Қолданушылардың назарына!
Осы Бұйрықтың қолданысқа енгізілу тәртібін 3-тармақтан қараңыз.
Қазақстан Республикасының Бюджет кодексiнің 116-бабының 4-тармағына сәйкес БҰЙЫРАМЫН:
1. «Мемлекеттiк мекемелерде бухгалтерлiк есеп жүргiзу ережесiн бекiту туралы» Қазақстан Республикасы Қаржы министрiнiң 2010 жылғы 3 тамыздағы № 393 бұйрығына (Қазақстан Республикасының Әдiлет министрлiгiнде 2010 жылғы 25 тамызда Нормативтiк құқықтық кесiмдердi мемлекеттiк тiркеудiң тiзiлiмiне № 6443 болып тіркелген, 2010 жылғы 15 қыркүйектегі № 242 (26303) «Казахстанская правдада»; 2010 жылғы 16 қыркүйектегі № 243 (26304) «Казахстанская правда» газетінде жарияланған) мынадай өзгерістер енгізілсін:
көрсетілген бұйрықпен бекітілген Мемлекеттiк мекемелерде бухгалтерлiк есеп жүргiзу ережесiнде:
3-тармақта:
2) тармақша мынадай редакцияда жазылсын:
«2) амортизация – пайдалы қолдану мерзiмi iшiнде активтiң амортизацияланатын құнының жүйелi бөлiнуi;»;
5) тармақша мынадай редакцияда жазылсын:
«5) ақшалай (монетарлы) баптар – қолдағы бар валюта бірліктері, сондай-ақ валюта бірліктерінің тіркелген немесе айқындалатын санында көрініс тапқан алуға немесе төлеуге жататын активтер мен мiндеттемелер;»;
6) тармақша мынадай редакцияда жазылсын:
«6) ақшалай балама – ақша қаражатының белгiлi бiр сомасына оңай айырбасталатын және құнының өзгеруiнiң елеусiз тәуекелiне ұшырайтын қысқа мерзiмдi, жоғары өтiмдi инвестициялар;»;
7) тармақша мынадай редакцияда жазылсын:
«7) активтiң өтелетiн құны – сатуға және оның пайдалану құндылығын жұмсалатын шығындарды шегере отырып, активтiң әдiл құнының ең көп мәнi;»;
8) тармақша мынадай редакцияда жазылсын:
«8) активтiң құнсыздануы – амортизация арқылы болашақ экономикалық пайдалардағы немесе активтің сервистік әлеуетіндегі шығындарды жүйелі түрде танудан асып түсетін болашақ экономикалық пайдалардағы немесе активтің сервистік әлеуетіндегі шығындар;»;
12) тармақша мынадай редакцияда жазылсын:
«12) активтi алмастыру құны – активтiң жалпы сервистік әлеуетін алмастыру үшiн қажет құн;»;
19) тармақша мынадай редакцияда жазылсын:
«19) белсендi нарық – мынадай шарттардың барлығы орындалатын нарық:
нарық айналымындағы тауарлар бiртектi болып табылады;
iс жүзiнде мәмiле жасауға ниеттi кез келген уақытта сатып алушылар мен сатушылар бар;
баға туралы ақпарат жалпы қолжетiмдi болып табылады;»;
37) тармақшаның үшінші абзацы мынадай редакцияда жазылсын:
«пайдасыздығы ықтимал болып табылатын жағдайларда екінші субъектiмен қаржы құралдарын алмасу туралы шартты мiндеттеме болып табылатын кез келген мiндеттеме;»;
43) тармақшаның екінші абзацы мынадай редакцияда жазылсын:
«басқа тараптарға жалға беру үшiн немесе әкімшілік мақсаттар үшiн, өндiрiсте қолдану үшiн немесе тауарларды не қызметтердi жеткiзу үшiн ұсталатын;»;
47) тармақша мынадай редакцияда жазылсын:
«47) инвестициялық жылжымайтын мүліктің өзiндiк құны – төленген ақша қаражатының немесе оның баламасының сомасы немесе оны сатып алу не құру сәтiнде активтi сатып алу мақсатында берiлген басқа орнын алмастырудың әдiл құны;»;
50) тармақша мынадай редакцияда жазылсын:
«50) сервистiк әлеует – мемлекеттiк мекеменiң функцияларына сәйкес қызмет көрсету, сондай-ақ тауарларды өндiру үшiн пайдаланылатын, бiрақ ақша қаражатының таза түсiмiн тiкелей қамтамасыз етпейтiн активтер;»;
53) тармақша мынадай редакцияда жазылсын:
«53) тарату құны – егер актив пайдалы қолдану мерзiмiнiң соңына жеткен болса, ал оның жай-күйi пайдалы қолдану мерзiмiнiң аяғында күтiлетiндей жағдайда болған кезде есеп шығындарын есептен шығарғаннан кейiн бүгiнгi таңда активтi есептен шығару кезiнде алуға болатын бағалау сомасы;»;
18-тармақтың төртінші бөлігінің сегізінші абзацы мынадай редакцияда жазылсын:
«бизнес-сәйкестендіру нөмірі (бұдан әрі – БСН/ЖСН).»;
18-тармақтың алтыншы бөлігі мынадай редакцияда жазылсын:
«Мемлекеттiк мекемелер электрондық тасымалдағыштарда алғашқы құжаттарды және бухгалтерлiк есептiлiк тiркелiмдерiн жасау кезiнде осындай құжаттардың көшiрмесiн қағаз тасығыштарда дайындауы тиiс.»;
19-тармақтың екінші бөлігі мынадай редакцияда жазылсын:
«Материалдық жауапты тұлғалар Қазақстан Республикасы Қаржы министрiнің 2011 жылғы 2 тамыздағы № 390 бұйрығымен (Нормативтiк құқықтық актiлердi мемлекеттiк тiркеу тiзiлiмiнде № 7126 болып тiркелген) бекiтiлген Мемлекеттiк мекемелер үшiн бухгалтерлiк құжаттама нысандары альбомының (бұдан әрi – Нысандар альбомы) 442-нысанына сәйкес, екi данада жасалатын құжаттарды тапсыру тiзiлiмі бойынша (кiрiс және шығыс құжаттары бойынша жеке толтырылады) тауар-материалдық құндылықтардың кiрiсi және шығысы жөніндегі бастапқы құжаттарды ұсынады. Материалдық жауапты тұлғаның қатысуымен ұсынылған бастапқы құжаттардың рәсiмделуiнiң дұрыстығын тексеру өткiзiлгеннен кейiн тiзiлiмнiң бiр данасы бухгалтерлік қызметкердің қолымен материалдық жауапты тұлғаға қайтарылады, екiншi данасы бухгалтерлiк қызметтің iстерiнде қалады.»;
22-тармақтың екінші бөлігі мынадай редакцияда жазылсын:
«Басты-журнал» кiтабы өткен жылдың бухгалтерлік балансына сәйкес жыл басындағы сома қалдықтарының жазбаларымен ашылады. Онда жазбалар мемориалды ордерлердi жасау шамасына қарай жүргiзiледi, ал жинақтау ведомостерiнiң мемориалды ордерлерiн жасау кезiнде айына бiр рет жүргiзiледi. Мемориалды ордердiң сомасы алдымен «Ордер бойынша сома» бағанына, содан кейiн тиiстi қосалқы шоттардың дебетi мен кредитiне жазылады. Бiр айда айналымдардың сомасы дебет бойынша да, кредит бойынша да, барлық қосалқы шоттар бойынша «Ордер бойынша сома» бағанының қорытындысына тең болу керек. Бiр айдағы айналымнан кейiн екiншi жолда әрбiр қосалқы шот бойынша келесi айдың басындағы қалдық шығарылады.»;
25-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:
«25. Өткен жыл үшін бухгалтерлік есеп жазбаларында анықталған қателерді түзеу мынадай тәртіппен жүргізіледі:
1) осы мемориалды ордердің мәліметтерін өзгертуді талап етпейтін, бухгалтерлік балансты ұсынған сәтке дейін осы есепті кезеңде анықталған қате сызылып тасталғанды оқу үшін, дұрыс емес мәтінді немесе соманы жіңішке сызықпен сызу жолымен түзетіледі және сызып тастағанның үстінен түзетілген мәтін мен сома жазылады. Бір уақытта бас бухгалтердің қолтаңбасымен жолақта тиісті жолға қарама-қарсы «Түзетілді» деген ескертпе жасалады;
2) мемориалды ордердегі қатеден туындаған бухгалтерлік балансты ұсыну сәтіне дейін анықталған қате сипатына қарай қосымша мемориалды ордермен немесе «Қызыл сторно» тәсілі бойынша түзетіледі; баланс ұсынылған есеп кезеңіндегі бухгалтерлік есеп жазбаларында анықталған барлық жағдайларда қателер дәл осылай түзетіледі. Қателерді түзету бойынша қосымша бухгалтерлік жазбалар, сондай-ақ «Қызыл сторно» тәсілімен жасалған түзетулер мемориалды ордерлермен рәсімделеді, оларда Қалыпты деректемелерден басқа осы мемориалды ордермен түзетілетін нөмірлерге және мемориалды ордердің күніне сілтеме жасалады.
Қаржылық есептіліктегі кейбір баптар есептеу бағаларына негізделеді. Есептеу бағаларын айқындау процесі ең соңғы, қолжетімді және шындыққа сай ақпаратқа негізделеді. Есептеу бағасы, мәселен, қаржы активтерінің немесе қаржылық міндеттемелердің, күмәнді борыштар бойынша резервтердің, бағалау міндеттемелерінің әділ құнын айқындау кезінде қажет болуы мүмкін. Есептеу бағаларындағы өзгерістер нәтижесі перспективтік мойындауға және егер ол тек осы кезеңге немесе өзгеріс болған кезеңге ғана әсер ететін болса, өзгеріс болған ағымдағы кезеңдегі және оларға әсері болған жағдайда келешектегі кезеңдерде де қаржылық нәтижелердің есептелуіне қосуға жатады.»;
27-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:
«27. Жаңа қаржы жылында синтетикалық және талдамалық шоттар бойынша бухгалтерлік тіркемелерде жыл басындағы қалдықтардың сомасы бухгалтерлік баланс пен өткен жылғы есепке алу тіркемелерімен толық сәйкестікте жазылады.
Егер бюджеттiк бағдарламалардың әкiмшiсi есепті қаржы жылындағы қаржылық есептiлiктi қабылдау кезiнде түзетулер жасаса, онда тиiстi жазбаша өкiмнiң негiзiнде бұл түзетулер осы есепті қаржы жылының бухгалтерлiк есебiнiң тiркелiмдерiне (бухгалтерлiк жазбаны түзету жолымен), ағымдағы жылдың бухгалтерлiк есебiнiң тiркелiмдерiне (кiрiс қалдықтарын өзгерту жолымен) енгiзiледi.»;
34-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:
«34. Операциялар мен оқиғалар есепке алу құжаттамасында тіркеледі және олар жататын кезеңдердің қаржылық есептіліктерінде танылады.»;
38-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:
«38. Барлық міндеттемелерді алып тастағаннан кейін қалатын активтердегі үлес таза активтер/капитал болып табылады.
Чистые активы/капитал отражают величину остатка в отчете о финансовом положении (активы минус обязательства) и могут быть положительными или отрицательными.»;
39-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:
«39. Қаржылық есептiлiк элементiнiң анықтамасына жауап беретiн бап, егер:
1) баппен байланысты кез келген болашақ экономикалық пайданы немесе сервистік әлеуетті субъект алады деген ықтималдық бар;
2) объектіні сатып алуға немесе құнына іс жүзіндегі шығындар сенімді өлшенгенде танылуы тиіс.»;
43-тармақтың бірінші бөлігі мынадай редакцияда жазылсын:
«Мемлекеттік мекемелер шығыс операцияларын жүзеге асыруды ағымдағы қаржы жылына арналған төлемдер бойынша жеке қаржыландыру жоспары шегiндегi шығыстардың экономикалық сыныптамасының ерекшелiктерi бойынша жүргiзедi.»;
44-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:
«44. Есепті кезеңдегі ақшалай қаражат ағындары туралы ақпарат мемлекеттік мекеменің ақшалай қаражат қозғалысы туралы есепте операциялық, инвестициялық және қаржылық қызметтерінен ағындарға бөле отырып, беріледі.»;
52-тармақтың екінші бөлігі мынадай редакцияда жазылсын:
«Түскен сома мынадай жазбамен көрсетiледi: 1030 «Есеп айырысу шоты» шотының дебетi және 6010 «Ағымдағы қызметтi қаржыландырудан алынатын кiрiстер» шотының кредитi. Елшiлiктер жүргiзген аударымдар 3210 «Жеткiзушiлерге және мердiгерлерге қысқа мерзiмдi кредиторлық берешек» шотының тиiстi қосалқы шоттарының, 3273 «Өзге қысқа мерзiмдi кредиторлық берешектер» және 1410 «Берiлген қысқа мерзiмдi аванстар» қосалқы шоттарының дебетi және 1030 «Есеп айырысу шоты» қосалқы шотының кредитi бойынша көрсетiледi.»;
54-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:
«54. 1042 «Ақылы қызметтер ҚБШ» қосалқы шотында мемлекеттік мекеменің иелігінде қалатын және Қазақстан Республикасы Бюджет кодексіне сәйкес пайдаланылатын тауарларды (жұмыстарды, көрсетілетін қызметтерді) сатудан алынатын ақшаның түсімі мен жұмсалуы ескеріледі.
Ақылы қызметтер ҚБШ-ға түскен сома 1042 «Ақылы қызметтер ҚБШ» қосалқы шотының дебеті және 1230 «Сатып алушылар мен тапсырыс берушілердің қысқа мерзімді дебиторлық берешегі» шотының тиісті қосалқы шоттарының кредиті бойынша жазылады.
1042 «Ақылы қызметтер ҚБШ» қосалқы шотының кредиті бойынша қолма-қол ақшасыз есеп айырысу жолымен ақылы қызметтер ҚБШ-дан төленген сома және мемлекеттік мекеменің кассасына алынған және кіріске жазылған қолма-қол ақша сома көрсетіледі. Бұл ретте 3210 «Жеткізушілерге және мердігерлерге қысқа мерзімді кредиторлық берешек», 3270 «Өзге қысқа мерзімді кредиторлық берешек», 1010 «Кассадағы ақша қаражаты», 1261 «Есеп беретін сомалар бойынша қызметкерлердің қысқа мерзімді дебиторлық берешегі» шоттарының тиісті қосалқы шоттары дебеттеледі.
Бюджет кірісіне ақылы қызметтер ҚБШ-дан аударылған сома 3130 «Бюджетпен есеп айырысу бойынша қысқа мерзімді кредиторлық берешек» шоты қосалқы шоттарының дебетіне жатқызылады.»;
55-тармақтың төртінші бөлігі мынадай редакцияда жазылсын:
«Бұдан басқа 1043 «Ақшаны уақытша орналастыру ҚБШ» қосалқы шотында түзеу мекемелерiнiң сотталғандары орындаған жұмыстар үшiн түскен ақша көрсетiледi.»;
60-тармақтың екінші бөлігі мынадай редакцияда жазылсын:
«Сыртқы қарыздар бойынша бюджеттiк инвестициялық жобаның арнайы шотына қаражат түскен кезде 1062 «Сыртқы қарыздар бойынша бюджеттiк инвестициялық жобаның арнайы шоты» қосалқы шотының дебетiне, 6070 «Сыртқы қарыздар есебiнен қаржыландырудан түсетін кірістер» қосалқы шотының кредитiне жазба жүргiзiледi.»;
61-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:
«61. 1071 «Аккредитивтер» қосалқы шотында активтерді жеткізгені үшін төлем бойынша өнім берушілер алдында туындайтын, мемлекеттік мекемелердің міндеттемелеріне сәйкес ашылған аккредитивтердің сомасы ескеріледі. Аккредитив ашу кезінде 1071 «Аккредитивтер» қосалқы шоты дебеттеледі және 1080 «Республикалық бюджеттен қаржыландырылатын мемлекеттік мекеменің міндеттемелері бойынша жеке қаржыландыру жоспарына сәйкес міндеттемелерін қабылдауға арналған жоспарлы тағайындаулары», 1090 «Жергілікті бюджеттен қаржыландырылатын мемлекеттік мекеменің міндеттемелері бойынша жеке қаржыландыру жоспарына сәйкес міндеттемелер қабылдауға арналған жоспарлы тағайындаулары» шоттарының тиісті қосалқы шоттары кредиттеледі.
Пайдаланылған аккредитив сомасына 1071 «Аккредитивтер» қосалқы шотының кредиті және 3210 «Жеткізушілерге және мердігерлерге қысқа мерзімді кредиторлық берешек» шотының дебеті бойынша жазба жүргізіледі.
Аккредитивтің пайдаланылмаған сомасы тиісті бюджеттік немесе ағымдағы шоттарға есептеледі: 1080 «Республикалық бюджеттен қаржыландырылатын мемлекеттік мекеменің міндеттемелері бойынша жеке қаржыландыру жоспарына сәйкес міндеттемелерін қабылдауға арналған жоспарлы тағайындаулары», 1090 «Жергілікті бюджеттен қаржыландырылатын мемлекеттік мекеменің міндеттемелері бойынша жеке қаржыландыру жоспарына сәйкес міндеттемелер қабылдауға арналған жоспарлы тағайындаулары» шоттары қосалқы шоттарының дебетіне, 1071 «Аккредитивтер» қосалқы шотының кредиті.»;
66-тармақтың екінші бөлігінің алтыншы абзацы мынадай редакцияда жазылсын:
«1087 «Сыртқы қарыздардың және байланысты гранттардың есебiнен жобалар бойынша міндеттемелер қабылдауға арналған жоспарлы тағайындаулар» қосалқы шотының дебеті және 5012 «Сыртқы қарыздардың және байланысты гранттардың есебiнен күрделі салымдарды қаржыландыру» қосалқы шотының кредиті.»;
67-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:
«67. Алғашқы құжаттардың негiзiнде қаражатты пайдалану кезiнде төлеуге берiлетiн шоттар бойынша сома 3210 «Жеткiзушiлерге және мердiгерлерге қысқа мерзiмдi кредиторлық берешек» шотының және басқа шоттардың дебетiне, 1080 «Республикалық бюджеттен қаржыландырылатын мемлекеттiк мекеменiң мiндеттемелерi бойынша жеке қаржыландыру жоспарына сәйкес мiндеттемелерiн қабылдауға арналған жоспарлы тағайындаулары» шотының, 1090 «Жергiлiктi бюджеттен қаржыландырылатын мемлекеттiк мекеменiң мiндеттемелерi бойынша жеке қаржыландыру жоспарына сәйкес мiндеттемелер қабылдауға арналған жоспарлы тағайындаулары» шотының, ақшалай қаражаттың басқа да шоттарының тиiстi қосалқы шоттарының кредитiне жазылады.»;
79-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:
«79. 1050 «Шетелдiк валютадағы шот» қосалқы шоты бойынша ақша қаражатының қозғалысы жөнiндегi операцияны есепке алу теңгеде, Нысандар альбомының 381 нысаны (3-мемориалды ордер) бойынша жинақтау ведомосiнде, ал операциялардың талдама есебi Нысандар альбомының 292-а нысанды карточкаларында немесе Нысандар альбомының 292 нысанды кiтабында жүргiзiледi.»;
86-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:
«86. Мемлекеттік мекеме мынадай әдістерді пайдалана отырып, қаржы инвестицияларының мынадай есебін жүзеге асырады:
квазимемлекеттік сектор субъектілеріне қаржы инвестициялары:
өзіндік құн бойынша;
үлестік қатысу;
өзге қаржы инвестициялары:
өзіндік құны бойынша;
әділ құн бойынша;
амортизацияланған құн бойынша.»;
87-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:
«87. Алғаш таныған кезде қаржы инвестициялары мен қаржылық міндеттемелер әдiл құны бойынша бағаланады, оған, қаржылық нәтиже арқылы әділ құны бойынша ескерілмейтін қаржылық актив немесе қаржылық міндеттеме жағдайында мұндай қаржылық актив немесе қаржылық міндеттемені сатып алумен немесе шығарумен тікелей байланысты мәмілелер бойынша шығындар қосылады.»;
89-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:
«89. Өзіндік құн бойынша есепке алу әдісі өздігінен инвестициялар өзіндік құн бойынша танылатын инвестицияларды есепке алу әдісін білдіреді. Бюджеттік бағдарламалар әкімшісі ол (инвестор ретінде) инвестициялау күнінен бастап туындайтын, инвестициялар объектісінің жиналған таза табысынан бөлу алатын дәрежеде инвестициялардан алынатын кірісті таниды.
Үлестік құралдар бойынша дивидендтер және мемлекеттік кәсіпорындардың таза табысы бір бөлігінің аударымдары төлемді алуға құқық белгіленгенде активтерді басқарудан түсетін кірістер есебіне жатады және бюджет кірістері болып табылады.
Бюджеттік бағдарламалар әкімшісі дивидендтер мен инвестиция объектілерінің таза кірісі бір бөлігінің төлемдерін есептеуді мынадай жазбамен көрсетеді: 1250 «Алынуға тиісті қысқа мерзімді сыйақылар» шотының дебеті және 6220 «Активтерді басқарудан алынатын өзге де кірістер» шотының кредиті, бір мезгілде: 7120 «Бюджетке төленетін төлем бойынша шығыстар» дебеті және 3133 «Өзге операциялар бойынша бюджет алдындағы қысқа мерзімді кредиторлық берешек» қосалқы шотының кредиті.»;
90-тармақтың бірінші бөлігі мынадай редакцияда жазылсын:
«Үлестiк қатысу әдiсi квазимемлекеттiк сектор субъектiлерiне инвестицияларды есепке алу әдiсi, оған сәйкес инвестициялар алғашқыда өзіндік құны бойынша ескерiледi, содан кейiн инвестициялардың баланстық құны сатып алу күнiнен кейiн инвестициялар объектiсiнiң пайдасында немесе шығынында инвестордың үлесiн тануды көрсете отырып ұлғайтылады немесе азайтылады. Инвестициялар объектiсiнiң таза активтеріндегі/капиталындағы инвестор үлесi инвестордың ағымдағы жылғы қаржы нәтижесiнде танылады.»;
90-тармақтың бесінші бөлігі мынадай редакцияда жазылсын:
«Мемлекеттік кәсіпорындардың алуға есептелген дивидендтері мен таза табысының бір бөлігінің аударымдарын көрсету мынадай жазбамен жүзеге асырылады: 1250 «Алынуға тиiстi қысқа мерзiмдi сыйақылар» шотының дебетi және 2120 «Ұзақ мерзiмдi қаржы инвестициялары» шотының кредитi. Сонымен бір қатарда мынадай жазба да жүргізіледі: 7120 «Бюджетке төленетiн төлем бойынша шығыстар» дебетi және 3133 «Өзге операциялар бойынша бюджет алдындағы қысқа мерзiмдi кредиторлық берешек» қосалқы шотының кредитi.»;
91-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:
«91. Әдiл құн бойынша бағаланатын қаржы инвестицияларын есепке алу кезiнде белсендi нарықтағы олардың нарықтық белгiленген бағасы қаржы инвестицияларының әдiл құны болып табылады. Белсенді нарық болмаған кезде үлестік құралдарға салынатын қаржы инвестициялары құнсызданудан келетін шығындарды шегере отырып, өзіндік құны бойынша есепке алынады.
Әдiл құн бойынша бағаланатын қаржы инвестицияларының әдiл құнының өзгеруiнен болатын нәтиже былайша көрсетiледi:
әдiл құнның өзгеруiнен кiрiс: 1120 «Қысқа мерзiмдi қаржы инвестициялары» шотының дебетi және 6310 «Әдiл құнның өзгеруiнен түсетiн кiрiстер» шотының кредитi;
әдiл құнның өзгеруiнен шығыс: 7410 «Әдiл құнының өзгеруi бойынша шығыстар» шотының дебетi және 1120 «Қысқа мерзiмдi қаржы инвестициялары» шотының кредитi.
Сату үшiн қолда бар қаржы инвестицияларының әдiл құнының өзгеруiнен болатын нәтиже тiкелей таза активтердiң/капиталдың құрамында:
мыналар: 1120 «Қысқа мерзiмдi қаржы инвестициялары» шотының дебетi, 2120 «Ұзақ мерзiмдi қаржы инвестициялары» шотының дебеті және 5113 «Қаржылық инвестицияларын қайта бағалауға арналған резерв» қосалқы шотының кредитi ұлғайған кезде;
мыналар: 5113 «Қаржылық инвестицияларын қайта бағалауға арналған резерв» қосалқы шотының дебетi мен 1120 «Қысқа мерзiмдi қаржы инвестициялары», 2120 «Ұзақ мерзiмдi қаржы инвестициялары» шоттарының кредиті азайған кезде танылады.»;
92-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:
«92. Өтеуге дейін ұсталатын қаржы инвестицияларын амортизация құны бойынша есепке алу пайыздың тиімді ставкасы әдісін қолдана отырып, жүзеге асырылады.
Қаржылық актив немесе қаржылық міндеттеменің амортизацияланған құны – оған қаржылық актив немесе қаржылық міндеттеме бастапқы тану кезінде борыштың негізгі сомасын өтеуге төлемді шегере отырып, бастапқы құн мен өтеу сомасы арасындағы айырманы амортизациялау пайызының тиімді ставкасы әдісін пайдалана отырып жинақталған сомаға азайтылған немесе ұлғайтылған, сондай-ақ құнсыздануға (тікелей немесе бағалау резервінің шотын пайдалану жолымен) азайтылған соманы шегере отырып, өлшенген көлем.
Бастапқы танылғаннан кейін, қаржылық нәтижеге таныла отырып, әділ құны бойынша есепке алынған қаржылық міндеттемелерді қоспағанда, қаржылық міндеттемелер пайыздың тиімді ставкасы әдісін пайдалана отырып, амортизациялық құны бойынша бағаланады.
Пайыздың тиімді ставкасы әдісі осы Ереженің «Дисконттау қағидаттары» бөлімінде қарастырылған.»;
93-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:
«93. Құнсыздану белгілері болған кезде есептi жылдың аяғында өткiзiлген түгендеу нәтижесi бойынша мемлекеттiк мекеме басшысының бұйрығына сәйкес құрылған түгендеу комиссиясының, бюджеттiк бағдарламалар әкiмшiсiмен келiсiлген актiсi негiзiнде есепте қаржы инвестицияларының құнсыздану фактiсi тiркеледi. Түгендеу актiсiнде құнсыздану себептерi (құнсызданудың объективтi белгiлерiнiң болуы) көрсетiлуi тиiс.
Активтi алғаш танығаннан кейiн орын алған бiр немесе бiрнеше оқиғалар нәтижесiнде құнсызданудың объективтi белгiлерi болса және мұндай залалға әкеп соқтыратын оқиға сомасы сенімді бағалануы мүмкін болатын қаржы активі немесе қаржы активтерінің тобы бойынша күтілетін болашақ ақшалай ағындарға әсер ететін болса қаржы активi құнсызданады. Құнсыздануды тудырған бiрлi-жарым оқиғаны құнсызданудың себебi деп айтуға болмайды, өйткенi бiрнеше оқиғаның құрамдастырылған нәтижесi құнсызданудың себебi болып табылады.
Қаржы инвестицияларының құнсыздануының объективті белгілеріне инвесторға белгілі:
инвестиция объектісі тап болатын елеулі қаржы қиындықтары;
инвестиция объектісінің банкротталу ықтималдығы немесе қаржылық қайта ұйымдастырылуы;
шарттың бұзылуы, мәселен, төлемді немесе борыштың негізгі сомасын төлемеу немесе мерзімінің бұзылуы;
кредит берушінің борышкерге олар болмаса берілмейтін, қарыз алушының қаржылық қиыншылықтарына байланысты экономикалық немесе заңды жеңілдіктер беруі;
қаржылық қиындықтар себебі бойынша активтің осы түріне белсенді нарықтың жоғалуы туралы және басқа ақпарат жатады;
бастапқы танылғаннан кейін қаржы активтері бойынша күтілетін болашақ ақшалай қаражат сомасының төмендеуі туралы куәландыратын, байқалатын деректердің болуы.»;
94-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:
«94. Оның әділ құны сенімді бағалануы мүмкін болмағандықтан іс жүзіндегі құны бойынша есепке алынатын қаржы инвестициясының құнсыздануынан шығындардың объективтiк белгiлерi болған кезде, шығын шамасы ағымдағы нарық ставкасының пайызын қолдана отырып есептелген және осыған ұқсас қаржы инвестициялары үшiн белгiленген қаржы инвестициясының баланстық құны мен ақша қаражатының ұйғарылатын болашақ ағындарының дисконтталған құны арасындағы айырма ретiнде анықталады. Құнсызданудан мұндай шығындар керi айдауға (қалпына келтiруге) жатпайды.
Егер сату үшiн қолда бар қаржы активінің әдiл құны төмендеуі тікелей таза активтерінде/капиталында танылса және осы ретте активтің құнсыздануының объективтік куәлігі болса, онда таза активтерінде/капиталында танылған жинақталған залал таза активтерден/капиталдан алынып тасталуы және қаржы активін тану әлі тоқтатылмаған болса да қаржылық нәтижелер құрамында танылуы тиіс.
Таза активтерден/капиталдан алынып тасталған және қаржылық нәтижелер құрамында танылған жинақталған залал сомасы активті сатып алуға (алынған негізгі сома төлемдері мен амортизацияны шегере отырып) шыққан шығындар мен бұдан бұрын қаржылық нәтижелер құрамында танылған осы қаржы активінің құнсыздануынан келген залалды шегере отырып, ағымдағы әділ құны арасындағы айырманы білдіреді.
Қаржылық нәтижелер құрамында танылған құнсызданудан келген залалдар, сату үшiн қолда бар ретінде жіктелген үлестік құралға салынатын инвестициялар бойынша кезеңдегі қаржылық нәтижелер құрамында көрініс таба отырып, қалпына келтірілуі мүмкін емес.
Егер, амортизацияланған құны бойынша есепке алынатын инвестицияларды өтеуге дейін ұсталатын құнсызданудан залалға ұшырағанына объективтік куәлік болса, онда залал сомасы активтің баланстық құны мен болашақ есепті ақша ағындарының (әлі шекпеген болашақ кредиттік залалдарды алып тастай отырып) дисконтталған құны арасындағы қаржы активі бойынша пайыздың бастапқы тиімді ставкасы бойынша дисконтталған айырма ретінде өлшенеді.
Амортизацияланған құны бойынша есепке алынатын, өтеуге дейін ұсталатын бағалы қағаздар құнсызданған кезде активтің баланстық құны тікелей немесе бағалау резерві арқылы азаяды. Залал сомасы осы ретте есепті кезеңнің қаржылық нәтижесінде танылады.
Бағалау резервінің шотын пайдалана отырып, өтеуге дейін ұсталатын бағалы қағаздар құнсыздануы мынадай жазбамен көрсетіледі: 7440 «Активтердiң құнсыздануынан түсетiн шығыстар» шотының дебетi және 1130 «Қысқа мерзiмдi қаржы инвестицияларының құнсыздануына арналған резерв», 2130 «Ұзақ мерзiмдi қаржы инвестицияларының құнсыздануына арналған резерв» шоттарының кредитi.
Егер келесі кезеңде құнсызданудан келген залал көлемі қысқарса және бұл қысқару құнсыздану танылғаннан (дебитордың кредит қабілеттілік рейтингі өсуімен бірге) кейін болған оқиғамен объективті түрде байланыстыру мүмкін болса, бұдан бұрын танылған құнсызданудан келген залалды не тікелей не бағалау резервінің шотын түзету жолымен қалпына келтірген жөн. Мұндай реверсивтік жазба, қаржы активінің баланстық құны оның құнсыздануды қалпына келтіру күніне құнсыздану танылмағандай есептелген амортизацияланған құнынан асып кетуіне әкеп соқтырмауы тиіс. Реверсивтік жазбаның сомасы кезеңдегі қаржылық нәтиже құрамында танылған болуы тиіс.»;
96-тармақ алынып тасталсын;
97-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:
«97. Ішкі кредиттеу бойынша бюджеттік кредиттер беру кезінде шоттардың мынадай корреспонденциясы: 1110 «Қысқа мерзiмдi берiлген қарыздар», 2120 «Ұзақ мерзiмдi қаржы инвестициялары» шотының дебетi және 1080 «Республикалық бюджеттен қаржыландырылатын мемлекеттiк мекеменiң мiндеттемелерi бойынша жеке қаржыландыру жоспарына сәйкес мiндеттемелерiн қабылдауға арналған жоспарлы тағайындаулары» шотының, 1090 «Жергiлiктi бюджеттен қаржыландырылатын мемлекеттiк мекеменiң мiндеттемелерi бойынша жеке қаржыландыру жоспарына сәйкес мiндеттемелер қабылдауға арналған жоспарлы тағайындаулары» шотының тиiстi қосалқы шоттарының кредитi бойынша жүзеге асырылады.
Сонымен бір мезгілде берілген кредиттің сомасына бюджетпен есеп айырысулар бойынша берешек: 7120 «Бюджетке төленетiн төлем бойынша шығыстар» дебетi және 3133 «Өзге операциялар бойынша бюджет алдындағы қысқа мерзiмдi кредиторлық берешек» шотының, 4130 «Өзге ұзақ мерзiмдi кредиторлық берешектер» шотының кредитi бойынша есептеледі.»;
Берiлген кредиттер бойынша сыйақы есептеу 1250 «Алынуға тиiстi қысқа мерзiмдi сыйақылар» шотының дебетi және 6210 «Сыйақылар бойынша кiрiстер» шотының кредитi бойынша көрсетiледi.
Бiр мезгiлде 7120 «Бюджетке төленетiн төлем бойынша шығыстар» шотының дебетi және 3133 «Өзге операциялар бойынша бюджет алдындағы қысқа мерзiмдi кредиторлық берешек» қосалқы шотының кредитi бойынша бюджет алдында міндеттемелерді тану бойынша екінші жазба жүзеге асырылады.
Бюджеттік кредит бойынша негізгі берешекті өтеу мынадай жазбалармен жүргізіледі: 3133 «Өзге операциялар бойынша бюджет алдындағы қысқа мерзiмдi кредиторлық берешек» қосалқы шотының дебетi бойынша және 4130 «Бюджет алдындағы ұзақ мерзімді кредиторлық берешек» шотының дебетi бойынша және 1110 «Берілген қысқа мерзімді қарыздар», 2110 «Берілген ұзақ мерзімді қарыздар» шоттарының кредиті бойынша.
Бюджетке сыйақы төлеу жазбамен: 3133 «Өзге операциялар бойынша бюджет алдындағы қысқа мерзiмдi кредиторлық берешек» қосалқы шотының дебеті бойынша және 1250 «Алынуға тиiстi қысқа мерзiмдi сыйақылар» шотының кредиті бойынша жүргізіледі.»;
98, 99, 100, 101, 102, 103, 105, 106 және 107-тармақтар алынып тасталсын;
109-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:
«109. Қаржы міндеттемелерін тануды тоқтату ол өтелген кезде, яғни шартта көрсетiлген мiндеттеме орындалғанда, жойылғанда немесе оның мерзiмi аяқталғанда жүргізіледі.»;
111-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:
«111. Алынған қарыздар бойынша сыйақыны есептеудi 7310 «Сыйақылар бойынша шығыстар» шотының дебетi және 3250 «Төленуге тиiстi қысқа мерзiмдi сыйақылар» шотының кредитi бойынша көрсетедi. Сыйақы төлеу кезiнде мынадай жазба жүзеге асырылады: 3250 «Төленуге тиiстi қысқа мерзiмдi сыйақылар» шотының дебетi және Шоттар жоспары ақша қаражатының шоты тиiстi қосалқы шотының кредитi.»;
112-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:
«112. Қарыздар бойынша шығындар олар шығарылған кезеңнің шығыстары құрамында танылады.»;
117-тармақтың он бесінші абзацы мынадай редакцияда жазылсын:
«4130 «Бюджет алдындағы ұзақ мерзiмдi кредиторлық берешектер».»;
119-тармақтың екінші бөлігі мынадай редакцияда жазылсын:
«Жеке тұлғаларға жоғарыда көрсетілген трансферттерді Қазақстан Республикасының бюджеттік заңнамасында белгіленген тәртіпте мемлекеттік мекемелер жүзеге асырады.»;
119-тармақтың үшінші бөлігінің бірінші абзацы мынадай редакцияда жазылсын:
«3111 «Жеке тұлғаларға трансферттер бойынша қысқа мерзімді кредиторлық берешек» қосалқы шотында;»;
119-тармақтың бесінші бөлігі мынадай редакцияда жазылсын:
«Тиiстi жылға арналған «Республикалық бюджет туралы» Қазақстан Республикасының Заңында белгiленген мөлшерде үй-жайды ұстау жөнiндегi шығыстарды және коммуналдық қызметтердi төлеуге ақшалай жәрдемақы алуға құқығы бар лауазымдар тiзбесiне сәйкес мемлекеттiк мекемелер өтемақы сомасын есептеудi жүргiзедi. Есеп айырысу-төлем ведомосi бойынша есептелген өтемақы сомасына мынадай жазба жүргiзiледi: 7140 «Өзге операциялық шығыстар» шотының дебетi және 3111 «Жеке тұлғаларға трансферттер бойынша қысқа мерзiмдi кредиторлық берешек» қосалқы шотының кредитi, өтемақы төлеу кезiнде - 3111 «Жеке тұлғаларға трансферттер бойынша қысқа мерзiмдi кредиторлық берешек» қосалқы шотының дебетi және 1081 «Жеке қаржыландыру жоспары бойынша мiндеттемелер қабылдауға арналған жоспарлы тағайындаулары» қосалқы шотының кредитi.»;
122-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:
«122. Субсидиялар бойынша операцияларды мемлекеттiк мекеме мынадай тiзбектермен көрсетедi:
қаражатты алу: 1085 «Субсидиялар бойынша мiндеттемелер қабылдауға арналған жоспарлы тағайындаулар», 1094 «Субсидиялар бойынша мiндеттемелер қабылдауға арналған жоспарлы тағайындаулар» қосалқы шотының дебетi және 6040 «Субсидиялар төлемдерi бойынша қаржыландырудан түсетiн кiрiстер» кредитi;
жеке және заңды тұлғалар субсидиясын есептеу: 7230 «Субсидиялар бойынша шығыстар» шотының дебетi және 3114 «Жеке тұлғаларға субсидиялар бойынша қысқа мерзiмдi кредиторлық берешек», 3115 «Заңды тұлғаларға субсидиялар бойынша қысқа мерзiмдi кредиторлық берешек» қосалқы шотының кредитi;
жеке және заңды тұлғалар субсидиясын төлеу: 3114 «Жеке тұлғаларға субсидиялар бойынша қысқа мерзiмдi кредиторлық берешек», 3115 «Заңды тұлғаларға субсидиялар бойынша қысқа мерзiмдi кредиторлық берешек» қосалқы шотының дебеті және 1085 «Субсидиялар бойынша мiндеттемелер қабылдауға арналған жоспарлы тағайындаулар», 1094 «Субсидиялар бойынша мiндеттемелер қабылдауға арналған жоспарлы тағайындаулар» қосалқы шотының кредитi.»;
124-тармақтың төртінші абзацы мынадай редакцияда жазылсын:
«Мемлекеттiк оқу орнында стипендиялар төлеу: 3230 «Стипендианттарға қысқа мерзiмдi кредиторлық берешек» шотының дебеті және 1081 «Жеке қаржыландыру жоспары бойынша мiндеттемелер қабылдауға арналған жоспарлы тағайындаулары», 1010 «Кассадағы ақша қаражаты» қосалқы шотының кредиті.»;
129-тармақтың екінші және үшінші абзацтары мынадай редакцияда жазылсын:
«кейіннен есептен шығару тәртібі анықталғанға дейін жетiспеушiлiгі анықталғанға дейін: 1280 «Өзге қысқа мерзiмдi дебиторлық берешектер» шотының дебетi, 1300 «Қорлар» шотының қосалқы шоттары, ұзақ мерзiмдi активтердiң және басқа активтердің шоттары, анықталған жетіспеушілікті есептен шығару тәртібі белгілі болғаннан кейін осы жазба жойылады;
кiнәлi тұлға есебiнен жетiспеушiлiктi есептен шығару: 1262 «Қызметкерлердiң өзге есеп айырысу түрлерi бойынша қысқа мерзiмдi дебиторлық берешегi» қосалқы шотының дебетi, 1280 «Өзге қысқа мерзiмдi дебиторлық берешектер» шотының дебетi және 6360 «Өзге кiрiстер» шотының кредитi және 3133 «Өзге операциялар бойынша бюджет алдындағы қысқа мерзiмдi кредиторлық берешек» қосалқы шотының кредитi, қорлар бойынша жетіспеушілікті анықтау кезінде: дебет бойынша 7060 «Қорлар бойынша шығыстар» шоты көрсетіледі және кредит бойынша 1300 «Қорлар» шоты көрсетіледі, активтердің басқа түрлері бойынша жетіспеушілікті анықтау кезінде активтердің жетіспейтін активтердің түрлерін шығару бойынша шоттар корреспонденциясы жүзеге асырылады.»;
138-тармақтың бірінші бөлігі мынадай редакцияда жазылсын:
«138. 1230 «Сатып алушылар мен тапсырыс берушiлердiң қысқа мерзiмдi дебиторлық берешегi» және 2210 «Сатып алушылар мен тапсырыс берушiлердiң ұзақ мерзiмдi дебиторлық берешегi» шоттарының қосалқы шоттарында тапсырыс берушiлермен олар үшiн орындалған жұмыстар немесе көрсетiлген қызметтер үшiн, өндiрiстiк оқу процесiнде кәсiптiк техникалық мектептердiң оқушылары орындаған сатылған дайын бұйымдар мен жұмыстар үшiн есеп айырысулар, сондай-ақ балалардың музыка мектептерiнде оқығаны үшiн, мектеп-интернаттарда тәрбиеленушiлердi ұстағаны үшiн, нысанды киiм-кешек үшін, мектептердiң жанындағы интернаттарда балалардың тамағы үшiн есеп айырысулар ескерiледi.»;
140-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:
«140. 3210 «Жеткiзушiлерге және мердiгерлерге қысқа мерзiмдi кредиторлық берешек» және 4110 «Жеткiзушiлерге және мердiгерлерге ұзақ мерзiмдi кредиторлық берешек» шоттарында қорларды жеткiзу және қайта өңдеу жөнiндегi шығыстарды қоса алғанда сатып алынған қорлар, ұзақ мерзiмдi активтер, қабылданған жұмыстар мен тұтынылған қызметтер үшiн өнiм берушiлермен және мердiгерлермен есеп айырысу ескерiледi.»;
143-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:
«143. Мемлекеттiк мекемелер 1240 «Ведомстволық есеп айырысулар бойынша қысқа мерзiмдi дебиторлық берешек» және 3220 «Ведомстволық есеп айырысулар бойынша қысқа мерзiмдi кредиторлық берешек» шоттарының қосалқы шотында ведомстволық есептер бойынша есеп айырысуларды ескередi.»;
144 және 145-тармақтар алынып тасталсын;
147-тармақтың екінші бөлігі мынадай редакцияда жазылсын:
«Бұдан басқа 3271 «Ақшаны уақытша орналастыру бойынша қысқа мерзiмдi кредиторлық берешек» қосалқы шотында сотталған және тергеуге алынған-сотталған тұлғалардан алынған сома мен олардың жеке ақшасы есепке алынады, 3271 «Ақшаны уақытша орналастыру бойынша қысқа мерзiмдi кредиторлық берешек» қосалқы шотының дебетiне сотталған және тергеуге алынған-сотталған тұлғалардың жеке ақшасы мен олардан алынған сома, атқару парақтары бойынша сотталғандардың еңбекақысынан, зейнетақысынан, жәрдемақысынан және өзге кiрiстерiнен ұсталған сома, сондай-ақ сотталғандар Қазақстан Республикасының бюджет және қылмыстық-атқарушылық заңнамасында көзделген шығындарға пайдаланған қаражат жазылады, бұл ретте 3242 «Атқарушы құжаттар бойынша қысқа мерзiмдi кредиторлық берешектер» қосалқы шоттары мен өзге тиісті шоттар кредиттеледi. 3271 «Ақшаны уақытша орналастыру бойынша қысқа мерзiмдi кредиторлық берешек» қосалқы шотының кредитiне сотталған және тергеуге алынған-сотталған тұлғалардың есептiк шотына есептелген еңбекақы, зейнетақы, жәрдемақы мен өзге кiрiстер жазылады, бұл ретте 3273 «Өзге қысқа мерзiмдi кредиторлық берешек» қосалқы шоты дебеттеледi.»;
149-тармақтың екінші бөлігі мынадай редакцияда жазылсын:
«Төленген сыйақылардың сомасы 3273 «Өзге қысқа мерзiмдi кредиторлық берешектер» қосалқы шотының дебетi және 1010 «Кассадағы ақша қаражаты» шотының, 1060 «Арнайы шот» шоты қосалқы шотының кредитi бойынша көрсетiледi.»;
150-тармақ алынып тасталсын;
151-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:
«151. Республикалық және жергілікті бюджеттердің қаражаты есебінен тауарларды (жұмыстарды, көрсетілетін қызметтерді) сатып алуға азаматтық-құқықтық мәмілелер жасайтын мемлекеттік мекемелер оларды аумақтық қазынашылық бөлімшелерінде тіркейді.
Мемлекеттік бюджет қаражатының есебінен мемлекеттік мекемелер жасайтын, бірақ аумақтық қазынашылық бөлімшелерінде тіркеуден өтпеген шарттар бюджеттік қаржы бөлумен қамтамасыз етілмейді және жасалмаған деп есептеледі.
Мемлекеттік мекемелер жоспарлы тағайындаулар немесе қабылданған міндеттемелер көлемінен тыс қарызға сатып алған тауарлар (жұмыстар, көрсетілетін қызметтер) бюджеттік ақша қаражаты есебінен төлеуге жатпайды.»;
152-тармақтың бірінші бөлігінің бірінші абзацы мынадай редакцияда жазылсын:
«Мемлекеттiк мекеме дебиторлармен есеп айырысуды түгендеу қорытындысы бойынша сатып алушылармен және тапсырыс берушiлермен шарттар бойынша күмәндi берешектi өндiрiп алу жөнiндегi жұмыс нәтижелерiн ескере отырып, түгендеу комиссиясы актiсiне сәйкес қабылданған мемлекеттiк мекеме басшысы шешiмiнiң негiзiнде есептi кезеңнiң аяғында тауарларға, жұмыстарға және көрсетiлетiн қызметтерге ақы төлеу немесе жеткiзудiң мерзiмi өтуi туындаған кезде резерв құрады:»;
155-тармақтың екінші және үшінші абзацтары мынадай редакцияда жазылсын:
«егер бұрын күмәндi берешекке резерв құрылса – тепе-тең құрылған резервке: 1290 «Күмәндi дебиторлық берешектер бойынша резерв» шотының дебетi және үмiтсiз берешек қосалқы шотының кредитi;
егер күмәндi берешекке резерв болмаса – шығыстарға: 7140 «Өзге операциялық шығыстар» шотының дебетi және үмiтсiз берешектiң тиiстi қосалқы шоттарының кредитi.»;
168-тармақтың екінші абзацы мынадай редакцияда жазылсын:
«дебитордың, кредитордың атауы, толық нақты заңды мекен-жайы, БСН/ЖСН. Борышкердiң мекен-жайы мен орналасқан орны белгiсiз болған жағдайда оны iздестiру бойынша қабылданған шаралар (тiркелген жерi бойынша салық органдарына өтiнiш, жергiлiктi атқарушы органдар және басқа) көрсетiледi;»;
182-тармақтың екінші бөлігі мынадай редакцияда жазылсын:
«Қызметкерлерге демалысақы төлеу 3241 «3241 «Еңбекақы төлеу бойынша қызметкерлерге қысқа мерзiмдi кредиторлық берешек» қосалқы шотының дебетi және 1010 «Кассадағы ақша қаражаты», 1042 «Ақылы қызметтер ҚБШ» шоттарының, 1080 «Республикалық бюджеттен қаржыландырылатын мемлекеттiк мекеменiң мiндеттемелерi бойынша жеке қаржыландыру жоспарына сәйкес мiндеттемелерiн қабылдауға арналған жоспарлы тағайындаулары», 1090 «Жергiлiктi бюджеттен қаржыландырылатын мемлекеттiк мекеменiң мiндеттемелерi бойынша жеке қаржыландыру жоспарына сәйкес мiндеттемелер қабылдауға арналған жоспарлы тағайындаулары» шоттары қосалқы шоттарының кредиттері бойынша көрсетiледi.»;
183-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:
«183. Қызметкер жұмыстан шығарылған, стипендиат оқуы аяқталған, ақша айналымынан қолма-қол тиындардың алыну себебі бойынша атқару парақтарының және өзге құжаттың қолдану мерзімі аяқталған жағдайларда төленбеген немесе артығымен төленген тиындар сомаларын көрсету үшін 3272 «Ақша айналымынан қолма-қол тиындардың алынуына байланысты есеп айырысулар» қосалқы шоты пайдаланылады. Төленбеген жалақы, стипендия қалдығы, есеп беретін адам алдында берешек сомалары 3272 «Ақша айналымынан қолма-қол тиындардың алынуына байланысты есеп айырысулар» қосалқы шотының кредиті бойынша және 3241 «Еңбекақы төлеу бойынша қызметкерлерге қысқа мерзімді кредиторлық берешек» қосалқы шотының, 3248 «Қызметкерлерге өзге қысқа мерзiмдi кредиторлық берешек» қосалқы шотының, 3230 «Стипендианттарға қысқа мерзiмдi кредиторлық берешек» шотының дебетi бойынша көрсетiледi көрсетiледi.
Артық төленген тиындардың сомасы бір теңгеге дейін соманы дөңгелектеудің арифметикалық әдісін қолдану нәтижесінде артық төленген тиындардың сомасы (50 тиынға дейін аз жаққа дөңгелектеледі; 50 тиын және одан жоғары тиын үлкен жаққа дөңгелектеледі) 3241 «Еңбекақы төлеу бойынша қызметкерлерге қысқа мерзімді кредиторлық берешек», 3230 «Стипендианттарға қысқа мерзімді кредиторлық берешек», 3248 «Қызметкерлерге өзге қысқа мерзімді кредиторлық берешек» тиісті қосалқы шотының кредиті және 3272 «Ақша айналымынан қолма-қол тиындардың алынуына байланысты есеп айырысулар» қосалқы шотының дебеті бойынша көрсетіледі.
Төленбеген сома мен бiр теңгеге дейiн соманы дөңгелектеудiң арифметикалық әдiсiн қолдану нәтижесiнде артық төленген тиындар сомасының арасында айырма түрінде жоғарыда төленген төлемдер бойынша қалыптасқан 3272 «Ақша айналымынан қолма-қол тиындардың алынуына байланысты есеп айырысулар» қосалқы шотының кредиті бойынша қалдық жыл аяқталғаннан кейін жоғарыда көрсетілген төлемдер бойынша бюджетке есептеуге жатады, бұл ретте 3272 «Ақша айналымынан қолма-қол тиындардың алынуына байланысты есеп айырысулар» қосалқы шотының дебеті бойынша және 3133 «Өзге операциялар бойынша бюджет алдындағы қысқа мерзiмдi кредиторлық берешек» қосалқы шотының кредитi бойынша жазба жүргiзiледi, оны бюджетке аудару кезiнде 3133 «Өзге операциялар бойынша бюджет алдындағы қысқа мерзiмдi кредиторлық берешек» қосалқы шотының дебетi және 1080 «Республикалық бюджеттен қаржыландырылатын мемлекеттiк мекеменiң мiндеттемелерi бойынша жеке қаржыландыру жоспарына сәйкес мiндеттемелерiн қабылдауға арналған жоспарлы тағайындаулары», 1090 «Жергiлiктi бюджеттен қаржыландырылатын мемлекеттiк мекеменiң мiндеттемелерi бойынша жеке қаржыландыру жоспарына сәйкес мiндеттемелер қабылдауға арналған жоспарлы тағайындаулары» шотының тиiстi қосалқы шотының кредитi бойынша жүзеге асырылады. 3272 «Ақша айналымынан қолма-қол тиындардың алынуына байланысты есеп айырысулар» қосалқы шотының дебетi бойынша қалдық 1280 «Өзге қысқа мерзiмдi дебиторлық берешек» шотына ауыстырыла отырып, келесi есепті кезеңге ауысады. Кейіннен 3272 «Ақша айналымынан қолма-қол тиындардың алынуына байланысты есеп айырысулар» қосалқы шоты бойынша сальдоны түзету 1280 «Өзге қысқа мерзiмдi дебиторлық берешек» шотына ауыстырылған сальдоны ескере отырып жүргізіледі».»;
210-тармақтың үшінші бөлігі мынадай редакцияда жазылсын:
«Егер келесi есеп жылының соңында қорларды өзiндiк құннан төмен бағамен есептен шығаруды туындатқан жағдайлар әрекет етпесе немесе экономикалық жағдайлардың өзгеруiнiң салдарынан таза сату құнының көтерiлуiнiң анық айғақтары болса, есептен шығару сомасы қалпына келтiрiледi (бұл ретте қалпына келтiру есептен шығарудың алғашқы сомасы шегiнде жүзеге асырылады). Осы операция есепте 1360 «Қорлардың құнсыздануына арналған резерв» шотының дебетi және 7440 «Активтердiң құнсыздануынан түсетiн шығыстар» шотының кредитi бойынша көрсетiледi.»;
224-тармақтың үшінші бөлігінің екінші абзацы мынадай редакцияда жазылсын:
«Нысандар альбомының 434-қ нысанды жүкқұжаты қоймадан материалдарды беру кезiнде және мемлекеттiк мекеме iшiнде материалдарды алмастыру кезiнде қолданылады. Жүкқұжат әдетте бiр данада берiледi;»;
225-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:
«225. Материалдар мен отын алушы жинау картасының өзiндегi данасын көрсеткен кезде белгiленген лимит шегiнде берiледi. Белгiленген лимиттен тыс материалдарды бөлу Нысандар альбомының 434-қ нысанды жүкқұжаты бойынша жүргiзiледi.
Қоймадан жүкқұжат немесе жинау картасы бойынша отын беру мүмкiн болмаған жағдайда, отын шығындарын есептен шығару қалдықтарды өлшеу актiсi бойынша жүзеге асырылады. Өлшеу актiсi бойынша шығынның белгiленген нормаларын салыстырғанда отын жетiспеген жағдайда мемлекеттiк мекеменiң басшысы артық жұмсау себептерiн анықтауға шаралар мен тиiстi жағдайда өндiрiп алу шараларын қолданады;
жол парағы автомобиль жанар және жағар май материалдың шығынға есептен шығару үшін қолданылады. Жанар және жағар май материалдар іс жүзіндегі шығын бойынша, бірақ автомобильдердің жеке түрлері үшін бекітілген нормалардан артық емес мөлшерде есептен шығарылады;
Нысандар альбомының 1-т нысанды тауар-көлік жүкқұжаты жеке автомобильдерінде мемлекеттік мекеменің өз қажеттіліктері үшін жүктерді тасымалдау үшін қолданылады.»;
248-тармақтың екінші бөлігінің екінші абзацы мынадай редакцияда жазылсын:
«сатып алуға саудалық жеңiлдiктер мен түсiрулердi алып тастағаннан кейiн, импорттық баждар мен қайтарылмайтын салықтарды қосқанда, оның сатып алынған бағасы;»;
248-тармақтың бесінші бөлігінің екінші абзацы мынадай редакцияда жазылсын:
«объект жұмыс iстейтiн қалпында қолданысқа енуi тиiс, бірақ әлі пайдаланылмаған немесе толық емес қуаттылыққа жұмыс iстейдi деген жағдайлармен туындаған шығыстар;»;
253-тармақтың бірінші бөлігі мынадай редакцияда жазылсын:
«253. Қайта бағалау моделi: әдiл құны сенiмдi бағаланатын негiзгi құралдар объектiсiн актив ретiнде танығаннан кейiн есепке алу кез келген жиналған келесi амортизация мен шығындардың құнсыздануы нәтижесiнде жиналған кез келген келесi амортизацияны алып тастағанда, қайта бағалау күнiне әдiл құнды бiлдiретiн оның қайта бағалау құны бойынша жүргiзiледi. Қайта бағалау бюджеттi атқару жөнiндегi орталық уәкiлеттi орган белгiленген кезең мен мерзiмде өткiзiледi.»;
255-тармақтың екінші абзацы мынадай редакцияда жазылсын:
«не активтiң баланстық құнының барабар өзгеруiне қарай қайта есептеледi (активтiң алғашқы құны мен жинақталған амортизация сомасы қайта бағалауға дейiн баланстық құнға қайта бағаланған құнның қатысына тең бiр көрсеткiшке көбейедi). Жинақталған амортизацияның түзету сомасын қосымша бағалау кезінде: 5111 «Негiзгi құралдарды қайта бағалауға арналған резерв» қосалқы шотының кредитi және 2391 «Негiзгi құралдардың жинақталған амортизациясы» қосалқы шотының кредитi бойынша жазумен көрсетiледi;»;
256-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:
«256. Қайта бағаланған негiзгi құралдарды пайдалану шамасына қарай жете бағалау сомасы қаржылық нәтижеге есептен шығарылады: 5111 «Негiзгi құралдарды қайта бағалауға арналған резерв» қосалқы шотының дебетi және 5220 «Өткен жылдардың қаржылық нәтижесi» шотының кредитi.
Негiзгi құрал шығып қалған жағдайда пайдаланған уақытта қаржылық нәтижеге ауыстырылмаған жете бағалау сомасы қалдығын есептен шығару жүргiзiледi: 5111 «Негiзгi құралдарды қайта бағалауға арналған резерв» қосалқы шотының дебетi және 5220 «Өткен жылдардың қаржылық нәтижесi» шотының кредитi.»;
264-тармақтың екінші бөлігі мынадай редакцияда жазылсын:
«Негiзгi құралдардың тозу нормалары негiзгi құралдардың (активтердiң) құнын өтеудiң нормативтiк мерзiмiн көрсететiн олардың қызметiнiң экономикалық мерзiмiне сүйене отырып белгiлендi және (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 6829 болып тіркелген) Қазақстан Республикасы Қаржы министрінің 2011 жылғы 24 ақпандағы № 95 бұйрығымен бекітілген.»;
265-тармақтың бірінші бөлігі мынадай редакцияда жазылсын:
«Амортизацияның белгiленген нормаларын пайдалана отырып негiзгi құралдар объектiлерiнiң амортизация сомасы негiзгi құралдардың алғашқы құнын (қайта есептелгендер үшiн – қайта бағаланған құнын) мемлекеттiк мекемелердiң негiзгi құралдары бойынша тозудың бекiтiлген жылдық нормаларына сүйене отырып анықталған ай сайынғы амортизация нормасына көбейту жолымен анықталады.»;
273-тармақтың бірінші бөлігі мынадай редакцияда жазылсын:
«Негiзгi құралдар объектiлерiне объектiнiң техникалық жағдайын сақтау мен қолдау мақсатында жүргiзiлетiн қызмет көрсетуге, ағымдағы жөндеуге және негiзгi құралдарды қолданысқа беруге жұмсалатын шығындар алғашқы құнды өсiрмейдi, ал олар туындау кезiндегi ағымдағы шығыстар ретiнде танылады. Кiтаптарды жөндеуге және қайта жөндеуге, оның iшiнде екiншi рет түптеуге жұмсалатын шығындар кiтап құнын өсiруге жатқызылмайды және шығысқа есептен шығарылады.»;
275-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:
«275. Негізгі құралдар объектілерінің қалған құны немесе оны қолданудан немесе шығып қалуынан ешқандай болашақ экономикалық пайда немесе қызметтік әлеует күтілмесе баланстан шығып қалу ретінде есептен шығарылады. Негізгі құралдар объектілерінің шығып қалуы түрлі тәсілдермен, (сату, қайтарусыз тапсыру, тарату жолымен) өтуі мүмкін.
Негізгі құралдардың шығып қалуы Қазақстан Республикасы заңнамасының талаптарына сәйкес жүзеге асырылады.
Мемлекеттік мекеме қаржыландыру жоспары бойынша оларға бөлінген қаражат есебінен сатып алынған, оған бекітілген активтерді өзінше сатуға тиіс емес. Активтерді сату Қазақстан Республикасының мемлекеттік мүлікті басқару саласындағы заңнамасына сәйкес жүзеге асырылады.»;
276-тармақтың екінші абзацы мынадай редакцияда жазылсын:
«бұрын бюджеттiк қаржыландыру есебiнен сатып алынған негiзгi құралдарды сатқан жағдайда: 7420 «Ұзақ мерзiмдi активтердi қатардан шығару жөнiндегi шығыстар» шотының дебетi және баланстық құнға - Шоттар жоспарының «Негiзгi құралдар» бөлiмi шотының тиiстi қосалқы шотының кредитi, бiр мезгiлде осы актив бойынша жиналған амортизацияның сомасына 2391 «Негiзгi құралдардың жинақталған амортизациясы» қосалқы шотының дебетi және Шоттар жоспарының «Негiзгi құралдар» кiшi бөлiмi шотының тиiстi қосалқы шотының кредитi. Бiр мезгiлде күрделi салымдарды қаржыландыру қалдықтарын есептен шығару жүргiзiледi: 5011 «Күрделi салымдарды бюджет есебiнен қаржыландыру» қосалқы шотының және 6020 «Күрделi салымдарды қаржыландырудан алынатын кiрiстер» шотының дебетi. Құнсызданудан бұрын есептелген резерв болған кезде шығып қалған ұзақ мерзiмдi активтер бойынша оның есептен шығуы жүзеге асырылады: 2392 «Негiзгi құралдардың құнсыздануына арналған резерв» қосалқы шотының дебетi және 7440 «Активтердiң құнсыздануынан түсетiн шығыстар» шотының кредитi;»;
277-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:
«277. Егер Қазақстан Республикасы Үкiметiнiң шешiмiмен бұл соманы қолданудың өзге тәртiбi белгiленбесе, активтердi сатудан түсетiн соманы мемлекеттiк мекемелер бюджет кiрiсiне аударады және есепте көрсетедi: 1231 «Сатып алушылар мен тапсырыс берушiлердiң қысқа мерзiмдi дебиторлық берешегi» қосалқы шотының дебетi және 6320 «Күрделі салымды қаржыландырудан түсетін түсім» шоты кредиті, сонымен бір мезгілде: 3131 «Активтердi сатудан түсетiн кiрiс бойынша бюджет алдындағы қысқа мерзiмдi кредиторлық берешек» қосалқы шотының кредитi. Ұзақ мерзімді активтерді сатудан түскен түсім бойынша бюджет алдындағы берешекті өтеу: 3131 «Активтердi сатудан түсетiн кiрiс бойынша бюджет алдындағы қысқа мерзiмдi кредиторлық берешек» қосалқы шотының дебеті және 1231 «Сатып алушылар мен тапсырыс берушiлердiң қысқа мерзiмдi дебиторлық берешегi» қосалқы шотының кредиті.»;
280-тармақтың төртінші бөлігі мынадай редакцияда жазылсын:
«Түгендеу нөмiрлерi негiзгi құралдар объектiлерiне олардың түсу шамасына қарай реттiк-сериялық жүйе бойынша берiледi. Түгендеу нөмiрi он екі белгiден тұрады: бiрiншi төрт белгi - шотты/қосалқы шотты, бесiншi және алтыншы белгі – топты және соңғы алты белгi – заттың топтағы реттiк нөмiрiн бiлдiредi. Топтар белгiленбеген шоттар/қосалқы шоттар бойынша төртiншi белгi нөлмен белгiленедi.»;
281-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:
«281. Объектiнiң немесе ұзақ мерзiмдi активтер объектiлер тобының бiр құрылымдық бөлiмшеден екiншiсiне iшкi ауысуын ресiмдеу үшiн, объектiнi немесе негiзгi құралдар объектiлерi топтарын қоймаға қабылдауды ресiмдеу үшiн немесе қоймадан қолданысқа беру үшiн 434 нысанды жүкқұжаты немесе 434-қ Нысандар альбомы қолданылады.»;
283-тармақтың үшінші бөлігі мынадай редакцияда жазылсын:
«Нысандар альбомының ОС-6 нысанды карточкасы ғимараттарды, құрылыстарды, тапсыру құралдарын, машина мен жабдықтарды, өндiрiстiк (тиiстiлiгiн қоса алғанда) және шаруашылық мүкәммалын, көлiк құралдарын, мәдени мұра активтерiн, кiтапхана қорларын және өзге негiзгi құралдарды есепке алуға арналған, онда жазулар алғашқы құжаттар: қолданысқа беру туралы қабылдау актiлерi, дайындаушы зауыттардың техникалық төлқұжаттары мен басқа құжаттардың негiзiнде жүргiзiледi. Карточкада объектiлердiң (заттардың) сипаттама белгiлерi көрсетiледi: сызбасы, моделi, үлгiсi, таңбасы, зауыттық нөмiрi, шығарылған (дайындалған) мерзiмi, қолданысқа енгiзу актiсiнiң күнi мен нөмiрi көрсетiледi. Бұдан басқа объектiнiң (заттың) қысқаша жеке сипаты жазылады. Жабдықтың, приборлардың, есептеу техникасының және басқа жабдықтың құрамында бағалы металдар болған жағдайларда «Объектiнiң қысқа жеке сипаты» бөлiмiнде құрамында бағалы металл бар бөлшектердiң тiзбесi, төлқұжатта көрсетiлген бөлшек атауы мен металл салмағы көрсетiледi. Нысандар альбомының ОС-6 нысанды негiзгi құралдарды және инвестициялық жылжымайтын мүлiктi есепке алудың түгендеу карточкаларында теңгемен амортизацияның жинақталған сомасы, жылдық тозу нормасының шифрi, тозу соңғы рет есептелетiн жыл және ай, есептi жылдағы құнсызданудан шығындардың сомасы жазылады.»;
286-тармақтың бірінші бөлігі мынадай редакцияда жазылсын:
«Комиссия есептен шығару себептерiн (тозу, қайта жаңарту, апат және басқа есептен шығару себептерi), есептен шығарылатын объектiнiң жекелеген материалдарын, бөлшектерiн, материалдарын пайдалану мүмкiндiгiн анықтайды, оларды бағалауды жүргiзедi және негiзгi құралдар объектiлерiн есептен шығару актiсiн жасайды. Жарамсыз негiзгi құралдарды есептен шығару белгiленген нысандардағы актiлермен ресiмделедi: «Мемлекеттiк мекемелерде негiзгi құралдарды есептен шығару актiсi» (Нысандар альбомының ОС-3 нысаны), «Автокөлiк құралдарын есептен шығару актiсi» (Нысандар альбомының ОС-4 нысаны), «Баланстан өндiрiстiк және шаруашылық құралдарды есептен шығару актiсi» (Нысандар альбомының 443 нысан), «Мемлекеттiк мекемелерде кiтапханадан әдебиеттi есептен шығару актiсi» (Нысандар альбомының 444 нысаны). Негiзгi құралдарды есептен шығару актiсiн мемлекеттiк мекеме басшысы бекiтедi. Есептен шығару актiсiн бекiткенге дейiн негiзгi құралдар объектiлерiнiң жинауға және қайта жөндеуге рұқсат етiлмейдi. Мемлекеттiк мекемелердiң мүлiгiн есептен шығару Мемлекеттік мүлік туралы Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес жүзеге асырылады.»;
287-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:
«Негізгі құралдарды баланстан есептен шығарудың қолданыстағы тәртібі бұзылған, сондай-ақ материалдық құндылықтарға салғырт қараған жағдайда (жою, жандыру, жоғалту), бұған кінәлі тұлғалар заңнамада белгіленген тәртіппен жауапкершілікке тартылады.
Негiзгi құралдар объектiлерiн (автокөлiк құралдарынан басқа) толық немесе жартылай есептен шығаруды ресiмдеу үшiн негiзгi құралдардың шығып қалуына (есептен шығарылуына) актi қолданылады. Акт екi данада жасалады, комиссия мүшелерi қол қояды және ұйым басшысы немесе оған уәкiлеттiк берiлген тұлға бекiтедi. Актiнiң бiрiншi данасы бухгалтерлiк қызметке негiзгi құралдарды есептен шығару үшiн тапсырылады, екiншiсi – осы объектiнiң сақталуына жауапты тұлғада қалады әрi қоймаға тапсыруға және есептен шығару нәтижесiнде қалған қосалқы бөлшектердi, материалдарды, металл сынығын және есептен шығарғаннан кейiн қалған басқа да қосалқы бөлшектердi iске асыруға негiз болып табылады.
Автокөлiк құралдарын есептен шығару актiсi автокөлiк құралдарын есептен шығаруды ресiмдеу үшiн қолданылады. Комиссия екi данада акті жасайды, мемлекеттік мекеменің басшысы немесе оған уәкілеттік берілген тұлға бекiтедi. Актiнiң бiрiншi данасы жол полициясы органдарында есептен шығарылғанын дәлелдейтiн құжатпен бухгалтерлiк қызметке тапсырылады, актiнiң екiншi данасы автокөлiк құралдарының сақталуына жауапты тұлғада қалады әрi қоймаға тапсыруға және есептен шығару нәтижесiнде қалған қорлар мен металл сынығын iске асыруға негiз болып табылады.
Негізгі құралдардың шығып қалуы мен ауысуы бойынша операцияны есепке алу Нысандар альбомының 438 нысанында (9-мемориалды ордер) жинақтау ведомосінде жүргізіледі. Жинақтау ведомосіне жазбалар әр құжат бойынша жүргізіледі. Бұл ретте «Жиыны» бағанында шығып қалған және ауыстырылған материалдық құндылықтардың сомасы жазылады, ол қосалқы шоттар дебеті бойынша жазбалар сомасына тең болуы тиіс. Ай аяқталғаннан кейін қосалқы шоттар бойынша қорытындылар «Басты-журнал» кітабында жазылады.»;
297-тармақтың үшінші абзацы мынадай редакцияда жазылсын:
«инвестициялық жылжымайтын мүліктің жоспарланған жұмыспен қамту деңгейіне қол жеткізілгенге дейін шеккен бастапқы операциялық шығындар;»;
299-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:
«299. Қаржылық жалға беруден ұсталатын инвестициялық жылжымайтын мүліктің бастапқы құны осы қағидалардың «Жалға беруді есепке алу тәртібі» бөлімінде, яғни жылжымайтын мүліктің ең аз әділ құны бойынша немесе ең аз жалға беру төлемдерінің дисконтталған құнымен айқындалады, бұл ретте баламалы сома міндеттеме болып танылады.»;
301-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:
«301. Қолдануға қабылданған көтерілген ғимараттар немесе құрылыстар немесе инвестициялық жылжымайтын мүлікті тану өлшемдеріне жауап беретін, қайта жөндеуден кейінгі ғимараттар мен құрылыстар, сондай-ақ «Негізгі құралдар» санатынан «Инвестициялық жылжымайтын мүлік» санатына ауыстыру кезінде мынадай тізбек жүзеге асырылады: 2510 «Инвестициялық жылжымайтын мүлік» шотының дебеті және 2411 «Аяқталмаған құрылыс» қосалқы шотының немесе 2320 «Ғимараттар» шоты қосалқы шотының кредиті.»;
302-тармақтың үшінші бөлігі мынадай редакцияда жазылсын:
«Жылжымайтын мүліктің бөлігін алмастыру, қосымша салу мақсаты салдарынан шегілген шығындар инвестициялық жылжымайтын мүліктің өзіндік құнына кіреді. Мемлекеттік мекеме баланстық құнда тану өлшемдерінің талаптары орындалған кезде, осындай шығындардың туындау сәтінде бар инвестициялық жылжымайтын мүліктің бөліктерін ауыстыруға жұмсалатын шығындарды көрсетеді.»;
303-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:
«303. Инвестициялық жылжымайтын мүлікті одан әрі есепке алу үшін мемлекеттік мекеме іс жүзіндегі шығындар бойынша есепке алу моделін не әділ құны бойынша есепке алу моделін қолданады және инвестициялық жылжымайтын мүліктің барлық сыныбына (тобына) осы модельді қолданады.»;
305-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:
«305. Әділ құны бойынша есепке алу моделі: әділ құны сенімді өлшенуі мүмкін инвестициялық жылжымайтын мүлікті есепке алу актив ретінде танылғаннан кейін әділ құны бойынша жүргізіледі.»;
307-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:
«307. Әділ құн бойынша есепке алу моделін қолданатын мемлекеттік мекеме мұндай өлшеуді шығып қалғанға дейін немесе меншік иесі алып отырған жылжымайтын мүлік болған сәтке дейін немесе кейін сату үшін оны реконструкциялауды бастағанға дейін жалғасады.
Инвестициялық жылжымайтын мүліктің әділ құны әдетте кәсіби бағалаушылар орындаған, бағалау жолымен анықталатын олардың нарықтық бағасы болып табылады.
Инвестициялық жылжымайтын мүліктің әділ бағасының өзгеруінен кірісті немесе шығысты олар туындаған кезеңнің кірістерінде не шығыстарында таныған жөн:
қайта бағалау нәтижесінде активтер сыныбының баланстық құнының өсуі 2510 «Инвестициялық жылжымайтын мүлік» шотының дебеті және 6310 «Әділ құнның өзгеруінен түсетін кірістер» шотының кредиті бойынша көрсетіледі;
әділ құнды өзгерту нәтижесінде активтер сыныбының баланстық құнын ұлғайту 2510 «Инвестициялық жылжымайтын мүлік» шотының дебеті және 6310 «Әділ құнын өзгертуден түсетін кірістер» шотының кредиті бойынша көрсетіледі.»;
310-тармақтың екінші бөлігі мынадай редакцияда жазылсын:
«Іс жүзіндегі шығындар бойынша есепке алынатын негізгі құрал объектісін іс жүзіндегі шығындар бойынша ескерілетін инвестициялық жылжымайтын мүлік санатына көшіру жинақталған амортизация мен негізгі құралдың құнсыздануы бойынша резервті есептен шығаруды ескере отырып көрсетіледі: 2510 «Инвестициялық жылжымайтын мүлік» шотының дебеті, 2320 «Ғимараттар» шоты қосалқы шотының кредиті, бір мезгілде 2392 «Негізгі құралдардың құнсыздануына арналған резерв» қосалқы шотының дебеті, 2522 «Инвестициялық жылжымайтын мүліктің құнсыздануына арналған резерв» қосалқы шотының кредиті, бір мезгілде 2391 «Негізгі құралдардың жинақталған амортизациясы» қосалқы шотының дебеті және 2521 «Инвестициялық жылжымайтын мүліктің жинақталған амортизациясы» қосалқы шотының кредиті.»;
311-тармақтың екінші бөлігі мынадай редакцияда жазылсын:
«Әділ құн бойынша есепке алынатын негізгі құралдарды инвестициялық жылжымайтын мүлікке көшіру мынадай тізбектермен көрсетіледі: 2510 «Инвестициялық жылжымайтын мүлік» шотының дебеті және 2320 «Ғимараттар» шотының кредиті; бір мезгілде ауыстырылатын объект бойынша жиналған амортизация 2391 «Негізгі құралдардың жинақталған амортизациясы» шотының дебеті және 2320 «Ғимараттар» шотының тиісті қосалқы шотының кредиті бойынша есептен шығарылады.»;
314-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:
«314. Инвестициялық жылжымайтын мүліктің шығып қалуы сату немесе басқа мемлекеттік мекемеге тапсыру жолымен жүргізіледі.
Инвестициялық жылжымайтын мүліктің шығып қалуы нәтижесінде туындаған кірістер мен шығыстар шығып қалудан таза түсімдер мен активтің баланстық құны арасындағы айырма ретінде анықталады.
Инвестициялық жылжымайтын мүлік шығып қалған кезде алуға тиесілі өтеу әділ құн бойынша танылады.»;
321-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:
«321. Биологиялық активтерді сатып алу мынадай есептер корреспонденциясымен көрсетіледі: 2610 «Жануарлар», 2620 «Көпжылдық екпелер» шотының дебеті және 3210 «Жеткізушілерге және мердігерлерге қысқа мерзімді кредиторлық берешек» шотының кредиті.»;
322-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:
«322. Сатуға жұмсалған шығындарды шегергеннен кейін, биологиялық активті немесе ауыл шаруашылығы өнімін әділ құны бойынша бастапқы тану кезінде туындайтын қаржылық нәтиже кірістер мен шығыстардың құрамына енгізіледі. Шығыстар бастапқы тану кезінде сатуға жұмсалған шығындарды шегеруге байланысты, ал кірістер, мысалы, бұзау туылған кезде.»;
324-тармақ алынып тасталсын;
327-тармақтың он екінші бөлігі мынадай редакцияда жазылсын:
«Биологиялық активтерден алынған ауылшаруашылық өнімі «Қорлар» шотының тиісті қосалқы шотының дебеті және 6360 «Өзге кірістер» шотының кредиті бойынша кіріске жазылады.»;
328-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:
«328. Биологиялық активті танығаннан кейін биологиялық активтерді іс жүзіндегі шығындар бойынша есепке алу кезінде кез келген жиналған амортизацияны және құнсыздану нәтижесінде кез келген жиналған шығындарды алып тастағанда оның өзіндік құны бойынша жүргізіледі.
Биологиялық активтердің амортизациясы амортизацияның белгіленген жылдық нормаларға сүйене отырып ай сайынғы амортизация нормаларын пайдалана отырып, толық тозғанға дейін тұрақты негізде ай сайын есептеледі. Биологиялық активтердің жойылу құны нөлге тең. Сатып алынған биологиялық активтердің амортизациясын есептеу сатып алудан кейінгі айдың 1-інен бастап жүргізіледі және биологиялық активтің шығып қалуынан кейінгі айдың 1-інен бастап тоқтатылады.
Биологиялық активтердің амортизациясын есептеу мынадай жазбамен көрсетіледі: 7110 «Ұзақ мерзімді активтердің амортизациясы бойынша шығыстар» шотының дебеті және 2631 «Биологиялық активтердің жинақталған амортизациясы» қосалқы шотының кредиті.
Биологиялық активті бюджет қаражаты есебінен сатып алған жағдайда, биологиялық активтің амортизациясын есептеумен бір мезгілде осы актив жататын топты амортизациялау нормасы бойынша есептелген сомада күрделі салымдарды қаржыландыруды тұтынудан биологиялық активті сатып алуға күрделі салымдарды қаржыландыруды есептен шығару жүргізіледі. Бұл ретте мынадай тізбек жүргізіледі: 5010 «Күрделі салымдарды қаржыландыру» шоты қосалқы шотының дебеті және 6020 «Күрделі салымдарды қаржыландырудан алынатын кірістер» шотының кредиті.»;
336-тармақтың төртінші бөлігінің үшінші абзацы мынадай редакцияда жазылсын:
«материалдық емес активті пайдаланудан түсетін пайдаға басқалардың қол жеткізуіне тыйым салу мүмкіндігі.»;
340-тармақтың бірінші бөлігінің екінші абзацы мынадай редакцияда жазылсын:
«сауда жеңілдіктерін және арзандатуларын шегеруден кейін импорттық баждарды және сатып алуға салынатын өтелмейтін салықтарды қоса алғанда материалдық емес активті сатып алу құнын;»;
343-тармақтың үшінші бөлігінің үшінші абзацы мынадай редакцияда жазылсын:
«ғылыми әзірлемелер бойынша жұмыстарды орындауға әзірлеме сатысындағы шығындар активтерді тану өлшемдеріне сәйкес болған кезде күрделі салымдарды есепке алу есебіне жатқызылады.»;
348-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:
«348. Қайта бағаланған құн бойынша есепке алу моделі: бастапқы танылғаннан кейін материалдық емес актив қайта бағалау құны бойынша есепке алынуы тиіс, ол кез келген кейінгі жинақталған амортизацияны алып тастағаннан кейін қайта бағалау күніндегі әділ бағасы болып табылады.
Материалдық емес активтің әділ құны егер ол материалдық емес активтердің осы түрі үшін активтік нарыққа сілтеме жасау арқылы айқындалса ғана, сенімді бағалануы мүмкін. Белсенді нарық болмаған жағдайда материалдық емес актив іс жүзіндегі шығындар бойынша ескеріледі.
Материалдық емес активтің баланстық құны жылдың аяғында есепті күндегі әділ құннан елеулі ерекшеленбеуі тиіс. Қайта бағалау бюджетті атқару жөніндегі уәкілетті орган белгілеген мерзімде және кезеңде жүргізіледі.»;
359-тармақтың бірінші бөлігі мынадай редакцияда жазылсын:
«Материалдық емес активті тану ол істен шығарылғаннан кезде тоқтатылады.»;
360-тармақтың екінші бөлігі мынадай редакцияда жазылсын:
«Активтерді сатудан түсетін сома, егер Қазақстан Республикасы Үкіметінің шешімімен осы соманы қолданудың өзге тәртібі белгіленбесе, мемлекеттік мекемелер бюджет кірісіне аударады және есепте көрсетеді: 1231 «Сатып алушылар мен тапсырыс берушілердің қысқа мерзімді дебиторлық берешегі» қосалқы шотының дебеті және 6320 «Активтерді істен шығарудан түсетін кірістер», бір мезгілде 7120 «Бюджетпен есеп айырысулар бойынша шығыстар» шотының дебеті және 3131 «Активтерді сатудан түсетін кіріс бойынша бюджет алдындағы қысқа мерзімді кредиторлық берешек» қосалқы шотының кредиті.»;
368-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:
«368. Жалға алушы осы операцияны мынадай корреспонденциямен көрсетеді: «Негізгі құралдар», «Инвестициялық жылжымайтын мүлік», «Биологиялық активтер» немесе «Материалдық емес активтер», 4120 «Жал бойынша ұзақ мерзімді кредиторлық берешек» шотының кредиті.
Мемлекеттік мекеме тану сәтінде, сондай-ақ есепті жылдың аяғында жалдау бойынша ұзақ мерзімді кредиторлық берешектің ағымдағы бөлігін бөліп береді: 4120 «Жал бойынша ұзақ мерзімді кредиторлық берешек» шотының дебеті және 3260 «Жал бойынша қысқа мерзімді кредиторлық берешек» шотының кредиті.
Қаржылық жалдауға байланысты жалдаушы жүзеге асырған қызметке тікелей жатқызылатын ретінде анықталған шығындар актив ретінде танылған сомаға қосылады.
Активтер мен міндеттемелер бастапқы жалдау күніне анықталған соманың ішіндегі ең төмен сомада танылады:
жалға берілген мүліктің әділ құны; және
ең төменгі жалдау төлемдерінің дисконтталған құны.
Активті жалға алушы амортизациялайды. Жалға алынатын активтің амортизацияланатын құны өзінің жеке амортизацияланатын активтері үшін жалға алушы қабылдайтын амортизация саясатына сәйкес қолдануды күтетін мерзім бойы әр есеп кезеңіне бөлінеді: 7110 «Ұзақ мерзімді активтердің амортизациясы бойынша шығыстар» шотының дебеті және жиналған амортизацияны көрсету бойынша тиісті қосалқы шоттың кредиті.
Мемлекеттік мекеме жалданатын активтердің баланстық құнын осы Ереженің «Активтердің құнсыздануы» бөлімінің ережелеріне сәйкес құнсыздану тұрғысынан мерзімді қайта қарастыруы тиіс.
Жалдау бойынша сыйақы есептеуді мемлекетік мекеме 7310 «Сыйақылар бойынша шығыстар» шотының дебеті және 3250 «Төленуге тиісті қысқа мерзімді сыйақылар» шотының кредиті бойынша көрсетеді.
Жалдау міндеттемесін өтеу 3250 «Төлеуге қысқа мерзімді сыйақылар» және 3260 «Жал бойынша қысқа мерзімді кредиторлық берешек» шоттарының дебеті және «Ақша қаражаты және олардың баламалары» тиісті қосалқы шоттарының кредиті бойынша көрсетіледі.
Жалға беруші жалдау мерзімінің басында баланста қаржылық жалдау шеңберінде алынатын жалдау төлемдеріне тең дебиторлық берешекті таниды.
Активті жалдауға беру мынадай жазбамен көрсетіледі: 2220 «Жал бойынша ұзақ мерзімді дебиторлық берешек» шотының дебеті және қаржылық жалдауға берілген активтің тиісті қосалқы шотының кредиті.
Жалдау бойынша сыйақы есептеу 1250 «Алынуға тиісті қысқа мерзімді сыйақылар» шотының дебеті және 6210 «Сыйақылар бойынша кірістер» шотының кредиті бойынша көрсетіледі. Жалдаудан сыйақылар бойынша кірістер бюджет кірістері болып табылады (активтерді басқарудан түсетін кірістерді бюджетке аудару тәртібі «Дебиторлық және кредиторлық берешектер» бөлімінде қарастырылған).
Есепті кезеңнің аяғында мемлекеттік мекеме жалдау бойынша ұзақ мерзімді берешектің ағымдағы бөлігін мынадай жазбамен көрсетеді: 1270 «Жал бойынша қысқа мерзімді дебиторлық берешек» шотының дебеті және 2220 «Жал бойынша ұзақ мерзімді дебиторлық берешек» шотының кредиті.»;
369-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:
«369. Операциялық жалдауды есепке алу кезінде жалға алушы операциялық жалдау кезінде жалдау төлемдерін (жүйелі шығыс төлемге байланысты емес) өзге жүйелі негіз қолданушының пайда алудың уақытша кестесінің артық көрсетуін қамтамасыз еткен жағдайдан басқа жағдайларда жалдау мерзімі ішінде тура сызықты негізде бөлінген шығыстар ретінде көрсетеді.
Жалдау төлемдері (жалдау бойынша шығыстар) 7130 «Жал бойынша шығыстар» шотының дебеті және 3260 «Жал бойынша қысқа мерзімді кредиторлық берешек» шотының кредиті бойынша көрсетіледі.
Жалға алушы енгізген алдын-ала төлеу сомасы «Өзге активтер мен міндеттемелер» бөліміне сәйкес ескеріледі.
Операциялық жалдауға алынған активтерді жалға алушы 01 «Жалға алынған активтер» баланстан тыс шотында ескереді.
Жалға берушілер баланста осындай активтердің сипатына қарай операциялық жалдау шартындағы активтерді ұсынады.
Операциялық жалдан жалдау кірісі (сақтандыру және қызмет көрсету сияқты ұсынылған қызметтер үшін түсімдерді қоспағанда) өзге жүйелі негіз жалдауға алынған активтен пайданың азаю уақытша кестесін артық ұсынуды қамтамасыз еткен жағдайларды қоспағанда, кірістер құрамында жалдау мерзімі бойы тура сызықты негізде танылады.
Операциялық жалдаудан түсетін кіріс былайша көрсетіледі: 1270 «Жал бойынша қысқа мерзімді дебиторлық берешек» шотының дебеті және 6220 «Активтерді басқарудан алынатын өзге де кірістер» шотының кредиті. Жалдаудан сыйақылар бойынша кірістер бюджеттің кірістері болып табылады (активтерді басқарудан түсетін кірістерді аудару «Дебиторлық және кредиторлық берешектер» бөлімінде қарастырылған).
Шығындар, оның ішінде жалдау кірісін алу кезінде тартқан шығындар шығыстар құрамында танылады, бұл кезде мынадай тізбек жүзеге асырылады: 7110 «Ұзақ мерзімді активтердің амортизациясы бойынша шығыстар» шотының дебеті және 2391 «Негізгі құралдардың жинақталған амортизациясы» қосалқы шотының кредиті.»;
373-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:
«373. Аванстық төлем тәртібінде өнім берушілермен және мердігерлермен, сатып алушылармен және тапсырыс берушілермен есеп айырысуларды есепке алу қаражатты тараптармен келісілген мерзімде және мөлшерде дүркін-дүркін аудару жолымен жүзеге асырылады. Осы шотта мемлекеттік тапсырысты орындағаны үшін орындаушыларға екінші деңгейдегі банктердегі орындаушының шотына тапсырыс берушінің бюджеттік қаражаттарды аудару жолымен жүзеге асырылатын аванстар ескеріледі.
Өнім беруші мен сатып алушы, мердігер мен тапсырыс беруші ай сайынғы негізде іс жүзінде алынған тауарлардың, орындалған жұмыстардың немесе көрсетілген қызметтердің негізінде өз есептерінің жағдайын нақтылайды және шартта немесе келісімде келісілген тәртіппен қайта есептеу мен тиісті төлемді жүргізеді.»;
374-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:
«374. 1410 «Берілген қысқа мерзімді аванстар» шотының дебеті бойынша Шоттар жоспарының «Ақша қаражаты және олардың баламалары» бөлімі шоттарының кредитімен корреспонденцияда берілген аванстардың сомасы көрсетіледі. 1410 «Берілген қысқа мерзімді аванстар» шотының кредиті бойынша 3210 «Жеткізушілерге және мердігерлерге қысқа мерзімді кредиторлық берешек» шотының дебетімен корреспонденциялауда берілген аванстар сомасы көрсетіледі.»;
375-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:
375. Ақылы қызметтерден аванстардың түсімі 1042 «Ақылы қызметтер ҚБШ» шотының дебеті және 3410 «Алынған қысқа мерзiмдi аванстар» шотының кредиті бойынша көрсетіледі.
Бұрын алынған авансты есепке алу 3410 «Алынған қысқа мерзімді аванстар» шотының дебеті және 1230 «Сатып алушылар мен тапсырыс берушілердің қысқа мерзімді дебиторлық берешегі» шоттарының кредиті бойынша көрсетіледі.
Аванстың қолданылмаған сомасын қайтару 3410 «Алынған қысқа мерзiмдi аванстар» шотының дебеті және Шоттар жоспарының «Ақша қаражаты және олардың баламалары» бөлімі шоттарының тиісті қосалқы шоттарының кредиті бойынша көрсетіледі.
Талап арыздың Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген мерзімі өтіп кеткеннен кейін алынған аванстар бойынша талап етілмейтін кредиторлық берешекті есептен шығару 3410 «Алынған қысқа мерзiмдi аванстар» шотының дебеті және 6360 «Өзге кірістер» шотының кредиті бойынша көрсетіледі.»;
376-тармақтың екінші бөлігі мынадай редакцияда жазылсын:
«Болашақ кезеңдерге аванстық төленген шығыстар есепті кезеңнің шығыстары деп тани отырып, жүйелі түрде бөлуге жатады. Ағымдағы кезеңге (айға, тоқсанға) жататын төлемдер сомасы 1420 «Алдағы кезеңдердің шығыстары» шотының кредитінен 7140 «Өзге операциялық шығыстар» шотының дебетіне есептен шығарылады.»;
377-тармақтың екінші бөлігі мынадай редакцияда жазылсын:
«Ағымдағы кезеңге (ай, тоқсан) жататын төлемдердің сомасы 4310 «Алдағы кезеңдердің кірістері» шотының дебетінен Шоттар жоспарының кірістерін есепке алудың тиісті шотының кредитіне есептен шығарылады.»;
378-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:
«378. 1410 «Берілген қысқа мерзімді аванстар», 1420 «Алдағы кезеңдердің шығыстары» және 3410 «Алынған қысқа мерзімді аванстар» (тамақ өнімдеріне аванстарды қоспағанда) шоттары бойынша есеп айырысулардың талдама есебі әр өнім беруші үшін ай ішіндегі операцияларды көрсету үшін қажет жолдар саны берілетін Нысандар альбомының 408-нысанды жинақтау ведомосінде (7-мемориалды ордер) жүргізіледі. Жинақтау ведомосінде жазбалар операциялар жасалғанына қарай әрбір құжат (шот) бойынша жүргізіледі.»;
382-тармақтың төртінші бөлігі мынадай редакцияда жазылсын:
«Айырбасталмайтын операциялардан түскен кірістердің жалпы белгісі ақша қаражаты бір заңды тұлғадан екіншісіне айырбастау кезінде бағасы бірдей құнды қамтамасыз етусіз аударылады.»;
382-тармақтың алтыншы бөлігі мынадай редакцияда жазылсын:
«Егер міндеттемені тану талап етілмесе, мемлекеттік мекеме айырбасталмайтын операцияның нәтижесінде активті таныса, сондай-ақ сатып алу күніне әділ құны бойынша бағаланған актив сомасына баламалы кіріс те танылады.»;
388-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:
«388. Гранттар бойынша кірістер ретінде донорлардан алынған қайтарусыз гранттар (қайтарусыз қаржылық көмектің) сомасы ескеріледі.
Ақша қаражаты түрінде гранттар бойынша бюджеттік инвестициялық жобаның арнайы шотына қаражаттың түсуі 1061 «Гранттар бойынша бюджеттік инвестициялық жобаның арнайы шоты» қосалқы шотының дебеті және 6060 «Гранттар бойынша кірістер» шотының кредиті бойынша көрсетіледі және кіріс ретінде мойындалады.»;
389-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:
«389. Сыртқы қарыздар бойынша бюджеттік инвестициялық жобаның арнайы шотына түсімдер 1062 «Сыртқы қарыздар бойынша бюджеттік инвестициялық жобаның арнайы шотына түсімдер» қосалқы шотының дебеті және 6070 «Сыртқы қарыздар есебінен қаржыландырудан түскен кірістер» шотының кредиті бойынша көрсетіледі.»;
390-тармақтың екінші бөлігі мынадай редакцияда жазылсын:
«Сондай-ақ, олар жүргізілген кезде мемлекеттік мекеме алынған ресурстардың әділ құнын сәйкестендірусіз алынған ресурстарға айырбастауға өтемақы жүргізе алатын айырбасталмайтын операциялардың тобы қолданылады. Мұндай жағдайларда мемлекеттік мекеме олардың әр құрауышы жеке танылатын айырбасталатын және айырбасталмайтын операциялардың үйлесімі бар екенін айқындауы тиіс.»;
399-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:
«399. Қаржылық жалға беру бойынша сыйақыны есептеу 1250 «Алынуға тиісті қысқа мерзімді сыйақылар» шотының дебеті және 6210 «Сыйақылар бойынша кірістер» шотының кредиті, 7120 «Бюджетке төленетін төлем бойынша шығыстар» дебеті және 3133 «Өзге операциялар бойынша бюджет алдындағы қысқа мерзімді кредиторлық берешек» қосалқы шотының кредиті бойынша көрсетіледі.»;
412-тармақтың екінші бөлігі мынадай редакцияда жазылсын:
«412. Бюджет бойынша шығындарды есепке алу мекеме, бағдарлама, кіші бағдарлама бойынша және бюджеттік сыныптаманың ерекшеліктері бойынша жүргізіледі.»;
419-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:
«419. Жеке және заңды тұлғаларға төленген субсидиялар бойынша шығыстарды есептен шығару мынадай жазбамен көрсетіледі: 7230 «Субсидиялар бойынша шығыстар» қосалқы шотының дебеті және 3114 «Жеке тұлғаларға субсидиялар бойынша қысқа мерзімді кредиторлық берешек», 3115 «Заңды тұлғаларға субсидиялар бойынша қысқа мерзімді кредиторлық берешек» қосалқы шотының кредиті.»;
420-тармақтың үшінші абзацы мынадай редакцияда жазылсын:
«қаржылық жалдау бойынша: 7310 «Сыйақылар бойынша шығыстар» шотының дебеті және 3250 «Төленуге тиісті қысқа мерзімді сыйақылар» шотының кредиті.»;
421-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:
«421. Квазимемлекеттік сектор субъектілеріне инвестицияларды есепке алу бойынша үлестік қатысу әдісі қолданылған кезде инвестиция объектісі шығындарының үлесінде мемлекеттік мекеменің қатысуын көрсету акционерлердің/қатысушылардың (жалғыз акционердің/қатысушының) немесе мемлекеттік басқару органының жалпы жиналысының шешімі бойынша 7320 «Активтерді басқару бойынша өзге шығыстар» шотының дебеті және 2120 «Ұзақ мерзімді қаржы инвестициялары» шотының кредиті бойынша жүзеге асырылады.»;
429-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:
«429. Негізгі құралдардың жинақталған амортизациясы мен инвестициялық жылжымайтын мүлік бойынша есепке алу негізгі құралдарды, жылжымайтын мүлікті, жануарларды (жұмысшы мал), ауылшаруашылық қызметіне байланысты емес өсімдіктерді Нысандар альбомының ОС-6, ОС-8 нысанды түгендеу карточкаларында жүргізіледі, онда теңгемен амортизацияның жылдық сомасы, тозу есептелетін ай және жыл жазылады. Ай сайынғы амортизацияны есептеу Нысандар альбомының 459 нысанды Ұзақ мерзімді активтердің амортизация сомасын есептеудің әзірлеу кестесінде өсу қорытындысымен көрсетіледі.»;
430-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:
«430. Материалдық емес активтердің амортизациясы бойынша есепке алу Нысандар альбомының НОС-6 нысанды активтерді есепке алудың түгендеу карточкаларында жүргізіледі, онда теңгемен амортизацияның соңғы рет тозу есептелетін бір жылда және айда жинақталған сомасы жазылады.»;
438-тармақтың екінші бөлігінің төртінші абзацы мынадай редакцияда жазылсын:
«еңбекақыдан аударымдар: 8013 «Еңбекақыдан аударымдар» қосалқы шотының дебеті және 3122 «Әлеуметтік салық бойынша қысқа мерзімді кредиторлық берешек», қосалқы шоттарының кредиті.»;
447-тармақтың төртінші бөлігі мынадай редакцияда жазылсын:
«Қаржылық қызметтің нәтижелері туралы есепте бағалау міндеттемесіне жатқызылған шығысты өтеуге қатысты танылған соманы шегере отырып ұсынуға болады.»;
448-тармақтың бірінші бөлігі мынадай редакцияда жазылсын:
«Бағалау міндеттемелері жыл соңында қайта қаралуы және ағымдағы ең жоғары есеп бағасын көрсету үшін түзеліп отыруы тиіс. Егер мiндеттеменi өтеу үшін экономикалық пайдаларды немесе сервистік әлеуетті қамтитын ресурстардың шығуын талап ету ықтималдығы жоқ болса, онда бағалау мiндеттемелері жойылуы тиіс.»;
449-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:
«449. Бағалау мiндеттемесіне қарсы бастапқыда оларға қатысты құрылған шығындар ғана есептеледі.»;
466-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:
«Есепті кезеңдегі нәтижелер және қаржылық көрсеткіштер мынадай рәсімдерді пайдалана отырып қолданыстағы валютадан ұсыну валютасына қайта есептеуге жатады:
1) әрбір берілген бухгалтерлік баланс бойынша активтер мен міндеттемелер (яғни салыстырмалы деректерді қоса алғанда) осы бухгалтерлік баланс күніндегі түпкілікті бағам бойынша қайта есептеуге жатады;
2) қаржылық қызметтің нәтижелері туралы әрбір есеп бойынша жалпы кірістер мен шығыстар (яғни салыстырмалы деректерді қоса алғанда) операцияларды жүзеге асыру күніндегі бағам бойынша қайта есептеуге жатады;
3) барлық туындаған бағамдық айырмалар таза активтердің/капиталдың жеке құрауышы ретінде тануға жатады.»;
471-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:
«471. Салымдар бойынша міндеттемелерді қабылдауға жоспарлы тағайындауларды мемлекеттік мекемеге бөлгенде, күрделі салымдарды қаржыландыру танылады және мынадай жазбамен көрсетіледі: 1082 «Күрделі салымдар бойынша міндеттемелер қабылдауға арналған жоспарлы тағайындаулар», 1092 «Күрделі салымдар бойынша міндеттемелер қабылдауға арналған жоспарлы тағайындаулар» қосалқы шотының дебеті және 5010 «Күрделі салымдарды қаржыландыру» шоты қосалқы шотының кредиті.
Сыртқы қарыздар мен байланысты гранттар есебінен қаржыландырудың түсімі 1087 «Сыртқы қарыздар мен байланысты гранттар есебінен жобалар бойынша міндеттемелер қабылдауға арналған жоспарлы тағайындаулар» қосалқы шотының дебеті 5012 «Сыртқы қарыздар мен байланысты гранттар есебінен күрделі салымдарды қаржыландыру» қосалқы шотының кредиті бойынша көрсетіледі. Қаржылық жыл аяқталғаннан кейін сыртқы қарыздар мен байланысты гранттар есебінен жобалар бойынша міндеттемелер қабылдауға арналған жоспарлы тағайындаулар шоттардың кері корреспонденциясымен жабылады.»;
474-тармақтың бірінші бөлігі мынадай редакцияда жазылсын:
«5100 «Резервтер» кіші бөлімінің шоттарында активтерді қайта бағаланған құны бойынша есепке алу моделін пайдаланған кезде есептелетін ұзақ мерзімді активтерді қайта бағалауға, шетелдік қызмет бойынша шетел валютасын қайта есептеуге және өзге резервтерге арналған сомалар көрсетіледі.»;
479-тармақтың екінші абзацы мынадай редакцияда жазылсын:
«01 «Жалға алынған активтер» шотында - тыс мемлекеттік мекемелерден операциялық жалға алу шарты бойынша қабылданған активтер жалдау шартында көзделген құнында ескеріледі;»;
479-тармақтың төртінші абзацы мынадай редакцияда жазылсын:
«03 «Қатаң есептегі бланктер» - сақтаудағы және есеппен берілетін қатаң есептілік бланкілері – министрліктер, мемлекеттік комитеттер бекіткен тізбелерге сәйкес – ақша, чек және есеп айырысу чек кітапшалары, түбіртек кітапшалары, аттестаттар, дипломдар, куәлік бланкілері және басқа да қатаң есептілік бланкілері ескеріледі.»;
480-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:
«480. Талдама есепке алу Нысандар альбомының 296-а нысанды карточкаларында жүргізіледі:
жалға алынған активтер – активтердің әр объектісі бойынша жалға берушілер бойынша (жалға берушінің түгендеу нөмірлері бойынша);
иегер мемлекеттік мекемелер, тапсырыс берушілер, түрлері, сұрыптары және сақталу орны, шартты бағалары немесе сатып алу бағалары бойынша – жауапты сақтауға қабылданған немесе орталықтандырылған жабдықтау бойынша төленген қорлар;
борышкердің тегін, атын және әкесінің атын көрсету арқылы – төлем қабілетсіз дебиторлардың берешегі;
әр оқушы мен студент бойынша – оқушылар мен студенттердің берешегі;
әр зат пен оның құны бойынша - ауыспалы спорттық сыйлықтар мен кубоктар;
жолдама түрлері, саны және нақты бағасы бойынша – жолдамалар (жолдамалар ақшалай құжаттармен бірге кассада сақталуы тиіс);
атаулары, орналасқан жерлері және материалдық жауапты тұлғалар бойынша - әскери техникалық оқу құралдары.
Қатаң есептілік бланкілерінің талдама есебі алу әр бланк түрі және сақталу орны бойынша Нысандар альбомының 448 нысандағы қатаң есептілік бланкілерін есепке алу кітабында жүргізіледі.»;
481-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:
«481. Қаржылық есептілік жататын есептік кезеңнің соңғы күні есепті күн деп саналады.
Есептік күн мен қаржылық есептілікті ұсыну күні арасында болып жатқан есептік кезеңнен кейінгі оқиғалар екі түрге бөлінеді:
1) есепті күні қолданылған шарттарды растайтын оқиғалар жататын есепті күннен кейінгі түзетілетін оқиғалар;
2) есепті күннен кейінгі пайда болған шарттар туралы куәландыратын оқиғалар жататын есепті күннен кейінгі түзетілмейтін оқиғалар.
Есепті күннен кейінгі,қаржылық есептілікке елеулі ықпал ететін түзетілмейтін оқиғалар тиісті ақпаратты қаржылық есептілікке түсіндірме жазбада көрсете отырып, ашып көрсету жолымен көрсетіледі.
Қаржылық есептілікке түсіндірме жазбада ашып көрсетілетін ақпарат есепті күннен кейінгі әрбір елеулі оқиғалардың қысқа, бірақ толық сипаттамасын және олардың салдарын құндық мәніндегі бағалауды қамтиды.
Түзетілетін оқиғаларды көрсету үшін қаржылық есептілікте танылған сомалар түзетуге жатады.»;
486-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:
«486. Активтің құнсыздануы амортизация арқылы болашақтағы экономикалық пайдалардағы немесе сервистік әлеуеттегі шығындарды жүйелі танудан артық болашақ экономикалық пайдалардағы немесе активтің сервистік әлеуетіндегі шығындар болып табылады.
Активтің өтелетін құнынан оның баланстық құны артық болған кезде актив құнсызданған болып есептеледі.
Активтің өтелетін құны сатуға арналған шығындарды және оны пайдаланудан түскен құндылықтарды шегергеннен кейінгі активтің әділ құнынан ең көп мәні ретінде айқындалады.
Активті пайдаланғаннан түсетін құндылық генерацияланбайтын ақша қаражаты активтің қалдық сервистік әлеуетінің дисконтталған құны ретінде айқындалады. Қалдық сервистік әлеуеттің дисконттық құны мынадай әдістерді пайдалана отырып айқындалады:
1) ауыстырудың амортизацияланған құн әдісі;
2) қалпына келтіру құн әдісі;
3) пайдалы бірліктер әдісі.
Генерацияланатын ақша қаражаты активтерін пайдаланудан түсетін құндылық активті алуы үздіксіз пайдаланудан және оның пайдалы қызметінің мерзімі өткенненнен кейін істен шығуынан күтілетін ақша қаражатының болашақ ағымдарының дисконтталған құны ретінде айқындалады.
Генерацияланатын ақша қаражаты активтерін пайдаланудан түсетін құндылықты бағалау мынадай кезеңдерді:
1) жалғастырылып жатқан активтерді пайдаланумен және оның түпкілікті істен шығуына байланысты болашақ түсімдер мен ақша қаражаты ағымдарын; және
2) осы ақша қаражаты ағымдарына тиісті дисконттау стаквкасын қолдануды қамтиды.
Егер автивтің құнсыздануының қандай да бір белгісі болса, онда осы жеке алынған активтің өтелетін құнын бағалауды жүргізуге жатады. Гере жеке алынған актив үшін өтелетін құнды бағалау мүмкін болмаса, онда мемлекеттік мекеме актив тиесілі генерацияланатын бірліктің өтелетін құнын айқындауы тиіс. Актив тиесілі генерацияланатын бірлік активтің өзін және ақша қаражатының генерацияланатын ағымын, елеулі дәрежеде ақша қаражатының ағымына басқа активтермен немесе олардың топтарына тәуелсіз активтердің ең аз тобын білдіреді.
Жеке активтің өтелетін құны, егер:
1) активтерді пайдалану құндылығы сатуға арналған шығындарды шегергеннен кейін мәні бойынша оның әділ құнына жақын ретінде айқындау мүмкін болмаса (мысалы, жалғастырылып жатқан активті пайдаланудан түсетін болашақ ақша қаражатының ағымдары елеусіз ретінде бағалана алмайды): және
2) басқа активтер генерацияламайтын елеулі дәрежеде ақша ағымдарынан тәуелсіз ақша ағымдарын актив генерацияламайды және ақша ағымдарын жеке генерациялай алмаса, айқындалмайды.
Мұндай жағдайларда пайдалану құндылығы мен өтелетін құн осы активтің генерацияланатын бірлігі үшін ғана айқындалуы мүмкін.»;
493-тармақ алынып тасталсын;
496-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:
«496. Дисконтталған (келтірілген) құн субъектінің әдеттегі операциялары барысында күтілетін болашақ ақша ағымының ағымдағы құнын немесе пайдалы әлеуетін айқындау үшін қолданылады.»;
497-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:
«Осы активтер мен міндеттемелердің өтеу кезіндегі (алдын ала анықтауға болатын) атаулы құны олардың балансқа қабылдау сәтіндегі нақты құнынан ерекше болады. Пайда болатын айырма осы активтер мен міндеттемелердің құнына және тиісінше, өтеу кезіндегі емес, кезең бойы толық өтелгенше кіріске (шығысқа) енгізілуі тиіс. Осы рәсім тиімді пайыздық ставканы пайдалана отырып есептеу қағидатына толық сәйкес келеді.
Пайыздың тиімді ставкасына жоспарланған ақша ағындарын алғаш танылған мөлшерге тең мөлшерге әкелетін дисконттау ставкасы жатқызылады.»;
505-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:
«505. Активтің мүмкін құнсыздануын көрсететін кез келген белгі болған жағдайда мемлекеттік мекеме актив қызметінің өтелетін (генерацияланатын) бағасын жүргізеді.
Активтің сервистік қалдық әлеуетінің немесе генерацияланатын бірліктің дисконтталған құны мынадай әдістерді пайдалана отырып айқындалады:
алмастырудың амортизацияланған құн әдісі
Активті ауыстыру құны - бұл активтің жалпы пайдалы әлеуетін алмастыруға қажетті құн. Бұл құн активтің тұтынылған не таусылған пайдалы әлеуетін көрсету үшін амортизацияланады. Актив бар активті қалпына келтіру (репликациялау) жолымен не оның жалпы пайдалы әлеуетін ауыстыру жолымен ауыстырылуы мүмкін. Ауыстырудың амортизациялық құны қайсысының аздығына байланысты активті қалпына келтіру құнының немесе ауыстыру құнының және осындай құн негізінде есептеліп жинақталған амортизацияның арасындағы айырмашылық түрінде активтің тұтынылған немесе таусылған пайдалы әлеуетін көрсету үшін өлшенеді.
қалпына келтіру құнының әдісі
Қалпына келтіру құнына оны құнсыздандыруға дейінгі деңгейге дейін активтің пайдалы әлеуетін қалпына келтіру құны жатады. Активтің пайдалы әлеуетінің қалдығының дисконтталған құны актив құнсызданғанға дейінгі ағымдағы пайдалы әлеуетінің қалдығының ауыстыру сомасынан қалпына келтірудің бағалау құнын шегеру жолымен анықталады. Активтің құнсыздануы қайсысының кем екеніне байланысты қалпына келтірудің амортизациялық құны немесе ауыстырудың амортизациялық құны ретінде анықталады.
пайдалы бірліктер әдісі
Активтің пайдалы әлеуетінің қалдығының дисконтталған құны актив құнсызданған кезде күтілетін азайған қызметтік бірліктердің санымен келістіру үшін активтің пайдалы әлеуетінің ағымдағы қалдық құнын құнсыздануға дейін азайту жолымен анықталады. Активтің құнсыздануға дейінгі пайдалы әлеуетінінің ауыстыру қалдығының ағымдағы құны қайсысының кем екеніне қарай құнсыздануға дейінгі қалпына келтірудің амортизациялық құны немесе активтің амортизацияланған ауыстыру құны ретінде айқындалады.
Пайдалану құндылығын өлшеу үшін неғұрлым оңтайлы тәсілді таңдау бар деректерге және құнсыздану түріне байланысты:
технологиялық, заңнамалық немесе саяси ортадағы ұзақ мерзімді елеулі өзгерістер нәтижесінде анықталған құнсыздану қажет болған жағдайда ауыстырудың амортизацияланған құны ұстанымын немесе қызметтік бірліктер ұстанымын қолдана отырып өлшенеді;
пайдалану дәрежесі мен тәсілінде ұзақ мерзімді елеулі өзгерістер нәтижесі ретінде анықталған, оның ішінде сұраныстың тоқтатылуы немесе толықтай дерлік тоқтатылуы нәтижесінде анықталған құнсыздану қажет болған жағдайда ауыстырудың амортизацияланған құны ұстанымын немесе қызметтік бірліктер ұстанымын қолдана отырып өлшенеді;
іс жүзінде зақымдану нәтижесі ретінде анықталған құнсыздану қажет болған жағдайда қалпына келтіру құнының ұстанымын немесе ауыстырудың амортизацияланған құнының ұстанымын қолдана отырып өлшенеді.».
2. Қазақстан Республикасы Қаржы министрлігінің Бухгалтерлік есеп, аудиторлық қызмет әдіснамасы департаменті (А.О.Төлеуов) осы бұйрықтың Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркелуін және заңнамада белгіленген тәртіппен ресми жариялануын қамтамасыз етсін.
3. Осы бұйрық 2013 жылғы 1 қаңтардан бастап қолданысқа енгізіледі.
Министр Б. Жәмішев