Қазақстан Республикасы "Қазақстан Республикасының әкімшілік - аумақтық құрылысы туралы" 1993 жылғы 8 желтоқсандағы Заңының 2 бабы және 13 бабы 3 тармағына сәйкес, тиiстi аумақтағы халықтың пiкiрiн есепке ала отырып, Алматы қаласы әкімдігі бірлесіп ҚАУЛЫ ЕТЕДІ және ІV сайланған Алматы қаласы мәслихаты ШЕШІМ ЕТТІ:
1. Алматы қаласында Алатау ауданы құрылсын.
2. 2 тармақтың күші жойылды - Бірлескен Алматы қаласы әкімдігінің 12.12.2012 № 4/1035 қаулысымен және Алматы қаласы мәслихатының 12.12.2012 № 80 шешімімен (алғаш ресми жарияланғаннан кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі).
3. Алматы қаласының әкімі осы нормативті құқықтық актіні жүзеге асыру үшін барлық қажетті шараларды қабылдасын.
4. Осы нормативті құқықтық актінің орындалуын бақылау Алматы қаласы әкімінің бірінші орынбасары М.Ш.Мұқашевқа және заңдылық, құқық тәртібі, мемлекеттік жергілікті басқару және өзін өзі басқару мәселелері жөніндегі тұрақты комиссияға (Б.С. Манзоров) жүктелсін.
5. Осы нормативті құқықтық акті алғаш ресми жарияланғаннан кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.
Алматы қаласының әкімі А. Есімов
ІV сайланған Алматы қаласы
мәслихат ХІ сессиясының
төрағасы Т. Есполов
ІV сайланған Алматы қаласы
мәслихатының хатшысы Т.Мұқашев
Бірлескен
Алматы қаласы әкімдігінің
2008 жылғы 4 шілдедегі
N 3/490 қаулысына
және IV cайланған Алматы
қаласы мәслихаты XI сессиясының
2008 жылғы 2 шілдедегі
N 109 шешіміне 1 қосымша
Алматы қаласының әкімшілік аудандарының
шекараларының сипаттамасы (схемалық картасы)
Ескерту. 1 қосымшаның күші жойылды - Бірлескен Алматы қаласы әкімдігінің 12.12.2012 № 4/1035 қаулысымен және Алматы қаласы мәслихатының 12.12.2012 № 80 шешімімен (алғаш ресми жарияланғаннан кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі).
Бірлескен
Алматы қаласы әкімдігінің
2008 жылғы 4 шілдедегі
N 3/490 қаулысына
және IV cайланған Алматы
қаласы мәслихаты XI сессиясының
2008 жылғы 2 шілдедегі
N 109 шешіміне 2 қосымша
Алматы қаласындағы әкімшілік аудандардың
шекараларының сипаттамасы
Ескерту. 2 қосымшаның күші жойылды - Бірлескен Алматы қаласы әкімдігінің 12.12.2012 № 4/1035 қаулысымен және Алматы қаласы мәслихатының 12.12.2012 № 80 шешімімен (алғаш ресми жарияланғаннан кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі).