"Мемлекеттік қызмет көрсету регламенттерін бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Еңбек және әлеуметтік қорғау министрінің 2011 жылғы 13 сәуірдегі № 127-ө бұйрығына өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы

Қазақстан Республикасы Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрінің 2012 жылғы 12 желтоқсандағы № 468-ө-м Бұйрығы. Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде 2013 жылы 17 қаңтарда № 8278 тіркелді. Күші жойылды - Қазақстан Республикасы Еңбек халықты әлеуметтік қорғау министрінің 2014 жылғы 1 сәуірдегі № 139-ө бұйрығымен

      Ескерту. Күші жойылды - Павлодар облысы Май аудандық әкімдігінің 06.09.2013 N 236/9 қаулысымен.

      Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қаңтардағы "Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы" Заңының 31 бабының 1 тармағының 13), 14-1) тармақшаларына және Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қаңтардағы "Халықты жұмыспен қамту туралы" Заңының 7 бабының 5-5)5-6) тармақшаларына сәйкес Май ауданының әкiмдiгi ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
      1. Май ауданында:
      интернаттық ұйымдарды бiтiрушi кәмелетке толмағандар үшiн жұмыс орындарының жалпы санының бір пайызы мөлшерінде;
      қылмыстық-атқару инспекциясы пробация қызметінің есебінде тұрған адамдар үшін, сондай-ақ бас бостандығынан айыру орындарынан босатылған адамдар үшін жұмыс орындарының жалпы санының бір пайызы мөлшерінде жұмыс орындарына квота белгіленсін.
      2. "Май ауданының жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар бөлімі" мемлекеттік мекемесі интернаттық ұйымдарды бiтiрушi кәмелетке толмағандар үшiн, қылмыстық-атқару инспекциясы пробация қызметінің есебінде тұрған адамдар үшін, сондай-ақ бас бостандығынан айыру орындарынан босатылған адамдар жұмысқа орналастыруға көмек көрсетіп тұрсын.
      3. Май ауданы әкімдігінің 2011 жылғы 1 желтоқсандағы "Интернаттық ұйымдардың кәмелетке толмаған түлектері және бас бостандығынан айыру орындарынан босатылған тұлғалар үшін жұмыс квота белгілеу туралы" N 325/12 қаулысының (нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеудің Тізілімінде N 12-10-114 болып тіркелген, 2011 жылғы 31 желтоқсанда N 53 "Шамшырақ" газетінде жарияланған) күші жойылды деп танылсын.
      4. Осы қаулының орындалуын бақылау аудан әкімінің орынбасары Н.Ғ. Исахановаға жүктелсін.
      5. Осы қаулы алғаш рет ресми жарияланғаннан кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.

      Аудан әкімі                                Н. Пішенбаев