2012 жылғы 3 тоқсанға арналған кедейлік шегін анықтау туралы

Қазақстан Республикасы Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрінің 2012 жылғы 28 маусымдағы № 269-ө-м Бұйрығы. Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінде 2012 жылы 2 шілдеде № 7786 тіркелді. Күші жойылды - Қазақстан Республикасы Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрінің м.а. 2012 жылғы 24 қыркүйектегі № 370-ө-м Бұйрығымен

      Ескерту. Бұйрықтың күші жойылды - ҚР Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрінің м.а. 2012.09.24 № 370-ө-м (2012.10.01 бастап туындаған қатынастарға қолданылады) Бұйрығымен.

      Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2000 жылғы 8 сәуірдегі № 537 қаулысымен бекітілген Кедейлік шегін анықтау ережесінің 4-тармағына сәйкес атаулы әлеуметтік көмектің мөлшерін анықтау үшін Қазақстан Республикасының күнкөрісі төмен азаматтарына әлеуметтік көмек көрсету өлшемдерін белгілеу мақсатында БҰЙЫРАМЫН:
      1. Қазақстан Республикасы бойынша 2012 жылғы 3 тоқсанға арналған кедейлік шегі Қазақстан Республикасының Статистика агенттігі өткен тоқсанға есептеген ең төменгі күнкөріс деңгейінің 40 пайызы мөлшерінде анықталсын.
      2. Қазақстан Республикасы Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрінің «2012 жылдың 2 тоқсанына арналған кедейлік шегін анықтау туралы» 2012 жылғы 26 наурыздағы № 96-Ө-М бұйрығының (Нормативтік құқықтық актілерді тіркеудің мемлекеттік тізілімінде № 7488 тіркелген және 2012 жылғы 28 сәуірдегі «Казахстанская правда» № 121-122 (26940-26941), «Егемен Қазақстан» 2012 жылғы 28 сәуірдегі № 195-200 (27274) газеттерінде жарияланған) күші жойылған деп танылсын.
      3. Әлеуметтік көмек департаменті (Н.А. Крюкова) осы бұйрықтың:
      1) заңнамада белгіленген тәртіппен Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркелуін және ресми жариялануын;
      2) облыстық, Астана және Алматы қалаларының жұмыспен қамтуды үйлестіру және әлеуметтік бағдарламалар басқармасына жеткізуді қамтамасыз етсін.
      4. Осы бұйрықтың орындалуын бақылау Қазақстан Республикасы Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау вице-министрі С.Ә. Ахметовке жүктелсін.
      5. Осы бұйрық алғашқы ресми жарияланған күнінен бастап күшiне енедi және 2012 жылғы 1 шілдеден бастап туындаған қатынастарға қолданылады.

      Министр                                   Г. Әбдіқалықова