Озон қабатын бұзатын заттарды тұтыну лимиттерін (квоталарын) бекіту туралы

Қазақстан Республикасы Қоршаған ортаны қорғау министрінің м.а. 2012 жылғы 04 мамырдағы № 131-ө Бұйрығы. Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде 2012 жылы 7 маусымда № 7709 тіркелді

      "Мемлекеттік мүлік туралы" Қазақстан Республикасының 2011 жылғы 1 наурыздағы Заңының 130-бабының 1-тармағына сәйкес Қазақстан Республикасының Үкіметі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
      1. "Қазақстан Республикасы Президентінің Іс басқармасы Медициналық орталығының "Қазіргі заманғы медициналық технологияларды енгізу орталығы" шаруашылық жүргізу құқығындағы республикалық мемлекеттік кәсіпорны мен "Қазақстан Республикасы Президентінің Іс басқармасы Медициналық орталығының Базалық дәріханасы" шаруашылық жүргізу құқығындағы республикалық мемлекеттік кәсіпорны қосылу және қайта құрылу жолымен жарғылық капиталына мемлекет жүз пайыз қатысатын "Медициналық технологиялар және ақпараттық жүйелер орталығы" акционерлік қоғамына (бұдан әрі - қоғам) қайта ұйымдастырылсын.
      2. Қоғам қызметінің мынадай негізгі бағыттары белгіленсін:
      1) медицина саласындағы қазіргі заманғы технологиялар негізінде медицина қызметкерлерінің біліктілігін арттырудың қашықтан және күндізгі оқыту курстарын ұйымдастыру;
      2) халықты және емдеу ұйымдарын дәрілік әрі фармацевтикалық қамтамасыз ету;
      3) Қазақстан Республикасы Президентінің Іс басқармасы  Медициналық орталығы (бұдан әрі - Медициналық орталығы) ұйымдарының қызметін қамтамасыз ету үшін ғана медициналық ақпараттық жүйелер мен технологияларды сүйемелдеу және әкімшілендіру, бизнес-үдерістерін автоматтандыру;
      4) Медициналық орталығы ұйымдарының қызмет көрсетуі және медициналық жабдықтарды пайдалану тиімділігінің мониторингі;
      5) Медициналық орталығы ұйымдарының қызметін қамтамасыз ету  үшін ғана баспа қызметін жүзеге асыру.
      3. Медициналық орталығы Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген тәртіппен қоғамның жарғылық капиталын қайта ұйымдастырылатын кәсіпорындардың мүлкі есебінен қалыптастыруды қамтамасыз етсін.
      4. Қазақстан Республикасы Қаржы министрлігінің Мемлекеттік мүлік және жекешелендіру комитеті Медициналық орталығымен бірлесіп (келісім бойынша):
      1) қоғам жарғысының бекітілуін және оның Қазақстан Республикасының әділет органдарында мемлекеттік тіркелуін;
      2) қоғам акцияларының мемлекеттік пакетін иелену және пайдалану құқықтарын Медициналық орталығына беруді;
      3) осы қаулыдан туындайтын өзге де шаралар қабылдауды қамтамасыз етсін.
      5. Қоса беріліп отырған Қазақстан Республикасы Үкіметінің кейбір шешімдеріне енгізілетін өзгерістер мен толықтырулар бекітілсін.
      6. Осы қаулы қол қойылған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі.

      Қазақстан Республикасының
      Премьер-Министрі                               К. Мәсімов

Қазақстан Республикасы
Үкіметінің     
2012 жылғы 3 мамырдағы
№ 571 қаулысымен 
бекітілген    

Қазақстан Республикасы Үкіметінің кейбір шешімдеріне
      енгізілетін өзгерістер мен толықтырулар

      1. Күші жойылды - ҚР Үкіметінің 05.08.2013 № 796 қаулысымен.
      2. "Қазақстан Республикасы Президентінің Іс басқармасының мәселелері туралы" Қазақстан Республикасы Үкіметінің 1996 жылғы 29 қарашадағы № 1455 қаулысында:
      көрсетілген қаулының 1-қосымшасында:
      Қазақстан Республикасы Президентінің Iс басқармасына мемлекеттік меншiк құқығы субъектiсiнiң функциялары берiлетiн республикалық мемлекеттік кәсiпорындар мен өзге де ұйымдардың тiзбесiнде:
      "Базалық дәріхана Алматы, Шевченко көшесі, 50" деген жол алынып тасталсын.
      3. "Акциялардың мемлекеттік пакеттеріне мемлекеттік меншіктің түрлері және ұйымдарға қатысудың мемлекеттік үлестері туралы" Қазақстан Республикасы Үкіметінің 1999 жылғы 12 сәуірдегі № 405 қаулысында (Қазақстан Республикасының ПҮАЖ-ы, 1999 ж., № 13, 124-құжат):
      акцияларының мемлекеттік пакеттері мен үлестері республикалық меншікке жатқызылған акционерлік қоғамдар мен шаруашылық серіктестіктердің тізбесінде:
      "Астана қаласы" деген бөлімде:
      мынадай мазмұндағы реттік нөмірі 21-146-жолмен толықтырылсын:
      "21-146. "Медициналық технологиялар және ақпараттық жүйелер орталығы" АҚ".
      4. "Республикалық меншіктегі ұйымдар акцияларының мемлекеттік пакеттері мен мемлекеттік үлестеріне иелік ету және пайдалану жөніндегі құқықтарды беру туралы" Қазақстан Республикасы Үкіметінің 1999 жылғы 27 мамырдағы № 659 қаулысында:
      Иелік ету және пайдалану құқығы салалық министрліктерге, өзге де мемлекеттік органдарға берілетін республикалық меншік ұйымдарындағы акциялардың мемлекеттік пакеттерінің және қатысудың мемлекеттік үлестерінің тізбесінде:
      "Қазақстан Республикасы Президенті Іс басқармасының Медициналық орталығы" деген бөлімде:
      мынадай мазмұндағы реттік нөмірі 309-жолмен толықтырылсын:
      "309. "Медициналық технологиялар және ақпараттық жүйелер орталығы" АҚ".
      5. Күші жойылды - ҚР Үкіметінің 28.08.2015 № 683 қаулысымен.