"Қазақстан Республикасының бірыңғай бюджеттік сыныптамасының кейбір мәселелері туралы" Қазақстан Республикасы Қаржы министрінің 2010 жылғы 1 сәуірдегі № 141 бұйрығына өзгерістер енгізу туралы

Қазақстан Республикасы Қаржы министрінің 2012 жылғы 11 қазандағы № 457 Бұйрығы. Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде 2012 жылы 30 қазанда № 8049 тіркелді. Күші жойылды - Қазақстан Республикасы Экономика және бюджеттік жоспарлау министрінің 2013 жылғы 13 наурыздағы № 71 бұйрығымен

      Ескерту. Күші жойылды - Атырау қалалық мәслихатының 2013.06.21 № 126 шешімімен
      Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қаңтардағы "Қазақстан Республикасындағы жергiлiктi мемлекеттiк басқару және өзiн-өзi басқару туралы" Заңының 6-бабының 1 тармағы 15) тармақшасына және Қазақстан Республикасының 2005 жылғы 8 шiлдедегi "Агроөнеркәсiптiк кешендi және ауылдық аумақтарды дамытуды мемлекеттiк реттеу туралы" Заңының 18-бабының 5-тармағына сәйкес, Атырау қалалық мәслихаты ШЕШТІ:
      1. Ауылдық елдi мекендерде тұратын және жұмыс iстейтiн мемлекеттiк денсаулық сақтау, әлеуметтiк қамсыздандыру, бiлiм беру, мәдениет, спорт және ветеринария ұйымдарының мамандарына отын сатып алу үшiн 5 000 (бес мың) теңге мөлшерiнде бiржолғы әлеуметтiк көмек берiлсiн.
      2. Осы шешімнің орындалуына бақылау жасау Атырау қалалық мәслихаттың "Тұрғындарды әлеуметтік қорғау, денсаулық сақтау, білім беру, мәдениет, жастар және спорт ісі, әйелдер істері және отбасылық–демографиялық саясат мәселелері жөніндегі" тұрақты комиссиясына  жүктелсін.
      3. Осы шешiм әдiлет органдарында мемлекеттiк тiркелген күннен бастап күшiне енедi және алғаш ресми жарияланғаннан кейiн күнтiзбелiк он күн өткен соң қолданысқа енгiзiледi.

      VII сессия төрағасы,
      қалалық мәслихат хатшысы                   Б. Қазиманов