"Жылжитын мүлік кепілдігін тіркеу ережесін бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Әділет министрінің 1999 жылғы 22 ақпандағы № 14 бұйрығына өзгерістер енгізу туралы

Қазақстан Республикасы Әділет министрінің 2013 жылғы 27 ақпандағы № 66 Бұйрығы. Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде 2013 жылы 27 ақпанда № 8345 тіркелді

      «Жылжымалы мүлік кепілін тіркеу туралы» Қазақстан Республикасы Заңының 5-бабының 4-тармағын іске асыру мақсатында БҰЙЫРАМЫН:
      1. «Жылжитын мүлік кепілдігін тіркеу Ережесін бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Әділет министрінің 1999 жылғы 22 ақпандағы № 14 бұйрығына (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 913 тіркелген) мынадай өзгерістер енгізілсін:
      атауы мынадай редакцияда жазылсын:
      «Міндетті мемлекеттік тіркеуге жатпайтын жылжымалы мүлік кепілін тіркеу туралы нұсқаулықты бекіту туралы»;
      бұйрық мынадай редакцияда жазылсын:
      «Жылжымалы мүлік кепілін тіркеу туралы» Қазақстан Республикасы Заңының 5-бабының 4-тармағын іске асыру мақсатында, БҰЙЫРАМЫН:
      1. Міндетті мемлекеттік тіркеуге жатпайтын жылжымалы мүлік кепілін тіркеу туралы нұсқаулық бекітілсін.».
      Жылжитын мүлік кепілдігін тіркеу туралы ереже осы бұйрықтың қосымшасына сәйкес редакцияда жазылсын.
      2. Осы бұйрық алғашқы ресми жарияланған күнінен бастап күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.

      Министр                                       Б. Имашев

Қазақстан Республикасы   
Әділет министрінің    
2013 жылғы 27 ақпандағы  
№ 66 бұйрығына      
1-қосымша         

Қазақстан Республикасы  
Әділет министрінің    
1999 жылғы 22 ақпандағы 
№ 14 бұйрығымен бекітілген

Міндетті мемлекеттік тіркеуге жатпайтын жылжымалы
мүлік кепілін тіркеу бойынша нұсқаулық

1. Жалпы ережелер

      1. Міндетті мемлекеттік тіркеуге жатпайтын жылжымалы мүлік кепілін тіркеу туралы нұсқаулық (одан әрі – Нұсқаулық) «Жылжымалы мүлік кепілін тіркеу туралы» Қазақстан Республикасының Заңына (одан әрі – Заң) сәйкес жасалды және жылжымалы мүлік кепілін тіркеу тәртібі мен жүргізу рәсімін нақтылайды, заңнамаға сәйкес жылжымалы мүлік кепілінің жекелеген түрлерін тіркеу жүктелген Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінің тіркеу органдарының Қазақстан Республикасының барлық аумағында қолдануға жатады.
      2. Осы Нұсқаулықта мынадай ұғымдар пайдаланылады:
      1) жылжымалы мүлiк кепiлiн тiркеу - жылжымалы мүлiк кепiлiнiң тiзiлiмiне кепiл талаптары бар (кепiлдi тiркеу туралы өтiнiш) кепіл туралы шарттағы немесе өзге шарттағы мәлiметтердi енгiзу жөнiнде жылжымалы мүлiк кепiлiн тiркеу кезiнде туындайтын қатынастарға қатысушылардың iс-қимылдары жиынтығын, жылжымалы мүлiк кепiлiн тiркеу туралы куәлiк берудi және жылжымайтын мүлік орталықтарының Заң мен Қазақстан Республикасының өзге де заңнамалық актiлерінде белгiленген тәртiппен жасалатын өзге де iс-қимылдарын бiлдiретiн Жылжымайтын мүлік орталығының жылжымалы мүлiк кепiлiн есепке алу рәсiмi;
      2) тiркеушi орган (одан әрі – Жылжымайтын мүлік бойынша орталықтары) – жеке және заңды тұлғалардың міндетті мемлекеттік тіркеуіне жатпайтын жылжымалы мүлік кепілін тіркеуді жүзеге асыратын республикалық мемлекеттік қазыналық кәсіпорын;
      3) Халыққа қызмет көрсету орталығы (одан әрі – ХҚО) - жеке және (немесе) заңды тұлғаларға «жалғыз терезе» қағидаты бойынша өтініштерді қабылдау және құжаттарды беру жөнінде мемлекеттік қызметтер көрсетілуін ұйымдастыруды жүзеге асыратын республикалық мемлекеттік кәсіпорын;
      4) жылжымалы мүлiк кепiлiн тiркеу туралы куәлiк - тiркеушi орган және (немесе) жылжымайтын мүлік орталықтары өтiнiш иесiне беретiн және жылжымалы мүлiк кепiлiн тiркеу фактiсiн растайтын құжат;
      5) жылжымалы мүлiк кепiлiнiң тiзiлiмi (кепiл тiзiлiмi) - жылжымайтын мүлік орталықтары жүзеге асыратын ақпаратты есепке алу және сақтау жүйесi;
      6) өтiнiш берушi – ХҚО кепiлдi тiркеу туралы өтiнiш беретiн адам; кепiл мiндеттемесi тараптарының келiсiмi бойынша кепiл берушi де, кепiл ұстаушы да өтiнiш берушi бола алады;
      2. Осы Нұсқаулықтың әрекеті міндетті мемлекеттік тіркеуге жататын жылжымалы мүлік кепілін тіркеуге, сондай-ақ заңнамалық актілерге сәйкес басқа органдар немесе өзге тәртіпте тіркейтін жылжымалы мүлік кепілінің жеке түрлерін тіркеуге таралмайды.

2. Объектілер және тіркеу орны

      3. Міндетті мемлекеттік тіркеуге жатпайтын жылжымалы мүлік кепілі:
      1) кепіл туралы шарт немесе кепіл туралы шарт қамтылған өзге де шарт тараптарының бірінің талап етуі бойынша;
      2) егер кепіл туралы шартта немесе кепіл туралы шарт қамтылған өзге де шартта кепілдегі мүлікті кейіннен кепілге салуға (қайталама кепілге) тыйым салынған болса, тіркеледі.
      Мiндеттi мемлекеттiк тiркеуге жатпайтын жылжымалы мүлiктiң кепiлiн тiркеу:
      1) егер кепiл берушi заңды тұлға болып табылатын жағдайда, заңды тұлғаның тiркелген орны бойынша;
      2) егер жеке тұлға, оның iшiнде дара кәсiпкер немесе резидент емес заңды тұлға кепiл берушi болып табылған жағдайда, салық төлеушi ретiнде тiркелген орны бойынша жүзеге асырылады.

3. Тіркеудің негізі мен әдісі

      4. Жылжымалы мүлік кепілін тіркеу, жылжымалы мүлік кепілінің тіркеліміне (соның ішінде компьютерлік базаға) тіркеу кепілі туралы арызынан мәліметтер енгізу жолымен жүзеге асырылады.
      5. Осы Нұсқаулықтың 7-тармағында көрсетілгендей, жазбаша арызбен бірге ұсынылған құжаттар жылжымалы мүлік кепілін мемлекеттік тіркеуге негіз болады.

4. Тіркеуге ұсынылатын құжаттардың тізбесі оларға қойылатын
талаптар, олардың мазмұны

      6. Міндетті мемлекеттік тіркеуге жатпайтын жылжымалы мүлік кепілін тіркеу үшін арызданушы жеке басын куәландыратын құжатты ұсынып, ХҚО арқылы тіркеу органына келесі құжаттарды ұсынады:
      1) Осы Нұсқаулыққа 1-қосымшаға сәйкес нысанда жылжымалы мүлік кепілін тіркеу туралы өтініш;
      2) Қазақстан Республикасы Азаматтық кодексінің 307-бабының талаптарына сәйкес келетін кепіл туралы шарт немесе кепіл жағдайлары мазмұндалған шарт екі данада;
      3) жеке басын куәландыратын құжат, ал өкілі оның өкілеттігін дәлелдейтін құжат, сол сияқты жеке басын куәландыратын құжат;
      4) жылжымалы мүлік кепілін мемлекеттік тіркегені үшін бюджетке алымды төлегендігі туралы құжат.
      Мүлік қайта кепілге қойылған жағдайда – алдындағы кепіл ұстаушылардың олардың хабардар екендігі және жылжымалы мүлікті қайта кепілге қоюға қарсылық білдірмейтіндігі туралы хаттары, сол сияқты төлем тапсырмасы болу қажет.
      7. Өтініш өтініш берушімен өзі немесе өкілі арқылы тіркеуші органға ХҚО арқылы тапсырылады.
      8. Жылжымалы мүлік кепілін тіркеуге берілетін құжаттар тиісті дайындалған түрде ХҚО арқылы қабылданады. Тазартқан, қосып жазылған, сызып тастаған сөз және басқа да ескертусіз жасалған түзетулер қабылданбайды.

5. Тіркеу рәсімі мен мерзімі

      9. Нұсқаулықтың 7-тармағында көрсетілген құжаттарды алған кезден ХҚО қызметкері өтініш иесіне осы Нұсқаулыққа 2-қосымшаға сәйкес нысанда ұсынған құжаттарды алғандығын растайтын, күні, уақыты (сағаты, минуты) көрсетілген қолхат береді.
      10. Қажетті құжаттарды алғаннан бастап тіркеуші орган:
      1) міндетті мемлекеттік тіркеуге жатпайтын жылжымалы мүлік кепілін тіркеуге түскен өтінішті осы Нұсқаулыққа 3-қосымшаға сәйкес нысанда құжаттарды есепке алу кітабына енгізеді және нөмір береді;
      2) осы Нұсқаулыққа 4-қосымшаға сәйкес міндетті мемлекеттік тіркеуге жатпайтын жылжымалы мүлік кепілі тіркеліміне (соның ішінде компьютерлік базаға) кепілді тіркеу туралы өтініштен мәліметтер енгізеді. Тіркеу нөмірі ХҚО берілген тіркеу жылына және өтініш нөмірімен сәйкес келеді және сызықша арқылы жазылады. Мысалы, 13/002020510775.
      3) міндетті мемлекеттік тіркеуге жатпайтын тіркелген жылжымалы мүлік кепілін кепіл шартына осы Нұсқаулыққа 6-қосымшаға сәйкес нысанда жылжымалы мүлік кепілінің тіркегендігін куәландыру штампын қояды;
      4) өтініш беруші тұлғаға ХКО арқылы осы Нұсқаулыққа 5-қосымшаға сәйкес нысанда және тіркеуші органның белгісімен міндетті мемлекеттік тіркеуге жатпайтын жылжымалы мүлік кепілін тіркеу туралы куәлікті береді, кепіл шарты көрсетілген, кепіл немесе келісім шарт туралы шарттың түпнұсқасын қайтарады.
      11. Жылжымалы мүлік кепілі екі жұмыс күні ішінде тіркелуі тиіс.
      12. Тіркеуші орган ұсынылған жылжымалы мүлік кепілі туралы шартты Қазақстан Республикасы Азаматтық кодексінің 307-бабының талаптарына сәйкестігін тексереді.
      13. Міндетті мемлекеттік тіркеуге жатпайтын жылжымалы мүлік кепілін тіркеу кезінде жіберілген техникалық қателерді түзету мүдделі тұлғаның өтініші бойынша жылжымалы мүлік кепілі тізілімінің «айрықша белгілер» бағанасында, сонымен қатар кепілді тіркеу туралы куәлікте қосымша жазба енгізу арқылы жүргізіледі.

6. Міндетті мемлекеттік тіркеуге жатпайтын жылжымалы
мүлік кепілін екінші деңгейдегі банктер
арқылы электрондық тіркеу тәртібі

      14. Жеке немесе заңды тұлғалар екінші деңгейдегі банкпен кепіл туралы шарт немесе кепіл туралы мәліметтер қамтылған өзге шарт жасасқан жағдайда, екінші деңгейдегі банк жеке немесе заңды тұлғаның жазбаша келісімімен тіркеуші органның ақпараттық жүйесіне жылжымалы мүлік кепілін тіркеуге арналған, кепіл ұстаушының электрондық цифрлық қолтаңбасымен куәландырылған өтініш жібереді. Жылжымалы мүлік кепілін тіркеуге арналған өтініштің мазмұны осы Заңның 9-бабының 2-тармағымен айқындалады.
      Жылжымалы мүлік кепілін тіркеуге арналған өтінішке кепіл беруші мен кепіл ұстаушының электрондық цифрлық қолтаңбаларымен куәландырылған электрондық құжат нысанында жылжымалы мүлік кепілі туралы шарт немесе кепіл туралы мәліметтер қамтылған өзге шарт және жылжымалы мүлік кепілін мемлекеттік тіркегені үшін алымның бюджетке төленгенін растайтын құжаттың деректемелері туралы мәліметтер қоса беріледі.
      Тіркеуші орган қоса берілген құжаттармен бірге өтінішті алғаннан кейін және жылжымалы мүлік кепілін мемлекеттік тіркегені үшін алымның төленгені туралы немесе алым төлеуден босатылғаны туралы растау тіркеуші органның ақпараттық жүйесіне келіп түскен кезден бастап бір жұмыс күні ішінде кепіл ұстаушының ақпараттық жүйесіне және кепіл ұстаушыға «электрондық үкіметтің» веб-порталына тіркеуші органның электрондық цифрлық қолтаңбасымен куәландырылған электрондық құжат нысанында жылжымалы мүлік кепілін тіркеу туралы куәлікті не тіркеуден бас тарту туралы дәлелді жауапты жібереді.
      15. Жүргізілген тіркеу туралы ақпарат екінші деңгейдегі банктің және тіркеуші органның ақпараттық жүйелерінде сақталады және құжаттамалық растауды талап етпейді.

7. Жылжымалы мүлік кепілдігін тіркеуден бас тарту

      16. Жылжымалы мүлік кепілдігін тіркеуден бас тартуға мыналар негіз болып табылады:
      1) Қазақстан Республикасы Азаматтық кодексінің 307-бабының талаптарына сәйкес келмейтін кепіл туралы шарт;
      2) осы Нұсқаулықтың 1-қосымшасына сәйкес келмейтін кепілді тіркеу туралы өтініш;
      3) осы Нұсқаулықтың 7-тармағымен бекітілген толық емес құжаттар тізімі.
      17. Бас тартылған жағдайда тіркеуші орган заңнама талаптарының бұзылуына сілтеме жасап, өтініш иесіне құжаттар қабылданған кезден бастап екі жұмыс күні ішінде бас тарту себебін жібереді.

8. Тіркелген кепілдің әрекетін өзгертуді, толықтыруды және
тоқтатуды тіркеу тәртібі

      18. Тіркелген кепілдің әрекетін өзгертуді,тоқтатуды және толықтыруды тіркеу осы Нұсқаулыққа 1-қосымшаға сәйкес нысанда ХҚО өтініш беру жолымен екі жұмыс күн ішінде жүргізіледі. Өтініште бастапқы тіркелген кепілге сілтеме жасалып, кепіл туралы шартқа өзгерістер мен толықтырулар тіркелген кепілді тоқтату негізі сипатталуы тиіс (басқа тұлғаға меншік құқығының ауысуы, талап ету құқығы және тағы басқалары).
      Өтінішке тіркелген кепілдің әрекетін өзгертуді, толықтыруды және тоқтатуды енгізетін кепіл туралы шарт екі данада (басқа тұлғаға меншік құқығының ауысуы, талап ету құқығы және тағы басқалары) ұсынылып, оның бірінші данасын тіркеуші орган өтініштегі мәліметтермен тексеріп тіркеу туралы белгімен ХҚО қайтарады.
      19. Кепіл беруші болып табылатын республиканың басқа аумағынан қайта тіркелген заңды тұлға, сондай-ақ жеке тұлға, жеке кәсіпкер немесе резидент емес заңды тұлға кепіл беруші болып табылса, өтініш иесі тіркеу белгісі бар бастапқы кепіл туралы шарттың көшірмесін ұсынуы қажет.
      20. Кепіл туралы шарттың әрекет ету мерзімі аяқталғанда кепіл ұстаушының жазбаша өтінішін және негізгі міндеттемені орындауды растайтын құжаттарын ұсынып, жылжымалы мүлік кепілі тізіліміндегі жазбаны жою арқылы тіркеу жүргізіледі, сондай-ақ жылжымалы мүлік кепілін тіркеу туралы куәлік қайтарылады. Аталған мүлікке басқа кепіл ұстаушылар болған жағдайда оларды хабардар еткендігі туралы құжат ұсыну арқылы жазба жойылады.

Міндетті мемлекеттік тіркеуге  
жатпайтын жылжымалы мүлік кепілін
тіркеу туралы нұсқаулыққа   
1-қосымша            

Нысан

____________________________________________________
тіркеуші органның атауы

Өтініш № ____

Кепіл беруші

Жеке тұлғаның Т.А.Ә., тұрған жері, туған күні және жылы;
Заңды тұлғаның орналасқан жері, атауы, бизнес сәйкестендіру нөмірі (бұдан әрі - БСН)
_____________________________________________________________________
_____________________________________________________________________
Жеке басын куәландыратын құжаты: түрі ______ сериясы ______ № _______
берілді _____________________________________берген күні ____________
            (құжатты берген органның атауы)
Пошталық мекен-жайы, телефоны _______________________________________
______________________________________________ атынан іс-әрекет етеді
      (уәкілетті өкілдің деректері)
___________________________________________________________ негізінде
      (өкілеттігін куәландыратын құжаттың деректері)

Кепіл ұстаушы

Жеке тұлғаның Т.А.Ә., және туған күні мен жылы; заңды тұлғаның атауы,
БСН: ________________________________________________________________
_____________________________________________________________________
Жеке басын куәландыратын құжаты: түрі _________ сериясы _____ № _____
берілді _____________________________________ берген күні ___________
          (құжатты берген органның атауы)
Пошталық мекен-жайы, телефоны _______________________________________
______________________________________________ атынан іс-әрекет етеді
      (уәкілетті өкілдің деректері)
___________________________________________________________ негізінде
      (өкілеттігін куәландыратын құжаттың деректері)
Жылжымалы мүлік кепілін тіркеуіңізді сұраймын:_______________________
_____________________________________________________________________
Шарт жасалған күні __________________________________________________
Шарт жасалған жері __________________________________________________
Кепілдің мәні туралы мәлімет (жылжымалы мүлік кепілінің сипаттамасы)
_____________________________________________________________________
_____________________________________________________________________
Кепілмен қамтамасыз етілген міндеттеменің ақшалай баламасы __________
Шарттың қолданылу мерзімі ___________________________________________
Кепілге салынған мүлік кепіл берушінің _____________ кепіл ұстаушының
________________________________ билігінде және пайдалануында қалады:
Оны қолданудың мүмкіндігі:   Ия    Жоқ

Қайта кепілге салу туралы мәлімет: Ия Жоқ (керек емесін сызып тастау)
Өтінішке қоса тіркеймін: (құжаттың атауы, сериясы, нөмірі, кім және
қашан берді)
1. төлегені туралы құжат: түрі____________ № ________ сомаға ________
2. __________________________________________________________________
_____________________________________________________________________
Мемлекеттік тіркеу туралы куәлік қажет пе:
Ия Жоқ (керегі жоғын сызып тастау)
---------------------------------------------------------------------
Өтініш берген күні:__________________________________ 200 _____ ж.
Өтініш қабылданған күн:______________________________ 200 _____ ж.
Өтініш берушінің қолы: _______________________________________
Уақыты: ___________________________ сағ._____________________ мин.
Тіркеушінің Т.А.Ә. және қолы _______________________________________

Міндетті мемлекеттік тіркеуге  
жатпайтын жылжымалы мүлік кепілін
тіркеу туралы нұсқаулыққа   
2-қосымша            

Нысан

___________________________________________________
Тіркеуші органның атауы

Қ о л х а т

Өтініші бойынша құжаттарды қабылдау № ______ 200___ ж. «___» ________
Уақыты: _______ сағ.________ мин.
---------------------------------------------------------------------

Қабылданған құжаттар тізбесі: (құжаттың атауы, сериясы, нөмірі, қашан
және кім берді)

1. Төлегені туралы құжаты: түрі __________ № _______ сомаға _________
2. __________________________________________________________________
_____________________________________________________________________
_____________________________________________________________________

Қабылдаған:_______________________ Өтінішті толтырған күні __________

Өтінішті қабылдаған Халыққа қызмет көрсету орталығы қызметкерінің
Т.А.Ә. және қолы _______________________________ 200 ______ ж.

---------------------------------------------------------------------

Міндетті мемлекеттік тіркеуге  
жатпайтын жылжымалы мүлік кепілін
тіркеу туралы нұсқаулыққа   
3-қосымша            

Нысан

Міндетті мемлекеттік тіркеуге жатпайтын жылжымалы мүлік
кепілін тіркеуге түскен құжаттарды есепке алу кітабы

Өтініш

Тізілім нөмірі

Күні мен уақыты (сағаты мен минуты) өтінішті қабылдаған қызметкердің қолы

Өтініш беруші
-----------
Жеке тұлғаның Т.А.Ә. тұрған жері, туған күні және жылы; заңды тұлғаның орналасқан жері, атауы, БСН

Кепілдің мәні

Құжаттарды берген күні

Алушының қолы

1

2

3

4

5

6

7















Міндетті мемлекеттік тіркеуге  
жатпайтын жылжымалы мүлік кепілін
тіркеу туралы нұсқаулыққа   
4-қосымша            

Нысан

Парақ № ___________
Тіркеу ісі № ______

Міндетті мемлекеттік тіркеуге жатпайтын
жылжымалы мүлік кепілінің тізілімі

Жазба №

Тізілім №

Кепіл мәні

Кепіл ұстаушы

Кепіл беруші

Кепіл сомасы

Шарттың қолданылуы




Жеке тұлғаның Т.А.Ә., тұрған жері, туған күні және жылы;
Заңды тұлғаның орналасқан жері, атауы, БСН

Жеке тұлғаның Т.А.Ә., тұрған жері, туған күні және жылы;
Заңды тұлғаның орналасқан жері, атауы, БСН



1

2

3

4

5

6

7








Кестенің жалғасы:

Ауыртпалықтың туындауы

Ауыртпалықтың тоқтатылуы

Тіркеушінің ерекше белгілері

Құжаттың атауы және №

Күні мен уақыты (сағаты және минуты) тіркеу №; Тіркеушінің Т.А.Ә., және қолы

Құжаттың атауы және №

Күні мен уақыты (сағаты және минуты) тіркеу №; Тіркеушінің Т.А.Ә., және қолы

8

9

10

11

12






Тіркеу парағын жабу/жалғастыру туралы жазба

Тіркеу парағын жабу/жалғастыру үшін негіздеме

Орны ауыстырылған (жапқан кездегі) жазбалардың немесе соңғы жазбалардың (жалғастырған кездегі) тізбесі

Парақ нөмірі (жалғастырған кездегі)

Күні, уақыты (сағаты және минуты)

Тіркеушінің Т.А.Ә. және қолы






Міндетті мемлекеттік тіркеуге  
жатпайтын жылжымалы мүлік кепілін
тіркеу туралы нұсқаулыққа   
5-қосымша            

Нысан

Қазақстан Республикасының
Әділет министрлігі

______________________________________________________
Тіркеу органының атауы

Міндетті мемлекеттік тіркеуге жатпайтын жылжымалы мүлік
кепілін мемлекеттік тіркеу туралы куәлік

200__ ж. «___» _________ № ____

Берілді _____________________________________________________________
_____________________________________________________________________
кепіл ұстаушының немесе кепіл ұстаушының уәкілетті өкілінің деректері

Жылжымалы мүлікке қатысты:

Мүліктің түрі

Тізілім нөмірі

Кепіл мәнінің сипаты

Құрамдастар саны

Құны

Ескертпе







кепілдің тіркелгеніне дәлелдеме ретінде

______________________ тіркелген _______________________ кепіл затына
тіркелген күн                     кепіл затын сипаттау

Кепіл ұстаушының құқығы _____________________________________________
            жеке тұлғаның Т.А.Ә., тұрған жері, туған күні және жылы
_____________________________________________________________________
Заңды тұлғаның орналасқан жері, атауы және БСН
Кепіл мәніне ________________________________________________________
                           кепіл мәнінің сипаты
Кепіл туралы шарттың негізінде туындады _____________________________
                                            Шарт жасалған күні
Тіркелген _________________ және мынадай негізгі шарттарды қамтиды:
      тіркелген күні және нөмірі
_____________________________________________________________________
негізгі міндеттемелердің мөлшері, орындау мерзімі және кепілдің басқа шарттары
Кепіл берушінің ___________ құқығы __________________________________
                құқық түрі  жеке тұлғаның Т.А.Ә., тұрған жері, туған
күні және жылы
_____________________________________________________________________
      Заңды тұлғаның орналасқан жері, атауы және тіркеу нөмірі
расталды ____________________________________________________________
             кепіл мәніне құқығын белгілеуші құжатының атауы,
                қабылдаған күні, тіркеу нөмірі және күні

Тіркеуші _________________                   ________________________
            Т.А.Ә.                                     қолы
Басшысы __________________    М.О.           ________________________
            Т.А.Ә.                                     қолы

_____________________________________________________________________

Ескертпе
1. Осы куәлік кепіл өтелген кезде тіркеуші органға қайтарылуы тиіс.
2. Куәлік жоғалған (бүлінген) жағдайда құқық иесі куәліктің жоғалған
(бүлінген) себебін көрсетіп, тіркеуші органға өтініш беруге міндетті.

Міндетті мемлекеттік тіркеуге  
жатпайтын жылжымалы мүлік кепілін
тіркеу туралы нұсқаулыққа   
6-қосымша           

Нысан

Мөртабан үлгісі:

Міндетті мемлекеттік тіркеуге жатпайтын жылжымалы мүлік
кепілін тіркегендігін куәландыру үшін
мөртабан

_________________________________
(тіркеуші органның атауы)

Өтініш № _________________________

Өтінішті қабылдаған
күні және уақыты ___________________

Тізілім № ________________________

Тіркеген күні ______________________

Тіркеуші _________________________

Қолы _______________________________

Басшысы __________________________

Қолы _______________________________