"Отбасылық үлгідегі балалар ауылы мен жасөспiрiмдер үйлерiнiң қызметiн реттейтiн нормативтiк-құқықтық кесiмердi бекiту туралы" Қазақстан Республикасының Білім және ғылым министрінің 2001 жылғы 18 шілдедегі № 583 бұйрығына өзгеріс енгізу туралы

Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрінің 2013 жылғы 31 қаңтардағы № 20 Бұйрығы. Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде 2013 жылы 4 ақпанда № 8320 тіркелді

      Қазақстан Республикасының 1994 жылғы 27 желтоқсандағы Азаматтық кодексінің 105-бабына сәйкес БҰЙЫРАМЫН:
      1. «Отбасылық үлгідегі балалар ауылымен жасөспірімдер үйлерінің
қызметін реттейтін нормативтік-құқықтық кесімдерді бекіту туралы» Қазақстан Республикасының Білім және ғылым министрінің 2001 жылғы 18 шілдедегі № 583 бұйрығына (Құқықтық нормативтік актілерді мемлекеттік тіркеу тізіліміне 1629 нөмірімен тіркелді) мынадай өзгеріс енгізілсін:
      көрсетілген бұйрыққа 5-қосымшада:
      2.2-тармағының 2.2.3) тармақшасы алынып тасталсын.
      2. Балалардың құқықтарын қорғау комитеті (Р.П. Шер):
      1) осы бұйрықты белгіленген заңнамалық тәртіпте Қазақстан
Республикасының Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркеуден өткізуді қамтамасыз етсін;
      2) мемлекеттік тіркеуден өткен соң осы бұйрықты бұқаралық ақпарат құралдарында жарияласын.
      3. Осы бұйрық алғашқы ресми жарияланған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі.

      Министр                                        Б. Жұмағұлов