Метрология саласындағы жеке кәсіпкерлік саласына жатпайтын субъектілер үшін тексеру парағының нысанын бекіту туралы

Қазақстан Республикасы Премьер-Министрінің орынбасары - Қазақстан Республикасы Индустрия және жаңа технологиялар министрінің 2013 жылғы 06 наурыздағы № 64 Бұйрығы. Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде 2013 жылы 10 сәуірде № 8408 тіркелді. Күші жойылды - Қазақстан Республикасы Инвестициялар және даму министрінің м.а. 2015 жылғы 16 қазандағы № 993 бұйрығымен

      Ескерту. Бұйрықтың күші жойылды - ҚР Инвестициялар және даму министрінің м.а. 16.10.2015 № 531 бұйрығымен.

      «Қазақстан Республикасындағы мемлекеттік бақылау және қадағалау туралы» Қазақстан Республикасының 2011 жылғы 6 қаңтардағы Заңының 15-бабының 1-тармағына және «Өлшем бірлігін қамтамасыз ету туралы» Қазақстан Республикасының 2000 жылғы 7 маусымдағы Заңының 5-бабы 2-тармағының 17) тармақшасына сәйкес БҰЙЫРАМЫН:
      1. Осы бұйрыққа қосымшаға сәйкес метрология саласындағы жеке кәсіпкерлік саласына жатпайтын субъектілер үшін тексеру парағының нысаны бекітілсін.
      2. Қазақстан Республикасы Индустрия және жаңа технологиялар министрлігінің Техникалық реттеу және метрология комитеті (Р.А. Сәтбаев) заңнамада белгіленген тәртіппен:
      1) осы бұйрықты Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркеуді және бұқаралық ақпарат құралдарында ресми жариялауды;
      2) осы бұйрықты Қазақстан Республикасы Индустрия және жаңа технологиялар министрлігінің ресми Интернет-ресурсында жариялауды қамтамасыз етсін.
      3. Осы бұйрықтың орындалуын бақылау Қазақстан Республикасы Индустрия және жаңа технологиялар вице-министрі Қ.А. Тулеушинге жүктелсін.
      4. Осы бұйрық ол алғашқы ресми жарияланған күнiнен бастап күнтiзбелiк он күн өткен соң қолданысқа енгiзiледi.

      Қазақстан Республикасы
      Премьер-Министрінің орынбасары –
      Қазақстан Республикасы Индустрия
      және жаңа технологиялар министрі                  Ә. Исекешев

Қазақстан Республикасы       
Премьер-Министрінің орынбасары –  
Қазақстан Республикасы Индустрия және
жаңа технологиялар министрінің 
2013 жылғы 6 наурыздағы № 64  
бұйрығына қосымша         

Нысан

Метрология саласындағы жеке кәсіпкерлік
саласына жатпайтын субъектілер үшін
тексеру парағы

Уәкілетті органның атауы
_____________________________________________________________________
Тексеру тағайындау туралы акт
_____________________________________________________________________
                              (№, күні)
Тексеруді жүзеге асыратын лауазымды тұлғалардың Т.А.Ә._______________
_____________________________________________________________________
Тексерілетін субъектінің тәуекел деңгейі ____________________________
                              (жоғары, орта, төмен дәрежені көрсету)
Ұйым атауы __________________________________________________________
_____________________________________________________________________
СТН (бар болса) _____________________________________________________
БСН _________________________________________________________________

Талаптар тізбесі

Иә

Жоқ

1

Белгiленген үлгiдегi өлшем құралдарының түрiн бекiту туралы сертификаттың және (немесе) белгiленген үлгiдегi өлшем құралдарын метрологиялық аттестаттау туралы сертификаттың болуы



2

Түрін бекіту мақсаты үшін сынақтан немесе метрологиялық аттестаттаудан, салыстырып тексеруден өткен және өлшем бірлігін қамтамасыз ету мемлекеттік жүйесінің тізіліміне енгізілген өлшем құралдарын қолдану



3

Салыстырып тексеру туралы сертификаттың, калибрлеу туралы сертификаттың және (немесе) өлшем құралында және (немесе) пайдалану құжаттамасында салыстырып тексеру таңбасының баспа-таңбасының, калибрлік белгісінің болуы



4

Өлшемдерді орындау әдістемесін метрологиялық аттестаттау және олардың өлшем бірлігін қамтамасыз етудің мемлекеттік жүйесінің тiзiлiмiнде тіркелуі



5

Өлшем құралдарын салыстырып тексеру және калибрлеу өлшемдердің орындау әдістемесін метрологиялық аттестаттау жөніндегі жұмыстарды жүргізу құқығына арналған аккредиттеу аттестатының болуы



Субъектінің тексеру парағының көшірмесін алғаны туралы белгісі:
20 ____ ж. «____» _________ _________________________________________
                                (Т.А.Ә., лауазымы)          (қолы)