Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінің Сот сараптамасы орталығында жүргізілетін сот сараптамалары түрлерінің тізбесін бекіту туралы

Қазақстан Республикасы Әділет министрінің м.а. 2013 жылғы 22 тамыздағы № 281 бұйрығы. Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде 2013 жылы 27 тамызда № 8656 тіркелді. Күші жойылды - Қазақстан Республикасы Әділет министрінің 2015 жылғы 26 қаңтардағы № 52 бұйрығымен

      Ескерту. Күші жойылды - ҚР Үкіметінің 04.02.2014 № 46 қаулысымен (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі).

      Қазақстан Республикасының Үкіметі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
      1. «Республикалық мүлікті сенімгерлік басқаруға беру қағидасын бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2011 жылғы 24 маусымдағы № 700 қаулысына (Қазақстан Республикасының ПҮАЖ-ы, 2011 ж., № 43, 563-құжат) мынадай өзгеріс енгізілсін:
      көрсетілген қаулымен бекітілген Республикалық мүлікті сенімгерлік басқаруға беру қағидасында:
      6-тармақтың 4) тармақшасы мынадай редакцияда жазылсын:
      «4) Автомобиль жолдарын басқару жөніндегі ұлттық операторға ақылы автомобиль жолдарын (учаскелерін) бергенде тендер өткізбестен жүзеге асыруға болады.».
      2. Осы қаулы алғашқы ресми жарияланған күнінен бастап күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.

      Қазақстан Республикасының
      Премьер-Министрі                      С.Ахметов.