Су айдындарына балық жіберу, балықтардың жаңа түрлерін жерсіндіру, су нысандарындағы балық шаруашылығы мелиорациясы жұмыстарын жүргізу ережесін бекіту туралы

Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрінің 2012 жылғы 31 тамыздағы № 11-2/442 Бұйрығы. Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде 2012 жылы 24 қыркүйекте № 7932 тіркелді. Күші жойылды - Қазақстан Республикасы Қоршаған ортаны қорғау министрінің 2013 жылғы 31 шілдедегі № 231-ө бұйрығымен

      Ескерту. Күші жойылды - ҚР Қоршаған ортаны қорғау министрінің 31.07.2013 № 231-ө бұйрығымен (алғашқы ресми жарияланған күннен бастап он күнтізбелік күн өткен соң қолданысқа енгізіледі).

      «Жануарлар дүниесін қорғау, өсімін молайту және пайдалану туралы» Қазақстан Республикасының 2004 жылғы 9 шілдедегі Заңы 9-бабының 1-тармағы 51-11) тармақшасына сәйкес, БҰЙЫРАМЫН:
      1. Қоса беріліп отырған су айдындарына балық жіберу, балықтардың жаңа түрлерін жерсіндіру, су нысандарындағы балық шаруашылығы мелиорациясы жұмыстарын жүргізу ережесі бекітілсін.
      2. Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрінің 2010 жылғы 26 сәуірдегі № 290 «Жануарларды интродукциялау, су айдындарына балық жіберу, балықтардың жаңа түрлерін жерсіндіру, су нысандарындағы балық шаруашылығы мелиорациясы жұмыстарын жүргізу ережесін бекіту туралы» бұйрығының (Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінде 2010 жылғы 24 мамырда № 6244 болып тіркелген, Қазақстан Республикасының орталық атқарушы және өзге де орталық мемлекеттік органдарының актілер жинағында жарияланған, 2010 жыл, № 15) күші жойылды деп танылсын.
      3. Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрлігі Балық шаруашылығы комитеті заңнамада белгіленген тәртіпте осы бұйрықтың Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркеуін және оның ресми жариялануын қамтамасыз етсін.
      4. Осы бұйрықтың орындалуын бақылау жетекшілік ететін Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы вице-министрiне жүктелсiн.
      5. Осы бұйрық алғашқы ресми жарияланған күннен бастап он күнтізбелік күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.

      Министр                                    А. Мамытбеков

Қазақстан Республикасы  
Ауыл шаруашылығы министрінің
2012 жылғы 31 тамыздағы 
№ 11-2/442 бұйрығымен  
бекітілген       

Су айдындарына балық  жіберу, балықтардың жаңа түрлерін
жерсіндіру, су нысандарындағы балық шаруашылығы мелиорациясы
жұмыстарын жүргізу ережесін бекіту туралы

      1. Осы су айдындарына балық жіберу, балықтардың жаңа түрлерін жерсіндіру, су нысандарындағы балық шаруашылығы мелиорациясы жұмыстарын жүргізу ережесін бекіту туралы (бұдан әрі – Ереже) Қазақстан Республикасының 2004 жылғы 9 шілдедегі «Жануарлар дүниесін қорғау, өсімін молайту және пайдалану туралы» Заңының 9-бабына (бұдан әрі - Заң) сәйкес әзірленді және су айдындарына балық жіберу, балықтардың жаңа түрлерін жерсіндіру, су нысандарындағы балық шаруашылығы мелиорациясы жұмыстарын жүргізудің тәртібін анықтайды.
      2. Осы ережеде мынадай терминдер пайдаланылады:
      1) артық өсімдіктерді ору – артық өсімдіктерді механикалық жою (кесу, тамырының бұзылуы, өсімдіктері қауын өскен участкілерді мерзім құрғату);
      2) ағымдағы мелиорация – күрделі шығындарды қажет етпейтін (жас балықты құтқару, қатып қалудың алдын алу) қысқа мерзімде оң нәтижеге қол жеткізетін техникалық және биологиялық шұғыл сипаттағы іс-шаралар кешені;
      3) биологиялық негiздеме – жануарлар дүниесiн пайдалануға, жануарлар дүниесi объектілерінің жол берілетін аулау мөлшерін анықтауға, сондай-ақ жануарлар дүниесiнiң объектiлерi мен олардың мекендеу ортасына ықпал етуге қабілетті қызметке арналған ғылыми негiзделген қорытынды;
      4) балық жіберу – өз өсімін өзі молайтатын популяцияларды жасау, құнды, сирек кездесетін және құрып кету қаупі төнген балықтарды сақтау және (немесе) тауарлы өнімді алу мақсатымен су тоғандарға балық өсіру материалдарды және балықтарды жіберу;
      5) биологиялық мелиорация – биологиялық іс-шаралар көмегімен мақсатқа жетуді қамтамасыз ететін шаралар кешені;
      6) балықтың құнсыз түрлерін аулау – балықтың құнсыз түрлерін бағалы балық түрлерімен ауыстыру жөніндегі іс-шаралар кешені;
      7) биологиялық объектілердің көмегімен артық өсімдіктерді жою – судың түстенуіне әкелетін төменгі балдырлар мен өсімдіктерді жою үшін су айдынына өсімдік қоректі балықтар жіберу;
      8) балықтардың қырылуы – балық ресурстарының және басқа да су жануарларының су айдынының және (немесе) учаскесінің гидрохимиялық және өзге де режимінің бұзылуынан туындаған жаппай қырылуы;
      9) балықтың қырылу қаупі бар су айдыны және (немесе) учаскесі – балық шаруашылығының балық әлсін-әлсін қырылуға ұшырайтын су айдыны және (немесе) учаскесі;
      10) балықтың қырылу қаупі бар су айдындарынан балықтарды құтқару – тұрақты су айдындарынан аулау және тасымалдау немесе оларды каналдармен біріктіру арқылы балықтардың қырылуын болдырмау бойынша гидротехникалық және басқа да шаралар кешені;
      11) балықтардың уылдырық шашатын орынға өтуін қамтамасыз ету - өтпелі және жартылай өтпелі өндіргіш балықтардың өзендерге өтуін қамтамасыз ету жөніндегі гидротехникалық және басқа да шаралар жүйесі (түптереңдету, өсімдіктерді ору, деңгейлік режимді қолдау);
      12) балықтарды су тарту құрылғыларына түсуден қорғау – оларды жобалау сатысында көздейтін әр түрлі түрдегі су тарту құрылғыларында балықтардың қырылуын болдырмау бойынша техникалық шаралар жүйесі;
      13) жерсіндіру – жануарлар дүниесі объектілерін олар бұрын мекендемеген немесе өзінің маңызын жоғалтқан мекендеу орындарындағы тіршілік ету жағдайларына бейімдеу;
      14) жануарлар дүниесiн қорғау, өсiмiн молайту және пайдалану саласындағы уәкiлеттi мемлекеттік орган (бұдан әрі – уәкiлеттi орган) – жануарлар дүниесiн қорғау, өсiмiн молайту және пайдалану саласындағы басшылықты және мемлекеттік саясатты іске асыруды, сондай-ақ өз өкілеттіктері шегінде салааралық үйлестіруді жүзеге асыратын орталық атқарушы орган;
      15) жануарлар дүниесiн пайдаланушылар – осы Заңға сәйкес жануарлар дүниесiн пайдалану құқығы берiлген жеке және заңды тұлғалар;
      16) күрделі мелиорация – күрделі шығындары жоғары болғанда (өзендерді тереңдету) ұзақ мерзімге оң әсер етуді қамтамасыз ететін техникалық және биологиялық іс-шаралар кешені немесе оның жеке түрлері;
      17) қырылып қалуды болдырмау - су айдынының оттегі режимін қолдайтын гидротехникалық және техникалық шаралар кешені;
      18) су нысандарындағы балық шаруашылығы мелиорациясы - балық өнімділігін сақтауға және ұлғайтуға, балық ресурстары мен басқа су жануарларының өмір сүру жағдайлары мен өніп-өсуін жақсартуға бағытталған шаралар кешені;
      19) су айдындарын сумен қамтамасыз етуді жақсарту – су жануарларды қолдау және өмір сүру жағдайы мен көбеюін жақсарту жөніндегі гидротехникалық және басқа да шаралар кешені (судың химиялық құрамы, ағымдылығы, деңгейлік режимі);
      20) табиғи уылдырық шашу орнын қалпына келтіру - бұрын жоғалған уылдырық шашу орнын суландыруға мүмкіндік туғызатын, олардың лайлануын болдырмау, қорытпа және басқа да тасталымдардан тазалау, уылдырық шашу кезеңінде судың қалыпты теңдігін қамтамасыз ететін техникалық шаралар кешені;
      21) уылдырық шашу орнын қолдан жасау - жасанды уылдырық шашу орындарын орнату, құмды тастар себу жолымен көбеюге қолайсыз су айдындарында табиғи өсімді қолдау жөніндегі шаралар;
      22) ұйық учаскелерін тазалау – сплавиналарды, су басқан ағаштар мен бұталарды, құрылыс конструкциялары мен материалдарын, көлік құралдарын жою арқылы қауіпсіз және тиімді аулауды қамтамасыз ету бойынша техникалық шаралар жүйесі;
      23) ұйық (ұйықтық учаске) – су айдынының және оған іргелес жағалау белдеуінің шектеулі су акваториясы бар, өзеннің және өзге де ағынды су айдынының кәсіпшілік балық аулау мұқтажына арналып, бейімделген учаскесі.

2. Су айдындарын балықтандыру бойынша жұмыстарды жүргізу
тәртібі

      3. Су айдындарын балықтандыру бойынша шаралар жүргізу жөніндегі ақпарат жергілікті бұқаралық ақпарат құралдарында балықтандыру бойынша шараларды жүргізуге дейін 10 күнтізбелік күн бұрын жарияланады.
      4. Мемлекеттік тапсырыс шеңберінде су айдындарын балықтандыру өсімін молайту кешеніндегі мемлекеттік кәсіпорындармен және (немесе) балық отырғызу материалдарын өсірумен айналысатын заңды және жеке тұлғалармен уәкілетті органның ведомствасының тиісті жергілікті құрылымдарымен құрылатын комиссияның қатысуымен жүргізіледі және осы Ереженің 1-қосымшасына сәйкес балықтандыру актісі түрінде рәсімделеді.
      Комиссия құрамына уәкілетті органның ведомствасының жергілікті құрылымының, тиісті облыстың жергілікті атқару органының және қоғамдық мекемелердің өкілдері кіреді.
      5. Пайдаланушылармен су айдындарын балықтандыру уәкілетті органның ведомствасының жергілікті құрылымының, тиісті облыстың жергілікті атқару органының және қоғамдық мекемелердің өкілдерінің қатысуымен жүзеге асырылады.
      6. Пайдаланушылар су айдындарын балықтандыру кезінде осы Ереженің 5–тармағында көрсетілген өкілдерге 10 күнтізбелік күн бұрын жазбаша түрде хабарлайды.
      7. Балықтандыру актісі су айдынын балықтандыруды жүргізген кезде қатысқан барлық өкілдермен қол қойылады. Бұл жерде уәкілетті органның ведомствасының жергілікті құрылымының өкілі барлық қатысқан өкілдер қол қойғаннан кейін балықтандыру актісіне қол қояды.

3. Жаңа балық түрлерін жерсіндіру бойынша жұмыстарды жүргізу
тәртібі

      8. Балық ресурстарын және басқа су жануарларын жерсіндіру мемлекеттік экологиялық сараптаманың оң қорытындысын алған уәкілетті орган берген биологиялық негіздеме негізінде берілген рұқсат бойынша жүргізіледі.
      9. Биологиялық негіздеме Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрінің 2010 жылғы 6 сәуірдегі № 233 бұйрығымен бекітілген және 2010 жылғы 6 мамырда Нормативтік құқықтық кесімдерді мемлекеттік тіркеудің тізіліміне № 6218 болып енгізілген Жануарлар дүниесiн пайдалануға арналған биологиялық негiздеме дайындау ережесіне сәйкес әзірленеді.

4. Балық шаруашылығы мелиорациясы бойынша жұмыстар жүргізудің
тәртібі және жүзеге асыру тәсілдері

      10. Балық шаруашылығы мелиорациясы жүзеге асыру тәсілі бойынша биологиялық және техникалық, ал жүргізу түрлері бойынша күрделі және ағымдағы мелиорация болып бөлінеді.
      11. Биологиялық мелиорация келесі негізгі шараларды қамтиды:
      аз бағалы түрдегі балықтарды мелиоративтік аулау;
      биологиялық нысан көмегімен артық өсімдіктерді жою үшін балықтандыру және (немесе) жерсіндіру.
      12. Техникалық мелиорация келесі негізгі шараларды қамтиды:
      балық ресурстары мен басқа су жануарларының жайылуы жағдайын және сумен қамтамасыз етілуін жақсарту;
      артық өсімдіктерді шабу;
      жазғы және қысқы тұншығуларды болдырмау;
      табиғи уылдырық шашу орындарын қалпына келтіру;
      қолдан уылдырық шашу орындарын жасау;
      тұншығуы мүмкін су айдындарынан балықтарды құтқару;
      уылдырық шашу орындарына баруды қамтамасыз ететін түп тереңдету және басқа жұмыстар;
      балықтарды су сақтау орындарына түсуінен сақтау;
      тиімді аулау үшін тондық учаскелерді тазалау.
      13. Күрделі мелиорация осы шаралардың экологиялық, әлеуметтік-экономикалық мақсаттылығын, шығындар көлемін, оны орындауды қамтамасыз ету бойынша жобалық шешімдерді, ұсынылған шаралардың биологиялық негізділігін, бар проблемалардың талдауын қамтитын биологиялық негіздеме мен жобалық-сметалық құжаттама негізінде жүргізіледі.
      14. Ағымдағы мелиорация арнаулы ғылыми ұйымдардың сараптамалық бағалауы негізінде жүргізіледі.
      15. Балық шаруашылығы мелиорациясы бойынша жұмыстар жүргізуге белсенділік танытатындар болып уәкілетті:
      органның ведомствасының жергілікті құрылымы;
      ғылыми;
      қоғамдық ұйымдар;
      пайдаланушылар;
      мемлекеттік органдар табылады.
      16. Балық шаруашылығы мелиорациясы бойынша жұмыстар жүргізуге тапсырыс осы Ереженің 3-қосымшасына сәйкес толтырылады, және уәкілетті органның ведомствасының жергілікті құрылымына жіберіледі және биологиялық негіздеме болуы тиіс.
      17. Күрделі мелиорацияны жүргізуге биологиялық негіздеме мемлекеттік экологиялық сараптама қарастыруға жіберіледі.
      18. Биологиялық негіздемеге оң мемлекеттік экологиялық сараптама алынғаннан кейін техникалық-экономикалық негіздеме мен жобалық-сметалық құжаттар дайындалады.
      19. Биологиялық нысанмен жұмыс жүргізу кезінде технологиялық нормаларды сақтау үшін ғылыми мониторинг қатар жүргізіледі. Ғылыми мониторинг аяқталған соң осы Ереженің 4-қосымшасына сәйкес нысанда биологиялық мелиорация қорытындысын мониторингілеу карточкасы толтырылады.
      20. Ағымдағы, техникалық және биологиялық мелиорация аяқталған соң су айдынында балық шаруашылығы мелиоративтік жұмыстары аяқталғаны жөнінде осы Ереженің 5-қосымшасына сәйкес нысанда акт жасалады. Жасалған жұмыстарды қабылдау бойынша комиссия құрамына мүдделі мемлекеттік органдардың өкілдері кіреді.

Су айдындарына            
балық жіберу, балықтардың жаңа түрлерін
жерсіндіру, су нысандарындағы балық 
шаруашылығы мелиорациясы       
жұмыстарын жүргізу Ережесіне     
1-қосымша               

Нысан

Мемлекеттік тапсырыс барысында су айдындарын балықтандыру
акті

Осы акт 20__ жылы «___» _______________
_______________________________________________________________ бірге
        (балық өсіру кәсіпорнының, су айдынының атауы)
_____________________________________________________________________
              жіберу орындарына тасымалдау үшін алынды
_____________________________________________________________________
_____________________________________________________________________
_____________________________________________________ туралы жасалды.
     (саны, түрлік және жастық құрамы, отырғызу
      материалының бір данасының орташа массасы)
Отырғызу материалын алу (аулау) ауаның _____________________________,
судың __________________________________ температурасында жүргізілді.
Отырғызу материалының жағдайы _______________________________________
_____________________________________________________________________
_____________________________________________________________________
_____________________________________________________________________
_____________________________________________________________________
_____________________________________________________________________
Қолдары:
(жіберуші және қабылдап алушы _______________________________________
ұйымдардың өкілдері) ________________________________________________
Жіберу орындарына жеткізілді ________________________________________
                                 (саны, түрлік және жастық құрамы,
_____________________________________________________________________
         отырғызу материалының бір данасының орташа массасы)
_____________________________________________________________________
Тасымалдау кезіндегі шығын __________________________________________
                                          (саны, %)
Тасымалдау жүргізілді _______________________________________________
_____________________________________________________________________
      (транспорт түрі, транспорт ыдысы, отырғызу тығыздылығы)
Тасымалдау уақыты ___________________________________________________
Басқа қосымша мәліметтер ____________________________________________
                    (тасымалдау жағдайы, жіберу орнының сипаттамасы,
_____________________________________________________________________
           балық отырғызу материалының жағдайы және т.б.)
Қолдары:
Тасымалдауды, отырғызу материалын __________________________________
жіберуді жүргізуші __________________________________________________
және бақылаушы өкілдері _____________________________________________

Су айдындарына            
балық жіберу, балықтардың жаңа түрлерін
жерсіндіру, су нысандарындағы балық 
шаруашылығы мелиорациясы       
жұмыстарын жүргізу Ережесіне    
2-қосымша              

Нысан

Жануарлар дүниесі пайдаланушылармен су айдындарын балықтандыру
акті

Осы акт 20__ жылы «___» _______________
_______________________________________________________________ бірге
       (балық өсіру кәсіпорнының, су айдынының атауы)
_____________________________________________________________________
             жіберу орындарына тасымалдау үшін алынды
_____________________________________________________________________
_____________________________________________________________________
_____________________________________________________ туралы жасалды.
     (саны, түрлік және жастық құрамы, отырғызу
      материалының бір данасының орташа массасы)
Отырғызу материалын алу (аулау) ауаның _____________________________,
судың __________________________________ температурасында жүргізілді.
Отырғызу материалының жағдайы _______________________________________
_____________________________________________________________________
_____________________________________________________________________
_____________________________________________________________________
_____________________________________________________________________
_____________________________________________________________________
Қолдары:
(жіберуші және қабылдап алушы _______________________________________
ұйымдардың өкілдері) ________________________________________________
Жіберу орындарына жеткізілді ________________________________________
                                 (саны, түрлік және жастық құрамы,
_____________________________________________________________________
      отырғызу материалының бір данасының орташа массасы)
_____________________________________________________________________
Тасымалдау кезіндегі шығын __________________________________________
                                          (саны, %)
Тасымалдау жүргізілді _______________________________________________
_____________________________________________________________________
    (транспорт түрі, транспорт ыдысы, отырғызу тығыздылығы)
Тасымалдау уақыты ___________________________________________________
Басқа қосымша мәліметтер ____________________________________________
                    (тасымалдау жағдайы, жіберу орнының сипаттамасы,
_____________________________________________________________________
          балық отырғызу материалының жағдайы және т.б.)
Қолдары:
Тасымалдауды, отырғызу материалын __________________________________
жіберуді жүргізуші __________________________________________________
және бақылаушы өкілдері _____________________________________________

Су айдындарына            
балық жіберу, балықтардың жаңа түрлерін
жерсіндіру, су нысандарындағы балық 
шаруашылығы мелиорациясы жұмыстарын 
жүргізу Ережесіне          
3-қосымша              

Нысан

Су объектілерінде балық шаруашылығы мелиорациясы жұмыстарын
жүргізуге өтінім
______________________________
(су айдынының атауы)

1. Су айдынының орналасқан жері: облыс ______________________________
Аудан, учаске _______________________________________________________
2. Су айдынының физикалық-географиялық және балық шаруашылық
сипаттамасы:
1) Өлшемдері: ұзындығы (км), _____ ені (км), _____ ауданы (га), _____
максималды тереңдігі (м), _____ орташа тереңдігі (м), _____ судың
тұндылығы _____ см
2) Топырақтың сипаттамасы ___________________________________________
3) Шөптену дәрежесі (сызып көрсетіңіз): қатты, орташа, әлсіз
Шөптену түрі: қамыс _____ %, су астына батқан өсімдіктер _____ %
4) Гидрологиялық режимі туралы мәліметтер (сызып көрсетіңіз): ағысты,
жәй ағысты, ағыссыз, қырылу қауіпі бар (иә, жоқ), мұз жамылғысының
қалыңдығы _____ см.
5) Басқа су айдындарымен байланысы (сызып көрсетіңіз): жекеленген,
болмаса, су айдынының атауы __________________________________ тармақ
арқылы немесе ағын арқылы.
6) Ихтиофауна құрамы (балықтардың барлық түрлері): __________________
7) Балықтардың негізгі кәсіпшілік түрлері және кәсіпшіліктің басқа
нысандары: __________________________________________________________
_____________________________________________________________________
8) Соңғы бес жылдағы негізгі кәсіпшілік көрсеткіштер:

Балықтың жалпы аулануы, соның ішінде түрлері бойынша






























Балық өнімділігі






Бір балықшыға шаққандағы аулану






3. Басқа мәліметтер: ________________________________________________
4. Мелиорациялау түрлері (сызып көрсетіңіз): күрделі, ағымдағы
5. Мақсаттың қойылуы: _______________________________________________
6. Мелиоративтік жұмыстардың негіздемесі: ___________________________
7. Жұмыстарды жүргізудің календарлық жоспары мен мерзімдері: ________
8. Күтілу нәтижелері: _______________________________________________
_____________________________________________________________________
9. Жұмыстардың болжамды орындаушылары: ______________________________
10. Қаржыландырудың қарастырылған көздері: __________________________
                                          (республикалық, жер бюджет,
                                          немесе жеке капитал арқылы)
Өтінім берушінің мекен-жайы: ________________________________________
_____________________________________________________________________
      Қолы:

Өтінім берілген күн:

Қажетті құжаттар (сызып көрсетіңіз): техникалық тапсырма,
техникалық-экономикалық негіздеме, биологиялық негіздеме, эксперттік
сараптама, басқа материалдар

Су айдындарына            
балық жіберу, балықтардың жаңа түрлерін
жерсіндіру, су нысандарындағы балық 
шаруашылығы мелиорациясы жұмыстары 
жүргізу Ережесіне          
4-қосымша              

Нысан

Биологиялық мелиорация нәтижелерінің ғылыми мониторинг
карточкасы

Су айдынының орналасқан жері, облыс: ____________________________________________
Аудан, учаске: __________________________________________________________________

Аулау датасы

Аулау уақыты

Барлығы сағат

Аулау құралы

Аулау құралының сипаты

Тереңдігі


      бастап
      дейін





Температура 0С

Шөптенуі, %

Судың тұнықтылығы, см

Р/с

Балық түрлері

Өлшем, бірлігі.

Тор кезі, мм

Барлығы











1


дана












кг












2


дана












кг












3


дана












кг












Барлығы

дана












кг












Мелиораттар түрлерінің үлесі

дана












кг












Ескерту:
      мелиорация нәтижелері туралы оң және теріс мәліметтерді
көрсету;
      кәсіптік ау құралдарында құнды балықтардың кездестіру жиілігін
есептеу;
      мелиоратор түрлерінің ұзындығын (ауытқу шегін және орташа, мм)
көрсету (жерсіндіруді және балықтандыруды жүргізу кезінде).

Қолдары:
      Уәкілетті органның және/немесе балық шаруашылығы инспекциясының
маманы:
      Пайдаланушы:

Су айдындарына            
балық жіберу, балықтардың жаңа түрлерін
жерсіндіру, су нысандарындағы балық 
шаруашылығы мелиорациясы жұмыстарын 
жүргізу Ережесіне          
5-қосымша              

Нысан

Су айдынында балық шаруашылығы мелиорациясы жұмыстарының
аяқталуы туралы кесім
___________________________________________________________________
(су айдынының атауы және оның маңызы: республикалық, облыстық, жергілікті)

1. Су айдыны орналасқан облыс: ______________________________________
Аудан, учаске: ______________________________________________________
2. Біз, төменде қол қоюшылар, _______________________________________
____________________________ атынан бір тараптан және _______________
     (лауазымы, А.Ж.Т.)
__________________________________ атынан ___________________________
    (мелиорациялық жұмыстарды                 (лауазымы, А.Ж.Т.)
    жүргізген кәсіпорын атауы)
бұдан әрі «Пайдаланушы» деп аталатын, 20__ ж. «___» _________ № _____
шарт негізінде мелиорациялық жұмыстарды жүргізу бойынша әрекет етуші,
екінші тараптан, _________________________________________ қатысуымен
                    (жергілікті атқарушы органның өкілі,
            мониторинг жүргізген ұйым өкілінің лауазымы, А.Ж.Т.)
«Пайдаланушының» техникалық тапсырыс және жұмыс жоспарымен
қарастырылған мелиорациялық жұмыстарды жүргізгендігі туралы осы акт
жасалды.
3. «Пайдаланушымен» мелиорациялық жұмыстардың келесі түрлері
жүргізілді:
4. Атқарылған жұмыс сомасы: _________________________________________
5. Жұмыс жүргізудің жағдайлары: _____________________________________
                                  (ауа-райы жағдайын көрсету; балық
          жіберген жағдайда балық отырғызу материалдарының көздерін,
_____________________________________________________________________
   тасымалдау жағдайларын, тасымалдаушы нысандардың шығынын көрсету
                                 қажет)
6. Жоғарыда аталғандарға байланысты _________________________________
                                       (мелиорациялық жұмыстардың
                      орындалу бағасы: толық көлемде, жұмыс кезеңі)
____________________________________________________________ санаймыз
      егер жұмыс орындалмаса, онда қандай себептермен)
Осы акт жұмыстарды қабылдау бойынша Комиссия құру туралы ____________
мем.органның атауы
20__ жылғы «___» ____________ № ___________ бұйрығына сәйкес жасалды.
Қолдары
Уәкілетті органның өкілі: ___________________________________________
Жергілікті атқарушы органның өкілі: _________________________________
Орындаушы: __________________________________________________________
Балық шаруашылығы мелиорациясының мониторингін жүргізген ұйымның
өкілі: ______________________________________________________________