Қазақстан Республикасының аумағында жылжымайтын мүлік объектілерін адрестеу қағидаларын бекіту туралы

Қазақстан Республикасы Құрылыс және тұрғын үй-коммуналдық шаруашылық істері агенттігі төрағасының 2012 жылғы 27 маусымдағы № 278 және Қазақстан Республикасы Көлік және коммуникация министрінің 2012 жылғы 26 маусымдағы № 378 Бірлескен бұйрығы. Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінде 2012 жылы 13 тамызда № 7845 тіркелді. Күші жойылды - Қазақстан Республикасы Ұлттық экономика министрінің 2015 жылғы 22 желтоқсандағы № 783 және Қазақстан Республикасы Инвестициялар және даму министрінің 2015 жылғы 28 желтоқсандағы № 1262 бірлескен бұйрығымен

      Ескерту. Күші жойылды - ҚР Ұлттық экономика министрінің 22.12.2015 № 783 және ҚР Инвестициялар және даму министрінің 28.12.2015 № 1262 (бірінші ресми жарияланған күнінен кейін он күнтізбелік күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) бірлескен бұйрығымен.

      «Қазақстан Республикасы Құрылыс және тұрғын үй-коммуналдық шаруашылық icтерi агенттігінің мәселелері» Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2009 жылғы 15 шілдедегі № 1071 қаулысымен бекітілген Қазақстан Республикасы Құрылыс және тұрғын үй-коммуналдық шаруашылық істері агенттігі туралы ережесінің 14-тармағы 43-1) тармақшасына сәйкес БҰЙЫРАМЫЗ:
      1. Қоса беріліп отырған Қазақстан Республикасының аумағында жылжымайтын мүлік объектілерін адрестеу қағидалары бекітілсін.
      2. Қазақстан Республикасы Құрылыс және тұрғын үй-коммуналдық шаруашылық icтерi агенттігінің Сәулет, жобалық жұмыстар және сметалық нормалар департаменті (Д.А. Турушова) және Заң басқармасы (Қ.А. Құлмағамбетов) заңнамада белгіленген тәртіпте осы бұйрықтың Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркелуін қамтамасыз етсін.
      3. Осы бұйрықтың орындалуын бақылау Қазақстан Республикасы Құрылыс және тұрғын үй-коммуналдық шаруашылық icтерi агенттігі төрағасының орынбасары Ж. Әкімжановқа жүктелсін.
      4. Осы бұйрық Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркелген күнінен бастап он күнтiзбелiк күн өткен соң қолданысқа енгiзiледi.

      Қазақстан Республикасы                Қазақстан Республикасы
       Құрылыс және тұрғын                  Көлік және коммуникация
үй-коммуналдық шаруашылық icтерi                   министрі
      агенттігінің төрағасы
     ________________С. Нокин               ___________ А. Жұмағалиев
      27 маусым 2012 жылы                    26 маусым 2012 жылы

    «КЕЛІСІЛГЕН»                                   «КЕЛІСІЛГЕН»
Қазақстан Республикасы                         Қазақстан Республикасы
Жер ресурстарын басқару                            Әділет министрі
агенттігінің төрағасы
_______________ Қ. Отаров                     _____________ Б. Имашев
   2 шілде 2012 жылы                             5 шілде 2012 жылы

     «КЕЛІСІЛГЕН»
 Қазақстан Республикасы
Мәдениет және ақпарат министрі
  _______________ Д. Мыңбай
    9 шілде 2012 жылы

Қазақстан Республикасы       
Құрылыс және тұрғын үй-коммуналдық 
шаруашылық істері агенттігі төрағасының
2012 жылғы 27 маусымдағы № 278 және
Қазақстан Республикасы      
Көлік және коммуникация министрінің
2012 жылғы 26 маусымдағы    
№ 378 бірлескен бұйрығымен бекітілген

      Қазақстан Республикасының аумағында жылжымайтын мүлік
объектілерін адрестеу қағидалары

1. Жалпы ережелер

      1. Осы Қазақстан Республикасының аумағында жылжымайтын мүлік объектілерін адрестеу қағидалары (бұдан әрі – Қағидалар) Қазақстан Республикасының «Қазақстан Республикасындағы жергiлiктi мемлекеттiк басқару және өзiн-өзi басқару туралы» 2001 жылғы 23 қаңтардағы, «Ақпараттандыру туралы» 2007 жылғы 11 қаңтардағы, «Қазақстан Республикасындағы сәулет, қала құрылысы және құрылыс қызметі туралы» 2001 жылғы 16 шілдедегі, «Жылжымайтын мүлікке құқықтарды мемлекеттік тіркеу туралы» 2007 жылғы 26 шілдедегі, «Тұрғын үй қатынастары туралы» 1997 жылғы 16 сәуірдегі, «Қазақстан Республикасының әкiмшiлiк-аумақтық құрылысы туралы» 1993 жылғы 8 желтоқсандағы, «Қазақстан Республикасындағы тіл туралы» 1997 жылғы 11 шілдедегі Заңдарына сәйкес әзірленген және Қазақстан Республикасы аумағындағы жылжымайтын мүлік объектілеріне мекенжай берудің бірыңғай тәртібін белгілейді.
      2. Осы Қағидаларда мынадай негізгі терминдер пайдаланылады:
      1) алаң – тұйық шекаралы қала құрылысының атаулы элементі;
      2) аллея – жағалай ағаш, бұталар және шырмауық өсімдіктер отырғызылған жаяу жүретін көше немесе жол;
      3) атау – елді мекендердегі елді мекеннің құрам бөлігіне берілетін, оларды белгілеу мен тануға қызмет ететін жалқы есімдер;
      4) алдын-ала берілген бастапқы мекенжай (жобалық нөмір) – объектіні пайдалануға бергенге дейін жобалау алдындағы құжаттаманы ресімдеу кезеңінде берілетін жылжымайтын мүлік объектілерінің мекенжайы;
      5) әкімшілік-аумақтық бірлік – осы Ережелерге 1-қосымшасына сәйкес әкімшілік-аумақтық бірлік типтері атауларының тізіміне сәйкес Қазақстан Республикасының әкімшілік-аумақтық құрылым жүйесінің құрамдас бөлігі;
      6) бастапқы жылжымайтын мүлік объектілері – ғимараттар мен құрылыстар, сондай-ақ, қала құрылысы регламентінің айрықша реттеу объектілері;
      7) блок – қызметі тұрғысынан тәуелсіз, басқа элементтермен үйлестіріліп те, жеке де пайдалануға болатын ғимараттың көлемдік-кеңістік элементі;
      8) бульвар – қарсы көліктік ағындары отырғызылған ормандармен және жаяу жүру жолдарымен бөлінген жергілікті маңызы бар көше немесе жол;
      9) гараж – автомобиль көлігін тұрақты немесе уақытша сақтауға арналған құрылыс;
      10) ғимарат – адамдардың тұруына немесе iшiнде болуына, өндiрiстiк процестердi орындауға, сондай-ақ материалдық құндылықтарды орналастыруға және сақтауға пайдаланылатын функционалдық мақсатына қарай, мiндеттi түрде жер бетiне салынып, тұйық көлемдi құрайтын, тiреу және қоршау конструкцияларынан тұратын жасанды құрылғы. Ғимараттың жер асты бөлiгi болуы мүмкiн;
      11) даңғыл – жалпы қалалық маңызы бар жол немесе көше;
      12) елді мекен – халқының саны 50 адамнан кем емес республика аумағының ықшам қоныстанған бөлігі;
      13) елді-мекендердің құрам бөліктері – осы Ережелерге 2-қосымшасына сәйкес елді-мекендер құрам бөліктері типтері атаулырының Тізімінде көрсетілген көше, даңғыл, орам, бульвар, шағын аудан және елді мекеннің басқа да құрам бөліктері;
      14) жол – көлік құралдарының қозғалысына арналған мемлекеттік есепке алынатын және инженерлік құрылыстар кешені болып табылатын жалпыға ортақ пайдаланылатын автомобиль жолы, шаруашылық автомобиль жолы, елді мекен көшесі. Жолға бір немесе бірнеше жүру бөлігі, сондай-ақ, трамвай жолы, жаяусоқпақтар, жолдың жиегі мен бар болған жағдайда бөлу жолағы кіреді;
      15) жол санаты – көлік құралдары қозғалысының есептік қарқындылығына байланысты автомобиль жолдарының жеке учаскелердегі немесе бүкіл бойындағы жіктеуіші;
      16) жылжымайтын мүлік объектілері (бұдан әрі – жылжымайтын мүлік объектілері) – жерге тығыз байланысты, яғни олардың нысанды  қолданылуына еселеусіз зиян келтірілмей орын ауыстыру мүмкін болмайтын жер учаскелер, ғимараттар, құрылыстар;
      17) жылжымайтын мүлік объектілерінің кешені – бірыңғай жер учаскесінде орналасқан ғимарат, құрылыс, инженерлік желілер жиынтығы;
      18) жапсыра салған объектілер – негізгі тұрғын үй ғимаратымен функционалдық жағынан байланысты болмаған, негізгі ғимараттың төменгі қабаттарына жанасқан жеке орынжайлар (орынжайлар тобы);
      19) жапсарластыра салынған орынжай – тұрғын үй ғимараты көлемінде жеке кіретін жері ұйымдастырылған қоғамдық мақсаттағы орынжай;
      20) жапсарластыра-жанастыра салынған орынжай – негізгі ғимаратқа жанастыра салынған және оның бөлігіне жапсарластыра салынған үй-жай;
      21) жылжымайтын мүлік объектілерінің мекенжайын анықтау – жеке нөмір бере отырып Қазақстан Республикасының әкімшілік-аумақтық бөлінісіне сәйкес жылжымайтын мүлік объектісін анықтау және елді-мекен мен елді мекеннің құрам бөлігіне жатқызу;
      22) көше – екі жолақты көлік жүретін бөлікті, жолдың шет жақтары, кювет пен қорғаушы бермаларды қосқандағы көлік және жаяу жүргіншілер қозғалысына арналған аумақ;
      23) корпус – бір жер учаскесінде орналасқан және функционалдық мақсаттылығы бойынша біріктірілген ғимараттар пен құрылыстар кешені болып табылатын біртұтас кешенге кіретін ғимарат пен құрылыс;
      24) қайталама жылжымайтын мүлік объектісі – бастапқы объектінің бөлігі болып табылатын тұрғын және тұрғын емес үй-жайлар;
      25) қала құрылысы элементінің санаты – объектінің функционалдық қала құрылысы мақсатты мен ерекшелігін сипаттайтын қала құрылысы элементі атауының ажырамас бөлігі;
      26) құрылым – табиғи немесе жасанды кеңiстiк шекаралары бар және өндiрiстiк процестердi орындауға, материалдық құндылықтарды орналастыруға және сақтауға немесе адамдарды, жүктердi уақытша орналастыруға (орын ауыстыруға), сондай-ақ жабдықтарды немесе коммуникацияларды орналастыруға (төсеуге, жүргiзуге) арналған жасанды жасалған ауқымды, тегiстiктi немесе желiлiк объект (жер үстi, су бетi және (немесе) жер асты, су асты);
      27) мекенжай – жылжымайтын мүлік объектісінің орналасқан жерін сипаттау, ол мынадай элементтерді қамтиды: облыс, республикалық маңызы бар қала, аудан, округ, елді мекен, елді мекеннің құрам бөлігі, бастапқы жылжымайтын мүлік объектісі, қайталама жылжымайтын мүлік объектісі (бар болған жағдайда);
      28) мемлекеттік қала құрылысы кадастрының автоматтандырылған ақпараттық жүйесі (МҚК ААЖ) – қала құрылысы регламенттерiн, пайдалану режимiнiң әлеуметтiк-құқықтық белгiлерi, инженерлiк-техникалық қамтамасыз ету деңгейi, онда орналасқан объектiлердiң параметрлерi мен жай-күйi, сондай-ақ табиғи-климаттық жағдайлары мен экологиялық жай-күйi бойынша қала құрылысы, сәулет және құрылыс қызметi аумағын сипаттайтын картографиялық, статистикалық және мәтiндiк ақпаратты қамтитын сандық және сапалық көрсеткiштердің мемлекеттiк жүйесi;
      29) МҚК ААЖ кезекші мекенжай жоспары – елді мекен, әкімшілік аудандар, шағын аудандар, кварталдар, көшелер, ғимарат, құрылыстар (көліктік және инженерлік инфрақұрылымды қоса алғанда) аумағының нақты шекаралары белгіленген координаталар жүйесінде орындалған елді мекеннің геоақпараттық цифрлық картасы, сондай-ақ жер учаскелері мен жылжымайтын мүлік объектілерін, азаматтық немесе басқа да құқықтағы жеке дербес объектілер ретінде бастапқы объектілердің кеңістіктік бөлігін сәйкестендіруші ақпараттық деректер;
      30) «Мекенжай тіркелімі» ақпараттық жүйесі – Қазақстан Республикасының мекенжай өрiсiн біріздендіру және мекенжайлары туралы деректерді қалыптастыруға, жинақтауға және өңдеуге арналған аппараттық-бағдарламалық кешен;
      31) мекенжайдың тіркеу коды (МТК) – «Мекенжай тіркелімі» ақпараттық жүйемен бірігетін жылжымайтын мүлік объектілері мекенжайының бірегей коды;
      32) мансардтық қабат – шатырлы кеңістіктегі, қасбеті көлбеу және тік құлама немесе қисық сызықты төбенің бетінде (беттерінде) толық және ішінара салынған қабат;
      33) нақты жоспарлау жобасы (НЖЖ) – қаланың немесе селолық елді мекеннің жекелеген бөліктері және үшін, ал қажет болған жағдайда – тұрғындарының саны 50 мың адамға дейін жететін шағын қалалардың немесе селолық елді мекеннің бүкіл аумағы үшін әзірленетін қала құрылысы құжаттамасы. Бұл ретте НЖЖ бас жоспармен қосарланады. НЖЖ елді мекеннен тыс жерде орналасқан аумақта да әзірлене алады;
      34) орам – құрылыстың көшелермен бөлінбеген құрылымдық элементі;
      35) ономастикалық комиссия – Қазақстан Республикасының тарихи-мәдени мұрасының құрам бөлігі ретіндегі географиялық объектілерді атау және қайта атау, топонимикалық атауларды қолдану мен есепке алуды тәртіпке келтіру, тарихи атауларды сақтап қалу, қайта жаңғыртуға бірыңғай көзқарасты қалыптастыру жөніндегі ұсыныстарды әзірлейтін консультативтік-кеңесші орган;
      36) объектінің реттік нөмірі – бас әріптің қосылуы мүмкін немесе қосымша бүтін цифрлардың (екі таңбадан көп емес) бөлшегі арқылы бірізді цифрлардан тұратын объект мекенжайының деректемесі. Бұл орайда нөмірде есімдіктер (мысалы «Я» әрпі), алфавиттегі қазақ әріптері (Ә, І, Ғ, Қ, Ң, Ө, Ү, Ұ, Һ), айтылуы қиын әріптер (дыбыссыз) және цифрға ұқсас әріптер (О, Ж, З, И, Х, Ц, Ч, Ш, Щ, Ь, Ы, Ъ) алып тасталады;
      37) орынжай – басқа іргелес үй-жайлардан ойықтары жоқ қабырғалармен немесе бітеу арақабырғалармен бөлінетін және көшеге, аулаға, ортақ пайдаланудағы дәлізге немесе баспалдақ алаңдарына жеке шығатын есігі бар құрылыстың ішкі оқшауланған бөлігі;
      38) тиісті деңгейдегі қала құрылысы кадастры қызметін қоса алғандағы сәулет және қала құрылысы органы – жергілікті бюджеттен қаржыландырылатын, сәулет, қала құрылысы және құрылыс қызметін реттеуді іске асыруға уәкілетті жергілікті атқарушы органның құрылымдық бөлімшесі;
      39) тұрғын орынжай (пәтер, бөлме) – тұрғын үйдің тұрғын ауданы сияқты, тұрғын емес ауданын да қамтитын, тұрақты тұруға арналған және соған пайдаланылатын жеке үй-жай;
      40) тұйық көше, өтпе жол – ғимараттарға, мекемелерге, кәсіпорындарға және қалалық немесе кенттік құрылыстың басқа объектілеріне, елді мекендерге көлiк құралдарының кiруін қамтамасыз ететiн аумақ;
      41) трасса, шоссе – қалааралық көлік байланысын қамтамасыз ететін жол немесе көше;
      42) тұйық көше – тұрғын үй және қоғамдық ғимараттарға, мекемелерге, кәсіпорындарға және көше арасындағы тура көліктік байланысты тудырмайтын аудан, шағын аудан, квартал ішіндегі басқа да қалалық немесе селолық құрылыс объектілеріне көлік құралдарының кіруін қамтамасыз ететін негізгі немесе қосалқы өтпе жол;
      43) тұрақты мекенжай – белгіленген заңнама тәртібінде және осы қағидаларға сәйкес Қазақстан Республикасы аумағындағы жылжымайтын мүлік объектілеріне тұрақты мекенжай беру;
      44) уақытша құрылыстар – орнату мерзімі мақсаттылығына, конструкциялық шешімдерге, орналасқан жері және басқа да белгілерге байланысты уақытша шектелген павильондар, дүңгіршектер, қалқа және басқа да осындай құрылыстар;
      45) уәкiлеттi орган – сәулет, қала құрылысы және құрылыс, тұрғын үй қатынастары мен коммуналдық шаруашылық және коммуналдық қалдықтармен жұмыс істеу, сондай-ақ елді мекендердің шекарасы (шектері) шегінде сумен жабдықтау және су бұру, электрмен жабдықтау (0,4 кВ электр желісі объектілері), жылумен жабдықтау (ЖЭО мен белгіленген қуаты 100 Гкал/сағат және одан жоғары қазандықтардан басқа) және газбен жабдықтау саласындағы басшылықты жүзеге асыратын орталық атқарушы орган;
      46) ішкі орынжай – ғимараттың (құрылыстың) қасбетін қайта жаңартпай және жеке кіреберіс ұйымдастырмай ғимараттың (құрылыстың) көлемінде ұйымдастырылған үй-жай;
      47) цоколдық қабат – үй-жайлар биiктiгінің жартысынан аспайтын биiктiкке жердiң жоспарлы белгiсiнен төмен үй-жай еденің белгiсіндегі қабат;
      48) шағын аудан – құрылыстың қала құрушы құрылымдық-жоспарлық элементі.
      3. Қазақстан Республикасы аумағындағы объектілердің мекенжайын анықтау жылжымайтын мүлік объектілерінің мекенжайын қалыптастыру мақсатында жүргізіледі.
      4. Объект мекенжайы мемлекеттік және орыс тілдерінде мазмұндалады.
      5. Объект мекенжайы:
      облыстың, ауданның, қаланың, қаладағы ауданның, ауылдық (селолық, кенттік) округтің, кенттің, ауылдың (селоның) атауларынан тұрады;
      елді мекеннің құрам бөлігінің атауы;
      бастапқы объектінің нөмірі;
      қайталама объектінің нөмірі.
      Жылжымайтын мүлік объектілерінің типіне байланысты (3-қосымша) мекенжай құрылымы қосымша элементтермен (корпуспен, блокпен, қатармен, жүру жолымен, сызықпен) толықтырылады.
      Жылжымайтын мүлік объектісінің типіне байланысты мекенжайдың құрылымы (корпус, блок, ряд, проезд, линия) қосымша элементтерімен толықтырылады.
      6. Мекенжайдың деректемелері (жалпыдан жекеге) дедуктивтік әдiспен жазу қатаң анықталған тiзбектерде көрсетiледi.

2. Қазақстан Республикасы аумағында жылжымайтын мүлік
объектілерінің мекенжайларын анықтау тәртібі

      7. Сәулет және қала құрылысы органы:
      1) Осы Қағидалардың 8-тармағында көрсетілген жылжымайтын мүлік объектілеріне реттік нөмір жеке бұйрықпен береді;
      2) елді мекендердің құрам бөлігінің тізбесін қалыптастырып, елді мекендердің құрам бөліктерін атау, қайта атау, жою бойынша әрі қарай жұмыс жүргізу үшін тілдерді дамыту жөніндегі органға жолдайды:
      атауы жоқтарды;
      атаулары сәйкесетіндерді;
      орналасқан жылжымайтын мүлік объектілерін бұзуға байланысты қызметі тоқтатылғандарды;
      елді мекендердің құрам бөліктерінің жеке бұйрықпен бекітілген жобалық нөмірлері;
      3) қате мекенжай деректерін реттеу мен жою немесе жоқ болуын анықтау мақсатында елді мекен аумағындағы МҚҚ ААЖ кезекшілік мекенжай жоспарына объектілерге түгендеу деректерін енгізе отыра объектілерге (аулаларды, үйлерді аралап шығу) түгендеу жүргізеді;
      4) бұзылған ғимараттың мекенжайын жойып, сондай-ақ оған жаңа мекенжай беріп, осы учаскелерде қайта салынған ғимараттардың есебін жүргізеді;
      5) атау беру кезінде пайдаланылатын жол мен көше санатын қоса, атауға немесе қайта атауға жататын қала құрылысы элементтерінің санатын анықтайды;
      6) елді мекен аумағында жылжымайтын мүлік объектілерінің сәйкестігін жүзеге асырады;
      7) жылжымайтын мүлік объектілерінің мекенжайы туралы ақпаратты МҚК ААЖ кезекші мекенжай жоспарынан «Мекенжай тіркелімі» ақпараттық жүйесіне тіркеп, енгізіледі;
      8) «Мекенжай тіркелімі» ақпараттық жүйеден МТК кодын көрсете отырып, жылжымайтын мүлік объектілерінің мекенжайы туралы анықтаманы беруді жүзеге асырады;
      9) бастапқы және қайталама жылжымайтын мүлік объектілерінің реттік нөмірін беру, өзгерту, жою туралы бұйрықтың көшірмесін, жеті жұмыс күні ішінде әділет органдарына, сондай-ақ барлық мүдделі органдарға ұсынады;
      10) бастапқы және қайталама жылжымайтын мүлік объектілерінің мекенжайын уақтылы беру, өзгерту және жою, сондай-ақ осы Қағидалардың барлық нормаларын сақтауды қамтиды;
      11) бастапқы және қайталама объектілерге алдын ала мекенжай (жобалық нөмір) береді.
      8. Тұрақты мекенжай беруге жататындар:
      барлық бұрыннан бар, сондай-ақ жаңадан салынған пайдалануға берілген және құқық беретін құжаттары бар, ғимараттар, құрылыстар, бірақ бағбандық (дача) объектілеріне мекенжай беру пайдалануға берусіз идентификациялық құжат негізінде жүзеге асырылады;
      жаңа құрылыс немесе қайта қалпына келтіру нәтижесінде пайда болған гараждар, ғимаратқа қосып, жалғастыра, жапсарластыра-жанастыра салынған үй-жайлар, тұрғын үй-жайлар, мансардтық қабаттар, жертөлелік үй-жайлар, техникалық үй-жайлар, шатыр асты үй-жайлары;
      сәулет, қала құрылысы және құрылыс қызметі туралы заңнамаға сәйкес бірнеше дербес бөліктерге бөлу нәтижесінде пайда болған объектілер;
      ғимарат пен құрылыстарды салу және пайдалану үшін ұсынған меншік құқығы әділет органдарында тіркелген  жер учаскелері.
      9. Алдын ала бастапқы мекенжай беруге жататындар:
      жылжымайтын мүлік объектілерін салу үшін ұсынылған жер учаскелері;
      жобалау алдындағы құжаттамаларды әзірлеу кезеңіндегі құрылысы аяқталмаған объектілер;
      пайдалануға беруге жоспарланған бастапқы объектілер;
      пайдалануға беруге жоспарланған бастапқы объектілер құрамындағы қайталама объектілер;
      жылжымайтын мүлік объектілерінің бастапқы мекенжайы туралы ақпарат «Мекенжай» АЖ тіркеуге жатқызылады.
      10. Мыналар мекенжай беруге  жатпайды:
      өз бетімен тұрғызылған объектілер;
      азаматтардың жеке тұрғын үй құрылысына бөлінген аумақта орналасқан уақытша тағайындалған объектілер, шаруашылық құрылыстар, гараждар, елді мекендердің инженерлік инфрақұрылым объектілері, жеке тұрған жарнамалық құрылымдар, жылу өткізгіштер, су өткізгіштер, электр сымдары, кәріз желісі, тазартқыш құрылыстар, мұнай айдайтын құрылыстар.
      11. Мекенжай құрушы негізгі белгілер мыналар болып табылады:
      әкімшілік-аумақтық бекіту, ол әкімшілік-аумақтық бірліктің атауын қамтиды;
      қала құрылысына бекіту, ол мыналарды қамтиды:
      елді мекеннің құрам бөлігінің атауы;
      жылжымайтын мүлік объектісінің номері;
      мекенжайдың тіркеу коды.
      12. Мекенжайды жазуда елді мекен құрам бөлігінің атауы толығымен айтылады.
      13. Әкімшілік-аумақтық бірліктерге кодтар беру Қазақстан Республикасының Индустрия және жаңа технологиялар министрлігінің Техникалық реттеу және метрология комитетінің 2009 жылғы 2 ақпандағы № 56-од бұйрығымен бекітілген «Әкімшілік-аумақтық объектілер жіктеуіші» Қазақстан Республикасының мемлекеттік жіктеуішіне сәйкес жүргізіледі.
      14. Елді мекендердің құрам бөліктеріне атау беру келесі кезеңдермен жүзеге асырылады:
      1) сәулет органы атауы берілмеген, ұқсас атаулары бар елді мекендердегі елді мекеннің құрам бөлігінің тізімін елді мекендердің құрам бөліктеріне атау беру (қайта атау) жұмыстарын әрі қарай жүргізу үшін ономастикалық комиссияға жібереді;
      2) ономастикалық комиссия елді мекендердің құрам бөліктеріне атау беру (қайта атау) мәселелерін талқылау үшін ономастикалық комиссия отырысын ұйымдастыру бойынша шараларды жүргізеді;
      3) қалалық және аудандық атқарушы органдары елді мекендердің құрам бөліктеріне атаулар беру (қайта атау) туралы шешім шығарады және қалалық және аудандық өкілетті органдарға бекіту үшін жолдайды;
      4) қалалық және аудандық өкілетті органдар атқарушы органдардың ұсынысы негізінде елді мекендердің құрам бөліктеріне атаулар беру (қайта атау) туралы шешім шығарады;
      5) елді мекендердің құрам бөліктеріне атаулар беру (қайта атау) туралы әкімдік пен мәслихаттың біріккен шешімдері мүдделі мемлекеттік органдар мен басқа ұйымдарға жеткізіледі;
      6) 1993 жылғы 8 желтоқсанындығы «Қазақстан Республикасының әкімшілік-аумақтық құрылысы туралы» Қазақстан Республикасының Заңының 14-бабына сәйкес кент, ауыл (село), ауылдық (селолық) округ әкімі тиісті аумақ халқының пікірін ескере отырып, елді мекендердегі елді мекеннің құрам бөлігін атау мен оларды қайта өзгерту мәселелерін шешеді.
      15. Елді мекендегі елді мекеннің құрам бөлігінің ресми тізімі электронды және қағаз түрінде атаулары мемлекеттік және орыс тілдерінде, атаулар транскрипциясы мен құжат-негіздеме көрсетіле отырып жүргізіледі.
      16. Елді мекендегі бір елді мекеннің құрам бөлігіне бірнеше атау беруге және бір санаттағы елді мекеннің бірнеше елді мекеннің құрам бөліктеріне бір атау беруге рұқсат етілмейді.
      Даңғыл (көше, орам, өтпе жол) айналымы отыз градустан артық болған жағдайда, айналым орнынан бөлек атау беруге рұқсат етіледі.
      17. Елді мекеннің құрам бөліктері табиғи бөгеттермен (өзендер, аңғарлар) бөлінген жағдайда пайда болған учаскелерге жеке атау беруге рұқсат етіледі.
      18. Елді мекен шегінде елді мекеннің құрам бөліктері біріктірілген жағдайда осы елді мекендердің құрам бөліктерінің бірінің атауы беріледі.
      19. Жылжымайтын мүлік объектілерін салу үшін ұсынылған жер учаскелеріне бастапқы мекенжайлар беріледі және олар мынадай деректемелерді қамтиды: әкімшілік-аумақтық бірліктің атауы, елді мекеннің құрам бөлігінің атауы, жер учаскесінің реттік және жобалық нөмірі.
      20. Елді мекеннің құрам бөлігінің атауы болмаған жағдайда сәулет және қала құрылысы органы бұйрықпен елді мекеннің құрам бөлігіне ресми атау берілгенге дейін уақытша жобалық нөмір береді.
      21. Бастапқы мекенжайының атауы болмаған жағдайда сәулет және қала құрылысы органы оның тұрақты мекенжайын бергенге дейін жазбаша түрде уақытша жобалық нөмір берілуі туралы ескертпе жолдайды.
      22. Бір объектіге бірнеше мекенжай, соның ішінде елді мекеннің бірнеше бөлігіне қатысты бұрыштық мекенжай беруге рұқсат берілмейді.
      23. Объект тиісті шағын ауданның белгіленген шекараларында орналасқан жағдайда шағын аудан атауы объект мекенжайына қосылады.
      24. Соған қатысты объект нөмірленетін елді мекеннің құрам бөлігінің атауы елді мекен көшелері атауларының тізбесіне сәйкес белгіленеді.
      25. Берілген аумақта орналасқан ғимараттарды, құрылыстарды нөмірлеу, құрылыс салынған жер учаскесінде анықталған негізгі ғимаратқа қатысты жүзеге асырылады.
      26. Бір жер учаскесінде бірыңғай сәулет үйлесімін құрушы немесе бір сәулет-құрылыс кешенінің бөлігі болып табылатын екі немесе одан да көп объект тұрғызылған жағдайда бұл объектілердің реттік нөмірі негізгі ғимараттың нөмірінен корпустың қосымша нөмірінен тұрады. «Корпус» белгісі олар орналасқан жер учаскесі аумағының қызметтік қолданысын ескере отырып, ғимараттың қызметтік мақсатына және жақын тұрған ғимараттардың қалыптасқан нөмірленуіне байланысты қажеттілік бойынша анықталады.
      Мұнда ғимараттың нөмірленуі негізгі ғимарат орналасуын ескере отырып, жер учаскесі аумағына басты кіру жолынан бастап жүргізіледі.
      27. Егер объект квартал ішінде орналасқан және объектінің еш бір қасбеті көшелерге шықпаған болса, объектінің реттік нөміріне бөлшек белгісі арқылы қосымша бүтін сандар қосылады. Бұл жағдайда негізгі реттік нөмір болып объект нөмірленуіне тиісті біршама жақын объектінің реттік нөмір жатады.
      28. Бөлшек белгісі арқылы жазылған цифр негізгі реттік нөмірі бар объектіден жойылу мөлшеріне сәйкес өседі. Бөлшек белгісі арқылы қосымша бүтін цифрлар немесе бас әріптер қосуға немесе бөлшек белгісі бар объектінің реттік нөміріне сызықша қосуға рұқсат етілмейді.
      29. Объектінің реттік нөмірі сәулет және қала құрылысы органдарының бұйрығымен объектілерді пайдалануға беру және/немесе қате мекенжайлық деректерді реттеу және жою мақсатында елді мекен аумағындағы объектілерге кешенді түгендеу жүргізу барысында беріледі.
      30. Жергілікті атқарушы орган жанындағы Жер қатынастары бойынша уәкілетті орган жер учаскелерін бөліп беруде жер учаскесіне бастапқы мекенжай алу үшін сәулет және қала құрылысы органына өтініш білдіреді. Жер учаскесін беру туралы шешімде объектінің бастапқы мекенжайы және мекенжай тіркеу коды көрсетіледі.
      31. Елді мекеннің бір бөлігіндегі объектілердің нөмірленуі оннан артық бірлікке тоқтатылған (жоғалған) жағдайда, сәулет және қала құрылысы органы қайта нөмірлеуді талап ететін объектілердің нөмірленуіне өзгерістер енгізуге бастама жасайды.
      32. Оңтүстіктен солтүстікке (батыстан шығысқа) қарай құрылыстың үздіксіз бағытын түзеген ғимараттарға (құрылыстарға) реттік нөмір беру тиісінше оңтүстіктен солтүстікке (батыстан шығысқа) қарай елді мекеннің құрам бөлігінің сол жағы бойынша тақ нөмірлермен және оң жағы бойынша жұп нөмірлермен жүргізіледі.
      33. Жылжымайтын мүлік объектілерінің атауын жою түгендеу (әрбір ауланы және әрбір үйді тексеру) арқылы жылжымайтын мүлік объектісінің жоқ екені анықталған кезде, сондай-ақ елді мекеннің құрам бөлігіне бекітілген жылжымайтын мүлік объектілерінің реттік нөмірін нақтылаған кезде сәулет және қала құрылысы органының жеке бұйрығымен жүзеге асырылады.
      34. Әртүрлі санаттағы елді мекеннің құрам бөліктерінің қиылысында орналасқан ғимараттарға магистральдық көшелердің жіктегішіне сәйкес жоғары санатты елді мекеннің құрам бөліктері бойынша реттік нөмір беріледі.
      35. Тең санаттағы елді мекеннің құрам бөлігінің қиылысында орналасқан ғимараттарға ғимараттың қасбеті шығатын елді мекеннің құрам бөлігі бойынша реттік нөмір беріледі. Егер бұрышқа бір ғимараттың екі бірдей қасбеті шығып тұрса, реттік нөмір елді мекеннің орталығы бағытына қарай жүретін елді мекеннің құрам бөлігі бойынша беріледі. Егер ғимараттың басты қасбеті аула ішінде орналасқан болса, ғимарат созылып жатқан бойдағы елді мекеннің құрам бөлігі бойынша реттік нөмір беріледі.
      36. Алаң периметрін түзуші ғимараттарға реттік нөмір беру елді мекеннің орталық жағындағы басты жолдан бастап сағат тілі бағыты бойынша жүргізіледі. Егер бұрыштық ғимаратта басты қасбеті бар және жалғасушы елді мекеннің құрам бөлігі бойында едәуір созылып жатса, оның нөмірленуі елді мекеннің құрам бөлігі бойынша жүргізіледі.
      37. Осы Қағидалардың 32-тармағын орындау мүмкін болмаған, елді мекен аумағында жаңа құрылыс табиғи жолмен қалыптасқан жағдайда, сол аумақтағы реттік нөмірлерді кері тәртіппен, яғни елді мекеннің құрам бөлігінің оң жағы бойынша тақ нөмірлермен және сол жағы бойынша жұп нөмірлермен солтүстіктен оңтүстікке немесе шығыстан батысқа қарай беруге болады.
      38. Елді мекендердің құрам бөліктерін біріктірген немесе бөлген жағдайда, осы Қағидалардың 31323334 және 35-тармақтарына сәйкес көрсетілген елді мекендердің құрам бөліктерінде орналасқан ғимараттар мен құрылыстарды қайта нөмірлеу талап етіледі.
      39. Жеке меншік, жерді пайдалану (жалға), немесе басқа мүліктік құқықтағы жеке немесе заңды тұлғаға тиісті жер учаскесіне бір немесе бірнеше жылжымайтын мүлік объектісін қосымша тұрғызған жағдайда, әрбір объектіге сол реттік нөмір беріледі, бірақ корпус немесе құрылыстың (шаруашылық-тұрмыстық қажеттілікке арналған жеке меншік үй жанындағы жер учаскесінде орналасқан құрылыстан басқасы) қосымша нөмірі қосылады.
      40. Мекенжай бір объектінің әртүрлі бөліктері үшін ортақ болып табылады.
      41. Бірізді нөмірленген нөмірлері бар екі ғимараттың, құрылыстың аралығында орналасқан ғимараттарды нөмірлеуді (объектілер қоюды), осы Қағидаға сәйкес тиісті объектінің кіші нөміріне бөлшек белгісін қосуды қолдана отырып жүргізу қажет.
      42. Дербес объектілердің (ғимараттар, құрылыстар) белгілері бар жалғастыра салынған, жапсарластыра-жанастыра салынған объектілерге негізгі ғимарат нөміріне әріп қосу арқылы дербес реттік нөмір беріледі (қосымша символдар (бос орын, сызықша, бөлшек және т. б.) қолданусыз).
      43. Мемлекеттік қажеттіліктер үшін жер учаскелерін алуға байланысты қарқынды бұзу жүргізіліп жатқан аумақтарда жобаланушы ғимараттар, құрылыстар үшін реттік нөмірлерді резервке қоюға рұқсат беріледі.
      44. Қайталама объектілердің реттік нөмірі ғимараттың басты қасбетінен сағат тілі бойымен (төменнен жоғары) беріледі. Нөмірлеу 1-ден (бірден) басталып, әрі қарай рет бойынша, ғимараттың басты қасбетінен сол жақтағы (бірінші) кіреберістен басталуы тиіс. Қайталама объектілерге нөмірлеу жүргізу, жылжымайтын мүліктің бастапқы объектісі пайдалануға берілгеннен кейін жасалады.
      45. Қайталама объектілерге санатына байланысты қайталама объект түрі беріледі: пәтер, ішкі үй-жай,  жанастыра салынған үй-жай.
      46. Қайталама объектілерге қайталама объектінің түрі көрсетіле отырып, үй-жайдың реттік нөмірі беріледі.
      47. Жанастыра салынған қайталама объектілерге ол орналасқан негізгі ғимарат нөміріне тіркелген жанастыра салынған үй-жай нөмірі беріледі. Жанастыра салынған қайталама объектілерге негізгі ғимараттан ерекшеленетін дербес реттік нөмір берілмейді.
      48. Қайталама объектілерді біріктірген кезде, біріктірген объектіге үлкен нөмір беріледі, мұнда кіші нөмір резервте қалады. Қайталама объектілерді бөлген кезде, резервтік нөмір болмаған жағдайда, бөлінген объектіге қайталама объектінің бұрынғы нөмірі кіші әріптік жазбаны біріктіре отырып беріледі.
      49. Гараждық және саяжайлық (бау-бақшалық) кооперативтер (қоғамдар) құрамына кіретін гараждар мен саяжайлық (бақшалық) учаскелер орналасуын анықтауды жер қатынастары уәкілетті органы ұсынған деректер бойынша сәулет және қала құрылысы органдары жүзеге асырады.
      50. Гараждың, саяжайдың (бақшалық учаскенің) мекенжайы өзіне қамтиды:
      әкімшілік-аумақтық бірлік атауын;
      гараждық және саяжайлық (бау-бақшалық) кооператив (қоғам) атауын, көшелерге (кварталдар, қатарлар) бөлінген жағдайда, көшенің (кварталдың) атауы, қатардың (бокстың) нөмірі бос орын арқылы көрсетіледі.
      51. Елді мекеннен тыс автомобиль жолының жол бойы жолағында орналасқан жылжымайтын мүлік объектісінің мекенжайы:
      облыс атауын;
      аудан атауын;
      округ атауын;
      оған әкімшілік немесе аумақтық тұрғыда бағынатын жақын маңдағы елді мекеннің атауын;
      автомобиль жолының атауын;
      автомобиль жолының басталуынан километрмен ара қашықтық және құрылыс/ғимарат нөмірін қамтиды.
      52. Шағын қоныстарда (халқының саны 50 адамнан кем) орналасқан жылжымайтын мүлік объектісінің мекенжайы:
      облыс атауын;
      аудан атауын;
      округ атауын;
      оған әкімшілік немесе аумақтық тұрғыда бағынатын жақын маңдағы елді мекеннің атауын;
      шағын қоныс атауын;
      ғимарат/құрылыс атауын қамтиды.
      53. Шағын қоныстарда көшелер бар болса, объектінің мекенжайында көше атауы да көрсетіледі.
      54. Шаруашылық қожалықтары, демалыс аймақтары (базалар), лагерлер, фермалар және басқа шағын қоныстарда орналасқан жылжымайтын мүлік объектісінің мекенжайы:
      облыс атауын;
      аудан атауын;
      округ атауын;
      оған әкімшілік немесе аумақтық тұрғыда бағынатын жақын маңдағы елді мекеннің атауын;
      шағын қоныс (демалыс аймағы (база), лагерь, ферма және т.с.с.) атауын;
      ғимарат/құрылыс нөмірін қамтиды.
      55. Өндірістік ғимараттар мекенжайы:
      республикалық маңызды облыс/қала атауын;
      республикалық маңызды аудан/қала ауданы атауын;
      округ атауын (бар болса);
      елді мекеннің атауын;
      елді мекеннің құрам бөлігінің атауын қамтиды;
      ғимараттар мен құрылыстар нөмірі, блоктарға, корпустарға бөлінген жағдайда қосымша элементтерді көрсете отырып, тиісті нөмір беріледі.
      56. Объектілердің реттік нөмірі туралы ұйымдарда дайындалатын және шығарылатын деректер құжаттарын толтыру кезінде жылжымайтын мүлік объектілерінің реттік нөмірлерін ерікті түрде жазуға рұқсат етілмейді.
      57. Объект мекенжайын жазуда мекенжайдың толық мазмұндалуы талап етіледі.
      58. Мекенжай деректері жылжымайтын мүлік объектілерінің түгендеу деректерін (аулаларды, үйлерді аралап шығу) ескере отырып, елді мекеннің кезекші жоспарында, МҚК ААЖ (электрондық карта) кезекші мекенжай жоспарында қалыптастырылады.
      59. Жылжымайтын мүлік объектілерінің мекенжайлық мәліметтері құжаттар негізінде, ақпараттық ықпалдастық арқылы елді мекеннің кезекші жоспарынан, МҚК ААЖ кезекші мекенжай жоспарынан «Мекенжай тіркелімі» ақпараттық жүйесіне енгізіледі.
      60. Әкімшілік-аумақтық бірліктер мен елді мекендердің құрам бөліктерін, мекенжайларды алуды, өзгертуді, жоюды нақтылайтын ресми құжаттардың сканерленген көшірмелері МҚК ААЖ-дегі елді мекеннің кезекші жоспарына және кейіннен ақпараттық әрекеттесу шеңберінде «Мекенжай тіркелімі» ақпараттық жүйесіне енгізіледі.
      61. Жылжымайтын мүлік объектісінің мекенжайын «Мекенжай тіркелімі» ақпараттық жүйесіне тіркеу елді мекен аумағында объект мекенжайының бар екендігін растау болып табылады. Мекенжай тіркелімін растайтын құжат мекенжайды растау туралы анықтама болып табылады.
      62. Мекенжайдың тіркеу кодын жүйеге мекенжайды тіркеу сәтінде «Мекенжай тіркелімі» ақпараттық жүйесі қалыптастырады. Мекенжайдың тіркеу коды әкімшілік-аумақтық бірлік, елді мекеннің құрам бөлігінің кодын, бастапқы және қайталама (болған жағдайда) жылжымайтын мүлік объектілерінің нөмірлерін өзіне қамтиды.
      63. Қате мекенжайлық мәліметтер (жылжымайтын мүлік объектілерінің нөмірлері) болған жағдайда, сәулет және қала құрылысы органының ведомстволық бұйрығымен жылжымайтын мүлік объектісіне мекенжайдың тіркеу коды көрсетіле отырып, дұрыс реттік нөмір беріледі. 

Қазақстан Республикасы  
аумағындағы жылжымайтын  
мүлік объектілеріне мекенжай
беру қағидаларына     
1-қосымша          

Әкімшілік-аумақтық бірліктер типтері атауларының тізбесі 

Қазақ тіліндегі атау

1

Ауыл

2

Ауылдық округ

3

Селолық округ

4

Облыстық маңызы бар қала

5

Аудандық маңызы бар қала

6

Республикалық маңызы бар қала

7

Облыс

8

Бөлімше

9

Кент

10

Кент округі

11

Аудан

12

Қала iшiндегi аудан

13

Жол айрығы

14

Станса

15

Қосалқы шаруашылық

16

Ферма

17

Шипажай

18

Орманшар

Қазақстан Республикасы  
аумағындағы жылжымайтын  
мүлік объектілеріне мекенжай
беру қағидаларына     
2-қосымша          

Елді мекендердің құрам бөліктері типтері атауларының тізбесі 

Қазақ тіліндегі атау

1

Көше

2

Бульвар

3

Аллея

4

Алаң 

5

Даңғыл

6

Желi

7

Жол

8

Жағалау

9

Тұйық көше

10

Өтпе жол

11

Қыстау

12

Орманшар

13

Әскери бөлiм

14

Жол айрығы

15

Станция

16

Демалыс базасы

17

Шағын аудан

18

Орам

19

Шекара бекеті

20

Шоссе

21

Даңғыл жол

22

Cаяжай кооперативі

23

Гараж кооперативі

24

Алқап

25

Гараж қоғамы

26

Саяжай қоғамы

27

Жол

28

Гараж алқабы

29

Бау-бақша (Бағбандық) қоғамы

30

Тұрғын үй алабы

31

Учаске

32

Өнеркәсіптік аймақ

33

Бөлімше

34

Тұйық көше

35

Шаруа қожалығы

36

Бағбандық ұжым

37

Гараж иелерінің тұтыну кооперативі

38

Тұтыну кооперативі

39

Бағбандық серіктестік

40

Саяжай алабы     

41

Ферма

42

Қоныс

43

Аймақ

44

Гараж тұтыну кооперативі

45

Саяжай учаскелері иелерiнің тұтыну кооперативі

46

Кеден бекеті

47

Орман шаруашылығы

48

Кардон

49

Жеке гараж иелерінің тұтыну кооперативі

50

Гараж-құрылыс кооперативі

51

Әуесқой бағбаншылардың тұтыну кооперативі

52

Заимка

53

Алаңқай

54

Аумақ

55

Қиық

56

Саяжай кешені

57

Есеп кварталы

58

Гараж пайдаланушылар кооперативі

59

Кадастр кварталы

60

Бау-бақша тұтынушылар кооперативі

61

Бау-бақша қоғамы

Қазақстан Республикасы   
аумағындағы жылжымайтын  
мүлік объектілеріне мекенжай
беру қағидаларына     
3-қосымша           

Жылжымайтын мүлік объектілері типтерінің тізбесі

Қазақ тіліндегі атау

1

Тұрғын үй қоры

2

Өндiрiстiк ғимараттар

3

Ғылым, білім және тәрбие объектілері

4

Денсаулық сақтау және демалыс объектілері

5

Әкімшілік және қоғамдық ұйымдар және басқармалар

6

Дене шынықтыру-сауықтыру және спорт объектілері

7

Мәдени-ағарту және ойын-сауық мекемелері объектілері

8

Сауда объектілері

9

Қоғамдық тамақтандыру объектілері

10

Тұрмыстық қызмет көрсету объектілері

11

Коммуналдық қызмет көрсету объектілері

12

Көлікке және халыққа тікелей қызмет көрсетуге арналған өндірістік объектілер

13

Өнеркәсіптік қойма объектілері

14

Қала маңы аймағының көгалдандырылған аумақтары

15

Уақытша тұруға жарамсыз объектілер

16

Құрылыс

17

Ауыл шаруашылығы және мал шаруашылығы мақсатындағы объектілер

18

Бағбандық телімдер