Целиноград ауданы бойынша қылмыстық-атқару инспекциясы пробация қызметінің есебінде тұрған адамдар үшін, сондай-ақ бас бостандығынан айыру орындарынан босатылған адамдар үшін және интернаттық ұйымдарды бітіруші кәмелетке толмағандар үшін жұмыс орындарына

Ақмола облысы Целиноград ауданы әкімдігінің 2012 жылғы 10 қаңтардағы № А-1/8 қаулысы. Ақмола облысы Целиноград ауданының Әділет басқармасында 2012 жылғы 3 ақпанда 1-17-165 тіркелді. Күші жойылды - Ақмола облысы Целиноград ауданы әкімдігінің 2016 жылғы 19 сәуірдегі № А-2/170 қаулысымен

      Ескерту. Күші жойылды - Ақмола облысы Целиноград ауданы әкімдігінің 17.02.2016 № А-1/78 (қол қойылған күнінен бастап күшіне енеді және қолданысқа енгізіледі) қаулысымен.
      Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қаңтардағы "Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы" Заңының 31 бабының 1 тармағының 13 тармақшасына, Қазақстан Республикасының 2005 жылғы 13 сәуірдегі "Қазақстан Республикасында мүгедектерді әлеуметтік қорғау туралы" Заңының 31 бабының 1 тармағына, Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қаңтардағы "Халықты жұмыспен қамту туралы" Заңының 7 бабының 5-2 тармағына сәйкес, Целиноград ауданының әкімдігі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
      1. Целиноград ауданы бойынша жұмыс орындарының жалпы санының үш проценті мөлшерінде мүгедектер үшін жұмыс орындарының квотасы белгіленсін.
      2. Осы қаулының орындалуын бақылау Целиноград ауданы әкімінің орынбасары Б.А.Жанбаевқа жүктелсін.
      3. Осы қаулы Ақмола облысының Әділет департаментінде мемлекеттік тіркелген күннен бастап күшіне енеді және ресми жарияланған күннен бастап қолданысқа енгізіледі.
      Целиноград ауданының әкімі М.Жунусов