттіктің орталық аппараты қызметкерлерінің, аумақтық бөлімшелері, Қаржы полициясы академиясы басшыларының қызметтік куәліктеріне Агенттік Төрағасының қолы қойылады және Агенттіктің елтаңбалы мөрімен расталады.
Аумақтық қаржы полициясы органдары, Қаржы полициясы академиясы қызметкерлерінің қызметтік куәліктеріне аумақтық бөлімшелер, Қаржы полициясы академиясы басшыларының қолы қойылады және бөлімшенің елтаңбалы мөрімен расталады.
14. Төменгі бөлігінде орыс тілінде қызыл түспен графикалық шеңберде "РАЗРЕШЕНО ХРАНЕНИЕ И НОШЕНИЕ ОГНЕСТРЕЛЬНОГО ОРУЖИЯ" деген жазба орналастырылған.
Қазақстан Республикасы қаржы полициясы органдары қызметкерінің қызметтік куәліктерінің сипаттамаларына қосымша нысан |
Қаржы полициясы органдары қызметкерінің
қызметтік куәліктерінің үлгісі
Ескертпе:
1) Қызметтік куәлік – қызметкердің қаржы полициясы органдарында қызметте болуын, оқ-дәрімен атылатын қаруды сақтауға және алып жүруге құқық беретін арнаулы атағы берілгенін растайтын ресми құжат болып табылады.
2) Тиісті үлгіде дайындалмаған, дұрыс ресімделмеген, жарамдылық мерзімі өткен, жөнделген немесе түзетілген қызметтік куәлік жарамсыз болып саналады.
Қазақстан Республикасы Экономикалық қылмысқа және сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес агенттігі (қаржы полициясы) Төрағасының 2013 жылғы 21 тамыздағы № 258 бұйрығына 2-қосымша |
Қазақстан Республикасы қаржы полициясы органдары
қызметкерлерінің қызметтік куәліктерін беру жөніндегі нұсқаулық
1. Жалпы ереже
1. Қазақстан Республикасы қаржы полициясы органдары қызметкерлеріне қызметтік куәліктерін беру жөніндегі осы нұсқаулық (бұдан әрі - Нұсқаулық) Қазақстан Республикасы қаржы полициясы органдарының қызметкерлерінің қызметтік куәліктерін беру тәртібін бөлшектейді.
Қаржы полициясы органдары қызметкерінің қызметтік куәліктері (бұдан әрі - қызметтік куәліктер) – тұлғаның құқық қорғау органына қатыстылығын, оның құқық қорғау қызметіндегі лауазымын және арнайы атағын растайтын құжат болып табылады.
Қызметтік куәлік заңнамада белгіленген тәртіпте қаржы полициясы органдарының әкімшілік ғимараттарына кіруге құқық береді.
Режимдік объектілерге рұқсат ведомстволық құқықтық актілерде көзделген тәртіпте жүзеге асырылады.
2. Қазақстан Республикасы қаржы полициясы органдары қызметкерінің қызметтік куәліктерінің сипаттамалары, осы бұйрықтың 1-қосымшасында көрсетілген (бұдан әрі - Сипаттамасы). Тиісті түрде рәсімделмеген, түзетілген немесе тазартылған қызметтік куәлік жарамсыз болып саналады.
2. Қызметтік куәліктерді дайындау және рәсімдеу
3. Қаржы полициясы органдарына қызметтік куәліктерді дайындау үшін шығын материалдарымен қамтамасыз ету Агенттіктің Кадрлар басқармасының өтініміне сәйкес Агенттіктің Қаржы-шаруашылық басқармасына жүктеледі.
4. Қызметтік куәліктерді дайындау Агенттіктің Кадрлар басқармасына, облыстар, Астана және Алматы қалалары бойынша Экономикалық қылмысқа және сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес Департаменттерінің (қаржы полициясының) (бұдан әрі – аумақтық қаржы полициясы органдарының), Қаржы полициясы академиясының кадрлар бөлімшелеріне жүктеледі.
5. Қызметтік куәліктерді алу үшін қызметкерлер қызмет орындары бойынша кадрлар бөлімдеріне сипаттамаға сәйкес суреттерді ұсынады.
6. Қызметтік куәліктер үш жыл мерзіміне беріледі.
7. Қызметтік куәлік:
1.) Орталық аппараттың қызметкерлеріне, аумақтық қаржы полициясы органдарының бастықтарына, Қаржы полициясы академиясының бастығына – Агенттік Төрағасының қолымен;
2.) Аумақтық қаржы полициясы органдарының, Қаржы полициясы академиясының қызметкерлеріне – Аумақтық қаржы полициясы органдары бастықтарының, Қаржы полициясы академиясы бастығының қолымен беріледі.
3. Қызметтік куәліктерді беру
8. Қызметтік куәліктерді беру Агенттіктің Кадрлар басқармасына, облыстар, аумақтық қаржы полициясы органдарының, Қаржы полициясы Академиясының кадрлар бөлімдеріне жүктеледі.
9. Қызметтік куәлік қызметкерлерге лауазымға тағайындалу, қызметі бойынша ауыстыру, арнайы атақ беру және бұрын берілген куәліктің жарамдылық мерзімі өткен кезде беріледі.
10. Қаржы полициясы органына алғаш рет қызметке қабылданған қызметкерлерге қызметтік куәлікті беру кезінде кадрлар бөлімінің қызметкері құжатты пайдалану және оны сақтау тәртіптері туралы нұсқама береді, ол жөнінде қызметтік куәліктерді беру және есепке алу кітабына тиісті белгі қояды.
Одан әрі қызметі бойынша ауыстыру, қаржы полициясы органдарынан шығару, кезекті арнайы атағын беру және бұрын берілген қызметтік куәліктің жарамдылық мерзімі өткен кезде оны алған жеріне қайтарады. Кадрлар бөлімшелері қаржы полициясы органдарының қызметкерлерінің қызметтік куәліктердің бар-жоғын Орталық аппараттың және аумақтық қаржы полициясы органдарының әкімшілік ғимараттарына кіру кезінде жүйелі түрде тексеріп отырады.
11. Қызметтік куәлікті жоғалтқан кезде қызметкерлер тікелей бастықтары мен кадрлар бөлімшелеріне орын алған жағдай туралы жазбаша түрде, қызметтік куәліктің жоғалғанын байқаған күннен бастап, 3 жұмыс күні ішінде баяндауға міндетті.
Қызметтік куәлікті жоғалту, бұзу, оны басқа тұлғаларға беру, оны жеке басының пайдакүнемдік немесе басқа да мақсатта қолданудың әрбір фактісі бойынша қаржы полициясы органдары басшысының тапсырмасымен қызметтік тергеу жүргізіледі, егер қызметкердің қызметтік куәлікті жоғалтқаны, бұзғаны және басқа тұлғаларға берген кінәсі анықталған жағдайда, белгіленген тәртіпте оны тәртіптік жауапкершілікке тарту мәселесі қарастырылады.
Қызметтік куәлікті жоғалту фактісі бойынша қызметтік тергеудің қорытындысы және оны жаңадан беруге рұқсат алу Агенттіктің Аппарат басшысымен, аумақтық қаржы полициясы органдарының, Қаржы полициясы академиясының бастықтарымен бекітіледі, бұдан әрі қызметтік тергеудің қорытындысы кадрлар бөлімшелеріне ұсынылады.
12. Қызметкерлер атқарып отырған лауазымдарынан босатылған, қаржы полициясы органдарынан шығарылған, ауыстырылған немесе іссапарға жіберілген кезде қызметтік куәліктерін тез арада кадрлар бөлімшелеріне тапсырады.
4. Қызметтік куәлік бланкілерін есепке алу, сақтау және жою
14. Қазақстан Республикасы қаржы полициясы органдарының қызметкерлеріне қызметтік куәліктерді есепке алу және беру кадрлар бөлімшелерімен қызметкерлерге қызметтік куәліктерді есепке алу және беру кітабімен, осы Нұсқаулықтың қосымшаға сәйкес нысаны бойынша жүзеге асырылады.
15. Шығын материалдары, қызметтік куәліктер мен қызметтік куәліктерді есепке алу және беру кітабы кадрлар бөлімшелерінің темір шкафтарында сақталады.
16. Қызметтік куәліктерді жартылай немесе толық ауыстыру кезінде шығындалмаған және бұзылған шығын материалдары, сондай-ақ қаржы полициясы органдарының қызметкерлерімен қайтарған қызметтік куәліктер белгіленген тәртіпте тиісті акті толтыру арқылы комиссиялық жойылуға жатады.
Қазақстан Республикасы қаржы полициясы органдарының қызметкерлерінің қызметтік куәліктерінің сипаттамаларын және оларды беру жөніндегі нұсқаулыққа сәйкес қосымша нысан |
Қазақстан Республикасы қаржы полициясы органдары
қызметкерлерінің қызметтік куәліктерін есепке алу және беру кітабы
№ | Тегі, аты- жөні | Арнайы атағы | Лауазымы | Жетон нөмірі | Берілген күні | Жарамдылық мерзімі | Қызметкердің қолы | Қызметтік куәліктітапсырғаны туралы белгі | Қызметтіккуәлікті сақтау бойынша нұсқамаберілгені туралы белгі | Ескертпе |
1 | 2 | 3 | 4 | 5 | 6 | 7 | 8 | 9 | 10 | 11 |