Медициналық білім беру ұйымдарының клиникалық базалары туралы ережені бекіту туралы

Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрінің м.а. 2012 жылғы 11 қыркүйектегі № 628 Бұйрығы. Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде 2012 жылы 15 қазанда № 8010 тіркелді. Күші жойылды - Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрінің 2020 жылғы 21 желтоқсандағы № ҚР ДСМ-304/2020 бұйрығымен.

      Ескерту. Күші жойылды – ҚР Денсаулық сақтау министрінің 21.12.2020 № ҚР ДСМ-304/2020 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) бұйрығымен.

      "Білім туралы" Қазақстан Республикасының 2007 жылғы 27 шілдедегі Заңының 40-бабының 5-тармағына, "Халық денсаулығы және денсаулық сақтау жүйесі туралы" Қазақстан Республикасының 2009 жылғы 18 қыркүйектегі кодексінің 175-бабының 3-тармағына сәйкес БҰЙЫРАМЫН:

      1. Қоса беріліп отырған Жоғары медициналық білім беру ұйымдарының клиникалық базалары туралы ереже (бұдан әрі - Ереже)

      бекітілсін.

      2. Медициналық білім беру ұйымдарының басшылары, облыстардың, Астана, Алматы қалаларының денсаулық сақтау басқармаларының басшылары (келісім бойынша) қоса беріліп отырған Ережеге сәйкес клиникалық базаларды ұйымдастыру бойынша жұмысты жүзеге асырсын.

      3. Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрлігінің Ғылым және адами ресурстар департаменті (М.Қ. Телеуов) осы бұйрықты Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінде заңнамада белгіленген тәртіппен мемлекеттік тіркеуді қамтамасыз етсін.

      4. Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрлігінің Заң қызметі департаменті (Ж.Ж. Данаева) осы бұйрық мемлекеттік тіркеуден өткеннен кейін бұқаралық ақпарат құралдарында ресми жариялануын қамтамасыз етсін.

      5. Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрлігінің стратегиялық даму департаменті (Б.Т. Төкежанов) осы бұйрықты интернет-ресурстарда орналастыруды қамтамасыз етсін.

      6. Осы бұйрықтың орындалуын бақылау Қазақстан Республикасының Денсаулық сақтау вице-министрі Е.Ә. Байжүнісовке жүктелсін.

      7. Осы бұйрық алғашқы ресми жариялаған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі.

Министрдің


міндетін атқарушы

С. Мусинов


  Қазақстан Республикасы
Денсаулық сақтау министрінің
міндетін атқарушының
2012 жылғы 11 қыркүйектегі
№ 628 бұйрығымен
бекітілген

Медициналық білім беру ұйымдарының клиникалық базалары туралы ереже
1. Жалпы ережелер

      1. Осы Ереже, "Білім туралы" Қазақстан Республикасының 2007 жылғы 27 шілдедегі Заңына, "Халық денсаулығы және денсаулық сақтау жүйесі туралы" Қазақстан Республикасының 2009 жылғы 18 қыркүйектегі кодексіне сәйкес әзірленген және медициналық білім беру ұйымдарының клиникалық базаларының құқықтық дәрежесін және қызметін регламенттейді.

      2. Клиникалық база - медициналық білім беру ұйымының клиникалық бөлімшелері (клиникалар), сонымен қатар медициналық білім беретін ұйымдармен медициналық және фармацевтикалық кадрларды дайындау үшін сәйкесінше жағдайларын келісім шарт бойынша ұсынатын денсаулық сақтау ұйымдары.

      3. Клиникалық база болып табылатын денсаулық сақтау ұйымдарымен және медициналық білім беру ұйымы арасындағы қарым-қатынастар осы Ережемен және бірлескен қызмет туралы үлгілік шартқа сәйкес олар арасында жасалған бірлескен қызмет туралы шартпен реттеледі (осы Бұйрыққа қосымша).

      4. Клиникалық база болып табылатын денсаулық сақтау ұйымы, өз қызметінде Қазақстан Республикасының қолданыстағы заңнамасымен, осы Ережемен, денсаулық сақтау ұйымдарының жарғысымен және медициналық білім беру ұйымдарымен жасалған бірлескен қызмет туралы шарттармен басшылық етеді.

      5. Медициналық білім беру ұйымының клиникасы - ұйымдастыру-әдістемелік, оқу, емдеу-диагностикалық және медициналық қызмет көрсету және білім алушыларды клиникалық даярлау ғылыми-зерттеу жұмыстарын заманауи әдістер негізінде іске асыратын медициналық білім беру ұйымының құрылымдық бөлімшесі.

      6. Медициналық білім беру ұйымының клиникасы, өз қызметінде Қазақстан Республикасының қолданыстағы заңнамасымен, осы Ережемен, медициналық білім беру ұйымдарының жарғысымен және Ішкі ұйымдастырушылық-өкімдік актілерімен басшылық етеді.

      7. Медициналық білім беру ұйымы клиникасының штаттық саны және бөлімше қуаты, бейіні, құрылымы білім беру үрдісінің қажеттілігін ескере отырып, медициналық білім беру ұйымының ректорымен бекітіледі.

2. Клиникалық базалардың негізгі міндеттері және функциялары

      8. Клиникалық базалардың негізгі міндеттері:

      1) Клиникалық базаның бейініне сәйкес медициналық қызметтерді көрсету;

      2) оқытудың қазіргі заманғы нысандарын және әдістерін, медициналық ғылым және практикалық денсаулық сақтау жетістіктерін пайдалану арқылы клиникалық база қызметкерлерін және медициналық білім беру ұйымдарында білім алушыларды даярлау, қайта даярлау және біліктілігін арттыру үшін жағдайлар жасау;

      3) білім алатын медициналық білім беру ұйымдарының клиникалық даярлық сапасын қамтамасыз ету;

      4) денсаулық сақтау саласында медициналық білім беру ұйымның бейінді бөлімшелерімен бірлесіп ғылыми-зерттеу қызметін жүзеге асыру;

      5) практикалық денсаулық сақтауға ғылыми-зерттеу қызметі нәтижелерін ендіру үшін, сонымен бірге білім алушыларды клиникалық даярлау үрдісіне қажетті жағдай құру.

      9. Қойылған міндеттерді шешу үшін клиникалық базалар мынадай

      функцияларды жүзеге асырады:

      1) клиникалық базаның клиникалық бөлімдерінің зертханаларының және де басқа да қосалқы бөлімшелерінің медициналық білім беру ұйымдарының бейінді кафедраларымен/курстарымен/модульдарымен бірлескен жұмысты ұйымдастыру;

      2) клиникалық базаның медицина қызметкерлерінің қайта даярлануын және біліктілігін арттыруды ұйымдастыру және қамтамасыз ету;

      3) пациенттерге медициналық қызметтерді ұсыну;

      4) медициналық білім беру ұйымдарының бейінді бөлімшелерінің бірлескен ғылыми-зерттеу жұмыстарын атқару;

      5) зерттемелерді қамтамасыз ету және белгіленген тәртіппен пациенттерді диагностикалаудың, емдеудің, оңалтудың жаңа тиімді әдістерінің клиникалық сынақтарын өткізу;

      6) клиникалық, ғылыми-практикалық және патологиялық-анатомиялық конференцияларды, семинарларды, мастер-кластарды, консилиумдарды, клиникалық талдауларды және басқа іс-шараларды өткізу;

      7) бірлескен ғылыми-техникалық еңбектерді және ғылыми-медициналық зерттемелерді, оқу құралдарын жариялау;

      8) клиникалық база аумағында ем, білім беру немесе ғылыми қызметте пайдаланылатын клиникалық базаның және медициналық білім беру ұйымының медициналық техникасын және медициналық мақсаттағы бұйымдарын бірлесе пайдалану бойынша жұмысты ұйымдастыру;

      9) медициналық білім беру ұйымының бейінді бөлімшелерінің оқу үдерісін жүргізу және ғылыми-зерттеу жұмыстарын атқару үшін қажетті жағдайларды жасау, оған қоса:

      - медициналық білім беру ұйымдарына оқу, дәріс және қосымша (студенттерге арналған киім шешетін бөлме, лаборанттық бөлме) бөлмелерді беру;

      - білім беру үдерісінің қажеттілігіне және клиникалық базаның ішкі ұйымдастыру-өкімдік құжаттарында белгіленген тәртіпке сәйкес, білім алушылардың емдеу үдерісіне қатысу қолданыстағы заңнамамен және/немесе пациенттердің талаптарымен рұқсат берілмейтін жағдайларды қоспағанда, ғылыми-педагогикалық кадрларға және білім алушыларға пациенттерге және клиникалық базаның арнаулы бөлімшелеріне, оның ішінде операциялық блокқа, реанимация және қарқынды терапия бөлімшесіне кіруге рұқсатты қамтамасыз ету;

      - білім алушыларда көрсетілетін медициналық қызметтердің жоғары сапасына және әр пациентке жеке тәсілді қолдануға бағытталған практикалық (клиникалық) жұмыс құзыретін қалыптастыру және дамыту мақсатында емдеу-диагностикалық жұмысты атқару кезінде медициналық білім беру ұйымының ғылыми-педагогикалық қызметкерлеріне (оқытушыларына) медициналық құжаттаманы жүргізу құқығын, сондай-ақ білім алушылардың оқытушылардың бақылауында және жауапкершілігімен медициналық құжаттамаларда жазбалар жасау мүмкіндігін беру;

      - жеке тұлғалар (пациенттер) туралы ақпаратқа қатысты қолданыстағы заңнамада қарастырылған құпияны сақтау талаптарына сәйкес медициналық білім беру ұйымына медициналық құжаттарды, статистикалық деректерді және мұрағат құжаттарын алуға рұқсат беру;

      - оқу үдерісін және бірлескен ғылыми-зерттеу жұмыстарын материалдық-техникалық қамтамасыз ету;

      - медициналық, білім беру ұйымдарының қызметкерлерін және білім алушыларын клиникалық базаның аумағында кез келген жұмыс түрін орындау кезінде қолданыстағы заңнамаға сәйкес денсаулық және еңбектің қауіпсіздік шарттарын қамтамасыз ету;

      - қауіпсіздік және еңбекті қорғау бойынша ұйымдастыру-техникалық іс-шараларды өткізу;

      - ғылыми-педагогикалық қызметкерлерді және медициналық білім беру ұйымдарының білім алушыларын клиникалық базалардың арнаулы бөлімшелерінде жұмыс істеу үшін қажетті жеке қорғаныс құралдарымен қамтамасыз ету;

      - медициналық-ғылыми-педагогикалық қызметкерлерді лауазымдық нұсқаулықтармен және ішкі тәртіп қағидаларымен және клиникалық базаның медициналық қызметті жүзеге асыру тәртібіне қатысты басқа да ішкі ұйымдастыру-өкімдік актілерімен таныстыру.

3. Клиникалық базаларды басқару

      10. Медициналық білім беру клиникалық ұйымына жалпы жетекшілік етуді және басқаруды қолданыстағы заңнамамен, жарғымен және медициналық білім беру ұйымының ішкі ұйымдастыру-өкімдік актілермен берілген өкілеттіліктің шегінде оның басқару органдары және клиниканың басшысы жүзеге асырады.

      11. Клиникалық базаның басшысы:

      1) өз жұмысында азаматтардың денсаулығын қорғау және білім саласындағы нормативтік құқықтық актілерді, жоғары медициналық білім беру ұйымының жарғысын, осы Ережені және лауазымдық нұсқаулықты басшылыққа алады;

      2) медициналық білім беру ұйымының қызметкері ретінде қоса қызмет атқара алады;

      3) медициналық білім беру ұйымдарындағы Клиникалық кеңестің және Ғылыми кеңестің құрамына кіреді;

      4) кафедралардың/курстардың/модульдердің басшыларымен бірлесіп емдеу-диагностикалық қызметтің мәселелері бойынша кафедралардың/курстардың/модульдердің жұмысын үйлестіреді;

      5) клиникалық жұмыс жөніндегі проректормен бірлесіп кафедралар/курстар қызметкерлерінің емдеу-консультациялық жұмысының орындалған көлемін бақылайды;

      6) медициналық білім беру ұйымындағы клиникалық кеңестің отырыстарында клиникалық базалардың емдеу жұмысының жағдайы туралы ұсыныстар енгізеді және хабарлайды;

      7) әкімшілік-шаруа функцияларды жүзеге асырады.

      12. Клиникалық базаның басшысы, бөлім меңгерушілері, дәрігерлер және жоғарғы немесе бірінші біліктілік санаты бар клиникалық базаның басқа білікті қызметкерлері штаттық қоса атқару (0,5 ставкадан астам емес) шартымен немесе белгілі жұмысты орындау уақытында клиникалық базаға бекітілген медициналық білім беру ұйымдарындағы профессорлық-оқытушылық құрамының ақы төленетін штаттық лауазымдарын атқаруы мүмкін.

      13. Кафедраның/курстың/модульдің меңгерушісі:

      1) кафедраның/курстың/модульдің педагогикалық, ұйымдастыру-әдістемелік және ғылыми-зерттеу және емдеу - диагностикалық қызметіне жетекшілік етеді;

      2) консультациялық, емдеу - диагностикалық көмек көрсету және оқу үдерісін ұйымдастыру мәселелері бойынша клиникалық базаның басшысымен және оның орынбасарларымен өзара әрекеттеседі;

      3) бөлімшелерді жоспарлы аралайды, науқастарға консультация береді, оларды тексеру мен емдеудің жоспарын белгілейді;

      4) кафедра/курс/модуль қызметкерлерінің арасында емдеу және педагогикалық жүктемені бөледі;

      5) клиникалық база дәрігерлерінің біліктілік деңгейін арттыру бойынша ұйымдастыру-әдістемелік жұмысты жүргізеді (клиникалық ғылыми-практикалық семинарлар, патологиялық-анатомиялық конференциялар және есептерді талқылау).

      14. Кафедраның/курстың/модульдің меңгерушісі клиникалық

      базаның басшысымен бірлесіп;

      1) бөлімше және кафедра/курс/модуль қызметкерлерінің емдеу жұмысын орындауын бақылауды жүзеге асырады, ғылыми-педагогикалық қызметкерлердің жұмыс уақытын есепке алу табельдерін бекітеді;

      2) ғылыми зерттеулерге дәрігерлердің және ғылыми-педагогикалық қызметкерлердің қатысуын қамтамасыз етеді;

      3) жоғары тұрған органдарға клиникалық базаның қызметі бойынша бірлескен есепті ұсынады.

4. Медициналық білім беру ұйымдарының клиникасын қаржыландыру

      15. Клиниканың қызметі ақылы қызметтердің, тегін медициналық көмектің кепілдік берілген көлемінің шеңберінде бюджет қаражатының есебінен көрсетілетін медициналық қызметтердің спектрін кеңейту, медициналық білім беру ұйымының ғылыми-зерттеу жобаларына клиника қызметкерлерін жұмылдыру, халықаралық ынтымақтастықтың түрлерін және нысандарын кеңейту есебінен өз-өзін қаржыландыру, сондай-ақ клиникалық ұйымның мүмкіндіктеріне қарай және қолданыстағы заңнаманың талаптарына сәйкес клиникалық базалардың ақылы медициналық қызметтердің спектрінің кеңейту есебінен іске асады.

      Медициналық білім беру ұйымының клиникалық базасы Қазақстан Республикасының заңдарымен белгіленген талаптарға сай азаматтарға ақылы медициналық қызметті дер кезінде және сапалы көрсетуге жауапты болады.

      16. Медициналық білім беру ұйымының клиникасын қаржыландыру медициналық білім беру ұйымдарының мынадай көздерімен жүзеге асырылады:

      1) халыққа кепілденген көлемде тегін медициналық көмек шеңберінде медициналық қызмет көрсетуден табыстар;

      2) денсаулық сақтау саласындағы уәкілетті орган бекіткен нормативтердің шегінде мемлекеттік білім беру тапсырысын бюджеттік қаржыландыру;

      3) ғылым туралы заңнамамен көзделген нысандарда мемлекеттік бюджеттен ғылыми және (немесе) ғылыми-техникалық қызметті қаржыландыру;

      4) медициналық білім беру ұйымының ақылы білім беру қызметінен басқа Қазақстан Республикасының заңымен тыйым салынбаған қызмет көрсетуден болатын табыстар;

      5) клиникалық ақылы медициналық көмек көрсетуден түскен табыстар;

      6) демеушілік және қайырымдылық көмек ретінде түсетін, оның ішінде халықаралық ынтымақтастық шеңберінде шетел әріптестерінен түсетін табыс.

      7) Қазақстан Республикасы заңнамасымен тыйым салынбаған басқа көздерден түскен табыстар.

5. Клиникалық базалардағы ғылыми-педагогикалық қызметкерлердің
емдеу жүктемесінің нормативі және жұмыс уақытының режімі

      17. Клиникалық базалардағы медициналық білім беру ұйымдарының ғылыми-педагогикалық қызметкерлерінің емдеу-диагностикалық және консультациялық жұмысының нормативі мыналарды қамтиды:

      - тиісті мамандық дәрігерінің жүктемесінен 50%-ды - кафедра/курс/модульдер доцентері мен ассистенттері үшін;

      - айына консультациялық жұмыстың 30 сағатынан астам емес - кафедра/курс/модуль меңгерушілері және профессорлар үшін.

      18. Емдеу-диагностикалық және консультациялық жұмыстың нормативі медициналық білім беру ұйымының еңбекақы қорынан ақы төлеумен (ғылыми-педагогикалық қызметкердің лауазымдық айлықақысына қосымша ақы түрінде) білім беру үдерісін қамтамасыз ету мақсатында міндетті түрде клиникалық базаның бөлімшелерінде ғылыми-педагогикалық қызметкерлерімен атқарылатын емдеу жүктемесінің көлемін айқындайды.

      19. Емдеу-диагностикалық және консультациялық жұмыстың аталған нормативінен тыс медициналық білім беру ұйымдарының ғылыми-педагогикалық қызметкерлеріне клиникалық базаның еңбекақы қорынан еңбекақысын төлеумен қолданыстағы еңбек заңнамасымен белгіленген тәртіпте клиникалық база мен қызметкер арасында жұмысты қоса атқару бойынша еңбек шартын жасау шартымен клиникалық базаның бөлімшелерінде емдеу-диагностикалық және консультациялық жұмысты атқаруға рұқсат беріледі.

      20. Медициналық білім беру ұйымының ғылыми-педагогикалық қызметкерлері жұмыс уақытының режімі кафедранын/курстың/модульдің басшысымен және клиникалық базаның тиісті бөлімшесінің басшысымен бекітілген тиісті кафедраның/курстың/модульдің жұмыс кестесіне сәйкес белгіленеді.

      21. Персоналдың штаттық санын оңтайландыру, клиникалық база болып табылатын денсаулық сақтау ұйымдары және медициналық білім беру ұйымдарының ғылыми, білім беру және клиникалық жұмысының сапасын арттыру мақсатында медициналық білім беру ұйымдарындағы кафедраның/курстың/модульдің басшылары педагогикалық және емдеу жүктемесін тиісті төмендетумен жұмысты коса атқару шартымен клиникалық база болып табылатын тиісті бөлімшелері басшыларының ақы төленетін штаттық лауазымдарын бір уақытта атқаруы мүмкін.

      22. Персоналдың штаттық санын оңтайландыру, ғылыми, білім беру және клиникалық жұмысының сапасын арттыру мақсатында медициналық білім беру ұйымдарының клиникаларында функциялардың бір уақытта орындалуын көздейтін біріктірілген лауазымдар енгізілуі мүмкін:

      - кафедраның/курстың/модульдің басшысы және тиісті бөлімшенің басшысы;

      - кафедраның/курстың/модульдің доценті, ассистенті және бөлімшенің дәрігері.

      23. Біріктірілген лауазымдарды атқаратын қызметкерлердің емдеу және педагогикалық жүктемесінің көлемі бекітілген нормативтерді есепке ала отырып және кафедра/курс/модуль жұмысының кестесі мен қолданыстағы еңбек заңнамасымен және медициналық білім беру ұйымының ішкі ұйымдастырушылық-өкімдік актілермен белгіленген жұмыс уақытының ұзақтығын сақтаумен белгіленеді.

  Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау
Министрінің м.а. бұйрығына қосымша

      11.09.2012 жыл № 628

БІРЛЕСКЕН ҚЫЗМЕТ ТУРАЛЫ ТИПТІК КЕЛІСІМ ШАРТ № _______

      _________қ. "__"________20__ж.

      ___________________________, _________________ негізінде әрекет етуші ____________ атынан бұдан әрі карай ___________________________, "Білім беру ұйымы" деп аталатын, бір тараптан, және ____________, бұдан әрі қарай "Клиника" деп аталатын, _______________, негізінде әрекет етуші __________________ _________ атынан, екінші тараптан, бұдан әрі бірлестікте "Тараптар", ал жеке түрде, жоғарыда аталғандай немесе "Тарап" деп аталады, Қазақстан Республикасының "Білім туралы" Заңына және Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау Министрінің м.а. ___________ жылдың № _________ "____________________________", бұйрығына сәйкес төмендегілер жөнінде осы келісім шартты жасады:

1. Терминдер мен анықтамалар

      1. Осы келісім шартта төменде көрсетілген тізімдегі түсініктер келесі мағыналарды береді:

      1) "келісім шарт" - Қазақстан Республикасының нормативті құқықтық актілеріне сәйкес Білім беру ұйымы мен Клиника арасында бекітілген, жазбаша түрде анықтап белгіленген, Тараптармен барлық қосымшаларға және оған келесі толықтыруларға, сонымен қоса, келісім шартта сілтемесі бар барлық құжаттарға қол қойылған қолданыстағы азаматтык-құқықтық акт;

      2) "ереже" - ___________________, Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау Министрінің м.а ________________ жылы № ____________ "______________" бұйрығымен бекітілген;

      3) "кафедралар" - осы келісім шартқа Қосымшада тізілген Клиника базасында қызмет етуші Білім беру ұйымының кафедра/курс/модулі;

      4) "базалық бөлімдер" - Білім беру ұйымының кафедрасы қызмет ететін, Клиниканың арнайы клиникалық бөлімшесі, зертханалар және басқа да қосалқы бөлімдер базасы;

      5) "білім алушылар" - студенттер, интерндер, резиденттер, магистранттар, докторанттар, қосымша білім беру бағдарламасы бойынша және басқа да Білім беру ұйымының тыңдаушылар;

      6) "құрал-жабдық" - емдеу және\немесе білім беру үрдісінде Тараптармен қолданылатын медициналық техника, медициналық бұйымға арналған оқу құрылғылары (нақнұсқа) және медицинаға арналған бұйымдар;

      7) "оқу кабинеттері" - білім беру үрдісі мақсатында Білім беру ұйымының қолданысына арналған Клиника бөлмелері;

      8) "жұмысшылар тараптары" - Тараптармен еңбек қатынастарында тұратын, Тарап атынан және\немесе тапсырысымен келісім негізінде және немесе сенім негізінде бөлек қызметтер атқарушы тұлғалар.

      2. Осы келісім шартта қолданылатын, бірақ келісім шартта анықтама берілмеген басқа түсініктер Қазақстан Республикасының "Білім беру туралы" Заңына сәйкес және ҚР "Халық денсаулығы және денсаулық сақтау жүйесі туралы" Кодексімен түсіндірілуі тиіс.

2. Келісім шарттың мәні

      3. Осы келісім шарт бойынша Тараптар өздерінің зияткерлік, еңбек пен басқа да қорларын біріктіруге және келісім шартта қарастырылған міндеттер мен қызмет бағыттарын жүзеге асыру мақсатында заңды тұлғаның білім беруінсіз бірлесе қызмет етуге міндеттеледі.

      4. Осы келісім шарттың қызмет ету кезеңінде Клиника Білім беру ұйымының клиникалық базасы болып табылады.

      5. Осы келісім шарт Тараптардың құқықтық қатынастарын жүйелейтін басты құжат болып табылады, бірлескен қызметтің ымырасыз шарттарын анықтайды және Тараптардың стратегиялық міндеттеріне және мақсаттарына, қызығушылықтарына жауап беретін, біріккен жобалар мен бағдарламаларды құрастыру және жүзеге асыру үшін құқықтық негіздеме болып саналады.

      Әріптестіктің бөлек шарттары Тараптармен бағдарламалық жұмыстарға, осы келісім шартқа қосымша келісімге сәйкес, сонымен қатар, ресми хат жазу, азаматтық-құқықтық келісімдер бекіту және Қазақстан Республикасының қолданыстағы заңына кедергі келтірмейтін басқа жолдармен анықталады.

      6. Осы келісім шартқа қол қою:

      1) Тараптардың бір-біріне қатынасында осы келісім шартта қарастырылған және Тараптардың жазбаша келісімі бойынша қатысты қызметтерден басқа, қандай болмасын, қаржылық және өзге де міндеттер жүктелмейді.

      2) Өзінің өндірістік-шаруашылық қызметін іске асыруда Тараптардың дербестігіне сонымен қоса, Тараптардың үшінші тұлғамен әріптестігіне және консорциум және басқа бірлестіктерге қатысуға қандай болса да шектеу қоймайды.

3. Тараптардың бірлескен қызметінің мақсаттары, міндеттері және бағыттары

      7. Тараптардың біріккен қызметінің басты мақсаты - Тараптардың ғылыми, білім беру, инновациялық және технологиялық мүмкіндігінің интеграциясы негізінде денсаулық сақтауда кадрларды үздіксіз кәсіптік дамытумен қамту.

      8. Тараптардың біріккен қызметінің Стратегиялық міндеттері болып табылады:

      1) Білім беру ұйымының білікті, ғылыми-педагогикалық кадрларын тарту арқылы медициналық қызмет көрсетудің сапалылығымен қамту;

      2) Материалдық-техникалық, ақпараттық және өзге де қорларды жетілдіру жолы арқылы білім беру қызметінің сапалылығымен қамту;

      3) Денсаулық сақтаудың заманауи технологияларын білім беру үрдісіне көшіру;

      Тараптардың материалдық-технологиялық базалары мен кадрлық потенциялын қолдану тиімділігін жетілдіру.

      9. Бірлескен қызметтің басты бағыттары ретінде Тараптар келесі қызмет түрлерін анықтады;

      1) Білім беру ұйымының кафедра бейіндері бойынша бірлескен білім беру бағдарламасын жүзеге асыру, соның ішінде:

      - жоғарғы медициналық білім берудің оқу бағдарламаларын жүзеге асыру;

      — медициналық, фармацевтикалық, ғылыми және ғылыми-педагогикалық кадрлардың резидентура, магистратура және докторантурадағы жоғары біліктілікке практикалық дайындығы;

      - денсаулық сақтау саласындағы жұмысшыларды қайта даярлау және біліктілігін арттыру;

      - ғылыми-ақпараттық тәжірибемен алмасуға, өзара тиімді байланыстарды бекітуге бағытталған конференция, семинарлар, симпозиумдер, көрмелер, жиналыстар, форумдар және басқа да түрдегі іс-шараларды ұйымдастыру және өткізу;

      - курстар, дәрістер, семинарлар, тренингтер, мастер-класстар және басқа да оқыту іс-шараларын.ұйымдастыру және өткізу;

      2) Білім беру ұйымының кафедра бейіні бойынша тұрғындарға білікті медициналық көмек көрсету.

      10. Осы келісім шарттың негізінде Тараптар заты мен қызмет мақсаттарына, сонымен қоса, біріккен ғылыми және зерттеу жобаларын орындауға және олардың нәтижелерін денсаулық сақтаудың білім беру үрдісі мен практикасына сәйкес қосымша қызмет бағыттарын жүзеге асыра алады.

      11. Тараптардың бірлескен қызметінің бағыттарын жүзеге асыру Тараптардың күшін, қажет болғанда бейіндік сонымен қоса, шетелдік ұйымдар мен мамандарды тартумен қамтамасыз етіледі.

4. Ерекше шарттар

      12. Егер ерекше жағдайлар Тараптардың жазбаша келісімінде көрсетілмесе, Тараптардың өзара қатынасы осы келісім шарт бойынша өтеусіз негізде жүзеге асырылады.

      13. Білім беру ұйымы Клиниканың оқу кабинеттерін, құрал-жабдықтарын, шығын материалдарын пайдаланғаны және тұрмыстық қызмет үшін төлеуге міндетті емес.

      14. Тараптардың тиімді ұйымшыл әріптестігін құру мақсатында Білім беру ұйымы Клиниканың бекітілген біліктілік талаптарына сай бейін мамандарын профессорлық-оқытушылық құрамның жетекшісі, оның орынбасары лауазымдарына қосымша қызмет атқарушы (0,5 ставкадан артық емес) ретінде немесе анықталған жұмысты орындау уақытына қабылдай алады.

      15. Жұмысшылардың штаттық санын оптимизациялау мақсатында, тараптардың клиникалық және білім беру ғылыми жұмысының сапасын арттыру, педагогикалық және емдеу жүктемесінің көлемінің азаюына сәйкес біріктіру бойынша жұмыс атқару шарттарында Білім беру ұйымының кафедра басшылары бір мезгілде клиниканың базалық бөлімшелерінің ақы төленетін штаттық басшы лауазымын алып жүре алады.

      16. Білім беру ұйымының ғылыми-педагогикалық жұмысшыларды емдеу-диагностикалық және кеңес беру жұмыстарының нормативі ережемен анықталады.

      17. Білім беру ұйымының ғылыми-педагогикалық жұмысшылары бекітілген норматив ережесінен тыс, қолданыстағы еңбек заңнамасымен бекітілген тәртіпте клиникалық база мен жұмысшы арасындағы біріктіру бойынша клиникалық базаның еңбек ақы қорынан еңбек ақы төлеу арқылы еңбек келісім шарты жасалған жағдайда, клиникалық база бөлімшелеріндегі емдеу-диагностикалық және кеңес беру жұмыстарын атқаруға рұқсат етіледі.

      18. Бәлім беру ұйымы кафедраның жұмысшылары орындайтын емдік жүктемесі қолданыстағы заңнама немесе Клиниканың ішкі актілеріне сәйкес емделушіге білім алушылардың кіруіне рұқсат берілмеген ерекше жағдайларды қоспағанда, оқу жұмысымен бір мезгілде іске асырылады.

      19. Білім беру ұйымының кафедраның жұмысшылары кафедра жетекшісіне бағынады.

5. Бірлескен қызметке тараптардың қосар үлесі

      20. Әр Тарап еңбек, интеллектуалдық, материалдық және басқа да қорлармен осы келісімнің шарттарына сәйкес бірлескен қызметке өз үлесін қосады.

      21. Тараптардың бірлескен қызметке ортақ үлесі Тараптардың кәсіби білімі, ғылыми-педагогикалық және медициналық кадрлардың шеберлігі және дағдылары болып табылады.

      22. Білім беру ұйымының бірлескен қызметіне үлесі болып табылатындар:

      1) Бірлескен білім беру бағдарламалары білім беру ұйымының зияткерлік меншік бағдарламасын жүзеге асыруда қолданылады.

      2) Еңбек үлесіне келесі функцияларды орындаумен көрінеді:

      - біріккен білім беру бағдарламаларын үйлестіру және жалпы методологиялық басшылық;

      - оқу және оқу-әдістемелік жұмысты орындау, оқу-әдістемелік және тарату материалдарын дайындау, рәсімдеу, тираждау;

      - денсаулық сақтау және білім беру басқармасының органдарымен, біріккен білім беру бағдарламаларын ұйымдастыру және өткізу мәселелері бойынша қазақстандық және шетелдік ұйымдармен өзара қарым-қатынас;

      - білім алушыларды оқуға қабылдау және шығару;

      - білім беру үрдісіне мониторинг, бекітілген оқу жүктемесінің және білім алушылардың сабақ кестесінің орындалуын бақылау;

      - біріккен білім беру бағдарламалары туралы жарнамалық-анықтамалық ақпараттарды құрастыру және Білім беру ұйымының web-сайтында, арнайы жүйесі баспа беттерінде және басқа жолдармен тарату;

      - Жоспарлық кеңес беру және кафедраның профессорлық-оқытушылық құрамының базалық бөлімдерде емдік және кеңес беру жұмысын орындауы, жекелей алғанда базалық бөлімдерде жоспарлы кеңес беру және базалық бөлімшелерді айналып ету; кафедраның ғылыми-педагогикалық жұмысшылардың емдік жүктемемен емделушілерді емдеуі, Клиниканың медициналық жұмысшыларына және емделушілеріне кеңес беру көмегін көрсету, сонымен ішінде on-line кеңесі; дәрігерлік консилиум жұмысына қатысу;

      - емдік үрдісін ұйымдастыру мәселелері бойынша Клиника өткізетін іс-шараларға қатысу, олар: жедел жиналыстар, клиникалық талдаулар, ауруханалық және емханалық кеңестер, емдік, клиникалық конференциялар және басқалар;

      - білім беру үрдісін ұйымдастыру қажетті басқа функциялар.

      23. Бірлескен қызметке клиниканың үлесі:

      1) Клиника базасында Тараптармен орындалатын барлық білім беру, медициналық және ғылыми қызмет түрлері бойынша толық әкімшілік-шаруашылық және материалдық-техникалық, сонымен қатар, емдік құралдар, медициналық техника, медициналық бұйымдар және шығын материалдармен қамту.

      2) Еңбек үлесі келесі функцияларды орындаумен көрінеді:

      - Біріккен білім беру бағдарламаларын үйлестіру және жалпы методологиялық басшылық;

      - Медицина (клиникалық, диагностикалық, емдік-профилактикалық) саласында жаңа және келешегі бар тауарларды зерттеу, медициналық қызмет рыногына мониторинг, медицинадағы білім беру үрдісіне инновацияларды енгізу бойынша ұсыныстарды Білім беру ұйымына ұсыну;

      - Халыққа медициналық көмек көрсету бойынша қажетті басқа да функциялар.

      24. Бірлестік жобалары мен бағдарламаларын жүзеге асыруда Тараптар, Тараптардың келісімімен бірлескен қызметке қосымша үлес енгізеді.

      Бірлескен қызметке қосымша үлес қосу Тараптардың осы келісім шартқа келісу хаттамасы және/немесе басқа формадағы, қолданыстағы заңға қайшы келмейтін қосымша келісімге қол қоюмен жүзеге асырылады.

6. Тараптардың бірлескен қызметіне басшылық

      25. Егер Тараптардың жазбаша келісім шартында өзге жағдай қарастырылмаса, Тараптардың біріккен қызметін ұйымдастыру және басқару, тапсырыс берушілермен және әріптестермен келісім-құқықтық жұмыс жүргізуді қоса алғанда, келесілерге жүктеледі:

      - Клиникаға, - халыққа медициналық көмек көрсету;

      - Білім беру ұйымы, - білім беру бағдарламаларын жүзеге асыру,

      26. Тараптардың келісім шарт заты бойынша өзара қатынас мақсатында жауапты тұлғалар тағайындалады:

      - Білім беру ұйымы жақтан, - кафедра меңгерушілері;

      - Клиника жақтан, - базалық бөлімдердің меңгерушілері.

7. Сапалы білім беру үрдісі үшін қолайлы жағдай туғызу

      27. Білім беру үрдісін ұйымдастыру мақсатында Клиника Білім беру ұйымына келесі жағдайларды туғызуға міндеттенеді:

      1) Осы келісім шартқа Қосымшаға сәйкес Клиника Білім беру ұйымы үшін оқу бөлмелерін бекітеді.

      Ұсынылған оқу кабинеттері Қазақстан Республикасының қолданыстағы заңында бекітілген санитарлық және басқа да ережелер мен нормаларға сәйкес келуі тиіс.

      2) Клиника қамтамасыз етеді:

      - оқу бөлмелеріне ағымдық және күрделі жөндеу жұмыстары, осы кезеңде Білім беру ұйымына тең дәрежелі бөлме ұсынады;

      - оқу бөлмелерін арнайы техникалық қорғау, Білім беру ұйымының мүлкінің қауіпсіздігі мақсатында өрт-қорғау дабыл құралдарымен жабдықтау.

      3) Клиника Білім беру ұйымының базалық бөлімдерде кафедра жұмысшыларымен орындалатын емдік және кеңес беру жұмыстарында, оқу практикалық сабақтарды, ғылыми-зерттеу жұмыстарында медициналық техниканы және бұйымдарды пайдалану құқығын ұсынады.

      4) Клиника білім беру үрдісіне сәйкес қолданыстағы заңмен және/немесе емделушінің талап етуімен кіруге рұқсат етілмейтін жағдайларды қоспағанда, білім алушыларды емделушілерге және Клиниканың барлық құрылымдық бөлімшелеріне, базалық бөлімдеріне, операциялық блоктарына, реанимация бөлімдеріне, қарқынды терапияға кіруге рұқсат қағазымен қамтамасыз ету міндетін алады.

      5) Клиника Білім беру ұйымына фирмалық атауын, логотипін және басқа да Клиниканың белгілерін бірлескен білім беру бағдарламасын жарнамалау мақсатында қолдануға сөзсіз құқық береді.

      28. Клиникамен келісе отырып, Білім беру ұйымы өз күшімен және өз қаржы есебінен оқу кабинеттерін Клиникада оқу және ғылыми-зерттеу жұмыстарын ұйымдастыруға қажетті қарастырылған келісім шарт бойынша бірге пайдаланылатын медициналық техникамен және бұйымдармен жабдықтауға құқылы. Шаруашылық жүргізу құқындағы (оралымды басқару) Білім беру ұйымына тиесілі көрсетілген жабдықтар тапсыру-қабылдау актілері бойынша Клиникаға сақталуға беріледі.

      29. Бірге пайдаланылатын құрал-жабдықтар бойынша ұйымдастыру жұмыстары Клиника аймағында болса, Клиникамен іске асырылады. Осы мақсатта Клиника жауапты тұлғаны (кураторды) тағайындайды, оның міндеттеріне кіреді:

      - білім алушылар және кафедра жұмысшыларына құралдарды пайдалану және қауіпсіздік техника ережелерімен таныстыру;

      - білім алушылар және кафедра жұмысшыларына арнайы дайындықтан өткен соң, жабдықтарды пайдалануға рұқсат беру;

      - құрал-жабдықтарды тек тікелей белгіленген қызметіне қарай пайдалану;

      - білім алушылар және кафедра жұмысшылардың жабдықтарды пайдалану және қауіпсіздік техникасы ережелерін сақтауға қатысты жұмысын бақылау;

      - құралдарды пайдаланудың техникалық шарттарын орындаумен қамтамасыз ету;

      - құралды жөндеу жұмысымен қамтамасыз ету, құралдарға профилактикалық байқау жүргізу, техникалық қызмет ету және пайдалану журналына жарамсыздық туралы тіркеу.

      Куратор Клиника бекіткен форма бойынша құралдарға қатысты жұмыс есебі журналын жүргізеді.

      30. Клиника аймағындағы құралдарды жөндеу және техникалық қызмет ету Клиниканың өз күшімен және өз қаржы есебінен іске асырылады.

8. Тараптардың жауапкершілігі

      31. Келісім шарттарын қажет деңгейде және немесе орындамағаны үшін Тараптар келісімнің шарттарына сәйкес, кей жерде Қазақстан Республикасының қолданыстағы заңы бойынша жауап береді.

      32. Клиника бөлмелерінің, сонымен қатар, оқу бөлмелерінің, құрал-жабдықтар және Тараптардың Клиника аймағында орналасқан басқа мүліктерінің бүтіндігі үшін Клиника жауапкершілік алады.

      33. Білім беру ұйымы жұмысшылардың кінәсі себебінен мүлік бұзылу жағдайы туындаса, Клиника ағымдағы 5 (бес) жұмыс күні ішінде келтірілген залалды сипаттаумен, мүліктің сипаттамасын көрсетумен және Тараптардың бірлескен комиссиясының талқылауына кінәлі тұлғаларды атаумен қажетті акт құрастырады және Білім беру ұйымына тапсырады.

      34. Клиника өз базасында түрлі жұмыстар жүргізуде денсаулыққа қауіпсіз жағдаймен қамтамасыз ету міндетін алады, сол себепті Клиника өз аймағында орындалған барлық қызмет түрінен білім алушылардың. Жұмысшылардың және үшінші тұлғалардың өміріне келуі мүмкін зиянкестіктер үшін жауапты.

      35. Жойылмайтын, жеңу қиын жағдайлар туындаған жағдайда келісім шарт бойынша өз міндеттерін орындамағаны үшін Тараптар толығымен жауапкершіліктен алынады.

      36. Осы келісім шарттың мақсаттары үшін "жойқын күштер жағдайы" Тараптардың әсерінсіз кез келген төтенше және саналы тәсілдермен тоқтатуға жол берілмейтін жағдайлар деген мағынаны береді.

      Жойқын күштер жағдайы туындаса, Тараптар келісімді орындаудың жағдайлардан тәуелсіз альтернативті тәсілдерін іздеуге және келісім шартты жалғастырудың мүмкіндіктері мен мақсаттылығы жөнінде шешім қабылдауы тиіс.

9. Заң құзыреті және қолданыстағы құқық

      38. Осы келісім шарт Қазақстан Республикасының материалдық құқықтар нормаларымен үйлестіріледі.

      39. Тараптар бірлескен қызмет барысында туындаған сұрақтарды үйлестіруде өзара келісімді жетістікке ұмтылады. Тараптар кез келген даулы сұрақтарды конструктивті диалог негізінде шешеді. Келісімге жете алмаған жағдайда Тараптардың әрқайсысы Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес сотта даулы сұрақтың шешімін сұрай алады.

10. Келісім шарт мерзімі

      40. Осы келісім шарт "___" ______ 20__ жылдан бастап күшіне енеді және белгісіз мерзімге бекітіледі.

      41. Осы келісім шарт бұзылуы мүмкін:

      1) Тараптардың жазбаша келісімімен кез келген уақытта;

      2) Келісім шарттың және\немесе қолданыстағы Қазақстан Республикасының заңнамасы негізінде бір Тараптың ықыласымен;

      42. Осы келісім шарт Тараптардың кез келгенінің ықыласымен тоқтатылады:

      1) Егер Тараптардың бірі осы келісім шарттың кез келген шартын бұзса және қателік жөнінде хабардар етілгеннен бір ай ішінде екінші Тараптың қанағаттанарлық деңгейіне жеткізіп, қателікті түземесе;

      2) Мерзімінен бұрын бұзуға орында ерекше жағдайлар туындағанда.

      43. Келісім шартта көрсетілген негіздемелер бойынша Тараптар, екінші Тарапты хабардар етуімен келісім шартты бұза алады немесе бас тарта алады, егер Тараптардың келісім хаттамасында келісімнің тоқтатылу күні көрсетілмесе, алған күннен бастап бұзылды деп есептеледі.

      44. Келісім шартты кез келген негіздемемен бұзу немесе қызметін тоқтату Тараптарды келісім шарт бойынша барлық міндеттерін келісім шарт қызмет етіп тұрған мерзім үшін орындаудан, сонымен қоса, кез келген міндеттерін қажетті деңгейде және\немесе орындамағаны үшін жауапкершіліктен босатпайды.

11. Қорытынды ереже

      45. Осы келісім шарт екі түпнұсқада тең заңдық күші бар мемлекеттік және орыс тілдерінде жасалды, қол қойылды және әр Тарапқа бір данадан тапсырылды.

      46. Келісім шартқа кез келген өзгертулер мен толықтырулар келісім шартқа қосымша келісім ретінде жазбаша түрде рәсімделген және Тараптардың өкілетті тұлғасының қолы қойылып, Тараптардың мөрімен бекітілген жағдайда ғана расталады. Мекен-жайдың, реквизиттердің және Тараптардың басқа да мәліметтері өзгерген жағдайда жазбаша хабардар ету жеткілікті және бөлек қосымша келісімге қол қою талап етілмейді.

      47. Клиника келісім шарттың мәтінін және оның келісім шартқа және оны орындауға қатысты кез келген материалдары мен құжаттамасын қоса алғанда, толық мәліметтерін есепке алуға келіседі, соның қатарында Білім беру ұйымы қолданатын инновациялық технология, оқыту әдістемесі және оқу әдістемелік материалдары мен оқыту әдістемесі, Білім беру ұйымының құпия ақпараты да бар.

      48. Барлық және кез келген зияткерлік меншік құқығындағы объектілер Тараптардың бірлескен ғылыми зерттеу жұмыстарының нәтижесі болғандықтан тек Тараптардың бірлескен зияткерлік меншігі болып саналады. Әр Тарап бірлесіп жасалған мүліктер үшін тең деңгейлі мүліктік құқыққа ие. Тараптармен айрықша мүліктік құқықты бөлісу шарттары анықталады.

12. Тараптардың заңды мекен-жайлары және реквизиттері

      Білім беру ұйымы: Клиника:

      СТТН СТТН

      БИН БИН

      Банктік реквизиттер: Банктік реквизиттер:

      Тараптардың қолы:

      Білім беру ұйымынан: Клиникадан:

      _____________________ ____________________

      МО МО