Алматы қаласы аудандарының шекараларын белгілеу туралы

Бірлескен Алматы қаласы әкімдігінің 2012 жылғы 12 желтоқсандағы № 4/1035 қаулысы және V сайланған Алматы қаласы мәслихатының ХІ сессиясының 2012 жылғы 12 желтоқсандағы № 80 шешімі. Алматы қаласы Әділет департаментінде 2013 жылғы 18 қаңтарда N 963 болып тіркелді. Күші жойылды - Бірлескен Алматы қаласы әкімдігінің 2014 жылғы 3 маусымдағы № 2/422 қаулысымен және Алматы қаласы мәслихатының 2014 жылғы 2 маусымдағы № 230 шешімімен

      Ескерту. Күші жойылды - Бірлескен Алматы қаласы әкімдігінің 03.06.2014 № 2/422 қаулысымен және Алматы қаласы мәслихатының 02.06.2014 № 230 шешімімен (жарияланғаннан кейін 10 күн өткеннен соң қолданысқа енгізіледі).

      Қазақстан Республикасының «Қазақстан Республикасының әкімшілік - аумақтық құрылысы туралы» 1993 жылғы 8 желтоқсандағы Заңының 13 бабының 3) тармағына, Қазақстан Республикасы Президентінің «Алматы қаласының шекарасын өзгерту туралы» 2011 жылғы 12 мамырдағы № 77 Жарлығына және Қазақстан Республикасы Президентінің «Алматы қаласының шекарасын өзгерту туралы» 2012 жылғы 21 қыркүйектегі № 385 Жарлығына сәйкес, Алматы қаласының әкімдігі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ және V сайланған Алматы қаласы мәслихаты ШЕШІМ ЕТТІ:
      1. Алматы қаласы аудандары шекараларының схемалық картасына (1 қосымша) және Алматы қаласы аудандары шекараларының сипаттамасына (2 қосымша) сәйкес, Алматы қаласы аудандарының шекаралары белгіленсін.
      2. «Алатау ауданын құру және Алматы қаласы аудандарының шекараларын орнату туралы» Алматы қаласы әкімдігінің 2008 жылғы 4 шілдедегі № 3/490 бірлескен қаулысы және ІV сайланған Алматы қаласы мәслихаты ХІ сессиясының 2008 жылғы 2 шілдедегі № 109 шешімінің (нормативтік құқықтық актілердің мемлекеттік тіркеу Тізілімінде № 775 болып тіркелген, 2008 жылғы 15 шілдедегі «Алматы ақшамы» газетінің № 79 санында және 2008 жылғы 17 шілдедегі «Вечерний Алматы» газетінің № 85 санында жарияланған) 2 тармағының күшi жойылды деп танылсын.
      3. Алматы қаласы мәслихатының хатшысы Т.Т. Мұқашевқа нормативтік құқықтық актіні Алматы қаласы Әділет департаментінде мемлекеттік тіркеуден өткізу жүктелсін.
      4. Осы нормативтік құқықтық актінің орындалуын бақылау қалақұрылысы, көріктендіру және коммуналдық шаруашылық жөніндегі тұрақты депутаттық комиссиясының төрағасы Б.С.Шинға және Алматы қаласы әкімінің орынбасары В.А. Долженковқа (келісім бойынша) жүктелсін.
      5. Осы нормативтік құқықтық актісі алғаш ресми жарияланғаннан кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.

      Алматы қаласының әкімі                 А. Есімов

      V сайланған Алматы
      қаласы мәслихат
      XI сессиясының төрағасы                А. Шардинов

      V сайланған Алматы қаласы
      мәслихатының хатшысы                   Т. Мұқашев

      Енгізуші:

      Алматы қаласының
      Жер қатынастары басқармасының
      бастығы                                Қ. Кашкимбаев

      Келісілді:

      Алматы қаласы әкімінің орынбасары      В. Долженков

      Алматы қаласының Сәулет және
      қала құрылысы басқармасы бастығының
      міндетін атқарушы                      Ғ. Садырбаев

      Алматы қаласы әкімі аппаратының
      Заң бөлімі меңгерушісінің
      міндетін атқарушы                      Н. Егизекова

Бірлескен
Алматы қаласы әкімдігінің
2012 жылғы 12 желтоқсандағы
№ 4/1035 қаулысына
және V cайланған Алматы
қаласы мәслихаты XI сессиясының
2012 жылғы 12 желтоқсандағы
№ 80 шешіміне 1 қосымша

 

Бірлескен
Алматы қаласы әкімдігінің
2012 жылғы 12 желтоқсандағы
№ 4/1035 қаулысына
және V cайланған Алматы
қаласы мәслихаты XI сессиясының
2012 жылғы 12 желтоқсандағы
№ 80 шешіміне 2 қосымша

Алматы қаласы аудандары
шекараларының сипаттамасы Алатау ауданы

      Райымбек даңғылының осінен қаланың батыс шекарасы бойымен, Ақсай көшесінің батысы, әрі қарай Жылу электр орталығы-2 күл үйіндісінің батысына қарай, тоғандар бойындағы саяжай массивінің батысына қарай жалғасады;
      тоғандардан Қонаев атындағы каналға қарай бұрылып, қаланың солтүстік шекарасымен солтүстік-шығыс бағытта жобаланған Сайын көшесіне дейін, әрі қарай жобаланған Сайын көшесінен бастап Боралдай көшесіне дейін, әрі қарай Боралдай көшесі арқылы өтетін темір жолдың оңтүстік бойымен шығысқа қарай Северное кольцо көшесінің осіне дейін;
      әрі қарай Северное кольцо көшесінің осінен оңтүстік бағытқа бұрылып, Күдерин көшесінен Райымбек даңғылына дейін;
      Райымбек даңғылының осімен батыс бағытта қаланың батыс шекарасының қиылысына дейін.

Алмалы ауданы

      Үлкен Алматы өзенінің осінен Райымбек даңғылы осінің бойымен шығысқа қарай Фурманов көшесінің осіне дейін;
      Райымбек даңғылының осінен оңтүстік бағытта Фурманов көшесінің осінің бойымен Абай даңғылының осіне дейін;
      Фурманов көшесінің осінен батысқа қарай Абай даңғылы осінің бойымен Үлкен Алматы өзенінің осіне дейін;
      Абай даңғылының осінен солтүстік бағытта Үлкен Алматы өзені осінің және Сайран көлі осінің бойымен Райымбек даңғылының осіне дейін.

Әуезов ауданы

      Қаланың батыс шекарасынан Райымбек даңғылы осінің бойымен батыс бағытта Үлкен Алматы өзенінің осіне дейін;
      Үлкен Алматы өзені осінің және Сайран көлі осінің бойымен оңтүстік бағытта Тоқтабаев көшесінің осіне дейін;
      Үлкен Алматы өзенінің осінен Тоқтабаев көшесі осінің бойымен батыс бағытта Навои көшесіне дейін;
      Тоқтабаев көшесінің осінен оңтүстік бағытта Навои көшесінің шығыс жағымен Рысқұлбеков көшесінің осіне дейін;
      Навои көшесінің шығыс жағынан батыс бағытта Рысқұлбеков көшесі осінің бойымен Сайын көшесінің батыс жағына дейін;
      Рысқұлбеков көшесінің осінен оңтүстік бағытта Сайын көшесінің батыс жақ бойымен Асқаров көшесінің осіне дейін;
      Сайын көшесінің батыс жағынан батыс бағытта Асқаров көшесі осінің бойымен «Таугүл-3» шағынауданының оңтүстік жағымен қаланың оңтүстік-батыс шекарасының қиылысына дейін;
      қаланың оңтүстік-батыс шекарасы қиылысынан Жандосов көшесінен (Қонаев көшесі) батыс бағытта Жандосов көшесінің (Қонаев көшесі) оңтүстік жағы бойымен Әуезов көшесінің (Рысқұлов көшесі) қиылысына дейін;
      Жандосов көшесінің (Қонаев көшесі) оңтүстік жағынан солтүстік бағытта Әуезов көшесінің (Рысқұлов көшесі) батыс жағының бойымен жобаланған Абай даңғылы осінің қиылысына дейін;
      қаланың оңтүстік-батыс шекарасынан Қазақстан Республикасының Тұңғыш Президенті интеллектуалды мектебі аумағының оңтүстік шекарасына дейін;
      Қазақстан Республикасының Тұңғыш Президенті интеллектуалды мектебінің аумағынан батыс бағытта әрі қарай оңтүстік-шығыс бағытқа және солтүстік бағытқа бұрылып Қазақстан Республикасы Тұңғыш Президенті интеллектуалды мектебінің батыс шекарасына дейін;
      әрі қарай солтүстік бағытта Қазақстан Республикасының Тұңғыш Президенті интеллектуалды мектебі аумағының батыс шекарасы бойымен Райымбек даңғылы осінің қиылысына дейін.

Бостандық ауданы

      Үлкен Алматы өзені осінен шығыс бағытта Абай даңғылы осінің бойымен Фурманов көшесінің осіне дейін;
      Абай даңғылының осінен оңтүстік бағытта Фурманов көшесі осінің бойымен Әл Фараби даңғылының осіне дейін;
      Фурманов көшесінің осінен оңтүстік-батыс бағытта Әл-Фараби даңғылы осінің бойымен Шаңғы трамплиндері жолының осіне дейін;
      Әл-Фараби даңғылының осінен оңтүстік-шығыс бағытта Шаңғы трамплиндері жолы осінен кешенің оңтүстік-шығыс шекарасына дейін;
      әрі қарай Шаңғы трамплиндеріне баратын оңтүстік жолдан Ерменсай кентіндегі Курортная көшесінің бойымен оңтүстік бағытта батысқа қарай бұрылып, Ерменсай кентіндегі Суворов көшесінің осіне дейін;
      Суворов көшесінің осінен Ерменсай кентіндегі жалпы білім беретін мектептің оңтүстік-батыс шекарасына дейін;
      Ерменсай кентіндегі жалпы білім беретін мектептің шекарасынан Ерменсай кентіндегі Желтоқсан көшесі осінің бойымен солтүстік бағытта «Қазақфильм» шағынауданының шекарасына, «Қазақфильм» киностудиясы аумағына дейін;
      әрі қарай «Қазақфильм» киностудиясы аумағының шекарасынан батыс және солтүстік бағытта Әл-Фараби даңғылының осіне дейін;
      Әл-Фараби даңғылының оңтүстік жағынан оңтүстік-батыс бағытта Набережная көшесіне дейін;
      Набережная көшесінің бойымен оңтүстік бағытта Үлкен Алматы өзені жағалауы аумағына өтеді және Үлкен Алматы өзені жағалауы аумағын қамтиды;
      Үлкен Алматы өзенінен Дулати даңғылының батыс жағының бойымен солтүстік бағытта Қазақстан Республикасының Тұңғыш Президенті саябағының оңтүстік-шығыс шекарасына дейін;
      Дулати даңғылынан Қазақстан Республикасының Тұңғыш Президенті саябағы және «Жайлау» гольф-клубы оңтүстік шекарасының бойымен батыс бағытта Асқаров көшесіне дейін;
      «Жайлау» гольф-клубының оңтүстік-батыс шекарасынан Асқаров көшесі осінің бойымен солтүстік және шығыс бағытта Сайын көшесінің осіне дейін;
      Асқаров көшесінің осінен солтүстік бағытта Сайын көшесі осінің бойымен Рысқұлбеков көшесінің осіне дейін;
      Сайын көшесі осінен шығыс бағытта Рысқұлбеков көшесінің осінің бойымен Науаи көшесінің осіне дейін;
      Рысқұлбеков көшесінің осінен солтүстік бағытта Науаи көшесі осінің бойымен Тоқтабаев көшесінің осіне дейін;
      Науаи көшесінің осінен шығыс бағытта Тоқтабаев көшесі осінің бойымен Үлкен Алматы өзенінің осіне дейін;
      Тоқтабаев көшесінің осінен солтүстік бағытта Үлкен Алматы өзіні осінің бойымен Абай даңғылының осіне дейін.

Жетісу ауданы

      Кіші Алматы өзені осінен батыс бағытта Райымбек даңғылы осінің бойымен Күдерин көшесінің осіне дейін;
      Райымбек даңғылының осінен солтүстік бағытта Күдерин көшесі осінің және Северное кольцо көшесі осінің бойымен Боралдай көшесі арқылы өтетін темір жолдың оңтүстік жағына дейін;
      Северное кольцо көшесі осінен батыс бағытта Боралдай көшесі арқылы өтетін темір жолдың оңтүстік жағымен қаланың солтүстік-батыс шекарасының қиылысына дейін;
      қаланың солтүстік-батыс шекарасынан солтүстік бағытта одан әрі шығыс бағытта қала шекарасы бойымен Қапшағай тас жолының осіне дейін;
      қаланың солтүстік-батыс шекарасынан оңтүстік бағытта Қапшағай тас жолы және Жансүгіров көшесі осінің бойымен Рысқұлов даңғылының осіне дейін;
      Жансүгіров көшесінің осінен шығыс бағытта Рысқұлов даңғылы осінің бойымен Кіші Алматы өзенінің осіне дейін;
      Рысқұлов даңғылының осінен оңтүстік бағытта Кіші Алматы өзені осінің бойымен Райымбек даңғылының осіне дейін.

Медеу ауданы

      Трамплин жолының осінен Ремизовка өзенінің батысына қарай, Әл-Фараби даңғылының осіне дейін, шекара оңтүстік-батыс бағытта Поганка өзеніне дейін жетеді;
      Поганка өзенінен оңтүстік-шығыс бағытта су бөлінісі бойымен және оңтүстік бағытта тау бөктерінің бойымен;
      тау бөктерінен солтүстік-батыс бағытта Алматы қаласының бұрынғы шекарасының бойымен Үлкен өзінінің шығысы, 5-су электр станциясы кентінің көпіріне дейін;
      5-су электр станциясы кентінің көпірінен оңтүстік-шығыс бағытта су бөлінісі бойымен және тау бөктерінің бойымен шығыс бағытта Казашка өзенінің бойымен, әрі қарай оңтүстік бағытта Шпигальское шатқалын кесіп өтеді, сосын тау бөктері бойымен оңтүстік-шығыс бағытқа бұрылады, әрі қарай солтүстік-шығыс бағытта екі шың арасындағы мойнаққа дейін;
      екі шың арасындағы мойнақтан шекара оңтүстік-шығыс бағытқа бұрылады, Күнбел, Шұқыр өзендерін кесіп өтіп, Совет мұздығы етегіндегі тау шыңының солтүстік-батыс жағына дейін;
      Совет мұздығы етегіндегі тау шыңының солтүстік-батыс жағынан оңтүстік-шығысқа бұрылады, кейіннен шығыс бағытта Горельник шыңы арқылы өтеді және Змеевидный мұздығы табанынан Тұйықсу мұздығының оңтүстігіндегі таудың етегіне дейін;
      Тұйықсу мұздығының оңтүстігіндегі тау етегінен солтүстік-шығыс бағытта Тұйықсу мұздығының батыс шетінің бойымен Морена көлінің солтүстігіне дейін, әрі қарай солтүстік-батыс бағытқа бұрылып, Алматы қаласының Кіші өзенінің бойымен Шымбұлақтағы елді мекеннің оңтүстігіне дейін, әрі қарай қаланың шығыс шекарасы бойымен Алматау үстіртін айналып өтеді, Көк төбе тауының шығыс жағына бұрылады, «Меркурград» тұрғын үй кешенінің шығыс жағынан Талғар тас жолының осімен қиылысады;
      Талғар тас жолынан солтүстік бағытта Құлжа тас жолының қиылысына дейін жалғасады және батысқа қарай бұрылады да Қонаев атындағы каналмен қиылысады, шығысқа қарай канал бойымен жалғасып, Әуежай тас жолына дейін, әрі қарай тас жол бойымен солтүстік-батыс бағытта Рысқұлов даңғылының солтүстік жағының қиылысына дейін;
      Кіші Алматы өзенінен оңтүстік бағытта Райымбек даңғылының осіне дейін;
      Райымбек даңғылының осінен Фурманов көшесінің осіне дейін;
      Фурманов көшесінің осінен оңтүстік бағытта Әл-Фараби даңғылының осіне дейін;
      Фурманов көшесінің осінен Әл-Фараби даңғылы осінің бойымен батыс бағытта трамплин жолының осіне дейін;
      Әл-Фараби даңғылының осінен оңтүстік-шығыс бағытта трамплин жолының осі бойымен Ремизовка өзенінің батысында орналасқан қаланың бұрынғы оңтүстік шекарасына дейін;
      Сондай-ақ Алматы қаласы Медеу ауданының шекарасына Алатау кентінің аумағыда кіреді.

Түрксіб ауданы

      Алматы-Қапшағай тас жолының басынан қаланың солтүстік-шығыс шекарасының бойымен Пакровка кентінің оңтүстік шекарасына дейін;
      Пакровка кентінің оңтүстік шекарасынан оңтүстікке бұрылады, Кіші Алматы өзенінің батысы, темір жол өткелінің солтүстігі;
      темір жол өткелінің солтүстігінен шығыс бағытқа бұрылады, Алматы қаласының Халықаралық әуежайы аумағының солтүстік шекарасына дейін;
      Алматы қаласының Халықаралық әуежайы аумағының солтүстік шекарасынан оңтүстік-батыс бағытта Гүлдала кентінің солтүстік шекарасының бойына дейін;
      Гүлдала кентінің батыс шекарасынан Құлжа тас жолына дейін, Құлжа тас жолынан өтіп солтүстік бағытқа қарай бұрылады, Қайрат кентінің шығыс шекерасының бойымен Огарев көшесінің шығысына дейін;
      Огарев көшесінің шығысынан Кіші Алматы өзенінің бойымен Рысқұлов даңғылына дейін;
      Рысқұлов даңғылының осінен солтүстік бағытта Жансүгіров көшесінің осіне дейін;
      Жансүгіров көшесі осінің бойымен солтүстік бағытта Алматы қаласының шекарасына және Алматы-Қапшағай тас жолының басталған жеріне дейін.