Қазақстан Республикасының Ұлттық Банкі Басқармасының "Екінші деңгейдегі банктердің, "Қазақстан Даму Банкі" акционерлік қоғамының және ипотекалық ұйымдардың Қазақстан Республикасының Ұлттық Банкіне қаржы секторының шолуын қалыптастыру үшін мәліметтерді ұсы

Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкі Басқармасының 2012 жылғы 24 тамыздағы № 280 Қаулысы. Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінде 2012 жылы 3 қазанда № 7961 тіркелді. Күші жойылды - Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкі Басқармасының 2016 жылғы 26 желтоқсандағы № 316 қаулысымен.

      Ескерту. Күші жойылды - ҚР Үкіметінің 09.07.2013 № 697 қаулысымен (алғашқы ресми жарияланған күнінен бастап күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі).

      Жеке тұлғалардың, тауарлар мен көлік құралдарының Қазақстан Республикасының Мемлекеттік шекарасы арқылы өтуін мемлекеттік бақылауды жетілдіру мақсатында Қазақстан Республикасының Үкіметі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
      1. «Қазақстан Республикасының Мемлекеттік шекарасы арқылы автомобиль өткізу пункттерінің және Қазақстан Республикасының  аумағындағы стационарлық көлiктiк бақылау посттарының тiзбесiн бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2004 жылғы 27 ақпандағы № 238 қаулысына (Қазақстан Республикасының ПҮАЖ-ы, 2004 ж., № 10, 128-құжат) мынадай толықтыру енгізілсін:
      көрсетілген қаулымен бекітілген Қазақстан Республикасының Мемлекеттік шекарасы арқылы автомобиль өткізу пункттерінің және Қазақстан Республикасының аумағындағы стационарлық көліктік бақылау посттарының тізбесінде:
      1-тармақтың төртінші бөлігі мынадай мазмұндағы жетінші абзацпен толықтырылсын: (құпия).
      2. Осы қаулы қол қойылған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі.

      Қазақстан Республикасының
      Премьер-Министрі                                    К. Мәсімов