Мемлекеттік қызмет және сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес заңнамаларының сақталуы бойынша мемлекеттік органдар қызметінің тәуекел дәрежесін бағалау критерийлерін және тексеру парағының нысанын бекіту туралы

Қазақстан Республикасы Мемлекеттік қызмет істері агенттігі төрағасының м.а. 2012 жылғы 04 желтоқсандағы № 02-01-02/167 Бұйрығы. Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде 2012 жылы 14 желтоқсанда № 8187 тіркелді. Күші жойылды - Қазақстан Республикасы Мемлекеттік қызмет істері және сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігі Төрағасының 2014 жылғы 31 желтоқсандағы № 88 бұйрығымен

      Ескерту. Күші жойылды - ҚР Мемлекеттік қызмет істері және сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігі Төрағасының 31.12.2014 № 88 (алғаш ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) бұйрығымен.

      «Қазақстан Республикасындағы мемлекеттік бақылау және қадағалау туралы» 2011 жылғы 6 қаңтардағы Қазақстан Республикасы Заңының 13 және 15-баптарына, «Мемлекеттік қызмет туралы» 1999 жылғы 23 шілдедегі Қазақстан Республикасы Заңының 5-бабы 1-тармағы 9) және  9-1) тармақшаларына, Қазақстан Республикасы Президентінің 1999 жылғы 3 желтоқсандағы № 280 Жарлығымен бекітілген Қазақстан Республикасының Мемлекеттік қызмет істері жөніндегі агенттігі туралы ереженің 15-тармағы 15), 19) және 20) тармақшаларына сәйкес БҰЙЫРАМЫН:
      Ескерту. Кіріспе жаңа редакцияда - ҚР Мемлекеттік қызмет істері агенттігі төрағасының м.а. 18.11.2013 № 06-7/165 бұйрығымен (алғаш ресми жарияланған күнінен кейін он күнтізбелік күн өткен соң қолданысқа енгізіледі).
      1. Қоса берілген:
      1) Мемлекеттік қызмет және сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес заңнамаларының сақталуы бойынша мемлекеттік органдар қызметінің тексеру парағының нысаны осы бұйрықтың 1-қосымшасына сәйкес;
      2) Мемлекеттік қызмет және сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес заңнамаларының сақталуы бойынша мемлекеттік органдар қызметінің тәуекел дәрежесін бағалау критерийлері осы бұйрықтың 2-қосымшасына сәйкес бекітілсін.
      2. Қазақстан Республикасының Мемлекеттік қызмет істері агенттігінің Құқықтық қамтамасыз ету бөлімі (А.Ш. Хайдаров):
      1) осы бұйрықтың Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркелуін;
      2) осы бұйрықты мемлекеттік тіркегеннен кейін оның ресми жариялануын;
      3) осы бұйрықты Қазақстан Республикасының Мемлекеттік қызмет істері агенттігінің ресми сайтында орналастыруды қамтамасыз етсін.
      3. Қазақстан Республикасының Мемлекеттік қызмет істері агенттігі Инспекция және бақылау бөлімінің меңгерушісі (Ғ.Ә. Әди) осы бұйрықтың талаптарын орындауды ұйымдастырсын.
      4. Осы бұйрықтың орындалуын бақылау Агенттік Төрағасының орынбасары С.Қ. Ахметжановқа жүктелсін.
      5. Осы бұйрық алғаш ресми жарияланған күннен бастап он күнтізбелік күн өткеннен кейін қолданысқа енгізіледі.

      Төрағаның м.а.                                   С. Ахметжанов

Қазақстан Республикасы   
мемлекеттік қызмет істері
Агенттігі төрағасының  
2012 жылғы 4 желтоқсандағы
№ 02-01-02/167 бұйрығына 
1-қосымша       

Нысан

Мемлекеттік қызмет туралы заңнамаларын және сыбайлас
жемқорлыққа қарсы заңнамаларды сақталуы бойынша мемлекеттік
органның қызметін тексеру парағы

      Ескерту. Тексеру парағына өзгеріс енгізілді - ҚР Мемлекеттік қызмет істері агенттігі төрағасының м.а. 18.11.2013 № 06-7/165 бұйрығымен (алғаш ресми жарияланған күнінен кейін он күнтізбелік күн өткен соң қолданысқа енгізіледі).

Тексеру тағайындаған мемлекеттік қызмет істері жөніндегі құзіретті орган
_____________________________________________________________________
_____________________________________________________________________
_____________________________________________________________________

Тексеру тағайындау туралы акт _______________________________________
                                           (№, күні)

Тексерілетін субъектінің атауы ______________________________________
_____________________________________________________________________
_____________________________________________________________________
_____________________________________________________________________

Орналасқан мекен-жайы (тексерілетін субъектінің заңды мекен-жайы)
_____________________________________________________________________
_____________________________________________________________________

Тексеру мерзімі: «___» ______ 20___ ж. «___» _______ 20___ ж. аралығы

Талап тізімі

иә

жоқ

1

Мемлекеттік органдарда саяси партия ұйымдарын құру бойынша шектеулерді қамтамасыз ету



2

Мемлекеттік қызметшілерімен мемлекеттік және еңбек тәртібін сақтауын қамтамасыз ету



3

Мемлекеттік қызметшілерімен мемлекеттік қызметте болуына байланысты шектеу талаптарының сақталуын қамтамасыз ету



4

Мемлекеттік қызметке кірген тұлғалардың Қазақстан Республикасы «Мемлекеттік қызмет туралы» 1999 жылғы 23 шілдедегі Заңда (бұдан әрі - Заң) көрсетілген талаптарына сәйкестігі



5

Кадрлық қызметімен Заңның 6–бабында көрсетілген талаптарын сақталуы



6

Мемлекеттiк әкiмшілік лауазымға кіру кезінде сынақ бөлігінде талаптарының сақталуы



7

Мемлекеттiк әкiмшiлiк қызметшiлердiң жұмыс уақытының ұзақтығы талаптарының сақталуы



8

Iссапарлар кезiндегi кепiлдiктер мен өтемақылар талаптарының сақталуы



9

Мүдделер қақтығысында талаптарының сақталуы



10

Табысы мен мүлкі туралы мәлiметі тапсырылған декларация анықтамасының бар болуы.



11

Мемлекеттік қызметшілердің сыбайлас жемқорлыққа қарсы заңнамаларда белгіленген мемлекеттік функцияларды орындаумен сыйыспайтын басқа да қызметпен айналысу бойынша шектеулердің сақтауы



12

Мемлекеттік әкімшілік қызметке кіру, мемлекеттік әкімшілік қызметшінің басқа лауазымға ауысу және мемлекеттік қызметті тоқтату бойынша талаптарының сақталуы



13

Мемлекеттік қызметшіге еңбек демалысын беру кезіндегі талаптарының сақталуы



14

Мемлекеттiк қызметшiлердi әлеуметтiк қорғау шаралары талаптарының сақталуы



15

Мемлекеттік қызметшілерімен мемлекеттік қызметті тоқтату талаптарының сақталуы



16

Мемлекеттік қызметшінің арнайы тексерістен өту қорытындысы туралы ұлттық қауіпсіздік органдарының оң шешімі хатымен дәлелденген кадрлық-есептік тіркеу құжатының болуында сыбайлас жемқорлыққа қарсы заңнаманың талаптарының сақталуы



17

Қазақстан Республикасы Президентінің 1999 жылғы 29 желтоқсандағы № 319 Жарлығымен бекітілген Қазақстан Республикасы мемлекеттік әкімшілік қызметшісінің Антын қабылдау (анттың тиісті мәтінінің болуы) тәртібінің талаптарын сақталуы



18

Мемлекеттік әкімшілік қызметшіге тәртіптік жаза қолдануда Қазақстан Республикасы Президентінің 1999 жылғы 31 желтоқсандағы № 321 Жарлығымен бекітілген Қазақстан Республикасының мемлекеттік әкімшілік қызметшілерінен тәртіптік жаза қолдану туралы ережесінде көзделген талаптардың сақталуы



19

Қазақстан Республикасы Президентінің 2000 жылғы 21 қаңтардағы № 327 Жарлығымен бекітілген Мемлекеттік әкімшілік қызметшілердің қызметіне жыл сайынғы бағалау жүргізу және оларды аттестаттаудан өткізу қағидаларымен қарастырылған Қазақстан Республикасы мемлекеттік әкімшілік қызметшілерінің қызметіне жыл сайынғы бағалау жүргізу және оларды аттестаттаудан өткізу тәртібінің сақталуы



20

Мемлекеттік қызметшінің лауазымдық жалақы алуға құқық беретін мемлекеттік қызметшінің стажын есептеудің Қазақстан Республикасы Президентінің 2000 жылғы 10 наурыздағы № 357 Жарлығымен бекітілген, Мемлекеттік қызмет өткеру тәртібі туралы ережесінің талабына сәйкестігі



21

Мемлекеттік органның конкурстық комиссиясының мемлекеттік әкімшілік қызметтің кадр резервіне алу туралы ұсынымының Қазақстан Республикасы Президентінің 2003 жылғы 4 желтоқсандағы № 1243 Жарлығымен бекітілген, Мемлекеттік қызметтің кадр резерві туралы ережесінде көрсетілген талаптарға сәйкестігі



22

Мемлекеттік органның Қазақстан Республикасы Президентінің 2004 жылғы 11 қазандағы № 1457 Жарлығымен бекітілген, Қазақстан Республикасының мемлекеттік қызметшілерін қайта даярлау және олардың біліктілігін арттыру ережесімен қарастырылған мерзімділік талаптарының сақталуы



23

Мемлекеттік қызметшілерімен Заңның 20-1 бабының және Қазақстан Республикасы Президентінің 2005 жылғы 5 мамырдағы № 1567 Жарлығымен бекітілген Қазақстан Республикасы мемлекеттік қызметшілерінің Ар-Намыс Кодексінің (мемлекеттік қызметшілердің қызмет этикасы Ережелері) талаптарын сақтауы



24

Қазақстан Республикасы Мемлекеттік қызмет істері агенттігі Төрағасының 2013 жылғы 19 наурыздағы № 06-7/32 бұйрығымен бекітілген (нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 8380 санымен тіркелген) бос әкімшілік мемлекеттік лауазымға орналасуға конкурс өткізу және конкурс комиссиясын қалыптастыру қағидаларымен қарастырылған мемлекеттік органдарда байқау комиссияның қалыптастырудың және «Б» корпусы мемлекеттік әкімшілік лауазымдарына орналасуға конкурс өткізу тәртібі және шарттардың сақталуы



25

Қазақстан Республикасы мемлекеттік қызмет істері Агенттігі төрағасының 2003 жылғы 29 сәуірде № 02-01-02/59 Бұйрығымен бекітілген мемлекеттік қызметшінің қызметтік тізімін толтыру бойынша ұсыныстарының сақталуы (нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 2290 санымен тіркелген)



26

Аттестациядан өткен мемлекеттік қызметшілердің аттестациялық парақтарының, сондай-ақ қызметтік мінездемелерінің Қазақстан Республикасы мемлекеттік қызмет істері Агенттігі төрағасының 2005 жылғы 22 маусымдағы № 02-01-02/81 Бұйрығымен бекітілген нысанына сәйкестігі (нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 3695 санымен тіркелген)



27

Қазақстан Республикасы Мемлекеттік қызмет істері жөніндегі агенттігі Төрағасы бірінші орынбасарының 2008 жылғы 9 қаңтардағы № 02-01-02/5 бұйрығымен бекітілген (нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 5084 санымен тіркелген) «Б» корпусы мемлекеттік әкімшілік лауазымдарының санаттарына үлгілік біліктілік талаптарымен қарастырылған «Б» корпусы мемлекеттік әкімшілік лауазымдары санаттарының А, В, С, Б, Е санаттары топтарының біліктілік талаптарына, «Б» корпусы мемлекеттік әкімшілік лауазымдарына тағайындалған адамдардың сәйкестігі



28

Мемлекеттік орган қызметкерлерінің лауазымдық нұсқаулығының Қазақстан Республикасы мемлекеттік қызмет істері Агенттігі төрағасының 2011 жылғы 12 тамыздағы № 02-01-02/164 Бұйрығымен бекітілген, Мемлекеттік әкімшілік қызметшінің лауазымдық нұсқаулығын әзірлеу мен бекіту жөніндегі ережесімен қарастырылған талаптарына сәйкестігі (нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 7157 санымен тіркелген)



      Тексерістің аяқталу күні ______________________________________

      Тексерісті жүргізген лауазымды тұлғалар:
      _______________________________ _______________________________
            (лауазымы) (қолы)                   (Т.А.Ә.)
      _______________________________ _______________________________
            (лауазымы) (қолы)                   (Т.А.Ә.)

      Тексерілетін субъектінің басшысы
      таныстым:
      _______________________________ _______________________________
             (Т.А.Ә., лауазымы)                     (қолы)

Қазақстан Республикасы   
мемлекеттік қызмет істері
Агенттігі төрағасының  
2012 жылғы 4 желтоқсандағы
№ 02-01-02/167 бұйрығына 
2-қосымша       

Мемлекеттік қызмет және сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес
заңнамаларының сақталуы бойынша мемлекеттік органдар
қызметінің тәуекел дәрежесін бағалау критерийлері

1. Жалпы ережесі

      1. Осы мемлекеттік қызмет және сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес заңнамаларының сақталуы бойынша мемлекеттік органдар қызметінің тәуекел дәрежесін бағалау критерийлері (бұдан әрі – Критерийлер) «Мемлекеттік қызмет туралы» 1999 жылғы 23 шілдедегі Қазақстан Республикасының Заңына, «Қазақстан Республикасындағы мемлекеттік бақылау және қадағалау туралы» 2011 жылғы 6 қаңтардағы Қазақстан Республикасы Заңына және Қазақстан Республикасы Президентінің 1999 жылғы 3 желтоқсандағы № 280 Жарлығымен бекітілген Қазақстан Республикасының Мемлекеттік қызмет істері жөніндегі агенттігі туралы ережесіне сәйкес әзірленген.
      2. Бұл критерийлер мемлекеттік қызмет саласы бойынша тексерілетін субъектілерді әртүрлі тәуекел дәрежесіне жатқызуға мүмкіндік беретін сандық және сапалық көрсеткіштердің жиынтығын анықтайды.
      3. Осы Критерийлерде мынадай ұғымдар пайдаланылады:
      1) бақылау субъектілері – Қазақстан Республикасының мемлекеттік органдары, мемлекеттік қызметшілер және өзге Мемлекеттiк мiндеттердi атқаруға уәкiлеттiк берiлген тұлғалар және өзге де соларға теңестiрiлген тұлғалар;
      2) тәуекел дәрежесін бағалау жүйесі - мемлекеттік қызмет саласы бойынша бақылау субъектілерін әртүрлі тәуекел дәрежесіне жатқызуға мүмкіндік беретін сандық және сапалық көрсеткіштердің жиынтығы;
      3) тәуекел – меритократиялық, тиімділік, нәтижелілік, транспаренттік принциптеріне негізделген кәсіптік мемлекеттік қызмет жүйесінің төмендеуіне, мемлекеттік қызметшілердің, сонымен бірге жеке және заңды тұлғалардың заңды мүдделеріне зиян келтіру ықтималдығы.

2. Объективті критерийлерді ескере отырып
субъектілерді жоғары, орташа не шамалы тәуекел
топтарына таратып бөлу

      4. Тәуекелді бағалау бақылау субъектілерінің қызметі барысында келіп түскен жеке және заңды тұлғалардың негізді деп табылған шағымдарын, «қызметкерлерді басқару» бағыты бойынша қызметінің тиімділігін, жоспарлы және жоспардан тыс тексерулермен анықталған бұзушылықтарды, мемлекеттік органдардың тексеру қорытындыларын және жүргізген мониторингі мен есептік көрсеткіштерінің нәтижелерін ескеру арқылы жүргізіледі.
      5. Бақылау субъектілерінің тәуекел дәрежесі оның, мемлекеттік қызмет туралы заңнамасын сапалық көрсеткіштеріне сақталу нәтижесіне қарай қайта бөлініп отырады.
      1) болмашы тәуекел дәрежесі субъектілеріне – мониторинг және есептік көрсеткіштеріне талдау жүргізу нәтижесінде Критерийдің 7-тармағына сәйкес айыпты балдар алғандар.
      2) жоғары тәуекел дәрежесі субъектілеріне – жеке және заңды тұлғалар өтініштерінің санына қарай және онда көрсетілген бұзушылықтардың дәлелденуі салдарынан, сонымен бірге жыл сайынғы «қызметкерлерді басқару» бағыты бойынша қызметінің тиімділігін бағалау барысында Критерийдің 7-тармағына сәйкес айыпты балдар алған мемлекеттік органдар.
      3) орташа тәуекел дәрежесі субъектілеріне - жоспарлы және жоспардан тыс тексерулермен анықталған бұзушылықтар және басқа мемлекеттік органдардың тексеру қорытындылары нәтижесінде айыпты Критерийдің 7-тармағына сәйкес балдар алғандар.
      6. Алғашқыда барлық бақылау субъектілері төменгі тәуекел дәрежесіне жатқызылады.
      7. Әр тәуекел дәрежесін бағалаудың критерийлері келесі тәртіпте тағайындалады:
      1) жеке және заңды тұлғалардың өтініштерін қарау кезінде бұзушылықтар анықталған өтініштер саны:
      1 ден 3 дейінгі өтініштер – 4 балл;
      4 тен 7 дейінгі өтініштер – 7 балл;
      7 ден жоғары өтініштер – 10 балл.
      2) мемлекеттік органдардың жыл сайынғы «қызметкерлерді басқару» бағыты бойынша қызметінің тиімділігін бағалау қорытындысы:
      Мемлекеттік органның бағалау қорытындысы бойынша «тиімді» түрдегі көрсеткіші – 4 балл;
      Мемлекеттік органның бағалау қорытындысы бойынша «тиімділігі төмен» түрдегі көрсеткіші – 7 балл;
      Мемлекеттік органның бағалау қорытындысы бойынша «тиімсіз» түрдегі көрсеткіші – 10 балл;
      3) жоспарлы, жоспардан тыс тексерулермен және мемлекеттік органдардың тексеру қорытындысымен анықталған бұзушылықтар саны:
      1 ден 5 дейінгі бұзушылық – 3 балл;
      5 тен 10 дейінгі бұзушылық – 6 балл;
      10 жоғары заңбұзушылық – 8 балл.
      4) мониторинг және есептік көрсеткіштерге талдау жүргізу нәтижесінде мемлекеттік органдарда анықталған бұзушылықтар саны:
      1 ден 6 дейін – 2 балл;
      7 ден 12 дейін – 5 балл;
      12 ден жоғары – 7 балл.
      Мемлекеттік қызмет заңнамаларының талаптарын сақтамау деректері бойынша дер кезінде шара қабылдамауы (анықталған бұзушылықтар санына қарамастан) – 10 балл.
      8. Барлық критерийлер бойынша жалпы жиынтық қорытындыны анықтау үшін тәуекел критерийлері бойынша балдар қосылады.
      9. Барлық критерийлер бойынша жиынтық қорытындының нәтижелері бақылау субъектілерін тәуекел дәрежесінің топтары бойынша қайта бөлу үшін қолданылады.
      10. Бақылау субъектілерін тәуекел дәрежесінің топтары бойынша қайта бөлу мынадай түрде жүргізіледі:
      1) бес жылда 1 рет тексеру жиілігімен тәуекел дәрежесінің төменгі тобына 0-ден 20 дейін бал жинаған бақылау субъектілері жатады;
      2) үш жылда 1 рет тексеру жиілігімен тәуекел дәрежесінің орташа тобына 21-ден 40-қа дейін бал жинаған бақылау субъектілері жатады;
      3) бір жылда 1 рет тексеру жиілігімен тәуекел дәрежесінің жоғары тобына 40-тан жоғары бал жинаған бақылау субъектілері жатады.
      Факторлар салалас болуына байланысты балдарды санау үшін ашық 10 балдық шкала қолданылады.

3. Қорытынды ережелер

      11. Арнайы критерийлер топтары бойынша тексерулерді айқындау принциптері:
      1) тәуекелдің бір тобы бойынша ғана балл жинаған кезде тақырыптық, яғни осы тәуекел тобына қатысты мәселелер бойынша тексерулер жүргізіледі;
      2) екі және одан көп топтар бойынша балл жинаған кезде бақылаудың барлық мәселелері бойынша тексерулер кешенді жүргізіледі.
      12. Тәуекел дәрежесінің бір деңгейі шеңберінде тексерулер жүргізу үшін субъектілерді іріктеу принцптері:
      1) берілген (алған) баллдардың едәуір сомасы бойынша;
      2) берілген баллдар тең болған жағдайда едәуір тексерілмеген кезеңі бар субъектілер тексеру жоспарына енгізілді.