Ертерек ден қою шараларын және екінші деңгейдегі банктің қаржылық жағдайының нашарлауына ықпал ететін факторларды айқындау әдістемесін қолдану қағидаларын бекіту туралы

Қазақстан Республикасының Ұлттық Банкі Басқармасының 2012 жылғы 24 желтоқсандағы № 380 Қаулысы. Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде 2013 жылы 4 ақпанда № 8322 тіркелді. Күші жойылды - Қазақстан Республикасының Ұлттық Банкі Басқармасының 2013 жылғы 25 ақпандағы № 73 қаулысымен

      Ескерту. Күші жойылды - ҚР Ұлттық Банкі Басқармасының 25.02.2013 № 73 қаулысымен (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі).

      Қазақстан Республикасының нормативтiк құқықтық актiлерiн жетiлдiру мақсатында Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкінің Басқармасы ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
      1. Қоса беріліп отырған Ертерек ден қою шараларын және екінші деңгейдегі банктің қаржылық жағдайының нашарлауына ықпал ететін факторларды айқындау әдістемесін қолдану қағидалары (бұдан әрі – Қағидалар) бекітілсін.
      2. Қазақстан Республикасының мынадай нормативтік құқықтық актілерінің күші жойылды деп танылсын:
      1) Қазақстан Республикасы Қаржы нарығын және қаржы ұйымдарын реттеу мен қадағалау агенттігі Басқармасының «Ертерек ден қою шараларын және екiншi деңгейдегi банктiң қаржылық жай-күйiнiң нашарлауына ықпал ететiн факторларды анықтау әдiстемесiн қолдану ережесiн бекiту және Қазақстан Республикасы Қаржы нарығын және қаржы ұйымдарын реттеу мен қадағалау агенттiгi Басқармасының Ертерек ден қою шараларын және екiншi деңгейдегi банктiң, жинақтаушы зейнетақы қорының және (немесе) зейнетақы активтерiн инвестициялық басқаруды жүзеге асыратын ұйымның, сақтандыру (қайта сақтандыру) ұйымының қаржылық жай-күйiнiң нашарлауына ықпал ететiн факторларды анықтау әдiстемесiн қолдану ережесiн бекiту туралы 2008 жылғы 28 қарашадағы № 200 қаулысына өзгерiстер енгiзу туралы»  2011 жылғы 28 ақпандағы № 23 қаулысы (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 6886 тіркелген);
      2) Қазақстан Республикасының Ұлттық Банкі Басқармасының «Қазақстан Республикасы Қаржы нарығын және қаржы ұйымдарын реттеу мен қадағалау агенттігі Басқармасының «Ертерек ден қою шараларын және екiншi деңгейдегi банктiң қаржылық жай-күйiнiң нашарлауына ықпал ететiн факторларды анықтау әдiстемесiн қолдану ережесiн бекiту және Қазақстан Республикасы Қаржы нарығын және қаржы ұйымдарын реттеу мен қадағалау агенттiгi Басқармасының «Ертерек ден қою шараларын және екiншi деңгейдегi банктiң, жинақтаушы зейнетақы қорының және (немесе) зейнетақы активтерiн инвестициялық басқаруды жүзеге асыратын ұйымның, сақтандыру (қайта сақтандыру) ұйымының қаржылық жай-күйiнiң нашарлауына ықпал ететiн факторларды анықтау әдiстемесiн қолдану ережесiн бекiту туралы» 2008 жылғы 28 қарашадағы № 200 қаулысына өзгерiстер енгiзу туралы» 2011 жылғы 28 ақпандағы № 23 қаулысына өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы» 2012 жылғы 28 сәуірдегі № 175 қаулысы (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 7732 тіркелген, 2012 жылғы 25 тамызда «Егемен Қазақстан» газетінде № 551-556 (27629) жарияланған).
      3. 2013 жылғы 1 қаңтардан бастап қолданысқа енгізілетін Қағидалардың 1-тармағының 9) тармақшасын, 2-тармағының 11) тармақшасын және 6-тармағын қоспағанда, осы қаулы алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.
      4. Екінші деңгейдегі банктер Қағидалардың 1-тармағының 9) тармақшасында көзделген фактордың 2014 жылғы 1 қаңтардағы жағдай бойынша болжамды есептеуін жасайды.
      Қағидалардың 1-тармағының 9) тармақшасында көзделген фактор анықталған жағдайда, екінші деңгейдегі банктер 2013 жылғы 1 қазанға дейінгі мерзімде Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкінің Қаржы нарығын және қаржы ұйымдарын бақылау мен қадағалау комитетіне Қағидалардың 4-тармағына сәйкес банктің қаржылық тұрақтылығын көтеру, оның қаржылық жағдайының нашарлауын және оның қызметімен байланысты тәуекелдердің өсуін болдырмау бойынша ертерек ден қою шаралары көзделетін іс-шаралар жоспарын ұсынады.

      Ұлттық Банк
      Төрағасы                                   Г. Марченко

Қазақстан Республикасының    
Ұлттық Банкі Басқармасының   
2012 жылғы 24 желтоқсандағы  
№ 380 қаулысымен       
бекітілген          

Ертерек ден қою шараларын және екінші деңгейдегі банктің
қаржылық жағдайының нашарлауына ықпал ететін факторларды
айқындау әдістемесін  қолдану қағидалары

      Осы Ертерек ден қою шараларын және екінші деңгейдегі банктің қаржылық жағдайының нашарлауына ықпал ететін факторларды айқындау әдістемесін қолдану қағидалары (бұдан әрі – Қағидалар) «Қазақстан Республикасындағы банктер және банк қызметi туралы» 1995 жылғы 31 тамыздағы Қазақстан Республикасының Заңына (бұдан әрі – Банктер туралы заң) сәйкес әзірленді және ертерек ден қою шараларын қолдану тәртібін және екінші деңгейдегі банктің (бұдан әрі – банк) қаржылық жағдайының нашарлауына ықпал ететін факторларды айқындау әдістемесін белгілейді.
      Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкінің Қаржы нарығын және қаржы ұйымдарын бақылау мен қадағалау комитеті (бұдан әрі – Комитет) банктің қаржылық жағдайының нашарлауына ықпал ететін факторларды анықтаған жағдайда банкке ертерек ден қою шараларын қолданады.
      1. Банктің қаржылық жағдайының нашарлауына ықпал ететін факторлар мыналар болып табылады:
      1) меншікті капитал жеткіліктілігі коэффициенттерінің төмендеуі;
      2) таза жіктелген қарыздардың меншікті капиталға арақатынасының  өсуі;
      3) олар бойынша қалыптастырылған провизияларды (резервтерді) ескермегенде жеке тұлғаларға жиынтық қарыздардағы олар бойынша қалыптастырылған провизияларды (резервтерді) ескермегенде жеке тұлғаларға жіктелген қарыздар үлесінің өсуі;
      4) олар бойынша қалыптастырылған провизияларды (резервтерді) ескермегенде заңды тұлғаларға жиынтық қарыздардағы олар бойынша қалыптастырылған провизияларды (резервтерді) ескермегенде заңды тұлғаларға жіктелген қарыздар үлесінің өсуі;
      5) олар бойынша қалыптастырылған провизияларды (резервтерді) ескермегенде жеке және заңды тұлғалар - клиенттерге жиынтық қарыздардағы (банктерге және банк операцияларының жекелеген түрлерін жүзеге асыратын ұйымдарға берілген қарыздарды және «кері РЕПО» операцияларын қоспағанда) кредиттеудің негізгі бағыты (бағыттары) (саласы (салалары)) бойынша олар бойынша қалыптастырылған провизияларды (резервтерді) ескермегенде жіктелген қарыздар үлесінің өсуі;
      6) олар бойынша қалыптастырылған провизияларды (резервтерді) ескермегенде коммерциялық және тұрғын жылжымайтын мүлікті сатып алу мен салуға берілген қарыздардың және ипотекалық тұрғын үй қарыздарының олар бойынша қалыптастырылған провизияларды (резервтерді) ескермегенде жеке және заңды тұлғалар - клиенттерге жиынтық қарыздардағы (банктерге және банк операцияларының жекелеген түрлерін жүзеге асыратын ұйымдарға берілген қарыздарды және «кері РЕПО» операцияларын қоспағанда) үлесінің өсуі;
      7) жеке тұлғалар үшін кредиттер бойынша негізгі борыш және (немесе) есептелген сыйақы бойынша күнтізбелік алпыс күннен астам және (немесе) заңды тұлғалар үшін күнтізбелік отыз күннен астам мерзімі өткен берешегі бар қарыздардың өсуі;
      8) банктің несие портфелінің жалпы көлеміндегі негізгі борыш және (немесе) есептелген сыйақы бойынша күнтізбелік тоқсан күннен астам мерзімі өткен берешегі бар қарыздардың өсуі;
      9) олар бойынша қалыптастырылған провизияларды (резервтерді) ескермегенде негізгі борыш және (немесе) есептелген сыйақы бойынша күнтізбелік тоқсан күннен астам мерзімі өткен берешегі бар қарыздардың ол бойынша қалыптастырылған провизияларды (резервтерді) ескермегенде банктің несие портфелінің жалпы көлеміне қатынасының асып кетуі;
      10) ол бойынша қалыптастырылған провизияларды (резервтерді) ескермегенде жиынтық дебиторлық берешектегі ол бойынша қалыптастырылған провизияларды (резервтерді) ескермегенде жіктелген дебиторлық берешек үлесінің өсуі;
      11) жиынтық активтердегі кіріс келтіретін активтер үлесінің азаюы;
      12) банк міндеттемелері сомасындағы жеке және заңды тұлғалардан тартылған салымдар үлесінің төмендеуі;
      13) активтер рентабельділігі коэффициентінің азаюы;
      14) таза пайыздық маржаның азаюы;
      15) спрэдтың төмендеуі;
      16) операциялық шығыстардың кірістердің жиынтық сомасына қатынасының өсуі;
      17) өтімділік коэффициенттерінің төмендеуі.
      Провизиялар (резервтер) ретінде Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 4580 тіркелген Қазақстан Республикасы Қаржы нарығын және қаржы ұйымдарын реттеу мен қадағалау агенттігі Басқармасының «Активтерді, шартты міндеттемелерді жіктеу және оларға қарсы провизиялар (резервтер) құру ережесін бекіту туралы» 2006 жылғы 25 желтоқсандағы № 296 қаулысына (бұдан әрі – № 296 қаулы) сәйкес қалыптастырылған провизиялар (резервтер) түсініледі.
      2. Қағидалардың 1-тармағында көзделген банктің қаржылық жағдайының нашарлауына ықпал ететін факторлар мынадай әдістеме бойынша айқындалады:
      1) қатарынан алты ай ішінде меншікті капитал жеткіліктілігі коэффициенттерінің Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 3924 тіркелген Қазақстан Республикасы Қаржы нарығын және қаржы ұйымдарын реттеу мен қадағалау агенттігі Басқармасының «Екiншi деңгейдегi банктер үшiн пруденциалдық нормативтер есеп айырысуларының нормативтiк мәнi мен әдiстемесi туралы нұсқаулықты бекiту туралы» 2005 жылғы 30 қыркүйектегі № 358 қаулысында (бұдан әрі – № 358 қаулы) белгіленген меншікті капитал жеткіліктілігі коэффициенттерінің ең төменгі мәнінен 0,02-ге (қоса алғанда) асатын деңгейге дейін немесе одан төменге екі және одан да көп рет төмендеуі;
      2) бастапқы мәндері № 358 қаулыда белгіленген меншікті капитал жеткіліктілігі коэффициенттерінің ең төменгі мәндерінен 0,02-ге (қоса алғанда) асатын деңгейден төмен болған кезде меншікті капитал жеткіліктілігі коэффициенттерінің төмендеуі;
      3) № 358 қаулыда белгіленген меншікті капитал жеткіліктілігі коэффициентінің (К1-2) меншікті капитал жеткіліктілігі коэффициентінің (К1-2) ең төменгі мәнінен 0,025-ке (қоса алғанда) асатын деңгейден төмен болуы.
      Осы тармақшаның талаптары қаржы нарығын және қаржы ұйымдарын реттеу, бақылау мен қадағалау жөніндегі уәкілетті орган (бұдан әрі – уәкілетті орган) жүйе құраушы деп айқындаған банктерге қолданылады;
      4) есепті кезеңнің соңына қарай таза жіктелген қарыздардың меншікті капиталдың сексен пайызынан астам болуы талабымен және ол бойынша қалыптастырылған провизияларды (резервтерді) ескермегенде қарастырылатын кезеңде абсолютті мәнінде жіктелген қарыздардың, өсу мөлшерінің провизиялардың (резервтердің) өсу мөлшерінен асуы талабымен қатарынан алты ай ішінде таза жіктелген қарыздардың меншікті капиталға арақатынасының өсуі мынадай формула бойынша есептеледі:

ТЖҚ(6)    ТЖҚ(5)    ТЖҚ(4)  ТЖҚ(3)  ТЖҚ(2)  ТЖҚ(1)  ТЖҚ(0)
-------->-------->------->------->------->-------->--------,
MK(6)     MK(5)     MK(4)   MK(3)   МС(2)   МК(1)   МК(0)

      мынадай талаппен:

      ТЖҚ(6) > 80%МК(6) және (ЖҚБ(6) - ЖҚБ(0)) > (Пр(6) - Пр(0)),

      мұнда:
      ТЖҚ(ай) - қарастырылатын кезеңнің белгілі бір айының соңына қарай таза жіктелген қарыздар (дара кәсіпкерлерге қарыздарды қоса алғанда, банктер мен банк операцияларының жекелеген түрлерін жүзеге асыратын ұйымдарға қарыздар, жеке тұлғаларға қарыздар, шағын және орта кәсіпкерлік субъектілеріне қарыздарды қоса алғанда, заңды тұлғаларға қарыздар және «кері РЕПО» операциялары);
      МК(ай) - № 358 қаулыға сәйкес есептелген қарастырылатын кезеңнің белгілі бір айының соңына қарай меншікті капитал;
      ЖҚБ(ай) - қарастырылатын кезеңнің белгілі бір айының соңына қарай олар бойынша қалыптастырылған провизияларды (резервтерді) ескермегенде жіктелген қарыздар (дара кәсіпкерлерге қарыздарды қоса алғанда, банктер мен банк операцияларының жекелеген түрлерін жүзеге асыратын ұйымдарға қарыздар, жеке тұлғаларға қарыздар, шағын және орта кәсіпкерлік субъектілеріне қарыздарды қоса алғанда, заңды тұлғаларға қарыздар және «кері РЕПО» операциялары);
      Пр(ай) - қарастырылатын кезеңнің белгілі бір айының соңына қарай жіктелген қарыздар бойынша құрылған провизиялардың (резервтердің) мөлшері.
      Жіктелген қарыздар есебіне № 296 қаулыға сәйкес 2, 3, 4 және 5-санатты күмәнді және үмітсіздер ретінде жіктелген қарыздар кіргізіледі.
      Таза жіктелген қарыздар ретінде № 296 қаулыға сәйкес олар бойынша құрылған провизияларды (резервтерді) шегергендегі жіктелген қарыздар түсініледі;
      5) қатарынан алты айдың ішінде олар бойынша қалыптастырылған провизияларды (резервтерді) ескермегенде жеке тұлғаларға жиынтық қарыздардағы олар бойынша қалыптастырылған провизияларды (резервтерді) ескермегенде жеке тұлғаларға жіктелген қарыздар үлесінің өсуі мынадай формула бойынша есептеледі:

ЖЖҚ(6)     ЖЖҚ(5)   ЖЖҚ(4)   ЖЖҚ(3)   ЖЖҚ(2)    ЖЖҚ(1)     ЖЖҚ(0)
-------->--------->-------->--------> -------->---------->---------,
ЖЖиынЗ(6) ЖЖиынЗ(5) ЖЖиынЗ(4) ЖЖиынЗ(3) ЖЖиынЗ(2) ЖЖиынЗ(1) ЖЖиынЗ(0)

      мұнда:
      ЖЖҚ(ай) – қарастырылатын кезеңнің белгілі бір айының соңына қарай олар бойынша қалыптастырылған провизияларды (резервтерді) ескермегенде жеке тұлғаларға жіктелген қарыздар (дара кәсіпкерлерге қарыздарды қоса алғанда);
      ЖЖиынҚ(ай) – қарастырылатын кезеңнің белгілі бір айының соңына қарай олар бойынша қалыптастырылған провизияларды (резервтерді) ескермегенде жеке тұлғаларға жиынтық қарыздар (дара кәсіпкерлерге қарыздарды қоса алғанда).
      Қарастырылатын кезеңде жүйелі өсу болмаған кезде осы көрсеткіштің есепті кезеңде бес және одан да көп пайыздық тармаққа өсуі де банктің қаржылық жағдайының нашарлауына ықпал ететін фактор болып табылады және мынадай формула бойынша есептеледі:

            ЖЖҚ(6)     ЖЖҚ(0)
      ---------- - ---------- 5 пайыздық тармақ;
         ЖЖиынҚ(6)    ЖЖиынҚ(0)

      6) қатарынан алты ай ішінде олар бойынша қалыптастырылған провизияларды (резервтерді) ескермегенде заңды тұлғаларға жиынтық қарыздардағы олар бойынша қалыптастырылған провизияларды (резервтерді) ескермегенде заңды тұлғаларға жіктелген қарыздар үлесінің өсуі мынадай формула бойынша есептеледі:

  ЗЖҚ(6)    ЗЖҚ(5)   ЗЖҚ(4)   ЗЖҚ(3)    ЗЖҚ(2)    ЗЖҚ(1)    ЗЖҚ(0)
-------->--------->-------->--------> -------->---------->---------,
ЗЖиынҚ(6) ЗЖиынҚ(5) ЗЖиынҚ(4) ЗЖиынҚ(3) ЗЖиынҚ(2) ЗЖиынҚ(1) ЗЖиынҚ(0)

      мұнда:
      ЗЖҚ(ай) – қарастырылатын кезеңнің белгілі бір айының соңына қарай олар бойынша қалыптастырылған провизияларды (резервтерді) ескермегенде заңды тұлғаларға жіктелген қарыздар (шағын және орта кәсіпкерлік субъектілеріне қарыздарды қоса алғанда және банктер мен банк операцияларының жекелеген түрлерін жүзеге асыратын ұйымдарға берілген қарыздарды қоспағанда);
      ЗЖиынҚ(ай) – қарастырылатын кезеңнің белгілі бір айының соңына қарай олар бойынша қалыптастырылған провизияларды (резервтерді) ескермегенде заңды тұлғаларға жиынтық қарыздар (шағын және орта кәсіпкерлік субъектілеріне қарыздарды қоса алғанда және банктер мен банк операцияларының жекелеген түрлерін жүзеге асыратын ұйымдарға берілген қарыздарды қоспағанда).
      Қарастырылатын кезеңде жүйелі өсу болмаған кезде осы көрсеткіштің есепті кезеңде бес және одан да көп пайыздық тармаққа өсуі де банктің қаржылық жағдайының нашарлауына ықпал ететін фактор болып табылады және мынадай формула бойынша есептеледі:

         ЗЖҚ(6)         ЗЖҚ(0)
      ------------- - ------------ 5 пайыздық тармақ;
         ЗЖиынҚ(6)      ЗЖиынҚ(0)

      7) қатарынан алты ай ішінде олар бойынша қалыптастырылған провизияларды (резервтерді) ескермегенде жеке және заңды тұлғалар - клиенттерге жиынтық қарыздардағы (дара кәсіпкерлерге қарыздарды, шағын және орта кәсіпкерлік субъектілеріне қарыздарды қоса алғанда және банктер мен банк операцияларының жекелеген түрлерін жүзеге асыратын ұйымдарға берілген қарыздарды қоспағанда) кредиттеудің негізгі бағыты (бағыттары) (саласы (салалары)) бойынша олар бойынша қалыптастырылған провизияларды (резервтерді) ескермегенде жіктелген қарыздар үлесінің өсуі мынадай формула бойынша есептеледі:

  НЖҚ(6)   НЖҚ(5)    НЖҚ(4)   НЖҚ(3)    НЖҚ(2)    НЖҚ(1)   НЖҚ(0)
-------->--------->-------->--------> -------->---------->---------,
 ЖҚ(6)    ЖҚ(5)     ЖҚ(4)    ЖҚ(3)     ЖҚ(2)     ЖҚ(1)    ЖҚ(0)

    ҚО(6)
----------> 20% болған кезде,
    ЖҚ(6)

      мұнда:
      НЖҚ(ай) – қарастырылатын кезеңнің белгілі бір айының соңына қарай кредиттеудің негізгі бағыты (бағыттары) (саласы (салалары)) бойынша олар бойынша қалыптастырылған провизияларды (резервтерді) ескермегенде жіктелген қарыздар;
      ЖҚ(ай) – қарастырылатын кезеңнің белгілі бір айының соңына қарай олар бойынша қалыптастырылған провизияларды (резервтерді) ескермегенде жеке және заңды тұлғалар - клиенттерге жиынтық қарыздар;
      ҚО (ай) – олар бойынша қалыптастырылған провизияларды (резервтерді) ескермегенде жеке және заңды тұлғалар - клиенттерге жиынтық қарыздардағы (дара кәсіпкерлер мен шағын және орта кәсіпкерлік субъектілеріне қарыздарды қоса алғанда және банктер мен банк операцияларының жекелеген түрлерін жүзеге асыратын ұйымдарға берілген қарыздарды қоспағанда) үлесі қарастырылатын кезеңнің соңына қарай жиырма және одан көп пайыз болатын олар бойынша қалыптастырылған провизияларды (резервтерді) ескермегенде жеке тұлғаларға қарыздар (дара кәсіпкерлерді қоса алғанда), не қалыптастырылған провизияларды (резервтерді) ескермегенде шағын және орта кәсіпкерлік субъектілеріне қарыздар, не олар бойынша қалыптастырылған провизияларды (резервтерді) ескермегенде бір саладағы заңды тұлғаларға қарыздар (банктер мен банк операцияларының жекелеген түрлерін жүзеге асыратын ұйымдарға берілген қарыздарды қоспағанда).
      Қарастырылатын кезеңде жүйелі өсу болмаған кезде осы көрсеткіштің есепті кезеңде бес және одан да көп пайыздық тармаққа өсуі де банктің қаржылық жағдайының нашарлауына ықпал ететін фактор болып табылады және мынадай формула бойынша есептеледі:

          НЖҚ (6)     НЖҚ (0)
      ---------- - ---------- 5 пайыздық тармақ;
          ЖҚ(6)        ЖҚ(0)

      8) қатарынан алты ай ішінде олар бойынша қалыптастырылған провизияларды (резервтерді) ескермегенде жеке және заңды тұлғалар - клиенттерге жиынтық қарыздардағы (банктер мен банк операцияларының жекелеген түрлерін жүзеге асыратын ұйымдарға берілген қарыздарды қоспағанда) олар бойынша қалыптастырылған провизияларды (резервтерді) ескермегенде коммерциялық және тұрғын жылжымайтын мүлікті сатып алу мен салуға берілген қарыздардың және ипотекалық тұрғын үй қарыздарының үлесінің өсуі мынадай формула бойынша есептеледі:

  Қ(6)     Қ(5)    Қ(4)    Қ(3)     Қ(2)    Қ(1)     Қ(0)
------->-------->------->-------> ------->-------->-------,
  ЖҚ(6)   ЖҚ(5)    ЖҚ(4)   ЖҚ(3)    ЖҚ(2)   ЖҚ(1)    ЖҚ(0)

     Қ(6)
     ------> 20% болған кезде,
      ЖҚ(6)

      мұнда:
      Қ(ай) - қарастырылатын кезеңнің белгілі бір айының соңына қарай олар бойынша қалыптастырылған провизияларды (резервтерді) ескермегенде коммерциялық және тұрғын жылжымайтын мүлікті сатып алу мен салуға берілген қарыздар;
      ЖҚ(ай) – қарастырылатын кезеңнің белгілі бір айының соңына қарай олар бойынша қалыптастырылған провизияларды (резервтерді) ескермегенде клиенттерге жеке тұлғаларға (дара кәсіпкерлерге қарыздарды қоса алғанда) және заңды тұлғаларға (шағын және орта кәсіпкерлік субъектілеріне қарыздарды қоса алғанда және банктер мен банк операцияларының жекелеген түрлерін жүзеге асыратын ұйымдарға берілген қарыздарды қоспағанда) жиынтық қарыздар.
      Осы көрсеткіш есебіне олар бойынша қалыптастырылған провизияларды (резервтерді) ескермегенде жеке және заңды тұлғалар - клиенттерге жиынтық қарыздардағы (дара кәсіпкерлерге қарыздарды, шағын және орта кәсіпкерлік субъектілеріне қарыздарды қоса алғанда және банктер мен банк операцияларының жекелеген түрлерін жүзеге асыратын ұйымдарға берілген қарыздарды қоспағанда) үлесі қарастырылатын кезеңнің соңына қарай жиырма пайыздан көп болатын, олар бойынша қалыптастырылған провизияларды (резервтерді) ескермегенде коммерциялық және тұрғын жылжымайтын мүлікті сатып алу мен салуға берілген қарыздар және ипотекалық тұрғын үй қарыздары кіргізіледі.
      Қарастырылатын кезеңде жүйелі өсу болмаған кезде осы көрсеткіштің есепті кезеңде бес және одан да көп пайыздық тармаққа өсуі де банктің қаржылық жағдайының нашарлауына ықпал ететін фактор болып табылады және мынадай формула бойынша есептеледі:

         Қ(6)     Қ(0)
      ------- - ------- 5 пайыздық тармақ;
        ЖҚ(6)    ЖҚ(0)

      9) есепті кезеңде олар бойынша қалыптастырылған провизияларды (резервтерді) ескермегенде жеке тұлғалар үшін қарыздар бойынша негізгі борыш және (немесе) есептелген сыйақы бойынша күнтізбелік алпыс күннен астам және (немесе) олар бойынша қалыптастырылған провизияларды (резервтерді) ескермегенде заңды тұлғалар үшін күнтізбелік отыз күннен астам мерзімі өткен берешегі бар қарыздардың бес және одан көп пайызға өсуі мынадай формула бойынша есептеледі:

ЖМҚ 60(6) - ЖМҚ 60(0)                    ЗМҚ 3О(6) - ЗМҚ 3О(0)
------------------ 5% және (немесе) ---------------------- 5%,
    ЖМҚ 60(0)                                   ЗМҚ 3О(0)

      мұнда:
      ЖМҚ 60 – қарастырылатын кезеңнің белгілі бір айының соңына қарай олар бойынша қалыптастырылған провизияларды (резервтерді) ескермегенде негізгі борыш және (немесе) есептелген сыйақы бойынша кредиттер бойынша күнтізбелік алпыс күннен астам мерзімі өткен берешегі бар жеке тұлғалардың қарыздары;
      ЗМҚ 30 – қарастырылатын кезеңнің белгілі бір айының соңына қарай олар бойынша қалыптастырылған провизияларды (резервтерді) ескермегенде негізгі борыш және (немесе) есептелген сыйақы бойынша кредиттер бойынша күнтізбелік отыз күннен астам мерзімі өткен берешегі бар заңды тұлғалардың қарыздары (шағын және орта кәсіпкерлік субъектілеріне қарыздарды қоса алғанда және банктер мен банк операцияларының жекелеген түрлерін жүзеге асыратын ұйымдарға берілген қарыздарды қоспағанда);
      10) қатарынан алты ай ішінде ол бойынша қалыптастырылған провизияларды (резервтерді) ескермегенде банктің несие портфеліндегі негізгі борыш және (немесе) есептелген сыйақы бойынша олар бойынша қалыптастырылған провизияларды (резервтерді) ескермегенде күнтізбелік тоқсан күннен астам мерзімі өткен берешегі бар қарыздардың өсуі мынадай формула бойынша есептеледі:

МҚ90(6)   МҚ90(5)  МҚ90(4)  МҚ90(3)  МҚ90(2)  МҚ90(1)  МҚ90(0)
-------->--------->------->-------> ------->-------->--------,
  НП(6)    НП(5)    НП(4)   НП(3)    НП(2)    НП(1)    НП(0)

      мұнда:
      МҚ90(ай) – қарастырылатын кезеңнің белгілі бір айының соңына қарай олар бойынша қалыптастырылған провизияларды (резервтерді) ескермегенде негізгі борыш және (немесе) есептелген сыйақы бойынша күнтізбелік тоқсан күннен астам мерзімі өткен берешегі бар қарыздар (дара кәсіпкерлерге қарыздарды қоса алғанда, банктер мен банк операцияларының жекелеген түрлерін жүзеге асыратын ұйымдарға қарыздар, жеке тұлғаларға қарыздар, шағын және орта кәсіпкерлік субъектілеріне қарыздарды қоса алғанда, заңды тұлғаларға қарыздар және «кері РЕПО» операциялары);
      НП(ай) – қарастырылатын кезеңнің белгілі бір айының соңына қарай олар бойынша қалыптастырылған провизияларды (резервтерді) ескермегенде несие портфелі (дара кәсіпкерлерге қарыздарды қоса алғанда, банктер мен банк операцияларының жекелеген түрлерін жүзеге асыратын ұйымдарға қарыздар, жеке тұлғаларға қарыздар, шағын және орта кәсіпкерлік субъектілеріне қарыздарды қоса алғанда, заңды тұлғаларға қарыздар және «кері РЕПО» операциялары).
      Қарастырылатын кезеңде жүйелі өсу болмаған кезде осы көрсеткіштің есепті кезеңде бес және одан да көп пайыздық тармаққа өсуі де банктің қаржылық жағдайының нашарлауына ықпал ететін фактор болып табылады және мынадай формула бойынша есептеледі:

        МҚ90(6)     МҚ90(0)
      ---------- - --------- 5 пайыздық тармақ;
         НП(6)       НП(0)

      11) олар бойынша қалыптастырылған провизияларды (резервтерді) ескермегенде негізгі борыш және (немесе) есептелген сыйақы бойынша күнтізбелік тоқсан күннен астам мерзімі өткен берешегі бар қарыздардың ол бойынша қалыптастырылған провизияларды (резервтерді) ескермегенде банктің несие портфелінің жалпы көлеміне қатынасының асып кетуі мынадай формула бойынша есептеледі:

         ТҚ
       ----- 20%,
         НП

      мұнда:
      ТҚ – қарастырылатын кезеңнің соңына қарай ол бойынша қалыптастырылған провизияларды (резервтерді) ескермегенде негізгі борыш және (немесе) есептелген сыйақы бойынша күнтізбелік тоқсан күннен астам мерзімі өткен берешегі бар қарыздар (дара кәсіпкерлерге қарыздарды қоса алғанда, банктер мен банк операцияларының жекелеген түрлерін жүзеге асыратын ұйымдарға қарыздар, жеке тұлғаларға қарыздар, шағын және орта кәсіпкерлік субъектілеріне қарыздарды қоса алғанда, заңды тұлғаларға қарыздар және «кері РЕПО» операциялары);
      НП – қарастырылатын кезеңнің соңына қарай ол бойынша қалыптастырылған провизияларды (резервтерді) ескермегенде несие портфелі (дара кәсіпкерлерге қарыздарды қоса алғанда, банктер мен банк операцияларының жекелеген түрлерін жүзеге асыратын ұйымдарға қарыздар, жеке тұлғаларға қарыздар, шағын және орта кәсіпкерлік субъектілеріне қарыздарды қоса алғанда, заңды тұлғаларға қарыздар және «кері РЕПО» операциялары).
      2014 жылғы 1 қаңтардан бастап көрсетілген арақатынас 15%-дан жоғары емес болады;
      12) қатарынан алты ай ішінде ол бойынша қалыптастырылған провизияларды (резервтерді) ескермегенде жиынтық дебиторлық берешектегі ол бойынша қалыптастырылған провизияларды (резервтерді) ескермегенде жіктелген дебиторлық берешек үлесінің өсуі мынадай формула бойынша есептеледі:

  ЖДБ(6)   ЖДБ(5)   ЖДБ(4)  ЖДБ(3)   ЖДБ(2)  ЖДБ(1)   ЖДБ(0)
-------->--------->------->-------> ------->-------->--------,
  ДБ(6)    ДБ(5)    ДБ(4)   ДБ(3)    ДБ(2)   ДБ(1)    ДБ(0)

      мұнда:
      ЖДБ(ай) – қарастырылатын кезеңнің белгілі бір айының соңына қарай ол бойынша қалыптастырылған провизияларды (резервтерді) ескермегенде жіктелген дебиторлық берешек;
      ДБ(ай) – қарастырылатын кезеңнің белгілі бір айының соңына қарай ол бойынша қалыптастырылған провизияларды (резервтерді) ескермегенде жиынтық дебиторлық берешек.
      Қарастырылатын кезеңде жүйелі өсу болмаған кезде осы көрсеткіштің есепті кезеңде бес және одан да көп пайыздық тармаққа өсуі де банктің қаржылық жағдайының нашарлауына ықпал ететін фактор болып табылады және мынадай формула бойынша есептеледі:

          ЖДБ(6)     ЖДБ(0)
      ---------- - --------- 5 пайыздық тармақ.
          ДБ(6)      ДБ(0)

      Жіктелген дебиторлық берешек есебіне № 296 қаулыға сәйкес 2, 3, 4 және 5-санатты күмәнді және үмітсіздер ретінде жіктелген дебиторлық берешек кіргізіледі;
      13) қатарынан алты ай ішінде кіріс келтіретін активтердің жиынтық активтердегі үлесінің азаюы мынадай формула бойынша есептеледі:

  КА(6)     КА(5)     КА(4)    КА(3)   КА(2)   КА(1)   КА(0)
-------- <------- <--------- <------ <------ <------ <------,
 А(6)      А(5)      А(4)     А(3)    А(2)    А(1)    А(0)

      мұнда:
      КА(ай) – қарастырылатын кезеңнің белгілі бір айының соңына қарай кіріс келтіретін активтер;
      А(ай) – қарастырылатын кезеңнің белгілі бір айының соңына қарай жиынтық активтер.
      Қарастырылатын кезеңде жүйелі өсу болмаған кезде осы көрсеткіштің есепті кезеңде бес және одан да көп пайыздық тармаққа өсуі де банктің қаржылық жағдайының нашарлауына ықпал ететін фактор болып табылады және мынадай формула бойынша есептеледі:

         КА(6)     КА(0)
      -------- - -------- - 5 пайыздық тармақ;
         А(6)      А(0)

      14) қарастырылатын кезеңнің басында жеке және заңды тұлғалар салымдарының қатынасы банк міндеттемелерінен елу пайыз болу талабымен соңғы алты айдың ішінде басқа банктердің салымдарын және арнайы мақсаттағы еншілес ұйымдардың (бұдан әрі – SPV) салымдарын ескермегендегі банк міндеттемелері сомасындағы жеке және заңды тұлғалардан тартылған салымдардың жиырма және одан астам пайыздық тармаққа төмендеуі мынадай формула бойынша есептеледі:

  C(6)   С(0)
------ - ----- - 20 пайыздық тармақ С(0) > 50% М(0) болған кезде,
 М(6)   М(0)

      мұнда:
      С(ай) – қарастырылатын кезеңнің белгілі бір айының соңына қарай басқа банктердің салымдарын және SPV салымдарын ескермегендегі жеке және заңды тұлғалардан тартылған салымдар (оның ішінде ағымдағы шоттар);
      М(ай) – қарастырылатын кезеңнің белгілі бір айының соңына қарай жиынтық міндеттемелер;
      15) соңғы алты ай ішінде активтер рентабельділігі коэффициентінің бір және одан астам пайыздық тармаққа азаюы мынадай формула бойынша есептеледі:

       ROA(6)-ROA(1) -1 пайыздық тармақ.

      Активтер рентабельділігі коэффициенті жылдық мәндегі бөлінбеген таза кірістің (орны толтырылмаған шығынның) активтердің орташа шамасына қатынасы ретінде мынадай формула бойынша есептеледі:

                  БТК (ОТШ)(n)
      ROA(n) = ---------------- * Кт,
                  Аорт(n)

      мұнда:
      БТК (ОТШ)(n) – тиісті қаржы жылының басынан бастап қарастырылатын айдың соңына дейінгі кезеңде алынған, бөлінбеген таза кіріс (орны толтырылмаған шығын);
      Аорт(n) – белгілі бір қарастырылатын кезеңдегі активтердің орташа шамасы;
      Кт – мынадай формула бойынша есептелетін түзету коэффициенті:

           12
      Кт = ——,
           А

      мұнда А – тиісті қаржы жылының басынан бастап өткен айлар саны.
      Активтердің орташа шамасы тиісті жылдың өткен айларындағы активтер мөлшері сомасының тиісті жылдың өткен айларының санына қатынасы ретінде мынадай формула бойынша есептеледі:

                 А(0) + А(1) +... + А(n)
      Аорт(n) = --------------------------,
                          n+1

      мұнда:
      Аорт(n) – белгілі бір қарастырылатын кезеңдегі активтердің орташа шамасы;
      А (0, 1....n) - белгілі бір айдың соңына қарай активтердің мөлшері;
      n – тиісті қаржы жылының басынан бастап өткен айлар саны;
      16) соңғы алты ай ішінде таза пайыздық маржаның бір және одан астам пайыздық тармаққа азаюы мынадай формула бойынша есептеледі:

      ТПМ %(6)– ТПМ %(1)  1 пайыздық тармақ.

      Таза пайыздық маржа жылдық мәндегі банктің таза пайыздық кірісінің (сыйақы төлеуге байланысты шығыстарды шегергенде, сыйақы алуға байланысты кірістер) олар бойынша қалыптастырылған провизияларды ескергендегі активтердің орташа шамасына қатынасы ретінде мынадай формула бойынша есептеледі:

                  ТК(n)
      ТПМ%(n) = ----------- * Кт,
                 Аорт(n)

      мұнда:
      ТПМ%(n) – таза пайыздық маржа;
      ТК(n) – мынадай формула бойынша есептелетін таза кіріс:

      ТК(n) = Кс%(n) - Шс%(n),

      мұнда:
      Кс%(n) – тиісті қаржы жылының басынан бастап қарастырылатын айдың соңына дейінгі кезеңдегі сыйақы алуға байланысты кірістер;
      Шс%(n) – тиісті қаржы жылының басынан бастап қарастырылатын айдың соңына дейінгі кезеңдегі сыйақы төлеуге байланысты шығыстар;
      Аорт(n) – белгілі бір қарастырылатын кезеңдегі активтердің орташа шамасы;
      ТК - мынадай формула бойынша есептелетін түзету коэффициенті:

          12
     Кт = ——,
           А

      мұнда А – тиісті қаржы жылының басынан бастап өткен айлар саны.
      Сыйақы алуға байланысты кірістерге мыналар кіреді:
      корреспонденттік шоттар бойынша сыйақы алуға байланысты кірістер;
      Қазақстан Республикасының Ұлттық Банкінде орналастырылған салымдар бойынша сыйақы алуға байланысты кірістер;
      табыс немесе шығын арқылы әділ құны бойынша ескерілетін бағалы қағаздар бойынша сыйақы алуға байланысты кірістер;
      басқа банктерде орналастырылған салымдар бойынша сыйақы алуға байланысты кірістер (металл шоттарда орналастырылған тазартылған қымбат металдар бойынша сыйақы алуға байланысты кірістерді, басқа банктерде орналастырылған мерзімді салымның құнын оң түзету түріндегі кірістерді, басқа банктерде орналастырылған шартты салымның құнын оң түзету түріндегі кірістерді, басқа банктерден тартылған мерзімді салымның құнын теріс түзету түріндегі кірістерді, басқа банктерден тартылған шартты салымның құнын теріс түзету түріндегі кірістерді қоспағанда);
      басқа банктерге берілген қарыздар бойынша сыйақы алуға байланысты кірістер (басқа банктерге берілген қарыздар бойынша комиссиялық сыйақыны, басқа банктерге берілген қарыздың құнын оң түзету түріндегі кірістерді, басқа банктерден алынған қарыздың құнын теріс түзету түріндегі кірістерді қоспағанда);
      банк операцияларының жекелеген түрлерін жүзеге асыратын ұйымдарға берілген немесе банк операцияларының жекелеген түрлерін жүзеге асыратын ұйымдардан алынған қарыздар және қаржы лизингі бойынша сыйақы алуға байланысты кірістер (банк операцияларының жекелеген түрлерін жүзеге асыратын ұйымдарға берілген қарыздың құнын оң түзету түріндегі кірістерді, банк операцияларының жекелеген түрлерін жүзеге асыратын ұйымдардан алынған қарыздың құнын теріс түзету түріндегі кірістерді, шетелдік филиалдармен есеп айырысулар бойынша кірістерді қоспағанда);
      банктің клиенттерге талаптары бойынша сыйақы алуға байланысты кірістер (клиенттерге берілген қарыздың құнын оң түзету түріндегі кірістерді, Қазақстан Республикасының Үкіметінен, Қазақстан Республикасының жергілікті атқарушы органдарынан және халықаралық қаржы ұйымдарынан алынған қарыздың құнын теріс түзету түріндегі кірістерді, клиенттерден тартылған мерзімді салымның құнын теріс түзету түріндегі кірістерді, клиенттерден тартылған шартты салымның құнын теріс түзету түріндегі кірістерді, сенімгерлік (траст) басқаруға берілген қаржылық активтер бойынша сыйақы алуға байланысты кірістерді қоспағанда);
      сату үшін қолда бар бағалы қағаздар бойынша сыйақы алуға байланысты кірістер (айналысқа шығарылған бағалы қағаздар бойынша сыйлықақы амортизациясы жөніндегі кірістерді, айналысқа шығарылған реттелген облигациялар бойынша сыйлықақы амортизациясы жөніндегі кірістерді қоспағанда);
      бағалы қағаздармен жасалатын «Kepi РЕПО» операциялары бойынша
сыйақы алуға байланысты кірістер;
      капиталға және реттелген борышқа инвестициялар бойынша сыйақы алуға байланысты кірістер;
      өтеуге дейін ұстап қалынатын бағалы қағаздар бойынша сыйақы алуға байланысты кірістер;
      «қарыздар және дебиторлық берешек» санатындағы өзге борыштық құралдар бойынша сыйақы алуға байланысты кірістер.
      17) соңғы алты ай ішінде спрэдтың бір және одан астам пайыздық тармаққа төмендеуі мынадай формула бойынша есептеледі:

      Спрэд(6) – Спрэд(1)  1 пайыздық тармақ.

      Банк спрэды жылдық мәндегі сыйақы алуға байланысты кірістердің кіріс келтіретін орташа активтерге қатынасының және жылдық мәндегі сыйақы төлеуге байланысты шығыстардың шығыстарға әкеп соқтыратын орташа міндеттемелерге қатынасының арасындағы айырма ретінде мынадай формула бойынша есептеледі:

                   Кс%(n)              Шс%(n)
      Спрэд(n) = ----------- * тК - ------------ Кт,
                   кА(орт)(n)       қМ(орт)(n)

      мұнда:
      Кс%(n) – тиісті қаржы жылының басынан бастап қарастырылатын айдың соңына дейінгі кезеңдегі сыйақы алуға байланысты кірістер;
      Шс%(n) – тиісті қаржы жылының басынан бастап қарастырылатын айдың соңына дейінгі кезеңдегі сыйақы төлеуге байланысты шығыстар;
      ТК – мынадай формула бойынша есептелетін түзету коэффициенті:

     12
Кт = ——,
     А

      мұнда А – тиісті қаржы жылының басынан бастап өткен айлар саны.
      кАорт(n) – мынадай формула бойынша есептелетін, белгілі бір қарастырылатын кезеңдегі кіріс келтіретін активтердің орташа шамасы:

          КА(0) + КА(1) +... + КА(n)
кАорт(n) = ---------------------------,
       n+1

      мұнда:
      КА(0,2,....n) – белгілі бір айдың соңына қарай кіріс келтіретін активтер;
      n - тиісті қаржы жылының басынан бастап өткен айлар саны;
      ШМорт(n) – мынадай формула бойынша есептелетін, белгілі бір қарастырылатын кезеңдегі шығыстарға әкеп соқтыратын міндеттемелердің орташа шамасы:

                    ШМ(0) + ШМ(1) +...+ШМ(n)
      ШМорт(n) = -------------------------------------,
                               n+1

      мұнда:
      ШМ(0, 1....n) – белгілі бір айдың соңына қарай шығыстарға әкеп соқтыратын міндеттемелер;
      n – тиісті қаржы жылының басынан бастап өткен айлар саны.
      Кіріс келтіретін активтерге (КА) мыналар кіреді:
      корреспонденттік шоттар;
      Қазақстан Республикасының Ұлттық Банкіне қойылатын талаптар;
      табыс немесе шығын арқылы әділ құны бойынша ескерілетін бағалы қағаздар;
      басқа банктерде орналастырылған салымдар;
      басқа банктерге берілген қарыздар;
      банк операцияларының жекелеген түрлерін жүзеге асыратын ұйымдарға берілген қарыздар және қаржы лизингі;
      клиенттерге қойылатын талаптар;
      сату үшін қолда бар бағалы қағаздар;
      бағалы қағаздармен «Kepi РЕПО» операциялары;
      капиталға инвестициялар және реттелген борыш;
      өтеуге дейін ұстап қалынатын бағалы қағаздар;
      «қарыздар және дебиторлық берешек» санатындағы өзге борыштық құралдар.
      Кіріс келтіретін активтер халықаралық қаржылық есептілік стандарттары (IFRS) бойынша провизиялар (резервтер) шегеріле отырып, сондай-ақ дисконттар (сыйлықақылар) мен оң (теріс) түзетулер ескеріле отырып есепке алынады.
      Шығыстарға әкеп соқтыратын міндеттемелерге (ШМ) мыналар кіреді:
      корреспонденттік шоттар;
      басқа банктердің талап етуге дейінгі салымдары;
      Қазақстан Республикасының Үкіметінен, Қазақстан Республикасының жергілікті атқарушы органдарынан және ұлттық басқарушы холдингтен алынған қарыздар;
      халықаралық қаржы ұйымдарынан алынған қарыздар;
      басқа банктерден және банк операцияларының жекелеген түрлерін жүзеге асыратын ұйымдардан алынған қарыздар;
      овернайт қарыздары;
      мерзімді салымдар;
      клиенттер алдындағы міндеттемелер;
      бағалы қағаздармен «Kepi РЕПО» операциялары;
      айналысқа шығарылған бағалы қағаздар;
      реттелген борыштар.
      Шығыстарға әкеп соқтыратын міндеттемелер бойынша сыйақы төлеуге байланысты шығыстарға мыналар кіреді:
      корреспонденттік шоттар бойынша сыйақы төлеуге байланысты шығыстар;
      Қазақстан Республикасының Үкіметінен, Қазақстан Республикасының жергілікті атқарушы органдарынан және ұлттық басқарушы холдингтен алынған қарыздар бойынша сыйақы төлеуге байланысты шығыстар (Қазақстан Республикасының Үкіметінен және Қазақстан Республикасының жергілікті атқарушы органдарынан алынған қарыздың құнын оң түзету түріндегі шығыстарды қоспағанда);
      халықаралық қаржы ұйымдарынан алынған қарыздар бойынша сыйақы төлеуге байланысты шығыстар (халықаралық қаржы ұйымдарынан алынған қарыздың құнын оң түзету түріндегі шығыстарды қоспағанда);
      басқа банктерден алынған қарыздар бойынша сыйақы төлеуге байланысты шығыстар (басқа банктерден алынған қарыздың құнын оң түзету түріндегі шығыстарды, басқа банктерге берілген қарыздың құнын теріс түзету түріндегі шығыстарды қоспағанда);
      банк операцияларының жекелеген түрлерін жүзеге асыратын ұйымдардан алынған қарыздар бойынша сыйақы төлеуге байланысты шығыстар (банк операцияларының жекелеген түрлерін жүзеге асыратын ұйымдардан алынған қарыздың құнын оң түзету түріндегі шығыстарды, банк операцияларының жекелеген түрлерін жүзеге асыратын ұйымдарға берілген қарыздың құнын теріс түзету түріндегі шығыстарды қоспағанда);
      басқа банктермен операциялар бойынша сыйақы төлеуге байланысты шығыстар;
      овернайт қарыздары бойынша сыйақы төлеуге байланысты шығыстар;
      басқа банктердің салымдары бойынша сыйақы төлеуге байланысты шығыстар (басқа банктерде орналастырылған мерзімді салымның құнын теріс түзету түріндегі шығыстарды, басқа банктерде орналастырылған шартты салымның құнын теріс түзету түріндегі шығыстарды, басқа банктерден тартылған мерзімді салымның құнын оң түзету түріндегі шығыстарды, басқа банктерден тартылған шартты салымның құнын оң түзету түріндегі шығыстарды қоспағанда);
      клиенттердің талаптары бойынша сыйақы төлеуге байланысты шығыстар (сенімгерлік басқаруға қабылданған қаржылық активтер бойынша сыйақы төлеуге байланысты шығыстарды, клиенттермен өзге операциялар бойынша мерзімі өткен берешек бойынша сыйақы төлеуге байланысты шығыстарды, алынған қаржы лизингі бойынша сыйақы төлеуге байланысты шығыстарды, мерзімінде орындалмаған нұсқаулар бойынша сыйақы төлеуге байланысты шығыстарды, қабылданған салымдар бойынша комиссиялық сыйақыны, клиенттерге берілген қарыздың құнын теріс түзету түріндегі шығыстарды, есепке алынған вексельдер бойынша сыйлықақы амортизациясы жөніндегі шығыстарды, клиенттерге берілген қарыздар бойынша сыйлықақы амортизациясы жөніндегі шығыстарды қоспағанда);
      бағалы қағаздармен «РЕПО» операциялары бойынша сыйақы төлеуге байланысты шығыстар;
      бағалы қағаздар бойынша сыйақы төлеуге байланысты шығыстар (табыс немесе шығын арқылы әділ құны бойынша ескерілетін сатып алынған бағалы қағаздар бойынша сыйлықақы амортизациясы жөніндегі шығыстарды, сату үшін қолда бар сатып алынған бағалы қағаздар бойынша сыйлықақы амортизациясы жөніндегі шығыстарды, өтеуге дейін ұстап қалынатын сатып алынған бағалы қағаздар бойынша сыйлықақы амортизациясы жөніндегі шығыстарды, «қарыздар және дебиторлық берешек» санатындағы өзге борыштық құралдар бойынша сыйлықақы амортизациясы жөніндегі шығыстарды қоспағанда);
      реттелген борыш бойынша сыйақы төлеуге байланысты шығыстар;
      18) соңғы алты ай ішінде операциялық шығыстардың сыйақы алуға байланысты кірістердің және сыйақы алуға байланысты емес кірістердің сомасына қатынасының бес және одан астам пайыздық тармаққа өсуі мынадай формула бойынша есептеледі:

              ОПШ(6)                ОПШ(1)
      ------------------- - ------------------ 5 пайыздық тармақ,
       Кс%(6) + Ксбе%(6)   Кс%(1) + Ксбе%(1)

      мұнда:
      ОПШ(ай) – тиісті қаржы жылының басынан бастап қарастырылатын айдың соңына дейінгі кезеңдегі операциялық шығыстар;
      Кс%(ай) – тиісті қаржы жылының басынан бастап қарастырылатын айдың соңына дейінгі кезеңдегі сыйақы алуға байланысты кірістер;
      Ксбе%(ай) – тиісті қаржы жылының басынан бастап қарастырылатын айдың соңына дейінгі кезеңдегі сыйақы алуға байланысты емес кірістер;
      Операциялық шығыстарға (ОПШ) мыналар кіреді:
      еңбекке ақы төлеу және міндетті аударымдар бойынша шығыстар;
      жалпы шаруашылық шығыстар («Қазақстан депозиттерге кепілдік беру қоры» акционерлік қоғамына міндетті күнтізбелік, қосымша және төтенше жарналарды аударым жасау шығыстарын қоспағанда);
      табыс салығынан басқа, салықтар, алымдар және бюджетке төленетін басқа да міндетті төлемдер;
      амортизациялық аударымдар;
      негізгі құрал-жабдықтар мен материалдық емес активтерді өтеусіз беруден және тауарлық-материалдық қорларды сатудан, өзге инвестициялардан болған шығыстар;
      тұрақсыздық айыбы (айыппұл, өсімпұл);
      жалдау шығыстары.
      19) қатарынан алты ай ішінде өтімділік коэффициенттерінің № 358 қаулыда белгіленген өтімділік коэффициенттерінің ең төменгі мәндерінен 0,1-ге асатын деңгейге дейін немесе одан төменге екі және одан көп рет төмендеуі;
      20) бастапқы мәндері № 358 қаулыда белгіленген өтімділік коэффициенттерінің ең төменгі мәндерінен 0,1-ге асатын деңгейден төмен болған кезде өтімділік коэффициенттерінің төмендеуі.
      Есепті күні аяқталатын кезең қарастырылатын кезең болып табылады. Көрсеткіштерді есептеу кезінде өзгерістер үтірден кейін үш таңбамен беріледі.
      Осы тармақтың 7) және 8) тармақшаларының талаптары «Қазақстанның Тұрғын үй құрылыс жинақ банкі» акционерлік қоғамына қолданылмайды.
      Осы тармақтың 4, 5) және 6) тармақшаларында белгіленген көрсеткіштерді есептеу кезінде жиынтық, сондай-ақ жіктелген қарыздардың есебіне бірыңғай кредиттер портфелі кіргізілмейді.
      Қағидалардың талаптары Банктер туралы заңға сәйкес қайта құрылымдау барысындағы банктерге қолданылмайды.
      3. Комитет банктің қаржылық жағдайының нашарлауына ықпал ететін факторларды анықтау үшін ай сайын реттеушілік есептілік деректерінің негізінде банктің қаржылық жағдайына талдау жасайды.
      4. Банктің қаржылық жағдайына талдау жасау нәтижесінде және (немесе) оған тексеру жүргізу қорытындылары бойынша Қағидалардың 1-тармағында көзделген факторлар анықталған жағдайда, Комитет банкке және (немесе) оның акционерлеріне банктің қаржылық тұрақтылығын көтеру, оның қаржылық жағдайының нашарлауын және оның қызметімен байланысты тәуекелдердің өсуін болдырмау бойынша ертерек ден қою шаралары көзделетін іс-шаралар жоспарын (бұдан әрі – іс-шаралар жоспары) ұсыну жөнінде жазбаша нысанда талап жолдайды.
      Банк және (немесе) оның акционерлері Комитеттің талабын алған күннен бастап бес жұмыс күнінен аспайтын мерзімде:
      1) банктің қаржылық жағдайының нашарлауына ықпал ететін фактордың толық талдауы;
      2) осы фактордың болжамы, осындай болжамның негіздемесі және банктің қызметіне тигізетін жағымсыз әсері;
      3) осы факторды жақсарту шаралары, яғни оны банктің қызметі үшін қауіп төндірмейтін (қосымша тәуекелдер) деңгейге дейін жеткізу;
      4) іс-шаралар жоспарының орындалу мерзімдері (іс-шаралар жоспарының әрбір тармағы бойынша орындалу мерзімдері көрсетіле отырып);
      5) іс-шаралар жоспарының орындалуына жауапты лауазымды адамдар қамтылатын іс-шаралар жоспарын әзірлеп, Комитетке ұсынады.
      Комитет іс-шаралар жоспарын банк және (немесе) оның акционерлері ұсынған күнінен бастап он жұмыс күні ішінде алдын ала қарайды.
      Комитет банк және (немесе) оның акционерлері қарауға ұсынған іс-шаралар жоспарымен келіспеген жағдайда, Комитет пен банк іс-шаралар жоспарын жетілдіру мақсатында бірлескен талқылаулар жүргізеді. Бұл ретте банк Комитеттің ескертулерін жою үшін жоспарды түзетеді немесе мұндай ескертулермен келіспеген жағдайда өзінің негіздеулерін ұсынады.
      Комитет жетілдірілген іс-шаралар жоспарын банк және (немесе) оның акционерлері қайталап ұсынған күнінен бастап бес жұмыс күні ішінде мақұлдайды немесе мақұлдамайды.
      Комитет ұсынылған іс-шаралар жоспарын мақұлдаған жағдайда, банк және (немесе) оның акционерлері оны іске асыруға кіріседі және іс-шаралар жоспарында белгіленген мерзімдерде Комитетке іс-шаралардың орындалуы туралы есепті ұсынады.
      Комитет іс-шаралар жоспарын мақұлдамаған жағдайда банкке және (немесе) оның акционерлеріне Банктер туралы Заңның 45-бабы 3-тармағының төртінші бөлігінде көзделген талаптарды қою арқылы бір немесе бірнеше ертерек ден қою шараларын қолданады.
      Банк Қағидалардың 1-тармағында көзделген факторларды өз бетінше анықтаған жағдайда көрсетілген факторларды анықтаған күннен бастап бес жұмыс күні ішінде Комитетке Қағидалардың осы тармағында көзделген іс-шаралар жоспарын қоса бере отырып, оның қаржылық жағдайының нашарлағанын көрсететін ақпаратты ұсынады.
      5. Қағидалардың 2-тармағының 3) тармақшасында көрсетілген фактор анықталған жағдайда және іс-шаралар жоспары мақұлданбаған кезде Комитет банкке және (немесе) оның акционерлеріне төменде берілген кестеге сәйкес есептеуді тоқтату және (немесе) дивидендтер өлеу бойынша талап қою арқылы ертерек ден қою шарасын қолданады:

Меншікті капитал жеткіліктілігі коэффициентінің асу деңгейі:

Бөлінбеген таза кірісті пайдалануға қойылған ең төменгі шектеу (пайызбен)

0-ден 0,00625-ке дейін

100

0,00626-дан 0,0125-ке дейін

80

0,0126-дан 0,01875-ке дейін

60

0,01876-дан 0,025-ке дейін (қоса алғанда)

40

0,025-тен аса

0

      Тәуекел дәрежесі бойынша мөлшерленген активтерді төмендету, сондай-ақ қатарынан алты ай ішінде:
      банктің жарғылық капиталын;
      бөлінбеген таза кірісті;
      бөлінбеген таза кіріс есебінен қалыптастырылған резервтерді ұлғайту арқылы меншікті капитал жеткіліктілігі коэффициентінің асу деңгейіне қол жеткізген жағдайда іс-шаралар жоспары мақұлданады.
      6. Жүйе құраушы болып айқындалған банк жыл сайын есепті жылдың 1 наурызына дейінгі мерзімде Комитетке Қағидалардың 1-тармағының 1), 8), 13), 15), 16) және 17) тармақшаларында көрсетілген көрсеткіштердің өзгеру болжамын ұсынады. Көрсеткіштердің өзгеру болжамы қаржы жылы аяқталғанға дейін жасалады.
      Көрсеткіштердің өзгеру болжамы негіздеме беріле отырып, жылына бір реттен артық емес рет қайта қаралады.
      Комитет көрсеткіштердің болжам мәндерінің ағымдағы мәндерге сәйкестігін тексереді.
      Көрсеткіштердің өзгеру болжамында банктiң қаржылық жағдайының нашарлауына ықпал ететiн факторлар анықталған жағдайда Комитет Қағидалардың 4-тармағында көзделген іс-шараларды жүзеге асырады. Қағидалардың 1-тармағының 1), 8) және 13) тармақшаларында көрсетілген көрсеткіштердің өзгеру болжамы стресстік сценарийдің әсер ету тиімділігін бағалаумен толықтырылады.
      Стресстік сценарий өлшемдері бойынша сценарий мен ұсынымдарды уәкілетті орган жүйе құраушы болып айқындалған банкке болжамды көрсеткіштерді Комитетке беру мерзіміне дейін бір ай бұрын береді.