Ескерту. Күші жойылды - ҚР Мәдениет және спорт министрінің 15.06.2016 № 165 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) бұйрығымен.
Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2007 жылғы 21 тамыздағы № 721 қаулысымен бекітілген Тиiстi уәкiлеттi органдардың еңбек қауiпсiздiгi және еңбектi қорғау саласындағы нормативтiк құқықтық актiлердi қабылдау ережесiнің 9-тармағына сәйкес БҰЙЫРАМЫН:
1. Қоса беріліп отырған Мемлекеттік мұрағаттардағы еңбек қауіпсіздігі және еңбекті қорғау талаптары бекітілсін.
2. Қазақстан Республикасы Мәдениет және ақпарат министрлігінің Ақпарат және мұрағат комитеті:
1) осы бұйрықтың Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркелуден өтуін және оның ресми жариялануын;
2) осы бұйрықтың Қазақстан Республикасы Мәдениет және ақпарат министрлігінің интернет-ресурсында орналастыруын қамтамасыз етсін.
3. Осы бұйрық алғашқы ресми жарияланған күнінен бастап күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.
Министр М. Құл-Мұхаммед
«КЕЛІСІЛДІ»
Қазақстан Республикасы
Еңбек және халықты әлеуметтік
қорғау министрі
________________С. Әбденов
2013 жылғы «__»_________
Қазақстан Республикасы
Мәдениет және ақпарат министрінің
2013 жылғы 02 мамырдағы
№ 93 бұйрығымен
бекітілген
Мемлекеттік мұрағаттардағы еңбек қауіпсіздігі
және еңбекті қорғау талаптары
1. Жалпы талаптар
1. Мемлекеттік мұрағаттардағы еңбек қауіпсіздігі және еңбекті қорғау талаптары (бұдан әрі - Талаптар) Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2007 жылғы 21 тамыздағы № 721 қаулысымен бекітілген Тиiстi уәкiлеттi органдардың еңбек қауiпсiздiгi және еңбектi қорғау саласындағы нормативтiк құқықтық актiлердi қабылдау ережесiнің 9-тармағына сәйкес әзірленген.
2. Мемлекеттік мұрағат қызметкерлерінің еңбек қызметі барысында олардың өмірі мен денсаулығының сақталуына бағытталған тәртібі, процедурасы және нормасы осы Талаптарда белгіленген, мына бөлімдер бойынша:
1) еңбек қауіпсіздігі:
жұмыс басталуы алдында;
жұмыс барысы уақытында;
апаттық жағдайда;
жұмыс аяқталуы бойынша;
2) сонымен қатар қауіпсіздікті қамтамасыз ету:
құрал жабдықтар мен өндірістік үй жайларда;
жұмыс орнын ұйымдастыру мен өндірістік құрал жабдықтарды орналастыруда;
мұрағат құжаттарын тасымалдау мен сақтау әдістерінде;
еңбек қауіпсіздігі мен еңбекті қорғау сұрақтары бойынша мемлекеттік мұрағат қызметкерлерінің білімін тексеру мен кәсіптік іріктеуде;
қорғаныш құралдарын қолдануда;
тұрмыс-өндірістік үй жайларындағы санитарлық нормасында.
3. Осы Талаптарда қолданылатын ұғымдардың мағынасы, 2007 жылғы 15 мамырдағы Қазақстан Республикасы Еңбек кодексінде қабылданған.
4. Жұмыс барысы уақытында басшы және оның орынбасарлары мемлекеттік мұрағаттарда еңбек қауіпсіздігі мен еңбекті қорғау жөнінде жұмыстарын ұйымдастыруын қамтамасыз етеді, келесі іс-шараларына сәйкес:
1) қызметкерлер өзінің лауазымдық міндеттерін өндірістік құрал жабдықтарында орындау кезінде қауіпсіздікті және мемлекеттік мұрағат ғимаратын тиісті түде ұсталуын қамтамасыз ету, сонымен қатар мемлекеттік мұрағатының құрал жабдықтары мен өндірістік жайларына еңбек қауіпсіздігі және еңбекті қорғау бойынша мониторинг жүргізеді;
2) Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2011 жылғы 5 желтоқсандағы № 1457 қаулысымен бекітілген Өндірістік нысандарын еңбек жағдайы бойынша мерзімдік міндетті түрде аттестациялау ережесіне сәйкес жұмыс жағдайлары бойынша өндірістік объектілерін аттестациялау өткізуді ұйымдастырады, соның қорытындысы бойынша денсаулыққа зиянды және қауіпті ықпалдарды жою шараларын жүзеге асырады;
3) мемлекеттік мұрағат ғимаратында апатты жағдайлардың дамуын және қызметкерлеріне зиянды ықпал түсіру факторларын болдырмау үшін іс шаралар қабылдайды;
4) қызметкерлерді Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2012 жылғы 25 қаңтардағы № 166 қаулысымен бекітілген Міндетті түрде медициналық тексеруден өткізу ережесіне сәйкес мерзімдік (еңбектік қызмет ағымында) және алдын ала (жұмысқа қабылдану кезінде) медициналық тексеруден өткізуді қамтамасыз етуді және кәсіптік ауруға шалдығу белгілері танылған кезінде іс-шаралар қабылдайды;
5) арнайы ұйымдармен өрт қауіпсіздігі жүйесін, желдету және салқындату жүйесін, қорғау жүйесін және жылу жүйелерін тиісті техникалық қызмет көрсетуді қамтамасыз ету, сонымен қатар мемлекеттік мұрағат қызметкерлерін өрт қауіпсіздігі бойынша нұсқау өткізеді.
2. Жұмыс басталуы алдындағы еңбек қауіпсіздігі
5. Жұмыс басталуы алдында мемлекеттік мұрағат қызметкері өзінің жұмыс орнын қарап шығады және жұмыс құрал жабдықтарының дұрыстығын тексереді.
6. Әр бір қызметкер, құрал жабдықтың істен шыққан жағдайында, істен шыққан құрал жабдықты тез арада жалпы желіден ажырату шараларын қабылдайды және осы жағдай туралы өзінің тікелей басшысына хабарлайды, ал ол жоқ кезде – мемлекеттік мұрағаттың бірінші басшысына.
3. Жұмыс барысы уақытындағы еңбек қауіпсіздігі
7. Еңбек қызметі барысында қызметкерлердің өмірін, денсаулығын және еңбекке жарамдылығы сақталуына бағытталған әлеуметтік-экономикалық, санитарлық-гигиеналық, ұйымдастыру-техникалық және алдын ала емдеу шаралары жұмыс барысы уақытында мемлекеттік мұрағаттарда еңбек қауіпсіздігі мен еңбекті қорғау жолдарымен қамтамасыз етеді.
8. Жұмыс барысы уақытында ішкі еңбек тәртібінің ережесін сақтау.
9. Электр құралдарымен және ұйымдастыру техникасымен (жеке компьютерлер, принтерлер, сканерлер, көшірме аппараттары, факстар, тұрмыстық электр құралдары, жарық құралдары) жұмыс кезінде қызметкер автоматты түрде сөндіргіштердің және электр сақтандырғыштардың дұрыстығын, сондай-ақ электр сымдарының, электр құралдарының, сөндіргіштердің, штепсельдік розеткалардың, шамдардың патрондарының және шырақдандардың оқшаулығын тексереді.
4. Апаттық жағдайдағы еңбек қауіпсіздігі
10. Тұтанған немесе өрт болған жағдайда мемлекеттік мұрағат қызметкерлері дереу жұмысты тоқтатады, жеке компьютерді, электр құралдарын, жұмыс жабдықтарын сөндіреді, өртке қарсы қызметтің қызметкерлерін шақырады және мемлекеттік мұрағаттың басшысына хабарлайды.
11. Жазатайым оқиға орын алған жағдайда дереу дәрігер шақырылып және зардап (зақым) шеккен қызметкерге бірінші медициналық көмек көрсету бойынша шараларды қабылдау керек.
12. Мемлекеттік мұрағаттардың әр қабатында оңай, қол жететін, көрнекті жерде бірінші медициналық көмек көрсетуге арналған аптечкасы орналасқан.
13. Қызметкерлермен өндiрiстік үй жайларда жазатайым оқиға болған жағдайда Қазақстан Республикасы Үкiметiнiң 2007 жылғы 28 желтоқсандағы № 1339 қаулысымен бекітілген, Әлеуметтiк жәрдемақы тағайындау және төлеу, сондай-ақ оның мөлшерiн айқындау ережесiне сәйкес әлеуметтiк жәрдемақы тағайындалуы және төленуі тиіс.
14. Әр мемлекеттік мұрағатта басшымен бекітілген өртке қарсы реттемеленген тәртібі бар, қосулармен:
жұмыс күні аяқталған соң үй жайларды жабу және қарап шығу;
қызметкерлердің өрт шыққан кезіндегі әрекеті және электр құрал жабдықтарын тоқтан ажырату;
құжаттарды жою.
5. Жұмыс аяқталуы бойынша еңбек қауіпсіздігі
15. Жұмыс аяқталған соң электр құрылғылары мен ұйымдастыру техникасы қуатсыздандырылады және сөндіріледі (дербес компьютер, принтер, сканер, көшіргіш аппараттары, факстер, тұрмыстық электр құрылғылары, жарық беру құралдары), сонымен қатар жұмыс құрал жабдықтары.
16. Ауысым жұмысы кезінде қызметкер жұмыс орнын жұмыс күйінде тапсырады.
6. Құрал жабдықтар мен өндірістік үй жайларда
қауіпсіздікті қамтамасыз ету
17. Мемлекеттік мұрағат арнайы салынған немесе мұрағаттық құжаттарды сақтауға ыңғайлы ғимаратта немесе өртке қатысы бар нысандардан (мұнай сақтайтын орын, бензоколонкалар, автотұрақтар, гараждар) және өндірістік нысандарынан алыс тұрған ғимарат жайларында орналасады. Тұрғын үй құрылыстары мемлекеттік мұрағат ғимаратының санитарлық қорғау зонасынан 50 метрден кем емес ара қашықтықта орналасуы қажет.
18. Мемлекеттік мұрағат ғимаратының кіре берісіне өту және кіріс жолдарына еркін өту мүмкіндігін қамтамасыз ету қажет. Сырттағы өрт сатысына, қосымша есікке және өрт құрал-жабдығына еркін өтуді қамтамасыз ету тиіс, сонымен қатар кешкі уақытта жарықтандыру қажет.
19. Мемлекеттік мұрағат ғимаратында келесі функционалды топта үй жайлар ескерілген:
әкімшілік-шаруашылық (жұмыс бөлмелері, мұрағат қоймасы, оқу және көрме залдары, зертханалар, демалыс және қызметкерлерге медициналық қызмет көрсету бөлмелері) сипаттамада;
техника тұрмыстық сипаттамада.
20. Сілкіну, тербеліс және шудың пайда болуына себепкер, осы желдету камералары, сорғыш, жылу құрал-жабдықтарымен жабдықталған техника тұрмыстық сипаттамадағы жайлардың үсті мен астына, көршілес әкімшілік-шаруашылық үй жайларын орналастыруға болмайды.
21. Мемлекеттік мұрағатының аумағы жайластырылған, тазалықта ұсталынады және жүйелі түрде қоқыстан тазартылады. Қыстыгүні уақытылы қар мен мұздан тазартылады және құммен немесе шлакпен себіледі.
22. Орталық сумен жабдықтау жүйесінен мемлекеттік мұрағат ғимараты шаруашылық ауыз суымен, санитарлық-гигиеналық, техникалық және өртке қарсы қажеттілік есебінде суық және ыстық сумен қамтамасыз етіледі.
23. Мемлекеттік мұрағаттың канализация жүйесі қалалық және аудандық орталық канализация жүйесіне қосылады.
24. Мемлекеттік мұрағат ғимаратын жылыту үшін бумен, сумен және ыстық ауамен жылыту жүйелері қолданысқа ұсынылады. Сумен жылыту жүйесінің қолдану температурасы 100 С артық емес, бумен жылыту жүйесінің температурасы 100 С артық емес, ыстық ауамен жылыту жүйесі 45-70 С дейін. Мемлекеттік мұрағаттың жылыту жүйесі қалалық, аудандық орталық жылыту жүйесіне қосылады.
25. Мемлекеттік мұрағат ғимараты орналасқан ауданда, ауа атмосферасындағы зиянды қоспалар тәулік бойындағы орташа шоғырлануы келесі санитарлық нормасынан аспауы тиіс:
0,1 мг/м3 - күкірт қышқылы;
0,05 мг/м3 - күкірт оксиді;
0,085 мг/м3 - азот оксиді;
0,03 мг/м3 - хлор;
0,008 мг/м3 - күкіртсутегісі.
26. Барлық өндірістік үй жайлары мен мұрағат қоймалары бастапқы өрт сөндіру құралдарымен жабдықталады.
7. Жұмыс орнын ұйымдастыру мен өндірістік құрал жабдықтарды
орналастыруда қауіпсіздікті қамтамасыз ету
27. Әр қызметкер үшін орналастыру норма бойынша үй жайлардың жалпы көлемінен 7,5 кв. метр жұмыс жайы бөлінуі қажет.
28. Нормативті температура-ылғалдылық режимі: температура 17-19 С, ауаның салыстырмалы ылғалдылығы 50-55 % мөлшерінде сүйемелдеу үшін мұрағат қоймасы мен мемлекеттік мұрағат үй жайларында ауаны желдету және салқындату жүйелерімен жабдықталуы тиіс.
29. Мемлекеттік мұрағат үй жайлары мен мұрағат қоймалары жылжымалы және тұрақты металлды сөрелермен жабдықталған, сонымен қатар мұрағат қоймаларында оттан сақтайтын қоспалармен өңделген, тұрақты ағаш сөрелерін қолдануға болады. Сөре шкафтар мен сейфтерді, металлды шкафтарды арнайы жабдықтар немесе қажеттілік есебінде қолдануға болады. Мұрағат қоймаларында тұтану болдырмау мақсатында, мұрағат құжаттарын сақтауға арналған сөрелерді жылу көздеріне таяз орналастыруға рұқсат берілмейді.
30. Мемлекеттік мұрағат қоймаларында тұрақты сөрелер мен шкафтардың орналастырылуы келесі нормативке сәйкес болуы қажет:
сөрелер қатарынан ара қашықтығы (басты өту жолы) - 120 см кем емес;
сөрелердің ара қашықтықтары (өту жолы) - 75 см кем емес;
ғимараттың сыртқы қабырғасы мен сөрелер параллельді қабырғалар - 75 см кем емес.
31. Егер мұрағат құжаттары мен қажетті құрал-жабдықтарды қол күшімен орнын ауыстыруға, оның көлемі, салмағы немесе нысаны мүмкіндік бермесе, мемлекеттік мұрағат ғимаратында лифт құрал жабдықтары орнатылған болуы қажет.
8. Мұрағат құжаттарын тасымалдау және сақтау
әдістерінде қауіпсіздікті қамтамасыз ету
32. Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2011 жылғы 26 желтоқсандағы № 1604 қаулысымен бекітілген, Ұлттық мұрағат қорының құжаттарын, басқа да мұрағат құжаттарын мемлекеттік және арнаулы мемлекеттік мұрағаттардың толықтыруы, сақтауы, есепке алуы мен пайдалануы қағидаларындағы 120-тармағына сәйкес ұзақ сақтаудағы әр түрлі жеткізгіштегі құжаттардың температуралық-ылғалдылығының параметрлері қолданылады.
33. Мемлекеттік мұрағат қоймасында табиғи немесе жасанды түрде ауаны желдету мүмкіндігі болу керек, ол ерікті ауа айналымын қамтамасыз етеді, желмен қақтырылмаған тұрақты ішкі ахуал аймағының қалыптасуын болдырмайды.
34. Аудан, қала көлемінде (қоныстану жері) мұрағат құжаттарын қоса бара жатқан мемлекеттік мұрағат қызметкері үшін қауіпсіз, отыратын орны бар жабық автокөлігінде жеткізу жүргізіледі.
35. Жүкті тиеу және түсіру жұмыстары арнайы аумақта үсті тегістелген және тұрақты жерде орындалады.
36. Салмағы 20 килограммнан көптеу жүкті 3 метрден астам жоғарыға көтеру, тиеу және түсіру жұмыстары үшін механикалық тәсілі болуы міндетті.
37. Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2011 жылғы 28 қазандағы № 1220 қаулысымен бекітілген «Жасы он сегізге толмаған қызметкерлердің еңбегін пайдалануға тыйым салынатын жұмыстардың тізімін, жасы он сегізге толмаған қызметкерлер тасымалдайтын және қозғайтын жүктің шекті нормаларын және әйелдердің еңбегін пайдалануға тыйым салынатын жұмыстардың тізімін, әйелдердің жүкті қолмен көтеруінің және алып жүруінің шекті нормаларына» сәйкес қолмен ауыр салмақты көтеруге және орын ауыстыруға рұқсат етілетін шекті жүк нормасы құрайды:
басқа жұмыспен (сағатына 2 ретке дейін) кезектестіріп ауыр салмақты көтеруге және орын ауыстыруға (бір рет) ер адамдарға 30 килограмға дейін;
басқа жұмыспен (сағатына 2 ретке дейін) кезектестіріп ауыр салмақты көтеруге және орын ауыстыруға (бір рет) әйелдерге 10 килограмға дейін;
жұмыс күн барысында ауыр салмақты көтеруге және орын ауыстыруға (бір рет) ер адамдарға 15 килограмға дейін;
жұмыс күн барысында ауыр салмақты көтеруге және орын ауыстыруға (бір рет) әйелдерге 7 килограмға дейін.
38. Мұрағат ішінде мұрағат құжаттарының орнын ауыстыру үшін жылжымалы арбалар және басқа да тасу құралдары пайдаланылады:
бір сағат ішінде 1-5 метрге дейінгі ара қашықтықта жүктің орнын ауыстыру үшін ер адамдар 40-60 килограмм;
бір сағат ішінде 1-5 метрге дейінгі ара қашықтықта жүктің орнын ауыстыру үшін әйелдер 20-40 килограмм;
39. Осы белгіленген нормалардан асатын жүктерді тасымалдауға, жылжытуға және орнын ауыстыруға тыйым салынады.
9. Еңбек қауіпсіздігі мен еңбекті қорғау сұрақтары бойынша
мемлекеттік мұрағат қызметкерлерінің білімін тексеру мен
кәсіптік іріктеуде қауіпсіздікті қамтамасыз ету
40. Әрбір мемлекеттік мұрағаттар осы Талаптарға сәйкес және мемлекеттік мұрағат басшысымен бекітілген, техникалық қауіпсіздік және еңбекті қорғау туралы нұсқаулық әзірленуі қажет.
41. Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2007 жылғы 29 желтоқсандағы № 1400 «Азаматтық қызметшілерге, мемлекеттік бюджет қаражаты есебінен ұсталатын ұйымдардың қызметкерлеріне, қазыналық кәсіпорындардың қызметкерлеріне еңбекақы төлеу жүйесі туралы» қаулысына сәйкес мұрағаттық мекемелердің штаттық кестесінде кәсіби инженерлік-техникалық қызмет қарастырылады.
42. Мұрағаттық мекеменің инженерлік-техникалық қызметімен жұмыс істейтін электр сымдарына, электр желілеріне қызмет көрсетеді және оларды жедел ауыстырып қосуды, жөндеуді, құрастыруды және дайындауды жүзеге асырады.
43. Жабдықтарды жөндегенде және қызмет көрсеткенде дәнекерлейтін аспапты және қуаттылығы 42 Вольттан жоғары емес электр шамын пайдалану қажет.
10. Қорғаныш құралдарын қолдануда
қауіпсіздікті қамтамасыз ету
44. Зиянды химикалық құралдармен жұмыс істейтін мемлекеттік мұрағат қызметкерлері арнайы киімдермен, арнайы аяқ киіммен және жекелік қорғаныш құралдарымен қамтамасыз етіледі.
45. Мемлекеттік мұрағаттың өндірістік үй жайларында санитарлық нормаларды сақтап тұру үшін әкімшілік-шаруашылық қызметкерлері барлық қажетті санитарлық-гигиеналық құралдарымен қамтамасыз етеді.
11. Тұрмыс-өндірістік үй жайларындағы санитарлық
нормасында қауіпсіздікті қамтамасыз ету
46. Мемлекеттік мұрағат қоймаларында ылғалды түрде жинастыру және жарты жылда бір рет сөрелер, шкафтар, сақтау құралдарын (корабтар, мұқабалар, қаптамалар) шаң сорғышпен шаңсыздандыруды жүргізу қажет. Сонымен қатар төменгі бөлімдегі өндірістік жайлардың едендерін, плинтустарын, терезе алдарын зарарсыздандырғыш (формалин - 2%, катамин - 5%) су ерітіндісімен сүртіледі.
47. Санитарлық және гигиеналық шараларын сақтай отырып, келіп түскен мұрағат құжаттарын арнайы үй жайлардағы сорғыш шкафтарын пайдалануымен шаңсыздандырылады.
48. Өндірістік үй жайлары мен мұрағат қоймасында дезинфекция, дезинсекция, дератизация жүргізілуі, мұрағат құжаттары мен мұрағат қоймаларында биологиялық зиянкестерді жоюмен бірге биоқорған, биологиялық алдын ала сақтандыру шаралары болып табылады.
49. Басты жинастыру өндірістік үй жайлардың төбелері мен қабырғаларын, терезелерін шаң тозаңнан тазарту айына бір рет жүргізіледі.