Кірме жолдардың реттеліп көрсетілетін қызметтерін көрсететін табиғи монополиялар субъектілерінің кірістерді, шығындар мен тартылған активтерді бөлек есепке алуды жүргізу қағидаларын бекіту туралы

Қазақстан Республикасы Табиғи монополияларды реттеу агенттiгi төрағасының м.а. 2013 жылғы 31 шілдедегі № 238-НҚ бұйрығы. Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде 2013 жылы 17 қыркүйекте № 8715 тіркелді. Күші жойылды - Қазақстан Республикасы Ұлттық экономика министрінің 2020 жылғы 22 мамырдағы № 42 бұйрығымен

      Ескерту. Күші жойылды – ҚР Ұлттық экономика министрінің 22.05.2020 № 42 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгiзiледi) бұйрығымен.
      Ескерту. Бұйрықтың тақырыбы жаңа редакцияда – ҚР Ұлттық экономика министрінің 16.02.2018 № 50 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) бұйрығымен.

      "Табиғи монополиялар туралы" 1998 жылғы 9 шілдедегі Қазақстан Республикасы Заңының 14-бабы 1-тармағының 15) тармақшасына және "Мемлекеттік статистика туралы" 2010 жылғы 19 наурыздағы Қазақстан Республикасы Заңының 16-бабы 3-тармағының 2) тармақшасына сәйкес БҰЙЫРАМЫН:

      Ескерту. Кіріспе жаңа редакцияда – ҚР Ұлттық экономика министрінің 16.02.2018 № 50 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) бұйрығымен.

      1. Қоса беріліп отырған Кірме жолдардың реттеліп көрсетілетін қызметтерін көрсететін табиғи монополиялар субъектілерінің кірістерді, шығындар мен тартылған активтерді бөлек есепке алуды жүргізу қағидалары бекітілсін.

      Ескерту. 1-тармақ жаңа редакцияда – ҚР Ұлттық экономика министрінің 16.02.2018 № 50 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) бұйрығымен.

      2. Мыналар:

      1) "Кірме жолдардың реттеліп көрсетілетін қызметтерін көрсететін табиғи монополиялар субъектілерінің кірістерді, шығындар мен қолданысқа енгізілген активтерді бөлек есепке алуды жүргізу ережесін бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Табиғи монополияларды реттеу агенттігі төрағасының 2009 жылғы 14 желтоқсандағы № 398-НҚ бұйрығының (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 6003 нөмірмен тіркелген, "Заң газетінде" 2010 жылғы 21 сәуірде № 56 (1852) нөмірінде жарияланған);

      2) "Қазақстан Республикасы Табиғи монополияларды реттеу агенттігі төрағасының кейбір бұйрықтарына өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы" Қазақстан Республикасының Табиғи монополиялар реттеу агенттігі төрағасының 2010 жылғы 24 қыркүйектегі № 279-НҚ бұйрығымен бекітілген (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 6567 нөмірмен тіркелген, "Казахстанская правда" 2010 жылғы 30 қазанда № 288-289 (26349-26350) нөмірінде жарияланған) Қазақстан Республикасы Табиғи монополияларды реттеу агенттігі төрағасының кейбір бұйрықтарына енгізілетін өзгерістер мен толықтырулардың тізбесінің 5-тармағының күші жойылсын.

      3. Қазақстан Республикасы Табиғи монополияларды реттеу агенттігінің Темір жол көлігі, азаматтық авиация және порттар саласындағы реттеу департаменті (Г.Қ. Ыбыраева):

      1) заңнамада белгіленген тәртіппен осы бұйрықты Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркеуді;

      2) осы бұйрықты бұқаралық ақпарат құралдарында ресми жарияланғаннан кейін Қазақстан Республикасы Табиғи монополияларды реттеу агенттігінің интернет-ресурсында жариялауды қамтамасыз етсін.

      4. Қазақстан Республикасы Табиғи монополияларды реттеу агенттігінің Әкімшілік жұмысы департаменті (С.П. Базарбаев) осы бұйрық Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркелгеннен кейін:

      1) оны бұқаралық ақпарат құралдарында заңнамада белгіленген тәртіппен ресми жариялауды қамтамасыз етсін, кейін жарияланғаны туралы мәліметтерді Қазақстан Республикасы Табиғи монополияларды реттеу агенттігінің Заң департаментіне (С.С. Метенова) ұсынсын;

      2) оны Қазақстан Республикасы Табиғи монополияларды реттеу агенттігінің құрылымдық бөлімшелері мен аумақтық органдарының, Қазақстан Республикасы Көлік және коммуникация министрлігінің және "Қазақстан темір жолы" Ұлттық компаниясы" акционерлік қоғамының назарына жеткізсін.

      5. Осы бұйрықтың орындалуын бақылау өзіме қалдырамын.

      6. Осы бұйрық алғаш ресми жарияланғанынан кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.

      Төрағаның міндетін атқарушы А. Дүйсебаев

      "КЕЛІСІЛГЕН":

      Қазақстан Республикасының

      Көлік және коммуникация

      министрінің міндетін атқарушы

      _______________С. Сарсенов

      2013 жылғы 2 тамыз

      "КЕЛІСІЛГЕН":

      Қазақстан Республикасының

      Статистика агенттігінің

      төрағасы

      ______________А. Смайылов

      2013 жылғы 20 тамыз

      "КЕЛІСІЛГЕН":

      Қазақстан Республикасының

      Экономика және бюджеттік жоспарлау

      министрінің міндетін атқарушы

      _______________М. Құсайынов

      2013 жылғы 9 тамыз

  Қазақстан Республикасы
Табиғи монополияларды реттеу
агенттігі төрағасының
міндетін атқарушының
2013 жылғы 31 шілдедегі
№ 238-НҚ бұйрығымен
бекітілген

Кірме жолдардың реттеліп көрсетілетін қызметтерін көрсететін табиғи монополиялар субъектілерінің кірістерді, шығындар мен тартылған активтерді бөлек есепке алуды жүргізу қағидалары

      Ескерту. Қағиданың тақырыбы жаңа редакцияда – ҚР Ұлттық экономика министрінің 16.02.2018 № 50 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) бұйрығымен.

1. Жалпы ережелер

      1. Осы Кірме жолдардың реттеліп көрсетілетін қызметтерін көрсететін табиғи монополиялар субъектілерінің кірістерді, шығындар мен тартылған активтерді бөлек есепке алуды жүргізу қағидалары (бұдан әрі – Қағидалар) "Табиғи монополиялар туралы" 1998 жылғы 9 шілдедегі Қазақстан Республикасының Заңына (бұдан әрі – Заң) сәйкес әзірленді.

      Ескерту. 1-тармақ жаңа редакцияда – ҚР Ұлттық экономика министрінің 16.02.2018 № 50 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) бұйрығымен.

      2. Қағидалардың негізгі мақсаты экономикалық негізделген тарифтерді белгілеу үшін кірме жолдардың реттеліп көрсетілетін қызметтерінің түрлері бойынша және тұтастай өзге қызмет бойынша табиғи монополиялар субъектілердің кірістердің, шығындар мен қолданысқа енгізілген активтердің бөлек есебін жүргізу тәртібін және қағидаттарын анықтау болып табылады.

      3. Субъектілер реттеліп көрсетілетін қызметтердің әрбір түрі бойынша кірістердің, шығындар мен қолданысқа енгізілген активтердің бөлек есебін жүргізуді жүзеге асырады.

      4. Осы Қағидаларда қолданылатын негізгі ұғымдар:

      вагон-километр - жылжымалы құрамның өтуі үшін кірме жолды ұсыну жөніндегі қызметтер көлемінің өлшемі;

      қызметті өлшеуіш - темір жол кешенінің қызметтер көлемдерін өлшеуге қабылданған заттай көрсеткіш;

      өндірістік операцияларды өлшеуіш – жекелеген өндірістік операцияларды көлемдерін өлшеуге қабылданған заттай көрсеткіш;

      Субъектінің (тармақ иесінің, контрагенттің) темір жол кешені - өзінің құрамында көлік инфрақұрылымының (кірме жолдарының желісі, жылжымалы құрам, диспетчерлік басқару және тағы басқа) қызметтерін (шығын орталықтарын) біріктіретін субъектінің бөлімшесі;

      шығыстар бабы (шығын түрлері) - жекелеген қызметтер, бір немесе бірнеше біртектес өндірістік операциялар бойынша ескерілетін шығындар;

      шығындар иесі - ұстауға және пайдалануға жұмсалатын шығындар объектілері;

      шығыс мөлшерлемесі - өндірістік операциялар өлшеуішінің бірлігіне келетін шығындардың шамасы;

      шығын орталықтары - шығындарды бөлек есебін жүргізетін темір жол кешенінің қызметтері, учаскесі немесе басқармасы;

      шығыстар (ресурстар) номенклатурасы - шығын орталықтары бойынша (қызмет түрлері бойынша) топтастырылған шығыс баптарының жиынтығын білдіреді;

      шығын элементтері - өндіріс шығындарын есепке алудың экономикалық жағдайын көрсететін ресурстардың түрлері бойынша шығындар.

      Осы Қағидаларда пайдаланылатын өзге ұғымдар мен терминдер табиғи монополиялар туралы заңнамаға сәйкес қолданылады.

      Ескерту. 4-тармаққа өзгеріс енгізілді – ҚР Ұлттық экономика министрінің 16.02.2018 № 50 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) бұйрығымен.

      5. Бөлек есепке алу кірме жолдардың көрсетілетін қызметтерінің әрбір түрі бойынша жеке кірістер, шығындар мен тартылған активтер туралы есептерді жинау мен қорыту жүйесін, сондай-ақ осы Қағидаларға сәйкес Субъектілердің осындай есептердің негізінде реттеліп көрсетілетін қызметтердің әрбір түрі бойынша және өзге де қызмет бойынша кірістер, шығындар мен тартылған активтер туралы ақпаратты кезең-кезеңмен жасауын және уәкілетті органның ведомствосына (бұдан әрі – уәкілетті орган) ұсынуын білдіреді.

      Ескерту. 5-тармақ жаңа редакцияда – ҚР Ұлттық экономика министрінің 16.02.2018 № 50 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) бұйрығымен.

      6. Бөлек есептің негізгі қағидаттары:

      1) шығындар түрлерін немесе номенклатура ресурстарын көрсететін шығыстар номенклатура шығындарының негізінде құрылымдалған түрде темір жол көлігінің салалары бойынша мамандандырылған шығын орталықтары бойынша шығыстарды есепке алуды ұйымдастыру;

      2) қызметтермен және шығыс мөлшермелерін айқындаумен әрқашанда себеп-салдарлық байланысы бар өндірістік операциялардың өлшеуіштеріне шығындарды жатқызу;

      3) кірістерді, шығындар мен қолданысқа енгізілген активтерді бастапқы құжаттар деректерінің негізінде қызметтің тиісті түрлеріне және қызмет көрсетулердің түрлеріне тікелей жатқызу басымдылығы;

      4) кірістердің, шығындардың және қолданысқа енгізілген активтердің өздері байланысқан сол бір қызметтің түрлерімен және қызмет көрсетулердің түрлерімен себеп-салдарлық байланысы;

      5) қызметтерге өндірістік операциялар өлшеуіштерінің есептік көлемдерін бөлу негізінде қызметтерге жатқызылған шығындар мен қолданысқа енгізілген активтерді айқындау;

      6) кірістердің, шығындар мен қолданысқа енгізілген активтерді қызметтің тиісті түрлеріне және реттеліп көрсетілетін қызметтердің түрлеріне жатқызу және бөлу кезіндегі ашықтық.

      7. Бөлек есеп осы Қағидаларға сәйкес кірістерді, шығындар мен қолданысқа енгізілген активтерді қызмет түрлері және қызмет көрсету түрлері бойынша бөлу үшін нақтылаудың қажетті деңгейін қамтамасыз ететін бухгалтерлік пен басқарушылық есеп жүргізу үшін пайдаланылатын бастапқы құжаттарға негізделеді.

      8. Бөлек есепті жүргізу мақсатында темір жол көлігінің қызметтері бойынша топтастырылған субъектінің темір жол кешенінің кірістері, шығындары мен қолданысқа енгізілген активтері реттеліп көрсетілетін қызметтердің түрлері бойынша және тұтастай өзге қызмет бойынша бөлінеді:

      1) бәсекелес кірме жол болмаған жағдайда, жылжымалы құрамның өтуі үшін кірме жолды беру – көлемі "кірме жолдар бойынша вагон-километр" өлшеуішін сипаттайтын реттеліп көрсетілетін қызмет;

      2) бәсекелес кірме жол болмаған жағдайда маневрлік жұмыстар, тиеу-түсіру және тасымалдау процесінің басқа да технологиялық операциялары үшін, сондай-ақ тасымалдау процесінің технологиялық операцияларында көзделмеген жылжымалы құрамның тұрағы үшін кірме жолды беру – көлемін "өндірістік операциялардың вагон-сағаттары" өлшеуіші сипаттайтын ("жылжымалы құраммен өндірістік операцияларды жүргізу үшін ұсынылған кірме жолдардың километр-сағаты") реттеліп көрсетілетін қызмет;

      3) тұтастай өзге қызмет бойынша.

      Ескерту. 8-тармақ жаңа редакцияда – ҚР Ұлттық экономика министрінің 16.02.2018 № 50 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) бұйрығымен.

      9. Субъектінің темір жол кешені мынадай шығын орталықтарын қамтиды:

      1) қозғалыс және пайдалану қызметі (кірме жолдардағы қозғалысты диспетчерлік басқару және кірме жолдар қызметтерін көрсетуді ұйымдастыру) (негізгі шығыстар, өндірістік үстеме шығыстар);

      2) кірме жолдардың қызметі (негізгі шығыстар, өндірістік үстеме шығыстар);

      3) сигнал беру, орталықтандыру мен блоктау (бұдан әрі - СОБ) және байланыс қызметі (негізгі шығыстар, өндірістік үстеме шығыстар);

      4) электрмен жабдықтау қызметі (негізгі шығыстар, өндірістік үстеме шығыстар);

      5) қойма шаруашылығының қызметі (негізгі шығыстар, өндірістік үстеме шығыстар);

      6) автокөлік шаруашылығының қызметі (негізгі шығыстар, өндірістік үстеме шығыстар);

      7) жалпы цехтық (жалпы өндірістік), оның ішінде қоршаған ортаны қорғауға байланысты шығыстардың учаскесі (бөлінетін үстеме шығыстар);

      8) темір жол кешенін басқару (жалпы және әкімшілік шығыстар).

      10. Кірме жолдардың реттеліп көрсетілетін қызметтерін көрсетуге темір жол кешенінің инфрақұрылымдық қызметтері: қозғалыс және пайдалану қызметі, кірме жолдардың қызметі, СОБ пен байланыс қызметі және электрмен жабдықтау қызметі қатысады. Кірме жолдардың объектілерінің құрылымдары мен техникалық жарақтандырылуына қарай темір жол кешені қызметтерінің бір бөлігі болмауы мүмкін немесе қызметтердің неғұрлым нақтыланған ұйымдастырылуына ие болуы мүмкін. Шығын орталықтары темір жол көлігінің салалары бойынша олардың мамандандырылуы тұрғысынан ұйымдастырылуға тиіс. Шығын орталықтарын темір жол көлігінің салалары бойынша мамандандырып ұйымдастыру қызмет түрлері бойынша шығындар мен қолданысқа енгізілген активтердің топтастырылуын жеңілдетуге мүмкіндік береді.

      11. Әрбір шығын орталығы тіркелген штат персоналына және негізгі құралдарына ие болады. Шығын орталықтары жұмыстарының көлемі олармен орындалатын өндірістік операциялардың өлшеуіштерімен сипатталады. Әрбір шығын орталығы өндірістік операциялардың бір немесе бірнеше өлшеуіштеріне ие бола алады.

2. Кірістердің, шығындар мен қолданысқа енгізілген активтердің
бөлек есебін жүргізу тәртібі

      12. Субъектілердің бөлек есепке алуды жүргізу Қаржылық Есептіліктің Халықаралық Стандарттарына (ҚЕХС) сәйкес қабылданған бухгалтерлік есепті жүргізу қағидаттарына негізделеді. Бөлек есептің мақсаттары үшін ҚЕХС пайымдауы кезінде ақпараттың бастапқы және неғұрлым шынайы көзі Қаржылық есептілікті пайымдау жөніндегі халықаралық комитеттің пайымдауы (IFRIC), бухгалтерлік есеп және аудит мәселелері жөніндегі Қазақстан Республикасы Қаржы министрлігінің Сараптама Кеңесінің ұсынымдары болып табылады.

      13. Бөлек есепті жүргізу кезінде субъектілер мынадай талаптарды орындауға тиіс:

      1) кірме жолдарының реттеліп көрсетілетін қызметтеріне жатқызылған барлық өндірістік көрсеткіштер, кірістер мен шығыстар тиісті есептік құжаттармен расталуға тиіс;

      2) жазбалар олардың шолуын, аудитін және өзара бақылайтын құжаттар деректерінің салыстыруын жеңілдететін нысанда ұйымдастырылуға тиіс;

      3) егер бухгалтерлік және статистикалық есептік құжаттарда ақпарат толық мөлшерде ұсынылмаған болса, онда ол ақпаратты толықтыратын құжаттарға тоғыспалы сілтемелермен бекітілуге тиіс.

      14. Бөлек есепті және қызметтердің заттай өндірістік көрсеткіштерін, көлемдік заттай көрсеткіштерін және заттай көрсеткіштердің бірліктеріне үлестік шығыстар мен кірістердің калькуляциясын жүргізу және заңнамада көзделген өзге мақсаттар үшін осы Қағидаларға сәйкес пайдаланылатын бухгалтерлік, статистикалық (өндірістік) және өзге де есептіліктің құжаттары, статистикалық деректер, жұмыс құжаттары мен есептер бес жыл бойы сақталады.

      15. Осы Қағидаларда белгіленген кірме жолдарының реттеліп көрсетілетін қызметтерінің түрлері бойынша кірістер, шығыстар мен қолданысқа енгізілген активтер бойынша бөлек есебін жүргізу туралы мәліметтер (бұдан әрі – Мәліметтер) 1 қаңтардан бастап 31 желтоқсанды қоса алғанда күнтізбелік бір жылға тең кезеңге жасалады.

      16. Субъектілер уәкілетті органға есепті жылдан кейінгі жылдың 1 мамырынан кешіктірмей осы Қағидаларға 1-қосымшаға сәйкес нысаны бойынша кірме жолдарының реттеліп көрсетілетін қызметтерін көрсететін табиғи монополиялар субъектілерінің өндірістік және қаржылық қызметі туралы мәліметтер, осы Қағидаларға 2-қосымшаға сәйкес нысаны бойынша есепті кезең үшін шығыс мөлшерлемелерінің есебі, осы Қағидаларға 3-қосымшаға сәйкес нысаны бойынша активтердің қолданыстағы дәрежесін және ҚЕХС-қа сәйкес жасалған аудиттелген қаржылық есептілікті ұсынады.

      17. Бөлек есепті жүргізудің негізгі қағидаттары:

      1) ұсынылған ақпараттан түскен пайдамен және оны алуға арналған шығындар арасындағы теңгерім;

      2) есептіліктің негізгі мақсатын орындау үшін сапалы сипаттамалар арасындағы теңгерім.

      18. Бөлек есеп кезінде шығындарды бөлу өлшемдері:

      1) себеп-салдар байланысы;

      2) әділеттілік болып табылады.

3. Шығыстар номенклатурасының немесе ресурстар
номенклатурасының негізінде өндірістік шығындардың есебін жүргізу тәртібі

      19. Шығындарды есепке алудың және ресурстар шығысының нормативтерімен салыстырудың ашықтығын қамтамасыз ету үшін шығындарды есепке алу субъект ұсынған шығындары шығындардың түрлері (шығын баптары) бойынша және шығындар элементтері бойынша шығын орталықтарының бөлінісінде қамтамасыз етілуге тиіс.

      20. Шығыстар номенклатурасы шығын орталықтары бойынша топтастырылған шығыс баптарының жиынтығын білдіреді. Шығындарды жекелеген жұмыстар бойынша, объектілер, бір немесе бірнеше біртектес өндірістік операциялар бойынша есепке алу номенклатураның жекелеген баптарында жүргізіледі. Шығыстардың әрбір бабы еңбекке ақы төлеу және аударымдар бойынша шығындардың, материалдарға, отынға, электр энергиясына арналған шығындардың, бөгде кәсіпорындардың қызметтеріне ақы төлеу бойынша шығындардың, амортизациялық аударымдар бойынша және осы бап бойынша шығын элементтері деп аталатын өзге шығындардың жиынтығын білдіреді.

      21. Реттеліп көрсетілетін қызметтерді көрсету үшін пайдаланылатын Субъектінің негізгі құралдары мыналарға:

      1) кірме жолдардың реттеліп көрсетілетін қызметтерін көрсетуге тікелей қатысатын негізгі құралдарға (жалғастыратын жол, кірме жол, станциялық құрылғылар, сигнал беру мен байланыс және басқалар). Оларды ұстау бойынша шығындар негізгі өндірістік шығыстарға жатады;

      2) кірме жолдарға ғана тән және кірме жолдардың реттеліп көрсетілетін қызметтерін көрсетуге тікелей қатысатын негізгі құралдарға қызмет көрсетуге қажетті ерекше сипаттағы негізгі құралдарға (арнайыландырылған техника, арнаулы көлік, машиналар мен жабдықтар, қызметтік-өндірістік ғимараттар мен құрылыстар және басқалар). Оларды ұстау бойынша шығындар негізгі өндірістік шығыстарға жатады;

      3) жалпы сипаттағы, негізгі өндіріске қызмет көрсетуде пайдаланылатын негізгі құралдарға (шеберханалар, жабдықтар, материалдық ресурстардың қоймалары, автокөлік, гараждар, қазандық, қызметтік үй-жайлар, инженерлік желілер және басқалар). Оларды ұстау бойынша шығындар үстеме шығыстарға жатады;

      4) әкімшілік және жалпы шаруашылық сипаттағы негізгі құралдарға (әкімшілік ғимараттар мен құрылыстарға, орталықтандырылған зертханаларға, қоймаларға және басқаларға) бөлінеді. Оларды ұстау бойынша шығындар кезең шығыстарына жатады.

      22. Негізгі құралдарды бөлу кірме жолдардың реттеліп көрсетілетін қызметтерін көрсетуге тікелей қатысатын негізгі құралдардың қолданысқа енгізілу дәрежесі бойынша жүргізіледі.

      23. Шығыстар номенклатурасы бойынша шығындарды есепке алуды нақтылаудың ең төменгі деңгейі кірме жолдардың реттеліп көрсетілетін қызметтерін көрсетуге қатысатын шығын орталықтары бойынша шығыстардың мынадай баптарын қамтиды:

      1) кірме жолдардың реттеліп көрсетілетін қызметтерін көрсетуге тікелей қатысатын негізгі құралдарды ағымдағы ұстау (техникалық қызмет көрсету);

      2) кірме жолдардың реттеліп көрсетілетін қызметтерін көрсетуге тікелей қатысатын негізгі құралдарды жөндеу;

      3) кірме жолдардың реттеліп көрсетілетін қызметтерін көрсетуге тікелей қатысатын негізгі құралдардың амортизациясы;

      4) кірме жолдарға ғана тән және ерекше сипаттағы кірме жолдардың реттеліп көрсетілетін қызметтерін көрсетуге тікелей қатысатын негізгі құралдарға қызмет көрсету үшін қажетті негізгі құралдарды ағымдағы ұстау (техникалық қызмет көрсету);

      5) кірме жолдарға ғана тән және ерекше сипаттағы кірме жолдардың реттеліп көрсетілетін қызметтерін көрсетуге тікелей қатысатын негізгі құралдарға қызмет көрсету үшін қажетті негізгі құралдарды жөндеу;

      6) кірме жолдарға ғана тән және ерекше сипаттағы кірме жолдардың реттеліп көрсетілетін қызметтерін көрсетуге тікелей қатысатын негізгі құралдарға қызмет көрсету үшін қажетті негізгі құралдардың амортизациясы;

      7) кірме жолдарда қозғалысты диспетчерлендіру жөніндегі негізгі өндірістік операциялар;

      8) кірме жолдарға жылжымалы құрамдарды әкелуді - шығаруды ұйымдастыру жөніндегі негізгі өндірістік операциялар (жүктерді қабылдау және тапсыру, жүктерді тиеу мен бекітудің дұрыстығын тексеру, таразылар мен таразы құралдарын ұстау және басқалар);

      9) үстеме шығыстар (жалпы сипаты бар негізгі өндіріске қызмет көрсетуде пайдаланылатын негізгі құралдарды ұстау және жөндеу, жалпы цехтық (жалпы өндірістік) үстеме шығыстар);

      10) жалпы және әкімшілік шығыстар (әкімшілік шығыстар, өндірістік сипаттағы жалпы шаруашылық шығыстар).

      24. Көмектесуші қызмет болып табылатын кірме жолдардың қызметін көрсететін және негізгі қызметке қызмет көрсететін Субъектілер (өнеркәсіптік, кен-химиялық, металлургия кешендерінің кәсіпорындары және басқалар), шығыс номенклатурасының орнына шығын түрлері (шығын баптары) бойынша қызметтер бөлінісінде шығындарды ұсыну үшін ресурстар номенклатурасын пайдалана алады.

4. Кірме жолдар қызметтерінің өлшеуіштері бойынша шығыстар мен
қолданысқа енгізілген активтерді бөлу тәртібі

      25. Шығындарды қызметтер өлшеуіштеріне бөлу кезеңінде жалпы цехтық шығыстар учаскесінің шығындары (активтер мен тиісті үстеме шығыстар) жалпы цехтық шығыстарының өздерінің құрылымын ескере отырып шығын орталықтарына:

      1) персоналмен байланысты жалпы цехтық шығыстар өндірістік персоналдың еңбек ақы төлеу қорына тепе-тең;

      2) жалпы сипаттағы негізгі құралдарға байланысты жалпы цехтық шығыстар тиісті шығын орталықтарының осы негізгі құралдарды пайдалану дәрежесін көрсететін көрсеткішке тепе-тең (жалпы негізгі құралдармен қызмет көрсететін шығын орталықтарының негізгі құралдарының қалдық құнына немесе тікелей өндірістік шығындарға тепе-тең) бөлінеді;

      26. Кірме жолдар қызметтерінің өлшеуіштеріне шығыстар мен қолданысқа енгізілген активтерді бөлу мынадай кезеңдерден тұрады:

      1) шығын орталықтарының шығындары мен қолданысқа енгізілген активтерін өндірістік операциялардың өлшеуіштеріне жатқызу және шығыс ставкаларын есептеу (өндірістік операциялар өлшеуіштерінің тізбесі және активтер мен шығындарды жатқызу үйлесімділігі осы Қағидаларда қосымшасында келтірілген);

      2) өндірістік операциялар өлшеуіштерінің есептік көлемдерін қызметтер өлшеуіштеріне бөлу және шығыс ставкаларының негізінде реттеліп көрсетілетін қызметтердің өзіндік құнын есептеу (өндірістік операциялар өлшеуіштерінің есептік көлемдерін реттеліп көрсетілетін қызметтерге бөлу тәртібі осы Қағидаларда қосымшасында келтірілген).

      27. Егер әрбір шығын орталығы өндірістік операциялардың бір өлшеуішіне ие болса, ол практикада жиі қолданылады, онда барлық тікелей өндірістік, өндірістік үстеме шығыстар және тиісті шығын орталығына жатқызылған жалпы цехтық үстеме шығыстардың үлестері оның бір өлшеуішіне және тиісінше негізгі құралдарға жатқызылады.

      28. Егер шығын орталығы бірнеше өлшеуіштерге ие болса, онда тікелей өндірістік шығындар мен негізгі құралдар тиісті өндірістік операцияларда олардың қолданысқа енгізілу дәрежесіне қарай осы өлшеуіштерге бөлінуге тиіс.

      29. Үстеме шығыстар өндірістік операциялардың бірнеше өлшеуіштеріне шығыстардың өздерінің құрылымын ескере отырып:

      1) персоналға қызмет көрсетуге байланысты үстеме шығыстар (еңбек демалысы, іссапарлық, техника қауіпсіздігі және еңбекті қорғау, уақытша еңбекке жарамсыздығы, медициналық тексеру, іс сапар құжаттары, жұмыс күшін алу мен оны даярлау және басқалар) - өндірістік персоналдың еңбекақысының қорына тепе-тең;

      2) жалпы сипаттағы негізгі өндіріске қызмет көрсетуде пайдаланылатын негізгі құралдарды ұстауға байланысты үстеме шығыстар - кірме жолдарға ғана тән және ерекше сипаттағы кірме жолдардың реттеліп көрсетілетін қызметтерін көрсетуге тікелей қатысатын қажетті тиісті негізгі құралдарға - өндірістік операциялардың өлшеуіштеріне немесе өндірістік персоналдың еңбекақысының қорына немесе тікелей өндірістік шығыстарға тепе-тең жатқызылады.

      30. Жатқызылған негізгі құралдар бойынша бір мезгілде өндірістік операциялардың өлшеуіштеріне жатқызылған негізгі құралдардың тозу мөлшерлері де айқындалады.

      31. Негізгі құралдарды өндірістік операциялардың өлшеуіштеріне жатқызу тәртібі осы Қағидалардың қосымшаларында келтірілген тиісті шығындарды жатқызу тәртібіне сәйкес келуге тиіс.

      32. Кезең шығыстары қызметтер өлшеуіштеріне кезең шығыстарының өздерінің құрылымын ескере отырып жатқызылады:

      1) өндірісті басқару бөлігінде (әкімшілік шығыстар - әкімшілік персоналдың жалақысы, әкімшілік персоналдың қызметін қамтамасыз ету бойынша шығыстар) - өндірістік персоналдың еңбекақысы қорының қызметтер өлшеуіштеріне тепе-тең;

      2) әкімшілік ғимараттар мен қызметтік көлікті ұстау бойынша шығыстар - өндірістік персоналдың еңбекақысының қорындағы қызметтер өлшеуіштеріне тепе-тең;

      3) объектілерді (зертханалар, эксперименталдық цехтар және тағы басқалар) ұстау бойынша өндірістік сипаттағы жалпы шаруашылық шығыстар - қызмет көрсету үшін жұмыс істейтін негізгі құралдарға (бірінші және екінші санаттағы) тепе-тең;

      4) негізгі құралдарды сатып алу жөніндегі нысаналы кредиттер бойынша проценттер - қызметтерді шығаруға арналған сатып алынатын негізгі құралдың осы қызметтерге қатысу дәрежесі бойынша жатқызылады.

      33. Өндірістік операциялардың өлшеуіштеріне жатқызылған негізгі және үстеме өндірістік шығыстарды, жалпы цехтық шығыстарды олардың есептік көлемдеріне бөліп, тиісті шығыс мөлшерлемелері айқындайды. Кезең шығыстарын негізгі де, үстеме де өндірістік шығыстар сияқты сол өлшеуіштерге бөле отырып, толық шығыс мөлшерлемелері айқындалады.

      34. Қызметтерге жатқызылған шығындардың мәндері тиісті шығыс мөлшерлемелеріне жатқызылған өндірістік операциялар өлшеуіштері көлемдерінің туындыларын жиынтықтаумен айқындалады.

      35. Субъектіде өзінің тұтынуы үшін ішкі цехтық жолдар болған жағдайда өзіндік құны мен сыртқы клиенттерге арналған тарифтерді есептеу үшін жалпы пайдаланудағы (сыртқы клиент үшін де, өзінің тұтынушы үшін де қызмет көрсетуге арналған) объектілерге (кірме жолдар мен құрылыстар) ғана келетін шығындар қаралады. Бұл ретте шығындар тиісті шығыс ставкаларына жатқызылған жалпы пайдаланудағы өндірістік операциялар өлшеуіштерінің көлемдері туындысының жиынтығы ретінде айқындалады.

      36. Кезең шығыстары барлық қызметтерге, оның ішінде Субъектінің өзінің тұтынуына арналған қызметтерге бөлінеді.

      37. Субъектінің шығындарын бөлу базасымен шығындарды өндірістік операциялар өлшеуіштеріне және кірме жолдар қызметтеріне шығындарды бөлу жөніндегі кестелік нысан түрінде жатқызу осы Қағидалардың қосымшаларына келтірілген.

      38. Субъектілердің әрбір қызметі бойынша кірістердің есебі жүргізіледі.

      39. Реттеліп көрсетілетін қызметтердің әрбір түрін ұсынудан түскен кірістер олар бойынша көрсетілген қызмет түрлері сыртқы пайдаланушыларға көрсетілген қызметтердің тиісті түрлерінің көлемдерінен және тарифтерге сүйене отырып айқындалады. Қызметтер көрсетуден түскен кіріс бастапқы құжаттар деректерінің негізінде реттеліп көрсетілетін қызметтердің түрлері бойынша тікелей жатқызылады.

      40. Шығындар мен кірістерді есепке алу жөніндегі ақпаратты құру үшін осы Қағидаларда қосымшада көрсетілген темір жол көлігінде қолда бар ішкі қаржылық есептіліктердің құрылымы пайдаланылады.

      41. Кірме жолдардың реттеліп көрсетілетін қызметтеріне шығыс мөлшерлемелерін, активтердің өзіндік құнын және қолданыстағы дәрежесін есептеу тәртібі осы Қағидаларға 4-қосымшаға сәйкес кірме жолдардың реттеліп көрсетілетін қызметтерінің шығындар мен өзіндік құны есебінде келтірілген.

      42. Қағаз жеткізгіштегі мәліметтерге Субъектінің басшысы, бас бухгалтері мен орындаушысы қол қояды және мөрмен расталады. Өткен жыл үшін мәліметтер уәкілетті органға электрондық және қағаз түріндегі жеткізгіште ұсынады.

  Кірме жолдардың реттеліп
көрсетілетін қызметтерін
көрсететін табиғи монополиялар
субъектілерінің кірістердің,
шығындар мен қолданысқа
енгізілген активтердің бөлек
есебін жүргізу қағидаларына
1-қосымша

      Нысан

Кірме жолдарының реттелетін қызметтерін көрсететін табиғи
монополиялар субъектілерінің өндірістік және қаржылық қызметі туралы мәліметтер Есепті кезең 20___ ж.

      Индекс: Кірме жолдар – 1

      Кезеңділігі: Жылдық

      Кірме жолдарының реттеліп көрсетілетін қызметтерін көрсететін табиғи монополия субъектілері ұсынады.

      Нысан қайда жіберіледі: Қазақстан Республикасы Табиғи монополияларды реттеу агенттігіне

      Ұсыну мерзімі: есепті жылдан кейінгі жылдың 1 мамырынан кешіктірмей ұсынады.

      1. Есепті кезең ішіндегі шығындардың баптары мен элементтері бойынша шығыстар

Р/с

Шығын орталықтарының (учаскелердің) атауы

Шығыстар (мың теңге)

өлшеуіштер (жекелеген өндірістік көрсеткіштердің көлемдерін өлшеу үшін қабылданған заттай көрсеткіш)

Өлшеуіш көлемі

Шығыс мөлшерлемесі

жоспар

факт

жоспар

факт

жоспар

факт

1

2

3

4

5

6

7

8

9


Қозғалыс және пайдалану қызметі









1-бап









2-бап



Қабылданған, жөнелтілген және қайта өңделген вагон







...









тауар кассирінің жұмысы



құжаттамалық өңделген вагон (жүкті қабылдау-тапсыру)






тікелей шығыстардың жиыны









оның ішінде, жалақы









Үстеме шығыстар









жалпы цехтық шығыстардың үлесі









учаске бойынша жиыны









Кірме жолдың қызметі









1-бап









2-бап









...









тікелей шығыстардың жиыны









оның ішінде, жалақы









Үстеме шығыстар



кірме жолдың ұзына бойы жайылған ұзындығының км






жалпы цехтық шығыстардың үлесі









учаске бойынша жиыны









Сигнал беру және байланыс қызметі









1-бап









2-бап









...









тікелей шығыстардың жиыны









оның ішінде, жалақы









Үстеме шығыстар



шартты техникалық бірлік






жалпы цехтық шығыстардың үлесі









учаске бойынша жиыны









Электрмен жабдықтау қызметі









1-бап









2-бап









...









тікелей шығыстардың жиыны









оның ішінде, жалақы









Үстеме шығыстар



техникалық бірлік






жалпы цехтық шығыстардың үлесі









учаске бойынша жиыны









Қойма шаруашылығының қызметі









1-бап









2-бап









...









тікелей шығыстардың жиыны









оның ішінде, жалақы









Үстеме шығыстар



алаңның шаршы метрі/тәуліктер






жалпы цехтық шығыстардың үлесі









учаске бойынша жиыны









Автокөлік шаруашылығының қызметі









1-бап









2-бап









...









тікелей шығыстардың жиыны









оның ішінде, жалақы









Үстеме шығыстар



машина-сағат






жалпы цехтық шығыстардың үлесі









учаске бойынша жиыны









Жалпы цехтық шығыстардың учаскесі



теңге шығындар






персоналға байланысты жалпы цехтық шығыстар









1-объект









2-объект









Темір жол кешенін басқару (жалпы және әкімшілік шығыстар)



теңге шығындар






әкімшілік шығыстар









салықтар









Темір жол кешені бойынша шығыстар жиыны









      2. Көрсетілген қызметтерден түсетін кірістер

р

Кірістердің түрлері мен басқа да көрсеткіштер

Болжам-жоспары бойынша кірістер

Есеп бойынша

1

2

3

4


А. Кірме жолдардағы қызметтерден түсетін кірістер




Реттеліп көрсетілетін қызметтерден түсетін кірістер




Клиенттердің жылжымалы құрамының өтуі үшін кірме жолдарды ұсынудан түсетін кірістер




Кірме жолдарды маневрлік операцияларды жүргізу үшін, тиеу - түсіру, тасымалдау процессінің басқа да технологиялық операциялары үшін, сондай-ақ клиенттердің жылжымалы құрамының тұрағы үшін ұсынудан түсетін кірістер




Кірме жолдардағы реттеліп көрсетілетін қызметтерден түсетін кірістердің жиыны




В. Өзге қызметтен түсетін кірістер




Тиеу-түсіру орнына/нан вагондарды беру-алып кетуден түсетін кірістер




жүктерді және вагондарды қабылдауды-тапсыруды ұйымдастыру бөлігінде




Арнаулы құралдармен паромдарға/дан вагондарды кіргізуден-шығарудан түсетін кірістер




Жүктерді вагондарға (дан) тиеуден-түсіруден түсетін кірістер




Жүктерді вагондармен таразылаудан түсетін кірістер




Қосалқы өндірістерден түсетін кірістер




Өзге реттеліп көрсетілмейтін қызметтерден түсетін кірістер




Өзге қызметтен түсетін кірістер жиыны




Барлық кіріс




      Басшы _______________

      Бас бухгалтер _______________

Әкімшілік деректерді жинау үшін белгіленген нысандарды толтыру жөніндегі түсіндірме
Кірме жолдарының реттеліп көрсетілетін қызметтерін көрсететін
табиғи монополиялар субъектілерінің өндірістік және қаржылық қызметі туралы мәліметтер
1. Жалпы нұсқаулық

      Осы түсіндірме кірме жолдарының қызметін ұсыну бойынша табиғи монополия субъектілерінің өз қызметтері туралы жылдық қорытындылары бойынша ақпарат дайындауға арналған.

      Есепті Табиғи монополия субъектілерінің мемлекеттік тіркелімінің республикалық және жергілікті бөлімдеріне енгізілген кірме жолдарының қызметтерін ұсынатын Субъектілер осы Қағидалардың 16-тармағына сәйкес есепті жылдан кейінгі жылдың 1 мамырынан кешіктірмей уәкілетті органға өндірістік және қаржылық туралы ақпаратты негіздейтін материалдарды қоса бере отырып ұсынады.

      Мәліметтерге бірінші басшы немесе оның міндетін атқарушы тұлға қол қояды.

2. Нысанды толтыру бойынша түсіндірме

      Нысанды толтыру кезінде Субъектіге оң жақтағы жоғарғы бұрышта кәсіпорынның атауы мен оның мекенжайын көрсету керек.

      Көрсетілген ақпарат есепті кезең үшін шығындар мен кірістерден бойынша әр қайсысы бөлімдерді қамтитын екі кестеден тұрады.

      1. Есепті кезең үшін шығындардың баптары мен элементтері бойынша шығыстар.

      1-жолда - қозғалыс және пайдалану қызметі көрсетіледі, оның ішінде:

      1 – қозғалыс және пайдалану қызметінің шығындар түрі көрсетіледі;

      2 – қозғалыс және пайдалану қызметінің шығындар түрі көрсетіледі;

      3 – тауар кассирінің жұмысы көрсетіледі;

      4 – қозғалыс және пайдалану қызметі бойынша тікелей шығыстар жиыны көрсетіледі;

      5 – персоналдың жалақысы көрсетіледі;

      6 – үстеме шығыстар көрсетіледі;

      7 – жалпы цехтық шығыстардың үлесі көрсетіледі;

      8 – учаске бойынша шығындар жиыны көрсетіледі.

      9-жолда - кірме жолдың қызметі көрсетіледі, олардың ішінде:

      10 – кірме жол қызметінің шығындар түрі көрсетіледі;

      11 – кірме жол қызметінің шығындар түрі көрсетіледі;

      12 – кірме жол қызметі бойынша тікелей шығыстар жиыны көрсетіледі;

      13 – персоналдың жалақысы көрсетіледі;

      14 – үстеме шығыстар көрсетіледі;

      15 – жалпы цехтық шығыстардың үлесі көрсетіледі;

      16 – учаске бойынша шығындар жиыны көрсетіледі.

      17-жолда - сигнал беру және байланыс қызметі көрсетіледі, олардың ішінде:

      18 – сигнал беру және байланыс қызметінің шығындар түрі көрсетіледі;

      19 – сигнал беру және байланыс қызметінің шығындар түрі көрсетіледі;

      20 – сигнал беру және байланыс бойынша тікелей шығыстардың жиыны көрсетіледі;

      21 – персоналдың жалақысы көрсетіледі;

      22 – үстеме шығыстар көрсетіледі;

      23 – жалпы цехтық шығыстардың үлесі көрсетіледі;

      24 – учаске бойынша шығындар жиыны көрсетіледі.

      25-жолда - электрмен жабдықтау қызметі көрсетіледі, олардың ішінде:

      26 – электрмен жабдықтау қызметінің шығындар түрі көрсетіледі;

      27 – электрмен жабдықтау қызметінің шығындар түрі көрсетіледі;

      28 – электрмен жабдықтау қызметі бойынша тікелей шығыстар жиыны көрсетіледі;

      29 – персоналдың жалақысы көрсетіледі;

      30 – үстеме шығыстар көрсетіледі;

      31 – жалпы цехтық шығыстардың үлесі көрсетіледі;

      32 – учаске бойынша шығындар жиыны көрсетіледі.

      33-жолда - қойма шаруашылығының қызметі көрсетіледі, олардың ішінде:

      34 – қойма шаруашылығы қызметінің шығындар түрі көрсетіледі;

      35 – қойма шаруашылығы қызметінің шығындар түрі көрсетіледі;

      36 – қойма шаруашылығы қызметі бойынша тікелей шығыстардың жиыны көрсетіледі;

      37 – персоналдың жалақысы көрсетіледі;

      38 – үстеме шығыстар көрсетіледі;

      39 – жалпы цехтық шығыстардың үлесі көрсетіледі;

      40 – учаске бойынша шығындар жиыны көрсетіледі.

      41-жолда - автокөлік шаруашылығының қызметі көрсетіледі, олардың ішінде:

      42 – автокөлік шаруашылығы қызметінің шығындар түрі көрсетіледі;

      43 – автокөлік шаруашылығы қызметінің шығындар түрі көрсетіледі;

      44 – автокөлік шаруашылығы қызметі бойынша тікелей шығыстардың жиыны көрсетіледі;

      45 – персоналдың жалақысы көрсетіледі;

      46 – үстеме шығыстар көрсетіледі;

      47 – жалпы цехтық шығыстардың үлесі көрсетіледі;

      48 – учаске бойынша шығындар жиыны көрсетіледі.

      49-жолда - Жалпы цехтық шығыстардың (теңге шығындар) учаскесі көрсетіледі, олардың ішінде:

      50 – персоналға байланысты жалпы цехтық шығындар көрсетіледі;

      51 – 1 объект бойынша шығындар көрсетіледі;

      52 – 1 объект бойынша шығындар көрсетіледі.

      53-жолда - темір жол кешенін басқарылуы (жалпы және әкімшілік шығыстар) көрсетіледі, оның ішінде:

      54 – әкімшілік шығыстар көрсетіледі;

      55 – салықтарды төлеуге арналған шығыстар көрсетіледі;

      56 – темір жол кешені бойынша шығыстар жиынтығы көрсетіледі;

      2. Кірме жолдардағы түсетін қызметтерден кірістер:

      1-бөлімде – кірме жолдардағы қызметтерден түсетін кірістер көрсетіледі;

      2-бөлімде – реттеліп көрсетілетін қызметтерден түсетін кірістер көрсетіледі;

      3-бөлімде – өзге қызметтен түсетін кірістер көрсетіледі;

      4-бөлімде – өзге қызметтен түсетін кірістер жиыны көрсетіледі;

      5-бөлімде – барлық қызметтер бойынша кіріс көрсетіледі.

      Қаржылық көрсеткіштер Ерекше тәртіп талаптарын ескере отырып, он таңбалы белгісіз мың теңге құны көрінісінде толтырылады.

  Кірме жолдардың реттеліп
көрсетілетін қызметтерін
көрсететін табиғи монополиялар
субъектілерінің кірістердің,
шығындар мен қолданысқа
енгізілген активтердің бөлек
есебін жүргізу қағидаларына
2-қосымша

      Нысан

Есепті кезең үшін шығыс мөлшерлемелерін есептеу

Р/с

Шығын орталықтарының (учаскелердің) атауы

Шығыстар

өлшеуіштер

Өлшеуіш көлемі

Шығыс мөлшерлемесі

жоспар

факт

жоспар

факт

жоспар

факт

1

2

3

4

5

6

7

8

9


Қозғалыс және пайдалану қызметі









1-бап









2-бап









...









тікелей шығыстардың жиыны



қабылданған, жөнелтілген және қайта өңделген вагон






оның ішінде, жалақы









Үстеме шығыстар



тасымалданатын құжаттарды ресімдеу және олар жайлы мәлімет беру (жүкті қабылдау-тапсыру)






тауар кассирінің жұмысы









жалпы цехтық шығыстардың үлесі









учаске бойынша жиыны









Кірме жолдың қызметі









1-бап









2-бап









...









тікелей шығыстардың жиыны









оның ішінде, жалақы









Үстеме шығыстар



кірме жолдың ұзына бойы жайылған ұзындығының км






жалпы цехтық шығыстардың үлесі









учаске бойынша жиыны









Сигнал беру және байланыс қызметі









1-бап









2-бап









...









тікелей шығыстардың жиыны









оның ішінде, жалақы









Үстеме шығыстар



шартты техникалық бірлік






жалпы цехтық шығыстардың үлесі









учаске бойынша жиыны









Электрмен жабдықтау қызметі









1-бап









2-бап









...









тікелей шығыстардың жиыны









оның ішінде, жалақы









Үстеме шығыстар



техникалық бірлік






жалпы цехтық шығыстардың үлесі









учаске бойынша жиыны









Жалпы және әкімшілік шығыстар үлесі



теңге шығындар






әкімшілік шығыстар









салықтар









Темір жол кешенінің реттеліп көрсетілетін қызметтері бойынша шығыстар жиыны








  Кірме жолдардың реттеліп көрсетілетін
қызметтерін көрсететін табиғи монополиялар
субъектілерінің кірістердің, шығындар мен
қолданысқа енгізілген активтердің бөлек есебін
жүргізу қағидаларына
3-қосымша

      Нысан

Активтердің қолданыстағы дәрежесі

р

Шығын орталықтарының (учаскелерінің) атауы

өлшем бірлігі

Бастапқы құны

Жинақталған тозу

қалдық құны

Жобалық

қуат

Жүктеме

деңгейі

Қолданыстағы

дәреже

1

2

3

4

5

6

7

8

9


Қозғалыс және пайдалану қызметі









Топтар бойынша негізгі құралдар:









...









учаске бойынша жиыны









Жалпы цехтық шығыстар учаскесінің негізгі құралдарының үлесі









Жалпы және әкімшілік негізгі құралдардың үлесі









Кірме жолдың қызметі









Топтар бойынша негізгі құралдар:









...









учаске бойынша жиыны









Жалпы цехтық шығыстар учаскесінің негізгі құралдарының үлесі









Жалпы және әкімшілік негізгі құралдардың үлесі









Сигнал беру және пайдалану қызметі









Топтар бойынша негізгі құралдар:









...









учаске бойынша жиыны









Жалпы цехтық шығыстар учаскесінің негізгі құралдарының үлесі









Жалпы және әкімшілік негізгі құралдардың үлесі









Электрмен жабдықтау қызметі









Топтар бойынша негізгі құралдар:









...









учаске бойынша жиыны









Жалпы цехтық шығыстар учаскелерінің негізгі құралдарының үлесі









Жалпы және әкімшілік негізгі құралдардың үлесі









реттеліп көрсетілетін қызметтер бойынша жиыны









      Кірме жолдардың жалпы ұзына бойы жайылған ұзындығы

      Кірме жолдардың жалпы бөлігінің ұзына бойы жайылған ұзындығы

      Кірме жолдардың жалпы бөлігінің бас жолдарының ұзына бойы жайылған ұзындығы

      Субъектінің кірме жолдарының жалпы бөлігінде станциялық жолдардың және жүк пунктері жолдарының ұзына бойы жайылған ұзындығы

      Жалпы вагон айналымы

      Вагондардың кірме жолда болған жалпы вагон-сағаты

      Кірме жолдың жалпы бөлігіндегі вагон айналымы

      Кірме жолдың жалпы бөлігіндегі вагон-км

      Кірме жолдың жалпы бөлігіндегі технологиялық операциялардың вагон-сағаты

      Кірме жолдың жалпы бөлігіндегі вагондар тұруының вагон-сағаты

  Кірме жолдардың реттеліп көрсетілетін
қызметтерін көрсететін табиғи монополиялар
субъектілерінің кірістердің, шығындар мен
қолданысқа енгізілген активтердің бөлек
есебін жүргізу қағидаларына
4-қосымша

      Нысан

Кірме жолдардың реттеліп көрсетілетін қызметтерінің шығындарын
және өзіндік құнын есептеу

Р/с

Кірме жолдар қызметтерінің атауы

Қабылданған, жөнелтілген және қайта өңделген вагон

жолдың ұзына бойы жайылған ұзындығының км

Шартты техникалық бірлік

Техникалық бірлік

Жиыны


Өлшеуіш/теңгедегі шығыс мөлшерлемесі

Rдисп

Rкм

Rсцб

Rэл


1

Жылжымалы құрамның өтуі үшін кірме жолды ұсыну

nқаб_жөнелту

Lбас

K*Lбас/L

w*Lбас/L



Қызметке жатқызылған шығындар

Rдисп*nқаб_жөнелту

Rкм*Lбас

Rсоб*K*Lбас/L

Rэл*w*Lбас/L



Вагон-км-дегі қызметтердің көлемі






2

Маневрлік жұмыстарды және вагондармен жасалатын басқа да технологиялық операцияларды жүргізу үшін кірме жолды ұсыну

nқө

a*Lст_жп

K*a*Lст_жп/L

w*a*Lст_жп/L



Қызметке жатқызылатын шығындар


Rкм*b*Lст_жп

Rсоб*K*b*Lст_жп/L

Rэл*w*b*Lст_жп/L



Вагон-сағатта тұрақ қызметтерінің көлемі







Қызметтің өзіндік құны







      Ескерту: қызметтерге жатқызылған шығындар тиісті шығыс мөлшерлемесіне жатқызылған өлшеуіштердің көлемдерін жиынтықтау жолымен есептеледі. Қызметтердің өзіндік құнын есептеу үшін "жиыны" деген бағандағы ұяларды толтырған жөн.

Lгл

бас кірме жолдардың ұзына бойы жайылған ұзындығы (магистральдық темір жол желісінің жанасу станциясынан субъектінің станциясына дейін бас қосушы жол, станциядағы қабылдау және жөнелту жолдары (егер ішкі станция болған кезде), кірме жолдарға қосылған жолдар және кірме жолдың тиеу-түсіру орындарына дейінгі бас баған);

Lст_жп

станциялық жолдардың (егер ішкі станция болса, қабылдау-жөнелту жолынан басқа) және кірме жолдың жүк пунктінің жолдық дамуының ұзына бойы жайылған ұзындығы, бұл ретте L=Lгл+Lст_гп;

Rдисп

қабылданған, жөнелтілген және қайта өңделген вагондар өлшеуішінің шығыс мөлшерлемесі

Rкм

кірме жолдың ұзына бойы жайылған ұзындығы километрі өлшеуішінің шығыс мөлшерлемесі

Rсоб

СОБ және байланыстың шартты техникалық бірлігі өлшеуішінің шығыс мөлшерлемесі

Rэл

электрмен жабдықтау қызметінің техникалық бірлігі өлшеуішінің шығыс мөлшерлемесі

nқаб_жөнелту

қабылданған, жөнелтілген вагондардың саны

nқө

қайта өңделген вагондардың саны



маневрлік жұмыстарды, тиеу-түсіруді және тасымалдау процесінің басқа да технологиялық операцияларын және вагондардың тұруын жүргізуге бөлінген кірме жолдардың км-сағаттың жалпы сомасындағы маневрлік жұмыстарды, тиеу-түсіру және тасымалдау процесінің басқа да технологиялық операцияларын жүргізумен айналысатын кірме жолдардың үлесі



маневрлік жұмыстарды, тиеу-түсіруді және тасымалдау процесінің басқа да технологиялық операцияларын және вагондардың тұруын жүргізуге бөлінген кірме жолдардың км-сағаттың жалпы сомасындағы вагондар тұрғанда алатын кірме жолдардың үлесі

ti

і-вагонның кірме жолда болғандағы жалпы уақыты

tст_i

j-вагонның кірме жолда тұрғандағы уақыты

Ii

вагон жүрісінің қашықтығы (беру бойынша)

v

вагондарды кірме жолдарға (дан) беру-алып кету кезінде локомотив қозғалысының орташа жылдамдығы

k

ДОБ және байланыстың шартты техникалық бірлігінің саны

w

электрмен жабдықтаудың техникалық бірлігінің саны