Орталық мемлекеттік органдар, облыстардың, республикалық маңызы бар қалалардың, астананың, аудандардың, облыстық маңызы бар қалалардың жергілікті атқарушы органдары, қаладағы аудандардың, аудандық маңызы бар қалалардың, кенттердің, ауылдардың, ауылдық окр

Қазақстан Республикасы Көлік және коммуникация министрінің 2013 жылғы 26 маусымдағы № 490 бұйрығы. Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде 2013 жылы 26 шілдеде № 8584 тіркелді. Күші жойылды - Қазақстан Республикасы Инвестициялар және даму министрінің м.а. 2015 жылғы 18 ақпандағы № 133 бұйрығымен

      Ескерту. Күші жойылды - ҚР Инвестициялар және даму министрінің м.а. 18.02.2015 № 133 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) бұйрығымен.

      «Мемлекеттік көрсетілетін қызметтер туралы» 2013 жылғы 15 сәуірдегі Қазақстан Республикасы Заңының 22-бабына сәйкес БҰЙЫРАМЫН:
      1. Қоса беріліп отырған Орталық мемлекеттік органдар, облыстардың, республикалық маңызы бар қалалардың, астананың, аудандардың, облыстық маңызы бар қалалардың жергілікті атқарушы органдары, қаладағы аудандардың, аудандық маңызы бар қалалардың, кенттердің, ауылдардың, ауылдық округтердің әкімдері жүзеге асыратын мемлекеттік көрсетілетін қызметтерді көрсету процестерін оңтайландыру қағидалары бекітілсін.
      2. Қазақстан Республикасы Көлік және коммуникация министрлігінің Мемлекеттік қызметтерді автоматтандыруды бақылау және халыққа қызмет көрсету орталықтарының қызметін үйлестіру комитеті (Б.Б. Мусин):
      1) Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінде осы бұйрықтың заңнамада белгіленген тәртіппен мемлекеттік тіркелуін;
      2) Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінде оны мемлекеттік тіркеуден кейін бұқаралық ақпарат құралдарында, оның ішінде Қазақстан Республикасы Көлік және коммуникация министрлігінің интернет-ресурсында және мемлекеттік органдардың интранет-порталында ресми жариялануын қамтамасыз етсін.
      3. Осы бұйрықтың орындалуын бақылау Қазақстан Республикасының Көлік және коммуникация вице-министрі С.С. Сарсеновке жүктелсін.
      4. Осы бұйрық бірінші ресми жариялау күнінен кейін он күнтізбелік күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.

      Министр                                         А. Жұмағалиев

Қазақстан Республикасы
Көлік және коммуникация
министрінің    
2013 жылғы 26 маусымдағы
№ 490 бұйрығымен  
  бекітілді      

Орталық мемлекеттік органдар, облыстардың, республикалық маңызы
бар қалалардың, астананың, аудандардың, облыстық маңызы бар
қалалардың жергілікті атқарушы органдары, қаладағы аудандардың,
аудандық маңызы бар қалалардың, кенттердің, ауылдардың, ауылдық
округтердің әкімдері жүзеге асыратын мемлекеттік көрсетілетін
қызметтерді көрсету процестерін оңтайландыру қағидалары

1. Жалпы ережелер

      1. Осы Орталық мемлекеттік органдар, облыстардың, республикалық маңызы бар қалалардың, астананың, аудандардың, облыстық маңызы бар қалалардың жергілікті атқарушы органдары, қаладағы аудандардың, аудандық маңызы бар қалалардың, кенттердің, ауылдардың, ауылдық округтердің әкімдері жүзеге асыратын мемлекеттік көрсетілетін қызметтерді көрсету процестерін оңтайландыру қағидалары (бұдан әрі - Қағидалар) мемлекеттік органдармен, облыстардың, республикалық маңызы бар қалалардың, астананың, аудандардың, облыстық маңызы бар қалалардың, елді мекендердің, ауылдардың, ауылдық округтардың жергілікті атқарушы органдарымен (бұдан әрі – оңтайландыру субъектілері) тұрақты негізде жүргізілетін мемлекеттік көрсетілетін қызметтерді көрсету процестерін оңтайландырудың тәртібін айқындайды.
      2. Осы Қағидаларда мынадай негізгі ұғымдар пайдаланылады:
      1) жауапты мемлекеттік орган – мемлекеттік көрсетілетін қызметтің стандартын әзірлейтін және мемлекеттік қызметті оңтайландыруға, оны электрондық нысанға көшіруге жауапты мемлекеттік орган;
      2) ақпараттық жүйелерді ықпалдастыру – ақпараттық жүйелер арасында ақпараттық өзара іс-қимылды қамтамасыз ету бойынша іс-шаралар;
      3) мемлекеттік қызметтерді көрсету процесін оңтайландыру – мемлекеттік көрсетілетін қызметтерді көрсету процесін оңайлатуға, мемлекеттік қызмет көрсету мерзімін, көрсетілетін қызметті алушылар ұсынатын құжаттардың тізбесін, сондай-ақ оны көрсету процесінің буындарын қысқартуға, оның ішінде автоматтандыру арқылы қысқартуға бағытталған іс-шара;
      4) мемлекеттік қызмет көрсету процесін автоматтандыру – электрондық нысанда мемлекеттік көрсетілетін қызметтерді қамтамасыз ету үшін көрсетілетін қызметті берушінің әкімшілік процестерін түрлендіру рәсімі (бұдан әрі - автоматтандыру).

2. Мемлекеттік қызметті көрсету процестерін
оңтайландыру тәртібі

      3. Мемлекеттік қызметті көрсету процестерін оңтайландыру мынадай кезеңдерде жүргізіледі:
      1) жауапты мемлекеттік органның мемлекеттік қызметті көрсету процестерін оңтайландыру бойынша жұмыс тобын құру;
      2) мемлекеттік қызметтерді көрсету процестерін оңтайландыру бойынша жұмыс тобының мемлекеттік қызмет көрсету процесін зерделеуі, мемлекеттік қызметті оңтайландыру тәсілін таңдаумен қоса, оны көрсетудің оңтайландырылған тәртібін анықтау жұмыстарын жүргізу;
      3) жүргізілген зерделеу туралы есепті және мемлекеттік қызметті оңтайландыру және автоматтандыру бойынша іс-шаралар жоспарын
(бұдан әрі - Жоспар) әзірлеу, келісу және бекіту;
      4) бекітілген іс-шаралар жоспарына сәйкес мемлекеттік қызметті көрсету процестерін оңтайландыруды жүргізу, оның ішінде:
      мемлекеттік қызметті көрсету процесінде әрекет етуші ақпараттық жүйелерді жаңғырту;
      мемлекеттік қызметті көрсету процесінде әрекет етуші ақпараттық жүйелерді ықпалдастыру;
      оңтайландырылған мемлекеттік қызметті тәжірибелік, содан соң өндірістік пайдалануға енгізу;
      жеке және заңды тұлғаларды мемлекеттік қызметті көрсетудің оңтайландырылған процесі туралы бұқаралық ақпарат құралдары арқылы хабардар ету.
      4. Көрсету процестері оңтайландырудан өткен мемлекеттік қызметтер қажет болған жағдайда қайта және кезекті оңтайландыруға жатқызылады.
      5. Мемлекеттік көрсетілетін қызметтер процестерін оңтайландырудың басты тәсілі мемлекеттік қызметті көрсету процесін автоматтандыру болып табылады. Мемлекеттік қызметті көрсету процестерін оңтайландыру бойынша барлық басқа іс-шараларды жауапты мемлекеттік орган тек автоматтандыруды жүргізу мүмкін болмаған жағдайда ғана жүргізеді.
      Мемлекеттік көрсетілетін қызметтерді автоматтандыру міндетті түрде ақпараттандыру саласындағы оператордың қатысуымен жүргізіледі.