Қазақстан Республикасы Қаржы нарығын және қаржы ұйымдарын реттеу мен қадағалау агенттігі Басқармасының "Ертерек ден қою шараларын және екiншi деңгейдегi банктiң қаржылық жай-күйiнiң нашарлауына ықпал ететiн факторларды анықтау әдiстемесiн қолдану ережесiн

Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкі Басқармасының 2012 жылғы 28 сәуірдегі № 175 Қаулысы. Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде 2012 жылы 12 маусымда № 7732 тіркелді. Күші жойылды - Қазақстан Республикасының Ұлттық Банкі Басқармасының 2012 жылғы 24 желтоқсандағы № 380 Қаулысымен

      Ескерту. Күші жойылды - ҚР Ұлттық Банкі Басқармасының 24.12.2012 № 380 қаулысымен (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі).

      Қазақстан Республикасының нормативтік құқықтық актiлерiн жетiлдiру мақсатында Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкінің Басқармасы ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
      1. Қазақстан Республикасы Қаржы нарығын және қаржы ұйымдарын реттеу мен қадағалау агенттігі Басқармасының «Ертерек ден қою шараларын және екiншi деңгейдегi банктiң қаржылық жай-күйiнiң нашарлауына ықпал ететiн факторларды анықтау әдiстемесiн қолдану ережесiн бекiту және Қазақстан Республикасы Қаржы нарығын және қаржы ұйымдарын реттеу мен қадағалау агенттiгi Басқармасының Ертерек ден қою шараларын және екiншi деңгейдегi банктiң, жинақтаушы зейнетақы қорының және (немесе) зейнетақы активтерiн инвестициялық басқаруды жүзеге асыратын ұйымның, сақтандыру (қайта сақтандыру) ұйымының қаржылық жай-күйiнiң нашарлауына ықпал ететiн факторларды анықтау әдiстемесiн қолдану ережесiн бекiту туралы 2008 жылғы 28 қарашадағы № 200 қаулысына өзгерiстер енгiзу туралы» 2011 жылғы 28 ақпандағы № 23 қаулысына (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 6886 тіркелген, Қазақстан Республикасының орталық атқарушы және өзге де мемлекеттік органдарының актілер жинағында 2011 жылғы 10 қарашада № 16 жарияланған) мынадай өзгерістер мен толықтырулар енгізілсін:
      көрсетілген қаулымен бекітілген Ертерек ден қою шараларын және екiншi деңгейдегi банктiң қаржылық жай-күйiнiң нашарлауына ықпал ететiн факторларды анықтау әдiстемесiн қолдану ережесiнде:
      кіріспе мынадай редакцияда жазылсын:
      «Осы Ертерек ден қою шараларын және екінші деңгейдегі банктің қаржылық жай-күйінің нашарлауына ықпал ететін факторларды анықтау әдістемесін қолдану ережесі «Қазақстан Республикасындағы банктер және банк қызметі туралы» 1995 жылғы 31 тамыздағы Қазақстан Республикасының Заңына (бұдан әрі – Банктер туралы Заң) сәйкес әзірленді және ертерек ден қою шараларын қолдану тәртібін және екінші деңгейдегі банктің қаржылық жай-күйінің нашарлауына ықпал ететін факторларды анықтау әдістемесін белгілейді.
      Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкінің Қаржы нарығын және қаржы ұйымдарын бақылау мен қадағалау комитеті (бұдан әрі – уәкілетті орган) екінші деңгейдегі банктің қаржылық жай-күйінің нашарлауына ықпал ететін факторларды анықтаған кезде екінші деңгейдегі банкке ертерек ден қою шараларын қолданады.»;
      2-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:
      «2. Осы Ереженің 1-тармағында көзделген банктің қаржылық жай-күйінің нашарлауына ықпал ететін факторларды анықтау мынадай әдістеме бойынша жүзеге асырылады:
      1) қатарынан алты айдың ішінде меншікті капитал жеткіліктілігі коэффициенттерінің Қазақстан Республикасының Ұлттық Банкі белгілеген меншікті капитал жеткіліктілігі коэффициенттерінің ең төменгі мәнінен 0,02-ге (қоса алғанда) асатын деңгейге дейін немесе одан төменге екі және одан да көп рет төмендеуі;
      2) бастапқы мәндері Қазақстан Республикасының Ұлттық Банкі белгілеген меншікті капитал жеткіліктілігі коэффициенттерінің ең төменгі мәндерінен 0,02-ге (қоса алғанда) асатын деңгейден төмен болған кезде меншікті капитал жеткіліктілігі коэффициенттерінің төмендеуі;
      3) меншікті капитал жеткіліктілігі коэффициентінің (К2) меншікті капитал жеткіліктілігі коэффициентінің (К2) ең төменгі мәнінен 0,025-ке (қоса алғанда) асатын деңгейден төмен болуы.
      Меншікті капитал жеткіліктілігінің коэффициенті (К2) Қазақстан Республикасы Қаржы нарығын және қаржы ұйымдарын реттеу мен қадағалау агенттігі Басқармасының 2005 жылғы 30 қыркүйектегі № 358 қаулысымен бекітілген Екiншi деңгейдегi банктер үшiн пруденциалдық нормативтер есеп айырысуларының нормативтiк мәнi мен әдiстемесi туралы нұсқаулықтың 13-тармағының 2) тармақшасына сәйкес есептеледі.
      Осы тармақшаның талаптары Қазақстан Республикасының Ұлттық Банкі жүйе құраушы деп айқындаған банктерге қолданылады;
      4) есепті кезеңнің соңына қарай таза жіктелген заемдардың меншікті капиталдың сексен пайызынан астам болуы талабымен және ол бойынша қалыптастырылған провизияларды ескермегенде қарастырылатын кезеңде абсолютті мәнінде жіктелген заемдардың, өсу мөлшерінің провизиялардың өсу мөлшерінен асуы талабымен қатарынан алты айдың ішінде таза жіктелген заемдардың меншікті капиталға арақатынасының өсуі мынадай формула бойынша есептеледі:

      ТЖЗ(6) ТЖЗ(5) ТЖЗ(4) ТЖЗ(3) ТЖЗ(2) ТЖЗ(1) ТЖЗ(0)
      ---- > ---- > ---- > ---- > ---- > ---- > ----
      MK(6)  MK(5)  MK(4)  MK(3)  МС(2)  МК(1)  МК(0)

      мынадай талаппен:

      ТЖЗ(6) > 80%МК(6) және (ЖЗБ(6) - ЖЗБ(0)) > (Пр(6) - Пр(0)),
      мұнда:
      ТЖЗ(ай) - қарастырылатын кезеңнің белгілі бір айының соңына қарай таза жіктелген заемдар;
      МК(ай) - қарастырылатын кезеңнің белгілі бір айының соңына қарай меншікті капитал;
      ЖЗБ(ай) - қарастырылатын кезеңнің белгілі бір айының соңына қарай олар бойынша қалыптастырылған провизияларды ескермегенде жіктелген заемдар;
      Пр(ай) - қарастырылатын кезеңнің белгілі бір айының соңына қарай жіктелген заемдар бойынша құрылған провизиялардың мөлшері.
      Жіктелген заемдар есебіне Қазақстан Республикасы Қаржы нарығын және қаржы ұйымдарын реттеу мен қадағалау агенттігі Басқармасының 2006 жылғы 25 желтоқсандағы № 296 (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 4580 тіркелген) қаулысымен бекітілген Активтерді, шартты міндеттемелерді жіктеу және оларға қарсы провизиялар (резервтер) құру ережесіне (бұдан әрі – Жіктеу ережесі) сәйкес 2, 3, 4 және 5-санатты күмәнді және үмітсіздер ретінде жіктелген заемдар кіргізіледі.
      Таза жіктелген заемдар ретінде Жіктеу ережесіне сәйкес олар бойынша құрылған провизияларды шегергендегі жіктелген заемдар түсініледі;
      5) қатарынан алты айдың ішінде олар бойынша қалыптастырылған провизияларды ескермегенде жеке тұлғаларға жиынтық заемдардағы олар бойынша қалыптастырылған провизияларды ескермегенде жеке тұлғаларға жіктелген заемдар үлесінің өсуі мынадай формула бойынша есептеледі:

ЖЖЗ(6)   ЖЖЗ(5)    ЖЖЗ(4)    ЖЖЗ(3)    ЖЖЗ(2)    ЖЖЗ(1)    ЖЖЗ(0)
-------- > ------- > -------- > ------- > ------ > ------- > -------
ЖЖиынЗ(6) ЖЖиынЗ(5) ЖЖиынЗ(4) ЖЖиынЗ(3) ЖЖиынЗ(2) ЖЖиынЗ(1) ЖЖиынЗ(0)

      мұнда:
      ЖЖЗ(ай) – қарастырылатын кезеңнің белгілі бір айының соңына қарай олар бойынша қалыптастырылған провизияларды ескермегенде жеке тұлғаларға жіктелген заемдар;
      ЖЖиынЗ(ай) – қарастырылатын кезеңнің белгілі бір айының соңына қарай олар бойынша қалыптастырылған провизияларды ескермегенде жеке тұлғаларға жиынтық заемдар.
      Қарастырылатын кезеңде жүйелі өсу болмаған кезде осы көрсеткіштің есепті кезеңде бес және одан да көп пайыздық тармаққа өсуі де банктің қаржылық жай-күйінің нашарлауына ықпал ететін фактор болып табылады және мынадай формула бойынша есептеледі:

         ЖЖЗ(6)           ЖЖЗ(0)
      ------------- - ------------ > 5 пайыздық тармақ;
        ЖЖиынЗ(6)      ЖЖиынЗ(0)

      6) қатарынан алты айдың ішінде олар бойынша қалыптастырылған провизияларды ескермегенде заңды тұлғаларға жиынтық заемдардағы олар бойынша қалыптастырылған провизияларды ескермегенде заңды тұлғаларға жіктелген заемдар үлесінің өсуі мынадай формула бойынша есептеледі:

  ЗЖЗ(6)    ЗЖЗ(5)    ЗЖЗ(4)    ЗЖЗ(3)    ЗЖЗ(2)    ЗЖЗ(1)   ЗЖЗ(0)
-------- > ------- > -------- > ------- > ------ > ------- > -------
ЗЖиынЗ(6) ЗЖиынЗ(5) ЗЖиынЗ(4) ЗЖиынЗ(3) ЗЖиынЗ(2) ЗЖиынЗ(1) ЗЖиынЗ(0)

      мұнда:
      ЗЖЗ(ай) – қарастырылатын кезеңнің белгілі бір айының соңына қарай олар бойынша қалыптастырылған провизияларды ескермегенде заңды тұлғаларға жіктелген заемдар;
      ЗЖиынЗ(ай) – қарастырылатын кезеңнің белгілі бір айының соңына қарай олар бойынша қалыптастырылған провизияларды ескермегенде заңды тұлғаларға жиынтық заемдар.
      Қарастырылатын кезеңде жүйелі өсу болмаған кезде осы көрсеткіштің есепті кезеңде бес және одан да көп пайыздық тармаққа өсуі де банктің қаржылық жай-күйінің нашарлауына ықпал ететін фактор болып табылады және мынадай формула бойынша есептеледі:

          ЗЖЗ(6)         ЗЖЗ(0)
      ------------- - ------------ > 5 пайыздық тармақ;
        ЗЖиынЗ(6)       ЗЖиынЗ(0)

      7) қатарынан алты айдың ішінде олар бойынша қалыптастырылған провизияларды ескермегенде жеке және заңды тұлғалар - клиенттерге жиынтық заемдардағы (банктерге берілген заемдарды қоспағанда) кредиттеудің негізгі бағыты (бағыттары) (саласы (салалары)) бойынша олар бойынша қалыптастырылған провизияларды ескермегенде жіктелген заемдар үлесінің өсуі мынадай формула бойынша есептеледі:

НЖЗ(6)  НЖЗ(5)    НЖЗ(4)  НЖЗ(3)   НЖЗ(2)   НЖЗ(1)   НЖЗ(0)
------ > ------ > ------ > ------ > ------ > ------ > ------ > 20%
ЖЗ(6)   ЖЗ(5)      ЖЗ(4)   ЖЗ(3)    ЖЗ(2)    ЖЗ(1)    ЖЗ(0)

      болған кезде,
      мұнда:
      НЖЗ(ай) – қарастырылатын кезеңнің белгілі бір айының соңына қарай кредиттеудің негізгі бағыты (бағыттары) (саласы (салалары)) бойынша олар бойынша қалыптастырылған провизияларды ескермегенде жіктелген заемдар;
      ЖЗ(ай) – қарастырылатын кезеңнің белгілі бір айының соңына қарай олар бойынша қалыптастырылған провизияларды ескермегенде жеке және заңды тұлғалар - клиенттерге жиынтық заемдары (банктерге берілген заемдарды қоспағанда).
      Олар бойынша қалыптастырылған провизияларды ескермегенде жеке тұлғаларға заемдар, не қалыптастырылған провизияларды ескермегенде шағын және орта бизнесті кредиттеу, олар бойынша қалыптастырылған провизияларды ескермегенде жеке және заңды тұлғалар - клиенттерге жиынтық заемдардағы (банктерге берілген заемдарды қоспағанда) үлесі қарастырылатын кезеңнің соңына қарай жиырма пайыздан көп болатын, олар бойынша қалыптастырылған провизияларды ескермегенде бір саланың заңды тұлғаларына заемдар кредиттеудің негізгі бағыты болып табылады.
      Қарастырылатын кезеңде жүйелі өсу болмаған кезде осы көрсеткіштің есепті кезеңде бес және одан да көп пайыздық тармаққа өсуі де банктің қаржылық жай-күйінің нашарлауына ықпал ететін фактор болып табылады және мынадай формула бойынша есептеледі:

        НЖЗ(6)     НЖЗ(0)
      -------- - -------- > 5 пайыздық тармақ;
         ЖЗ(6)     ЖЗ(0)

      8) қатарынан алты айдың ішінде олар бойынша қалыптастырылған провизияларды ескермегенде жеке және заңды тұлғалар - клиенттерге жиынтық заемдардағы (банктерге берілген заемдарды қоспағанда) олар бойынша қалыптастырылған провизияларды ескермегенде коммерциялық және тұрғын жылжымайтын мүлікті сатып алу мен салуға берілген заемдардың және ипотекалық тұрғын үй заемдары үлесінің өсуі мынадай формула бойынша есептеледі:

З(6)   З(5)    З(4)   З(3)   З(2)   З(1)  З(0)
---- > ----- > ---- > ---- > ---- > ---- > ---- > 20% болған кезде,
ЖЗ(6)   ЖЗ(5)   ЖЗ(4)  ЖЗ(3) ЖЗ(2)   ЖЗ(1) ЖЗ(0)

      мұнда:
      3(ай) – қарастырылатын кезеңнің белгілі бір айының соңына қарай олар бойынша қалыптастырылған провизияларды ескермегенде коммерциялық және тұрғын жылжымайтын мүлікті сатып алу мен салуға берілген заемдар;
      ЖЗ(ай) – қарастырылатын кезеңнің белгілі бір айының соңына қарай олар бойынша қалыптастырылған провизияларды ескермегенде жеке және заңды тұлғалар - клиенттерге жиынтық заемдар (банктерге берілген заемдарды қоспағанда).
      Осы көрсеткіш есебіне олар бойынша қалыптастырылған провизияларды ескермегенде жеке және заңды тұлғалар - клиенттерге жиынтық заемдардағы (банктерге берілген заемдарды қоспағанда) үлесі қарастырылатын кезеңнің соңына қарай жиырма пайыздан көп болатын, олар бойынша қалыптастырылған провизияларды ескермегенде коммерциялық және тұрғын жылжымайтын мүлікті сатып алу мен салуға берілген заемдар және ипотекалық тұрғын үй заемдары кіргізіледі.
      Қарастырылатын кезеңде жүйелі өсу болмаған кезде осы көрсеткіштің есепті кезеңде бес және одан да көп пайыздық тармаққа өсуі де банктің қаржылық жай-күйінің нашарлауына ықпал ететін фактор болып табылады және мынадай формула бойынша есептеледі:

        З(6)     З(0)
      ------- - ------- > 5 пайыздық тармақ;
       Ж3(6)    Ж3(0)

      9) қатарынан алты айдың ішінде негізгі борыш және (немесе) пайыздық сыйақы бойынша жеке тұлғалар үшін заемдар бойынша алпыстан астам күнтізбелік күнге және (немесе) заңды тұлғалар үшін отыздан астам күнтізбелік күнге мерзімі өткен берешегі бар заемдардың бес және одан көп пайызға өсуі мынадай формула бойынша есептеледі:

  ЖМ3 60(6) - ЖМ3 60(0)                ЗМЗ 3О(6)- ЗМЗ 3О(0)
------------------- > 5% және (немесе) ------------------- > 5%
      ЖМ3 60(0)                            ЗМЗ 3О(0)

      мұнда:
      ЖМЗ 60 – қарастырылатын кезеңнің белгілі бір айының соңына қарай олар бойынша қалыптастырылған провизияларды ескермегенде негізгі борыш және (немесе) пайыздық сыйақы бойынша кредиттер бойынша алпыстан астам күнтізбелік күнге мерзімі өткен берешегі бар жеке тұлғалардың заемдары;
      ЗМЗ 30 – қарастырылатын кезеңнің белгілі бір айының соңына қарай олар бойынша қалыптастырылған провизияларды ескермегенде негізгі борыш және (немесе) пайыздық сыйақы бойынша кредиттер бойынша алпыстан астам күнтізбелік күнге мерзімі өткен берешегі бар заңды тұлғалардың заемдары;
      10) қатарынан алты айдың ішінде ол бойынша қалыптастырылған провизияларды ескермегенде банктің несие портфеліндегі негізгі борыш және пайыздық сыйақы бойынша олар бойынша қалыптастырылған провизияларды ескермегенде мерзімі тоқсаннан астам күнтізбелік күнге өткен заемдардың өсуі мынадай формула бойынша есептеледі:

МЗ90(6)  МЗ90(5)  МЗ90(4)  МЗ90(3)  МЗ90(2)  МЗ90(1)  МЗ90(0)
------- > ------ > ------ > ------ > ------ > ------ > ------
  НП(6)    НП(5)    НП(4)    НП(3)    НП(2)    НП(1)    НП(0)

      мұнда:
      М390(ай) – қарастырылатын кезеңнің белгілі бір айының соңына қарай олар бойынша қалыптастырылған провизияларды ескермегенде негізгі борыш және пайыздық сыйақы бойынша мерзімі тоқсаннан астам күнге өткен заемдар;
      НП(ай) – қарастырылатын кезеңнің белгілі бір айының соңына қарай олар бойынша қалыптастырылған провизияларды ескермегенде несие портфелі.
      Қарастырылатын кезеңде жүйелі өсу болмаған кезде осы көрсеткіштің есепті кезеңде бес және одан да көп пайыздық тармаққа өсуі де банктің қаржылық жай-күйінің нашарлауына ықпал ететін фактор болып табылады және мынадай формула бойынша есептеледі:

        МЗ90(6)      МЗ90(0)
      ---------- - --------- > 5 пайыздық тармақ;
        НП(6)         НП(0)

      11) қатарынан алты айдың ішінде ол бойынша қалыптастырылған провизияларды ескермегенде жиынтық дебиторлық берешектегі ол бойынша қалыптастырылған провизияларды ескермегенде жіктелген дебиторлық берешек үлесінің өсуі мынадай формула бойынша есептеледі:

       ЖДБ(6)   ЖДБ(5)    ЖДБ(4)   ЖДБ(3)  ЖДБ(2)   ЖДБ(1)   ЖДБ(0)
      ------- > ------ > ------ > ------ > ------ > ------ > ------
       ДБ(6)    ДБ(5)    ДБ(4)    ДБ(3)   ДБ(2)     ДБ(1)   ДБ(0)

      мұнда:
      ЖДБ(ай) – қарастырылатын кезеңнің белгілі бір айының соңына қарай ол бойынша қалыптастырылған провизияларды ескермегенде жіктелген дебиторлық берешек;
      ДБ(ай) – қарастырылатын кезеңнің белгілі бір айының соңына қарай ол бойынша қалыптастырылған провизияларды ескермегенде жиынтық дебиторлық берешек.
      Қарастырылатын кезеңде жүйелі өсу болмаған кезде осы көрсеткіштің есепті кезеңде бес және одан да көп пайыздық тармаққа өсуі де банктің қаржылық жай-күйінің нашарлауына ықпал ететін фактор болып табылады және мынадай формула бойынша есептеледі:

        ЖДБ(6)       ЖДБ(0)
      ---------- - --------- > 5 пайыздық тармақ;
       ДБ(6)        ДБ(0)

      Жіктелген дебиторлық берешек есебіне Жіктеу ережесіне сәйкес 2, 3, 4 және 5-санатты күмәнді және үмітсіздер ретінде жіктелген дебиторлық берешек кіргізіледі;
      12) қатарынан алты айдың ішінде кіріс келтіретін активтердің жиынтық активтердегі үлесінің азаюы мынадай формула бойынша есептеледі:

       КА(6)     КА(5)    КА(4)   КА(3)     КА(2)    КА(1)    КА(0)
      ------- > ------ > ------ > ------ > ------ > ------ > ------
      А(6)      А(5)      А(4)    А(3)     А(2)     А(1)      А(0)

      мұнда:
      КА(ай) – қарастырылатын кезеңнің белгілі бір айының соңына қарай кіріс келтіретін активтер;
      А(ай) – қарастырылатын кезеңнің белгілі бір айының соңына қарай жиынтық активтер.
      Қарастырылатын кезеңде жүйелі өсу болмаған кезде осы көрсеткіштің есепті кезеңде бес және одан да көп пайыздық тармаққа өсуі де банктің қаржылық жай-күйінің нашарлауына ықпал ететін фактор болып табылады және мынадай формула бойынша есептеледі:

        КА(6)      КА(0)
      -------- - ------- > 5 пайыздық тармақ;
        А(6)       А(0)

      13) қарастырылатын кезеңнің басында жеке және заңды тұлғалар салымдарының қатынасы банк міндеттемелерінен елу пайыз болу талабымен соңғы алты айдың ішінде басқа банктердің салымдарын және арнайы мақсаттағы еншілес ұйымдардың (бұдан әрі – SPV) салымдарын ескермегендегі банк міндеттемелері сомасындағы жеке және заңды тұлғалардан тартылған салымдардың жиырма және одан астам пайыздық тармаққа төмендеуі мынадай формула бойынша есептеледі:

        C(6)    С(0)
      ------ - ----- < - 20 пайыздық тармақ С0 > 50% М1 болған кезде,
       М(6)    М(0)

      мұнда:
      С(ай) – қарастырылатын кезеңнің белгілі бір айының соңына қарай басқа банктердің салымдарын және SPV салымдарын ескермегендегі жеке және заңды тұлғалардан тартылған салымдар (оның ішінде ағымдағы шоттар);
      М(ай) – қарастырылатын кезеңнің белгілі бір айының соңына қарай жиынтық міндеттемелер;
      14) соңғы алты айдың ішінде активтер рентабельділігі коэффициентінің бір және одан астам пайыздық тармаққа азаюы мынадай формула бойынша есептеледі:

      ROA(6) - ROA(1) - 1 пайыздық тармақ.

      Активтер рентабельділігі коэффициенті жылдық мәндегі бөлінбеген таза кірістің (орны толтырылмаған шығынның) активтердің орташа шамасына қатынасы ретінде мынадай формула бойынша есептеледі:

           жыл БТК (ОТШ)(n)
      ROA = ---------------- * Кт,
               Аорт(n)

      мұнда:
      БТК (ОТШ)(n) – тиісті қаржы жылының басынан бастап қарастырылатын айдың соңына дейінгі кезеңде алынған, бөлінбеген таза кіріс (орны толтырылмаған шығын);
      Аорт(n) – белгілі бір қарастырылатын кезеңдегі активтердің орташа шамасы;
      Кт – мынадай формула бойынша есептелетін түзету коэффициенті:

            12
      Кт = —---, мұнда
            А

      А - тиісті қаржы жылының басынан бастап өткен айлар саны.
      Активтердің орташа шамасы тиісті жылдың өткен айларындағы активтер мөлшері сомасының тиісті жылдың өткен айларының санына қатынасы ретінде мынадай формула бойынша есептеледі:

                А(1) + А(2) +... + А(n)
      Аорт(n) = ------------------------,
                           n

      мұнда:
      Аорт(n) – белгілі бір қарастырылатын кезеңдегі активтердің орташа шамасы;
      А(1, 2....n) – белгілі бір айдың соңына қарай активтердің мөлшері;
      n – тиісті қаржы жылының басынан бастап өткен айлар саны;
      15) соңғы алты айдың ішінде таза пайыздық маржаның бір және одан астам пайыздық тармаққа азаюы мынадай формула бойынша есептеледі:

      ТПМ%(6) - ТПМ%(1) - 1 пайыздық тармақ.

      Таза пайыздық маржа жылдық мәндегі банктің таза пайыздық кірісінің (сыйақы төлеуге байланысты шығыстарды шегергенде, сыйақы алуға байланысты кірістер) олар бойынша қалыптастырылған провизияларды ескергендегі активтердің орташа шамасына қатынасы ретінде мынадай формула бойынша есептеледі:

                   ТК(n)
      ТПМ%(n) = ----------- * Кт,
                  Аорт(n)

      мұнда:
      ТПМ%(n) – таза пайыздық маржа;
      ТК(n) – мынадай формула бойынша есептелетін таза кіріс:

      ТК(n) = Кс%(n) - Шс%(n),

      мұнда:

      Кс%(n) – тиісті қаржы жылының басынан бастап қарастырылатын айдың соңына дейінгі кезеңдегі сыйақы алуға байланысты кірістер;
      Шс%(n) – тиісті қаржы жылының басынан бастап қарастырылатын айдың соңына дейінгі кезеңдегі сыйақы төлеуге байланысты шығыстар;
      Аорт(n) – белгілі бір қарастырылатын кезеңдегі активтердің орташа шамасы;
      Кт – мынадай формула бойынша есептелетін түзету коэффициенті:

            12
      Кт = —---, мұнда
            А

      А – тиісті қаржы жылының басынан бастап өткен айлар саны
      Сыйақы алуға байланысты кірістерге мыналар кіреді:
      Қазақстан Республикасының Ұлттық Банкінде орналастырылған шоттар мен салымдар бойынша сыйақы алуға байланысты кірістер;
      басқа банктерде орналастырылған шоттар мен салымдар бойынша сыйақы алуға байланысты кірістер;
      бағалы қағаздармен жасалатын «Kepi РЕПО» операциялары бойынша сыйақы алуға байланысты кірістер;
      банктің клиенттерге талаптары бойынша сыйақы алуға байланысты кірістер;
      табыс немесе шығын арқылы әділ құны бойынша ескерілетін бағалы қағаздар бойынша сыйақы алуға байланысты кірістер;
      капиталға және реттелген борышқа инвестициялар бойынша сыйақы алуға байланысты кірістер;
      «заемдар және дебиторлық берешек» санатындағы өзге борыштық құралдар бойынша сыйақы алуға байланысты кірістер.
      Сыйақы алуға байланысты емес кірістерге мыналар кіреді:
      дилинг операциялары бойынша кірістер;
      комиссиялық кірістер;
      туынды қаржы құралдарымен жасалатын операциялар бойынша кірістер;
      өзге кірістер;
      16) соңғы алты айдың ішінде спрэдтың бір және одан астам пайыздық тармаққа төмендеуі мынадай формула бойынша есептеледі:

      Спрэд(6) – Спрэд(1)   1 пайыздық тармақ.

      Банктің спрэды жылдық мәндегі сыйақы алуға байланысты кірістердің кіріс келтіретін орташа активтерге қатынасының және жылдық мәндегі сыйақы төлеуге байланысты шығыстардың шығыстарға әкеп соқтыратын орташа міндеттемелерге қатынасының арасындағы айырма ретінде мынадай формула бойынша есептеледі:

                    Кс%(n)              Шс%(n)
      Спрэд(n) = ----------- * тК - ------------ Кт,
                  кА(орт)(n)         қМ(орт)(n)

      мұнда:
      Кс%(n) – тиісті қаржы жылының басынан бастап қарастырылатын айдың соңына дейінгі кезеңдегі сыйақы алуға байланысты кірістер;
      Шс%(n) – тиісті қаржы жылының басынан бастап қарастырылатын айдың соңына дейінгі кезеңдегі сыйақы төлеуге байланысты шығыстар;
      Кт – мынадай формула бойынша есептелетін түзету коэффициенті:

            12
      Кт = —---, мұнда
            А
      А – тиісті қаржы жылының басынан бастап өткен айлар саны.
      кА(орт)(n) – мынадай формула бойынша есептелетін, белгілі бір қарастырылатын кезеңдегі кіріс келтіретін активтердің орташа шамасы:

                КА(1) + КА(2) +... + КА(n)
      кА(орт) = ---------------------------,
                             n

      мұнда:
      КА(1.2,...n) – белгілі бір айдың соңына қарай кіріс келтіретін активтер;
      n – тиісті қаржы жылының басынан бастап өткен айлар саны;
      ШМорт(n) – мынадай формула бойынша есептелетін, белгілі бір қарастырылатын кезеңдегі шығыстарға әкеп соқтыратын міндеттемелердің орташа шамасы:

                   ШМ(1) + ШМ(2) +...+ ШМ(n)
      ШМорт(n) = -------------------------,
                           n

      мұнда:
      ШМ(1,2,...n) – белгілі бір айдың соңына қарай шығыстарға әкеп соқтыратын міндеттемелер;
      n – тиісті қаржы жылының басынан бастап өткен айлар саны.
      Кіріс келтіретін активтерге (КА) мыналар кіреді:
      Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкіндегі салымдар;
      корреспонденттік шоттар;
      басқа банктерде орналастырылған салымдар;
      банктерге және банк операцияларының жекелеген түрлерін жүзеге асыратын ұйымдарға берілген заемдар;
      табыс немесе шығын арқылы әділ құны бойынша ескерілетін бағалы қағаздар;
      сату үшін қолда бар бағалы қағаздар;
      өтеуге дейін ұстап қалынатын бағалы қағаздар;
      бағалы қағаздармен жасалатын «Kepi РЕПО» операциялары;
      заңды тұлғаларға берілген заемдар;
      жеке тұлғаларға берілген заемдар;
      капиталға инвестициялар;
      реттелген борыш;
      «заемдар және дебиторлық берешек» санатындағы өзге борыштық құралдар.
      Шығыстарға әкеп соқтыратын міндеттемелерге (ШМ) мыналар кіреді:
      Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкінің алдындағы міндеттемелер;
      банктердің және банк операцияларының жекелеген түрлерін жүзеге асыратын ұйымдардың алдындағы міндеттемелер;
      шетелдік орталық банктерден алынған заемдар;
      халықаралық қаржы ұйымдарынан алынған заемдар;
      Қазақстан Республикасының Үкіметінен және Қазақстан Республикасының жергілікті атқарушы органдарынан алынған заемдар;
      жеке және заңды тұлғалардан тартылған салымдар;
      клиенттердің міндеттемелерін қамтамасыз ету (қардарлық, қарымжы) ретінде қабылданған ақша;
      айналысқа шығарылған бағалы қағаздар;
      бағалы қағаздармен жасалатын «Kepi РЕПО» операциялары;
      реттелген борыш.
      Шығыстарға әкеп соқтыратын міндеттемелер бойынша сыйақы төлеуге байланысты шығыстарға мыналар кіреді:
      корреспонденттік шоттар бойынша сыйақы төлеуге байланысты шығыстар;
      Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкінің алдындағы міндеттемелер бойынша сыйақы төлеуге байланысты шығыстар;
      Қазақстан Республикасы Үкіметінің және Қазақстан Республикасының жергілікті атқарушы органдарының алдындағы міндеттемелер бойынша сыйақы төлеуге байланысты шығыстар;
      басқа банктердің салымдары бойынша сыйақы төлеуге байланысты шығыстар;
      халықаралық қаржы ұйымдарынан алынған заемдар бойынша сыйақы төлеуге байланысты шығыстар;
      басқа банктерден және банк операцияларының жекелеген түрлерін жүзеге асыратын ұйымдардан алынған заемдар бойынша сыйақы төлеуге байланысты шығыстар;
      басқа банктермен жасалатын операциялар бойынша сыйақы төлеуге байланысты басқа шығыстар;
      клиенттердің талаптары бойынша сыйақы төлеуге байланысты шығыстар;
      бағалы қағаздар бойынша сыйақы төлеуге байланысты шығыстар;
      бағалы қағаздармен жасалатын «Kepi РЕПО» операциялары бойынша сыйақы төлеуге байланысты шығыстар;
      реттелген борыш бойынша сыйақы төлеуге байланысты шығыстар;
      17) соңғы алты айдың ішінде операциялық шығыстардың сыйақы алуға байланысты кірістердің және сыйақы алуға байланысты емес кірістердің сомасына қатынасының бес және одан астам пайыздық тармаққа өсуі мынадай формула бойынша есептеледі:

            ОПШ(6)                ОШ(1)
      ------------------- - ------------------ > 5 пайыздық тармақ,
      Кс%(6) + Ксбе%(6)     Кс%(1) + Ксбе%(1)

      мұнда:
      ОПШ(ай) – тиісті қаржы жылының басынан бастап қарастырылатын айдың соңына дейінгі кезеңдегі операциялық шығыстар;
      Кс%(ай) – тиісті қаржы жылының басынан бастап қарастырылатын айдың соңына дейінгі кезеңдегі сыйақы алуға байланысты кірістер;
      Ксбе%(ай) – тиісті қаржы жылының басынан бастап қарастырылатын айдың соңына дейінгі кезеңдегі сыйақы алуға байланысты емес кірістер;
      Операциялық шығыстарға (ОПШ) мыналар кіреді:
      еңбекке ақы төлеу және міндетті аударымдар бойынша шығыстар;
      жалпы шаруашылық шығыстар («Қазақстан депозиттерге кепілдік беру қоры» акционерлік қоғамына міндетті күнтізбелік, қосымша және төтенше жарналарды аударым жасау шығыстарын қоспағанда);
      табыс салығынан басқа, салықтар, алымдар және бюджетке төленетін басқа да міндетті төлемдер;
      амортизациялық аударымдар;
      негізгі құрал-жабдықтар мен материалдық емес активтерді өтеусіз беру шығыстары;
      тауарлық-материалдық қорды сату шығыстары;
      өзге де инвестицияларды сату шығыстары;
      тұрақсыздық айыбы (айыппұл, өсімпұл);
      жалдау шығыстары.
      Сыйақы алуға байланысты емес кірістерге мыналар кіреді:
      дилинг операциялары бойынша кірістер;
      комиссиялық кірістер;
      туынды қаржы құралдарымен жасалатын операциялар бойынша кірістер;
      өзге кірістер;
      18) қатарынан алты айдың ішінде екі және одан көп рет өтімділік коэффициенттерінің уәкілетті орган белгілеген өтімділік коэффициенттерінің ең төменгі мәндерінен 0,1-ге асатын деңгейге дейін немесе одан төменге екі және одан да көп есе төмендеуі;
      19) бастапқы мәндері уәкілетті орган белгілеген өтімділік коэффициенттерінің ең төменгі мәндерінен 0,1-ге асатын деңгейден төмен болған кезде өтімділік коэффициенттерінің төмендеуі.
      Осы тармақтың 4), 5) және 6) тармақшаларында белгіленген көрсеткіштерді есептеу кезінде жиынтық, сондай-ақ жіктелген заемдардың есебіне бірыңғай кредиттер портфелі кіргізілмейді.
      Есепті күні аяқталатын кезең қарастырылатын кезең болып табылады.
      Осы Ереженің 2-тармағының 7) және 8) тармақшаларының талаптары «Қазақстанның Тұрғын үй құрылыс жинақ банкі» акционерлік қоғамына қолданылмайды.»;
      мынадай мазмұндағы 4-1 және 4-2-тармақтармен толықтырылсын:
      «4-1. Осы Ереженің 2-тармағының 3) тармақшасында көрсетілген фактор анықталған жағдайда және іс-шаралар жоспары мақұлданбаған кезде уәкілетті орган банкке және (немесе) оның акционерлеріне төменде берілген кестеге сәйкес есептеуді тоқтату және (немесе) дивидендтер төлеу бойынша талап қою арқылы ертерек ден қою шарасын қолданады:

Меншікті капитал жеткіліктілігі коэффициентінің асу деңгейі:

Бөлінбеген таза кірісті пайдалануға қойылған ең төменгі шектеу (пайызбен)

0-ден 0,00625-ке дейін

100

0,00626-дан 0,0125-ке дейін

80

0,0126-дан 0,01875-ке дейін

60

0,01876-дан 0,025-ке дейін (қоса алғанда)

40

0,025-тен аса

0

      Тәуекел дәрежесі бойынша мөлшерленген активтерді төмендету,сондай-ақ қатарынан алты ай ішінде:
      банктің жарғылық капиталын;
      бөлінбеген таза кірісті;
      бөлінбеген таза кіріс есебінен қалыптастырылған резервтерді ұлғайту арқылы меншікті капитал жеткіліктілігі коэффициентінің асу деңгейіне қол жеткізген жағдайда іс-шаралар жоспары мақұлданады.
      4-2. Жүйе құраушы болып айқындалған банк жыл сайын есепті жылдың 1 қаңтарына дейінгі мерзімде уәкілетті органға осы Ереженің 1-тармағының 1) – 4), 7), 11), 12), 15) және 16) тармақшаларында көрсетілген көрсеткіштердің өзгеру болжамын ұсынады. Көрсеткіштердің өзгеру болжамы қаржы жылы аяқталғанға дейін жасалады.
      Көрсеткіштердің өзгеру болжамы негіздеме бере отырып, жылына бір реттен артық емес рет қайта қаралуы мүмкін.
      Уәкілетті орган көрсеткіштердің болжам мәндерінің ағымдағы мәндерге сәйкестігін тексереді.
      Көрсеткіштердің өзгеру болжамында банктiң қаржылық жай-күйiнiң нашарлауына ықпал ететiн факторлар анықталған жағдайда уәкілетті орган осы Ереженің 4-тармағында көзделген іс-шараларды жүзеге асырады.».
      2. Осы қаулы алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.

      Ұлттық Банк
      Төрағасы                                   Г. Марченко